Композициялық шығарманың түстік үйлесімі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1-тарау. Кескіндеме өнерінің тарихы мен сюжеттік жанр жайлы
мағлұмат
1.1. Бейнелеу өнерінің
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .10
1.2. Сюжеттік
композиция ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .20
2-тарау. Сюжеттік композицияның композициялық шешімі
2.1. Композициялық шығарманың түстік
үйлесімі ... ... ... ... ... ... ... .29
2.2. Майлы бояумен жұмыс істеу әдісі ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
Кіріспе
Қазіргі кезде салт-дәстүрді оқыту туралы ой-пікір
Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өрісі биік сын
сапасы өскелең мәдениетке бір күнде жеткен жоқ. Осы мол зор қазынаның түп-
төркіні сонау 6-8 ғасырдағы Орхан Енесей ежелгі түрік жазбаларынан
басталады. Қазіргі Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық
қазбалар біздің ертедегі ата-бабаларымыздың тек мал баққан, жерін шет
жаудан қоғаған батыр жауынгер ғана емес, ақын, жыршы, шешен, сонымен қоса
сәулетші, мүсінші, ұста, зергерде болған екенін дәлелдеді.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттерінің ең
бастысы - өзінің ісін өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ
тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Ал
ұрпақты жан-жақты келбетті етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім
тәрбиелік, білім танымдылық ролі орасан зор. Өзге халықтар сияқты қазақ
елінің ұрпақ тәрбиесі жөнінде атам заманнан бері жиып-терген мол тәжірибесі
бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілікті, қайырымдылық, кішіпейілділік,
әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа
күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді.
Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап оның есейіп, о дүниеге аттанып
кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынас атаулының
барлығы салт-дәстүрден өзекті орын алып, адамның дүниеге көзқарасын
қалыптастыратын тәрбие мектебі .
Жер жүзінде екі мыңнан астам ұлт пен ұлыс тіршілік етеді десек, солардың
әрқайсысының өзіне ғана тән әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері бар. Олар –
халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, одан ол халыққа жататын
адамдар мәдениетінің деңгейі, рухани байлығы, басқа ұлттар мен ұлыстардан,
халықтардан айырмашылығының барлық белгілері анық танылады. Сонымен қатар
салт-сана, дәстүр қатып-семген, мәңгі өзгермейтін нәрселер емес. Елдің
мәдениетіне, экономикасына ілесіп өркендеп отырады.
Дәстүрсіз халық жоқ. Ол тарихи негізінде қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа
берілетін әдет-ғұрып жалпыға бірдей әдеп, инабат нормасы болып табылады.
Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі – адамдар арасындағы өркендеп
және өзгеріп отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру.
Бұл жерде әңгіме Бірлестіктің берік өмір сүруі үшін, оған кіретін адамдарға
дәстүр талаптарын орындаудың міндеттілігі жайында болып отыр.
Дәстүрдің тағы бір қызметі – жақындастыру. Мұның тарихтағы айқын көрінісі
– рулық қауымдастықтар, олардың ауызбірлігі, тұтастықтарын сақтауға
ұмтылушылық “Кімнің жерін жайласаң, соның жырын жырлайсың” деген мақал
осыған байланысты айтылған.
Мәдениет – қоғамның өмір сүруінің қозғаушы күші. Қазақстанның мемлекеттік
басшысы Н.Ә. Назарбаев: ... бүгінгі таңда біздің төл мәдениетіміздің
міндеттерін өзіміз айқындай алатын мүмкіндігіміз бар. Оны шешу мәдени
санаткерлеріміздің еншісінде екенін атап көрсетті. Қазақ мәдениетінің үш
мың жылдық тарихы ұрпақтарға жалғастық пен сабақтастық арқылы жетіп отыр.
Мәдениеттің басты таратушылары болған көшпенді ата-бабаларымыз рухани
қазынаны ең биік құндылыққа қоя алғандықтан және өздері сол рухани
құндылықты бойына жинақтай да білді. Қазіргі бізге жеткен ұлттық салт-
дәстүріміз бен әдет-ғұрыптардың қайсысын алып қарасақ та осыны аңғарамыз.
Кешеге дейін өткеніміз бен бүгінгіміз жалғастырған нәзік жіп үзілмей, ұрпақ
пен ұрпақты байланыстырып келеді. Сәби кезімізден анамыздың әлдиі мен
әжеміздің ертегісін тыңдадық. Демек, ұрпақтар сабақтастығы үзілген жоқ.
Мәдениетіміз тірі, оған серпін мен ырғақ керек. Ғасырлар бойы екшеленген
мұраларды бір сәтте естен шығармаған абзал - деген. Мәдениет – жеке
адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен
қарым-қатынасы. Ол- өзара қарым-қатынас нәтидесінде қалыптасатын ерекше
құбылыс.
Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына
әсер етеді, өзгертеді. Олар оны мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға,
ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда
болады.
1-тарау. Кескіндеме өнерінің тарихы мен сюжеттік жанр жайлы мағлұмат
1.1. Бейнелеу өнерінің тарихы
Сурет салу өнерінің тарихы тереңде жатыр. Алғашқы қауым кезіндегі
суретшілер тас немесе сүйек беттеріне айқын сызықтар мен түрлі бұйымдар,
жануарлар, тіпті адам бейнесін де асқан шеберлікпен сала білген. Бұл жайлы
Жетісу аймағындағы жартастардағы бейнелеу шығармашалаға толық хабардар ете
алады.
Ерте дүние өнерін жай кездейсоқтық деп есептеуге болмайды. Өйткені
бұл жартастағы суреттер қазақ бейнелеу өнерінің бастауы – бұлағы.
Бертін келе сурет өнерінің дамуы арқасында сәулет өнері, мүсін өнері,
кескіндеме өмірге келді.
Кескіндеме- бейнелеу өнерінің ең көп таралған түрі. Қазақстанда кескіндеме
өнері 20 жылдан бастап дами батады.
Кескіндеме - өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін,
сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрынғы
ата – бабаларымыздың үңгірлерінде дүниеге келді. Сан ғасырлар бойына
суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп
отырды, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндеме
жасап, дами берді.
Кескіндеме дегеніміз — әр түрлі бояу түрлерімен жазықтык, бетінде
орындалатын көркем шығарма .
Кескіндеме атауы орыстың живой писать деген сөзінен алынған, яғни
көріністер мен нәрселерді өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазу деген
мағынаны білдіреді. Живопись бейнелеу өнерінің аса дамыған түрі болып
табылады. Живопись суреттері қағазға, картонға, тақтайға, кенепке, т. б.
салынады. Негізіңен қолданылатын бояу түрлері: акварель, гуашь, темпера,
майлы бояу, пастель, сангина және т. б. Живопись — бұл майлы бояулармен
жасалған және багет рамаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар
ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды,
мысалы, түрлі сулы бояулармен — темперамен, гуашьпен, акварельмен салынган
кескіндеме болады. Тіпті аздап боялған суретке (пастель) ауысатын
кескіндеме бар, жартылай гравюра кескіндеме (монотипия) бар.
Басқа өнерлердің арасында кескіндеме суретшінің қырағы көзі шалғанның
бәрін мейлінше толық бере алса керек. Сан жүздеген жылдар бойы ол
табиғаттан үйреніп, дүниені қызғылықты ететіндердің бәрін – бейнелеудің
таңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты. Оның бейнелеу құралдары
шексіз бай бола бастады. Сызықтардың өте батыл жүргізілуі, бояулардың бай
үндестігі, жарық пен көлеңкенің батыл, күтпеген контрастары, бейнеленіп
отырған нәрсені орналастырудағы ойлы мөлшерлестік және айқын логика,
қиялдың қызықты құбылмалылығы – осының бәрі кескіндемеге өз міндеттерін
шешу үшін берілген. Рыцарь сауыттарының жылтылын, жібек маталардың асқан
әдемілігін, көз жанарының дымқылдануын, жас қыз денесінің нәзіктігін және
ағаштардың дөрекі қабығын көзге түсетіндей етіп беру тіс қаққан
кескіндемешіге қиындық келтіре қоймайды. Кең жайылған емендердің қуатын,
көктемгі қайыңдардың жан жадыратар жасыл жапырақтарын, қаһарлы да асқақ
аспанды, мөлдір – сұр тұманды және айлы түндердің тылсым, жұмбақ әлемін,
буырқанған көк теңізді қызықты, сан қырлы кескіндеме өнері көрсетіп бере
алады.
Кескіндеме бейнелеу өнерінің негізгі түріне жатады. Кескіндеме
көрерменнің ойы мен сезіміне жағымды әсер ететін, жазықтық бетіне бояу
арқылы жасалатын көркем шығарма. Кескіндеме өнерінің тарихи, тұрмыстық,
соғыс тақырыбы, жануарларды бейнелеу, адам келбетін бейнелеу және табиғатты
бейнелеу жанрлары бар. Қолданылатын орнына, орындалу түрлерәне қарай
кескіндеме монументтік, сәндік, қондырғылы, декорация, миниатюра болып
бөлінеді. Сонымен қатар деорамалық, панорамалық кескіндеме түрлерә де бар.
Кескіндеменің орындалу техникасына қарай, әдіс тәсілдеріне байланысты майлы
бояу, фреска, құрғақ темпера, желім, балауыз жәнешыңылтыр кескіндемесі
болып бірнеше топқа бөлінеді .
Өнер - мәдениеттің айнасы деп бекерде бекер айтылмаған. Ол мәдениеттің
жаны, оның өзіндік танымының түрі.
Бейнелеу өнері – дүниені көзбен көріп түйсіну негізінде бейнелейтін
пластикалық өнердің бір саласы.
Бейнелеу өнері негізінен кескіндеме, мүсін, графика жатады. Бейнелеу
өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс
табуы тиіс. Сондықтан шартты түрде оларды да бейнелеу өнері қатарына
жатқызамыз. Сондай-ақ, театр, кино, теледидарға безендіруді, көркем
дизайнды да бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам,
табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелу
өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін
жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болды. Бейнелеу өнерінің туындылары
өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл
өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді.
Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино)
қарағанда бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен
ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі
қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары түптік жағынан таңдап алынып,
заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі.
Бір оюы біріне ұқсамайтын қазақ халқының төл туындылары. Кезінде қазақтың
тума талант суретшісі Әбілхан Қастеев атамыздан сурет салуды қайдан
үйрендің дегенде – ешкінің мүйізінен, әжемнің киізінен, таудың жотасынан
үйрендім деген екен.
Міне, осыдан қарап-ақ қазақтың, қазақ даласының өнерге тұнып тұрғанын
көреміз, қазақтың әрбір тасында сурет, тауында құдірет бар екенін
байқайсың. Қазіргі кезде де осы ата-баба жолын жалғастырып, дамытып,
өнердің өресіне шықсам екен деп ұмтылып жүрген жастар баршылық. Әлі де
сондай қас таланттардың ұрпақтан-ұрпаққа өнерді жалғастырарына сөз жоқ
сенеміз. Бейнелеу өнерінің құдіреті туралы айтар болсақ адам ойының қанаты,
жігер мен қайрат берер оты, адам жанының тазалығы осында. Сонымен қатар
бейнелеу, сызу өнері қай салада болсын жаңалық ашып, соны жетілдіруге
көмектеседі. Өйткені адам ойлаған ойын, қиялынан туған бейнені немесе
көрген затын бірінші қағаз бетіне түсіріп содан кейін жүзеге асырады емес
пе? Мұны тарихтан жақсы білеміз. Мысалы, Леонардо Да Винчи ұшатын құралды
ойлап тапқанда бірінші соны қағаз бетіне түсіріп содан кейін жасаған.
Медицинада қазірдің өзінде де сурет салу арқылы елестету тәсілі
қолданылады. Келтіре берсек осындай мысалдар жетіп артылады.
Бейнелеу өнерінің тағы бір сыры, құдіретті салынған картина, ондағы
бояулардың түсі, картинадағы композиция адам жанына тікелей әсер етеді.
Мысалы, кейбір картинаны көргенде адамды өзінен өзі қуаныш билеп, жаны
жадырап сала береді. Кейбірі тұңғиық ойларға жетелейді, тіпті кейбір
картина ауырған адамның ауруынан айығуына, көңілінің әрдайым көтеріңкі
болуына көмектеседі.
Бейнелеу өнері сонымен қатар өсіп келе жатқан жастардың ұлттық рухының биік
болуына, салт-дәстүрі мен Отанға, елге, жерге деген махаббатын оятуына
үлкен үлесі бар. Бейнелеу өнері арқылы жеріміздің қандай көркем, қарасаң
көз тоймастай сұлу, бай екендігін көреміз. Ұлтты ұлт етіп тұрған, ең
алдымен, оның менталитеті. Сол менталитет жоғалса ұлт бейнесі, ұлт болудан
қалады. Біздің жастар қазір тым еліктегіш болып барады. Қай салада болмасын
батысқа қарап бас шұлғып, табынып жүргендер аз емес. Бұған себеп, ұлттық
рухымыз бен болмысымыздың соншалықты жалаңаштануы. Қазір Елбасымыз болашақ
жастардың еліне деген отансүйгіштік сезімін оятуды басты кезек күттірмейтін
мәселе ретінде қарауды талап етіп отыр.
Өнер ең алдымен ұлттық болуы қажет. Әр суретші өзінің Отанын, салт-
дәстүрін, жерінің сұлулығы мен әдет-ғұрыпын бейнелеуге тырысу керек деп
ойлаймын. Сол арқылы ұрпақты тәрбиелеп, салт-санамыз бен әдет – ғұрпымызды
келешекке біз жеткізбесек кім жеткізбек?! Қанша жерден шет елге қарай
еліктегенімізбен, қанша жерден шет елдің әр ісін көшіріп, абстракция десе,
абстракция, бәлен десе бәленді салғанымызбен екінші Леонардо, екінші
Мекеланджело бола алмаймыз, одан да өзіміздің ұлттық менталитетімізге тән,
жастарға тәрбие беретін, салт-дәстүрімізді әлемге танытып, қазақ деген
елдің мықты екенін мойындатып, ата бабаымыздан қалған қазақтың қол өнерін
шекпен жауып өзіне жаңа оймен сыйлай білсек болғаны деп білемін. Өзгелерге
еліктейміз деп жүріп – ұлттық дәстүріміздің қадір-қасиетін жоғалтып алмау
жағын ойластырғанымыз жөн. Жақсыны білу керек, тыңдау керек, бірақ ақылмен
сараптап іске асырған абзал. Өзіміздің ұлттық рухани байлығымызды жоғалтып
алмай, өнерімізді ел игілігіне жұмсауымыз біздің парызымыз. Өнердің адам
тәрбиесіндегі рөлі басты мақсатта болуы керек.

пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнері негізінен кескіндеме,
мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру
және қолданбалы өнерде көрініс табуы тиіс. Бұл өнердің де негізінде адам,

заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу
өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен
көлеңке композициясы, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан
дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс пән. Бейнелеу өнерінің әр
жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түсті
бояуды, графика түрі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтық астасуын,
мүсін пластикалық үш өлшемдікті пайдаланады. Қазақ халқы – рухани зор
байлықтың мұрагері. Ол өзінің өрісі биік сын сапасы өскелең мәдениетке бір
күнде жеткен жоқ. Осы мол зор қазынаның түп-төркіні сонау 6-8 ғасырдағы
Орхан Енесей ежелгі түрік жазбаларынан басталады. Қазіргі Қазақстан
территориясында жүргізілген археологиялық қазбалар біздің ертедегі ата-
бабаларымыздың тек мал баққан, жерін шет жаудан қорғаған батыр жауынгер
ғана емес, ақын, жыршы, шешен, сонымен қоса сәулетші, мүсінші, ұста,
зергерде болған екенін дәлелдеді.

күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді. Адамның
жарық дүниеге келген күнінен бастап оның есейіп, о дүниеге аттанып кеткенге
дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынас атаулының барлығы
салт-дәстүрден өзекті орын алып, адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыратын
тәрбие мектебі . Жер жүзінде екі мыңнан астам ұлт пен ұлыс тіршілік етеді
десек, солардың әрқайсысының өзіне ғана тән әдет-ғұрыптары мен салт-
дәстүрлері бар. Олар – халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, одан
ол халыққа жататын адамдар мәдениетінің деңгейі, рухани байлығы, басқа
ұлттар мен ұлыстардан, халықтардан айырмашылығының барлық белгілері анық
танылады. Сонымен қатар салт-сана, дәстүр қатып-семген, мәңгі өзгермейтін
нәрселер емес. Елдің мәдениетіне, экономикасына ілесіп өркендеп отырады.

және өзгеріп отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру. Тұрақтылық болмаса
даму да болмайды. Соның нәтижесінде әрбір жаңа ұрпақ өткен ғасырлар
мұрасының әсеріне ұшырап, оған бойсұнуға әзір. Белгілі француз социологі
Э.Дюркгейм “Дәстүр – адамдардың қоғамнан дайын күйінде табатын, өздерінің
тәртіптерін жөнге түсіріп және әрекетке келтіріп отыратын тетік. Дәстүрді
бұзғаны үшін берілген жаза тайпалардың бірлігін сақтауға көмектесетін
қорғаушы құрал болып табылады” – дейді. Бұл жерде әңгіме Бірлестіктің
берік өмір сүруі үшін, оған кіретін адамдарға дәстүр талаптарын орындаудың
міндеттілігі жайында болып отыр. Дәстүрдің тағы бір қызметі –
жақындастыру. Мұның тарихтағы айқын көрінісі – рулық қауымдастықтар,
олардың ауызбірлігі, тұтастықтарын сақтауға ұмтылушылық “Кімнің жерін
жайласаң, соның жырын жырлайсың” деген мақал осыған байланысты айтылған.
Дәстүр ақпараттық қызмет атқарады. Ақпарлар дәстүр арқылы екшеліп,
қорытылып, қоғам жадында сақталады, соның арқасында ғасырдан ғасырға
жетеді. Соған байланысты адамдардың дүниеге келген жаңа ұрпақтары өзара
қарым-қатынас нормаларын қайтадан жасап қалыптастырып әуреленбейді, яғни
бұрыннан қалған жол-жосынды басшылыққа алады. Дәстүрде жиналған ақпарлар
арқылы ата-бабадан қалған материалдық және мәдениетке иеғ мұрагер болады.
Мысалы халқымыздың “Ата салған жол бар, ене пішкен тон бар”, “Ата көрген –
оқ жонар, ана көрген – тон пішер” деуінің мәні бұрынғыдан қалған жөн-жосық,
әдеп-салттың басшылыққа алынуға міндеттілігін білдіреді. “Түбірлі мәселені
шешерде, түп атадан келе жатқан жолды ұстар” дейтін мақалдардың бір
әулеттен келесі әулетке ұмытылмай жетіп келе жатуының өзі- дәстүр. Халық
осындай дәстүр жалғастығын зор мұрат санайды. “Атадан ұл туса – игі, ата
жолын қуса игі” деген ұлы арман соған меңзейді.
Бәрімізге белгілі қай өнер саласы болмасынын өнер иелерінінің талғамын,
дарындылығын және де өз өнерінің қас шебері екендігін көрермен қауым
бағалайды. Сол үшін суретшілер өз ісіне жауапкершілікпен қарау керек деп
ойлаймын. Сонда ғана еліміздің өнер - мәдениетті өрге басады. Неше ғасыр
бойы өз ырқымен жалғасын тапқан өнердің мәнісін жоғалтып алмауға тырысу
керек.
Бүгінде, бейнелеу өнерінің үлесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі-тек
қазақ жеріне ғана емес, шет елдерге де танылып жатқан қас шеберлерімізді
айтарлықтай тани бермейміз, сонымен қатар Қазақстан суретшілері туралы
айтылған, зерттелінген материалдар жоқтың қасы. Сол өнер иелерінің
шығармаларын кеңінен зерттеп, олардың нағыз өнер тарландары екенін өнер
жолында жүрген шәкірттер мен өнер сүйер қауымның баршасына кеңінен
таныстыру жолын қарастыруымыз керек.
Бір айтып кетер жәйіт, кешегі ХХ ғасырда қазақ кескіндеме өнерінің дамып,
қалыптасуына және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына өз үлестерін қосқан өнер
тарландары аз болған жоқ. Арнайы білім алмаса да, өнерін тамашалаған
халықтарды әлде де болсада тамсандыруда. Ал, бүгінде әрбір өнер саласында
арнайы білім алар мекемелер жеткілікті. Сол білім ордаларында болашақ маман
иелері мәнді дәріс алуға күш салу керек. Сонымен қатар суретшілер мен өнер
зерттеушілер, мұғалімдер мен шәкірттер арасында қарым - қатынасты және
түсіністікті маңызды жолға қою өнер – мәденитіміз үшін абзал болар еді.
1.2. Сюжеттік композиция
Композиция ат. сотрозійо - құрастыру, шығарма)-көркемөнер туындысының
құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы.
Композиция - құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және
жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым. Пластик. өнерле
композиция көркем пішін (форма) түзілімінің жеке сәттерін біріктіріл
түрады. Композиция әдістері өнердің өзіндік ерекшеліктеріне, шығарманың
идеясына, авторлық ойтүйсігіне сәйкес туындайды. Композиция шығарманың ішкі
құрылымымен бірге оның сыртқы орта мен көрермендер арасындағы қатынасын
белгілейді. Көркем шығарм. процесі мен өмірді эстеттану тұрғысында
қалыптасқан композиция заңдары өнердің жалпылама заңдылықтарының, нақты
өмір құбылыстарындағы өзара байланыстылықтардың белгілі мөлшеріндеғі
бейнесі әрі жиынтығы болып табылады. Сәулет өнерінде композиция идеялық-
көркемдік принциитердің бірлігіне, құрылыстар мен ғимаратардың функциялық
мақсатына, жобалық ерекшеліктеріне, олардың қала құрылысындағы мән-маңызына
орай құрылады. Композиция қаланың жалпы келбеті мен құрылымын, архит.
үндестігін, жобадағы көлемдік, кеңістік түзілімін айқындайды. Бейнелеу
өнеріндегі композиция шығарманың идеялық және сюжеттік-тақырыптық негізін
нақтыландыру барысында заттар мен фигураларды кеңістікке орналастыру
тәртібін, шығарма көлемін тиянақтау әрі жарық пен көлеңке үнасымын
қадағалау арқылы көрінеді. Композиция тектері "орнықты", "айнымалы", "ашық"
және "жабық" болып бөлінеді. Композицияның орнықты және жабық тектері Қайта
әрлеу дәу ірің дегі өнерде басымырақ қолданыл ды, ал айнымалы және ашық
тектері барокко стилінен айқын көрініс тапты;
композитордың немесе суретшінің шығарм. еңбегінен туған шығарма
(музыка, кескіндеме, мүсін немесе графика);
өнер түрлері жинақталған күрделі көркем туынды (мысалы, әдеби-муз. К.);
Кескіндеме – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда
бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы
қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап
алады.
Сюжеттік басқа да заттардан құралған суретті салған кезде оның мағыналы
құрылымының өзегі болатын композицияны білуіміз шарт. Онсыз ешқандай
қызықты, әсерлі сурет салу мүмкін емес. Композиция латынның Ойлап шығару
немесе Құрастыру деген сөзінен шыққан. Дәлірек айтар болсақ, композиция
суретшінің бейнелегелі отырған натюрмортын немесе картинасын дұрыс, әсерлі
құруы, ондағы заттардың, кейіпкерлерді белгілі бір ретпен ыңғайластырып
орналастыру болып табылады. Әдетте, әсіресе үлкен живописьтік шығармаларда,
суреттерде оқиғаның өзегі немесе басты кейіпкерлері араласатын белгілі бір
орталығы болады. Оны композициялық орталық суретшінің шешіміне қарай
картинаның кез келген жерінде болуы мүмкін. Кейбір суретшілердің
туындысының композициялық орталығы тура ортасында орналасса, ал
кейбіреуінде ол не оң жағында, не сол жағында орналасады. Суретті саларда
отыратын орнымызды дайындау, ұйымдастыру үлкен рөл атқарады. Алдымызда
қойылған натюрморт толық, жан-жақты көріну үшін одан қашығырақ отырамыз .
Қандай суретті салмайық, оның барлығына ортақ белгілі бір жолы, кезеңі
болады. Сондықтан сурет кезеңдерімен біртіндеп салынып, өрбіп отырады. Зат
бейнесінің орналасуын анықтау, құрылымын табу, пішінін айқындау, сондай-ақ
түйін немесе суреттің аяқталуы деп аталады. Алдыңғы үш кезең жалпыдан-
жалқыға әдісімен жарыққа қарай жүргізген ыңғайлы әр денені штрихтің
бағытын сол дененің сыртқы формасына қарай жүргізу керек. Барлық
геометриялық дененің сомдап шығарғаннан кейін натюрморттың фонмен
байланысына көңіл бөлу керек, сонымен қатар фонның айқайлап, бері шығып
кетпеуін де қадағалау қажет. Ол үшін шектен тыс фонмен айналыспай,
қажетінше абайлап штрихтау керек. Артқы фон денелер жатқан горизонталь
жазықтықтан қараңғылау болғанымен кубпен параллепипедпен көлеңкесі
жарықтау. Ал, денелердің көлеңкесі жазықтыққа құлай түскен көлеңкеден
жарықтау, яғни ең қараңғы жерлер денеден құлай түскен көлеңкелер болады.
Осы көлеңкелермен жұмыс істеу кезінде көзге онша елене бермейтін жарық пен
көлеңкенің жылт пен рефлекс деген түрі бар. Сурет салудың өн бойында оны
естен шығаруға болмайды. Әсіресе осы кезде оны толық көрсету керек.
Сурет салуды меңгеруді тірі модульден емес, өлі қозғалмайтын
модельден – натюрморттан (француздың пашге тогіе - өлі табиғат, натура
деген сөзден шыққан). Натюрмортты, ол тұруға шаршап, кетіп қалады, тұрған
қалпын өзгертеді деп, қорықпай-ақ оны түрлі нүктелерден мұқият зерттей
отырып, қалағанынша ұзақ салуға болады. Онымен жұмыс істеу үстінде жас
суретші заттардың формасын құруға, оның конструкциясын талдауға, олардың
өзгеше ерекшеліктерін де, олардың арасындағы өзара байланысты да табуға
үйренеді.
Қазақ совет бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен дамуы бәрінен бұрын Ә.
Қастеевтің есімімен байланысты. Бүгінде республиканың халық суретшісі
атанған, расында да халықтың қайнаған қалың ортасынан шыққан бұл тамаша
дарынның ғажайып ұлттық шығармашылығы 30 жылдарда үрдіс дамыды. Әуелі
батырақ, сосын жұмысшыдан профессионал суретшіге дейін көтерілген бұл
қылқалам шеберінің өсу жолы да жаңа дәуірді жақсы бейнелейтін жол. Бір
кездері хат танымаған, қараңғы малшы-кедей өз халқымен бірге елінің шын
қожасына айналды. өз халқының жаңа ұлттық көркем мәдениетін жасаушы болды.
Қастеевтің ең алғашқы шығармаларынан –ақ оның өзіне тән шығармашылық
ерекшеліктері: аспай-саспай, бабымен баяндау, тұрмыс көріністерін туған
елінің табиғатын ақындық асқақ шабытпен бейнелеу қасиеттері айқын көріне
бастады. Қастеев шығармашылығында портреттер мен табиғат суреттері де
үлкен орын алады, туған ел табиғатының сұлулығы мен ерекшелігін эмоциялық
түйсіну шынайылықпен, лирикалық сезімталдықпен ғажап ұштасып, ұласып
жатады. Бояу түстерінің ырғақ-әуені, бейнелердің оптимистік әр сипаты оның
шығармашылығындағы қазақ эпосының ең үздік туындыларымен тұрмыстық өнердің
жарасты үндестігінен туған халықтық қайнармен біте қайнасқан. Табиғат
суреттері арқылы Қастеев үздіксіз жаңарып, жасарып жатқан туған өлкесін
перзенттік сүйіспеншылықпен, асқақ шабытпен жырлайды.
Қастеев шығармашылығының жанрлық толықтығы мен әр түрлілігі туралы айта
отырып, осы жанрлардың әрқайсысына қатысты оның әрбір жұмысы әлі күнге
дейін Қазақстан бейнелеу өнеріндегі баға жетпес жауһар болып табылатынын
ескеріп кеткен жөн.
Табиғат пен суретші оңаша қалған таза табиғат көріністерінде, дала
көтеріңкі, жоғарылатылған кейіпте көрінеді. Бұл – адамсыз дала, оның мұндай
болуы тек жанама ишара мен бөлшектерден ғана сезіледі. Бұл жерде,
жаратушының Жер мен Көкті жаңа ғана жарата салғаны секілді бір ауыз сөзбен
айтып жеткізу мүмкін емес еркіндік пен әуен сияқты төгілген шабытты
импровизатор, пейзаждарда табиғат ұлылығы мен абсолютті таза күш идеясы
басымдық етеді (Сары-Шоқы колхозы, 1974, Таудағы тың игеру, 1956,
Шалкөдедегі жазғы жайылым, 1956, Щучинск алқабы, 1967).
Қастеев шығармаларында өзінің түпкі мәнінде табиғаттың негізгі
заңдарымен және онымен үндес адам жанының өзгерістері мен екпінінің,
психологиялық жағдайы мен көңіл-күй ырғағының жеңіл динамикасына
негізделген бұрнағы мен бұлжымастың арасында нәзік тепе-теңдік өмір сүреді.
Суретші кенебінен алынған көрермендердің жалған өмірлік тәжірибесі екі
сәттің – болмыстың бұлжымас екі константы ретіндегі өмірдің статикасы мен
динамикасының қолға ұстатпайтын үндестігімен бірігеді. Табиғат түсінігі
абсолют ретінде үйлесіп, уақыт пен кеңістіктің ұдайы ұлылығы және адам
тіршілігі кезегімен туындайтын жеңіл кейпі ретінде олар оның өнеріне сол
бір нәзік тіршілікті алып келеді.
Қастеев кескіндемесіндегі түс пен кеңістіктің баяндалуы уақытымен
реалистік, табиғи дәстүрге жақындай түсті. Реалистік кескіндеменің
формальдық тіліндегі өзгерістерге қалам тарта отырып, қолөнерді терең
игеруге талпынуда Қастеев өзінің кенептеріне өмірдің өзіндей пішіндегі
өмірді алып келеді. Алғашында ол бейкүнә сипатта, кейін келе кәсібиленген
реалистік мәнерде игере отырып, Қастеев ұлттық рухани дәстүрдің
константаларын жеткізіп, Отан мен уақыттың қайталанбас сезімдерін бере
Қазақстан суретшілерінің 1940 жылғы маусымда ашылған бірінші съезі
шығармашылық коллектив атқарған үлкен жұмысты қорытып, бейнелеу өнерін одан
әрі дамытудың нақты жолдарын белгіледі. Суретшілер съезі алдынан
Қазақстанда Совет үкіметінің орнағанына 20 жыл толуына арналған көрме
ұйымдастырылды. Онда тарихи картиналар, бүгінгі күн тақырыбына бағышталған
шығармалар, табиғат суреттері сарапқа салынды.
Х. Қожықов жұмыстарында Ә. Қастеев, Ә. Ысмайылов туындыларына тән
ерекше қасиеттер көрініп, нәтижесінде қазақ бейнелеу өнерінің тұтас форма
қалыптастырғыш қасиетіне ұласты. Күнделікті салттандыру өткен мен
бүгінгінің, қарапайымдылық пен құдіреттіліктің, өткінші мен мәңгіліктің,
нақты мен жалпының арасында байланыс орнату тәсілі ретінде этномәдени
дәстүрде алғашқы тәртіпті қайта қалыптастыру принципімен байланыстырады. Ол
өнерде хаосқа жол бермей, өмір қозғалысын қамтамасыз ететін бастапқы
тәртіпті қайта қалыптастыру принципін, алғашқы жаратылыстың тұрақты идеясын
өзектендірді. Егін ору, астық басу сияқты қарапайым сюжеттерге салт жораға
ұқсас әрекет әсерін бере отырып, суретші бүгінгінің ақиқатын өткенмен,
мәңгілікпен, дәстүрлі дүниетанымның ең басты принциптерімен қисындастыратын
түркілер үшін аса қасиетті болмыс пласттарымен салыстырады. Қазақ
суретшілерінің салт жоралар идеясын кескіндемелік туындылардың әртүрлі
қырынан басқаша түсіндіруге ұмтылуында сөзде, ырғақта, музыкада, әдет-
ғұрыптарда, дәстүрлі ойындар мен ауыз әдебиетінде көрініс тапқан дүниеге
көзқарастың дәстүрлі ерекшелігінің тұрақтылығы жүзеге асады .
Дәстүрлер мен образдардың қайнар көзі халық фольклорына деген
қызығушылық Ысмайыловтың фольклорлық тақырыптарға көңіл аударуы мен қазақ
аңыздарының кейіпкерлері, ұлттық ойындар мен әдет-ғұрыптар, мерекелерге
байланысты сюжеттерді бейнелеуінен көрінеді. Оның түсіндіруінде халық
фольклоры көп қырлы, ол – ашық көрініс, алып ғажайып күш (Қазақша күрес,
1941), сондай-ақ ымыраға келмейтін күшті сезімнің трагизмі (Еңлік- Кебек,
1958). Ысмайылов фольклорының құштарлыққа толы біртұтас әлеміндегі
кейіпкерлер рухани және физикалық энергиясы толық жинақталған күш иелері.
Дәстүрлі дүниетанымның тұтастығы, этномәдени дәстүрдің ерекшелігі
әлемнің имманентті үндестігі, әдеттегі, шынайы және жоғарғы рухани
ұлылықтардың өзара байланысы мен біркелкілігі, жердегі болмыстың аспан,
космостық сфералармен ара қатынасы, адамзат және табиғат бастамалары
теңдігінің негізгі жақындығы, барлық жанды затты рухтандыру, ұлттық
ойлаудың синкретизмі сияқты негізгі жағдайлар қазақ кескіндемесінде бірінші
кезеңдерде әлемді шынайы суреттеудің стилистикалық қалпы мен көркемдік
жүйесінде жүзеге асуда. Алайда, халық санасының қалың қабатына
тамырлағандүниетанымның кескін-демеде өзіндік ракурсының пайда болуына нақ
осылар ықпал етті.
Алғашқы сәттерінен бастап Қазақстан бейнелеу өнеріне ұлттық рухани
мәдениетпен терең сабақтастықта байланыс орнату тән болды. Бұдан еш
мәнерленбейтін әрі қуатты бола алмайтын интуициялық, жанама деңгейдегі
дәстүрлі дүниетанымдық концепцияларды жүзеге асыру тәрізді байланыс балауса
ұлттық кескіндеме мектебінің негізін қалаушы Ә. Қастеевтің шығармашылығында
және ХХ ғасырдағы бейнелеу өнерінің кәсіби дамуының алғашқы сатыларында
ұлттық дәстүрді шынайы жалғастырушыларға айналған тұңғыш қазақ суретшілері
Ә. Ысмайыловтың, Қ. және Х. Қожықовтардың да шығармашылығында мәнерленген.
Олар негізін салған әлемнің кескіндемелік интерпретациялары ұлттық
көркемдік сана үшін өздерінің тұрақтылығы мен мықтылығын дәлелдейді. Олар
әрбір кезеңіне сай Қазақстан өнерін қалыптастыра отырып өмір сүруін
жалғастырады.
Қазақстан өнеріне кәсіби деңгейде дайындалған бәрқатар талантты
суретшілердің келуімен тығыз байланысты. 1950 жыл ұлттық өнер мектебінің
жетілген кезеңі болды. Олардың шығармашылығында қазақ кескіндемесі
көркемдік құрылысының ерекше эпико-романтикалық поэтикасы мен шығармашылық
сана ырғағының ерекшелігін. Пластикалық образ жасау жүйесін, қабылдау,
сұрыптау және қорытындылау принциптерін анықтайтын дүниетанымның көптеген
тұрақты шамалары байқалады.
Осы кезеңде Қазақстан өнеріне келген Қ. Телжанов, М. Кенбаев, С.
Мамбеев, К. Шаяхметов, Ж. Шәрденов, Р. Сахи және т.б. кескіндемешілер
Ленинград пен Мәскеу қалаларының ең үздік көркемөнер оқу орындарында кәсіби
білім алды. Көшпенділердің ұрпағына тән шығармашылық көрініс пен
дүниетанымның генетикалық құрылымы ерекшеліктерін еуропалық және орыс
мектебінің кескіндемелік тәсілдерін еркін игерумен біріктірген, олар
кескіндемеде елдің саяси өміріндегі жылымықпен сәйкес келген өздерінің
дүниеге және кезеңге қатысты көзқарастарын берді.
Айқын бейнеленген даралықтың анық бірлікпен үйлесімінде көрінген
дәстүрлі дүниетанымның біршама ортақ тұрақты шамалары осы жылдардағы өнерге
күшейгендік кейпін береді. Мәдени құндылықтар мен идеологиялық тұрғыда
шиеленіскен әлеуметтік революциямен өзара алмасуы барысында пайда болған
Қазақстан кескіндемесі бастапқы кезде-ақ шиеленіскен дәстүр-даралық
қатынасы тәртібінде болды. Қазақтың кәсіби кескіндемесі феноменінің
қалыптасуындағы дәстүр-даралық-жаңашылдық мәселелерінде ерекше мән бар.
Тұтастай кеңестік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz