И. Г. Песталоццидің педагогикалық қызметі мен теориясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ . . . 3

ІI. Негізгі бөлім. Иоганн Генрих Песталоццидің білім беру ісіне қосқан үлесі . . . 5

2. 1. И. Г. Песталоццидің педагогикалық қызметі мен теориясы . . . 5

2. 2. Песталоцци тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері туралы . . . 14

2. 3. Песталоццидің дидактика негіздері туралы. Элементарлық білім беру теориясын ашуы . . . 19

ІІІ. Қорытынды . . . 24

Пайдаланған әдебиеттер . . . 27

Кіріспе

Тақырыптың көкейкестілігі: «Ой менің сүйікті халқым! Сен, маған жақын, өте жақын тұрсың. Мен сені көріп тұрын, мен сенің мәдени рухани көтерілуіңе көмектесемін!- деп өзінің алғашқы педагогикалық ойларын осылай түйді.

Песталоцци буржуазиялық-демократиялық педагогиканың көрнекті тарстегі және практигі болды. Ол өзінің бүкіл ғұмыры мен күш-жігерін кедей балаларын тәрбиелеу ісіне арнады. Ол сол кездегі шаруалардың қиыншылығын көре білді және оған көмектесуге мектеп және ағарту ісі арқылы, оны жақсарту арқылы қиындықтан шығудың жолы деп білді. Қалыптасқан қиын жағдайдан шығудың негізгі жолы қоғамдық құрылысты өзгертудің жолын түсінбеді. Оны қанаттандырған, рухани күш-жігер берген, халыққа жақын болуға ұмтылуға шақырған кейбір француз ағартушыларының, оның ішінде Жан-Жак Руссоның идеяларының ролі ерекше болды. Тәрбиенің алдына Песталоцци програссивтік міндет адамның бүкіл табиғи күші мен қабілеттілігін үйлесімді дамытуды ұсынды.

Песталоцци тәрбие табиғаттан туындайтын болуы тиіс, сондықтан тәрбие адам бойындағы табиғат берген рухани және дене күшін баланың сапалық ерекшелігімен, оның жан - жақты талпыныстарымен ұштастыруы тиіс екенін дәлелдеді. Песталоццидің элементарлық білім беруі ақыл - ой, адамгершілік, дене және еңбек тәрбиесімен ұштасып, өзара байланыста адамның гармоникалық дамуын қамтамасыз етуін талап етті.

Еңбек тәрбиесінде, баланы оқытуды Песталлоцци алдына мақсат етіп қойып, ұзақ мерзімді бала дамуын қамтамасыз ету жолдарын көрсетті. Ол сол кезең үшін басты проблема оқуды өндірістік еңбекпен ұштастыруды шешу мәселесін қойды. Сабақта балалар «білім беру» ертегілерін тыңдасын, ауызша есептеуді үйренсін, бір мезгілде еңбектенсін - деген тұжырым жасады. Ол балалар күнделікті өсімдікті, құсты, жануарларды күтумен айналыссын - деді. Олар кендірді және жүнді өңдеуді үйренсін, өздері тұратын ауылдың айналасындағы үлгілі шаруашылықтарда болсын, басшылармен, шаруашылық иелерімен кездессін, тікелей практикалық іс үйренсін - деді. Балалар еңбек сабақтарында шаруашылықты жүргізуді, есептеуді, сауаттылыққа үйренуі тиіс- деді.

Ол балалар қоғамдастығын ұйымдастырып, оны үлкен еңбек коллективіне дейін көтеруді ұсынды. Тәрбие - тәрбиеленушілердің нравтық қалыптасуының қайнар көзі, негізі болып талап етті.

Жұмыстың мақсаты: Песталоццидің дене, еңбек, адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесі туралы өте құнды пікірлер ұсынғаны, бастауыш мектепте білім берудің мазмұнын кеңейтуге күш жұмсағаны, оны халыққа жақын, бұқара халықтың өмірі және қажеттіліктерімен тығыз байланысты етуге ұмтылғаны, балаларға еңбек тәрбиесін беруге және өмірге даярлауға ерекше көңіл бөлуі туралы кең көлемде, қарапайым баяндау.

Песталоццидің адам қабілетін дамытуға дейін көтерген құралдардың шын мәнін зерттеу және бұл құралдар барлық жерде пайдалы болып, жалпылама қолдану үшін оларды жетілдіріп отыру.

Жұмыстың міндеті

- Песталоцци өнерінің барлық маңызды құралдарын пайдалана отырып, табиғаттың жүрісіне баланың білім алуына психологиялық және мнемоникалық жағынан септігін тигізетін тізбектелген мысалдар арқылы сөйлеу қабілетін дамытуға септігін тигізу және көмектесу;

- Песталоццидің элементарлық білім беру теориясын білім беруде кең қолдану;

- Песталоццидің алғашқы оқытудың жалпы негіздерін және бастауыш білім берудің жекеленген пәндердің әдістемелерін талдауын жетілдіру;

- Песталоцци еңбектерімен баланың бесіктен бастап адамгершілік және діни өмірін адамға негіздеп құру;

І. Иоганн Генрих Песталоццидің білім беру ісіне қосқан үлесі

1. 1 И. Г. Песталоццидің педагогикалық қызметі мен теориясы

Швейцария - Песталоццидің отаны, ХҮІІІ ғасыр ортасында әлі де артта қалған феодалдық ел болды. Бірте-бірте швейцария деревнясына ене бастаған капитализм шаруаларды жіктей және жағдайы нашарлата бастады. Иоганн Генрих Песталоцци Цюрих қаласында дәрігердің жанұясында 1746 жылы дүниеге келді. Оның әкесі ерте қайтыс болды. Баланы анасы және жанұяға шын берілген қызметші әйел тәрбиеледі. Жанұяның материалдық жағдайы өте ауыр болды.

Балалық шағынан бастап, швейцария шаруаларының ауыр тұрмысын байқап,

Сурет 1 Песталоцци дворяндар - памещиктер және

И. Г. Песталоцци мануфактура иелері оларды қалай қатты қанаған

(1746-1827) көріп өсті.

Песталоцци алғашында білімді неміс бастауыш мектебінде, одан кейін латын орта мектебінде алды. Бұл мектептің оқу бағдарламасының нашарлығы және дайындығы жеткіліксіз оқытушылары жас Песталоццидің есінде берік қалды. Песталоцци жоғарғы оқу орнына түсіп, онда коллегиум, филология және философия бөлімдерінде оқыды. Песталоцци оқытқан жоғары мектептің кейбір профессорлары жастарды жан-жақты әртүрлі философиялық және саяси әдебиетпен таныстырды. 17 жастың өзінде Песталоцци Жан-Жак Руссоның “Эмиль, немесе Тәрбие туралы” еңбегін оқып шықты. Руссоның “Қоғамдық шарт” еңбегінің жарық көруі Песталоцциге үлкен әсер етті.

Цюрихтің жастары, оның ішінде Песталоцциде бар, жартылай жасырын үйірме ұйымдастырды. Бұл үйірменің жиналысында тарих, саясат, мораль, Руссоның рухында жаңа адамды тәрбиелеу мәселелері талқыланды. Көп кешікпей қала әкімшілігі үйірмені жауып тастады, ал басқалармен бірге жас Песталоцииді қамауға алды.

Песталоцци оған қарамастан, бұрынғыша халқына, шаруаларға көмектесуге жұмыстанды. Шаруалардың өмірі оған өте ауыр көрінді. Шаруаларға көмектесу үшін Песталоции ауыл шаруашылығын зерттейді.

1769 жылы ол өзінің әлеуметтік экспериментін бастайды. Өзінің қарызға алған қаражатына “Негоф” (Жаңа аула) деп аталатын жер сатып алады, онда шаруаларды өз шаруашылығын дұрыс ұйымдастыруға үйрету мақсатында үлгілі форма ұйымдастырғысы келді.

1774 жылы ол Негофте “Жарлы және панасыз балалар үшін” мекеме ашады, онда 50 тарта жетім және панасыз балаларды жинайды. Оның ойы бойынша, мекемені балалардың өздерінің тапқан қаражатына ұстау қажет болды (жазда - егіс даласында, қыста - тігін станокторында) . Песталоцции

балаларды оқуға, жазуға және санауға үйретті, олардың тәрбиесімен айналысты.

Песталоцци өз мекемесінде оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыру мәселесін іске асыруға жұмыстанды. Қаражаттың болмауына байланысты 1780 жылы бұл мекемені жабуға мәжбүр болды, бірақ бүл сәтсіздікке қарамастан халқына көмектесу мақсатында қалаған жолынан таймай, әрі қарай жалғастырды. Келесі он сегіз жылын Песталоцци өзінің тәжірибесін және әдеби қызметін жинақтауға арнады.

1781 жылы Песталоцци өзінің “ Лингард және Гертруда ” атты белгілі әлеуметтік-педагогикалық романын аяқтай, баспадан жарық көреді. Бұл роман үлкен жетістіктерге жетеді, онда автор жаңа негізде қалай шаруаларын өмірін қайта құруға болатындығын көрсеткісі келді.

Бұл романда сол кезеңдегі Швейцариядағы ауыл өмірі бейнеленеді.

Песталоцци өз романында шаруалардың негізгі үш түрін көрсетеді: байыған шаруалар; қосымша табыс табу мақсатында мануфактураларда жұмыс істейтін орта шаруалар; күйзеліске ұшыраған, күн көрістің қамымен мануфактураға түгелдей жолдамалы істеуге көшкен шаруалар.

Романның басты қаһарманы, ақылды, шаруа әйелі Гертруда шаруашылық жүйесін тиімді жүргізудің үлгісін көрсете білді және өз балаларын оқытуды олардың еңбегімен ұштастыруды іске асырды. Мұғалім мектепте оқытуды Гертруданың үлгісімен жүргізді. Сонымен, “Лингард және Гертруда” романында Песталоцци шаруаларға көмектесудің жолын белгіледі және сонымен қатар әрбір ана балаларын оқыта білуі қажет екендігін көрсете білді.

Роман үлкен жетістіктерге жетті. Ол бірнеше тілдерге аударылды. “Лингард және Гертруда” романынан кейін Песталоццидің есімі кеңінен белгілі бола бастады. Еңбекшілердің өмірін жақсарту мүмкіндігі туралы қиялдар сол кездегі барлық алдыңғы қатарлы буржуазиялық зиялылардың ақыл-ойын толғандырды.

Француз республикасының заңдылық жиналысы 1792 жылы Песталоцциді “Лингард және Гертруда” романы үшін және оның аса дарынды педагогикалық қызметі үшін “француз азаматы” атағымен марапаттады.

Швейцарияда буржуазиялық революция болған кезде (1798), Песталоцци жас өкіметтің келісімен Станцаға барып, панасыз балалар үшін мекеме ашты, оған 80 тарта 5-10 жас аралығындағы балаларды қабылдады. Балалардың жағдайы дене және моральдық жағынан нашар болды. Песталоцци панасыз балалар үйін жанұя түрінде құруды, балаларды қайта тәрбиелеу, онда өндірістік еңбекпен ұштасқан оқытуды енгізуді жоспарлады. Бірақ Песталоццидің Станцадағы қызметі сегіз айға ғана жалғасты. Әскери әрекеттерге байланысты балалар мекемесі жабылып қалды. Бұл Песталоцциге қатты соққы болды.

Көп кешікпей Песталоцци Бургдорфте мұғалім қызметіне орналасады, ал кейіннен өзінің қызметкерлерімен Бургдорфте өз институтын ашады.

Онда ол Станцада басталған тәжірибені одан әрі жалғастырады.

ХІХ ғ. басында Песталоццидің бірнеше еңбектері жарық көрді. “Қалай Гертруда өз балаларын үйретеді”, “Аналар үшін кітап”, “Бақылау әліппесі”,

“Сан туралы көрнекі ілім”.

1799 жылы Бургдорфта орта мектеп интернатымен және жаңаша мұғалім даярлайтын бөлім ашылды. Институттың бастығы болып Песталоцци тағайындалды.

Песталоццидің педагогикалық теориясының маңызы. Песталоцци буржуазиялық - демократиялық педагогиканың көрнекті тарстегі және практигі болды. Ол өзінің бүкіл ғұмыры мен күш - жігерін кедей балаларын тәрбиелеу ісіне арнады. Ол сол кездегі шаруалардың қиыншылығын көре білді және оған көмектесуге мектеп және ағарту ісі арқылы, оны жақсарту арқылы қиындықтан шығудың жолы деп білді. Қалыптасқан қиын жағдайдан шығудың негізгі жолы қоғамдық құрылысты өзгертудің жолын түсінбеді. Оны қанаттандырған, рухани күш - жігер берген, халыққа жақын болуға ұмтылуға шақырған кейбір француз ағартушыларының, оның ішінде Жан - Жак Руссоның идеяларының ролі ерекше болды. Тәрбиенің алдына Песталоцци програссивтік міндет адамның бүкіл табиғи күші мен қабілеттілігін үйлесімді дамытуды ұсынды.

Песталоцци: Мен белгілі бір шеберлікке жетсем, терең білімді адамды шақыртып алып, оған: « Баланың көзін, қолын және зергектігін оп-оңай және жан-жақты даммытқан басқа жерді көрдің бе?» деп сұрақ қоюға қақым бар. Мен бір мамандықтың жігерлі өкілін шақырып алып: « Балалар, менің әдісімді қолданудың нәтижесінде қажетті ыждаhаттылыққа және тәртіпке, кез келген күш жұмсауға және отбасылық бақыты мен барлық азаматтық мамандықтағы жұмыстардың нәтижесінде арқау болған дағдыларға үйретілген жоқ па?» деп сұрауға қақым бар- деген.

Песталоцци элементарлық білім беру теориясын жасады . Бұл теория ХІХ-ғ. Еуропада халық мектептерінің дамуына көмектесті, ол жеке пәндердің әдістемесін талдауды бастады, олар бастауыш мектептерде кеңінен қолданылды. Бұл теория догматикалық оқыту мен механикалық есте сақтауға қарсы күресте халық мектептерінің дамуына мүмкіншілік жасады. Ол дене, еңбек, адамгершілік, ақыл - ой тәрбиесі туралы өте құнды пікірлер ұсынды, бастауыш мектепте білім берудің мазмұнын кеңейтуге күш жұмсады, оны халыққа жақын, бұқара халықтың өмірі және қажеттіліктерімен тығыз байланысты етуге ұмтылды, балаларға еңек тәрбиесін беруге және өмірге даярлауға ерекше көңіл бөлді.

Песталоцци алғашқы оқытудың жалпы негіздерін және бастауыш білім берудің жекеленген пәндердің әдістемелерін талдады. Көзқарасының тарихи шектеушілігіне байланысты ол оқушыларды біліммен қаруландыру және ақыл-ой күштерін дамытудың бірлігі үрдісі мәселесін дұрыс шеше алмады. Ол кей жағдайда ойлауды дамытуда механикалық жаттығулардың ролін асыра бағалады.

Бастауыш білім беру идеясы қайдағы бір нәрсе емес, ол - адам баласының туа біткен қасиеттерінің нышандары мен күштерін табиғи үйлесімді дамыту және қалыптастыру идеясы.

Бастауыш білім беру идеясының мақсаты - бесіктен бастап баланың адамгершілік және діни өмірін адамға негіздеп құру.

Бастауыш білім беру идеясының маңызды міндеті - өз өнерінің барлық маңызды құралдарын пайдалана отырып, табиғаттың жүрісіне баланың білім алуына психологиялық және мнемоникалық жағынан септігін тигізетін тізбектелген мысалдар арқылы сөйлеу қабілетін дамытуға септігін тигізу және көмектесу. Солардың мағынасына мән бермей, жиі қайталаудың арқасында олар механикалық жолмен баланың санасына сіңіріп, әрбір сөз табын бүкіл мағынасымен қолдандырып үйретеді. Барлық тілдердің меңгерілетін негізгі сөз таптарының атап кеткен екі қатарының әсерінің табиғаты сол - септеулер мен жіктеулердің бүкіл жиынтығы мен фразеологияның психологиялық жағынан дәлелденген формаларының талап ететін нәрсесінің бәрін тәрбиеленушілер кең көлемде және берік меңгеріп алады және сонда мұндай жаттығулардың кәдімгі қиындықтары жоғалып кетеді.

Мұндай үйрету кезінде балалар синтаксис туралы да, граматика туралы да бір де бір сөз естімейді. Бірақ белгілі бір дәрежеге дейін іс жүзінде өзінің ана тілін осындай қарабайыр жолмен үйреніп алып, сөйлеуді жатық меңгеріп алған соң, оларды тілге үйретудің табиғи жолымен жасалатын және таза шыққандығымен соған сәйкес келетін барлық грамматикалық ережелерді сақтауға мүмкіндігі болады. Дәл солай әрбір тілдің негізгі формаларының маңызының көрінісін өз ана тілінен табатын ерекшеліктерді де олар өздерінде о бастан бар және тәжірибе арқылы өз бойында бекітілген ерекшеліктер ретінде танып біле алады. Табиғи үйлесімді түрде тілге үйретілген әрбір бала осындай жолмен жаттығулардың көмегімен сезім арқылы қабылдап алған танымын білдіретін тіркестердің бүкіл жиынтығын мәңгілікке меңгеріп алады. Сонымен ол өзінің ана тіліндегі білімін кең ауқымда дәл және жатық етіп сөзбен бере алады; сөйлеуге үйретілген бүкіл кезеңінің ішінде ол грамматиканың принциптері мен ережелерін меңгеруге немесе осы түпкі мақсат үшін тым болмаса бір сөз жаттап алуға мәжбүр болмайды.

Бастауыш білім беру идеясының маңызды талпыныстарының бірі - өнердің адам қабілетін дамыған пайым жасау қабілетіне дейін көтерген құралдардың шын мәнін зерттеу және бұл құралдар барлық жерде пайдалы болып, жалпылама қолдану үшін оларды жетілдіріп отыру. Сезім арқылы қабылданып, анық танылған заттарды логикалық өңдеу қабілеті сөз жоқ ең алдымен дамыған санау және өлшеу қабілетінен туатын және қолдау табатын болғандықтан, білім беру осы маңызды мақсатына жетуге арналған ең жақсы құралды сан мен форманы оқытудың оңайлатылған өңдеуінен іздеу керек екені анық болды. Бастауыш білім беру идеясы психологиялық жағынан негіздетілген және сан мен формаға оңайлатылған үйретудің тілі дәл солай оңайлатып үйретумен қарастырылатын неліктен адамның ойлау қабілетіне үйрету процесіндегі табиғи үйлесімді қалыптастырудың ең терең, ең пәрменді және ауқымды негізі деп танитыны және бұл идеяның неліктен солай оқытуды талап ететіні де анық болды.

Күштердің бастауыш білім беру идеясы үшін талап ететін қажетті тепе-теңдігі адам табиғатының әрбір жеке басты күшінің табиғи үйлесімді даму қажеттігін талап етіп қояды. Олардың әрқайсысы өзгермеітін, мәңгілік заңдар бойынша дамиды, оның дамуы табиғи үйлесімді, себебі оның дамуның өзі біздің табиғатымыздың осы мәңгі заңдарымен үйлесіп тұрады.

Бастауыш білім берудің ойлау қабілетін дамытудың табиғи барысына өз өнерінің құралдары арқылы септігін тигізе алатын және оны көтермелей алатын мүмкіндігі бар. Ол сан мен формаға үйретуден дамыған бақылау қабілетінен ойлаудың қалыптасқан қабілетіне өтуге табиғи үйлесімді түрде септігін тигізетін және оны осы ең жоғарғы қабілеттің нағыз негізін дамытуға және қалыптастыруға түрткі болатын қарапайым құралды көрсетеді.

Сан мен формаға қарапайым үйрету нені беруге тырысады дегендегі жаттығуларымыздың нәтижесінде қолжеткізетін нағыз күш адамның ойлау қабілетіне тән дамуға талпыныста болады. Адам өзінің бақылап жүрген заттарын солар туралы ойлау құралдары ретінде өз бетімен салыстырып, бір - бірінен ажыратып және салыстырып отыруға тиіс. Және ол соны істеуге тиіс болғандай істеген кезде, оның бойындағы өзінің ішкі рухани дуниесінде өзінен өзі болғандай бір күш дамиды, ол дамуға деген ішкі талпынысты - есептеу және өлшеу қабілетін дамытады. Сан мен формаға нағыз қарапайым түрдегі үйрету сондықтан сол қабілеттің ішкі мән-мағынасынан туады, ол өз құралдарының ішкі мән-мағынасынан туады, ол өз құралдарының ішкі мән -мағынасымен бұл қабілеттің табиғи үйлесімді дамуына септігін тигізе алады.

Егер форма мен санға қарапым жолмен өңделген үйретуді шеберлікке қажетті рухани қабілеттерге арналған нағыз гимнастика деп қарастыратын болсақ, онда біздің сыртқы дағдыларымызды қалыптастыруға қажетті сезім органдары мен мүшелердің механикалық жаттығуын керісіне шеберлікті меңгеруге қажетті қабілеттерге арналған физикалық жаттығу деп есептеу керек.

Песталоццидің айтуынша ойлау қабілетіміздің өзі дамуға талпынысы сезім арқылы қабылдау өзінің табиғатына қарай ең алдымен қабылданған заттардан туған әсерді санамен түсінуге, яғни сезім арқылы тануға алып келеді. Сөйтіп ол сезім мүшелерімен қабылдау барысында алған әсерді білдіру қажеттігін туғызады. Ең алдымен ымның қажеттігі пайда болады, бірақ сонымен бір мезгілде адамға көбірек тән болғандықтан сөйлеу қабілетінің қажеттігі сезіледі, ол дамығаннан кейін, мұндай жағдайда бірден ымды пайдалану қажеттілігі жойылады.

Адамның ойлау қабілетін қалыптастыруға қажетті, маңызы зор сөйлеу қабілетін ең алдымен адам табиғатының қосымша күші деп қарауымыз керек, оның басты міндеті - сезім мүшелерін қабылдау барысында алған білімді ойдағыдай сіңіріп алуға көмектесу. Ол басынан бастап сезім мүшелері арқылы алынған әдетте сөйлеу қабілетінің алдында жүретін білімнің өсіп, кеңеюімен тығыз байланыста болғанда ғана табиғи үйлесімді болып дамиды. Адам әлі өзі білмейтін нәрсе туралы табиғи үйлесімді етіп айта алмайды. Адам не туралы айтса да, сол туралы ол тек білгенде ғана айта алады. Нені үстірт білсе, сол туралы ол үстірт қана айта алады, нені дұрыс білмесе, сол туралы айтқаны дұрыс болмайды, басынан бастап ақиқат болған нәрсе бүгінге дейін солай болып келе жатыр.

Ақыл - ойды дамыту және соған бағынатын адамзаттың мәдениеті біздің ойлау қабілетімізді, зерттеу жүргізу және пайымдау қабілетімізді табиғи үйлесімді дамыту мақсатында өнердің логикалық құралдарын үнемі дамытып отыруды талап етеді, ондай қабілеттерімізді танып біліп, пайдалану дәрежесіне адам баласы ертеден жеткен. Бұл құралдар өзінің ішкі мән - мағынасы жағынан және барлық ауқымы бойынша өзімізге тән сезім арқылы қабылданып, танылған заттарды өз бетінше салыстыру, яғни оларға логикалық тұрғыдан қарау және логикалық өңдеуден өткізу қабілетінен туады, сөйтіп бізге адамның дамыған пайымдау қабілетіне дейін көтеруге мүмкіндік береді.

Адамның ойлау қабілетін қалыптастыруға қажетті, маңызы зор сөйлеу қабілетін ең алдымен адам табиғатының қосымша күші деп қарауымыз керек, оның басты міндеті − сезім мүшелерін қабылдау барысында алған білімді ойдағыдай сіңіріп алуға көмектесу.

Ана тілі мен кез келген басқа тілді үйренудің табиғи үйлесімділігі сезім арқылы алған біліммен тығыз байланысты, ал олардың ең бастыларын үйренудің табиғи үйлесімді барысы табиғаттың жолдарына сәйкес келу керек, табиғаттың сол жолдары бойынша сезім мүшелерімен қабылдау арқылы алынған әсер білімге айналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иоганн Генрих Песталоццидің педагогикалық теориясы
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері туралы
Мектепке дйінгі педагогика тарихы ЖОО-ның студенттеріне арналған оқу құрал
Адольф Дистервегтің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1790-1866)
Адольф Дистервегтің педагогикалық қызметі мен теориясы
Мектеп оқушыларының жеке басының азаматтығын қалыптастырудағы қоғамдық еңбек және кәсіптік бағдар беру
Отбасы - рухани тәрбиесі
Педагогика тарихы пәнінен лекция тезистері
И. Г Песталоццидің, Ф. А. В Дистервегтің педагогикалық теориясы мен тәжрибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz