Қазакстан Республикасы ҚІЖК-нің 454-бабына сәйкес үкімді орындаумен байланысты мәселелер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Сот шешімдерін орындау
1.1 Сот үкімдері мен каулыларын орышдаудын түсінігі мен
мәні ... ... ... ... ... ...6
1.2 Соттын үкімін, қаулысын орындауға кірісу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Үкімді орындау кезінде сот карауға жататын
мөселелер ... ... ... ... ... ... .. ... 12
2 Үкімді орындаумен байланысты мәселелерді шешетін соттар
2.1 Қазакстан Республикасы ҚІЖК-нің 454-бабына сәйкес үкімді орындаумен
байланысты
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..16
2.2 Үкімді орындаумен байланысты мәселелерді шешудің
тәртібі ... ... ... ... ... 18
3 Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу
қадағалау сатысындағы іс жүргізу
3.1 Сот шешімдерін қадағалау тәртібі мен қараудың
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
3.2 Сот жүйесіндегі
өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
Қолданған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..35

Кіріспе
Биыл бүкіл халық болып, Ата заңымыз – еліміздің Конституцияның 15
жылдығын мерейлі атап өттік. Сонымен қатар сот қызметін үйлестіру бағытында
басты заң болып табылатын Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25
желтоқсандағы Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық
Заңымызға да 10 жыл толғалы, ал тәуелсіздігімізге 20 жыл толғалы отыр.
Жоғарыда аталып өткен сот билігі мен судьяларының мәртебесін реттейтін
заңданақты Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге
асырады. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырыладыжәне
азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін
қорғауға. Республика Конституциялық, заңдарының, өзге де нормативтік
құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге
қызмет ететіндігі айтылған.
Еліміз егеменді болып, өз алдында мемлекет болғалы бері өз сот билігін
қалыптастырып, осы уақыт ішінде атқарылған істер аз болмай, өз кезеңдерінде
заман талабына сай оңды өзгерістерге бой алдыруда.
Есте болса, Елбасымыз - Қазақстан Республикасы Президентінің сот
жүйесінің алдына қойған сегіз басты міндет қойғаны бәрімізге белгілі.
Олардың бастыларына келсек, Конституцияда көзделген сот әділдігін алқа
билердің қатысуымен атқару принципін іс жүзіне асыру. Өлім жазасы көзделген
ауыр қылмыстардан бастау.
- Мамандандырылған соттар жүйесін-бірінші кезекте, экономикалық және
әкімшілік соттарды кезең-кезеңмен құру жұмысын жалғастыру.
- Сот кадрларын даярлау мен біліктілігін арттырудың тиімді жүйесін
жасау шараларын қолдану. Бұл ретте сот әділдігін біздің қоғамның ең лайықты
мүшелері ғана атқаруы үшін судьялардың адамгершілік және этикалық болмысына
деген талаптарды күшейту. Соттардың жұмысын халық үшін барынша ашық және
ұғынықты ету және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысын түбегейлі
өзгертуді талап етуді көздеген сегіз басым міндеттер бірте-бірте іс жүзінде
асуда.
Еліміздің Конституциясында адам және оның өмірі, құқықтары мен
бостандығы мемлекеттің ең қымбат қазынасы ретінде қарастырылған. Сот
қабырғасында мыңдаған адамдардың тағдыры, өзара даулары шешілетіні, олардың
құқықтары мен бостандықтарының қорғалатыны баршамызға мәлім. Еліміздің кез-
келген азаматы өзінің құқығы сот арқылы қорғалатының жақсы біледі. Бұл
халықтың билік қашанда әділдік жағында тұрады деген ақ үміті. Оны ақтау
соттардың қолында. Бірақ ол үшін осы істердің басы-қасында жүретін
судьялардың әрекеті заң талабынан ауытқымауы тиіс. Бұл туралы ҚР Жоғарғы
Сотының төрағасы М.Әлімбековтың судья атану оңай емес, алайда ол атаққа
лайықты болу тіптен қиын-деген сөзі ойға оралады. Сондықтан сот деген -
әділдіктің айнасы болуға тиіс. Бұл үшін қазіргі таңда соттарға көптеген
жағдайлар жасалуда. Мәселен соңғы жылдары соттарға деген үміт күннен –күнге
артуда. Сондықтан да, мемлекет оларды жаңа ғимараттармен жоғарғы сапалы
техникалармен қамтамасыз етуде. Сот билігінің қоғамдағы орны белгіленіп,
жағдайлары жасалуда. Жалақы мен судья отставкаға шыққан жағдайда ол үшін
өтемақы мәселесі де оңды қарастырылған.
Сот билігінің деңгейін жоғарылату, халқымыздың құқықтары мен мүдделерін
қорғау судьяларымыздың басты мақсаты болуы тиіс. Аса ауыр қылмыстар уақыт
талабына байланысты облыстық соттан бөлек қаралу қажеттілігі туып, 2010
жылдың қаңтар айынан бастап елімізде Мамандырылған ауданаралық қылмыстық
істер жөніндегі соттар ашылып, ауыр қылмыстар енді осында қаралып Алқабилер
де, осы сотпен бірге қызмет жасайды. Соттарымыздың басты міндеті - әділ
шешім қабылдауында. Сот залында қаралатын сот ісі жаңарған заңдарымыздың
негізінде жүргізілуі тиіс.
Сот билігін жүзеге асыру жүктелген судья лауазымына тағайындау мәселесі
де қазіргі таңда база назарда болып, ол қызметке өмір тәжірибесі жақсы
жағынан мол қалыптасқан адамдарды алу қажет. Судья - халқымыздың ары, ол
судай таза, тұнық, әрі лайланбаған болуы тиіс. Ол үшін бізге кадрлармен көп
жұмыс жүргізу керек. Сонда ғана өз ісіне адал, адамгершілік пен заңдылық
құндылықтарын бойына сіңіре білген, халықтың қамын ойлайтын сот кадрларын
қалыптастырамыз. Соттар демократиялық мемлекеттің негізгі құқықтық
иниституты. Әлеуметтік экономикалық және саяси реформаның табысты болуы көп
жағдайда осыған байланысты.

1. Сот шешімдерін орындау
1.1 Сот үкімдері мен каулыларын орышдаудын түсінігі мен мән
Сот шешімдерін орындау сот үкімі (айыптау немесе ақтау) мен сот
қаулысында болатын, сонымен қатар жазалау сипаты мен түріне қатыстыболатын
ережелер жүзеге асырылатын қылмыстық процестің қорытында кезені.
Сотталушының жазасын өтеу жағдайларының дербес қылмыстық-атқару құқығымен
жүзеге асырылатынын білген жөн. Үкімді орындау бұл тек қана жаза белгілеу
шешімін орындау ғана емес. сонымен қатар онда сотталушыны қамаудан босату
туралы шешім, шартты мерзімінен бұрын босату туралы шешім және ҚР ҚІЖК-нің
453-бабында көрсетілген өзге де шешімдер көзделуі мүмкін. Жазаны орындау
негізі болып заңды күшіне енген соттың үкімі немесе қаулысы, сондай-ақ
кешірім беру немесе ракымшылық жасау ақтісі табылатынын естен шығармау
кажет.
Үкім мен каулының занды күшіне енуі. Бірінші сатыдағы сот үкімдері,
егер оған шағымданбаса немесе наразылык келтірілмесе, аппеляциялық
шағымдану немесе наразылық келтіру мерзімі өткен сон заңды күшіне енеді
және орындалуға тиіс.
Аппелициялық шағым жасалған немесе наразылық келтірілген
жығдайда, бірінші сатыдағы сот үкімінін күші жойылмаса, аппеляциялық қаулы
шығарылған күні күшіне енеді. Егер аппеляциялық шағым, наразылық
аппеляциялық сатыдағы сот отырысы басталғанға дейін қайтарып алынса үкім
шағымды, наразылықты қайтарын алуға байланысты аппеляциялық іс жүргізудін
тоқтатылғаны туралы аппеляциялық сатының каулысы шығарылған күні занды
күшіне енеді.
Үкім занды күшіне енген немесе іс аппеляциялық сатыдағы соттан
қайтарылған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей бірінші сатыдағы сот
үкімді орындауға кіріседі.
Қылмыс жасағаны үшін сотталған, егер айыптау үкімі Қазакстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің 75-бабымен белгіленген мерзімде
орындамаса, жазаны өтеуден босағылады.
Егер сот ақтау үкімін қабылдаса не сотталушы жаза тағайындалмай
сотталса немесе жазадан босатылса не бас бостандығынан айырумен байланысты
емес жазаға кесілсе, ал үкім қабылданғанға дейін ол қамауда ұсталса, мұндай
шешім шығарған сот оны дереу қамаудан босатады (КР ҚІЖК 447-бап 5-бөлігі.)
Бірінші сатыдағы сот қаулысы шағымдану немесе наразылық білдіру мерзімі
өткен сон не жеке шағым жасалған немесе наразылық білдірілген жағдайда,
істі жоғары тұрған сот карағаннан кейін занды күшіне енеді және орындалады.
Соттын шағымдануға немесе наразылық білдіруге жатпайтын қаулысы ол
шыққаннан кейін дереу күшіне енеді және орындалуға жатады.
Істі қысқарту туралы сот қаулысы сот отырысын тағайындау туралы
мәселені шешу кезінде немесе сот отырысында оның айыпталушыны немесе
сотталушыны қамаудан босатуға катысты бөлігінде дереу орындалуға жатады.
Аппеляциялық сатыдағы соттын қаулысы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің
423-1-бабында көзделген тәртіпте орындалады.
Аппеляциялық сатының қаулысы ол жарияланған кезден бастап заңды күшіне
енеді және тек прокурордың наразылығы бойынша қадағалау сатысында
қарастырылады (КР КІЖК 448-бап). '
Сонымен катар, үкімнін айналысқа (қолданысқа) түсу процесінде үкімге
оның манызына тиетін өзгертулер мен толықтыруларды енгізуге болмайтынын
естен шығармау керек, бұнда тек сот қадағалауы тәртібімен ғана жүзеге
асырылады. Он жыл толғалы отырған заңымызда сот билігі азаматтық, қылмыстық
және заңда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге
асырылады делінген.
Қазіргі кезде облысымызда сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысына
қарасақ, соңғы жылдары жалпы халықтың сот төрелігіне қайырылуы анық
байқалуды. Оған жақында Жамбыл облысы соттың кеңейтілген пленарлық
отырысының күн тәртібіне облыс соттарының 2010 жылдың 9 айында атқарған
жұмыстарының нәтижелерін қорытындылауда өз дәлелін тауып отыр.
Аталған уақытта облыстың соттарымен 12016 азаматтық іс бойынша шешім
қабылданса, өткен жылдың осы уақытында 9894 азаматтық іс бойынша шешім
қабылданған, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда 2 122 іс бойынша көп шешім
шығарылған.
Жоғарғы сатылы соттармен бірінші сатылы соттардың 35 шешімі бұзылған,
ол жалпы қабылданған шешімдердің 0,3 пайызын құрады. Былтырғы көрсеткіш
бойынша 42 шешім бұзылып, ол 0,4 пайызды құраған болатын. Сонымен қатар
соттардың 128 шешімі өзгертіліп, ол қабылданған шешімдердің 1,1 пайызын
құраса, өткен жылы 147 шешім өзгертіліп,ол 1,5 пайызды құраған болатын.
Яғни өткен жылмен салыстырғанда біздің соттардың жұмыс көрсеткіштері едәуір
жақсарды.
Ағымдағы жылдың 9 айында аудандық соттардың процессуалдық заңда
көрсетілген азаматтық істерді қарау мерзімі бұзылмай өткен жылдармен
салыстырған істің созбалаңға салынбай заңда көрсетілген мерзім ішінде жан-
жақты зерделеніп, нақты шешім қабылдануда деген сөз. Бұл да өз кезегінде
халықтың әуре-сарсаңға түспей, сот билігіне деген көзқарасы жақсаратын
белгілі.
1.2 Соттын үкімін, қаулысын орындауға кірісу тәртібі
Занды күшіне енген соттың үкімі мен қаулысы мемлекеттік органдардың,
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, занды тұлғалардын, лауазымды
адамдардың, азаматтардың бөріне бірдей міндегті және республиканың бүкіл
аумағында сөзсіз орындалуға жатады. Соттың үкімін, қаулысын орындамау
Кылмыстық кодекстің 362-бабымен көзделген кылмыстық жауапкершілікке
әкеледі..
Заңды күшіне енген үкім осы кызметпен айналасуға арнайы құзыретті
ұйымдар мен органдармен, яғни қылмыстық атқару зандылығымен жүзеге
асырылады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінін жүйесіне үкімді орындауға
құзыретті мекемелер, органдар, лауазымды тұлғалар енеді. Оларға:
-түзеу колониялары (жалпы, катаң, аса қатан режимдегі);
-кәмелет жасына толмағандар үшін тәрбиелеу колониялары;
түрмелер, тергеу изоляторлары;
мекен - колониялары;
қылмыстық аткару инспекциялары;
арнайы мекемедер — түзету орталықтары;
қамау үйлері;
сот орындаушылары.
Кейбір түзету колонияларында соттар мен құқық корғау органдарының
бұрынғы қызметкерлері отыратынын білу кажет.
Қылмыстық атқару инспекциялары жазанын келесі түрлері бойынша
үкімнің орындалуын жүзеге асырады:
1) белгілі лауазымда болу немесе белгілі қызметпен айналысу;
айыппұл;
түзету жұмыстары;
қоғамдык жұмыстарға тарту;
шартты түрде соттау;
тәртіптік әскери бөлімде ұстау.
Аталмыш жаза түрлерін орындау қылмыстық атқару инспекциясынын
әкімшілігімен, сотталушының тұрғылыкты жері немесе жұмыс орны бойынша
ұйымдармен не кұзыретті лауазымды тұлғалармен жүзеге асырылады.
Сот үкімі бойынша бостандығын шектеуді арнайы мекемелер түзету
орталықтары жүзеге асырады.
Сот үкімі бойынша қамауға алу туралы үкім шығарылған тұлғалар жазасын
қамауға алу үйлеріне жүзеге асырады.
Бостанлығынан айыру немесе өлім жазасы секілді жазаларды атқару
қылмыстық атқару жүйесінін атқару мекемелеріне, сондай-ак шаруашылық кызмет
көрсету жұмыстарын жүрігізуге қалдырылған сотталушыларға қатысты тергеу
изоляторларына жүктеледі.
Үкім мен қаулыны орындауға кірісу бірінші саты бойынша істі қараған
сотқа жүктеледі. Үкімді орындау туралы әкімді сот төрешісі үкімнін
көшірмесімен бірге кылмыстық аткару заңдарына сәйкес үкімді орындау міндеті
жүктелген ортанға жібереді (КР КІЖК 449-бап, 2-бөлік).
Аппеляциялық сатыдағы сотқа қамауда ұсталған адамдарға қатысты істі
аппеляциялық тұрғыда қараудың нәтижелерін хабарлау міндеті жүктеледі. Істі
аппеляциялық тәртіппен қарау кезінде үкім өзгерген жағдайда үкімнін
көшірмесіне аппеляпиялық саты қаулысынын көшірмесі қоса тіркелуге тиіс.
Сотталушыны әскери, арнаулы немесе өзге атағынан, сыныптық шенінен,
біліктілік сыныбынан айыру туралы үкім шығарған сот үкімнің занды күшіне
енгенінен соң сотталушыға әскери атақ, сыныптық пен немесе біліктілік
сыныбын берген лауазымды тұлғаға оның көшірмесін жолдайды.
Үкімде сотталушыны Қазақстан Республикасынын мемлекеттік наградасынан,
Қазақстан Республикасының Президенті берген құрметті, әскери, арнауды
немесе өзге атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялык дәрежесінен немесе
біліктілік сыныбынан айыру туралы мәселені қою қажеттілігі көрсетілсе,
үкімді шығарған сот Қазақетан Республикасынын Президентіне сотталушыны
мемлекеттік наградасынан, Қазакстан Республи-касының Президенті берген
құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге атағынан, сыныптық иіенінен,
дипломатиялық дәрежесінен немесе біліктілік сыныбынан айыру туралы
ұсынысты, сондай-ақ үкімнің көшірмесі мен оның занды күшіне енуі туралы
анықтаманы жолдайды ( КР КІЖК 449-бап, 3-бөлік).
Кейбір жағдайларда соттың өзіне өзінің үкімін, әсіресе сотталушыны
ақтау мен бұлтартпау шараларын тоқтату шешімдерін орындауына тура келеді.
Түзеу мекемесінің әкімшілігі, жазаны орындаушы органдар үкім шығарған
сотқа сотталушынын жазасын өтеу орны мен оны жіберген уакыты жөнінде
хабарлауы тиіс.
Мүліктік шығынды өтеу туралы жәбірленушінің азаматтық талабын
канағаттандыру жағдайында үкім сот орындаушысымен орындалады.
Үкімнің орындалуына дейін (жазаны өтеу орнына жіберілгенге дейін) істі
қараған соттөрешісі (төрағалық етуші) немесе сот төрағасы қамауда отырған
соггалушының жакын туысга-рына олардың өтініштері бойынша сотталушымен
кездесу немесе телофонмен әңгімелесу мүмкіндігін беруге міндетті.
Үкімнің атқарылуын кейінге қалдыру (КР КІЖК 452-бабы). Адамды қоғамдық
жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартуға, бас бостандығынан шектеуге, қамауға
немесе бас бостандығынан айыруға соттау туралы үкімді орындау мынадай
негіздердін бірі болған кезде:
жазаны өтеуге кедергі келтіретін сотталушының ауыр сырқаты болса, - ол
сауығып кеткенге дейін;
сотталған әйелдің жүкті болуы немесе сотталған әйелдін жас балалары болса -
Казакстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабында көзделген тәртіпте;
өрт немесе кездейсоқ апат, отбасынын еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр
науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше жағдаяттардын
салдарынан, сотталған адам немесе оның отбасы үшін жазаны дереу өтеу аса
ауыр зардапқа соқтырып өкелуі мүмкін болса, сот белгілеген алты айдан артық
емес мерзімге, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 74-бабының
екінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты үш айдан артық емес мерзімге
кейінге қалдырылуы мүмкін.
Айыппұл төлеу, егер оны дереу төлеу сотталушы үшін мүмкін болмаса, алты
айға дейін мерзімге кейінге қалдырылуы немесе бөліп өтелуі мүмкін.
Үкімді орындауды кейінге қалдыру туралы мәселені сотталушының оның
занды өкілінін, жақын туыстарының, қорғаушысының өтініші бойынша не
прокурордың ұсынуы бойынша немесе өз бастамашылығымен сот шешеді. Сондай-ақ
облысымыздың аудандық және оған теңестірілген соттармен 2010 жылдың 9
айында 2134 тұлғаға қатысты 1842 қылмыстық іс қаралып, сот үкімі шыққан.
Ал, өткен жылы осы кезеңде 2011 қылмыстық іс 2339 тұлғаға қатысты қаралған.
Бір қуантарлығы бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырған 169 қылмыстық іске
азайып отыр, демек қылмыстың азаю деп білген жөн.
Осы аудандық және оған теңестірілген соттардың қабылдаған айыптау
немесе ақтау үкімдерінің 347-іне тараптардан апелляциялық шағым немесе
наразылық келтірілген болса (22,3 пайыз), бұл көрсеткіш 2009 жылдың 9
айында 445 іс бойынша шағым, наразылық келтірілген. (25,4 пайыз).
Осы апелляциялық тәртіпте қаралған істердің 2010 жылдың 9
айында 9 адамға қатысты сот үкімі бұзылып 0,4 пайызды құраса, өткен жылдың
9 айында 11 тұлғаға қатысты үкім бұзылып, 0,5 пайызды құраған, демек бұл
көрсеткіш 0,1 пайызға жақсарып отыр.
Ал сот үкімдерінің өзгертілу жағдайы да ағымдағы жылы жақсарды,
яғни 2010 жылдың 9 айында апелляциялық тәртіппен 60 тұлғаға (2,8 пайыз)
қатысты үкім өзгертілсе, өткен жылдың осы кезеңінде 106 адамға қатысты сот
үкімі өзгертіліп, 4,5 пайызды көрсетіп, жұмыс деңгейде төменде болған.
Сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген сот актілері, және де
облыстық соттың апелляциялық алқасының қаулылары, ұйғарымдары облыстық
соттың кассациялық алқасында қаралу нәтижесі бойынша да өткен жылмен
салыстырған біршама жақсарды. Демек сот төрелігін жүзеге асыру сапасының
жақсарып, заңды шешім қабылдау көрсеткіші жоғарылады деп ұғынуымыз қажет.
1.3 Үкімді орындау кезінде сот карауға жататын мөселелер
Үкімді атқаруды жүзеге асыратын органдар қылмыстық атқару заңнамасына
сәйкес сотталушылардың жазаны өтеу мерзімінде сотқа олар туралы жүгіне
алады: оларды жаза өтеуден босату туралы, шартты мерзімінен босату туралы,
жазаның өтелмеген бөлігін жеңілге ауыстыру туралы, жаза түрі мен
жағдайларын ауыстыру туралы.
Жазанын етелмеген бөлігін жеңілге немесе өзге түріне ауыстыру. Сот,
жазаны атқарушы органдар мен мекемелердін ұсынуы бойынша сотталушынын
жазаны өтеуінен әдейі жалтарған жағдайында жазаны:
айыппұлды қоғамдық жұмыстарға, түзеу ж ұмыстарына тартумен немесе тиісінше
бір ай түзеу жұмыстары есебінен қамаумен, немесе сексен сағат қоғамдық
жұмыстарға тартумен, немесе қамаумен ауыстыруға (ҚР КК 40-бабы);
қоғамдық жұмыстардан әдейі жалтарған жағдайда олар бас бостандығын
шектеумен, қамауға алумен немесе бас бостандығынан айырумен ауыстыруға (ҚР
КК 42-бабы);
түзеу жұмыстарын айыппұл салумен, бас бостандығын шектеу, қамауға алу
немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазалауға ауыстыруға(КР КК 43-бабы);
бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған
жағдайда сот бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге
бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыруға (КР КК 45-бабы) құқылы
болады.
Қоғамнан шеттетілумен байланысты емес сотталушыларға катысты, қылмыстық
атқару инспекциясының бақылауынан жасырынып жүрген немесе жазаны өтеуден
жасырынып жүрген тұлғаларға соттың іздеу салуы не оларға қатысты қамауға
алу шарасын таңдай алады.
Сотталушының тәртіпті болуы, енбекке адал қарауы жағдайыңда ол соттың
қаулысы бойынша бір түзету мекемесінен екінші мекемеге ауыстырылуы мүмкін.
Мысалы. түрмеден түзету колониясына, жалпы және қатаң режимдердегі түзету
колонияларынан мекен колонияларына ауыстырылуы мүмкін.
Қылмыстық атқару инспекциясы шартты түрде сотталғандардың тұрғылықты
жері бойынша сынақ мерзімі кезінде шартты түрде сотталғандарға бақылау
жасауды, ал әскери сотталғандарға қатысты олардың әскери бөлімдерін
басқаруды жүзеге асырады.
Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде коғамдық тәртіпті
үнемі және қасақана бұзған жағдайда, не шартты түрде сотталған адам
бақылаудан жасырынса, сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген органның
ұсынысы бойынша шартгы түрде сотгаудың күшін жою және сот үкімімен
тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы етеді (КР КК 64-бап);
Бас бостандығын шектеу түріндеі і жазаны өтеу кезенінле сот сотталған
адамның мінез-құлқын қалағалауды жүзеге асыратып органнын ұсынысы бойынша:
заттай дәлелдемелердін тағдырымен, егер ол сот шешімімен шешілмесе;
сотталушының үкімнін шығарылуына дейін колы жеткен және зан бойынша
тәркілеуге жататын мүлкін, сондай-ақ үкімнің шығарылуына дейін немесе
шыққанынан кейін қол жеткізілген үкі бойынша тәркілеуге жататын ақшалай
қаражаттары немесе мүлкін қосымша анықтауға тәркілеумен. Бұндай жағдайларда
мәселе прокурордын ұсынуы бойынша сотпен шешіледі;
үкімнің соты бойынша төркілеуге жататын заттардын тізімін анықтаумен, егер
үкімде сотталушыға жататын мүліктің бір бөлігін тәркілеу көрсетілсе;
сотталушыдан түзету жұмыстарына ұстап алынған соманы қайтарумен, егер үкім
кейін жоғары тұрған сотпен жойылса және іс түзеу жұмыстарын сотталушынын
жартылай немесе толық өтеуі бойынша тоқтатылса;
сот шығындарынын көлемі мен оларды бөлуді анықтаумен, егер бұл сұрақтар сот
үкімінде шешімін таппай;
соттың бекітуі бойынша істе қатысқан қорғаушының еңбегін өтеумен, егер бұл
мәселе үкімді шығарумен бір мезгілде шешілмесе;
сотталушының қараусыз қалған балаларының тағдырымен және оларды не
туыскандарының, не мекемелердін қарауына берумен, егер сот қателесіп бұл
сұрақтарды дер уакытында шешпесе;
егер сотталушыны ақтау немесе жазадан босату кезінде сот үкімінде
бұлтартпау шарасын көрсету көзделмеген жағдайларда бұлтартпау шараларын
жоюмен;
жазаны өтеу мерзіміне алдын ала қамауға алуды есептеумен, егер бұндай
есептеу соттың үкімімен жүзеге асырылмаса, немесе оны есептеу кезінде қате
жіберілсе;
бірнеше үкімдердің жиынтығы бойынша жазаларды тағайындауда өтелген
жазаларды есептеумен, егер бұндай есептеу сот үкімімен жүзеге асырылмаса
немесе дұрыс жүргізілмесе;
бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғаларға түзету колониясының түрін
аныктаумен, егер үкімде оның түрі көрсетілмесе;
шартты түрде согпуіганды коғамдык ұйымға немесе еңбек ұжымына кайга
тәрбиелеу мен түзетуте беру, егер егер сәйкес үсыным олардан сотка үкімнін
шыкканынан кейін түссе;
рақымшылық ету актісін қолданумеп, егер оны колдану міндетті болса және сот
оны талқылауға катыспаса;
лауазымды немесе қызмет түрін анықгаумен, егер сот-тың белгілі лауазымды
аткару, немесе белгілі кызметпен айна-лысу құқығынан айыру туралы үкімінде
лауазым не кызмет (іс-әрекет) нақты анықталмаса.

2 Үкімді орындаумен байланысты мәселелерді шешетін соттар
2.1 Қазакстан Республикасы ҚІЖК-нің 454-бабына сәйкес үкімді
орындаумен байланысты мәселелер
укім шығарған сотпен;
тұрғылықты жер бойынша сотпен;
жазаны өтеу орнының сотымен жүзеге асырылады. Үкім шығарган сот төрешісі
келесі сұрақтарды шешеді:
а) Қазақстан Республикасы ҚРҚІЖК-нің452-бабына сәйкес
үкімнің атқарылуын кейінгі қалдыру туралы;
б) жазаны басқа түрмен ауыстыру туралы (ҚР ҚІЖК 453-
бабының 1-тармағы);
в) соттың айыптау үкімінін ескіру мерзімінің өтіп кетуіне
байланысты жазаны өтеуден босату туралы (ҚР ҚІЖК 453-ба-
бының 6-тармағы);
г) басқа да орындалмаған үкімдер болған кезде, егер бұл
уакыт бойынша соңғы үкімде шешілмесе, укімді орындау тура-
лы (ҚР ҚІЖК 453-бабының 7-тармағы);
д) қылмыстық-атқару зандарына сәйкес түзеу жұмыстары-
на сотталушының жалақысынан ұстау мөлшерін төмендету ту-
ралы (ҚР ҚІЖК 453-бабының 2-тармағы);
ж) үкімді орындау кезіңде туындаған қандай да болсын күмән мен
түсініксіздікті ұғындыру туралы (ҚР ҚІЖК 453-бабының 12-тармағы);
Егер үкім оны шығарған соттың қызмет ауданынан тыс жерде орындалуға
жатса, онда осы мәселелер бір аттас сотпен шешіледі, үкімді орындау
аумағында бір аттас соттың болмауы жағдайында жоғары тұрған сотпен
шешіледі. Осы жағдайларда сот қаулысының көшірмесі үкім шығарған сотқа
жіберіледі.
Сотталушының жазаны өтеу орны бойынша сотпен келесі мәселелер қаралады:
а) қылмыстық-атқару заңдарына сәйкес бас бостандығынан
айыруға сотталған адамға шығарылған үкім бойынша тағайын-
далған түзеу мекемесінін түрін өзгерту туралы (ҚІЖК 453-ба-
бынын 2-тармағы);
б) жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату,
жазанын өтелмеген бөлігін неғүрлым жеңіл жаза түрімен ау ыс-
тыру туралы, сондай-акжазаны өтеуден мерзімінен бұрын шарт-
ты түрде босатуды жою туралы (ҚР ҚІЖК 453-бабының 3-тар-
мағы);
в) науқастануына байланысты медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын колданып немесе колданбай жазадан
босату туралы (ҚР ҚІЖК 453-бабының 4-тармағы);
г) қамауда ұсталған мерзімін, сондай-ақ емдеу мекемесінде
болған уақытын есепке алу туралы (ҚР ҚІЖК 453-бабының 8-тар-
мағы);
д) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану-
ды ұзарту, өзгерту немесе туралы (ҚР ҚІЖК 453-бабынын 9-тар-
мағы);
ж) кері күші бар кылмыстық занының, сондай-ақ ракымшылық жасау
актісінін шығуы себепті жазадан босату немесе жазаны жеңілдету туралы (ҚР
ҚІЖК 453-бабынын 10-тармағы);
Сотталушының тұғылықты жері бойынша сот мына мәселелерді шешеді:
а) жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату-
ды жою туралы (ҚР ҚІЖК 453-бабының 3-тармағы);
б) шартты соттауды жою туралы;
в) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталып,
бақылаудан жасырынған және жазасын етеуден жалтарған адам-
дарға қатысты іздестіру жариялау мен бұлтартпау шарасын таң-
дау туралы (ҚР ҚІЖК 453-бабының 1-1-тармағы);
г) шартты түрде соттауды жою немесе сынақ мерзімін ұзар-
ту (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінін 64-бабы)
туралы;
д) бас бостандығын шектеуге сотталған адам үшін бұрын
белгіленген міндетгердін толық немесе ішінара күшін жою ту-
ралы (ҚР ҚІЖК 453-бабының 5—1-тармағы);
2.2 Үкімді орындаумен байланысты мәселелерді шешудің тәртібі
Заңда ҚР ҚІЖК 453-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда жазаны
өтеуден босату кезінде медициналық сипат тағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды
үш сот төрешісі кұрамындағы сот шешеді. Жазаны орындаумен байланысты барлық
баска мәселелерді сот отырысында сот төрешісі жеке дара шешеді.
Үкімді орындаумен байланысты мөселелерді жазаны орындайтын органның
ұсынуы бойынша сот қарайды, не кәмелетке толмаған адамнын. Түзелуін
қамтамасыз етуші маманландырылған мемлекеттік органның ұсынуы бойынша сот
шешеді. Сот отырысына өздерінің ұсынуы бойынша іс қаралатын органдар мен
ұйымдардың өкілдері шақырылады.
Заңда, яғни ҚР ҚІЖК 452-бабында, 453-бабынын 4, 6,7, 10, 11 және 12-
тармақтарында көрсетілген жағдайларда, соттың мәселені қарауына
сотталушының өтініші негіз болуы мүмкін
Заңда (ҚР ҚІЖК 453-бабының I, 2, 3, 5, 6, 7, 10 және 11-тармақтарында)
кезделген жағдайларда сот отырысына өзіне қатысты іс қаралатын сотталушының
қатысуы міндетті. Сотталушы сотқа ұсынылған материалдармен танысуға. оларды
қарауға қатысуға, өтінішін мәлімдеуге немесе бас тартуға, түсініктер
беруге, дәлелдемелер ұсынуға кұкылы.
Сотталушы өзінін кұкықтарын қорғаушының көмегімен жүзеге асыра алады.
Сот кәмелетке толмағандарға қатысты, сондай-ақ өздерінің құқығын қорғауды
өз бетінше жүзеге асыру мүмкіндігінен айыратын дене және психикалық
кемістіктерден зардап шегушілерге, сонымен бірге іс бойынша іс жүргізілетін
тілді білмейтін адамдарға да үкімді орындауға байланысты мәселелерді сот
қараған кезде қорғаушының қатысуы міндетті.
Науқастануына байланысты сотталушыны босату туралы не оны емдеу
мекемесіне орналастыру туралы меселені қарағап кезде қорытынды берген
дәрігерлер комиссиясы өкілінің катысуы міндетті.
Егер мәселе үкімді орындаудын азаматты талап белігіне қатысты болса,
сот отырысына сондай-ақ азаматтық талапкер немесе оның өкілі шақырылалы.
Аталған адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды.
Сот мәжілісіне прокурор қатысып отырады. Істі қарау ұсынуы
бойынша іс қаралып отырған органның өкілінің баяндамасымен не өтініш
иесінің түсінік беруімен басталады. Бұдан сон ұсынылған материалдар
зерттеледі, сот отырысына келген адамдардың түсініктері, прокурордың пікірі
тыңдалады, бұдан соң соттөрешісі қаулы шығарады. Жалпы судьялар қызметіне,
олардың өзіндік адами тұрғысына да халық арасынан арыз-шағымдар түсіп
жатады, бұл шағымдардың әрқайсысы жеке талқыланып, зерделенеді. 2009 жылдың
9 айында Жамбыл облыс соттары судьялары іс-әрекеттеріне 117 арыз-шағым
түскен болса, биылғы жылы 88 арыз-шағым түсіп, судьялар әрекетіне шағымның
едәуір азайғанын көруге болады.
Қазіргі уақытта ҚР Жоғарғы Сотының төменгі сатылы соттар алдына қойып
отырған талаптары соттардың қызметінде заңдылықтың мүлтіксіз сақталуы,
істердің соттарда жедел қаралуы, судьялардың сот төрелігін іске асыру
кезінде және кәсіби қызметінен тыс уақытта сот этикасын қатаң сақтауы,
жемқорлықққа жол берілмеуі жәнеде сот төрелігінің анықтығымен ашықтығын
қамтамасыз ету. Осы тұрғыда біздің облыс соттары судьялары тиісті дәрежеде
өз міндеттерін атқаруда барынша қызмет жасауда.
Сонымен қатар 2009 жылдың соңынан бастап ҚР Жоғарғы Сотының
бастамасымен сот билігінің, жалпы судьялар қызметіне, яғни олардың сот
билігін жүзеге асыру жұмысына мониторинг жүргізілу қолға алынып, ол қазіргі
уақытта өзінің оңды нәтижесін бере бастағаны көрінеді. Бұл жұмыста халық
арасында олардың сот билігі мен оның жұмысына деген көзқарасын білу үшін
арнайы сауалнама парақтары дайындалып, ондағы тоғыз тараптан тұратын
әртүрлі сұрақтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соттың қадағалау шағымын алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарған қаулысында
Соттардың үкімдерді орындау кезінде мәселелерді қарауы
Жаңадан ашылған мән жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау
ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы пәні бойынша дәрістер конспектісі
Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау
Қылмыстық іс жүргізудегі апелляция
Аппеляциялык шағым беру, наразылык білдіру кұқығы және тәртібі
Апелляциялық сатыда іс жүргізу
Айыптау және ақтау үкімі
Қылмыстық процесс ұғымы мен міндеттері
Пәндер