Сәкен Сейфуллин поэмаларының көркемдігі
Сәкен Сейфуллин поэмаларының көркемдігі
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бӨлім
1. “Арқаның кербез сұлу КӨкшетауы”
... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2. Поэмаларының кӨркемдік ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ...
15
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ..23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
кіріспе
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі – Сәкен
Сейфуллин аз ғана ғұмырында өшпейтін мол мәдени мұра қалдырды. Қазақ
әдебиетінің барлық жанрында тамаша туындылар берген жаңашыл жазушы
қаламынан туған шығармалар халық өмірінің ең бір көкейкесті тақырыптарын
қопара көрсетіп, жанды бейне, көркем образдар арқылы, терең идеялар айтып,
эстетикалық игіліктер жасады.
Сәкен (Садуақас) Сейфуллин 1894 жылы он бесінші қазанда Ақмола уезі,
Нілді болысы, бірінші ауылда қазіргі Жезқазған облысы, Ақадыр ауданы,
Қарашілік қыстағында орта шаруаның отбасында дүниеге келген. Сарыарқаның
сағымда даласы, мөлдір сулары, толқыған Нұра, Есіл өзендерінің бойы,
алыстан көз тартқан Аба, Ор тауларының бауыры – болашақ ақынның балалық
шағы өткен, жаз жайлау рақатын көріп, алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнаған,
қыстың боранды ұзақ түндерінде қиял-ғажайып, ерлік оқиғаларға толы батырлар
жырын естіп, мың түрлі сырмен адам жүрегін еліктірер ән мен күй тыңдаған,
айт пен тойдың қызығын көріп, айтыс пен бәйгені қызықтаған алтын бесік,
ыстық ұясы.
Алдымен ауыл молдасынан сауат ашқан ол Нілді мыс зауыдындағы орыс-
қазақ мектебінен білім алады. 1908-1913 жылдары Ақмоладағы Приходская
школада, кейіннен екі класты училищеде оқиды. 1916 жылы Омскінің мұғалімдер
семинариясын бітіріп, оқытушы болады.
Сәкен Сейфуллиннің әдеби қызметі қазан төңкерісіне дейін басталған.
1914 жылы Қазан қаласында “Өткен күндер” атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық
көрді. “Матбұғат Кәримия” баспасынан басылып шығады. Кітапқа енген
өлеңдердің әлеуметтік-қоғамдық мазмұны, көркемдік-эстетикалық ерекшелігі,
поэтикалық-ақындық қуаты қаламгердің табиғи үздік талантын, азаматтық
позициясын, пәлсафалық дүниетанымын анық көрсетіп береді. Сәкен жинағындағы
өлеңдер идеялық тұрғыдан алғанда ағартушылық, демократтық бағытта, сыншыл
реализм әдісінің арнасында жазылғандығын көреміз. Жас ақын өміріндегі,
халық тұрмысындағы маңызды әлеуметтік тақырыптарды көтеріп, оған көркемдік,
эстетикалық талдау жасайды.
Патша отаршылдығы, қазақ елінің қараңғылықтан көзі ашылмағандығы,
қазақ байларының надандығы мен топастығы, өздері бірікпей, жан-жаққа
тартқан ел басшыларының берекесіздігі тектес саяси-әлеуметтік тақырыптарды
қозғау, кедейлік, жоқтық зардаптары, білімге үндеу оларға халық мұраттары
тұрғысында жауап іздеу жас ақынның азаматтық ой-өрісін көрсетеді. Бұл
идеялар “Мұра”, “Түс”, “Кім басшы аға халыққа”, “Қазақ сабағы”, “Надан
бай”, “Жетімге”, “Інішегіме” өлеңдерінің бәріне тән.
Оқу-білім қуып, жастай қалаға кеткен жасөспірімнің елге деген
сағынышы, туған жерге деген махаббаты, ауыл көріністерін, ел тұрмысын,
этнографиялық жәйттерді бейнелейтін “Жайлауға көшу”, “Жайлауда қымыз ішу”,
“Айт күні” өлеңдерінен жақсы көрінеді. Бұл туындыларда есте қалар қанық
бояумен салынған табиғи суреттер, бірте-бірте жойылып бара жатқан, қазақтың
кешегі өмірінің белгілері – өткен күндер картиналары бар.
Әлеуметтік айқын позиция, халықтық идея, бейнелі тіл орамы, мәдениетті
өлең кестесі бар “Өткен күндер” жинағы қазақ әдебиетіне тегеурінді талант
келгендігінің айғағы болды.
1917 жылы Сәкен Сейфуллин қазақ топырағында алғашқылардың бірі болып
қоғам қайраткері ретінде қалыптаса бастайды. Омбыды қазақ жастарының
“Бірлік” қауымы басшыларының бірі болды. 1917 жылы Бұғылыда мектеп ашып,
орыс тілінен сабақ берді. Кешікпей Ақмола қаласына ауысып, “Жас қазақ”
ұйымын ашты, “Тіршілік” газетін шығарысты, үш айлық педкурста оқытушы
болды.
1918 жылғы төртінші маусымда ақтардың көтерілісі болып, Ақмола
совдепшілері тұтқындалды. Атаманның “азап вагонында” 47 күн ажалмен
арпалысып, 1919 жылы Калчактың Омбы түрмесінен қашып шықты. 1920 жылы
Ақмолаға қайта оралып, атқару комитеті төрағасының орынбасары және
әкімшілік бөлімінің меңгерушісі болады. 1920 жылы қазанда Қазақ Кеңес
Автономиялық Республикасын жариялаған Кеңестердің І Құрылтай съезіне
делегат болып қатысып, Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болып сайланды.
Жер-су комиссиясының жұмысына және баспасөз ісіне басшылық етті.
1922 жылы Орынборда басылып шыққан “Асау тұлпар” жинағы – қазақ
поэзиясында жаңа көркемдік мұраттарды өнерлік тәжірибеде нақты іске асырған
туынды болды. Негізінен, “Асау тұлпар” жинағындағы өлеңдерді үш жікке бөліп
қарауға болады. Бірінші – төңкеріске дейінгі кезде жазылған махаббат,
ғашықтық жырлары, табиғат, пейзаж лирикасы, түрлі аудармалар, әдеби
пародия. Ақын өлеңдерінің қашан, қай кезде жазылғанын көрсетіп отырған
9,28. Еркіндік, бостандықты аңсау, табиғат құбылыстарынан пәлсапалық
мағына іздеу, таза сүйіспеншілік сезімін мадақтау – “Жазғы түнде”, “Көңіл”,
“Сәулем”, “Өткен күн”, “Далада” секілді өлеңдердің басты көркемдік нәрі. Ал
“Тұлпарым”, “Сағындым”, “Қамаудан”, “Адасқандарға”, “Шаһид болған
достарыма”, “Түрмеден қашып шыққанда” өлеңдері қаһарлы күндердің сұсты
келбетін, ауыр күрестерде шынығып шыққан күрескер образдарын жасайды.
Анненковтың азап вагонынан өлдім-талдым дегенде әрең қашып құтылып,
басқа атпен жасырынып жүрген кезінде Сәкен қаламынан туған “Біздің жақта”,
“Бабаларыма”, “Тау ішінде”, “Шөлде”, “Қашқынның ауылы” өлеңдерінде
пессимизм, өкініш, түңілу сарындары, күрестен қашу мотивтері жоқ, қайта
туған кең даланы, сұлу қыз, батыр жігітті, еркіндік пен бостандықты
мадақтау пафосы толқын атып тұр.
Үшінші топтағы “Біз”, “Қызыл ерлер”, “Жолдастар”, “Кімде-кімнің тасқын
судай қайраты” деген өлеңдерінде ақын Қазан төңкерісінің жеңісін, оның
дүние жүзілік маңызын жырлайды.
1922 жылы “Еңбекші қазақ” газетінің редакторы, халық Ағарту
Комиссарлар Кеңесінің ІІІ съезінде халық комиссарлары Кеңесінің Төрағасы
болып сайланды (1922-1925). 1925 жылы жетінші сәуірде Халық Ағарту
Комиссариаты жанындағы ғылым орталығының төрағасы, он екінші маусымда
Қазақстан пролетар жазушылар ассоциациясының басшысы болып тағайындалды.
1926 жылы БК (б) П Өлкелік комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі,
1927 жылы Қызылордадағы Халық Ағарту институтының директоры болып жұмыс
істеді. 1927 жылы шыққан “Жыл құсы” алманахына басшылық етті. “Жаңа
әдебиет” журналын ашуға атсалысты.
Сәкен Сейфуллиннің өзгеден өзгеше, айрықша ақындық белгісі – асқан
жаңашыл – өнерді де, өмірді де – жаңаға құмар ақын болып қалыптасуында.
Нағыз төңкерістік дәуір перзенті болған Сәкен Сейфуллин қазақ аулына
дүбірлі заманның төңкерістік идеяларын алғаш таратушылар табынан табылды.
Не егіншілік мәдениетінен, не ірі цивилизация құрылыстанынан кенеулі үрдіс
сақтай алмаған, қаймағы бұзылмаған көне феодалдық салт-сана құшағында ұлан-
байтақ қазақ даласы төңкерісшіл идеялар жедел өріс алып кете қоятындай
қолайлы орта емес еді. Алайда, қазан дабылы ұйқыдағы сахараны дүр
сілкіндірді де, қазақ халқын қасиетті төңкерісшіл күреске бастады. Осы
күрестің поэзия майданындағы дауылпаз жаршысы – Сәкен Сейфуллин болды.
Жаңа дәуір халық таланттарының сарқылмас көзін ашты. Өз тағдырының
кілтіне қолы жеткен халықтың ашық үнін төңкеріс дауылы кең далаға таратты.
Сәкен Сейфулин жырларының әуеніне, ырғағына назар салсаңыз, сол ауыл, сол
далаға тараған жаңашыл сарынды айқын аңғара аласыз.
Кеңес өмірінің жаңашылдығы – ескі, кейін тартатын ұғымдарды жойып,
адамда қайта тәрбиелейтін жасампаздық қасиетінде. Жаңа заманда поэзияның
мәні мен қызметі өлшеусіз өсе түсуі қажет-ті. Ол жаңа идеологияның жаршысы,
әрі насихатшысы бола жүріп бұрыннан бар реалистік дәстүрлерді мейлінше
ұштай беруі керек еді. Дәл осындай мол сырлы поэзия Сәкен Сейфуллин сынды
қазан төңкерісімен бірге есейген өршіл ақынның қаламынан туды.
С.Сейфуллин өзі жүрек отымен қорытылып шыққан төңкеріс жолындағы
мұраттарын төгілген шыншыл жырлары арқылы туған өлкесінің қиыр түкпіріне
дейін жеткізе насихаттағанын заңды мақтаныш етті. Кешегі жалшы, малма тымақ
малшы еңбекші қауым жаңа сарындағы поэзия үнін құлақ түре қабылдап, бірлік
пен теңдік ұранындай сезінді, содан жігер алып, намысын қайрап, таптық
мүдде, адамдық парыз жолында рухани серік етті.
С.Сейфуллин поэзиясының жаңашыл мәні төңкеріс тақырыбын, өз дәуірінің
өзекті проблемаларын зор ынта, қуатпен, терең құштарлықпен, тебірене жырлау
сипатынан аңғарылады.
С.Сейфуллин жаңа мазмұнды еркін меңгеріп, оған сай орамды форма табу
нәтижесінде қазақ өлеңі мен қара сөзін соны әуен, өзгеше леппен сөйлетті,
тың ұғым, терминологияны пайдалана отырып, жекелеген сөздердің мағыналық
ауқымын, мүмкіндік мөлшерін барынша арттыра түсті, өмір құбылыстарын дәл
суреттейтін ұтқыр бейнелі тіркестер легін кең қолданды. Осы қасиеттері
қаламгерді жаңа әдебиеттің нағыз көш бастаушысы қайраткері есебінде
танытты.
Ақын өзін жаңа қоғам құрушы азаматтардың бірі ретінде түсініп, көптің
тілегін, түпкілікті ниетін білдіре, таусылмас жігермен, қайрат бере
сөйлейді. Айтылар ақыл, көрсетер меже, ұстанар саясат та кедей қауымы,
езілген таптың мүддесі үшін. Рухани жағынан езілген таптың ар-намысы аяққа
басылып қор болғаны, енді оның басқа халықтармен бірге терезесі тең алға
басуы – ақын шығармаларының өзекті арнасы.
Сәкен Сейфуллин жаңашылдығының мол көрінер тұсы – төңкерісшіл қозғалыс
тақырыбы. Дала түнегін айқара ашқан төңкерістің жарық нұрын әркім әр түрлі
қабылдады. 1922 жылдан бастаған “Тар жол, тайғақ кешу” атты мемуарлық
шығармасын жеке кітап етіп 1927 жылы шығарды. 1929 жылы қазақтың зиялы
азаматтарына арнап ауыз әдебиеті үлгісін жинау жөнінде жазған “Ашық хатын”
жариялады. Қазақтың Мемлекеттік Педагогика институтының доценті болды. 1932
жылы “Әдебиет майданы” журналының редакторы, 1934 жылы Қазақтың коммунистік
журналистика институтының профессоры қызметін атқарды. 1936 жылы Қазақ
әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен бірінші онкүндігіне қатысты.
Ақын шығармашылықпен белсене айналысты. 1917 жылы “Жұбату” атты тұңғыш
әңгімесін жазды. “Бақыт жолында”, “Қызыл сұңқарлар”, пьесаларын жазды.
“Домбыра”, “Экспресс”, “Тұрмыс толқынында”, “Көкшетау” өлең-поэмалар
жинақтарын, “Тар жол, тайғақ кешу” атты мемуарлық романын, “Жер қазғандар”
повесін жарыққа шығарды. Отызыншы жылдары “Альбатрос”, “Қызыл ат”,
Социалистан“ атты поэмаларын, “Айша”, “Жемістер” атты повестерін жариялады.
Публицистика саласына қалам тартты. Қазақтың ескі әдебиет нұсқаларын жинау,
зерттеу, бастыру ісімен щұғылданды. Қазақ фольклорының тарихына арналған
“Қазақ әдебиеті” кітабын жазды. Қазақ әдебиетінің оқулықтарын жазуға
қатысты. Басты шығармалары орыс тіліне аударылып, Кеңестер Одағы
халықтарының бірқатар тілдерінде басылды 11, 224.
Сәкен Сейфуллиннің қазақ поэзиясын тың арнаға салудағы еңбегі орасан.
Ақын дәстүрін сол кездегі замандастары мен кейінгі толқын өкілдері
жалғастырып әкетті. Бірақ республиканың қоғамдық, әдеби өміріндегі Сәкеннің
төңкерісшіл еңбегі айрықша: поэзиядағы жаңашылдық бастамасы да тек Сәкен
тұлғасына ғана лайық, соны ғана танытатын белгілер болып қалды. Ақын
поэзиясының жаңашылдығы ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттелуде. Қазақ
жазушыларының ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып,
шығармашылық еңбегіне жиырма жыл толуы мерекеленді. Репрессияға ұшыраған
Сәкен Сейфуллин 1938 жылы мерт болды. Қазақстан Жазушылар Одағы таңдаулы
деректі проза мен публицистикалық шығармаларға жыл сайын беріліп тұратын
Сәкен Сейфуллин атындағы әдеби сыйлық тағайындады.
1. “Арқаның кербез сұлу Көкшетауы”
Сәкен – эпик ақын. Оның 20-30 жылдарда жазған “Советстан”,
“Альбатрос”, “Аққудың айырылуы”, “Көкшетау”, “Қызыл ат” тағы да басқа
поэмалары бар. Өр Көкше, Ер Көкше, сері Көкшені қашаннан қазақ баласы бір
көруге құмар-ақ. Қазақтың ұлы даласының дәл кеудесінде жаратылыстың ғажап
үзігі, сүмбіл қарағай, айна көл, зеңгір таудың басын бір жерге қосып, алып
бүркіттей болып томпиып жатқан Көкшетау атырабы сұлулық, әсемдіктің ғаламат
символындай, халық ұғымындағы көркемдік идеалы сияқты, әсіресе, қазақ
өнерінің алтын кезеңі ХХ ғасырда ақындар, композиторлар бұл өлкенің
сұлулығын жырға, әнге бөлеп, қалың жұртшылық, жалпақ елдің санасына әдемі
эстетикалық сурет етіп сіңіріп жіберді. Сұлулық атаулыға ғашық жүрекпен
құлаған, ұшқыр қиял, мөлдір сезім, өткір ойдың ақыны Сәкен Сейфуллин
Көкшетау табиғатынан өзінің әсемдік мұраттарын, сұлулық идеяларын тапқан
еді. Сәкен Көкшетау табиғатынан, тарихынан болашағына шабыт, өнеріне өріс
тапты.
Сәкен Көкшетаудың табиғат сұлулықтарына сырттай тамсанып, құр
қызықтаушы емес. Бұл атыраптың ой-қырын, өзен-көлін, орман-тоғайын, тау-
тасын түгел аралап, әбден терең біліп алғаннан кейін, ескі көз, кәрі
құлақты тыңдап, бұрынғы хикая, ежелгі шежіреге толық қанған, өлкенің
тарихына байланысты жазылған шығармаларды, тарихи еңбектерді, аңыздарды
зерттей құнттаған. Атақты әнші-ақындардың, шебер-күйшілердің өнерін
тамашалаған, елдің бүгінгі өмірімен жете танысқан.
Мазмұны түр талаптарына, өскелең поэзия шарттарына жауап беретін,
формасы жөнінен де жаңашыл шығарма-полифониялы, көп әуезді, мол сарынды,
күрделі құрылысты поэма тудырды. Сәкен Сейфуллиннің эпикалық туындыларының
ішінде дәл “Көкшетаудай” халық арасына кең тарағаны жоқ та шығар. Поэма
көркемдігі халықтық мазмұны тұрғысынан оқшау, биік тұрған ерекше ғажайып
дүние. Ол Сәкеннің туған жерге деген перзенттік махаббатының көрінісі,
ақындық шабыты мен суреткерлік шеберлігінің шынайы үлгісі. Ақынның
“Көкшетау” поэмасын жазуы кездейсоқ емес. Біріншіден, Көкшетау – ежелден
түрлі аңыз, жырларға толы болса, екіншіден, ол қазақ халқының өмір
белсендігі небір айтулы оқиғалар өткен тарихи өлке.
Поэманың тақырыбы – қазақ халқының ХV ғасырдың орта кезінде басынан
кешкен тарихи тағдыры, жаугершілік заман шындығы десек, идеялық түйіні – ел
мен елді бір-біріне жау етіп, қан төгіс, қырғынға ұшырататын шапқыншылық
сырын уақыт шындығына сай етіп беру. Поэманың айтар ерекшелігінің бірі оның
үздік көркемдік сипатында жатыр. Жаңалық сипаттарды ең алдымен шығарма
композициясына байланысты айтуға болады.
“Көкшетау” – бір ырғақпен, ұзын-сонар баяндауға құрылған шығарма емес,
ол әр түрлі көлемдегі, әрқайсысына жеке-жеке ат берілген негізгі төрт
бөлімнен – “Көкшетау”, “Қалмақ қызы”, “Әнші ақындар”, “Қазіргі Көкшетауда”
қырық жеті тараудан тұрады. Поэма сюжеті Абылай хан бастаған қазақ қосының
бейбіт жатқан қалмақ елін шабу оқиғасына құрылған. Ақын өңіріндегі тау, тас
Жұмбақтас, Жекебатыр, шың Оқжетпес, көл Бурабай атаулары жайлы ел аңыздарын
негізге ала отырып, оқиғаны шынайы да әсерлі, көркем баяндап береді. Шын
мәніндегі жамандық пен ізгіліктің, озбырлық пен күш пен ақылдылықтың
арасындағы тартыс қалмақ қызына байланысты басталады.
Абылай қосының бейбіт ауылға жорығы батырлық емес, басқыншылық екені,
бұл топтағылардың жүреккке жүгінуден гөрі білекке бейімділігі, ақылға жоқ
азғындығы, ожарлығы поэмада ә дегеннен-ақ мәлім болады. Сондықтан да
поэмадағы басты кейіпкерлердің Абылай мен оның қастары емес, Адақ мерген
мен тұтқын қалмақ қызы болуы әбден заңды. Поэманың идеясы да алдымен осы
екі кейіпкердің іс-әрекеті, ой-толғаныстары арқылы айқындалады. Өйткені,
Адақ та, қалмақ қызы да – адалдықтың, еркіндіктің, ақылдылықтың, елін
сүйетін жанның биік үлгісі, яғни, халық өкілдері.
Тұтқын қыздың сұлулығына сұқтанып әрі оны шарасыздығына малданып
Абылай қолы қызды “Мен алам, мен алам!” деп өзара таласып-қырқыса бастайды.
Ел-жұртынан айырылып, шерменде болған қыз тағдырын ойлаған ешкім болмайды.
Осы қиын сәттегі қыз халін ақын:
Сұңқардың баласындай торға түскен,
Құланның құлынындай орға түскен,
Тұтқын қыз жауларына жаутаңдайды,
Киіктің лағындай қолға түскен,-
деп соншалық жанды психологиялық тұрғыда шебер танытады. Қыздың
бақытсыздығы мен шарасыздығын оның халінің сұңқардың баласының, құланның
құлынының, киіктің лағынының басына түскен ауыр жағдайына еселене
теңестіріліп берілуі де әсерлі айқындап тұр. Ал қыздың өз көркін:
Сол қыздың он жетіге келген жасы,
Оралған аш беліне қолаң шашы.
Қап-қара қарлығаштың қанатындай,
Иілген ақ маңдайда екі қасы.
Аш белі көк шыбықтай солқылдайды,
Қолаң шаш бейне жібек толқындайды.
Батырлар сол сұлуға салыстырған –
Жалғыз-ақ аспандағы Күн мен Айды,-
деп көрген адам есінен танғандай етіп ақын келістіре сипаттап, сөз кестесін
шебер тоқиды.
Қыз туралы таласты естіген Абылай егесті тоқтатып таңдауды тұтқын
қыздың өзіне береді. Міне, осы мезеттен бастап сырт көзге нәзік те шарасыз
көрінген қыздың шын сыры – ақылдылығы мен тапқырлығы, өжеттігі мен сертке
берік асылдығы таныла бастайды. Қыз хан сарбаздарына үш түрлі шарт қойып,
оларды орындаған жігітке жар болатынын айтады. Алайда сұлуға сұқтанған хан
жігіттері қыз шарттарының, яғни тау шыңына іліккен жаулыққа оқ тигізу, күш
сынасу, жұмбақ шешу, біреуін ғана, онда да қара күшке қатысып (төрт жігітті
арқалап мың қадам жерге жарысу) орындап, не мергендігімен, не сұңғыла
ақылдылығымен таныла алмай, қыз алдында масқара болады. Бұл сәтті ақын:
Қалың қол қанша қарап, қалды қатып,
Жоғалтып әңгі ауырлық, сес пен қырын,-
деп суреттесе,
Түксиіп Абылай да тұрды тұйық,
Манадан сесі кеміп түскен иық.
Түнеріп, төмен қарап үндемейді,
Басқандай тұншықтырып түн тұңғиық,-
деп қаһарлы ханның да шарасыз күйін дәл аңғартады.
Тұтқын қыз алдында ханы да, қарақшысы да осылай шарасыздық танытып,
масқара болған тұста оқиғаға бұған дейін беймәлім болып келген Адақ мерген
араласады. Адақ – Абылай қосындағы сарбаздардың бірі, ер жігіт. Негізгі
оқиғаға – қыз тағдырын саудаға салған таласқа ол кейінірек және басқаша
оймен қатысады. Ақын оның сырт тұлғасын:
Қара сұр, ұзын бойлы, емес талпақ,
Денесі көк құрыштай, өрдеш-шалқақ,
Қыр мұрын, қарагер көз, қара мұртты
Қақпақтай қобы жауырын,топшы жалпақ,-
деп батырға лайық түрде сипаттай келе оны жасынан кедейлік көрген,
жылқышылықты кәсіп еткен, тапқыр, ойлы, өнерпаз жігіт деп мінездейді. Бұдан
кейін ақын Адақтың ата тегін, шыққан жерін, Абылайға еруін, есімінің неге
Адақ аталғанын, мінез ерекшеліктерін түгел таратып баяндайды.
Қалмақ қызының басына тағы қауіп төнген тұста әрекетке араласады.
Қыз қойған шарттарды орындай бастайды – алдымен аққу балапанын алып
ұшқан бүркітті, одан кейін Оқжетпес басындағы орамал байланған қаданы
атып түсіреді. Жер тарпып, ауыздығын қаршылдатқан кермедегі тұлпар,
әуенін дыңылдатып сымын қозғап, әндетіп, көкке боздап жөнелген оқ –
осы секілді бейнелі тіркестер арқылы психологиялық жағынан дәл,
көркемдік бояуы қанық сценалар жасаған. Басына Оқжетпестің оқ
жеткізген Адақ мергендігіне Абылайдың, қалың қолдың, қалмақ қызының
қалай қарағанын сезім күйлері арқылы, даралап бейнелеп береді.
Адақ ақын қыз жұмбағын былайша шешеді: тұтқын қыз өз басының
тағдырын, бала күннен көрген азапты өмірін баяндаған. Ауылын жау
шапқанда ата-анасын лашын тектес бір батыр құтқарған. Байласқан серт
бойынша осы ерге қыз бойжеткен соң бір-ақ түндік әйел болмақ. Күйеуге
шығар алдында осы сырды оған айтады. Күйеуі ерік береді. Өздерін, ата-
анасын құтқарған ерді іздеп қыз жолға шығады. Жолда ұрыларға тап
болады. Олар да ерік береді. Іздеп барған ер қыздың уәдеге беріктігіне
разы болып, босатады, арын қорламайды. Осылайша қуанып, күйеуіне аман-
есен, бұзылмай-жарылмай оралып келе жатқан қыздың торға түскенін Адақ
шебер, көркем жырмен баяндап береді. Сөйтіп қалмақ қызының Кептер,
Лашын, Сұңқар, Жапалақ, Бүркіт деп отырған жұмбақ-жайлары түгел
түсінікті болады. Абылай қойған, қыз құптаған шарт бойынша қалмақ сұлуы
– Адақ ерге тимек. Жылы жүректі батыр тұтқындағы қызға азаттық береді,
өз тұлпары Керкөжекті мінгізіп еліне қайтарады. Сөйтіп, ақын зор
гуманистік ой айтады, махаббат күші, ғашықтық қуат, сүйген жарға
дегенге құштарлық әділетсіздікті, қатыгездікті жеңеді деген поэтикалық
идея салтанат құрады.
Адақ өзінің қайырымдылығынан жасаған әрекетімен ол ел мен елді
жауластырған шапқыншылықты құптамайтынынын, оны батыл айыптайтынын
көрсетеді. Адақ халық, ел қамын кеңінен ойлаған тұлғалы азамат ретінде
биіктен көрінеді.
Поэмадағы Адақ та, қалмақ қызы да – халық өкілдері. Себебі, екеуі
де халқын сүйеді, сол үшін күреседі, әділдікті жақтайды. Ал, әділдік,
даналық төркіні – халықта екені мәлім. Демек, Адақтың азаматтығын,
қалмақ қызының ақыл-парасатын ардақтау – халықты ардақтау, оның
даналығын дәріптеу деген сөз. Поэманың негізгі идеялық түйіні міне
осыдан көрінеді.
Оқжетпес, Бурабай, Жұмбақтас, Кенесары үңгірінің
сиипаттарын, табиғи сұлулығын айта келіп, Әнші ақындар бөлімінде
Көкшетау атырабынан шыққан әйгілі ақындар, әншілер, серілер,
палуандардың портрет галереиясын жасайды. Олар жеке-жеке аяқталған,
көркем портрет, тарихи жыр, батырлық балада секілді. Үкілі Ыбырай,
Балуан Шолақ, Қажымұқан, Біржан сал, Ақан сері – бұлардың әрқайсысының
өнердегі, өмірдегі ерекшеліктерін, романтикалық, кей тұстағы
трагедиялық тағдырларын ақын дәл, детальдар, метафора, сюжет арқылы
даралап, суретпен бейнелеп берген:
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп-кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісті,
Көкірек қанша жұтса тоясың ба?
Бұдан әрі ақын Көкшетаудың “көкке бойлаған қарағайы” мен “көк
желекті аппақ қайыңын”, “жалғыз-ақ көк қаршыға ұялайтын”, “басынан
мұнар кетпес шыңын”, “тау мен күн сүйіскендей” әсер қалдыратын
Көкшетаудың таңы мен кешін тамылжыта, көрмеген жан көргендей етіп
жандандыра жырлап, көз алдыңа нақты бейнесін елестетеді. Бір бұл ғана
емес, поэманың жалпы өн бойынан ақынның туған жерге деген ыстық
ықыласы, сүйіспеншілігі аңғарылып тұрады.
Ел тарихы – жер тарихы. Жер тарихы сол өлкені мекендейтін ел
тарихы ғой. Олай болса, поэмадағы жерге, тауға, тасқа, көлге байланысты
аңыздарды ақынның сүйсіне жырлауы, поэма сюжетіне шебер кірістіруі,
табиғат көріністерін әсем де шынайы бейнелеуі, екінші жағынан, оның
туған жерге деген мақтаныш сезімін де танытады.
Мөп-мөлдір Бурабайдың суы күміс,
Көргенде шаршаған жан алар тыныс.
Мінбелеп қоршалаған шымылдықтай,
Қарағай, қайың менен қалың жыныс.
Бұл Бурабай көлінің қайталанбас келбеті болса, Оқжетпес сипаты
алғашында:
Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан,
Бастары көкке бойлап бұлттан асқан.
Бір шың бар етегінде тіп-тік найза,
Адамзат жасағандай құйған таста.
Сүп-сүйір бейне найза шың, құз, биік,
Төбесі кейде тұрад бұлтқа тиіп.
Қарасаң етегінен шың басына,
Тақияң жерге түсед тұрған киіп,-
деп өрнектесе, поэма соңына қарай ақын:
“Оқжетпес” кербез сұлу боянбаған,
Керіліп, кернеу тартып оянбаған.
Айнаға алдындағы мәңгі қарап,
Өзінің көркіне өзі тоя алмаған,-
деп баяғы баяғыша, оны жандандырып, тіпті құлпырта түседі. Ақын сәтті
қолданған кейіптеу тәсілі оқырманның көз алдына Оқжетпесті енді жанды
бейне – кербез сұлу тұлғасында айшықты нақты елестетеді. Міне, осылай
поэмада өңірінің тауы, көлі, шыңы, қайталанбас көріністерімен жеке-жеке
суреттеледі де, бәрі қосыла келіп Көкше табиғатының бөлінбес, тұтас
әсем ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz