Әлеуметтiк бағдарлық тәрбие iстерi



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 7
II. Негізгі бөлім. 9
2.1. Тәрбие – адам
өмірінде ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
... . 15
2.2. Әлеуметтiк бағдарлық тәрбие 18
iстерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3 Тәрбие қоғамдық құбылыс немесе тәрбие үрдiсiнiң қоғамдық бағытта 21
болуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
2.4. Қоғамдық тәрбие немесе әлеуметтік
жұмыстар ... ... ... ... ... ...
III.
Қортынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. .

Кіріспе

Даму – жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық
процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеаялар мен түсініктер және
өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік,
әуестік, белсенділік және батылдылық сияқты қасиеттері даму процесінде
қалыптасады. Өйткені оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік орта мен тәрбие
әсер етеді. Баланың дамуы және оның дүниені тануы әлеуметтік жағдайларға
байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен қасиеттер
пайда болады.
Баланың дамуы өте нәзік, күрделі диалектикалық процесс деп
қарастырылады. Даму процестерінің қозғаушы күштері – ішкі қайшылық күресі.
Даму процестері сапа өзгерістеріне ауысып отырады. Мысалы баланың даму
процесінде мынадай заңдылықтарды байқауға болады: алғашқы кезеңде бала
тілінің дамуы, оның түсіне білуіне және сөйлей білуіне, сөздік қорына
байланысты. Әрине, тілдің дамуы осымен аяқталып қоймайды, ол жетіле түседі.
Сексеннен астам сөзді игергеннен кейін баланың айналадағы адамдармен қарым
– қатынасы кеңейіп, олардың сұрақтары мен сөздеріне түсіне бастайды.
Баланың ойлау, сөйлеу, сезім сияқты психикалық процестерде бірте – бірте
өзгерістер пайда болады. Осының нәтижесінде баланың ақыл – ойы дамудың жаңа
кезеңіне көшеді.
Даму - әр уақытта біріңғай тұтас процесс. Оның кейбір ерекшеліктерін
атап көрсетуге болады. Организмнің дамуы ең алдымен мүшелердің өсіп
жетілуіне байланысты. Ал, әр түлі мүшелер (бастың көлемі, көкірек шеңбері,
қол – аяқ және т.б.) бір қалыпты өсіп жетілмейді. Өйткені организмнің өсу
қарқыны тұрақты емес. Сондытан өсудің тездету кезеңдері баяулау
кезеңдерінен кейін немесе керісінше байқалып отырады. Мысалы, жыныс
мүшлерінің жетілуі кезеңінде күшейеді, соңынан баяулай бастайды.
Баланың жоғары нерв қызметінің дамуы бас миының үлкен жарты шарлары
қабығының талдау және синтездеу қызметінің жетілуіне байланысты. Ми
қабығының талдау және синтездеу әрекеті қабылдау мен естің, қиял мен
ойлаудың т.б. негізгі механизмі болып табылады негізгі механимі болады. Осы
нерв процесі арқылы бала өзінің мінез – құлқы мен қылығын табиғи және
әлеуметтік ортамен сәйкестендіру жолдарын іздестіреді.
Бала организмі нерв жүйесінің даму негізінде, оның психикалық
қызметінің дамуы жетіле түседі. Психикалық қызметінің негізгі механизмі
мидың үлкен жарты шарлар қабығының әрекеті болады. Психиканың айналадағы
обьективтік шындықтың біздің нерв жүйемізде бейнелеуі дейміз.
Баланың әрбір даму кезеңінде жетекші іс - әрекет болады. Мұндай іс -
әрекеті өзінің мақсаттары, мотивтері және орындалу тәсілдерімен
сипатталады. Жетекші іс-әрекеті - өсуші индивидтің мұқтаждарын
қанағаттадыру мен таным немесе психикалық процестерін қалыптастыруға
бағытталған іс - әрекеті.

Таным іс - әрекеттерінің процесінде жаңа мотивтер туады, баланың
түсінігі мен ұғымы, білімі мен тәжірибесі артады, ойлау операциясы да
жетіле түседі. Оқу мен тәрбие процесінде бала ойлау операциясы арқылы
обьективтік шындықтың құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам
баласының бай тәжірибесін үйреніп, игеруге талаптанады. Әрине, бала өз
бетінше жаңалық ашпайды, ол мұғалімнің, тәжірибесінің көмегімен белгілі,
зерттелген ғылыми мәліметтерді бағдарлама, оқулық және басқа да
әдебеттерден қабылдап меңгереді.
Ойлау әрекеті негізінде мектеп жасындағы балалардың дүниеге көзқарасы
қалыптаса бастайды, нақты ойлаудан абстракты ойлауға көшеді.
Таным психикалық процестерінің дамуымен бірге баланың психикалық
қасиеттері де қалыптаса бастады. Іс - әректі процесінде әр түрлі
қиыншылықтарды жеңу үшін жеке адамда шешімділік, өзін ұстай білу, батылдық,
табандылық, төзімділік сияқты ерік қасиеттері пайда болады. Ал ерік
дегеніміз – адамның белгілі бір мақсатқа ұмтылуы мен белсенді қимылы.
Мектеп балаларға терең және сапалы білім береді. Оларды жоғары
идеялық, адамгершілік көзқарас рухында тәрбиелеп, жан – жақты жетілдіреді,
осның нәтижесінде балаларға Отанға деген сүйіспеншілік, адал ниетпен оқып,
еңбек ету, ұжымдық сияқты болымды қасиеттер қалыптасады.
Даму және тәрбие процесінде түрлі өзгерістер болып отырады. Баланың
организмі бүкіл өмірде әр түрлі дене және психикалық өзгерістер арқылы
дамиды. Оларға организмнің өсіп жетілуі ақыл – ойының дамуы, мінез –
құлқының қалыптасуы жатады. Осындай өзгерістердің барлығы табиғи және
әлеуметтік ортаның тәрбие мен өзін - өзі тәрбилеудің ықпал етуіне
байланысты. әлеуметтік орта мен тәрбие балаға әр түрлі дәрежеде әсер етеді.
Өйткені. Баланың сыртқы әсері қабылдауы, оның ішкі сезіміне, санасына
байланысты. Сондықтан қабылдау процесінде баланың санасында ішкі
қайшылықтар туады. Бұл дамудың қозғаушы күші.
И.П. Павловтың ілімі бойынша, даму ішкі нерв жүйесі қызметінің және
сыртқы жағдайлардың өзара әрекеттесуі, айналадағы шындықтың адамға ықпал
етуі. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылық,
әлеуметтік орта, тәрбие т.б. жатады. Кейбір ғалымдар жеке адамның дамуы мен
қалыптасуын тұқым қуалаушылыққа байланысты, ал адамның жоғарғы қабілеттерін
және талантын таңдаулылардың жоғарғы нәсілдік үлесі деп қарастырылады.
Адамның дамуы күрделі процесс. Адамның дамуына табиғи және әлеуметтік
орта ықпал жасайды. Табиғи орта – бұл түрлі табиғат жағдайларының адам
тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы. Табиғат жағдайларына байланысты олардың
мінез – қылықтарында да ерекшеліктер байқалады.
Әлеуметтік орта және адамның мінез – құлқының дамуына ықпал жасайтын
қоғамдағы әлеумттік қатынас, адамдар, олардың көп қырлы іс - әрекеттері.
Маркс пен Энгельс адамды ортаға белсенді әсер ететін, өз өмірдегі
жағдайларды өзгерте алатын әлеуметтік ортадағы қайраткер деп қарастырады.
Қоғамдағы адамның дамуы табиғи әлеуметтік орта мен адамның күрделі және
өзара әрекеттесуінің әсерінен адам өзінің іс - әрекеттері арқылы жұмыс
жағдайын, өзінің психикасын белсенділікпен өзгертеді.
Адамды дамып жетілуіне қажетті мүмкіншіліктерді – нышанды табиғат
береді. Бірақ, нышан өздігінен дамымайды, оның дамуына себепші болатын
факторлардың бірі - әлеуметтік орта. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс
болса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.
Педагогика адам дамытуда әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған
зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші алдын – ала анықтаушы фактор деп
қарастырмайды.
Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі – тәрбие. Тәрбие
балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы даму дәрежесіне
лайықты іске асырылды. Тәрбие арқылы адамдардың іс - әрекеттерін
ұйымдастыру үшін, тәрбиеші тәрбиенің құралдары мен әдістерін және
формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Демек, тәрбие алдын
– ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла
жүргізіледі. Сондықтан да тәрбиенің ортадан айырмашылығы осындай
заңдылықтарға байланысты.
Тәрбие арқылы халықтын тұрмысын жақсарту және оның таным қабілетін
дамыту мәселелерін педагогика таптық қоғамды жойып, жанңа демократиялық
қоғамды жойып, жаңа демократиялық қоғамды құрғанда ғана іске асыруға
болады деп қарастырылады.
Тәрбие процесінде бала кезінің дамуына қажетті жағдайларды пайдалануы
тиіс. Осыған орай, тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс - әрекеттерін
тиімді етіп ұйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды
іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын
дамытады.
Тәрбие жұмыстарының дара жолдарын табудың нәтижесінде баланың ой -
өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы
қалыптасады.

II. Негізгі бөлім.

2.1. Тәрбие – адам өмірінде.

Тәрбие – қоғамның негізгі функцияларының бірі. Тәрбие жеке адамды
мақсатты, жүйелі қалыптастыру принципі болып табылады. Тәрбие процесі
нәтижесінде аға ұрпақтың тәжірибесі оқушыларға беріліп, меңгеріледі,
олардың сана–сезімі қалыптасып, жағыды мінез – құлық нормалары мен
сезімдері дамып жетіледі. Тәрбие педагогикалық процесте өте маңызды, әрі
күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін негізгі факторлардың бірі. Тәрбие
адамзат қоғамының дамуынан ажырамай және оған ежелден–ақ тән құбылыс, демек
тәрбие жастарды дайындауға тұрмысқа бағытталған ерекше іс–әрекеті ретінде
қоғам дамуының барлық кезеңдерінде де өз маңыздылығын жоймаған.
Әрқандай қоғамдық құбылыс ретінде тәрбиелік қызмет пен оның сипаты бір
қалыпта тұрып қалған емес, қоғамдық жағдайлардың ықпалымен ол үздіксіз
жетіліп дамуда болады. Мысалға, ұзақ уақыт балалар өндірістік және
адамгершілік тәжірибені, бірлікті еңбек әрекетінде, үлкендермен араласа
жүріп игеріп отырады. Осылайша жағдай тайпалық қауымға дейін де, тайпалық
қауым кезінде де күнделікті іс-әрекеттің қарапайымдылығынан болған еді.
Сондықтан да бұл дәуірде тәрбие адамдардың арнайы кәсіби қызметі бола
алмады, яғни арнайы тәрбиелік мекемелер болмады, тәрбиені кәсіпке
айналдырған адамдардың қажеттілігі әлі туындамаған кез еді. Жер өңдеу мен
мал шаруашылығы, қол өнер бірте – бірте дамып күрделенеді және де тәрбие
процесінің ерекшелігінің бірі – оның болашаққа ұмтылған іс- әрекеті
болатындығы.
Тәрбие процесі дегеніміз – жеке адамды қалыптастыру мен дамытуға
бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсаты және бір – бірімен тығыз
байланысты қызметі. Тәрбие процесін басқару функциясын мұғалім –
тәрбиелеуші атқарады. Тәрбие процесінде әлеуметтік, психологиялық және
педагогикалық факторлардың бірлігі аңғарылады. Тәрбие процесінің түпкі
мақсаты негізінен қоғамдық талаптармен, міндеттермен жеке адамның тарихи
нақтылығы қоғамдағы орынмен анықталады. Тәрбие процесінің әлеуметтік маңызы
оның жасөспірімдерді мораль, еңбек, ғылым, көркемөнер саласында қоғамдық
игіліктерді меңгеруіне байланысты. Бірақ тәрбие процесінің ең негізгі
қарастырылатыны – жеке адам, әсірісе даму, кемелдену үстіндегі жеке адам.
Сондықтан да тәрбие процесін іске асыру жеке адамның дамуының
заңдылықтарын білмейінше, олардың жас және дара ерекшеліктерін жан – жақта
түсінбейінше мүмкін емес. Тәрбие процесі өте қиын да, күрделі процесс. Оның
қиындығы балаға әсер ететін әр түрлі жағдайдың ұштасуы. Біріншіден, баланың
өмір сүретін әлеуметтік ортаның (қаланың, селоның) олар көп қолданатын
көпілік информацияның жан – жақты әсері, екіншіден, күнбе – күн балаға
тікелей әсер ететін – микроорта. Бұл жерде отбасын ерекше бөліп алып,
қарастырған жөн. Баланың отбасындағы жағдайы, олардың өзін қоршаған таныс
адамдармен қарым – қатынасы, ықпалы – осының бәрі балаға ерекше әсер етеді.

2.2. Әлеуметтiк бағдарлық тәбие iстерi.

Тәбие iстерi мақсаттарына қарай бiрнеше түрге бөлiнедi: Әлеуметтiк
бағдарлы, этикалық, эстетикалық, танымдық, спорт және дене тәрбиесi,
экология, еңбек және т.б. Қоғамдық маңызы бар қасиеттердi тәрбиелеу
мақсатындағы тәрбие iстерiн әлеуметтiк бағдарлы деп атайды. Бұл бағыттағы
тәрбие iстердiң негiзгi мақсаты – оқушылырда әлеуметтiк қатынастар жүйесiн
қалыптастыру; қоғамға, мемлекетiк басқару және құқық мекемелерiне.
Маңыздысы – қоғамда, мемлекетте, әлемде болып жатқанның барлығына жеке
азаматтық бағам бiлдiре алу. Азаматтық борыш қазiргi жағдайда аса
көкейкестi мәселе. Бұл сапа тәртiптiлiкпен, яғни тұлғаның маңызды
әлеуметтiк – адамгершiлiк қасиетiмен тiкелей байланысты.
Тәртiп негiзiнде ғана әлеуметтiк қатынасты ұғуға болады. Тәртiп
негiзiнде ғана әлеуметтiк қатынасты ұғуға болады. Тәртiптiлiк әр адамның
қоғам нормалары мен қылық ережелерiн саналы орындау әрекеттерiнде көрiнедi.
Саналы тәртiптi үйретудiң негiзгi жолы- тәрбие iсiн ұйымдастыру. Бұл
жұмыстың мақсаты – оқушылардың мiнез- құлық ережесiн, күн тәртiбi
талаптарын сақтауын, өмiрлiк iс-әрекеттер тәртiбiн орындауға үйрену. Сол
Үшiн әрбiр оқу орнында мiнез – құлық ережелерi белгiленедi. Ал бұл ережелер
бiр жағынан қоғамдық мораль принциптерiн танытса, екiншi жағынан – сол оқу
орнының жұмыс ерекшелiгiн бiлдiредi .Оқушылардың өмiрi мен iс- әрекетiнiң
тәртiбiн күн ережесi деп атайды. Күн ережесi – бұл үздiксiз орындалатын
тәрбие iсi.Ереже талаптарын орындау – тәрбиенiң нәтижелiлiгi, ол тұлғаның
тұрақты әдеттерiн тез дамытады. Қажет болған жерде ереже өзгередi. Ереже
сипаты:
• Тәрбиеленушiнiң өмiр жағдайына сай әрi үйлесiмдi, оның
мүмкiншiлiктерi мен қабiлеттерiне сәйкес болуы керек;
• дәл белгiленген мерзiмде барлық iс-әрекеттiң бiрге орындалуын
мiндеттейтiн болуы қажет;
• нақты, шынайы орындалатын әрекеттердi қамтуы шарт;
Егер тәртiптiлiк сапасы үнемi өзгерiп жатса, онда педагог мiнез
ауысуларының қайда, қашан басталғанын зерттеп үйренуi қажет. Педагог
шеберлiгi тәрбие iсi белгiлi кезеңде жаңа сапаға бағыттай алуынан көрiнедi.
Өмiрлiк ұстаным (позиция) – бұл iшкi наным, тұлғаның қоғамға
субъективтi қатынасын көрсететiн, оның дүниетанымдық, моральдық
психологиялық сапаларынан шығатын сана– сезiм бағдары. Адамның өмiрлiк
ұстанымы белсендi (активтi) және енжар (пассивтi) болып келедi. Белсендi
тұлға болып жатқан жағдайға немқұрайлы қарай алмайды. Ал енжар бағдарлы
адам дайын көзқарас, құндылықтар мен әдет-қылық үлгiлерiн қабылдайды,
оларды сана талдауына салалайды, қайшылықтары аз, тiптi жоқ жолды таңдайды.

Әлеуметтiк белсендiлiгi бар тұлға – болып жатқан жағдайды түбегейлi
шектемейдi, бiрақ сын сарабына салады. Елде, әлемде
болған жағдайларға өз бетiнше баға берiп, өмiрдi жақсартуға ат
салысады.
Енжар ұстаным мәнi – жаңалықтан қорқу, өз белсендiлiгiнен қашу,
әрқашан қауiпсiздiкке бола, бағынышты хәлде жүру, жау- апкершiлiктен бас
тарту. Мектеп ықпалы отбасы тәрбиесiн реттеп, оның қалыпқа түсуiне
көмектеседi. Қоғамдық белсендiлiк танытпайтын оқушылар тек үлгерiмi мен
жеңiл жұмыста ғана iс- теуiн қадағалайтын отбасылардан шығады. Әлеуметтiк
бағдарңы тәрбие iстерi оқушылардың өмiр позиция- сын қалыптастыруда қажеттi
жағайлар жасайды. Олар арасында берiлген тапсырмалар түрiнде емес, нағыз
жауапты жұмыс сипатында бала тарапынан қабылдануы тиiс.

2.3. Тәрбие қоғамдық құбылыс немесе тәрбие
үрдiсiнiң қоғамдық бағытта болуы

Тәрбие мемлекеттiк құрлыстың, ондағы үкiмет билiгi мен ме-кемелерiнiң
қуатына арқа сүйеп, сонымен бiрге мемлекетте қабыл-данған және жүргiзiлiп
жатқан саясат. Ата заң мен заңдар негiзiнде азаматтық және әлеуметтiк
сапалардың қалыптасуына бағытталады. Бұл принцип педагог iс- әрекетiн
мемлекеттiк тәрбие стратегиясына сәйкес өскелең ұрпақ тәрбиелеу
мiндеттерiне бағындыруды көздейдi және тәрбиешi iс-әрекетiн қажеттi тұлға
типiн қалыптастыруға бағдарлайды. Мемлекеттiк қызметте жұмыс iстегендiктен
тәрбиешi тәрбие саласы бойынша мемлекеттiк тапсырысты орындайды. Егер
мемлекеттiк және қоғамдық мүдделер бiр-бiрiне келiсiмдi болса, онда
жоғарыдағы принцип талаптары, әлбетте, тәрбие мақсаттары мен мiндеттерi
құрылымына сәйкестеледi. Ал мемлекет, қоғам және тұлға мақсаттары
үйлеспесе, ол принциптiң орындалуы қиындайды.
Тәрбиешiде толыққанды тәрбие үшiн нақты деректi материалдар жетiсе
бермейдi. Мектеп – бұл мемлекеттiң, қоғамның және тұлғаның бiлiмдiлiк
сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтiк мекеме және қоғамдық-
мемлекеттiк жүйе. Мектеп қоғамдық-мемлекеттiк мекеме ретiнде тек мемлекет
демеуiмен ғана өмiр сүре алмайды. Ерте ме, кеш пе оған қоғам көмекке келуi
қажет. Қоғамның метептен, мектептiң қоғамнан бөлiнiп қалуын, қоғамдық
өмiрдегi болып жатқан процестерден мектептiң ажырауын, кәсiби педагогтардың
тар және бiржақты жұмыс iстеуiн болдырмау шаралары қарастырылуы қажет.
Педагогтар өздерiн тәрбие билiгiнiң жалғыз иегерi деп ұғынбай, тәрбие
iстерiндегi халық өкiлiмiз деп түсiнуi керек. Қоғамдық бағытты iске асыра
отырып, тәрбиеленушiлермен тәжiрибелiк себеп – түрткiлi өзара әрекетке
жетудiң маңызы зор. Бұл жерде ұрандаған педагогикадан аулақ болған жөн,
Өйткенi тиiмдi тәрбие құлық пен қатынас тәжiрибесi негiз болар тәрбие мен
тәрбиеленушiлер арасындағы байланыс ор-найтын пайдалы iс-әрекетте iске
асады. Дегенмен де, iс-әрекет (еңбектiк, қоғамдық, ойындық, спорттық)
тәрбиелiк мәнге ие болуы үшiн, тәрбиеленушi iс-әрекетiнiң де тәрбиелiк
сапасы жоғары болады.
Әлуметтiк сапаларды жасау процесiнде мақсат бағдарлы тiлдестiк пен
адамгершiлiк танымы арқылы гуманистiк түсiнiк қалыптастырып, оны сан алуан
қоғамдық пайдалы iс-әрекеттi ұйымдастырумен байланыстыру керек. Сөздiк
ықпал мiндеттi түрде пайдасы тәжiрибелiк iстерiмен бекiтiлуi қажет, сонымен
бiрге ол қарым-қатынастағы және басқа адамдармен бiрiгiп орындалатын iс-
әрекеттегi дұрыс әлеуметтiк тәжiрибелер көрсету арқылы тұжырымдалуы керек.
Қоғамдық процестерге әр адам ерте балалық шақтан араласады. Сондықтан
адамзаттық тәрбие де жас кезеңде басталады. Әлеуметтiк жауапкершiлiк сезiмi
балада сәл кешiрек, яғни мектептiң екiншi сатысында ояна бастайды.
Әлеуметтiк сапаларды қалыптастыру кезеңдерiнде берiлетiн бiлiмдердiң
оқушылар жасы мен даму деңгейiне сәйкестiгiне тиiс көңiл бөлiнуi тиiс.
Балаларға мектептiң бiрiншi сатысында өкiмет, президент, үкiмет,
бедел, т.б. ұғымдарды түсiндiруге нақты мысалдар пайдаланылса, тәжiрибе
жүзiнде дер кезiнде дәйектелiп, бекiтiлсе, онда олар бұл ұғымдарды тез
меңгередi. Екiншi. үшiншi сатыдағы мектеп осы секiлдi қажеттi ұғымдарды
бекiтiп, дамытады, нанымдарды қалыптастырады, тәрбиеленушiлер әлеуметтiк
шынай процестерге қызыға отырып, азаматтық сапаларын орнықтырады.
Адамның тұлға болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбиенің комплекстілігі
Тәрбие және өзіндік тәрбие бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу
Этикалық тәрбие істері
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік
Тәрбие өнері және технологиясы
Тәрбие өнері мен тәрбиелеу технологиясы
Сара Назарбаеваның педагогикалық идеялары
Тәрбиелеу өнері мен тәрбиелеу технологиясы
Оқушылар тұлғасын қалыптастыру және қабілеттерін тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық құзыреттілігін қалыптастыру
Пәндер