Жоспарлы төлем тәртібі және есеп айрысудың синтетикалық есебі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есеп айрысуы туралы ақпаратты
қалыптастырудағы бухгалтерлік есептің мәні мен маңызы.. 5

1. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есеп айрысу
түрлеріне сипаттама және оларды қолдану аумағы
... ... ... ... ... ... .. 5

1. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есеп айрысуының
      есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
2.1 Өнімді жеткізу (тауарлар, атқарылған жұмыстар және көрсетілген
қызметтер) үшін есесп айрысудың
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
2.2 Жоспарлы төлем тәртібі және есеп айрысудың синтетикалық есебі. 17
2.3 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есеп айрысуының аналитикалық
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 20

2. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есеп айрысуының
есебін ұйымдастыруды жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
... ... ... ... ... ... 25

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 28

Кіріспе

Қазіргі кезде, ҚР Өкіметінің бағдарламасына сәйкес бухгалтерлік есеп
пен қаржылық есептемелер жүйесін Қаржылық Есептемелердің Халықаралық
Стандарттары мен нарықтық экономика талаптарына сай одан әрі реформалау
жұмыстары жүзеге асырылуда.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында, сондай-ақ
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясында атап өткендей, өркенді де серпінді дамып келе жатқан
қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарық
экономикасы бола алады. Осыған байланысты, бухгалтерлік есеп пен аудит ел
дамуының қазіргі кезеңіндегі экономиканың іргетасы болып табылатынын, ал
ҚЕХС – ұйымның қаржылық ағынының ашықтығын, капиталдың интеграциясын және
тұтастай алғанда ел экономикасының жеделдете дамуын қамтамасыз ететін
маңызды құрал екенін атап өту қажет.
Соңғы жылдары елiмiздiң экономикасының нарықтық қатынынастарға өтуiне
байланысты бухгалтерлiк есептiң әдiстемесi мен тәжiрибесiнде түбегейлi
өзгерiстер болды. Есеп тiркемелерiнде шаруашылық операцияларын жазып
көрсетудiң дәстүрлi әдістері ескіріп, қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың
сұрақтарға толығынан жауап бере алмайтындығын тәжiрибе көрсеттi. Iскерлiк
шешiмдер қабылдау үшiн бұл ақпарат белгiлi түрде өзгертiлуi және өңделуi
қажет. Қазiргi жағдайда бухгалтер кәсіпорын нәтижесін талдаудың түрлi
әдiстерiн қолданып, кәсiпорында қабылдаған қаржылық стратегияны iс жүзiнде
қолданыс табатын есептік саясатын тандап алып, соны басшылыққа алуда.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметi ретiндегi басқару экономикалық
зандардың обьективтi заңдылықтары мен талаптарына негiзделген. Осы
заңдардың талаптарын танып бiлуге сүйене отырып, және оларды пайдаланудың
нысандары мен әдiстерiн жасай отырып, мемлекеттiк, шаруашылық және қоғамдық
органдар арқылы қоғамдық қаржыны, бағаны, несиені және тағы басқа көздерін
жұмылдыруымен қатар, өндiрiстiк қатынастардың нысандарын саналы түрде
басқарады.
Қазiргi уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсiпорындардың
шаруашылықты жүргiзушi субъект ретiнде құқық жағдайларын едәуiр нығайтып,
олардың көптеген өндiрiстiк және қажылық мәселелердi өз бетiнше шешуiне мол
мүмкiншiлiк аштi. Атап айқанда, iшкi және сыртқы рынокта бiлiктi серiктi
тандауға қол жеттi, өйткенi болашақтағы бiрлескен iс - әрекеттiң тиiмдiлiгi
көбiнесе осыған байланысты боглады. Кәсiпорындар бұрынғыдай жоғарғы жөн
сiлтеуiмен емес, контрагенттердi (жабдықтаушы, салып алушы, мердiгер, банк
және т.б.) Қазiргi кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздерiне iскер
серiктердi қаншалықты дәл және қатесiз тандауымен нарықтық қатынастар
негiзiнде мүмкiндiгiнше тез және дұрыс бағдар тауып,оны ұстануына қарай
жұмыстарының тиiмдiлiгi әр түрлi болады. Басқаша сөзбен айтқанда,
шаруашылықты жүргiзушi субьектiлердiң қызметiнiң жетiстiктерi басқару
деңгейiне,қабылданған шешiмдердiң обьективтiлiгi, нақтылығы, шұғылдығы мен
ғылыми негiзделуiне тiкелей тәуелдi. ұйлесiмдi шешiмдердiң қабылдануы,
материалдық,еңбек және қаржы ресурстарын тиiмдi пайдаланып, елiмiздiң
экономикалық өсуiне бағытталатыны белгiлi.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорындағы сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің есеп айрысуының есебін оңтайлы ұйымдастыру сұрақтарын
тереңiрек зерттеп теориялық және әдiстемелiк негiздерi туралы мағлұмат
алып, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан тұрады.

1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есеп айрысуы туралы ақпаратты
қалыптастырудағы бухгалтерлік есептің мәні мен маңызы

1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің есеп айрысу түрлеріне
сипаттама және оларды қолдану аумағы

Нарықтық экономика жағдайында, бухгалтерлік есептің сатып алушылар мен
тапсырыс берушілердің есеп айрысуының есебін ұйымдастырудағы алатын орны
ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым, бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы
жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық шешім қабылдаудың негізі болып
табылады.
Барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлері сатып алушылар мен тапсырыс
берушілермен нақты ақшамен немесе қолма-қолсыз есеп айрысып отырады.
Қолма-қолсыз есеп айрысу үшін әдетте, есептік-кассалық қызмет
көрсететін банктегі ашылған есеп айырысу, валюталық немесе ссудалық шоты
арқылы ақша аударуға болады.
Қолма-қолсыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
белгiлеген нормативтiк құжаттармен белгiленген жағдайлар мен шегiнен
шығып кетпейтiндей етiп жүргiзiледi.
Ақша қаражатын сақтау және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу
үшiн Қазақстан Республикасының банк мекемелерi мынадай шоттар ашады:
- есеп айырысу шоттары- шаруашылық есепте тұрған, дербес балансы бар,
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң органдарында тiркеуден
өткен заңды тұлғаларға;
- ағымдағы шоттар- жергiлiктi бюджеттегi мекемелерге, бюджеттiк
мекемелерге олардың бюджеттен тыс қаражаты бойынша, өндiрiстiк және
коммерциялық қызметпен айналысатын қоғамдық ұйымдар мен жеке
тұлғаларға;
- бюджеттiк шоттар-Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттiндегi
мекемелерге;
- корреспонденттiк шоттар - корреспондеттiк келiсiмдер негiзiнде есеп
айырысу ережелерiне сәйкес екiншi деңгейдегi банктерге Ұлттық Банк
мекемелерiнде және өз арасында.
Субъектiге валюталық шот ашылуы мүмкiн, ол шетел валютасындағы
қаражаттың нақты бары мен қозғалысын есепке валютасындағы қаражаттың
нақты бары мен қозғалысын есепке алуға арналаған. Ол сыртқы
экономикалық қызметтi жүзеге асыратын және өнiмiн валютаға сататын
субъект үшiн ашылады. Аккредитивтер бойынша шоттарды, чек (аванс)
кiтапшаларының шоттарын және басқаларын субъектiлер ақша қаражаттарын
оқшаулап сақтау үшiн және тиiстi операцияларды жүргiзу үшiн ашады.

Есеп айырысулар толық және тұрақты болуға тиiс. Олардың негiзiне
мынадай принциптер қаланған: субъектiлер өз ақша қаражаттарын банкте
сақтауға мiндеттi; олардың арасындағы есеп айырысулар, әдетте, қолма-қол
ақшаны пайдаланбай жүргiзiледi; аудару арқылы айырысулар жүргiзуге негiз
болып табылатын барлық құжаттар банк, байланыс, органдары мен
Халықтық банк мекемелерi арқылы төлемдер жасау үшiн пайдаланылады;
банктiк емес айналымда айналыстың тек жалпы мемлекеттiк кредит
құралдары (чектер, вексельдер, банк билеттерi және басқалар) ғана айнала
алады. Есеп айырысудың мақсаты- нарықтық қатынастарды нығайтуға, жиынтық
қоғамдық өнiмнiң қозғалысына, есеп айырысу қатынасына, қатысушыларды өзара
ынталандыру мен бақылауға, олардың кiрiстерi мен шығыстарын өлшеуге
жәрдемдесу.
Ақша қаражатын есепке алу мiндеттерi ақша қаражатының сақталуын және
олардың мақсатына сай сметаларға сәйкес пайдалануына бақылауды
қамтамасыз етуi; ақша қаражатының қозғалысы жөнiндегi барлық операцияларды
толық және уақтылы құжаттау; есеп айырысу және қаржы тәртiбiн сақтау;
талдамалық есепке алуды уақтылы және дұрыс жүргiзу; ақша қаражатына
толық және нақтылы түгелдеу жүргiзу; төлемдердi банк арқылы ақша аудару
жолымен жасау болып табылады.
Ақшасыз есеп айырысудың мынадай негiзгi нысандары ұсынылады: төлем
тапсырмалары, чектер, аккредитивтер, төлем-талап-тапсырмалары, көлiкпен
және темiр жолмен есеп айырысу жөнiндегi жиынытық талаптар.
Ақша қаражаты мен есеп айырысу нысандары төлеушi мен алушының
арасындағы шартпен (келiсiммен, жекелеген уағдаластықтармен)
айқындалады.
Субъектiлердiң арасындағы келiсiм бойынша өзара талаптар мен
мiндеттемелердi есептеу жүргiзiлуi мүмкiн.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмасы субъектiнiң
қызмет көрсетушi банкке өз шотынан белгiлi бiр соманы аударуы туралы
тапсырмасы болып табылады.
Төлем жасаушы банкке белгiленген нысандағы бланкiлерде тапсырманы
ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктiң талап етуi бойынша
бланктi шолып қарауы үшiн (кейiн қайтаратын етiп) шарттарды, салықтың шот-
фактураларды және төлемдердiң мақсатын растайтын басқа да құжаттарды
тапсыруға мiндеттi. Төлем тапсырмалары жазылып берiлген күннен бастап 10
күн бойы күшiнде болады (жазылған күн есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары
төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады.
Тапсырмалар банкке төлем мерзiмi келген күнi берiледi. Төлем жасаушының
шотындағы қаражат жеткiлiксiз болғанда және төлем жасаушыға несие беру
мүмкiн болмаған кезде банк төлем тапсырмасын қабылдамайды. Қаражат пайда
болған кезде жоспарлы төлемдi төлем жасаушы ол бойынша бұрын пайда
болған берешектi есепке ала отырып аударады. Өз шоттарынан байланыс
кәсiпорындары арқылы аударым жасаған кезде аударым жасаушы аударым
бланкiлерге аударым алушының атын, оның нөмiрiн, сондай-ақ егер қаражат
шотқа аударылуға тиiс болса, осы орналасқан банктiң аты мен нөмiрiн
көрсетедi. Тапсырмаға қаражат алушылардың тiзбесi қоса берiледi, онда кiм,
қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетiледi. Байланыс кәсiпорындары
жолданған әрбiр аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына
төрт дана етiп жасалатын келiп түскен аударымдарды төлейдi.
Төлем талап тапсырмалары арқылы есеп айрысу Төлем талап тапсырмасы
төлем жасаушының қызмет қөрсететiн банкiне жiберiлген есеп айырысу және
тиеу құжаттарының негiзiнде келiсiм-шарт бойынша жөнелтiлген өнiмнiң,
орындалған жұмыстың, көрсетiлген қызметтiң құнын төлеу туралы
жабдықтаушының сатып алушыға талабын бiлдiредi. Төлем талап тапсырмаларын
төлем жасаушы бланкке жазып, жабдықтаушының банкiне тiзiмдемемен бiрге төрт
дана етiп бередi. Жабдықтаушының банкi барлық реквизиттердiң толық
толтырылғанын тексерiп, талап-тапсырманы сатып алушының банкiне жiбередi,
екiншi данасы жабдықтаушыға қайтарылады. Сатып алушының банкi талап-
тапсырманы алған соң, оны тiркейдi, барлық даналарға алынған күндi қойып
шығады (жоғарыда оң жақта) және оны төлем жасушыға келiсiмiн алу үшiн
бередi.
Төлем талап тапсырмасын толық немесе iшiнара төлеуге келiскенде төлем
жасаушы барлық даналарға шотқа билiк жүргiзуге уәкiлеттiгi бар адамдардың
қолын қойғызумен және мөр басумен рәсiмдеп, оны қызмет көрсетушi банкке
өткiзедi, олардың:
бiрiншiсi төлем төлеушiнiң шотынан қаражатты есептен шығару үшiн негiз
болады және операция жүргiзiлгеннен кейiн банк құжаттарына тiгiледi;
екiншiсi- жабдықтаушыға қызмет көрсететiн банкке жiберiледi;
үшiншiсi- тиеу құжаттарымен бiрге тауарларға, орындалған жұмыстар мен
көрсетiлген қызметтерге ақы төлеуге және есепке қабылдауына болатындығын
растайтын қолхат ретiнде төлем жасаушыға қайтарылады.
Банк акцептелген талап-тапсырмаларды қабылдауға және оларды N2.
картотекаға орналастыруға құқылы.
Төлемдiк талап-тапсырмаға толық немесе iшiнара ақы төлеуден бас тарту
туралы төлем жасаушы оған қызмет қөрсететiн банкке үш күннiң iшiнде
хабарлайды. Талап-тапсырма құжаттарымен қоса оған берiлген тиеу құжаттарын
және төлемейтiнi туралы хабарламасымен бiрге тiкелей жабдықтаушыға (өнiм
берушiге) қайтарылады.
Өзара талаптар мен мiндеттемелерге негiзделген есеп айырысулар деп
борышкерлер мен несие берушiлердiң бiр-бiрiне қойылған талаптары мен
мiндеттемелерi тең сомада етiлетiн және осы талаптар мiндеттемелердiң
арасындағы айырмаға ғана төлем жасалатын нақты ақшасыз есеп айырысулар
жатады. Өзара талаптарды есепке алу бойынша есеп айырысулар жатады. Өзара
талаптарды есепке алу бойынша есеп айырысуларды банктер субъектiлердiң
өтiнiшi бойынша нақты тиелген немесе босатылған тауарлы-материалдық
құндылықтар және негiзгi қызметi бойынша көрсетлген қызметтер үшiн
жүргiзедi.
Банктерге тапсырмалар, чектер, талап-тапсырмалар ұсынылады.
Вексельдермен есеп айырысу. Вексель-бiржақты қатаң орындалатын ақша
мiндеттемесiн қамтитын қатаң бекiтiлген нысандағы құжат.
Жай векесель (соло)- талап ету бойынша немесе белгiленген мерзiмде
келешекте вексельде көрсетiлген соманы вексель ұстаушыға төлейтiнi
туралы вексель берушiнiң ешбiр шартсыз мiндеттеменi қамтитын вексель.
Вексель: құжат (текстiне) енгiзiлген, құжат қай тiлде толтырылса сол
тiлде “вексель” деп жазылған атауды, белгiлi бiр ақша сомасын төлеуге
ешнәрсемен негiзделмеген бұйрықты; төлеуге тиiс тұлғаның (төлеушiнiң) атауы-
тек аударма вексельде, төлеу мерзiмiн, төлем жасалатын орынды көрсетудi;
кiмге немесе кiмнiң бұйрығы бойынша төлем жасалатын болса, сол тұлғаның
атауын, вексель жасалған күн мен орынды көрсетедi, вексельдi беретiн
тұлғаның (вексель берушiнiң) қолын қойдыруға тиiс.
Төлем мерзiмi көрсетiлмеген вексель ұсынғанда төленуге тиiс вексель
ретiнде қаралады.
Аударма вексель берушiнiң бұйрығы бойынша ақы төлеуге жататын
вексель ретiнде берiлуi мүмкiн. Ол вексель берушiнiң өзiне немесе
үшiншi тұлғаның есебiнен берiлуi мүмкiн.
Аударма вексельге үшiншi тұлға тұрған жерде немесе төлем
жасаушының тұратын жерiнде немесе қандай да бiр басқа орында ақы
төленуi мүмкiн.
Проценттiк ставка вексельде көрсетiлуге тиiс, мұндай нұсқама
болмаған жағдайда шарт қол қойылмаған (жазылмаған) деп саналады.
Аударма вексель бойынша төлем толықтай вексель сомасының бөлiгiнде
аваль арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
Мұндай қамтамасыз етудi үшiншi адам немесе тiптi вексельге қол
қойған адамдардың бiрi бере алады.
Вексель ұстаушы аударма вексель бойынша төлемдi мерзiмiнен бұрын
алуға мәжбүрленбеуге тиiс.
Мерзiмi келгенге дейiн төлейтiн төлем жасаушы мұны өз тәуекелiне
жасайды.
Вексель ұстаушы өзiнiң регресс құқықтарын индоссанттарға, вексель
берушiге және басқа да мiндеттi адамдарға қарсы: төлем мерзiмi келгенде:
егер төлем жасалмаса, тiптi төлем мерзiмiнен бұрын:
1) егер акцептен толық немесе iшiнара бас тартылса;
2) төлем жасаушы вексельдi акцептегенi немесе акцептемегенiне
қарамастан банкрот деп танылған жағдайда, ол төлем жасауды
тоқтатқан жағдайда, бұл жағдайды сот анықтамағанда немесе оның
мүлкiнен өтем алу нәтижесi болмаған жағдайда вексель берушi
акцептке жатпайтын вексель бойынша банкрот деп танылған
жағдайда iске асыра алады.
Вексель бойынша акцепт пен төлем үшiн жауапты адамдарға регрестiк
талап вексель бойынша, төлем мерзiмiнен кешiктiрiлмей ұсынылуға тиiс.
Акцепт немесе төлемнен бас тарту (акцептемеуге немесе төлем жасамауға
қарсылық бiлдiру) бас тарту фактiсiн куәләндыратын актiмен расталуға тиiс.
Вексель ұстаушы төлем жасаушыға акцептке ұсынылған вексельдi беруге
мiндеттi емес.
Акцепт аударма вексельде көрсетiледi. Ол “акцептелген” деген сөзбен
немесе мағынасы бiрдей кез-келген басқа сөзбен бейнеленуi мүмкiн, оған
төлем жасаушы қолын қояды. Вексельдiң алғашқы бетiнде төлем жасаушының
қойған қолының акцепт күшi болады. Акцепт жәй және шартсыз болуға тиiс.
Бiрақ төлем жасаушы оны соманың бiр бөлiгiмен шектей алады. Вексель
ұстаушы өзi талап қойған адамнан мыналарды:
- аударма вексельдiң акцептелмеген немесе төленбеген сомасын, егер
белгiленген болса, онда процентiмен қоса;
- вексель сомасынан есептелген вексель төленуге тиiс күнi Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкi белгiленген қайта қаржыландыру
ставкасы мөлшерiндегi өсiм сомасын;
- қарсылық бiлдiру жөнiндегi, хабарлама жөнелту жөнiндегi
шығасыларды, сондай-ақ басқа да шығасыларды талап ете алады.
Бұған қоса талап қойған вексель ұстаушы талап қою
сомасына вексель сомасының 0,01% мөлшерiнде комиссияны енгiзе алады.
Аударма вексельге ақы төлеген адам оның алдында жауапты
адамдардан мыналарды:
- өзi төлеген барлық соманы;
- аталған сомаға вексельге талапкер ақы төлеген күнгi Қазақстан
Респуликасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру
ставкасының мөлшерiнде есептелген проценттердi талап ете алады.
Есеп айырысулар ережелерiн бұзуға жол берген кәсiпорындар мен
банктерге Қазақстан Республикасындағы нақты ақшасыз есеп айырысуларды
жүргiзу тәртiбiн бұзғаны үшiн айыппұлдар туралы Ережелерде көзделген ықпал
ету шаралары қолданылады. Жеткiзiлiп берiлген өнiмге уақытылы төлемақы
жасамағаны үшiн кiдiртiлген әрбiр күн үшiн мерзiмi өткен төлемдер
сомасынан жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы шартта көзделген
тәртiпте өсiм есептеледi және оны сатып алушы (төлеушi) төлейдi. Мерзiмi
өткен күндердiң санын анықтаған кезде күнтiзбелiк күндер қолданылады.
Егер банк N2 карточка ұясындағы құжаттар есебiн жүргiзетiн болса, онда
шарт негiзiнде өсiмдi банк есептейдi.
Төлеушiлердiң келiсiмiнсiз олардың шоттарынан қаражатты есептен
шығару. Төлеушiлердiң келiсiмiнсiз олардың шоттарынан қаражатты есептен
шығару тек соттың шешiмiнен, банктiң өкiмiмен не мына төмендегi орындау
құжаттарды негiзiнде қолданылып жүрген заңдарда көзделген жағдайда ғана
жүргiзiледi: банктiң өндiрiп алу жөнiндегi өкiмi; несиелердi пайдаланғаны
үшiн есептептелген проценттерi есепке қате алынған сомалар; кепiлшi шотынан
қарыз берешегiнiң өтелмеген сомалары; соттар берген орындау қағаздары;
соттың шаруашылық iстерi жөнiндегi алқалардың бұйрықтары; нотариус
жүргiзген орындау жазбалары; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
қоршаған ортаны қорғау саласындағы қаулылары негiзiнде шығарылған
мемлекеттiк уәкiлеттi органның, санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалаудың,
сондай-ақ кәсiподақтардың еңбек техникалық инспекциясының бұйрықтары мен
үкiмдерi; салық органдарының салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдер
бойынша қосымша салықтарды, сондай-ақ заңда көзделген айыппұлдарды,
өсiмдердi және өзге де санкциялар сомаларын өндiрiп алу туралы өкiмдерi;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жұмыс берушiлерден өндiрiлiп алынатын
айыппұлдардың және өзге де санкциялардың сомасы; кәсiпорының кiнәсiнен
жұмыспен байланысты жарақаттану немесе денсаулығының өзге де зақымдануы
салдарынан жұмысшы мен қызметшi сондай-ақ жұмыспен байланысты және субъект
әкiмшiлiгiнiң кiнәсiнен жарақаттану немесе денсаулығының өзге де
зақымдану салдарынан жұмысшы немесе қызметшi қайтыс болған жағдайда шеккен
залалды өтеу сомасын өндiруге берiлген сот шешiмi; сақтандыру
компаниясының сақтандыру куәлiгi, Қазақстан Республикасы Кеден органдарының
өкiмi.
Борышкер мойындаған, есептеген шығарылатын сомаларға берiлген өкiмдер
орындау құжаттарына теңестiрiледi деп танылады. Салық төлеушiлерiнiң
төлем кепiлхаттары мен салық органдарының инкассалық өкiмдерi негiзiнде
бюджетке төленетiн төлемдердi төлем кепiлхаттары берiлген күнi банктер
кезек күттiрмей жүзеге асырады. Банк аталған кепiлхаттардың орындалуын
кiдiртуге құқығы жоқ.
Төлеушiнiң келiсiмiнсiз қаражаттарды өндiрiп алу үшiн осы
қаражаттарды өндiрiп алушы тиiстi құжаттарды қоса тiркей отырып банкке
төлем талап кепiлхаты бланкiсiнде инкассалық өкiмдi тапсырады.
Инкассалық өкiмде төлемнiң мақсаты көрсетiледi және осы төлемдердi
(күнi,нөмiрi мен тиiстi тармағын) төлеушiнiң келiсiмiнсiз оның шотынан
есептен шығару құқығын көздейтiн заң актiсiне сiлтеме жасалады. Өндiрiп
алудың дұрыстығы, сондай-ақ төлемшi келiсiмiнсiз қаражаттарды есептен
шығаруға негiз болған сiлтеме үшiн өндiрiп алушы жауапты болады.
Банктер төлеушiлердiң келiсiмiнсiз олардың шоттарынан қаражаттарды есептен
шығаруға бiлдiрген қарсылықтарын шын мәнiнде қарамайды. Төлеушiлердiң
келiсiмiнсiз шоттарынан қаражатарды есептен шығарудың негiздiлiгiмен
байланысты мәселелер наразылық бiлдiру тәртiбiнде сот органдары арқылы
шешiледi.
Төлеушiлердiң келiсiмiнсiз олардың шоттарынан қаражаттарды есептен
шығаруды банктер көшiрмелерi бойынша емес, тек түпнұсқа құжаттар немесе
олардың дубликаттары бойынша жүргiзедi.
Төлеушiнiң келiсiмiнсiз қаражаттарды есептен шығаруға берiлген
инкассалық үкiм банкке iздену мерзiмi iшiнде өткiзiледi. Бұл үшiн
өндiрiп алушы жауапты болады. lздену мерзiмiнiң ұзақтығы былайша
белгiленедi: заңды тұлғалардан алынатын бюджетке төленетiн салық борышын
өндiрiп алуға мерзiм ұзақтығы болмайды; соттар берген орындау қағаздары
бойынша-бiр жыл; сот органдарының бұйрықтары бойынша, аралық соттың
шешiмдерi бойынша үш ай мойындаған талаптарды есептен шығаруға берiлген
өкiмдер бойынша-екi ай; басқа барлық құжаттар бойынша-алты ай.
4-бухгалтерлiк есеп стандартына сәйкес субъектiлер жасаған “Ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есеп” заңды тұлғаның қаржылық
жағдайындағы өзгерiстi бағалауға мүмкiндiк бередi, бұл оларды есептi кезең
iшiндегi операциялық қызмет (кiрiс алатын негiзгi қызметпен инвестицициялық
және қаржы қызметтерiнiң жатпайтын өзге де қызмет), инвестициялық (ұзақ
мерзiмдi алашақтарды сатып алу мен сату) және қаржы қызметi (жеке
капиталы мен заем қаражаттары мөлшерi және құрамындағы өзгерiс нәтижесi
болып табылатын заңды тұлғаның қызметi) тұрғысында алғанда қаражаттардың
түсуi мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етедi. Ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъектiнiң есептi жыл iшiндегi
қаржылық есебiнiң құрамында берiледi.
Ақша қаражаттары қозғалысының есебiнде операциялық, инвестциялық және
қаржылық қызмет тұрғысынан алғандағы мағлұматтар мазмұндалуға тиiс,
мұның өзi заңды тұлғаның қаржы жағдайында оның қызметi түрлерiнiң ықпалын
бағалауға мүмкiндiк бередi.
Операциялық қызметтен түсетiн ақша қаражаттары қозғалысын ашып
көрсеткен кезде тура әдiс пайдалануы мүмкiн, бұл әдiс жағдайында ақшалай
түсiм қаражаттары мен төлемдердiң негiзгi түрлерi ашып көрсетiледi, не
жанама әдiс пайдалануы мүмкiн, бұл әдiс жағдайында таза табыс пен зиянға
ағымдағы активтер мен мiндеттемелер, ақша операциялары өзгерiстерiне,
сондай-ақ инвестициялық немесе қаржылық қызметтiң нәтижесi болып табылатын
кiрiстерге немесе зияндарға қарай түзету енгiзiледi.

2 Сатып алушылар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эквайер - банк банктері
«Кит со» ЖШС еңбекақы есептеу және еңбекақының «1С бухгелтерия» жүйесінде жүргізілуі
Қысқа мерзімді дебиторлық борыштардың, қаржылық инвестициялардың аудиті
Кредиторлық берешек аудитінің есебі
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері
Шаруашылықтың міндеттемелердің есебін ұйымдастыру
«Өзенмұнайгаз» ӨФ мысалында ақша қаражаттарын анализдеу
Ұзақ мерзімді активтерді жиынтығы
Сатып алынған тауарлардын есебі мен бағалануы
Пәндер