Психолог – кеңесшінің жеке жұмысын ұйымдастыру барысы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .. 3
І Психологиялық кеңес беру- психологиялық мәдениеттің ерекше формасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.1. Психологиялық кеңес процесінде - шешілетін маңызды
мәселелер ... .. 7
1.2. Психологиялық қызметің негізгі формасы - психологиялық кеңес берудің
түрлері

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
1.3. Психологиялық кеңес беру барысында орындалатын талаптардың маңызы
және кеңес берудің этикалық принциптері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4. Қазіргі кеңес берудің негізгі бағыттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
ІІ Консультаивті теория және
тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.1.Психологиялық кеңес берудің негізгі
кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.2. Психолог – кеңесшінің жеке жұмысын ұйымдастыру барысы
... ... ... ... 22
2.3.Психологиялық кеңес берудің
техникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. 32
Қолданылған әдебиеттер

... ... ... 36
Кіріспе
Психологиялық кеңес беру психологиялық практикадағы ерекше тақырып.
Ол маман психологтың адамдарға психологиялық көмек беруімен байланысты,
яғни олар қажет жағдайда ақыл кеңес немесе ұсыныс береді. Бұндай кеңестер
психологтар тарапынан алдын ала зерттеген тақырып бойынша әңгіме өткізу
немесе туындаған проблемаларды бұрынғы тәжірбиелер арқылы шешу арқылы
жүзеге асады.Мұндай әңгімелесулер әдетте арнайы белгіленген орында
келісілген уақытта өткізіледі.Әңгіме уақытында кедергі болатын жағдайларға
жол берілмеуі керек.
Психологтың кеңес беру сеансы клиентпен жеке әңгімесі ретінде 10
минуттан 2 сағатқа дейін созылуы мүмкін.Осы әңгімелесу кезінде клиент
психологқа өзі туралы, басында туындап отырған проблемалар жайында әңгіме
қозғайды.Ал психолог болса әңгімені мұқият тыңдап, түйінді проблемаларды
шешудің жолын қарастырады. Кеңес кезінде клиенттің жеке тұлға ретінде
қасиеттері бағаланады.Бағаланып қана қоймай, клиентке ғылыми анықтама
беріледі.Сөйте келе психолог оның басындағы ірлі ұсақты проблемаларды
шешуді жан жақты қарастырып, оның ішіндегі ең маңыздысын таңдайды.
Әдетте клиенттің проблемасын психолог кеңесші өзі жүріп шешіп бермейді.
Біз сөз етіп отырған кеңес психолог кеңесшінің ұсыныстары мен ақыл кеңесі
негізінде клиенттің проблемасын шешуге көмектесуді көздейді.
Психологиялық кеңес бұл психологтың адам табиғатын көп жылдар бойы зерттеу
нәтижесінде жасаған қорытындысы. яғни, әр бір дені сау адам өз басындағы
туындаған проблеманы шешуге шамасы жетеді, тек оған дер кезінде дұрыс
бағыт бағдар көрсету керек. Міне психолог кеңесшінің ең басты мақсаты осы.
Кеңес кезінде психолог арнайы әдіс тәсілдер қолданады. Бұл тәсілдер
барынша қысқа мерзімде (кеңес өткізе отырып) клиенттің проблемасын шешуді
көздеуі керек.Сондай-ақ, психологтың шешімі клиентке әрі түсінікті әрі
ыңғайлы болғаны дұрыс.
Психологтың кеңес әңгімесі клиентпен бір екі рет өткізумен шектеліп
қалмайды.Көп жағдайда ұзақ мерзімді кеңес беру әдісі қолданылып, үш немесе
оданда көп кездесу ұйымдастырады.Мұндай кездесу ұйымдастырудың қажеттілігі
төмендігі жағдайларға байланысты.
Клиенттің басына түсіп отырған проблемасы қиын болған жағдайда, оны бір
екі кездесуде түбегейлі шешу мүмкін емес.
Берілген кеңес клиенттің проблемасын түбегейлі шеше алмай, кеңесшінің
қосымша көмегі қажет болады.
Психолог кеңесші өз клиентінің мінезіне жеке тұлғасына қарап оның берілген
кеңестерімен проблемасын өз бетінше шешетініне күмән қарайтын жағдайлар
болады. Мұндай жағдайлар өз өзіне сенбейтін, өз сезіміне берік емес
адамдарда жиі кездеседі.
Көп жағдайда психологқа орта деңгейдегі физикалық психологиялық
тәуекелге баратын адамдар көмек сұрай келеді.Өмірдің әр түрлі кезеңінде өте
сезімтал адамдар психикалық, физикалық ауруларға шалдығады. Ал кейбір
адамдар бұндай жағдайда өзін өзі жақсы сезінбейді немесе шаршайды, яғни
олар психологиялық ауруға шалдықпайды.
Психотерапияның енді бір түрі клиентпен тығыз қарым қатынас орнату.
Клиент өз проблмасын өзі шешкен күнде де психолог оған кеңес беру арқылы
қарым қатынасын үзбейді .
Осы және басқада проблемаларды шешуде психологиялық кеңес мынандай маңызды
мәселелерді шешеді:
1. Клиенттің бетпе бет келіп отырған ең басты проблемасын анықтау .
2. Клиентті проблемасының қаншалықты түйінді екенін жөнінде ақпараттандыру
.
3. Клиент психологтың кеңесі арқылы өз проблемасын түбегейлі шеше ала
ма,жоқ па деген сұраққа жауап іздеу .
4. Клиенттің проблемасын шешуде әрі анық , әрі түсінікті түрде бағыт
көрсету .
5. Клиенттің өз проблемасын психолог көрсеткен жолмен шешуге кіріскен
жағдайда да , кеңесші қосымша кеңестермен демеп отыру .
6. Клиенттің жаңадан туындап келе жатқан проблемасын дер кезінде байқауға
үйрету .
7. Клиентте өмірлік қарапайым психологиялық білім беру .
Енді осы мәселелерге жеке жеке тоқталайық:
Клиенттің басындағы проблеманы анықтау үшін психолог клиенттің
әңгімесін мұқият тыңдап, оның әрбір қимыл қозғалысын қалт жібермей
қарап отыту арқылы мұндай проблемаға соқтығысуының мәнін анықтайды. Кей
кезде психологтың шешімі клиенттің ойындағысымен дәл түсіп отырады.
Проблемалық ақпарат беру жоғарыдағы шешіммен тығыз байланысты. Психолог
клиентіне неліктен осы проблемаға киліккені жөнінде ақпарат беріп ,оны
шешудің жолдарын ұсынады .
Келесі бір маңызды қадам психологтың клиенттің жеке тұлға ретіндегі
қасиеттерін анықтау. Мұндай анықтаусыз психолог ешқандай шешім қабылдай
алмайды. Біріншіден, клиентке проблемасының қаншалықты күрделі екеніне көз
жеткізу керек, екіншіден ,клиент өз проблемасын шешуде бел шешіп кіріскені
жөн .
Мақсаты: психологиялық кеңес беру практикасына кәсіби даярлықты
шыңдап,жетілдіру болып табылады.
Міндеттері:
1. Кеңес берудің өзіндік тәжірибесін жан- жақты талдап және барлық
танымал психотерапевтік әдістердің психологиялық механизмдерін түсіну.
2. Негізгі психотехникалық ойлауды қалыптастыру.
3. Психологиялық кеңес беру саласындағы негізгі бағыттармен
танысу.
Кәсіби психолог – кеңесшінің дағдыларына оқыту:
- психологиялық кеңес берудің ерекшелігін білу және өз беттерінше
оның міндеттерін нақты жағдайларға сай қалыптастыру;
- психологиялық мәселенің кең спекторында бейімделу және клиентке
психологиялық көмекке қарай сауал қалыптастыруына көмектесу;
- клиентпен психологиялық контакт орналастыру және консультация
процесінде оны қолдау; кеңес беру процесіндегі негізгі
қателіктерді талдау.

Психологиялық кеңес беру психологиялық практикадағы ерекше тақырып. Ол
маман психологтың адамдарға психологиялық көмек беруімен байланысты, яғни
олар қажет жағдайда ақыл кеңес немесе ұсыныс береді. Бұндай кеңестер

жүзеге асады. Мұндай әңгімелесулер әдетте арнайы белгіленген орында
келісілген уақытта өткізіледі. Әңгіме уақытында кедергі болатын жағдайларға

қозғайды. Ал психолог болса әңгімені мұқият тыңдап, түйінді проблемаларды

беріледі. Сөйте келе психолог оның басындағы ірлі ұсақты проблемаларды

Әдетте клиенттің проблемасын психолог кеңесші өзі жүріп шешіп
бермейді. Біз сөз етіп отырған кеңес психолог кеңесшінің ұсыныстары мен
ақыл кеңесі негізінде клиенттің проблемасын шешуге көмектесуді көздейді.

Кеңес барысында психолог арнайы әдіс тәсілдер қолданады. Бұл тәсілдер

қалмайды. Көп жағдайда ұзақ мерзімді кеңес беру әдісі қолданылып,үш немесе

Психолог кеңесші өз клиентінің мінезіне жеке тұлғасына қарап оның
берілген кеңестерімен проблемасын өз бетінше шешетініне күмән қарайтын
жағдайлар болады. Мұндай жағдайлар өз өзіне сенбейтін, өз сезіміне берік
емес адамдарда жиі кездеседі.

тәуекелге баратын адамдар көмек сұрай келеді. Өмірдің әр түрлі кезеңінде
өте сезімтал адамдар психикалық, физикалық ауруларға шалдығады.Ал кейбір

Психологиялық кеңеске жүгінетіндер өмір сүруге тым бейім емес және
жұмыстан қолы бос адамдар. өйткені психологқа бару үшін де көп уақыт
кетеді. Психологқа көп баратындардың бірі көбіне көп жолы болмайтын
адамдар. Дәл осы жол болғыштық олардың мамандардан кеңес сұрауына
итермелейді. Сондай-ақ клиенттердің ішінде сезімі жағынан осал жандар да
кездеседі.
Бұл адамдар қандай жағдайда психологқа көп барады. Олар бастарында
проблема туындағанда бірден келмейді, өмірлерінің қиын сәттерінде
психологқа баруға мәжбүр болады. Адамдар өз проблемасын қалай және қайтіп
шешуді білмей басы қатқанда жоғарыдағы жолды таңдайды. Тіпті олардың
ойынша жан дүниелнріне жарықшақ түскендей, айналасындағы адамадармен
аралары алшақтап кеткендей күй кешеді.
Адамдар психолог кеңесшіден не күтеді олар не үшін көмек сұрайды Бұл
сұрақтарға төмендегідей жауап беруге болады. Кейбір клиенттер өз
проблемаларын қалай шешу керек екенін жақсы біледі , тек олар психолог
кеңесшілерден көңіл күйлеріне демеу күтеді.Енді біреулері проблемаларын
қалай шешу керек екенін білмей , психологтың көмегіне жүгінеді. Үшінші бір
топтағы адамдар өзіне не керек екенін , қандай жолмен жүретінін білмейді
немесе өздеріне тым сенімділер тобынан құрылады. Оларға тек дұрыс бағытты
көрсетіп жіберсе болды . Төртінші , рухани жалғыз адамдар, оларға
әлдебіреумен әңгімелессе болды .Олардың көкейін тескен проблема жоқ ,
бірақ уақыт өткен сайын олар жақсы әңгімешілерге зәру болады .Психолог
кеңесшілердің алдына не істерлерін білмей жүрген , мамандарды сынау үшін
келетін клиенттер де болады . Біреулер шын көңілімен психологтың қандай
болатынын көргісі келеді . Енді біреулері психологтың қызықты жұмысын
тамашалап , оларды ыңғайсыз жағдайға қалдырғысы келетін де жағдайлар болады
.
Кәсіби психологтар алдына келген клиентті таңдамайды.Мейлі ол
қандай мақсатпен келседе әңгімесін мұқият тыңдап,дұрыс көзқараспен,
адамгершілік қасиетпен қарсы алуы керек.Бұл тек психологтың беделін
жоғалтпау үшін ғана керек емес, ол сондай-ақ кәсіби психолог маман
ретінде алдына келген адамның барлығына көмек қолын созуға міндетті. Тіпті,
алдына келген клиент анайлыққа барса да психолог өз жұмысын дұрыс атқаруы
керек.Психологиялық кеңес беру басқада психологиялық практикалық көмек
көрсетуден мынадай белгілермен ерекшеленеді. Мысалы жекелеген және топтық
психотерапиядан ерекшелігі, психологиялық кеңес беру қысқа мерзім ішінде
психолог пен клиенттің қарым қатынасы негізінде өрбиді. Әртүрлі жекелеген
және топтық психологиялық терапия клиентпен ұзақ мерзімде апталап,айлап,
тіпті жылдап кең көлемде зерттеу нәтежиесінде жүзеге асады.
Психотерапияда басты рөлді клиенттің проблемадан арылуында
психолог атқарады. Ал клинет болса , жәй ғана психологтың іс әрекетіне
көзқарасын білдіреді. Ал психологиялық кеңес беруде іс әрекет басқаша
жүзеге асады , бұл жерде психолог кеңесші клиентке ақыл кеңес ғана береді.
Ал оны жүзеге асыру клиентке байланысты.Психотерапияның енді бір түрі
клиентпен тығыз қарым қатынас орнату. Клиент өз проблмасын өзі шешкен
күнде де психолог оған кеңес беру арқылы қарым қатынасын үзбейді .
1.1. Психологиялық кеңес процесінде - шешілетін маңызды .
Түптеп келгенде психолог кеңесші өз клиентінің ақыл кеңесін қалай
қабылда,оны қалай жүзеге асырғанын есепке алмайды. Яғни , психолог кеңес
береді , ал клиент оны қалай жүзеге асырсада өз еркі .Кеңесші өз ақылының
немесе түйінінің дұрыстығына ғана жауап береді.Ал психологиялық терапияда
психолог клиенттің іс әрекетіне жауап беруі тиіс.Өйткені бұл жерде басты
басымдылық психологтың өзіне тиісті .
Кеңес берудің мынандай мақсаттары мен түрлері бар:
1.Клиенттің басында туындаған проблеманы шешуге тез арада көмек
көрсету . Кейбір адамдарда мынандай жағдай туындайды .Клиенттің өзі оған
көп уақыт жібергісі келмейтін ,бірақ ол проблманы тез арада шешу керек
болады.Мұндай жағдайлар кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлар.
Проблемаларды тез арада шешу үшін психолог кеңесшінің көмегіне жүгіну-
таптырмайтын жол.Мысалы ата -ана мен бала арасында түсініспеушілік
туындап, ол баланың ақыл ойы мен психикасына нұқсан келтіретіндей проблема
болса , жұмысшы мен басшының арасында келіспеушілік болса, жұбайлар
арасындағы жарастыққа нұқсан келіп жатса , психолог кеңесшінің ақыл кеңесі
мұндай проблемалардан жол тауып шығу бірден бір жол.
2. Клиентке көмек керек болып,бірақ ол ондай проблемаларды өзі
ешкімнің араласуынсыз шеше алатын жағдайда тұрса.Мұндай жағдайға әсіресе
белгілі бір тәртіпке бағынып қалған адамдар түседі .
3.Клиентке уақытша көмек көрсету.Дегенмен клиент үнемі психологтың
көмегіне зәру бола тұра, психолог кеңесші оған әр уақытта қысқа мерзім
ішінде кеңес беріп отырады. Себебі, ауытқымалы адамдар өзіне керексіз теріс
ақпараттарды жинағыш келеді.
4.Клиент өз проблемасын шешудің жолын өзі тауып тұрса.Бірақ әлі де
болса өз шешіміне сенімсіз, әлде бір кедергілер бар .Психолог кеңесші осы
кедергілерді жеңуге көмектеседі .
5.Клиентке ақыл кеңес беруден басқа ешқандай жол қалмаған жағдайда
көмек керек .
6.Психологиялық кеңес басқа бір шешуші факторлардың орнына
қолданбай, дәл осы уақытта психологиялық кеңестің маңыздылығын түсінген
жағдайда.
7. Кей кезде клиенттің проблемасын шешуге психологтың кеңесі
дәрменсіз болып қалады.Мұндай жағдайда психолог кеңесші ең құрығанда өз
клиентін сенімнен айырмауға күш салу керек .
Осы және басқада проблемаларды шешуде психологиялық кеңес мынандай
маңызды мәселелерді шешеді

3. Клиент психологтың кеңесі арқылы өз проблемасын түбегейлі шеше ала ма
жоқ па деген сұраққа жауап іздеу.
4. Клиенттің проблемасын шешуде әрі анық,әрі түсінікті түрде бағыт көрсету

Енді осы мәселелерге жеке жеке тоқталайық.Клиенттің басындағы
проблеманы анықтау үшін психолог клиенттің әңгімесін мұқият тыңдап, оның
әрбір қимыл қозғалысын қалт жібермей қарап отыту арқылы мұндай
проблемаға соқтығысуының мәнін анықтайды.Кей кезде психологтың шешімі
клиенттің ойындағысымен дәл түсіп отырады .

клиентіне неліктен осы проблемаға киліккені жөнінде ақпарат беріп , оны

қасиеттерін анықтау.Мұндай анықтаусыз психолог ешқандай шешім қабылдай
алмайды.Біріншіден,клиентке проблемасының қаншалықты күрделі екеніне көз
жеткізу керек,екіншіден , клиент өз проблемасын шешуде бел шешіп кіріскені
жөн .
Клиент әр уақытта психологтың кеңесінің дәлдігіне мойын ұсынып,
проблемасын шешуге кірісіп кетпейді.Клиенттің ойында сенімсіздік басымырақ
болады.Осындай жағдайда психолог клиенттің әңгімесін тыңдап , кеңес бердім
болды , осымен іс бітті десе , қателеседі .Психолог өзінің беріп отырған
кеңесін клиент дұрыс қабылдап, дұрыс жүзеге асыруды қадағалау керек. Көп
жағдайда псхологиялық кеңес клиенттің проблемасын сол кезде шешіп
бергенімен,болашақта дәл осындай проблема қайталанбайтындығына кепілдік
жоқ.Сондықтан психолог әрдайым клиентін қайтадан алдындығыдай проблемаға
ұрынбауын, болған жағдайды, барынша аз болуын қадағалайды.Мұндай жағдайда
психолог кеңесші мақсаты сол болмаса да , клиентке қарапайым психологиялық
білім береді .

түрлері.
Психолог кеңесшіге әр түрлі адамдар әр түрлі мақсатта келетін
болғандықтан, олардың өзін былайша топтауға болады:
1. Интимді жеке психологиялық кеңесу.Өйткені көп адамдардың
проблемасы осы жағдайға байланысты туындайды. Бұлар қалай өрбиді.Енді
соған тоқталайық - мұндай проблемаларға аса ұқыптылықпен қарамаса
болмайды,себебі ,адамдар бұл жағдайда аса жасқаншақ, жаны жапа шегіп
жүреді. Сондай-ақ ішіндегі сырын айналасындағылардан жасырып - жауып
жүреді.Олар мәселен, бойындағы әлде бір кемшіліктер және осы кемшіліктерден
тезірек құтылғысы келеді, бірақ оның амалын білмейді немесе, беделді
адамдармен қатынас жасай алмау, әлде бір қорқыныштан арыла алмау, қысылып
қымтырылып жүру .Мұндай кезде адамдар өзіне өзі көңілі толмау, әсіресе
интимдік жұптасу, жыныстық қатынас кезінде өзін өзі кінәлаушылыққа көп
барады.Келесі бір маңызды әрі көп кездесетін психологиялық кеңес беру.
2. Отбасылық кеңес.Мұнда адамдардың отбасылық проблемалары сөз
болады .Сондай -ақ клиенттер психологтың кеңесіне достарының отбасылық
проблемасын шешуге де жүгінеді .Болашақ жар таңдау, әйелі немесе ерінің
болашақ жарларының туысқандарымен қарым қатынасты нақтылау. Сондай -ақ
отбасы арнайы шығып, ажырасуға дейін баратын мәселелер осындай кеңестерде
шешімін табады.
3. Психологиялы- педагогикалық кеңес.Мұнда ұстаздардың бала тәрбиесіне
қатысты проблемалары сөз болады .Сондай -ақ әріптестерінің педагогикалық
деңгейін көтеру туралы мәселелердің де түйіні шешіледі.Педагогикалық
әдістемелер , бағдарламалар , оқу тәрбие істері талқыланады .
4. Психологиялық кеңестердің ішіндегі күрделісі қызметтік кеңес. Мұның
өзі жан жақты болып келеді.Оның ішіндегі күрделісі іскерлік проблемаларды
шешу. Белгілі бір адамның қызметтегі дәрежесін өсіру, іскерлігін арттыру,
еңбекте және ұйымдастырудағы қасиеттерін шыңдауғу жаңа шешімдер қабылдау
осындай кеңес үстінде сөз болады.
Жоғарыда келтірілген психологиялық кеңестің әрбірі бір бірімен
байланысты, ұқсас. Соған қарамастан әр қайсысының өзіне тән ерекшелігі
бар,оны жеке талдау арқылы байқауға болады:
Интимдік- жеке кеңес алу әдетте психологпен көмекке зәру адам
арасында жабық түрде өтеді.Кейде сенімді адамдарда қатыстырылуы мүмкін.
Өйткені психолог кеңесшіге абыржулы клиентпен екеуара әңгімелесудің өзі
оңайға соқпайды .Оның үстіне интімдік жеке мінездегі проблемалар тез арада
шешіле қоймайды .
Ал отбасылық кеңесуде психолог кеңесшінің отбасылық өмір туралы
тәжірибесі мен білімі қажет .Мұндай жағдайда отбасылық өмірді басынан
өткізбеген немесе тұрмыс құрмаған маманның жұмысы нәтижелі болады деп айту
қиын .Сондай - ақ, өз басындағы отбасылық проблемаларды шеше алмаған
психологтың да көмегі шамалы.Тіпті , осы сияқты түрлі отбасында болатын
келеңсіздіктерді жеңе отырып, шыдамдылық танытқан адамдардың өзі түбінде
психолог болып кетуі мүмкін.
Психологиялық педогогикалық кеңес өз кезегінде педогогикалық
тәжірбиелер негізінде өтеді. Педагогикалық кеңес беруге әдетте тәжірибелі
ұстаздар, әдіскер мұғалімдер, педагогика төңірегінде бірталай тәжірибесі
бар адамдар бейім болады.Жоғарыда айтқандай педагогикадан хабары жоқ
адамдар ондай көмек беруге дәрменсіз.Кәсіби қызметтік кеңес беру үшін де
сол мамандық туралы толық мәліметі бар адамдар жақсы көмек бере алады .
1.3. Психологиялық кеңес беру барысында орындалатын талаптардың маңызы және
кеңес берудің этикалық принциптері
Психологиялық кеңес берудің мәні – арнайы ұйымдасқан өзара әрекеттестік
(әңгімелесу) процесінде тұлғааралық және ішкі қиыншылықтарда өзін өзі
ұстауға адамдарға психологиялық көмек беру.Психологиялық кеңес беру
кезіндегі қойылатын талаптар.Психологиялық кеңестер өз мақсатына жетіп,
жақсы нәтиже беру үшін мынандай талаптар орындалуы тиіс.Енді осы
талаптардың маңызы мен мәнін ашып , қарастырып көрейік :
1 талап - Психологтың кеңесіне зәрулік танытқан адам ойдан
құрастырылмаған, кәдімгі басына туындап отырған проблемамен келуі тиіс
Сондай –ақ ол осы проблеманы шын шешкісі келіп , асығыстық танытқаны жөн.
Біз бұдан бұрын әңгіме еткендей , кейбір клиенттер психологты сынау үшін
немесе әлдебір оқиғаларды ойлап тауып мазақ ету үшін де келуі мүмкін
2 талап - Клиенттер көмек сұрап келіп отырған психолог кеңесшінің
тәжірибелі болғаны жөн.Сонымен қатар оның дәрігерлік біліміде болғаны жөн
.
3 талап - Психологиялық кеңнс барынша ұзақ уақытқа созылғаны жөн .
Осы уақыт ішінде психолог клиенттің проблемасы неден туындағанын тауып
,оны клиенттің өзімен бірге шешуге ұмтылуы керек .
4 талап - Клиент психолог кеңесшіден алған ұсыныстарын дұрыс
қабылдап , дұрыс орындауы керек .
5 талап - Психологиялық кеңес екі жаққада тиімді әрі ыңғайлы орында
өткізілуі жөн .
Енді қандай адамдар психологиялық кеңес бере алады
Ол үшін не білу керек және не істей алу керек деген сұрақтарға
жауап іздеп көрейік.Психолог кеңесші болу үшін оның жалпы және кәсіби
психологиялық жоғары білімі болуы заңды немесе өз өмірінде көп тәжірибе
жинаған жоғары бағаланатын куәлігі бар мамандар психолог кеңесшінің
рөлін атқара алады.
Жоғары білімді психолог деп,университет немесе иниституттың психология
факультетін жақсы деген біліммен бітіріп шыққан мамандарды айтады .Ал
арнайы психологиялық білім деп , психологияның бір ауданын ғылыми түрде
зерттеп ,тәжірибеде жүзеге асырылған білімді айтады. Психолог кеңесшіге
осы екеуіде керек .Өйткені болашақ психолог маман ретінде төменгідей
сұрақтарға жауап іздеуі тиіс:
- жаңашыл клиенттердің психологиясы ?
- психологиялық кеңеске нағыз өмірлік проблемалармен келген
клиенттерде не жағдай болады ?
- неге клиенттерге басқ емес тек осындай көмек керек?
- клиенттерге жасалған ұсыныстар қалай қабылданады.?
Осы сияқты және басқа да сұрақтарға психолог кеңесші ғылыми түрде
дәлелденген жауаптар табу керек .Сонымен қатар,психолог-кеңесші білімді
болып қана қоймай,мына сияқты қасиеттерге ие болғаны жөн.Ол адамдарды жақсы
көруі тиіс,адамдардың көңіл-күйін айнытпай-ақ танитындай қасиетке ие болуы
керек,шыдамды ,төзімді адамдармен тез тіл табысқыш болуы міндетті.
Кеңес берудің этикалық
принциптері.
Консультаивті процессте клиенттің құқығы. Кәсіби және этикалық
міндеттер және кеңесшінің құқығы. Этикалық және құқықтық сұрақтардың
қосарлануы және психолог пен клиенттің басқа қатынастардың қосарлануы
(достық, іскерлік, интимді). Кеңесшінің және клиенттің тұлғасы. Кәсіби
білім байланысының және кеңесшінің ептілік мәселесі. Кеңесшінің кәсіби
МЕН – бейне, жекелік тәжірибе,дағды. Тиімділікті кеңесшілердің тұлғалық
мінездемелері. Жекелік құндылықтарына әсер ету мәселесі және оның іс -
әрекетіне кеңесшінің өмірлік философия мәселесі. Кеңесші – психотерапевт
түсінігін салыстыру. Жаңадан бастаған, қадам жасаған кеңесшінің типтік
қиыншылықтары, кеңесшінің кәсіби күйіп жануы мәселесі: алдын – алу
шаралары, себептері, көрінулері және және жеңіп шығулары.Кеңешілердің
кәсіби кеңес беру мәселлесі және супервизордың басшылығы арқылы жұмыс істеу
кәсіби іс-әрекетке дайындықтың бір жағы ретінде.Кеңесшілерді дайындау.
Кәсіби және моральды этикалық талаптарға сай психолог-кеңесшінің
кәсіби кодексі болуы заңды.
Ол кодекстер төмендегідей:
1.Психолог-кеңесшінің кәсіби деңгейі клиентке ұсынылған кеңесіне
байланысты.
2.Ал оның тәжірибелік деңгейі клиентке көрсетілген кеңестердің заңды
және моральды-этикалық талаптарға сай болуы тиіс.
3.Психолог кеңесшінің мақсаты клиентттің проблемасын шектеп шықпай
жеке тұлғалық және жан жақтылығын арттыра тоырып өз кеңесін жүзеге асыру
.
4. Психолог кеңесші өз жұмысын клиенттің ар –намысына тимей атқаруы
тиіс . Ол адам құқығын аяаққа таптамауы керек .
5. Клиентпен жұмыс істей отырып психолог кеңесші шыдамдылық
принціпін ұстануы керек .
6. Егер әріптестерінің әдепсіздігін көрсе , психолог кеңесші міндетті
түрде ескерту жасауы керек .
7. Психолог кеңесші клиентке білім жағынан , квалификация жағынан
көмек көрсетуі керек.
8.Психолог-кеңесші өз жұмысын жаңа жалпы ғылыми стандартқа сай
жүргізуі керек.
9.Психолог-кеңесші әрдайым ізденіс үстінде болып,өз білімін көтеріп
отыруы керек.
10.Егер психолог-кеңесші клиентке кеңес беруде ескі әдістерге сүйенетін
болса,ол туралы клиентке ескерілуі тиіс.Және өзінің шешіміне абай болғаны
жөн.
11.Психолог –кеңесші клиенті туралы мәліметтерді үшінші бір адамға
беруге құқығы жоқ.
12.Психолог-кеңесші басқа бір білімсіз адамдардың психологиялық кеңес
беруіне жол берілмеуі керек .
13.Сондай-ақ білімі төмен мамандарға өз жұмысын сеніп тапсыруына
болмайды.
14.Психолог-кеңесші клиентке орындалмайтын уәде беруіне,клиенттің
өтірік сеніміне кіруіне құқы жоқ.
15.Психолог-кеңесші клиентке байланысты ақпараттарды құпия ұстауына
міндетті.
Осындай моральдық этикалық талаптарды орындауға психолог-кеңесші
міндетті болып табылады.
Сондай-ақ нашар психолог-кеңесші мен тәжірибелі кәсіби маманның
арасында да айырмашылықтар болады.Ондай айырмашылықтарды мынандай кестемен
көрсетуге болады. (Қосымша 1)
Психолог – кеңесшінің ие болуы керек қасиеттерін қосымша былайша
төмендегідей жеткізуге болады:
1. Клиенттің жан–дүниесін түсіне білу. Клиентпен бірге қуанып, бірге
қайғыра білу, өзін оның орнына қойып, проблеманы өз қолымен шешуге
тырысу.
2. Ашық болу. Клиенттің жан–дүниесіне бойлай отырып, ойындағысын өзінің
қандай күйде отырғанын ашық айту. Клиенттің өзімен де ашық болуын
талап ету.
3. Қимыл қозғалыс,беттегі өзгерістер арқылы өзіңіздің клиентті
түсінетініңізді аңғарту.
4. Клиентке соншалықты ақкөңілдік таныту, оның проблемасын шешуге жеке
қызығушылығыңызды білдіру.
5. Клиент тарапынан болған тәртіпсіздіктерді байқаса да психолог –
кеңесші тәртіп сақтауы тиіс.
6. Клиентке өз кеңесін тықпаламау.
7. Клиентке сенім арту, оның мүмкіндіктерін шектемеу.
8. Клиентті сол уақыттағы абыржушылықтан құтқаруға емес, оның
проблемасынан құтқаруға тырысу.
9. Клиентпен екі арадағы психологиялық арақашықтықты сақтау.
10. Клиенттің өз өзін өзгертуге сенімділік пен шешім қабылдағыштық
қасиет сіңіру.
Эмпатия – психолог – кеңесшінің бойында болуға тиісті арнайы жеке
қасиет. Мұндағы ең басты қасиет сезе білу, сезіне білу, басқа адамдарды
түсіну, әлемді басқалардың көзімен көре білу.
Ал ашық болу дегеніміз не?
Біріншіден, психолог – кеңесшінің жеке тұлға ретінде клиенттің алдында
ашық болуы. Мұндай кезде психолог – кеңесшімен клиенттің рөлі ауысып
отырады. Себебі, клиенттің өмірге ұмтылысын арттыру үшін психолог өз басына
өткен проблемаларды айтады.
Екіншіден, психолог – кеңесші жасандылық танытпай, өз өзі болып қалуы
керек. Жетістіктері мен кемшіліктерін қосқанда барынша қарапайым болғаны
дұрыс.
Үшіншіден, ашық болу, психолог – кеңесшінің клиентпен барлық тақырыпта
әңгімелесуге дайын екенін танытады.
1.4. Қазіргі кеңес берудің негізгі
бағыттары
З.Фрейд – психоанализдің негіздеушісі.Психоанализдің
әдіснамалық статусы және психоаналитикалық терапияның шеңберіндегі кеңес
беру мәселесі.Кеңес беру процесінде психаналитикалық техникаларды және
процедураларды қолдану (еркін ассоциациялар, түс көруді талдау және
интерпретациясы, қарсыласу және тасымалдау интерпретациясы және талдау).
Көзқарасты бағалау: құндылығы және шектеу.
К.Г.Юнгтың аналитикалық психологиясы: құндылықтары, мақсаттар,
процедуралар, техникалар. Аналитикалық психологиядағы психоанализдің
негізгі әдіснамалық мәселесінің миф (аңыз) түсініг.Юнг бойынша
психотерапевтік түсініктер.
Адлердің индивидуалды психологиясы.Кеңес беру процесі:
мақсаттар, консультанттың ролі және функциясы, клиенттің тәжірибесі,клиент
пен кеңесші арасындағы әрекеттестік, адлерлік психотерапияның
консуңльтативті техникалары және процедуралары (ерте есте қалғандарды
талдау,түсті жору және приоритеттерді талдау,әсерлерді
жиыстыру,талдау,реориентация, метфоралық әрекеттесттік).Көзқарасты бағалау:
құндылық және шектеу ( шек қою).
Психологиялық кеңес беруге бихевиоральды көзқарас. А.Лазарус –
қазіргі бихевиоральды психотерапияның және кеңес берудің ірі
өкілі.Когнитивті – бихевиоралды көзқарас ( А.Эллис, А.Бэк). Негізгі
құндылықтар, мақсаттар, процедуралар.Негізгі консультативті дағдыларды
меңгеру: беттік экспрессияны және позаны тану.Айқын қозғалыстар және
мимикалар.Жұп вербалды айқын тәсілдер.Белсенді тыңдау және вербалды
жол.Дағдылар және ептілік тренингі.
Әсер ету және көңіл бөлу дағдылар.Минималды қуаттану.
Консультативті процесс.Мағынаны анықтау.Келісімділіктің жетістігі: кеңес
берудің алғашында кері байланыстың қалыптасу принципі. Конфронтация.
Процесс кезіндегі суммалау және қорытынды суммалау.
Өзіндік сезімдердің көрінісі.Консультативті техникалар және
процедуралар: релаксациялық тренинг, жүйелік десенсибилизация, модельдеу
әдісі,(А.Бандура). Әлеуметтік ептілік тренингі ( сенімділік) .Өзін - өзі
басқару және өзіндік басшылық жоспары.Көзқарастың бағасы.
Рационалды – эмотивті терапия ( РЭТ) және басқа когнитивті
теориялар А.Лазарус қазіргі бихевиоралды психотерапияның және психологиялық
кеңес берудің көрнекті өкілі.А.Эллис – РЭТ – ның негізін салушы.А.Бэк ,
Д.Майхенбаум қазіргі когнитивті – бихевиоралды тәсілдің көрнекті
өкілдері.РЭТ – ның негізгі ұғымы – иррационалды наным,сенім, тиісті және
міндетті.Кеңес беру процесі: консультанттың мақсаттары,рольдері мен
функциялары,клиенттің тәжірибесі, консультативті техникалар мен
процедуралар: когнитивті әдістер (иррационалды идеяларды мәлімдеу,
иррационалды нанымдарды рационалды мен алмастыру, библиотерапия,
(тілдің өзгеруі, әзіл), эмотивті әдістер, рационалды қайта құру және
адамның жүріс – тұрысының жетістігі мен эмоциялық саулық негізі ретінде
өмірдің рационалды философиясына жету.Реалдылық терапиясы.Тәсілдің
бағалауы: адамгершілік және шектеу.
Экзистенциалды – гуманистік дәстүрлі психология.Клиентке
шоғырланған (клиентцентрирования) реапия.К.Роджерс – тәсілдің негізін
қалаушы.Басты ұғымдар: адам табиғатына позитивті көзқарас; адамдық
потенциал; актуаландыру мен өзіндік актуаландыру тенденция; МЕН
концепциясы, МЕН – идеалы, ішкі ағзалық бағалау және сыртқы бағалаулық
жүйе, конгруэнттілік, бейконгруэнттілік, эмпатиялық түсінік шартсыз
қабылдау,құрметтеу,қауып пен мазасыздану, қорғаныс механизмдері ( бұрмалау,
терістеу), адамның феноменологиялық әлемі,тәжірибе, тұлға процесс ретінде,
бүтіндей жұмыс ісиеуші және жеке адам.Негізгі мақсаттар,
құндылықтар,техникалар, процедуралар.Терапевтік нұсқаулар:шартсыз қабылдау,
бағаламаушылық, эмпатия,аутенттілік.Кеңес беру процесінде эмпатияның
ролі.Эмпатия қажетті жағдай ретінде.Нәтижесіз кеңес беру жүйке нұсқауларын
тергеу ретінде.Клиенттік күтім және кеңес берудің модельдері.Роджерстің
эмпатия т.сінігі.МЕН туралы көрініс.Аутенттік.Бағаламаушылық,
қабылдау,белсенді тыңдау.Клиентке шоғырланған терапия және педагогика.
Маслоудағы өзіндік актуализация түсінігі.Өмірлік құндылықтар.Мета
қажеттіліктер және метапатология.Өзіндік актуализацияға апаратын жүріс -
тұрыс тәсілдері. Деритуализация, реритуализация.Терапевтік қатынас.
Клиентке шоғырланған терапияның негізгі дағдыларға үйрету.
Нейролингвистикалық бағдарлама (НЛБ). НЛБ – ның негізгі
принциптері.Модальды операторлар, көздің қозғалу реакциялары арқылыл
тебіреніс процесінің диагностикасы.Конгруенттілік.Бастан кешіру процесінің
өзгеру принциптері. Калибровка.Парафраз. Репрезентативті
жүйелер.Модальдықтар.Тиімділік өзара әрекет фазаларының бірігіуі мен
жүруі.Сумбольдалықтар – тәжірибенің микроэлементтері.Басты мақсаттар,
құндылықтар , процедуралар.
Психологиялық кеңес берудегі экзистенциалды
тәсіл.В.Франкл,Р.Мэй,И.Ялом – тәсілдің көрнекті өкілдері.Тәсілдің
экзистенционалды – философиялық түбірлер.Экзистенционалды тәсілдің негізгі
түсініктері: сана және өзіндік сана , еркіндік және жауапкершілік,сақтауға
талпыну және өзінің сәйкестілігін көрсету және басқалармен терең қарым –
қатынас, мағына беру мазасыздану адамның өмір атрибуты ретінде. Басты
мақсаттар , процедуралар , экзистенционалды психотерапияның техникалары.
В.Франкл және оның концепциясы. Мақсаттар, процедуралар, логотерапияның
техникалары.
Гештальт – терапия. Психологиялық кеңес берудегі гештальт –
тәсілі.Ф.Перлз – тәсілдің негізін салушы.Басты ұғымдар: фигура – фон,қазір
және осында,толық түсіну, аяқталмаған гештальт,қарсыласу, қорғаныс
механизмдері, қуат пен қуат еркін ағымына бөгеттер,нәтижелі
кеңістік.Ф.Перлз бойынша невроз дамуының деңгейлері мен стадиялары. Кеңес
беру процесі: мақсаттар, кеңесшінің функциялары мен рольдері, клиент
тәжірибесі, клиент пент консультант арасаындағы өзара әрекет,техникалар мен
процедуралар.
Жұмыстың транс әдістері.сананың өзгермелі жағдайы,транс ұғымы.Трансқа
кіру мен шығу жолы.Клиентпен трансты және медитативті жұмыстар. Эриксондік
гипноз. Эзотериялық практикалық жұмыс элементтері.Аутотренинг.
Жоғарыда айтқан проблеманы жан-жақты ғылыми теорияға сүйене отырып
интерплитациялау үшін, психолог-кеңесші өзі жан-жақты ғылыми салауатты
болуы керек. Ол үшін психолог-кеңесші жаңаша теориялармен бірге бұрыннан
қолданылып келе жатқан теорияларды терең түсініп, білгені жөн.
Мұндай тәжірибені жақсы білімді психологтармен, кәсіби деңгейі жоғары
мамандармен, психологиялық теорияларды жетік білетін кеңесшілермен жиі
кездесу үстінде жинақтауға болады. Сондай-ақ әр түрлі психолог-
кеңесшілердің бір проблеманың төңірегінде талқылау консилиумдарын өткізіп
тұруы да жақсы нәтиже береді. Аталмыш консилиумдар жаңадан жұмысқа кіріскен
психолог-кеңесшілерге зор ықпалын тигізеді.
Ал клиент психолог-кеңесшінің шешімін дұрыс қабылдап, оның ұсыныстарын
дұрыс жүзеге асыратындай болуы үшін, психолог-кеңесшіге кейбір ережелерді
қатаң сақтауы керек:
1-ереже. Психолог-кеңесші жоғарыдағы талапқа сай клиентке бір ғана
ұсыныс айтуы мүмкін немесе қолдануы әр түрле ұсыныс жасауына болады. Яғни,
психолог-кеңесші әр түрлі шешім шығара отырып, бірнеше ұсыныс айтатын
болса, онда оны жүзеге асырудың да әр түрлі жолдары да болады. Ұсыныс пен
жолдарын клиент өзі таңдайды.Мұның барлығы бір ғана проблеманы шешуге
жұмсалуы керек. Кейбір ұсыныстарды атқаруға клиенттердің шамасы келмеуі
мүмкін.Мұндай жағдайлар кездессе оны клиентке күштеп тықпалауға қажеті жоқ.
Ол тек психологиялық жұмысты қиындатпаса, жеңілдетпейді. Немесе ұсыныс
клиенттің көп бос уақытын талап етіп, клиентте ондай бос уақыт болмаса,
мұнда да іс нәтижесін бермейді. Сондықтан, ұсыныстың мөлшері клиент өзіне
керектісін тандап алатындай болғаны дұрыс.
Психолог-кеңесші клиентіне ұсыныс жасамас бұрын, клиентің жеке тұлға
ретінде таңдап алуы керек.
Осы мақсатта психолог-кеңесші психологиялық кеңес беру кезінде
клиенттің жеке тұлға ретінде толық тануы үшін мынадай кеңестер беруге
болады: бұл материалдар Язык телодвижений атты А.Зизенің атақты кітабынан
алынған.
Клиенттің жеке характерін мынадай жағдайларда былайша анықтауға
болады:
- клиент екі қолын бүйіріне таянып тұса, онда ол ықпалды адам
болғаны;
- орындықта алға қарай еңкейіреп отырса, адамдар әңгімесін доғара
салысымен, орнынан тұра іске кірісетін адам;
- аяғын аяғының үстіне, оны қолымен тартып отырса, мұндай адамдарды сөз
таластырып жеңу мүмкін емес;
- қолдарын бір-біріне айқастырып отырған адам, сол уақытта нашар
оймен, нашар сезімде отырғаны;
- үсті-басын тазалағыштап отырған адам, сол кезде соған айтылып
жатқандарды құптамай жатқандығын білдіреді;
- басын тік ұстап отырған адам, айтылғандарға немқұрайлық танытқаны;
- егер басы алға қарай еңкейіп отырса, айтылғандарды құптамағаны;
- қолын кеудесіне айқастырып қойып алу –сынап, мінеп отырған адам
екенін көрсетеді;
- аяғын айқастыру нашар қарым-қатынасты білдіреді;
- самайын сипап отырған адам, оған айтылғандармен келісіп, шешім
қабылдайтын адамның кейпі;
- орындықтың арқасына қарай шалқалай отыру- адамның көңіл-күйіннің
қалыпты екенін білдіреді;
- егер өз шешімі туралы айтуын сұрағанда, ол бірден қолына бір
затты ұстайтын болса, ол өзіне әлі де сенімсіз, оған әлі де біраз ойлану
керек;
- егер адам жан-жағына қарағыштай бастаса, онда оның қызығушылығы жоқ
деген сз;
- көзін төмен салып, алақынын ысқыласа – ол өтірік айтып
отыраны;
- маңдайын жиі ысқылайтын адамдар сенгіш болып келеді;
- қолын арқасына ұстап тұрған адам ренжіп тұрғанын білдіреді;
- сөйлеп отырғанда адам бет ауызын, басын ұстағыштай бастаса, ол
әлі де ашылмай отыр деген сөз;
- қолын ауызына салып отырса, адамның қолпаштау күтіп, көмек
сұрағанын білдіреді;
- саусақтарымен столдың үстің ұрғыштай бастаса, адамның асығып
отырғаның білдіреді;
- алақанын ашық ұстап отырған адам ашық, ақкөңіл шыншыл;
- алақанын жауып отырған адам жұмбақ адам;
- билікті жақсы көретін адам қол алысқанда, өз қолының үстінде тұрғанын
қалайды;
- ал тәуелді адамдарда керісінше;
- өзін өзгелермен тең ұстайтын адам, қол алысқанда тең ұстайды;
- өзіне өзі сенімсіз адам қол алысқанда, өзгенің қолын өзіне тарта
қысады;
- саусақтарын айқастырып отырған адам, көңілді қалғандықты білдіреді;
Адамның бетінің қимыл-қозғалысынан да көп нәрсені аңғаруға болады.
қазақта Бет-адамның айнасы деген мақал бар.Енді соларға тоқталайық:
- үнемі күліп жүретін адам, өмірге құштар болып көрінгенімен, ауытқымалы,
ішкі жан дүниесімен сәйкес келмей жатады;
- өзін-өзі күштеп ұстап тұрған адамдар, шын мәнінде абыржып тұрған адамның
кейпін білдіреді;
- ерінінің ернеуі төмен қарай илігіп тұратын, адамдарға қызығушылығы жоқтар
- өмірде шешім қабылдауы қиын;
- көз аясы шарасынан шығып тұратындар – ашуланшақ келеді;
- түр-әлпеті қорқып тұрғандай болса, оның денсаулығында кілтипаны бар;
- шын жүрегімен күле алмайтындардың күлкісі мысқылдап, сынап отырғандай
болып көрінеді;
Сондай-ақ, психолог-кеңесшіге көмекші құрал бола алатын тағы да біраз
мысалдар келтірейік:
Адамдар көбіне атақты, беделді адамдарға қатысты жағдайы ашып айтқысы
келмейді.
Егер кездесуге шақырған кісі кешігіп келсе немесе мүлдем келмей қалса,
онда ол бұл кездесудің болғанын қаламағаны.
Егер біреудің аттарын ұмытып қала беретін адам болса, онда ол адамның
басқа біреулерге деген қызығушылығы жоқ деген сөз.
Егер шектен тыс көп сөйлейтін, сұрақ қойғыш, сондай-ақ, әңгімесі бір
шеңберден шыға алмаса, даусында аздаған діріл болса, ол адамға аса сенім
артуға болмайды. Анық та, ашық дауысты адамдар – ашық, ақжарқын болғаны.
Адамдармен сөйлескенде өз-өзімен бірдеңелерді күбірлеп, төменшіктеп
тұрған адам, әңгімелесуге аса құштар емес деген сөз.
Бірдеңені дәлелдегісі келіп, өршеленіп тұратындар, өз шешіміне
сенімсіз адамдар.
2 ереже. Психолог-кеңесші клиентке ұсыныс жасап қана қоймай, ұсынысын
бағалап бергені де жөн. Және проблеманы шешуге қаншалықты күші бар екенін
айта кету керек.
Өйткені клиент психолог-кеңесші берген ұсыныс туралы да толық
ақпаратқа ие болуы керек.
Психолог-кеңесші клиентке өз шешімін айтқаннан кейін, клиенттің
басында бірден шым-шытырық ойлар туындайды. Ол клиенттің бұрын психологтың
алдын көрмегендігі, әлі де толық ақпаратқа ие еместігі, өмірлік
тәжірибесінің аздығы салдарынан болады. Сондақытан ол психолог-кеңесшінің
ұсыныстарын таңдауға әлі де сенімсіз болып отырады. Оның үстіне таңдау
жасауға уақыт та аздық етеді.
Солай болғандықтан, клиентті қиын жағдайға түсірмес үшін ұсынылған
шешімдерге психолог-кеңесші жеке-жеке баға беруі керек. Олардың тиімді-
тиімсіз жақтарын ашып көрсеткен пайдалы. Сонда ғана клиент өзі атқара
алатын, дұрыс деп тапқан шешімді таңдайды.
3-ереже. Клиент өзіне ыңғайлы ұсынысты өзі таңдайы керек.
Клиенттен өзінен басқа ешкім де оның жеке тұлға ретіндегі сапасын
ешкім білмейді. Сөйте тұра клиенттің өзі де қателесуі мүмкін. Сондықтан да
психолог-кеңесші таңдау жасата отырып, өзінің көзқарасын да білдіргені жөн.
Көмек көрсетудің тиімді жолдарының бірі – психолог-кеңесші мен
клиенттің рөлдерін ауыстыруы. Бір мезетте психолог-кеңесші әңгімесін айтады
да, клиент таңдайды. Соңы сұрақ-жауапқа ұласады.
4-ереже. Психолог-кеңесші клиентке тәжірибеде қолданатын іс-әрекеттері
туралы да кеңес береді. әдетте психологиялық кеңес психокоррекциялық
әдістерге сүйенетіндіктен, клиенттің күш-қуатын көп талап етеді. Мұнда
клиент өз кемшіліктерін өзі толықтырып, түзетеді.
Ал психолог-кеңесші мұндай жағдайда клиентке өзін-өзі қалай тежеп,
ұстап жүрудің жолдарын көрсетіп отырады. Сонда ғана клиенттің проблемасын
шешу үшін жасалып жатқан жұмыстар оң нәтижесін береді.
5-ереже. Клиентке қосымша ақыл-кеңестер мен ұсыныстар, клиент
проблемасын шешуге кіріскенде бастаған дұрыс.
Бұл ереже, клиентке о баста бәрі түсінікті болып тұрғандықтан, іске
асырылады. Кей кезде клиент психолог-кеңесшінің айтқандарын түсінгендей
болады. Тіпті білек сыбанып кірісіп те кетеді, соның өзінде көптеген
кедергілер мен қателіктер ұшырасады. Сонда клиент тың сұрақтармен кеңесші
алдына келіп жедел жауап іздейді.
Бұл жауаптар тез арада берілуі үшін клиент кеңесшімен байланысты
үзбеуі керек. Сондықтан, психолог-кеңесші кеңесті аяқтағаннан кейін
клиентке өзін қай жерде болатынын, қалай табатынын ескерту керек.
6-ереже. Психолог-кеңесші клиентпен кеңесіп, клиент белгілі бір шешім
қабылдап, іске кіріспес бұрын, ол тағы бір рет клиенттің ақпаратты толық
түсінгендігіне көз жеткізуі керек. Клиентке сенім арту да үлкен
жауапкершілік.
Ондайға көз жеткізу үшін кеңес соңында психолог-кеңесші клиентке тағы
да мынандай сұрақтар қоюына болады:
1. Сізге барлығы түсінікті ме?
2. Өзіңіздің әрі қарай не істейтіндігіңіз туралы айтыңызшы...
Мұндай сұрақтар клиенттің әрі қарайғы әрекеті туралы хабардар етеді.
ІІ Консультаивті теория және тәжірибе.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы психолог – кеңесшінің қарым
қатынасына, ішкі және сыртқы тәртібіне байланысты. Сонымен қатар
психологиялық кеңес өткізу орнына байланысты талаптар бар. Олар мыналар:
1. кеңес өткізетін жер оңаша, ешкім кедергі келтірмейтіндей болуы
керек. Артық дыбыс, қозғалыс болмағаны жақсы.
2. Ыңғайлысы кеңесші мен клиент қатар немесе бір–біріне қарама қарсы
60 – 70 см – ден 100 – 110 см қашықтықта отырғаны жөн. Ол екі
ортада жазу үстелінен басқа ештеңе болмауы тиіс.
3. Кеңесті клиент ешқайда асықпайтын кезде, көңіл күйі орнықты уақытта
өткізуі керек.
4. Клиент психологиялық кеңес кезінде кеңесшіге жарты денесімен қарап
отыруға да болады.
5. Психологиялық кеңестің басталуы мен аяқталу уақыты алдын ала
келісілген болғаны жақсы.
6. Кеңес өткізілген бөлмеге сағат тұрса жақсы, тек психолог – кеңесші
мен клиенттің екі арасында тұрмауы керек.
7. Кеңес өткізілетін бөлмеде клиенттің көңілін аударатындай зат
тұрмауы керек.
8. Болған жағдайда ол клиенттің көңілін көтеретіндей заттар болғаны
жақсы.
9. Психологиялық кеңес кезінде жайлап қана жанға жайлы музыка естіліп
тұрса да болады.
Осы талаптардан басқа психолог – кеңесшінің тәжрибесіне немесе
жұмысына қатысты тағы да біраз талаптар бар. Ол интимдік жеке, отбасылық,
педагогикалық және іскерлік кеңестерге қатысты.
Психолог – кеңесші интимдік кеңес үстінде барынша сенімділік көрсетуі
керек. Интимдік жағынан тәрбиелі болуы керек. Мүмкіндігінше кеңесші
клиенттен жас жағынан үлкендеу болуы керек. Бірақ соншалықты алшақ та
болмағаны дұрыс. Мысалы, екеуінің арасы жиырма жас болса, онда екеуі екі
басқа топтың адамдары болып қалады. Онда бір–бірін түсініспеушілік орын
алады.
Енді бір маңызды талап интимдік кеңес жүргізіп отырған психолог өзі
шешімін таппай жүрген проблемадан ада болғаны жөн. Онда ол клиентке еш
қандай көмек бере алмайды. Мұндай жағдайға әсіресе енді ғана қызметке
орналасқан клиенттер жиі кездеседі. Жоғарыда айтылған келеңсіздіктерге
килікпеуі үшін жас маманның өзі тәжрибелі психолог – кеңесшіден ақыл кеңес
сұрауы керек.
Ал отбасылық кеңеске келетін болсақ, ол алдыңғысынан өзгерек. Мұнда
психолог – кеңесші клиентті қабылдамас бұрын отбасылық өмірдің
заңдылықтарын біліп алғаны жөн.
Ол заңдылықтар мынадай:
1. Енді ғана отбасын құрған жас жанұя, әдеттегідей бір–біріне
үйрене алмайды. Екеуі бір–біріне тым кінәмшіл немесе бір–бірінің
кемшіліктерін байқамайды. Содан уақыт өте келе аралары суиды.
2. Отбасындағы түсініспеушілік олардың бірінші балалары өмірге
келгенде орын алуы мүмкін. Өйткені әйел ерінен гөрі балаға
көбірек көңіл бөледі. Бірақ бала үш төрт жасқа келгенше
шыдамдылық танытса, одан кейін отбасылық жағдай қалпына келеді.
3. Отбасында ерлі–зайыптар бір–біріне ұқсас болғанымен айырмашылық
болмай қоймайды. Бір мәселе жөнінде екі көзқараста болу
кикілжіңге әкеліп соғады.
4. Отбасындағы әрбір мүше жеке тұлға. Олардың жеке көзқарасы болуы
заңды. Сондай–ақ олар тәуелсіз, бірақ отбасының қамын ойлайтын
адамдар. Кей кезде олардың осындай тәуелсіз іс әрекеттері шектен
шығып, кикілжіңге ұрындырады.
Осындай ерекшеліктерді ескере отырып, психолог – кеңесші отбасы
мүшелеріне кеңес беруге екеуінің бірінің ұстанымын жақтап шығуына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz