Қазақстан Республикасындағы президенттік республика ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы:

ҚАЗСҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

І Құқықтық мемлекет туралы жалпы білім
6
1.1. Конституциялық реформа - құқықтық мемлекетке өту жолы
6
1.2. Билікті бөлу концепциясының қайнар көзі және оның қазіргі кезеңдегі
түрлері
8

ІІ. Қазақстан Республикасындағы президенттік республика ерекшеліктері

11
2.1. Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасы
Президентінің құқықтық мәртебесі
11
2.2. Қазақстан Республикасында Президенттің өкіметті жүзеге асырудың
жолдары, проблемалары және жетістіктері
13
2.3. Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктер 14

ҚОРЫТЫНДЫ
24

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
25

КІРІСПЕ

Соңғы он төрт жыл ішінде біздің республикамыздың мемлекеттік
саясатында және мемлекеттік құрылымында елеулі өзгерістер болды. Бұл
өзгерістердің негізгі себептерінің бірі – тотолитарлық жүйенің апатқа
ұшырауы, ССРО-ның күйреуі және оның сынықтарында жаңа егеменді
мемлекеттердің пайда болуы. Қазіргі ыдыраған мемлекет пен құқықтың дамуында
күрделі процесстер, қазіргі заманның азаматтық қоғамының талаптарына сәйкес
келетін жаңа тәуелсіз мемлекеттерде мемлекеттік және құқықтық жүйенің
қалыптасуы жүріп жатыр. Бұл даму адамдардың өмірінде, олардың материалдық,
адамгершіліктік және психологиялық күйлерінде елеулі бейнеленетін және ұзақ
ондаған жылдар бойы тоталитарлық жүйенің жасаған негативтік зардаптарының
кенет ашылуы салдарынан қоғамның өте қатал экономикалық және әлеуметтік
дағдарысты басынан өткізуіне байланысты неғұрлым қиындай түсті. Қазақстан
Республикасында Президентті Н.Назарбаев 1994 жылы маусым айының тоғызыншы
жұлдызында Жоғарғы Кеңестің мәжілісінде сөйлеген сөзінде былай деді: ірі
мемлекет күйрегеннен кейін айнала бастаған жалпыға бірдей дағдарыстың
тығыздалған серіппесі желісінен үзілді және бізге, бұрыңғы одақ
республикаларына өткір проблемалар дауылын төндірді. Тек қазір ғана біз
бұрыңғы империяның шикізаттық отары ретінде бір жақты даму зардаптарының
барлық ауырпалығын толық мөлшерді сезіне бастадық 1. Осыдан он
төрт жыл бұрын жетпіс жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан алғаш рет өзінің
шынайы дербестігін алды, Маркстік, Лениндік теориядан және идеологиядан
алшақтады, адам құқығы мен бостандығының артықшылығын мойындады және нағыз
демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға бағытталды. Мұндай
жағдайда Президенттік басқару формасы туралы мәселе ерекше қаралды.
Президенттік институт әлдеқашан пайда болғанмен (жаңа тарихта мұндай
басқарудың алғашқы бастауы 1787-жылғы Конституциямен құрылған Америка
Президентурасы болды), біздің Республикамыз үшін, сондай-ақ ТМД-ның қалған
Республикасы үшінде басқарудың бұл формасы жаңа, зерттеліп дайындалмаған
болып табылады, өйткені Президенттік институт билікті бөлу қағидасын
мойындауды ұйғарады, ал ССРО–да ол ұзақ жылдар бойы теріске шығарылып
келді.

Басқа қағида-кеңестердің толық биліктік қағидасы Конституциямен
бекітілді. Оған сәйкес барлық басқа мемлекеттік органдар Кеңестердің
бақылауында және оларға есеп беретін болды. Қазақстан Республикасының
Президенті қызметін құру кезінде бірнеше мақсат көзделді: билікті бөлу
қағидасының жағымды жақтарын ескере отырып сипаты бойынша Преғзиденттің
функциялары мен өкілеттіктерін Праламент жұмысын ұйымдастыру функцияларынан
бөлу, бірінші топтағы өкілеттіктің неғұрлым жедел жүзеге асырылуын
қамтамасыз ету әсіресе, төтенше жағдайларда, заң шығарушы, атқарушы-
басқарушы, сот органдарының қызметін келісімге келтіру механизмін
жетілдіру, заңдылықтың және атқару тәртібін нығайту.

Осы жұмыстың мақсаты:

Қазақстан Республикасында Президенттік басқарудың өзгеше
белгілерін және ерекшеліктерін көрсету;

қазіргі кездегі билікті бөлу теориясының рөлін және мағынасын
ашу;

Қазақстан Республикасында Президенттік өкіметті жүзеге
асырудың мәселелері және жолдары туралы сөз қозғау.

Бұл жұмыста мынадай нормативтік актілер қолданылды:

Қазақстан Республикасының 1995-жылғы 30-тамызда қабылданған
Конституциясы, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995-жылы 28-
қыркүйекте қабылдаған Конституциялық заң күші бар Қазақстан
Республикасындағы сайлаулар туралың жарлығы, 1990-жылы 25 қазанда
қабылданған Қазақстан ССР-ның тәуелсіздігі туралы Деклорациясың, сонымен
қатар 1994 жылы 12-ақпанда шыққан құқықтық реформаның мемлекеттік
бағдарламасы және Қазақстан Республикасының жергілікті өкілеті және
атқарушы органдары туралы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан
Республикасы Президентінің 1994 жылы 12 қыркүйекте шығарылған Республика
Президентінің Қазақстанның мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекеті туралы
Жарлығы.

Жұмысты жазу процесінде біз ежелгі гректің ойшылдары Платонның
Мемлекет және Аристотельдің Саясат еңбектеріне жүгіндік. Сонымен қатар
құқықтық мемлекет туралы мәселелер бойынша бірқатар монографиялар
қолданылды:

М.Т.Баймахановтың Құқықтық мемлекет қағидаларын Қазақстан
Конституциясында іске асыру проблеммалары мақаласы, С.В. Боботовпен
Д.И.Васильевтың Құқықтық мемлекеттің функциялық үлгісі, Ф.М. Рудинскийдің
Кеңес Конституциялары: адам және азамат құқығы мақалалары.

Жұмыста билікті бөлу теориялары көп орын алады, бұл кезеңде біз ХҮІІІ
ғасырдың көрнекті буржуазиялық идеологтары Дж. Локтың Мемлекетті басқару
туралы екі жол, Ш.Л. Монтескенің Заңдардың рухы туралы еңбектеріне
жүгіндік, сондай-ақ қазіргі заман авторлардың монографиялары қолданды: Б.Н.
Попорнин Биліктің бөлінуі және ұйымдастырылуы, В.Н. Чиркин Билікті бөлу,
әлеуметтік және заңды аспектілері, Ю.А. Тихомиров Қоғамдағы билік,
тұтастығы және бөлінуі.

Жұмыстың бұл бөлімінде қарастырылған билікті бөлу мәселесі. Қазіргі
мемлекет және құқық теориясының негізгі проблемаларының бірі болып
табылады. Осы мәселенің түрлі аспектілеріні бойынша көптеген пікірлер
айтылуда. Мысалы, ғалымдар арасында қазірдің өзінде биліктің тұтастығы
туралы мәселе бойынша бірдей пікір жоқ, билікті бөлудің заңды аспектілері
туралы да бірдей пікір жоқ, бұл да осы жұмыста белгіленген.

Президенттік басқару туралы бөлімге келер болсақ, президентура институты
бүгінгі күні дүниежүзілік мемлекет теориясында толық зерттеліп әзірленген.
Қазақстан Республикасында президенттік институтқа он екі жыл толды. Тарих
үшін бұл мерзім көп емес әрине, бірақ осы уақыт ішінде қаншама маңызды
оқиғалар болды. Бұл бөлімде де көптеген монографиялар қолданылды. Т.
Донаков Президенттің жаңа Конституциялық статусы туралы, Т. Ишемкулов
Президенттік институт Қазақстанда, Н. Якубов Президенттік институт
Қазақстанда, Аносова Л.Б. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Е.Қ.
Нұрпейсов Қазақстанның саяси портреті, Е. Мәмбетқазиев Қазақстан
мамандары АҚШ-тың және Еуропаның үздік университеттерінде дайындайтын
болды. Бөлімде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы, республика
Президентінің құқықтық статусы, Президенттік басқару формасының жүзеге
асырылу жолдары, проблеммалары және жетістіктері туралы сөз болады.

Қазақстан қазір екпінді түрде халықаралық беделге ие болып келе жатқан
тұрақты, батыл және өзіне сенімді мемлекет ретінде барлық дүние жүзілік
бірлестіктер мойындайтын даңғыл жолға шықты.

І Құқықтық мемлекет туралы жалпы білім

1 Конституциялық реформа - құқықтық мемлекетке өту жолы

Адам құқығы, қазіргі заманға сай түсінік бойынша бұл оның, жеке
табиғатының әлеуметтік жағдайларынан шығатын және адам бостандығының шегін
анықтайтын, ажырамас қасиеті және даму мүмкіндігі2. Мемлекеттік
актілермен бекітілген бұл құқықтар оларды сол немесе басқа мемлекеттің
мойындауына тәуелсіз әрекет етеді. Олар азамат құқығымен, яғни оларға тепе-
тең болмаса да ішкі мемлекеттік құқықта белгіленген. Оның даму
мүмкіндіктерімен байланысты. Адам құқығын мойындау – кез келген
демократиялық конституцияның ажырамас қасиеті. Бұның саяси плюрализм және
экономикалық бостандық, құқықтық мемлекеттің қалыптасуы секілді түбегейлі
демократиялық қайта құруларды бекітуге бағытталған. Конституциялық
реформаның жаңа кезеңіне аяқбасқан біздің республикамыз үшін ерекше маңызы
бар.

Кеңестер елінің 1958 жылғы бірінші Конституциясы революцияға дейінгі
Россияда сословиелік, ұлттық-діни және басқа да артықшылықтар мен
шектеулердің өмір сүруін жойды және еңбек адамының құндылығын бекітті. Бұл
конценция ХVІІ – ХVІІІ ғасырдың ұлы ойшылдарымен әзірленген адамның табиғи
құқықтары теориясына қарсы қойылды. Біз ешқандай абсолютті қабілеттілікті,
ешқандай қол сұғылмайтын субъективті құқықтарды мойындамаймыз - Е.Б.
Пашуканис 3.

Кеңестердің алғашқы Конституциялары жерді пайдалануға, еңбекші
бақылауына және өндірісті басқаруға қатысу секілді еңбекші құқықтарын,
пікір айту, одаққа бірігу, жиналысқа қатысу бостандықтарын пайдалану,
сайлау құқықтарын бекітті. Сонымен қатар азаматтық құқығы да бекітілді.
Айта кету де қажет, сол уақыттың Конституциялық заңдылығында адамдардың
түрлі категорияларын азаматтар, еңбекшілер, еңбекші емес элементтер
статусы шектелді.

1936 жылғы Конституцияда мұндай шектеулер ресми түрде жойылды, бірақ
Конституция әрекетінің барлық азаматтарға таралу және оларды кепілдіктермен
қамтамасыз ету туралы ұсыныс репрессия жылдарында едәуір көлемде құрғақ
қиял болып шықты. Айта кету қажет, Кеңес тарихының барлық кезеңінде адам
және азамат құқығына қатысты екі тенденция өмір сүрді: бір жағынан октябрь
революциясы, оның алғашқы декреттері берген позитивтік күштер көріне
бастады. Басқа жағынан 20-жылдардың басында 30-жылдардың аяғында қалыптаса
бастаған бюрократтық әкімшілдік-әміршілдік жүйе миллиондаған адамдардың
өліміне әкеп соқты. Азамат құқықтарын бұқаралық бұзумен, адам намысын
кемітумен, өмірлік деңгейдің төмендеуімен қоса жүргізілді.

60-жылдардан бастап ССРО-да адам және азамат құқықтары мәселелері өрши
түсті, оны шешуде жағымды жағдайлар байқалмады. ССРО 1966 жылы адам құқығы
туралы халықаралық пактке, 1975 жылы Хельсинкидің қорытынды актісіне қол
қойды. ССРО өзіне оларды универсальды құндылық ретінде заңдылығын мойындай
отырып, адам құқығын сақтау бойынша халықаралық құқықтық міндеттер
қабылдайды. Бұл факт 1977 жылғы ССРО Конституциясында белгіленген. Негізгі
заңға алғаш рет тұрғын үй алу, мәдениет жетістіктерін пайдалану,
мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға қатысу, өнер бостандығы, сондай-
ақ кінәсіздік презумпциясы құқықтары қосылды. (44, 46, 47, 48, 160-баптар).
Дегенмен, сенімді материалдық және заңды кепілдіктердің болмауы, көптеген
Конституциялық нормалардың қағаз жүзінде қалуы осы демократиялық
Конституциялық нормалардың мәнін төмендетті.

Сонымен қатар, тоталитарлық жүйе жеке кісіге қарсы бағытталған
(азаматтығынан айыру, бірқатар өнер адамдарын елден жер аудару, құқық
қорғаушыларға қарсы құқықтық қудалау және әкімшілік санкция т.б.)
акцияларды жүзеге асырды.

Қазақстан Республикасындағы жаңа құқықтық демократиялық мемлекетті құру
мемлекетті басқару саясатына өзгерістерді енгізу ғана емес, сондай-ақ адам
және азамат құқығы туралы мәселелерге жаңаша қарауды талап етеді. Біз,
жалпы тарихи тағдырымен біріккен Қазақстан халқы, ежелгі қазақ жерінде
мемлекетті жасай отырып, өзімізді бостандық, теңдік және келісім
идеялдарына берік бейбітшілікті сүйгіш азаматтық қоғам ретінде қабылдай
отырып, дүниежүзілік бірлестікте абыройлы орын алуды қалай отырып,
өзіміздің қазіргі және болашақ ұрпақ алдында жоғарғы жауапкершілігімізді
түсіне отырып, өзіміздің тәуелсіздік құқығымыздан шығып осы Конституцияны
қабылдаймыз 4. Адам құқығы мен бостандығының жоғарғылығы және тікелей
жанды әрекеті жарияланды. Жаңа Конституция мемлекетке демократиялық бейне
беретін анықталған жалпы негіздерден шығады.

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 28 қаңтарында қабылданған
Конституциясында республиканың Конституциялық құқығы, бостандықтары және
міндеттері жүйесінің түбегейлі қайта қаралуы да кездейсоқтық емес. Өмір
сүру, бостандық, жеке құқығына қол сұқпау, құқықтық субъектілік, азаматтық,
сезіктінің, айыптының және тұтқынның сот қорғауы құқығы секілді адамның,
азаматтың құқықтары барлық қалған құқықтардың негізі.

Қазіргі кезеңдегі жағдайларда адам және азамат құқықтарын қамтамасыз ету
жолы ең алдымен экономикалық реформаның табысты дамуы және өткізілуіне,
азаматтардың әлеуметтік қорғалуы кепілдігіне байланысты.

1995 жылғы жаңа Конституцияның екінші тарауы Адам және азамат деп
аталған. Құқықтар мен бостандықтар әр адамға дүниеге келгеннен бастап
беріледі – деген басты анықтама да осыдан шыққан. Жаңа Конституцияда
адамдардың мүліктік қатынастарындағы өзгерістері де көрініс тапты:
Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде ие болған кез келген
мүлікті жеке меншігінде ұстай алады және оны заң көлімінде кәсіпкерлік үшін
қолданыла алады. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтың
әлеуметтік-экономикалық құқықтарын айта отырып, алдымен оның меншік иесі
болу құқығын айтады. Әр азаматтың кәсіпкерлік қызметпен айналысу бостандығы
құқығы бар, сондай-ақ дербес өндіруші ретінде немесе өз тілегіне,
қабілетіне және дайындығына сәйкес еңбек шарты бойынша еңбек ету құқығы
бар 5.

Бұл қазіргі іс жүзінде жүзеге асырылып отырған ата заңымыздың бұған
дейін болған Конституциямыздан айырмашылығы.

Сонымен қатар, ол еңбек ету, дем алу, тұрғын үй алу, әлеуметтік
қамтамасыз етілу, денсаулықты қорғау және білім алу құқықтарына кепілдік
етеді, әр азаматтың өнер бостандығы құқығы бар.

Конституциялық құқықтар мен бостандықтар тек нақты реттеліп қоймаған,
сонымен қатар, олардың практикада қолданылуын қамтамасыз ететін сенімді
кепілдік жүйесімен жабдықталған. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
шектеу тек Конституцияда ғана бейнеленген жағдайларда ғана мүмкін болады.
(басқа адамдардың құқығын қамтамасыз ету, қоғамдық қауіпсіздікті және
Конституцияны қорғау) 6.

Сонымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы адамның құқытық
мәртебесі мазмұнын елеулі байытты, оны неғұрлым кең құқықтар және
бостандықтармен қамтамасыз етті. Негізгі заңдық құқықтар мен бостандықтар
жүйесінде ерекше орын жеке құқықтар мен бостандықтарға беріледі 7. Жалпы
Қазақстан Республикасының Конституциясы құқықтар мен бостандықтардың кең
комплексін бекіткен және дүниежүзі мойындаған жоғарғы стандартқа
бағытталған адам құқығы және бостандықтарының Конституциясы.

1.2. Билікті бөлу концепциясының қайнар көзі және оның қазіргі кезеңдегі
түрлері

Билікті бөлу теориясы саяси ойдың және Конституциялық практиканың даму
тарихында маңызды звено болып табылады. Буржуазиялық-феодалдық
абсолютизммен күресі кезеңінде Дж. Локк және Ш.Л.Монтескье айтқан оның
басты талабы – саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету үшін
және қандай да бомасын әлеуметтік топтың, мекеменің, жеке адамның билікті
пайдалануын жою үшін мемлекеттік үкіметті заң шығарушы және сот билігіне
бөлу қажет. Осы биліктердің әр қайсысы дербес, тәуелсіз, өзара келісімде
бола отырып, құқықтық формада органдардың ерекше жүйесі арқылы жүзеге асыру
керек 8.

Осылай өкімет аппараты мемлекеттің жеке органдары арасында билік
өкілеттіктерін бөлу негізінде күнделікті практиканың ақиқатқа сай
қажеттілігіне жауапты болады.

Билікті бөлу доктринасына анализ жасау және тарихи баға беру кезінде,
біздің пікірімізше екі аспекті айыру қажет: біріншіден, олардың арасында
функциялардың нақты шектелуі және заңды артықшылықтарының бекітілуі,
олардың заңды дербестігін және белгілі тәуелсіздігін, қызметтік өзара қарым-
қатынасын және өзара тиым салуын, бір бірінің конституциялық емес іс-
әрекеттерін бақылау және бейтараптауды қамтамасыз ету, өкілеттіктерін
теңгеру және бір органның басқа органның статусы есебінен жетілуіне жол
бермеуге байланысты белгілі бір қатынаста болатын органдардың біртұтас
жүйесі - мемлекеттік механизм көлемінде еңбекті бөлу арқылы мемлекеттік
билікті ұйымдастыру идеяларын жүзеге асыру. Екіншіден, рақымшылық пен
зорлық-зомбылықты жоюдың, билікті теріс пайдалануға және оның басып
алынуына жол бермеудің міндетті шарты ретінде, шамаға сай басқарудың,
қоғамдық тәртіппен заңдылықты қамтамасыз етудің қажетті алғы шарты ретінде,
жек адамның құқықтары мен бостандықтарының, плюралистік демократияның,
саяси күштердің ерікті ойының кепілі ретінде, қарама-қарсы топтардың,
топтардың мүддесін және жеке мүдделерді теңестірудің, өмірде бар әлеуметтік
қайшылықтарды шешудің, мемлекеттік құрылысты, оның қорғанысын
тұрақтандырудың маңызды құралы ретінде билікті бөлуді жаңаша баяндау.

Мемлекеттік органдарды және олардың функцияларын шектеу антика
ойшылдарымен айтылған: Платон, Полибий, Аристотель т.б. жаңа кезеңде
ұсынылған билікті бөлу концепциясын антикалық авторлардың ойымен салыстыра
отырып, В.С. Нерсесянц былай дейді: Тұтас мемлекеттік өмірдің дифференциясы
ежелгі дүниеде де болды. Бірақ, ежелгі дүниеде саяси мемлекет
абстракциясының болмауы негізінде қазіргі уақытта бөлінуі сөз болып отырған
билік, саяси мемлекет абстракциясы да болған жоқ 9.

Ежелгі ойшылдар, тарихи шындықтан шығатын құрылыстың жеке құл иеленуші
сословиелері арасында еңбекті бөлу туралы, түрлі мемлекеттік органдардың
өмір сүруі, олардың құрамы, міндеттері және функциялары туралы пікір
таласты, олардың өкілеттіліктерін шектеуді айтты. Мысалы, Платонның ойы
бойынша біртұтас және бөлінбейтін организмді білдіретін, идеалдық қоғамның
негізгі қағидасы түрлі сословиелер: филосовтар, басқарушылар, әскерлер және
өндірістік еңбек жұмысшылары, қолөнершілер және жер өңдеушілер арасында
еңбекті бөлу болды және олардың әр қайсысы қатал өзіне берілген салада
әрекет етеді, басқаның істеріне араласпайды. Платон қоғамды сословиеге
бөлудің басты себебін адамдардың табиғи теңсіздігінен көрді, сондықтан оның
идеалды мемлекетінде сословиелер арасында еңбекті бөлу олардың арасында
билік функцияларын бөлу деген емес. Платон, басқару билігі арнайы соған
дайындалған атақты адамдардың қолында болуы керек, - деген пікір айтты.
Платон заңдылықты, басқаруды және сот әділдігін бір пәнге бағытталған,
бірақ бір-бірінен айырмашылығы бар мемлекеттік қызметтің формалары ретінде
қабылдады.

Платонға қарағанда Аристотель кез келген саяси құрылымның 3 элементінің
арасындағы айырмашылықты анық, жүйелі көрсетеді. Ол қоғамның жақсы
тұрмыстық халі, мемлекеттік құрылыстың жеке формаларының айырмашылығы
олардың ұйымдастырылуына байланысты деді. Аристотель саяси құрылым
формаларының алуан түрлілігін мемлекет өзгеше, түрлі, жарамсыз бөлшектерден
тұратын күрделі бүтін организм деп түсіндірді. Біріншіден, бұл функциясын
жүзеге асыруға барлық ерікті азаматтар қатысатын заң кеңесі органының
(халық жиналысы), екінші элемент магистратура кейіпінде билік айту
өкілеттілігіне ие әкімшілік не өкімет. Үшіншіден, сот әділдігін жүзеге
асыратын сот органдары. Аристотельдің ойынша, мемлекетте заң кеңесі негізгі
органы болып, заң барлығының үстінен қарауы керек. Өкіметтік орган яғни
басқару – заңды жүзеге асырушы болады. Сонымен қатар, маңызды мәселелер
бойынша магистратура басқармасы шешуші дауысқа, ал халық жиналысы кеңесші
дауысқа ие. Аристотель сот органдарын ұйымдастырудың міндетті шарты-
судьяларды азаматтар арасынан сайлау және қаралатын істің сипатына
байланысты.

ІІ. Қазақстан Республикасындағы президенттік республика ерекшеліктері

2.1. Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасы
Президентінің құқықтық мәртебесі

Ұзақ он жылдықтар бойы үстемдік еткен құқықтық нигилизм эрасы
азаматтарды құқықтың тек жазалау жақтарын қабылдауға үйретті. Соның
арасында адамзаттың ғасырлар бойғы тарихи құқықты бірден-бірге көшпейтін
әлеуметтік құндылық ретінде көрсетеді.
Атап айтқанда, негізінде теңдіктің формалдік қағидасы жатқан құқық кез
келген ерікті қоғамның маңызды белгісі болып табылады. Адамдар болмысынан
тең емес қабілеттіліктерге ие. Бірақ олардың барлығы да өздігінен іске асуы
үшін тең құқықтық мүмкіндіктерге ие болуы керек. Яғни бұл жерде Қазақстан
қоғамының әр мүшесінің таңдау еркі, ал жалпы қоғамда даму жолын анықтауда
альтернативасының болуы туралы сөз болып отыр. Тек осы жағдайлар сақалғанда
ғана қоғамдағы еріктілік перспиктивасы туралы айтуға болады. Таңдау
мүмкіндігі құқық жоғарылығы және құқықтық жүйенің негізгі идеясы
мемлекеттің негізгі құжаты болып табылатын Конституцияның жоғарғы
қағидалары салтанат құрған кезде көрінеді. Конституциялық реформаның
қажеттілігі туралы пікірлер қоғамда көптен бері айтылды, тіпті 1993 жылғы
Конституция қабылданған күннен бастап десек те болады. 1993 жылғы
Конституция мемлекеттік құрылымның барлық мәселелерін шешпегені үшін, екі
жақтылықты сақтағаны үшін Қазақстан мемлекетінің табиғаты және Тілдер
статусы мәселелерін толық айтып жеткізбегені үшін, жерге жекеменшілікке жол
ашпағаны үшін орынды сынға тартылды.
Ал бүгін жағдай негізінде өзгерді - Қазақстан дүниежүзілік бірлестік
мойындаған мемлекетке, халықаралық құқықтың толық құқылы субъектісіне
айналды, оның дауысы адамзаттың ең беделді форумы – БҰҰ-да сенімді және
салмақты естіле бастады. Ия, Қазақстандықтардың менталитеті де өзгерді,
байқау және қателесу жолымен болса да, сапалы жаңа экономикалық және саяси
жағдайдарда баға жетпес өмір тәжірибесін жинақтаған нарықтық қайта құрулар
жүре бастады. Біздің бәріміз де өткен он төрт жыл ішінде басқаша бола
бастадық. Сондықтан жаңа кезеңге елдің ішкі және сыртқы кезеңдеріне сай
келетін Конституция қабылдау қажеттілігі туды. Өйткені, реформалауға
Қазақстанның барлық мемлекеттік құрылымы жатады: нарықтық экономиканың
талабына негізделген Конституциялың экономикалық блогын толық,
Конституцияның жалпы мойындалған халықаралық құқық нормаларымен
сәйкестендірілген бөлімі де түзетілді.
Конституциялық реформаның ерекшелігі – оның бастаушысы мемлекет басшысы
болып табылатындығы. Президенттің тікелей қатысуы Конституцияның жобасын
жасау жұмысы төңірегінде ведомствалық, бірлескен және рушылдық мүдделер
ықпалынан аулақтауға мүмкіндік туғызды. Конституцияның бірінші бабы былай
деп тұжырымдалады: Қазақстан Республикасы өзін жоғарғы құндылықтары адам,
оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді.
Демократиялық мемлекет деген не? Бұл, кез келген адамзаттың басқаруға
қатысуға, белгілі бір жағдайда оның саясатына ықпал етуге мүмкіндігінің бар
болуы дегенді білдіреді. Мемлекет барлық азаматтардың мүддесіне орай саяси
басқару құралы ретінде рөл атқарады.
Демократиялық мемлекеттік өкіметтің жалғыз қайнар көзі - халық болып
табылады, әрине, әр азамат мемлекет саясатына өз тілегіне орай бағытта
ықпал етуге тырысады. Сондықтан Қазақстан республикасында Парламент
жергілікті өкілетті органдар, Президент сайлаулары, сондай-ақ бүкіл
халықтық референдум арқылы идеологиялық және саяси алуан түрлілік танылады.
Арнайы әзірленген келісілген өкілетті және есеп беретін институттардың
алмасу және жаңарып отыру процедурасы жүзеге асырылады. Осылай Қазақстанда
саяси және идеологиялық әр түрлілік, көп партиялылық, партияда
тұрмайтындардың негізінде демократия жүзеге асырылады.
Біз көп ұлтты мемлекетте өмір сүреміз, сондықтан ұлттық және нәсілдік
алауыздықты туғызуға тиым салынады. Сонымен қатар, ҚР Конституцияның 39-
бабының 2-тармағына сәйкес халықаралық келісімді бұзуға қабілетті кез
келген әрекет Конституциялық емес деп танылады. Біз нарықтық экономика
жолына түстік, сондықтан тектік және нәсілдік әлеуметтік төзбеушілік
туғызудың кез келген әрекеті заңға сыйымсыз деп танылады, өйткені,
азаматтық қоғамда барлығы да заң және сот алдында тең 14-бап.
ҚР жаңа Конституциясының 9-бабында мемлекет ту, елтаңба, әнұран 3-бабтың
2-тармағы Астана статуысы туралы тұжырымды бекітті. Конституцияның 40-
бабында ҚР Президентін халық бірлігінің және мемлекеттік үкіметтік
бірлігінің символы және кепілі ретінде анықтайды.
Негізгі заңның 7-бабы былай тұжырымдалады: ҚР мемлекеттік тіл - қазақ
тілі болып табылады. Мемлекеттік органдарда және жергілікті өзін-өзі
басқару органдарда қазақ тілімен қатар ресми орыс тілі де қолданылады.
Сонымен, мемлекеттік тіл ретінде - қазақ тілінің және мемлекеттік үкімет
жүйесінде ресми түрде қолданылатын жеке қарым-қатынастарда кеңінен
пайдаланатын тіл ретінде – орыс тілінің статусын анық бекіту шындыққа, өмір
қажеттілігіне, халықаралақ тұрақтылық, өзара түсінісу және халықтар
достығын сақтау және нығайту міндетіне сәйкес келеді.
Конституцияның 2-тарауы Адам және азамат деп аталады. Алғаш рет
Конституцияда адам және оның адам ретінде құқықтары пайда болды. Құқық және
бостандық дүниеге келгеннен бастап әр азаматқа тиесесі екендігі туралы 12-
бап, 2-тармақ басты анықтама да осыдан шығады. Демек, ол құқық пен
бостандықтарды тартып алуға, жоққа шығаруға болмайды. Конституцияда
көптеген құқықтар мен бостандықтар бірінші рет қолданылуды. Мысалыға: туған
тілі мен мәдениетін қолдану құқығы 19-бап, 2-тармақ цензураға тиым салу
20-бап, 1-тарм. өзінің ұлттық, партиялық және дінге қатыстылығын анықтау
және көрсету.

2.2. Қазақстан Республикасында Президенттің өкіметті жүзеге асырудың
жолдары, проблемалары және жетістіктері

Конституциялық реформаның ең маңызды мәселесі – Президенттік өкімет
институтын жетілдіру болып табылады. Бұл жерде Қазақстан өзінің
Конституциялық дамуында соңғы 5 жыл ішінде Президенттік басқару формасы
жағына батыл қадам басқанын атап кету қажет.
Қазақстандағы ақиқатқа сай жағдайға және реформалар динамикасына
байланысты, Оксфорд аналитикалық орталығының сарапшыларының пікірі бойынша,
Қазақстан үшін бүгінгі күні млекеттік құрылымның жалғыз тиімді формасы
Президенттік республика болып табылады 10.
Алғаш рет Президент қызметі ҚазССР Конституциясының көлемінде бекітілген
еді. Содан соң 1993 жылғы ҚР Конституциясында Президенттік республикасының
негізгі элементтері анықталған боолатын. Бірақ ол соңына дейін
тұжырымдалған жоқ.
Қазақстанда жаңа Конституцияға сәйкес Президенттік басқару формасы
белгіленді. Оның маңызды шарты мемлекет басшысы билігінің оны бүкіл
халықтық сайлауы жолымен заңды деп танылуы болып саналады 11.
ҚР Президенттік институтқа 15 жыл толды. Тарих үшін бұл мерзім көп емес,
әрине, осы уақыт ішінде қанша маңызды оқиғалар болды. қазақстандықтар ел
тағдырының бұл кезеңін тәуелсіз мемлекетіміздің алғашқы Президентінің
қызметін жоғары бағалайды.
Өткен соңғы 15 жыл ішінде Қазақстанда Президенттік институт өзін толық
ақтады және өзінің өмірінің, өмір сүруге қабілетті екендігін дәлелдеді.
Уақыттың осы аралығында республикада зор қиындыққа қарамастан, қоғамдық
өмірдің салаларында, адамдардың шамасында нәтижелі өзгерістер болып өтті.
Өнеркәсіпті, аграрлық секторды халықшаруашылығының барлық алуан түрлі
комплекстерінің екпінді түрде қайта құрудың қарқынды процесі жүруде.
Қазақстан қазір екпінді түрде халықаралық беделге ие болып келе жатқан
тұрақты, батыл және өзіне сенімді мемлекет ретінде барлық дүниежүзілік
бірлестік мойындайтын даңғыл жолға шықты.
Қазақстан енді, - шынайы тәуелсіз мемлекет. Бізде барлығы бар:
демократиялық Конституция, заң шығару, атқару және сот билігінің
тармақталған құрылымы, мемлекеттік тіл, ұлттық валюта, жеке әскери күштер
және тәуелсіз елге тән басқа да қасиеттер.
Біз қазақ халқы ұзақ жылдар бойы аңсаған тарихи мақсатына жетті, - деп
мақтанышпен айта аламыз.
Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде барлық дүниежүзілік бірлестіктер
мойындады, БҰҰ-ға қабылдады, ол дүниежүзілік қайта құру және дамыту
банкімен ынтымақтастықты өсіруде. ЮНЕСКО, ОПЕК т.б.
Біз демократиялық қоғамды құрып жатырмыз. Ал демократияның басты
қағидасы азаматтың құқығы және жалпы адамдық құндылықтардың артықшылығы
болып табылады12. Мемлекет басшысы ретінде заңды сайланған Президент
ретінде өзінің Конституциялық өкілеттілігі шеңберінде кімнің болмасын
азаматтық құқығына қысым жасау есебінен қоғамды дестабилизациялауға
бағытталған іс-әрекеттермен батыл күресемін, - деді Н.Назарбаев. республика
күніне арналған салтанатты жиналыста.
Біздің таңдаған жолымыз (президенттік республика, президенттік басқару
формасы) дұрыс, бірақ ол үлкен проблемалармен байланысты.

2.3 Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері

Қазақстанда президенттік институт билігінің қалыптасуы ең алдымен
тарихи объективтік факторлар жиынтығынан және субъективтік алғышарттардан
тұрады. Бұл алғышарттардың екеуі де жақындап қалған КСРО-ның ыдырауының
әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық және идеологиялық шарттармен және
қоғамда саяси түбірлі өзгерістер қажеттігінің өсуімен, бұдан әрі мемлекетті
басқарудың жаңа, кеңестік дәуірден кейінгі нысанына ауысу шарттарымен тығыз
байланыста болды.
Қазақстанда президенттік басқару нысанының басым болуы бірнеше
факторлардан: атап айтқанда, шынайы саяси процесс және қалыптасқан
азаматтық қоғам жағдайында саяси партиялардың болмауынан; мемлекеттік
органдардың қоғамды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында Президенттің өкіметті жүзеге асырудың жолдары, проблемалары және жетістіктері
ҚР Президенті
Президенттік басқару жүйесі
Қаақстан Республикасының Президенттік басқару нысаны
Құқықтық мемлекет туралы жалпы білім
Президентінің құқықтық мәртебесі
Баскарудағы жүйелілік кезқарас, баскару функциялары мен кұрылымы
Қазақстан Республикасы президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы Президенті – мемлекет басшысы
МЕМЛЕКЕТТЕГІ ПРЕЗИДЕНТІК БИЛІК НЫСАНДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер