Сөз таптарының орналасу ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ 4

I.СӨЗ ТАПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ, МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН 5
ОҚУЛЫҒЫНДА СӨЗ ТАПТАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУ ЕРЕКШЕЛІГІ
1.1.Сөздерді таптастыруға байланысты алғашқы ғылыми көзқарастың 5-10
пайда болуы
1.2.Сөз таптарының орналасу ерекшеліктері 10 - 15
1.3.Сөз таптастырудың принциптері 15 - 25

ҚОРЫТЫНДЫ 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бастан өткізген
тарихи белестерін жан-жақты айқындап, бүгінгі жай-күйімен сабақтастығын
ашып көрсету(негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Морфологияның өзекті
мәселесінің бірі – тілдегі сөздерді түрлі семантика-құрылымдық топтарға
жіктеу теориясы да тіл білімі тарихын айқындауда өзіндік орны, салмағы бар
мәселе екені анық. Бүгінгі таңда да жекелеген тіл білімдерінде (қазақ тіл
білімінде) сөз таптастыру межелеуіштерінің (критерий) жетекшілік мәні,
өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан
бұл теориялық ілімнің проблема ретінде қазақ тіл білімінде алғаш қойылып,
пайда болуынан бастап, оның қалыптасу, даму процессін жан-жақты
зерделеудің, осы даму барысындағы әр бағыт, әр кезеңнің өзіндік жетістік,
кемшілігін нақты талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тіл біліміндегі әрбір
теориялық ілімнің пайда болу, даму, қалыптасу жолдарын айқындау, осы арқылы
дәстүр жалғастығын ашу, болашақ зерттеулерге бағыт-бағдар нұсқау – маңызды
іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып, жұмыста қазақ тіл
біліміндегі сөз таптастыру теориясының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі
күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды, мектеп бағдарламасы
мен оқулықты негізге ала отырып сөз таптастырудың орналасу ерекшеліктерін
басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:
-Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы сөз таптастыру проблемасының
тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, сөз таптастыру
теориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан кезеңдерге бөлу;
- Қазақ тіл біліміндегі сөздерді семантика - құрылымдық топтарға
жіктеу барысында болған бағыттарды, олардың негізгі қағидасын анықтау;
- Сөз таптарының мектеп бағдарламасы мен оқулықта жүйелі түрде
орналасуын көрсету.
- Сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі бүгінгі жайына баға
беріп, осы мәселеге қатысты әлі түйіні шешілмеген проблемаларды бөліп
шығару.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру
теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы,мектеп бағдарламасы мен оқулықта
орналасу ерекшелігін көрсету.

I.Сөз таптастырудың ғылыми негізі, мектеп бағдарламасы мен оқулығында
сөз таптарының орналасу ерекшелігі.

1.1. Сөздерді таптастыруға байланысты алғашқы ғылыми көзқарастың пайда
болуы.

Жеке, нақтылы тілдердегі немесе тілдердің тобындағы сөздерді сөз
таптарына топтастыруда сөз таптарының жалпы теориясына общая теория частей
речи сүйену өте-мөте қажет. Әрине, жеке, нақтылы бір тілдегі сөз
таптарының санын да, табиғатын да сол тілдің өзіндік ерекшеліктерін
ескермей немесе сол ерекшеліктерге байланыссыз айқындау дұрыс болмаған
болар еді. Бұл жерде әңгіме сөз таптарының жалпы теориясының жеке, нақтылы
тілдердегі сөздерді сөз таптарына дұрыс топтастыра білуге қатысы жайында
болып отыр. Жеке тілдегі немесе тілдердің тобындағы сөз таптарын айқындауда
сол тілдердің немесе тілдер тобының грамматикалық ерекшеліктерін есепке ала
отырып, сөз топтарының жалпы теориясына негізделу қажет. Мұнсыз сөздерді
сөз таптарына классификациялау мәселесі өзінің дұрыс шешімін таба алмайды.
Жалпы теорияның негізінде ғана тілдер үшін сөз таптарының арнайы
теориялық қажетті көрнекі мысалдармен және түсіндірмелермен жасала алынады.
Мұндай теориялардың жалпы және арнайы теориялардың өз ара қатынасы жалпы
тіл білімі мен нақтылы тіл білімінің, жалпы теориялық грамматика мен жеке
тілдердің грамматикаларының арасындағы ара қатынастардан басқаша болмауы
керек. Кім сөз жүзінде емес, іс жүзінде жалпы теориялық білімінің, тілдің
жалпы теориясының, тіл туралы қазіргі ілімнің саналары ретіндегі жалпы
фонетиканың, жалпы лексикологияның, жалпы грамматиканың қажеттілігін
мойындаса, сол жалпы ғылыми грамматиканың бөлімдерінің бірі сөз таптарының
жалпы теориясын жасау тәжірбиелерінің жөн екендігін мойындамай тұра
алмайды.
Сонымен тіл білімінде сөз таптары және олардың классификациясы туралы
мәселе сөз таптарының жалпы теориясы тұрғысынан қарауға тиісті мәселе болап
табылады [1, 152].
Лингвистика тарихын әр түрлі кезеңдерге бөліп қарастырушылық бар.
Олар: 1) Ежелгі заман лингвистикасы, 2) Орта ғасырлар лингвистикасы 3)
Қайта өркендеу дәуірі лингвистикасы, 4) ХІХ ғасыр лингвистикасы 5) ХХ ғасыр
лингвистикасы.
Біздің жыл санауымыздан 5-6 мың жылдар бұрынғы египедтіктердің,
шумерлердің т.б. Шығыс халықтарының жоғары мәдиниеті болғандығын, әр
түрлі жазуларды пайдаланғандарын ескерсек, тіл білімінің көне ғасырлардың
бірі екендігін байқауға болады. Бірақ египеттіктердің, шумерлердің тілге
байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен жоқ. Тіл мәселелеріне
байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі
Ежелгі Қытай, Үнді, Ежелгі Греция елдеріне тән [2,15].
Ежелгі дәуір – лингвистикалық ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және
оның мейлінше балаң шағы. Соған қарамастан бұл кезеңдегі
лингвистикалық мәліметтерді қазіргі кездегі өркен жайған тіл
білімінің бастамасы, қалана бастаған іргетасы еді деп санаған жөн.

Ежелгі дәуір лингвистикасында ерекше екі түрлі күрделі
проблема болды. Оның бірі-атау, ат қою, екіншісі-грамматикалық өнер
(исскуство) проблемасы.
Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да
болған. Сондай-ақ, грамматикалық өнердің де негізгі ілімі көне жазуы –
иероглифке негізделген.
Иероглифтік грамматикаларда морфема сөздер мағынасы, этимология
мәселесi болмаса қалыпты грамматикалық әдебиеттердегідей грамматикалық
категория мәселелері сөз болмаған. Қытай лингвистикасының өзіндік
ерекшелігі, өзіндік дәстүрі де осында.
Адамзат тарихында өзіндік орны бар Қытай жеріндегі грамматикалық
ілімнің негізін салған әкелі-балалы Ван-Нянь-Сунь мен Ван-Инь-Чжи қытай
тілі сөздерін мағыналы сөздер (шицзы), мағынасыз сөздер (сюйцзи) және
көмекші сөздер (чждцзи) деп бөліп, сөздерді іштей зат есім, сын есім,
етістік деп ажыратты . Бірақ бұл тілде жазылып сақталған тарихи
материалдар басқа тілдерге, әсіресе европалық тілдерге дер кезінде
аударылмағандықтан, ғылым әлемінен шектеп қалып келеді. Лингвистикалық
нұсқалар жағдайы да осындай.
Сондықтан лингвистка тарихын зерттеген Европа ғалымдарының барлығы
дерлік әңгімені Ежелгі Үндістан, Ежелгі Грециядан бастайды.
Ежелгі Үндістан лингвистикасы тарихының тағы бір көрнекті өкілі
Ғылымда қалыптасқан көзқарас бойынша тіл туралы ғылымның алғаш пайда болуы
ежелгі үнділерден басталады. Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл
санауымыздан бұрынғы V ғасырдан басталады. Бұл материалдардың ғылыми
жүйелігіне, ой тереңдігіне қарағанда Үндістан лингвистикасы бұдан да бұрын
болғанға ұқсайды. Тіл білімі мұнда практикалық қажеттіліктен туған.
Үнділердің өте ерте ежелгі дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни
жырлардан құралған Веда деп аталатын кітаптары болған. Біздің дәуір
алдындағы VІ ғасырларда белгілі болған бұл жинақты үнділер қасиетті, киелі
деп санаған және қазір де солай санаушылық бар көрінеді. Веда жөніндегі
зерттеулер үнділердің аса көрнекті лингвисі Яски мен Панини жазған еңбектер
арқылы біздің заманымызға жетті.
Яски біздің дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырларда өмір сүрген. Ол –
Веда тілінің бес томдық сөздігін жасап түсінік жазған адам.
Панинидің біздің дәуірімізге дейінгі ІҮ ғасыр шамасында жазған
Аштадхьяй (Грамматикалық ережелердің сегіз бөлімі) деген еңбегінде төрт
мыңнан астам грамматикалық ереже берілген. Бұл еңбегінде Панини Веда
тілін қалпына келтіру нәтижесінде пайда болған үнділердің санскрит деп
аталатын көне әдеби тілінің және Веда жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөз
туғызу, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттелген. Панини еңбегі – тіл
білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматикасы. Ол
санскрит тілінің грамматикасы деп те аталады. Мұнда сөздерді тапқа,
түбірге, түрлі қосымшаларға бөлу, жұрнақ, префикс дегендердің бәрі де бар.
Панини грамматикасы ережелерінің дәлдігіне, зерттеулерінің терең және жан-
жақтылығына қарап, бірсыпыра ғалымдар Үндістанда тіл білімі Панинге дейін
де даму басқышынан өткен, бірнеше грамматикалық еңбектер жазылған болу
керек деп жорамалдайды. Бірақ ондай еңбектердің болған болмағына ғылымда
әзірше белгісіз.
Үнділер тілдегі барлық сөздерді есім, етістік, предлог, демеулік деп
төрт топқа бөлген де әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты
сипаттаған. Етістіктің шаққа бөлінуі, есімдерде жеті түрлі септік жалғаудың
барлығы т.б. көптеген грамматиканың мәселелер өте дәлдікпен шешілген.
Шынында да, үнділер тіл білімінің дамуына елеулі үлес қосқан. Тіл
фактілерін зерттеуде олар синтетикалық тәсілді де, аналитикалық тәсілді де
қолданған. Сол арқылы тілдік элементтердің өзара ұқсастығын және бір-
бірінен өзгешеліктерін айқындаған.
Кейінгі дәуірлерде Үндістанда Панини грамматикасының мән-мағынасын
талдап түсіндірген оның жолын ұстанған лингивист-ғалымдар болды. Солардың
бірі – біздің дәуірдің үшінші ғасырларында өмір сүрген Вараручи Катьяна. Ол
Панини еңбегіне талдау жасаумен қатар, орта дәуір үнділерінің пракрит деп
аталатын санскрит тіліне салыстыра зерттеген. Сөйтіп, лингвистикада бірінші
болып тарихи – салыстыру әдісін қолдануға талпынған, тілдің тарихы, дамуы
мен ұғымдарды алғаш сөз еткен ғалым. Ол өзінің Пракрит грамматикасы
дейтін еңбегінде фонетика мәселесіне ерекше көңіл бөледі, әрбір дыбыстың
даму жолдарына, оларда болатын өзгеріс-құбылыстарға, үндесу заңдарына
талдау жасайды. Мұндай құбылыстарды Катьяна морфологиялық өзгерістерге
байланысты қарайды.
– философ-лингвист Бхартхари. Бұл – тіл мәселелерін философияға
байланыстыра қараған ғылым.
Үндістан лингвистикасының кейінгі дәуірлердегі өкілдері ұзақ заман
бойына осы үш ғалымның (Панини, Катьяна, Бхартхари) мұраларын жинақтап,
талдап түсіндірумен болды [3, 125].
Эренбург университетінің профессоры Джон Лайонз 1978 жылы орыс тілінде
жарияланған Теориялық лингвистикаға кіріспе деп аталатын еңбегінде
Паниниден кейін Үндістанда он шақты грамматикалық бағыт болған. Бізге
олардан көне үнді грамматикасын зерттеген мыңға жуық еңбек жетті. Олардың
көпшілігі Панини дәстүрін қолданған деп жазады.
Ежелгі дәуірі лингвистикасының тағы бір отаны Ежелгі Греция. Грецияда
туған лингвистикалық ой-пікір бүкіл Европа лингвистакасының қалыптасып
дамуына күшті әсерін тигізді. В.Энгельстің Греция мен Рим қалаған негіз
болмаса, қазіргі Европа да болмас еді, - деген сөзін тіл біліміне
байланысты айтуға болады. Тіл мәселелеріне байланыста сол елден бізге
жеткен жазба материалдар жыл санауымызға дейінгі V ғасыр шамасынан
басталады.
Ғалымдардың айтуына қарағанда Греция лнигвистикасы Гомердің Илиада
мен Одиссея жырының тілін зерттеуден басталады. Эллинизм дәуіріне дейін
тілді лингвистикалық тұрғыдан емес философиялық тұрғысынан сөз еткен,
философияға тәуелді соның ажырамас саласы деп есептеген ежелгі Греция
философтарының бір ерекшелігі – тілді құдай жаратты деген діни көзқарасқа
қарсы оны дүниеге келтірген адамның өзі деген пікірді уағыздауы.
Грек ғалымдары көтерген тағы бір лингвистикалық проблема – грамматика
мәселелері. Грамматиканы да алғашқыда философия, әсіресе логика ғылымына
тәуелді соның бір саласы ретінде логикалық категориялардың көрсеткіші
ретінде ғана қарады. Бұл саладағы алғашқы пікір Платон пен Аристотель
еңбектерінде кездеседі. Платон тілдегі сөздерді есім, етістік деп екі топқа
бөлсе, Аристотель алдыңғы екеуі үстіне жалғауыш дегенді қосып, үш топқа
бөледі. Күні бүгінге дейін қолданылып жүрген грамматикалық
катергориялардың, терминдердің көпшілігі сол Аристотельден қалған.
Яғни, екі кезеңге бөлінген (философиялық кезең V-ІІІ ғғ.,
филиологиялық кезең ІІІ-ІV ғғ.) Грецияда философиялық дәуірдің көрнекті
өкілдері Платон, Аристотельдер сөздерді логикалық негізде жіктеп, есім,
етістік, жалғауыш деп ажыратты [4,102]
Грамматикалық ілімнің философияның, логиканың ықпалынан босанып өз
алдына дербес пән ретінде қалыптасуы Греция тіл білімінде филология дәуірі
деп аталады. Грамматистердің александриялық мектебін қалыптастырып,
грамматика ілімін дамытудың жоғарғы сатысына көтерушілер – Аристрах (б.д.д.
250 -150 ж), оның шәкірті Дионисий Фракийский, Апалони Дискол (б.э ІІ ғ.)
болды. Аристрах тілдегі сөздерді есім, етістік, есімше, член (артикль),
есімдік, предлог, үстеу, жалғаулық деп сегіз топқа бөлген. Сөздерді тапқа
бөлудің алғашқы грамматикалық үлгісі Д. Фракийский еңбегінен басталады. Бұл
ғалым сөздерді тапқа бөлуде лексикалық – семантикалық және құрылымдық
белгілерге сүйенген. Осы уақытта да қолданылып жүрген зат, сын, сан
есімдерді есім деген бір ғана талаумен атауда осы Фракийскийден басталады
[5, 54]
А.Дискол синтаксис мәселелерін зерттейді. Дегенмен ежелгі Грецияда
морфологияға қарағанда синтаксис аз зерттелген. Грецияны жаулап алған
римдіктер тіл білімін дамытуға айтарлықтай үлес қоса алмады. Олар
Александрия грамматистерінің ілімін өз тілдеріне сәйкестіндіріп қолданудан
аса қойған жоқ. Рим грамматистерінің ішіндегі ең көрнектісі – Варрон (жыл
санауымызға дейінгі І ғ. өмір сүрген), кейінірек Доната (ІV ғ.) болды.
Бұлар латын тілі грамматикасын жазғандар. Рим грамматистерінің жаңалығы
өздерінен бұрын анықталған сөз таптарына одағайды қосуы болды. Сонымен
қатар олар латын тілінде болмауына байланысты артикльді сөз табы қатарынан
алып тастауы арқылы сегіз сөз табын анықтады: 1) Есім; 2) Етістік; 3)
Есімше; 4) Есімдік; 5) Үстеу; 6) Шылау; 7) Предлог; 8) Одағай.
Орта ғасыр — адамзат қоғамы дамуының он шақты ғасырын қамтитын және
прогресс тұрғысынан алғанда әр тектес болып келетін күрделі де шытырманы
көп дәуір.
Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі – әр түрлі діндердің туып, дүние
жүзілік діндерге айналуы. Ондай діндер қатарына будда, ислам, христиан
діндерін жатқызуға болады.
Канондық тіл бірден-бір дұрыс тіл деп жарияланды да, әр халыктың өз
ана тілі, сөйлеу тілі, теріс тіл, пендешілік тілі деп саналды. Жазба тіл,
әдеби тіл деп саналатын да канондық тіл болды. Мысалы, түркі халықтары,
сондай-ақ қазақ халқы үшін де канондық тіл араб тілі, исламның ең қасиетті,
киелі кітабы – құранның тілі болды. Европа халықтары үшін канондық тіл –
латын тілі. Олар латын тілін жазу тілі, ғылым тілі ретінде пайдаланды.
Бүкіл оқу орындарында ғылыми пән ретінде оқылатын да латын тілі
грамматикасы болды. Сөйтіп, VIII ғасыр мен XV ғасырлар арасында ирланд,
исланд, француз, испан, итальян, ағылшын т.б. тілдердің грамматикалары
жарық көреді [6, 132].
Дүние жүзі ғылымы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан
халықтардың бірі – арабтар. Бұлардың жазбалары IV ғасырлардан басталады.
Арабтар – тіл ғылымының дамуында да елеулі роль атқарды. Орта ғасырлық
арабтардағы тіл білімінің ерекше дамыған кезі – халипат дәуірі деп аталатын
VII-XII ғасырлар шамасы. Арабтар үнді, грек лингвистикасының табыстарын
жақсы пайдалана отырып, өз тілінің фонетикасын, морфологиясы мен лексикасын
зерттеуге ерекше назар аударады. Фонетика саласында дыбыс пен әріп
арасындағы өзгешеліктерді айқындайды. Дыбыстың физиологиялық сипатын ашуға
көп көңіл бөледі. Қейбір ғалымдар (Сибавейхи) жасалу орнына қарай
дыбыстарды 16 топқа бөліп қараған. Грамматика мәселесінде де (көрнекті
өкілі – Сибавейхи, 796 ж. жазылған Ал Китоб деп аталатын еңбегінде),
әсіресе сөздерді тапқа бөлуде араб ғалымдары Аристотелъге еліктеген.
Аристотель сияқты бұлар да сөздерді есім, етістік, жалғауыштар деп үш топқа
бөледі. Арабтар ежелгі дәуірдегі лингвистикалық табыстарға сүйенеді
дегеннен соны көшіріп алды деген ұғым тумайды. Арабтар оларды қайталаған
жоқ, өзіндік тың жол салды, соны пікірлер айтты [7, 205].
Европа тарихы тұрғысынан алғанда, қайта өркендеу дәуірі XV-XVI
ғасырлар арасын қамтиды.
Қайта өркендеу дәуірінде ерекше қолға алынған тағы бір мәселе – орта
ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек, рим жазба нүсқаларын тауып,
жариялау, оларға филологиялық талдаулар жасау болды. Әлемдік тіл білімі
тұрғысынан алып қарағанда бұл дәуір тілдік материалдар жинақтау сипатымен
ерекшеленеді. Өз дәуірі үшін бұл саладағы күрделі істер қатарында
Ж.Скалигердің 1540 жылы шыққан Латын тілінің негіздері туралы,
Р.Стефанустың 1553 жылы шыққан Латын тілі қазынасы және Грек тілі
қазынасы, араб ғалымы П.Алкаланың Араб тілі грамматикасы (1505-жыл),
Рапхлиннің Еврей тілі грамматикасы (1506 жыл) атты еңбектерді атауға
болады. Осылармен қатар XV-XVI ғасырлар ішінде испан, корей, нидерлаңд,
жапон, парсы, армян, венгер, ағылшын, француз, мексикан тілдерiнің
грамматикалары шығарылды.
1757 жылы М.В.Ломолосовтың Россия грамматикасы, т.б. жарық көрді.
Бұл әлі де болса, латын тілі грамматикасы үлгісінен шыға алмаған, тілдік
материал ретінде сөйлеу тілі фактілерінен гөрі ескі жазба тіл фактілеріне
көбірек сүйенген еңбек болса да, латын тілі грамматикасы тіл атаулының
барлығына бірдей жарамды бола алмайтынын, әр тілдің өзіндік ерекшеліктері,
өзіндік грамматикалық құрылымы болатынын байқатқан және осы бағытта
жүргізілетін зерттеулерге жол ашқан, бастама болған еңбек еді ХІХ ғасыр
лингвистикасындағы салыстырмалы-тарихи әдіспен тіл білімінің қалыптасуының
алғашқы басқышы болды. Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді – дамып,
өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танумен ерекшеленді. Бұл ғасыр
лингвистикасында бірнеше ағымдар мен мектептер, сондай-ақ салырмалы-тарихи
әдіс негізінде жазылған еңбектер дүниеге келді. Жас грамматистер бағыты
деп аталатын көзқарас қалыптасты.
ХХ ғасыр тіл білімі Жас грамматистерге қарсы күресте туып
қалыптасты. ХХ ғасыр лингвистикасы – лингвистикалық ой-пікірлер дамуының
жаңа кезеңі болып саналады [ 8, 55].
Міне, сонау ежелгі үнді, гректердің тіл туралы алғашқы еңбектерінен
бастау алатын сөздерді түрлі топқа бөлу ілімі осылайша өзінің пайда болу,
даму кезеңдерін бастан өткізді.

1.2. Сөз таптарының орналасу ерекшеліктері

Тіл білімінде сөз таптарының табиғаты жайында әр түрлі көзқарастар
бар. Мәселен, А.А.Потебня, А.А.Шахметов, И.И.Мещанинов, В.В.Виноградов
сияқты ғалымдар сөз таптарын лексика-грамматикалык категория деп қарайды.
Бұлардың пікірінше, әрбір сөз табының мағынасы сөздің лексикалық мағынасы
мен грамматикалық мағынасынан құралады. 
Ф.Ф. Фортунатов болса сөз таптарын морфологиялық-грамматикалык, (формалъды-
грамматикалык) категория деп қарайды. Ол сөздерді алдымен "түрленетін" және
"түрленбейтін" (үстеу) сөздер деп топтастырады да, түрленетін сөздерді
"септелетін" (зат есімдер), "жіктелетін" (етістіктер) сөздер деп, іштей
тағы да жіктейді. 
О.П.Суник пен А.А.Реформатскийлер сөз таптарын таза грамматикалық категория
ретінде қарастырады. Мәселен, О.П.Суниктің пікірінше, тіл білімінде сөз
таптарын топтастыруда негізге алынып жүрген заттылық (зат есімдерге тән),
анықтауыштық немесе атрибутивтік (сын есімдерге тән), іс-әрекеттік немесе
процессуальдық (етістіктерге тән) мағыналарды жалпы грамматикалық мағыналар
деп қарап, бұларды басқа сөз таптарынан ажырататын белгілер деп есептейді. 
Біздің ойымызша, сөз таптарын лексика-грамматикалык категория деп қарайтын
ғалымдардың пікірлері дұрыс. Өйткені сөз таптары, шындығында да, бір-
бірінен тек грамматикалық жағынан ғана емес, сонымен бірге, олар лексикалық
мағынасы жағынан да ажыратылады. Мәселен, зат есімдерге тән мағына —
заттылық мағына, сын есімдерге тән мағына - атрибутивтік мағына,
етістіктерге тән мағына — процессуальдық мағына. Бұлар — олардың сөз табы
ретіндегі мағыналары. Бұл мағыналар әр сөз табына енетін күллі сөздердің
бәріне ортақ. 
Сөз таптарына тән категориялды (жалпылама ортақ) мағынаны сөздің лексикалық
мағынасымен де, оның грамматикалық мағынасымен де шатастыруға болмайды.
Сондықтан да, бұл мағына, сөз таптарына тән жалпылама ортақ мағына тіл
білімінде — жалпы категориалды мағына деп аталынады (ол сөздің лексикалық
мағынасы мен грамматикалық мағынасының жалпылану арқылы бірігуінен
жасалады). 
Сонымен, сөз таптары бір-бірінен, біріншіден, жалпы категориялды мағыналары
жағынан ажыратылады, екіншіден, олар өздеріне тән грамматикалық белгілері
арқылы (көптелу, жіктелу деген сияқты) ажыратылады. Грамматикалық
белгілердің өзі екі түрлі. Оның бірі — морфологиялық белгі, екіншісі —
синтаксистік белгі. 
Морфологиялық белгінің қатарына сөз тудыру формалары (жұрнақтар) мен сөз
түрлендіру формалары (жалғаулар) енеді. 
Мысалы: етік+ші, өн+ім – зат есімдер; дене+лі, тұз+ды, айт+қыш, тап+қыш —
сын есімдер; таға+ла, шеге+ле, қан+а, өрт+е — етістіктер. Бұлар - сөз
тудырушы аффикстер арқылы жасалған. Ол аффикстер әр сөз табына телініп,
олардың грамматикалық белгісі ретінде қызмет атқарып тұр. 
Ал үй+лер, қала+ға, кіші+рек, кел+ді+к, бар+са деген сөздер түрлендіруші
формалар арқылы жасалғандар. Бұл сөздердегі жалғаулар да жоғарыдағы
жұрнақтар сияқты бір сөз табын екінші сөз табынан ажыратуға себепші болып
тұр. Мысалы, осы сөздердегі -лар, -ға жалғаулары зат есімдерге тән болса,
-рек сын есімдерге тән. Ал ді+к пен -са жалғаулары етістіктерге тән. Бұлар
- тиісті сөз таптарын сипаттайтын морфологиялық белгілер. 
Сөйтіп, морфологиялық белгі дегеніміз - бір сөз табындағы сөзді басқа бір
сөз табындағы сөзден ажырататын грамматикалық формалардың белгілі бір
жүйесі. 
Ал синтаксистік белгі дегеніміз — белгілі бір сөз табына қатысты сөздердің
сөйлемдегі қызметі, яғни сөйлем мүшесі болу қызметі мен олардың басқа
сөздермен тіркесу қабілеті. Айталық, зат есімдер етістіктермен тіркеседі
де, бастауыш немесе толықтауыш қызметін атқарады. Бұл — оның жалпы
категориялды мағынасы; олар - заттық, ұғымдық мағыналармен тығыз
байланысты. 
Сын есімдер мен сан есімдер зат есімдермен емін-еркін тіркесе алады. Бұлай
болуы занды да. Өйткені сапа, сан әрқашан затқа телулі болады. Осыған орай
сын есімдер мен сан есімдер анықтауыш қызметінде жұмсалады. Бұл жердегі
бағынышты мүше - сын есімдер мен сан есімдер. 
Үстеулердің сөйлемдегі негізгі қызметі - пысықтауыш болу. Олар
етістіктермен тіркесіп (олардың алдында тұрып), іс-әрекетін қимыл-сынын,
мезгілін, мекенін, күйін білдіреді. 
Етістіктердің негізгі қызметі — сөйлемде баяндауыш болу. Ол бастауыштың іс-
әрекетін, қимылын білдіреді. 
Бұл айтылғандарға қарап, зат есім тек бастауыш пен толықтауыш, сын есім мен
сан есім — анықтауыш, үстеу - пысықтауыш, етістік — баяндауыш болудан басқа
ешқандай сөйлем мүшелері бола алмайды екен деген үғым тумасқа тиісті. Олар
қолданылу ыңғайына карай сөйлемде кез келген мүше бола алады. Бірақ
жоғарғылардан басқа қызмет атқаруы - оларға тән басты қызмет емес,
қолданылу барысында туған, екінші қатардағы қызмет [9,123].
Тілдегі сөздерді жеке сөз таптарына таптастыру да тіл білімінде
танылған, ертеден келе жатқан дәстүрге айналған, ғылыми негізі бар мәселе.
Тіл білімінде сөздерді таптастыру белгілі ғылыми негізге сүйеніп,
жүзеге асырылады. Ғылымда сөздерді сөз таптарына таптастыруда тірек, негіз
болатын үш ұстаным қалыптасқан, олар: 1) сөз табының ортақ семантикалық
мағынасы; 2) сөздердің морфологиялық, грамматикалық белгілері; 3) сөздердің
синтаксистік қызметі. Осы ұстанымдарға жеке-жеке тоқталайық.
1. Сөздерді таптастыруда бір сөз табына кіретін сөздердің бәрінің
ортақ мағынасы, ортақ семантикасы есепке алынады. Мәселен, зат есімге
жататын сөздердің бәрі заттың атын, яғни, заттық ұғымды білдіреді. Мұндай
мағынасы жоқ сөздер зат есім сөз табына жатпайды. Заттық мағына, заттық
ұғым – зат есім сөздердің бәріне ортақ жалпы мағына. Зат есім сөз табының
ортақ жалпы мағынасы – бүкіл осы бір сөз табына жататын сөздердің бәрінен
абстракцияланып алынған жалпы грамматикалық мағына. Ол мағына – зат есім
сөздердің әрқайсысының лексикалық мағынасынан мүлдем басқа мағына.
Мысалы, кітап, дәптер, ағаш, жидек, шөп, су, теңіз деген сөздердің
әрқайсысы өмірдегі белгілі заттардың аты, ол – олардың лексиклаық мағынасы.
Ал, осы сөздердің бәрі заттың атын, заттық ұғымды білдіреді, бұл мағына осы
сөздердің бәрінде бар, бәріне қатысты және басқа да зат есім сөздің бәріне
тән, оларға ортақ мағына. Сондықтан да лексикалық мағына мен сөз табының
ортақ жалпы грамматикалық мағынасы – екі түрлі мағына, екі түрлі тілдік
құбылыс.
Семантикалық ұстаным барлық сөз табына қатысты. Мәселен, сын есім
сөздердің семантикалық ұстанымы – сындық белгіні білдіруі, сондықтан сын
есімге тек сындық белгіні білдіретін сөздер ғана жатады. Сан есім сөздердің
семантикалық ұстанымы – сандық ұғым, етістік сөз табының семантикалық
ұстанымы – қимыл ұғымы, үтеудің семантикалық ұстанымы – қимылдың белгісін
білдіру, есімдіктің семантикалық ұстанымы – олардың басқа сөздердің орнына
қолданылу қабілеті, жалпылық мағынасы т.б.
Сөздерді сөз таптарына таптастыруда семантикалық ұстаным негізгі
қызмет атқарады.
2. Сөздерді таптастыруда семантикалық ұстаныммен қатар, сөздердің
морфологиялық, грамматикалық белгілері де негізгі ұстанымдардың бірі, яғни,
екінші ұстаным болып саналады. Морфология – тілдегі сөздердің түрлену
жүйесін зерттейтін ғылым. Ал, сөздер сөйлемде тілде қалыптасқан заңдылықтар
бойынша түрленеді. Мысалы:
Тарап кеткен балаларыңды баурыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім (М.Ж.)
Осы өлең жолдарындағы түрленіп қолданылған сөздер тарап кеткен, тарта
аларсың және балаларыңды, баурыңа, қолыңмен, тілім деген екі топтан тұрады.
Бірінші топтағы сөздерді түрлендіріп тұрған қосымшалар: –п, –кен, –а, –ар,
–сың. Екінші топтағы сөздерді түрлендіріп тұрған қосымшалар:
–лар, –ың, –ды, –ың, –а, –ың, –мен, –ім.
Бұлардағы 1-топтағы сөздердегі қосымшалар 2-топтағы сөздерге
жалғанбайды, олармен бұл қосымшалар қолданылмайды. Керісінше, 2-топтағы
сөздерді түрлендіріп тұрған қосымшалар 1-топтағы сөздерге жалғанбайды,
олармен бұл қосымшалар қолданылмайды. Демек, сөзді түрлендіру заңдылығы
бойынша тілдегі сөздердің түрленуі сөздердің белгілі топтарына қатысты.
Жоғарыда келтірілген 1-топтағы сөздер – етістік, оларды түрлендіретін өз
қосымшалары бар, 2-топтағы сөздер – зат есімдер, оларды түрлендіретін өз
қосымшалары бары мысалдардан көрінді. Олай болса, тілде қалыптасқан
заңдылық бойынша тілдегі әр сөз өзінше түрлене бермейді, сөздердің түрленуі
белгілі бір сөз таптарына қатысты және әр топтың өзінің түрлену жолы бар.
Мәселен, зат есімнің түрленуі мен етістіктің түрленуі бір емес, сондай-ақ
етістіктің түрленуі мен сын есімнің түрленуі басқа-басқа. Айталық, заттық
ұғымды білдіретін сөздер көптеледі, септеледі, тәуелденеді, сындық белгіні
білдіретін сөздер шырайға түрленеді, етістіктер шаққа, райға, жаққа
түрленеді де, сөйлемде түрлі тұлғада қолданылады. Сөйлемде сөздердің түрлі
тұлғада қолданылуы жеке сөздерге қатысты емес, сөздердің белгілі тобына
қатысты. Сондықтан сөздерді таптастыруда сөздердің тобының түрленуіне көңіл
бөлінеді. Сөздердің тобының түрленуі оларда қандай грамматикалық
категорияларының барына байланысты. Осымен байланысты, сөз таптарының
грамматикалық категорияларын орыс тіл білімінде морфологиялық категориялар
деп атау да бар. Демек, сөздерді таптастыруда әр топтағы сөздердің өзіне
тән грамматикалық ерекшелігі, грамматикалық құбылысы, грамматикалық сипаты
есепке алынады. Есте боларлық жай тілдегі сөздердің топтарының бәрінің
грамматикалық категориясы болуы шарт емес, өйткені кейбір сөз таптарының
грамматикалық категориялары жоғы да бар. Мысалы, еліктеуіш сөздер, үстеу,
одағай т.б. Мұндай жағдайда осы сөздердің түрленбеуінің өзі оның
грамматикалық белгісі, сипаты болып есептеледі. Сонда сөздерді топтастыруда
сөз таптарының грамматикалық сипаты сөздерді таптастыруда негізгі қызмет
атқаратын ұстанымдардың бірі саналады.
3. Сөздерді сөз таптарына таптастыруда негізгі ұстанымдардың бірі
болып сөздердің синтаксистік қызметі саналады. Морфологияның сөздерді
түрлендіру жүйесінің қызметі, мақсаты – сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен
байланыстыру. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен дұрыс байланысқанда ғана,
сөйлем байланысты ойды білдіреді, яғни, адамдардың тіл арқылы пікірлесіп,
бір-біріне ойын білдіруі сөйлемдегі сөздердің байланысына тікелей қатысты.
Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысына қатысты сөздердің сөйлемдегі
қызметі қалыптасқан. Әр сөзтұлғаның сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі
бар. Ал, сөздердің түрленуі сөз таптарына қатысты болғандықтан, сөз
таптарын таптастыруда сөздердің синтаксистік қызметі сөздерді таптастыру
ұстанымдарының 3-белгісі, 3-түрі саналады [10, 65].
Демек, сөздерді таптастыруда сөз таптарының негізгі синтаксистік
қызметі ескеріледі. Мәселен, зат есім сөздердің бастауыш, толықтауыш
қызметін атқаруы, сын есім, сан есім сөздердің анықтауыш, үстеудің
пысықтауыш, етістіктің баяндауыш қызметін атқаруы сөздерді таптастырғанда
есепке алынады.
Осы сөз таптары сөйлемнің басқа да мүшелерінің қызметін атқара береді.
Зат есім сөйлемнің анықтауышы да, пысықтауышы да, баяндауышы да бола
береді. Бірақ, бұл қызметтерді зат есімнің белгілі топтары ғана атқарады,
яғни, бүкіл зат есім сөздер атқармайды, олардың белгілі топтары, белгілі
жағдайда ғана атқарады. Мәселен, анықтауыш қызметті зат есім сөз екінші
заттың неден жасалғанын білдіру үшін, екінші заттың алдынан тірескенде
атқарады. Мысалы, алтын сағат, кірпіш үі, темір кереует т.б. Зат есім
ішінде мекен, мезгіл мәнді зат есімдер мекен мәндісептіктерде қолданылғанда
ғана, пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы,қалада тұрады, күзде
келеді т.б.Зат есім ішінде адам аттары, мамандық мәнді зат есімдер
сөйлемнің баяндауыш қызметінде қолданыла алады. Мысалы: Сен инженерсің!
Оның ағасы – Асқар.
Ал, зат есімнің бастауыш, толықтауыш қызметін барлық зат есім сөздер
атқарады, бастауыш, толықтауыш қызметін атқара алмайтын лексикалық мағыналы
зат есім жоқ. Сондықтан, бастауыш пен толықтауыш – зат есімнің басты
синтаксистік қызметі.
Алайда, тілде әр түрлі синтаксистік қызмет атқаратын да сөз табы бар,
ол – есімдік. Есімдік – табиғатында әр түрлі сөз табының, әр түрлі
сөздердің орнына қолданылатын сөз табы. Осымен байланысты есімдік қай сөз
табының сөзінің орнына қолданылса, сол сөздің синтаксистік қызметін
атқарады. Мысалы: Асан ауылы – бұл ауыл, жақсы адам – осы адам, қандай
адам? 1000 адам – барлық адам, көрген қойылым – осы қойылым т.б. Сондықтан
да ғылымда есімдікті орынбасар сөз деп атау да кездеседі. Сөздерді
топтастырғанда, есімдіктің жалпы семантикасы, орнына қолданылған сөз
табының қосымшасымен түрленуі, синтаксистік қызметін қызметін атқаруы
негізге алынады. Сондай-ақ, сөйлеммүшесі қызметін атқармайтын сөз таптары
да бар, олар – шылаулар мен одағайлар. Олардың синтаксистік қызмет
атқармауы синтаксистік белгісі саналады.
2002 жылғы Қазақ грамматикасы кітабында бұрыннан танылып келе жатқан
9 сөз табына модель сөздер қосылып, 10 сөз табы берілген. Модаль сөздер
аналитикалық форманттың құрамында модальдық категорияның көрсеткіші
болғандықтан, олар қосымшалар сияқты грамматикалық көрсеткіштер қатарында
қалады және олардың саны өте аз. Сондықтан, модаль сөздер жеке сөз
таптарының қатарына қосылмайды.
Қазақ тілінде сөздерді таптастырудың осы үш ұстанымына сүйеніп,
тілдегі сөздер қазір тоғыз сөз табына таптастырылып жүр, олар:
1) Зат есім;
2) Сын есім;
3) Сан есім;
4) Есімдік;
5)Үстеу;
6)Еліктеуіш сөздер;
7) Етістік;
8) Шылау;
9) Одағай;[11, 98]

1.3. Сөз таптастырудың принциптері.

Қазақ тіл білімінде қалыптасқан сөз таптастырудың үш принципі бар: 
1.семантикалық, 
2.морфологиялық, 
3.синтаксистік. 
Семантикалық принцип бойынша сөздің лексикалық мағынасына қарайды,
морфологиялық принцип бойынша сөздің түрлену жүйесін басшылыққа алады, ал
синтаксистік принцип бойынша сөздің қай сөйлем мүшесі болуына сүйенеді. 
Бұл орныққан түсінікті өзгерту туралы басқа пікір бола қойған жоқ.
Қ.Жұбановтан бастап, кейінгі бұл мәселеге арнап қалам тартқан ғалымдардың
барлығы бір ауыздан осы үш принципті атап, оларды бірлікте қолдану
керектігін айтады. Тек қазақ тілі үшін қай принцип жетекші болуы керек
дегенде ғана аздаған пікір алшақтығы кездеседі. Қ.Жұбанов семантикалық
принципті жетекші ретінде тани отырып, екінші орынға морфологиялық
принципті, үшінші орынға синтаксистік принципті шығарады. С.Аманжоловтың
бұл мәселеде Қ.Жұбановпен пікірлестігі көрінеді. А.Ысқақов та үш белгінің
де қажеттігін ескере отырып, кейбір сөз табын анықтау үшін белгінің
(принциптің) үшеуі де бірдей қолдануға болса, кейбір сөз таптары үшін я екі
белгіні ғана, я бір белгіні ғана қолдануға болады. Ал егер бір белгіні ғана
таяныш етерліктей болса, ондайда тек семантикалық белгі ғана тірек болуға
тиіс. Олай болатын себебі – сөзді сөз деп тануға таяныш болатын белгі –
оның семантикасы − дейді. 
Кезінде негізгі сөздердің семантикалық, морфологиялық және синтаксистік
белгілері алынатыны, орыс тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының дамуы
барысында лексика-грамматикалық аталған бағыттың көрнекті өкілі
В.В.Виноградовтың үлгісін қазақ тілі сөздерін тапқа бөлуде қолдануды
ұсынған пікір де болды. 1968 жылы жарық көрген Қазақ тіліндегі сөздер мен
таптарының морфологиялық құрылысы атты еңбегінде Т.Ерғалиев қазақ тілі
сөздерін алдымен негізгі сөз таптары, көмекші сөздер, азат сөздер деп үлкен
үш топқа бөледі, ары қарай олардың бірнешеуінің басын қосатын сөз таптары
да пайда болады. Ғалым негізгі сөз таптарының бірінші тобы ретінде есімдер
тобына етістікті, үшінші хал-жағдайлық сөздер тобына үстеулер, күй
категориясы, еліктеу сөздерді біріктіреді [12,154].
Т.Ерғалиев көмекші сөздерге шылауларды жатқызса, азат сөздер тобы ретінде
модаль сөздер мен одағайларды атайды. Соңғы екі сөз табын бір топта, азат
сөздер тобында қарау себебін автор қысқаша былай түсіндіреді: Негізгі
сөздерге де көмекші сөздерге де қосылмайтын ерекше сөздер бар. Олар
сөйлемде белгілі бір қызметке ие емес және басқа мүшемен байланысы жоқ
бөлек, еркін категория болып табылады. Сондықтан термин ретінде олардың
бәрін азат сөздер деп атады (автор еңбегінде ары қарай тек зат есім мен
етістікке тоқталады). 
Т.Ерғалиевтың қазақ тіл білімінде негізінен бұрын анықталған сөз таптарын
(күй категорияларынан басқасы) В.В.Виноградов үлгісімен сатылай отырып ірі
топтарға біріктіруі, яғни қазақ тіл сөздерін: 
1)негізгі сөз таптары; 
а) есімдер; 
ә) күй-амалдық сөздер; 
б) хал-жағдайлық сөздер; 
2) көмекші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілінің сөз таптарын аудару ерекшеліктерін зерттеу
Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің теориялық мәселелері
Модаль сөздер
Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы
Ағылшын тілінің морфологиясын синтаксистік негізде оқыту әдістемесінің негіздері
Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің зерттелуі
Жазбаша аударманың ережелері
Етістіктің ерекшеліктері
Корей тіліндегі сөзжасам жұрнақтары
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰРАНДЫ ЕТІСТІКТЕР
Пәндер