Табиғат ресурстарының ұдайы өндірісін тиімді пайдаланудың ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3

1 Қоғамның ұдайы өндірісі экономикалық категория ретінде 5

1. 1 Қоғамның ұдайы өндірісі түсінігі 5

1. 2 Халық шаруашылығында табиғат ресурстарының орналасуы 6

2 Табиғат ресурстарының ұдайы өндірісін тиімді пайдаланудың

ерекшелігі 7

2. 1 Қазақстанда орналасқан отын, энергетика ресурстарының көздері 7

2. 2 Агралық салада жер, су ресурстарының пайдалану 14

2. 3 Минералды, шикізат ресурстарын қолданудың ерекшелігі 15

3 Қазақстанда табиғат ресурстарының ұдайы өндірісін тиімді

пайдаланудың мәселелері мен даму бағыттары 22

Қорытынды 23

Қолданылған әдебиеттер тізімі 35

Кіріспе

Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру, соның нәтижесінде халықтың тұрмысын, әл - ауқатын жақсарту өндірістің еңбек, материалдық және табиғи қорларын тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде және болашақта өндіріс қорларының барлық түрін кешенді, үнемді пайдалану мәселесін шешкенде ғана экономиканың даму қарқынын арттыруға болады.

Бұл мәселенің шешімі ең алдымен табиғаттың қалыпты жадайын сақтап, оның ресурстарын тиімды пайдаланумен тығыз байланысты. Өйткені табиғат өндіріс қорының көзі, әрі өндірісті орналастыру ортасы ретінде өндірістің барлық саласына қатысты.

Өндірістің даму қарқыны артқан сайын табиғат байлығын пайдалану мөлшері де өсіп келеді. Соған байланысты әсіресе қалпына келмейтін табиғат байлығының тиімді қорының азаюы немесе сапасының төмендеуі қоғамның өндіріске жұмсалатын шығынының артуына кері әсер етуде. Өндірісте қолданылатын табиғат қоры сапасының төмендеуінен туындайтын өндіріс тиімділігіне кері әсерді ғылыми - техникалық жетістіктер нәтижесі де жоя алмай тұр.

Екінші жағынан, өндірістің кері әсеріне табиғи ортаны қорғау ісі де күрделене түсті.

Сондықтан да табиғат байлығын кешенді, үнемді пайдалану кезек күттірмей шешімін табуға тиіс мәселеге айналып отыр. Оған табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтары негізінде, олардың үйлесімділігін арттыру арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Табиғатты тиімді пайдалануда экономика ғылымының маңызы зор. Табиғатты қорғау, тиімді пайдалануды басқару, жоспарлау, оған экономикалық ынталандыру, табиғат байлығын игеруге, табиғи ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың тиімділігін анықтау, қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз етудің тиімді жақтарын белгілеу, т. с. с. экономика ғылымының тікелей атқаратын қызметі.

Табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаны қорғау білікті инженер, экономист мамандар даярлаумен де тікелей байланысты. Өйткені қазіргі өндіріс басшыларымен ұйымдастырушылары өндіріс қорларын игеру экономикасын оның ішінде табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаның қорғау мәселесін терң меңгеруге, қоғамға қажетті өндіріс қорларын ұйымдастыра білуге қабілетті болуға тиіс.

Курстық жұмыстың мақсаты: Табиғат ресурстарының ұдайы өндірісін тиімді пайдалануды зерттеу

Зерттеу мақсатына сай міндеттер анықталды:

  • Табиғат ресурстарының ұдайы өндірісі экономикалық категория ретінде зерттеу;
  • Табиғат ресурстары өндірістік фактор ретінде қарастыру;
  • Халық шаруашылығында табиғат ресурстарының орналасуына талдаужасау;
  • Табиғат ресурстарының ұдайы өндірісін тиімді пайдаланудың ерекшелігін зерттеу;
  • Қазақстанда орналасқан отын, энергетика ресурстарының көздеріне сараптамалық шолу жасау;
  • Агралық салада жер, су ресурстарының пайдалану ерекшелігін көрсету;
  • Минералды, шикізат ресурстарын қолданудың ерекшелігін зерттеу;
  • Қазақстанда табиғат ресурстарының ұдайы өндірісін тиімді пайдаланудың мәселелері мен даму бағыттарына талдау жасау.

Сонымен табиғат байлығын пайдаланудың, табиғи ортаны қорғаудың қазіргі жағдайы; ғылыми - техникалық жетістіктер деңгейі, олардың табиғатты пайдалануға әсері; табиғат байлығын экономикалық бағалау әдістері; табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаны қорғау тиімділігін анықтау; оған экономикалық ынталандыру, басқару, ұйымдастыру әдістері қарастырылады. Сондай - ақ студенттер мен табиғат байлығын пайдаланушы өндіріс мамандарының табиғат байлығын пайдалану мен табиғи ортаны қорғау экономикасын үйренуіне көмектеседі

1 Табиғат ресурстарының ұдайы өндірісі экономикалық категория ретінде

1. 1 Табиғат ресурстары өндірістік фактор ретінде

Өндіріс - адам қоғамының өмір сүру негізі. Экономика екі іргелі экономикалық аксиомаға негізделеді: шексіз мұқтаждықтар мен шектеулі ресурстар. Мұқтаждықтар - бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы. Мұқтаждықтарды қанағаттандыратын құралдар игіліктер болып табылады. Бір игіліктер шектеусіз мөлшерде болады, ал екіншісі - шектеулі. Соңғылары экономикалық игіліктер деп аталады.

Өндірістің түпкі мақсаты - тұтыну болып табылады, яғни әр трүлі мұқтаждықтарды қанағаттандыру үрдісі. Дамуы бойынша мұқтаждықтар сан жағынан да, сапа жағынан да түрленеді. Олардың осы ерекшелігі өндіріс дамуының ынталандырушы құралы болып табылады, мұның өзі жаңа мұқтаждықтардың пайда болуын негіздейді.

Экономикалық игіліктерді өндіру үшін ресурстар, яғни қоғамның әлеуметтік мүмкіндіктері пайдаланылады. Өндіріс үрдісінде ресурстар өндіріс факторларына айналады, олар келесі топтарға бөлінеді: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік.

Шектеулі ресурстар жағдайында таңдау мәселесі туындайды. Оларды пайдаланудың ең тиімді тәсілін табу керек, ол үшін мына сұрақтарға жауап беру қажет: не өндіру керек? Қалай өндіру керек? Не үшін өндіру керек?

Минималды шығыстар арқылы максималды кірістер табу қамтамасыз етілетін шешім дұрыс болады. Шешім қабылдаудың негізгі критерийі - рационалдық.

Шаруашылық қызмет үрдісінде барлық субъектілер тауарларды өндіру және сатумен байланысты белгілі бір шығыстарға тап болады, - шығындар.

Баламалы шығындар немес пайдалан алмаған мүмкіндіктердің шығындары - бұл қаулыға жету үшін бас тартуға тура келетін нәрсе.

Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы - ресурстарды толық пайдаланудағы баламалы нұсқаларды көрсетеді. Ол әр түрлі тауарлардың арасынан таңдау қажеттілігін көрсетіп, экономикалық мәселенің мәнін бейнелейді. Қисық сызықтың ішіндегі әр бір нүкте ресурстардың толық емес пайдалануын білдіреді. Қисық сызықтан тыс жатқан нүкте мүмкін емес өндірісті, яғни қолма-қол ресурстардың жоқтығын білдіреді. Қисық сызықтың бойындағы нүкте бір тауардың екінші бір тауар өндірумен алмастырылғанын білдіреді. Мұның бәрінде өспелі баламалы шығындар заңы, пайдаланылмаған мүмкіндіктер, байқалады. Бұл заңның мәні мынада: қандайда бір тауардың қосымша мөлшерін алу үшін қоғам артылып жатқан басақа бір тауар мөлшерінен бас тартуы керек, яғни пайдаланылмаған мүмкіндіктердің артуынан. Экономикалық тиімділік - алынатын нәтижелер мен өндірістік шығындардың қатынасы.

Экономикалық ұйымдастырылу мәселесі әр бір экономикалық жүйеде әр түрлі шешіледі. Экономикалық жүйе - бұл алдында тұрған мәселелерді - не, қалай, кім үшін-шешу үшін қоғамның ұйымдастырылу тәсілі.

1. 2 Халық шаруашылығында табиғат ресурстарының орналасуы

Табиғат ресурстары -бұл табиғатта не болса, соның бәрі адамның тіршілік және шаруашылық әрекеттері үшін пайдаланады. Еліміздің табиғат байлығы халық қажетін қанағаттандыру, әрі шаруашылықты дамыту үшін қажеттің бәрін береді.

Табиғатты орынды пайдалану кезінде адам және табиғат шаруашылық арасындағы тиімді өзара әрекетті ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Осыған орай геожүйедегі табиғи ресурстар мен табиғи-антропогенді процестерді пайдалана отырып басқару мәселесіне ерекше мән беріледі. Табиғи ресурстарды орынды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған, ортаның табиғи объектілері мен адам үшін қолайлы жағдайды сақтау, алдын ала қойылған мақсаттарға сәйкес гео және экожүйе жағдайын берілген түрде сақтау немесе өзгерту іскерлігі деп түсінген жөн. Ондай мақсаттарға мыналар жата алады: табиғи кешендермен алынған сол не өзге жаңа қасиеттер мен қызмет, оларды жұмыс жасау тұрақтылығымен қамтамасыз ету, табиғатты қорғау іс-әрекеті, тапсырған міндеттерді орындау және т. б.

2004-2015 жылдар арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында көрсетілген Министрлік және оның құрам-бөліктерінің алдына қойылған міндеттердің біршама орындалғанына көзім жетті. Табиғатты қорғау бағдарламалары мен экологиялық сипаттағы іс- шаралар жүргізілуде. Дегенмен төмендегідей жетіспеушіліктер мен қарастырылмай жатқан жайттарды атап өткім келеді:

Табиғатты игеруге берілетін рұқсатнама бұзылуда;

Мемлекеттік инспекторлар өз құқықтарын жеткілікті түрде қолданбайды;

Бюджеттік құндылықтар игерілмеуде;

Құжаттамалық кезектерді қорғау бұзылуда

Сұранымға байланысты ауытқушылықтар бар.

Жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жою үшін мындай ұсыныстар жасауға болады:

Қоршаған ортаны қорғау заңына қайшылықтарды жіберген террабасқарма басшыларын тәртіп жауапкершілігін тартатын шешім қабылдайтын Министрлік тарапынан тәртіп комиссиясына ұсыныс беру.

Жоспарды іске асыруда жүйелі бақылау орнату.

Бақылау нәтижелері мен террабасқарма әрекеттерінің шынайы үнемі бақылауда ұстау.

2 Табиғат ресурстарының ұдайы өндірісін тиімді пайдаланудың ерекшелігі

2. 1 Қазақстанда орналасқан отын, энергетика ресурстарының көздері

Қазақстан өндіргіш күштерінің даму қарқыны мен орналасу ерекшеліктері көбінесе отын-энергетика базасына байланысты. Еліміздің экономикасында бұл кешен шетелдік және отандық инвестицияны өзіне тартатын приоритеттәк өнеркәсіп салаларының бірі. Энергиямен қамтамасыз ету деңгейі еліміздің экономикалық даму негізін құрұға, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге және еңбек өнімділігін өндіру - халықтың экономикалық және әлеуметтік дамуы деңгейін (индикаторы) анықтайтын көрсеткіш.

Отын-энергетикалық кешен - күрделі салаларлық жуйе, оның құрамына отын өндіру, электр жіне жылу энергиясы, оларды тасымалдау, тарту жіне тұтыну, яғни көмір, мұнай, газ, шымтезек, жанғыш тақта тас және электроэнергетика өнеркәсіптері кіреді. Өндірістік инфрақұрылымға минералдық отынды өндіру, сақтау, тасымалдау және тарату, жоғарғы вольттық электроэнергия линиялары, жылу беретін магистраль жүйесі, мұнай-газ құбырлары жатады.

Қазақстан отын ресурстары оры бойынша дүние жүзінде сегізінші орынды алады. Тас және қоңыр көмірдің 450 кен орны бар. Оларда 40 млрд. т. жуық баланстық қоры шоұырланұан. Ал, егер геологиялық қорын есептесек, бұл көрсеткіш бәрнеше есе үлғаяды (140 - 160 млрд. т. ) . Көмір қоры бойынша Қазақстанның алдында АҚШ, Австралия, Ресей, Қытай, ГФР, Канада, Ұлыбритания, Үндістан, ОАР елдері тұр. 55% - дан астам көмәр қоры Солтүстік Қазақстанға, 38% - ға жуық Орталық Қазақстанның үлесіне тиеді. Қоры жағынан аса ірі кен орындарына Қарағанды, Екібастұз тас көмір, Торғай, Қолжат, Теңіз-Қоржынкөл және Майкөбе қоңыркөмір бассейндері жатады.

Қарағанды тас көмір бассейні ендік бағытта 120 шақырымға созылып жатыр; бойлық бойынша орта есеппен - 30 шақырым. Ауданы 3600 ш. ш. Кен жер астынан қазу және ашық әдіспен (Бөрлі, Кушекі, Шұбаркөл) өндіріледі. Бассейннің «үққ м тереңдікке дейінгі геологиялық жалпы қоры 43, 4 млрд. т. оның ішінде баланстық қоры - 16, 5 млрд. т. (тас көмір - 14, 3, қоңыр көмір - 2, 2) . Отынның жануындағы жылулық қасиеті Донбасс (Украина), Кузбасс (Ресей) көмір кен орындарынан кем емес. Орташа күлділігі 23 - 27% болса да, тас көміодің калориясы 7-ден 9 мыңға жетеді. Ұшпа заттардыңшығуы 18-ден 36%-ға дейін. Көмір кокс өндеуге, жылумен қамтамасыз етуге және химия өнеркәсібін шикізат ретінде пайдаланылады. Геологиялық құрылысы және игеру деңгейіне байланысты бірнеше аймақтарға бөлінеді (Қарағанды, Долинка, Шахан, Тентек, Шеруба-Нұра, Шұбаркөл) .

Кеңес үкіметі кезеңінде қарағанды көмірінің басты түтынушылары Қазақстан, Онтүстік және Орталық Орал (Ресей), Батыс Сібір жылу электр стациялары мен металургиялық өнеркәсіп кәсіпорындарындары болды. Кеңес Одағының ыдыруына байланысты экономикалық байланыстардың өзгеруі Қарағанды көмір бассейнінің дамуына қиын әсер етті. Қәзіргі кезенде бессейн ішкі және коксті көмірді тұтынатын сыртқы рынокқа бағыт салып отыр. Жекешелендіру процессіне байланысты 1996-шы жылы 16 шахта және кейбір қосымша кәсіпорындар «Испат-Кармет» ААҚ (қазір «Миттал Стил Теміртау») құрамына берілді, ал . шахта жабылды.

Екібастұз көмәр бассейні Павлодар облысында орналасқан. Техникалық -экономикалық жағдайлары көбінесе экономикалық тиімділігіне, қазылатын көмірдің қабатының қалыңдығына, тығыздығына, 600 м дейін ашық әдіспен өндіріруіне т. б. байланысты. Көмірдің баланстық қоры - 13 млрд. т, көмір қабатының жалпы қалындығы 100 м-ден астам. Жану жылылығы 4500 - 5000 ккал, күлділігі жоғары (31 - 43 %) . Ылғалдылығы 6 - 15 % болып келеді. Көмірді байыту экономикалық тұр. ыда тиімді емес, бірақ ТМД елдерінің ішінде ең арзан (Канск-Ачинск қоңыр көмір бассейнәнен кейін) энергетикалық көмір болғандықтан, электр стансаларында (әсіресе жергілікті) пайдаланылады (Аксу, Екібастұз ГРЭС-тері, Қарағанды жылу электр стансалары т. б. ) . Екібастұз көмірін кешенді жолмен пайдалануға болады, оның құрамында басқа өнеркәсіпке керекті шикізаттар (мысалы, алюминий, магний, құрылыс, химия өнеркәсітеріне) бар. Бассейнде үш карьер жұмыс жасайды: «Багатырь» - потенциалдық қуаты 50 млн. т, «Северный» - құаты 10 млн. т, «Восточный» - құаты 20 млн. т.

Майкөбе қоңыр көмір бассейні Екібастұз тас көмір бассейнінің оңтүстігінде орналасқан. Аумағы 1400 ш. ш. Кейбір кен орындары толығымен зерттеліп, пайдалануға берілген. Бассейннің көмірі аз күлділігімен (7 - 25 %), ұшпа заттардың көп шығуымен (45 %-ға дейін), жану жылулының деңгейімен (4300 - 4600 ккал), көміртегінің төмен құрамымен (78 %-ға дейін) сипатталады. Көмір қабаттары 56м дейін жетеді, аса терендікте орналаспаған, сондықтан ашық әдіспен өндіруге болады. Механикалық тыұыздығына байланысты көмір байытуға жарамды. Жоғарғы сапалы энергетикалық көмірді жылу энергетикасы және химия өнеркәсібінде пайдалануға болады. Баланстық қоры - 5 млрд. т.

Торғай қоңыр көмір бассейнінің аумағы 50 мың ш. ш., әлі зерттеліп біткен жоқ, болжамдық қоры - 40 млрд. т. Жан - жақты зерттелген кен орындары: Құсмұрын, Егінсай, Қызылтай, Приозерск. Бірінші екі кен орынның үлесіне 80% баланстық қоры жатады. Құсмұрынның көмірі аз күлділігімен, жоғары жану жылулығымен (калориясымен) сипатталады. Көмір қабатының орта қалындылығы 65 м - ге жетеді және ашық әдіспен өндіруге болады. Қазіргі нарықтық экономикалық жағдайға байланысты Торғай бассейнінің кейбір кен орындары жергілікті жерді отынмен қамтамасыз ету үшін игеріле бастады. Мысалы, 1995 жылдан бастап Жарқұс (Амангелді ауданы) разрезінде ашық әдіспен 200 т-дан астам көмір өндірілді. 1996-шы жылдан бастап разрездің екінші кезеңі игеріле бастады. Торғайдың көмірінің өзіндік құнынан (көліктік шығынды қосқанда) 10 есе арзанға түседі.

Теңіз-Қоржыкөл көмір бассейні Ақмола облысында орналасқан, әлі жеткілікті зерттеліп біткен жоқ және өндірістік пайдалануға дайын емес. Дегенмен, 1996 жылдан бастап Ақмола-Павлодар автомобиль жолының бойында орналасқан Сарыадыр разрезінде көмір өндіру басталды. Техникалық-экономикалық көрсеткіштері жағынан бұл бассейнінің көмірі Екібастұз көмірінен кем түспейді. Бұдан басқа болашағы бар Максимовск, Бөгенбай кен орындарын атауға болады.

Қолжат көмір бассейні Алматы облысында орналасқан. Оның геологиялық қоры 21 млрд. т. болады. Сапасы жағынан тас көмірге жақындау. 1995 жылдан бастап көмір өндіру басталды.

Қазақстанда, жоғарыда айтылып кеткен бассейндерден басқа, Жамбыл облысында Шу қоңыр көмір бассейні, Алматы облысында Төменгі Іле қоңыр көмір бассейні, Павлодар облысында Жамантұз, Малайсоры, Қызылту т. б. көмір кен орындары, Қаражыр (Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағы), Шұбаркөл тас көмір, Қияқты қоңыр көмір кен орындары (Қарағанды облысы) бар. Ақтөбе облысында Мамыт (Ақтөбе қаласының солтүстігінде), Шұбарқұдық, Бершоғыр (Мұғалжар тауларында), Айсан, Мартук көмір кеніш орындары Онтүстік Қазақстанда Таскөмір, Алакөл, Шығыс Қазақстанда Кендірлік көмір және жаңғыш тақта тас кен орыны (қоңыр көмірдің қоры 1 млрд. т, тас көмірдің 1, 5 млрд. т) ашылған.

Көмірдің көптеген кен орындары Қазақстан өнеркәсіп орталықтары мен тораптарына жақын орналасқан. Сондықтан оларды игеру экономикалық тұрғыда тиімді болып келеді. Мысалы, Қаражыр (Семей өңірі) көмір кен орынын игеру үшін Угольная темір жол тармағы тартылды. Мұнда жылына 2 - 2, 5 млн. т. көмір өндіруге болады.

Республикада басқа қатты отын түріне кендірлік жанғыш тақта тас (қоры 220 млн. т. ), Солтүстік Қазақстанда - Чернигов (қоры 30 млн. т. ), Батыс Қазақстанда - Чернозатон кен орындарын, шымтезектің үш кен орыны: Қайындыкөл, Өлгенкөл, Шақырты (Қостанай облысының солтүстігінде, Тобыл-Тоғызак өзендерінің аралығында) атап кетуге болады. Жанғыш тақта тас пен шымтезек қорларының өнеркәсіптік қоры, сапасы, мыңызы әлі де жете зерттелген жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар еліміздің отын-энергетикалық өнеркәсібінің құрылымдық және территориялық дамуын жақсартуы сөзсіз. Мысалы, геологиялық зерттеудін мәліметтеріне қарағанда, Кендірлік жанғыш тақта тас кенінің қоры 40 - 50 млн. т. мұнайға пара-пар, ал сапасы жағынан ТМД елдерінде кездесетін кеніштерден анағұрлым жоғары. Смоланың шығу деңгейі - 16 - 18 %, ұшқыш заттар 22 %-ға дейін жетеді. Құрамында күкірт аз, жылу каллориясы жоғары және ашық әдіспен өндіруге болады. Эксперименттік зерттеулерге қарағанда 1 т. шикізаттан 180 - 240 кг-ға дейін смола және мынандай фракциялар: бензин 19, 6 %, дизельдік жанармай - 31, лигроның - 9, 1, битум және басқада шығымдар - 40, 3 % алуға болады екен, немесе 1 тонна жанғыш тақта тасты технологиялық өндеу арқылы 400 текшеге дейін жанғыш газ өндіруге болады [33] .

Қазақстан Республикасы мұнай мен газдың болжамдық және өнеркәсіптік қорынан алғашқы он елдің құрамына кіреді. Қазіргі мұнай өндіру технологиясының шамасына қарай қол жетерлік мұнай қоры 2 млрд. 12 млн. т. табиғи газдың қоры 1 трлн. 170 млрд. м. шамасында бағаланған, мамандардын айтуы бойынша, Өзен, Жетібай, Бозащы т. б. кеніш орындарының қоры қазіргі технологиялық мүмкіндікпен байланысты алғанда 2073 жылға дейін, газ 2167 жылға дейін өндірілуге жетеді деп болжанады.

Қазіргі уақытта республикада геологиялық барланған және барланып жатқан 14 мұнай-газ бассейні және 203 - тен астам көмір сутегі шикізаттарының кен орындары бар. Оларды еліміздің барлық территориясынан кездестіруге болады. Дегенмен, негізгі қорлары Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары және Каспий теңізі жағалауы мен қайраңында (шельф) шоғырланған. Елімізде барланған кен орындардың 90 %-ы игерілген және игеру барысында негізгі кен орындары Орал-Ембі өзендері аралығында, Маңғыстау және Бозащы түбектерінде, Үстірт қыратында, Арал маңайында және Сарысу өзені аңғарында орналасқан. Баланстық қоры анықталып пайдалануға берілген мұнай-газ бассейндері: Орал - Ембі, Маңғыстау, Бозащы, Қарашығанақ, Ақтөбе, Құмкөл, Амангелді (алғашқы газ өндіру 2003 жылдан басталды) және Каспий қайраңы (2007 жылда алғашқы мұнай өндіріледі деген жоба бар) . Қоры бойнын ең ірі кен орындары: Теңіз, Қарашығанақ, Жанажол, Қаламқас, Жетісай, Құмкөл, Өзен. Олардың өндіруге жарамды жиынтық қоры: мұнай - 1, 565 млрд. т, газ конденсаты - 650 млн. т. Жоба бойынша тек қана Қарашығанақ кен орнынан жылына 12 млн. т. мұнай мен газ конденсаты және 25 млрд. текше метр газ өндіруге болады.

Геологиялық барлаулар және игеруге дайындық жүргізіліп жатқан мұнай - газ кен оырндарынан: Құрманғазы, Жамбай, Южный, Дархан, Нұрсұлтан, Ұлытау, Ракушечное море, Абай, Исатай т. б. атауға болады, болжамалық қоры 2 млрд. т. астамға жетеді. Ірі кен орындарды жекелеп қарасақ, Теңіз өндіруге жарамды қоры 721, 9 млн. т, Өзен (мұнай-газ) - 231, 9, Жаңажол (мұнай - газ конденсат) - 119, 3, Қаламқас (мұнай - газ) - 92, 9 млн. т.

Алғашқы мұнай өндіру өнеркәсібі 1918 жылы Ембі мұнай провинциясында Мақат және Доссор кен орындары игеруден басталды. Ескі мұнай өндіретін кен орындарға Құлсары, Мұнайлыны жатқызуға болады. 1995 жылы осы маңайда Матин кен орны пайдалануға берілді. 1991 жылдан бастап Қазақстанда дүние жүзінде ең ірі кеніш орындарынын бірі - Кенбай игерілді. Мұнда өндіруге қолайлы мұнай қоры 75 млн. т. дейін бағаланып отыр.

Атырау облысында аса ірі Теңіз мұнай және газ конденсат кен орнын атау керек. Оны игеру және басқару үшін «Теңіз Шевройл» біріккен мұнай - газ компаниясы құрылды. 1995 жылы 3 млн. т. мұнай өндірілсе, 2001 жылы 15 млн. тоннаға дейін жетті (елімізде барлық өндірілген мұнай 1/3 Атыру облысының ¾ ), 2006 - 23 млн., 2010 ж. 32 млн. т. мұнай өндіру жобаланып отыр. Өнімді әрі қарай көбейту мұнайды тасымалдау мен тұтынуға байланысты шектеліп отыр. Кеңес үкіметі кезеніңде Қазақстан мұнайын негізгі тұтынушы Ресей болды. Қазіргі уақытта мұнайды құбыр арқылы халықаралық тұтынуға шығару үшін Қазақстан шет елдермен келісімдер жасап жатыр.

Мұнай, газ - конденста және табиғи газдың шоғырланған қоры Маңғыстау облысында орналасқан. Мұнда мұнай, газ және уран ресурстарының егізінде 60-шы жылдары Маңғыстау территориялық өндірістік кешені құрыла бастады. 1996 жылы мұнай өнімін Өзен, Мұнайшы, Бейнеу, Теңге, Тасболат, Атырау облысы шекарасына жақын жерде Прорва, Боранкөл т. б. кен орындары игерілді. Бұлардың бәрінде мұнаймен бірге табиғи газ қорлары бар. Ол ХХ ғасырдың 70 - ші жылдарынан бастап өндіріле бастады. 80 - ші жылдардын басында мұнай Бозащы түбегінде «Өлі Қолтық соры» территориясында өндіріле бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық шаруашылығындағы орман саласының рөлі жайында
Ресурстар мен жер қойнауын қорғау әрі оңтайлы пайдалану
Табиғат ресурстарын пайдалану принциптері
Жердің экономикалық бағалануы
Табиғат қорларының экономикалық бағалануы
Рента шартының ұғымы
Адамзат қоғамының табиғи ресурстары мен қамтамасыз етілу проблемалары
Жер ресурстарын басқару
Кәсіпорындарда экологияны қорғауды ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері
ҚР ауыл шаруашылығы экономикасының қазіргі жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz