Халық қол өнер негізінде еңбекке тәрбиелеу әдістемесі


Мазмұны:
Кіріспе . . . …… . . . … . . . 3
1. Оқушыларды халық қолөнер негізінде еңбекке тәрбиелеу.
1. 1. Оқушыларды халық қолөнері негізінде еңбекке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері . . . . … . . . 4-7
1. 2. Халық қолөнерін еңбек сабақтарында пайдаланудың сипаттамасы…. . 7-10
2. Халық қол өнер негізінде еңбекке тәрбиелеу әдістемесі.
2. 1. Халық қол өнері арқылы оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесі . . . 11-17
2. 2. Халық қолөнерін еңбек сабақтарында пайдаланудың жолдары . . . 17-24
2. 3. Сыныптан тыс жұмыстарда халық қолөнеріне үйретудің мүмкіндіктері . . . . . 25-29
Қорытынды . . . . . . 30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: . . . . . . 31
Кіріспе
Өнер түрлері сан-алуан. Әр өнердің адам санасына, сезіміне, ой-өрісіне ықпал жасайтын, эстетикалық дамуына, көркемдік талғамның қалыптасуына үлкен мүмкіндік беретін, өзіндік мәнерлі бейнелік тілі, жасалу құралдары бар. Қазақ халқының көне дәуірден өшпес мұрасы болып, ұрпақтан-ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, өзіндік тарихымен, әдет-ғұрпымен, сәндік-көркемдік жолымен, көшпенді елімізді бүкіл әлемге өзінің ерекшелігімен таныта білген - қолөнері. Қолөнердің халықтың әлеуметтік салт-тұрмысында алатын орнының қаншалықты биік, жоғары екеніне сене алсақ - оның ішінде қолөнерді нақышына келтіріп, әдемілік, әсемдік дүниенің ауқымын кеңейткен - зергерлік сәндік бұйымдар.
Жас жеткіншектерге ұлттық өнердің қыры мен сырын игерте отырып, олардың эстетикалық сезімталдығын, ой - қиялын, көркемдік талғамы мен шығармашылық қабілетін шыңдау, балалардың өзі өмір сүретін ортасына сұлулық әкелуге деген құштарлығын, туған халқының көркем - мәдени мұрасына, эстетикалық дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік қатынастарын тәрбиелеуге зор мүмкіндік туғызады. Ұлт мәдениеті мен өнері және оның жеке тұлғаның рухани дамуына әсері туралы ой - пікірдің қалыптасуына Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Уалиханов, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, М. Әуезов, т. б сынды халқымыздың ойшыл ағартушылары мен өнер қайреткерлерінің қосқан үлесі мол.
Әр халықтың эстетикалық дүниетанымына, оның көркемдік және материалдық мәдениетін жасайтын, өзіне тән өнер түрлерімен ерекшеленетіні өмір шындығы. Қазақ халқының бар данышпандылығын өз бойына жинақтаған сондай өнердің бірі - дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнер. Қазақ халқының сәндік - қолданбалы өнерінің табиғаты мен даму ерекшелігіне көптеген деректер берген Х. Арғынбаев, Қ. Ақышев, Т. Басенов, С. Қасиманов, Ә. Марғұлан, М. Мұқанов, Ө. Жәнібеков, А. Сейдімбек т. б еңбектерінде құнды да қызықты мағлұматтар қамтылған.
«Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз » деп Абай атамыз айтқандай, болашақтағы үлкен өнер адамдары мен ірі өндіріс мамандары оқушылардың ішінен шықпасына кім кепіл? Ендеше, еңбек пәнінің мұғалімдері өз жұмыстарын жетілдіруді бірнеше нұсқада қарастырулары қажет. Ол үшін, біріншіден, іс жүзінде озық тәжірибелері таратылған еңбектер мен көпшілікке белгілі мамандардың әдістемелік еңбектерін оқып, оларды тиімді қолдануға қол жеткізу керек. Екіншіден, ұлттық - эстетикалық талаптарды жоғарылату, қолда бар барлық жабдықтарды жүйелеп, бар мүмкіндікті пайдаланып, сабақтарды талапқа лайықтап, бағдарламаға сай шығармашылықпен еңбек етуі тиіс. Осыған орай мұны жүзеге асыру мақсатында біз зерттеу тақырыбымызды «халық қолөнеріне еңбек сабағы арқылы тәрбиелеу » деп алуды жөн көрдік.
1. Оқушыларды халық қолөнері негізінде еңбекке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері
1. 1. Оқушыларды халық қол өнері негізінде еңбекке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері
Қазақтың ұлттық қол өнерінің мағынасы өте үлкен. Әрі дүние жүзінде сирек кездесетін белгілі қолөнер деуге болады. Біздің қазақ халқының қолөнері халқымыз пайда болғаннан бері халықпен бірге дамып келе жатқан өнер. Халқымыздың өнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды айтып, бұрынғысы мен бүгінгісін салыстыра отырып, ұлттық өнерді сүюге, құрметтеуге баулу, бүгінгі шәкірттерді ертеңгі еңбекқор, жан - жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу, оқушылардың жүрегіне жол тауып, олардың бойында еліне, жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру - міндетіміз деп білеміз.
Білім мен мәдениет саласындағы мемлекеттік заңдар мен ресми құжаттарда жас ұрпақтың имандылық-эстетикалық тәрбиесіне, олардың бойында туған еліне, халқына деген азаматтық сүйіспеншілік қасиеттерді тәрбиелеуге басты назар аударылған.
Жас ұрпақтың рухани-эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасының жарасымды қалыптасуына, көркемдік сезімталдығы мен талғам өрісінің дамуына әсерлі ықпал ететін эстетикалық тәрбие құралы - өнер.
Жеке тұлғаның эстетикалық дамуына көркемөнердің ықпалды әсері туралы пайымдаулар, ерте дәуір ойшылдарының (Аристотель, Платон), өнердің саяси, адамгершілік тәрбиедегі сипатын айқындаған ағартушылардың (Вольтер, Дидро, Руссо) еңбектеріндегі және кейінгі дәуірлердің философиялық, эстетикалық тұжырымдарынан бастау алады. Бала тәрбиесіндегі өнердің мәні мен маңызы Я. А. Коменский, И. Пестолиций, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский т. б еңбектерінде көрнекі орын алады. Эстетикалық тәрбие теориясының негізі А. В. Бакушинский, П. П. Блонский, Н. К. Крупская, А. В. Луначарский, С. Т. Шацкий еңбектерінде тұжырымдалған.
Қазақстан ойшылдарының көркем өнерге көзқарасына тоқталар болсақ, ерте кездің өзінде-ақ орта Азия мен Қазақстан ірі-өнер-білім ошақтарының бірі болған. Ондағы халықтардың тарихи әлеуметтік-экономиқалық даму сатысынан өтудегі ерекшелігі сан-салалы мәдени мұралары дәлел бола алады. Сыны кетсе де сыры кетпей сақталып келе жатқан әсем ғимараттар мен сарайлар, бекіністер, тас мүсіндер өткен ғасырда тағылымы мол шебер суретшілардің өмір сүргендігін дәлелдейді. Хорезмнен шыққан ұлы ғалым Әбу-Райхан Әл-Бирунидің жахбаларынан Орта Азия ең ежелгі мемлекеттердің бірі-хорезм үлкен мәдениет орталығы болған. Хорезм, Хиуа, бұқара, Самарқанд, Отырар, тараз, Түкістан, Баласағұн қалаларының мәдениеттің дамуы орта Азия халқының мәдени рухани байлығымен тығыз байланыстылығын айғақтайды.
Тоқырау кезеңінде мәдениеттің тұтастығы көп уақыт бойы тұрпайы үстіріт түсіндірілді, алуан кезеңдер мен ұрпақтар арасындағы сабақтастық үзілді. Қазірде біз тарихи санамызда күңгірттене бастаған рухани игілігімізбен табысу үстіндеміз. Тани алмай кеткен мәдениетімізге, ұлттық өнерімізге үңіле бастадық. Бұл халық өміріндегі рухани мәдениетті, асыл салт-дәстүрді бағалау болып табылады. Еліміздің халықтарының ұлттық сана-сезімінің өсіп жетілуіне байланысты әкелген, қайта-құру жаңа ойлауға даңғыл жол ашты.
Ашық аспан, туған өлке жайында тұнып тұрған шежіре сырды ашып керегіңе жаратсаң арман бар ма? Байтақ даламызда шаршырап жатқан ескерткіш сәулет өнерінің тамаша үлгілері, белгілірі, саналы әрекеттер үлгісі.
Бұл қандай әрекет деп айтуға болады?
Ойланайықшы: өнер. еңбек. әсемдік, сұлулық, іскерлік, шеберлік, ынта-ықылас т. б.
Осы орайда ұлы-ғұламалар ой-тұжырымдарына тоқталмай өте алмаймыз.
Дүниежүзілік білім мен мәдениетті меңгерген ұлы ойшыл, данышпан ғалым, өнер зерттеушісі Әл-Фараби есімі дүние жүзінде мәдениет пен ғылымның тарихынан берік орын алған. Ол: «Адамның өсіп жетілуіне байланысты дағды мен әдетке елеулі көңіл бөлген. Қандай болсын әдіс-тәсіл тәрбиеден асқан имандылықты, ізетті талап етеді, сонда ғана шәкірттерден имандылықты, сыпайылықты, әділдікті талап етуге болады. Мұндай қасиеттер ең алдымен ұстаздың өзінде болуы керек дейді. Жақсы мінез-құлық пен ақыл-ой парасаты адамның басты қасиеті іс-әрекет үстінде қалыптасады. Ғылым-білімді, әр алуан қол өнер кәсіптерінің дағдыларын игеруге, үлгілі адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына қажырлы еңбек, оқыту, тәрбие берумен қатар өзін-өзі тәрбиелеу, күшті ерік-жігер арқылы жетуге болады» деп ғылыми тұжырым жасайды.
Өнер түрлері сан-алуан. Әр өнердің адам санасына, сезіміне, ой-өрісіне ықпал жасайтын, эстетикалық дамуына, көркемдік талғамының қалыптасуына үлкен мүмкіндік беретін, өзіндік мәнерлі бейнелік тілі, жасалу құралдары бар. Соның ішінде бейнелеу өнері арқылы көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру теориясы мен практикасы мәселелерін зерттеген Н. А. Дмитриевна, Г. Д. Лабунская, Б. М. Неменский, В. П. Юсов т. б ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Ұлт мәдениеті мен өнері және оның жеке тұлғаның рухани дамуына әсері туралы ой-пікірлердің қалыптасуына Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Уалиханов, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, М. Әуезов т. б сынды халқымыздың ойшыл ағартушылары мен өнер қайраткерлерінің қосқан үлесі мол.
Жас жеткіншектерге ұлттық өнердің қыры мен сырын игерте отырып, олардың эстетикалық сезімталдығын, ой-қиялын, көркемдік талғамы мен шығармашылық қабілетін шыңдау, балалардың өзі өмір сүретін ортасына сұлулық әкелуге деген құштарлығын, туған халқының көркем-мәдени мұрасына, эстетикалық дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік қатынастарын тәрбиелеуге зор мүмкіндік туғызды.
Әр халықтың эстетиклық дүниетанымы, оның көркемдік және материялдық мәдениетін жасайтын, өзіне тән өнер түрлерімен ерекшеленетіні өмір шындығы. Қазақ халқының бар данышпандығын өз бойына жинақтаған сондай өнердің бірі - дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнер.
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің табиғаты мен даму ерекшеліктерінен көптеген деректер берген К. Ақышев, Т. Басенов, М. Мұқанов, О. Жәнібеков, А. Сейдімбеков т. б. еңбектерінде құнды да қызғылықты мағлұматтар қамтылған. Халық ауыз әдебиеті мен өнеріндегі әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер үлгілерін тәлім-тәрбиеде қолдану мәселелерін зерттеген Б. Адамбаев, Х. Досмұханбетов, Ә. Қоңыратаев, С. Қасқабасов, С. Қалиев, Ә. Табылдиев, Қ. Сейсенбаев, Ы. Оршыбеков, т. б. еңбектерінің мазмұны эстетикалық тәрбие жүйесін заман талабына сәйкес қайта жаңартуда маңызы зор.
Қазақ халқының қолөнерін жалпы білім беретін мектептің оқу тәрбие жүйесінде пайдаланудың педагогикалық мәселелері, республика ғалымдары: М. Балтабаев, С. Ұзақбаева, Қ. Ералин, Е. Асылханов, К. Әмірғазин, Б. Әлмұханбетов, Д. Балкенов, К. Болатбаев, Ұ. Ибрагимов, Ә. Қасымов, О. Сатқанов, Ф. Н. Жұмабекова, Ш. Абдуалиева т. б. Еңбектерінде зерттелген.
Белгілі ғалым Д. Кішібеков «Қазақ менталитеті» деген еңбегінде қазақ менталитетінің ерекшеліктерін сипаттайды. Онда мынадай тұжырымдар бар. «Қазақ менталитеті еуропалықтар шеңберіне сыймайды. Қазақ жері қандай кең болса, оның менталитеті де сондай мол, рухани жағынан өте бай. Оңы еуропалық қалыпқа салып қарауға болмайды. Оның өркениеті де өлшемдік түсінігі де басқа, - дей келе, бірқатар халықтардың менталитеті жөнінде мысал келтірді. Жапондардың шығарған бұйымынан алдымен эстетикалық әдемілікті, үйлесімдікті, одан соң сапалылығын, ал немістердің шығарған бұйымынан алдымен тиянақтылықты, ұқыптылықты, сапалылықты, одан соң басқа қасиеттерін байқаймыз. Яғни жазушылар, суретшілер бір халықтың, ұлттың немесе солардың уәкілінің бейнесін сол қасиеттер арқылы сомдайды» - деп сипаттайды. Сол сияқты қазақ қолөнерінің де өзінің ұлттық ерекшелігін сипаттайтын нақыш белгілері бар және ол нақыш белгілер - сол ұлтына тән ғана белгі .
Халықтың дәстүрлі төл өнері арқылы жеткіншек ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруді қалыптастыратын жолдардың бірі - қазақ қолөнері. Халық мұрасындағы сәндік-қолданбалы өнер арқылы тәрбие беру жеке тұлғаның қоршаған орта әсемдігін сезіну, тану, қабылдау қасиеттерін қалыптастыруды және рухани мәдениетін дамытуды көздейді. Сәндік-қолданбалы өнер - деп, көркемдік сапаларға ие, өзінің әсемдігімен біздің көзімізді қуантатын болашаққа пайдалы заттар жасауды айтады. Қолданбалы өнер халық шаруашылығымен тікелей байланысты. Енді осы қолөнер туындыларына тоқталатын болсақ, зергерлік өнердің орны ерекше.
Қазіргі кезеңде жас ұрпақты ұлттық өнерге баулу жөніндегі күрделі міндеттерді орындау мектеп оқушыларының өздеріне де үлкен талаптар қоятыны табиғи жағдай. Еңбек тәрбиесі - барлық тәрбиенің қайнар көзі. Өйткені бала алған білімін іс жүзінде қолдана біліп, оны өмірден, өзінің іс-әрекетімен, күнделікті тіршілік қызыметімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын, жемісін береді. Еңбекке баулудың техналогиялық талаптарына сәйкес жаңа бағдарламаның ерекшелігі сол, дәстүрлі оқытуға қарағанда, ол мұғалімдердің ойы мен іс-әрекетінің белсенділігіне еркіндік беріп, кең мүмкіндіктер туғызады.
Қазіргі еңбек пәні оқушыларға әр саладан жан-жақты білім беретіндіктен, солардың қай-қайсысында да сабақтың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсатына сай келетін тиімді тәсілдер табуға болады. Себебі жаңаша дамыта оқытудың артықшылығы бірден байқалады. Қалай болған күнде де оқушыларды қоғамға да, өзіне де, пайдалы іспен шұғылдануға үйрету - бүгінгі мектептің, оның ішінде еңбекке баулуға оқытудың бірінші кезектегі міндеті болуы тиіс. Еңбек сабақтарын өз дәрежесінде өткізу үшін халқымыздың педагогикасы мен ұлттық өнерін біріктіре оқытуды мұрат ету керек. Сондықтан еңбек сабағында көбірек көңіл бөлетініміз - дәстүрлі ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарының мағынасын ашып беру. Себебі олардың мән-мағынасын түсінбей жастар орынды қолдана алмай, оның мағыналық мазмұнын бұзып алады және мәнін түсінбейді.
Еңбек жеке адамның өркендеуіне, санасы мен қайратының қалыптасуына әсер етеді. Еңбек адам баласын рухани байытып, оның өмірінің мол қазынасын жасайды.
1. 2. Халық қолөнерін еңбек сабақтарында пайдаланудың сипаттамасы
Мектеп қай халықтың болмасын ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін қызмет етеді. Өйткені ол сол халықтың төл мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрін сақтап, одан әрі дамытудың алтын көпірі. Ендеше Қазақстан мектептері де ұлттық асылдарымыз бен қазыналарымызды сақтап, дамытудың кепілі.
Қай заманда да ұлттық өрлеудің, халықтық қалыптасудың ең негізгі, бірінші шарты - білім. Ал шынайы білім беру - ұлттық сананы қалыптастыру мен дамытудың басты құралы.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік “Білім бағдарламасында: балалар мен жастарды тәрбиелеудің ең көкейтесті мәселелері ретінде, білім мекемелерінде оқушылардың этностық-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу, білім берудің тиімді жүйесін жасап, өмірге ендіру қажеттігі атап көрсетілген. Сондықтан еңбек сабағын қазіргі таңда халық педагогикасымен ұштастыру өте қажет. Олай дейтініміз, еңбек сабағы арқылы шәкірттердің бойына ұлтымыздың мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сіңіруге мол мүмкіндік бар.
Өресі биік өнер атаулының қай саласынан болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір ғана өзіне тән қайталанбас ерекшелігімен көзге түседі. Бұған ұлттық сәндік-қолданбалы өнер дәлел бола алады. Ұсталық пен зергерлік иелері де түрлі металдардан сан алуан бұйымдар, сәндік әшекейлер жасаған. Қазақстан жерінде мыс, жез, темір, күміс сияқты металдардан бұйымдар жасау ісі көне замандардан басталған. Осылайша, ұсталар мен зергерлердің дәстүрлі өнері біздің заманымызға жетіп отыр. Қазақ ұлттық өнерін дамыту қазіргі кездегі күн тәртібіндегі бірінші мәселе. Сондықтан, мектеп оқушыларында бастап ұлттық бұйымдарды жасауға деген талпынысты қалыптастыру қажет. Ұлттық бұйымдарды жасау барысында, қолөнершілер туралы мәлімет немесе анықтама беріп, қолөнер сөзінің мазмұнына, ертеден келе жатқан қазақтың үй жиһаздары мен сәндік әшекейлі бұйымдары, тұрмыстық бұйымдарына тоқталуға болады. Оларды жасайтын адамдарды халқымыз барынша құрметтеп “шебер” деп атағандығы, жалпы айналысатын ісіне қарай, барлық шеберлерді үш негізгі топқа бөлгенін атап өткен жөн :
1. Шеберлер (ағаштан түрлі бұйымдар жасап, киіз үй жабдықтарын, тоқылатын бұйымдарды дайындайтындар) .
2. Ұсталар (ат әбзелдері тағы басқа темірден бұйымдар соғатындар) .
3. Зергерлер (алтын, күміс тағы басқа асыл тастарды пайдаланып, әшекей сәндік бұйымдар жасайтындар) .
Ұлттық бұйымдардың жасалу технологиясын бастамас бұрын әр бұйымның өзіне тән ерекшеліктеріне терең мән беріп, ұғыну қажет.
Сәндік-қолданбалы өнер түрлеріне тоқталмақпыз .
Жалпы мектептерде қолөнерді атқаруда ұрпақтың көркемдік мәдениетін қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбекке тәрбиелеуге, эстетикалық білім тағылымдарын арттыруға, өнер мен шындықтың әдемілігін сүйсіне қабылдауға, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғай білуге, халқының мәдениетін одан әрі дамытуға, үйренуге мүмкіндік береді.
Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күндік тіршілігі барысында орында пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Бұдан біз халық шығармашылығының қандай түрі болса да халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн көріс кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.
Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илдеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлейтін болды. Ертеден біздің заманымызға дейін сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі, діни әртүрлі құбылыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді ою-өрнектер, ағаштан қиюлап, тастан қашалып жасалған діңгектер-халық қолөнерінің тамаша туындылары.
Саз балшықтарды күйдіріп, ағашты майлап кептіру, шақпаққа қу жасап, оны тұтанғыш ету, бейіт, қоған, мешіт және т. с. с. салуда қолданылған балшықты қыл, жүн, шөп- шалам араластырып илеу тәсілдері өте ертеден-ақ халықтың іздену талабынан, қоғам дамуы процесінен туған айла-тәсілдер. Батырлық пен саяхатшылыққа қажетті садақ пен жебе, айбалта мен шоқпар, сойыл мен босмойын, аңшыларға қажетті құстың тұғыры мен томағасы, балдағы мен аяқ бауы сияқты көптеген жабдықтар да қазақ халқының тұрмыс салтына, кәсібіне байланысты туындағаны сөзсіз.
Мал шаруашылығына қажетті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құпық, бұғалық, тұсамыс, өре, шідер, кісен, қода, ер-тұмандарын да халық ойлап тапты. Зергерлік, кестешілік және оюшылық өнерді дамытты. Халық өнерпаздары құмнан, тастан, саздан құмыра, ыдыс-аяқтар, мүйізден, сүйектен, мал ман аң терілерінен әшкейленген нақышты мүліктер, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын жасады.
Қазір халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беру керек. Мысалы, жеңіл күпі, қаптал шекпен, саптама етік, түлкі тымақ, жүн қолғап, бөкебай, орйын орағыш сияқты ұлттық киімдер малшылар қауымы үшін қазір де қажет.
Еңбекте қазақ қолөнерінің бірнеше салалары бар:
Жүн және оған ұқсатылатын заттар, қой, түйе жүндері, ешкінің түбіті мен қылы, олардың түрлері мен атаулары. Жылқы қылы мен қоянның, құстың жүндері, олардан жасалатын заттар. Жүндерді іске әзірлеу: жуу, қайнату, сабау, түту, шүйкелеу, иіру, басу, бояу және т. б. ;
Киіз басу. Мұнда жүн сабау, киіз басу, текемет, сырмақ сияқты заттарды өрнектеу әдістері;
Кестешілік пен көркем өнер тігіс өнері, олардың түрлері, атаулары, кестелеу әдістері, өрнек түрлері мен қазақ қол тігісі;
Зергерлік өнер, зергерлер жасайтын сәнді бұйымдардаң түрлері мен атаулары, зергерлік ісінің өзгешелігі, оған керек жабдықтар мен істеу әдістері. Ер-тұрман, теңге, моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы жасаудағы зергерлер ісінің мәнерлері және т. б. жайлардан деректер;
Сүйек пен мүйізден істелген әдемі заттар - жүк-аяқ, асадал, кебеже, ожау, піспек, адалбақан т. б. ;
Мал мен аңның терілерін ұқсату - и салу, қайыс илеу, көң қатыру, тері ыстау, көн тілу, өрімшілік, ер-тұрман жасау өнері;
Балғары ұқсату - етікшілік, тігіншілік, етік, кебіс, мәсілердің түрлері, кіселер, күмісті белдіктер;
Ши орау өнері - шиді әзірлеу, тоқу, өрнектеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz