Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу формалары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұн

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .: I. Тәрбие процесі және оның сипаттамасы . . .
3: 5
КІРІСПЕ . . .: 1. 1Тәрбие- теорияның пәні. Тәрбиенің міндеттері мен функциялары . . .
3: 5
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеудің мәні . . .
3: 6
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Қазіргі қоғамдағы тәрбиеге қараудың тұрғылары. Тәрбие түрлері.
3: 7
КІРІСПЕ . . .: II. Тәрбие жүйелері және олардың дамуы . . .
3: 8
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Тәрбиенің жалпы заңдылықтары . . .
3: 10
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу формалары . . .
3: 11
КІРІСПЕ . . .: III. Тәрбие жұмысының формаларын таңдап алу әдістемесі . . .
3: 13
КІРІСПЕ . . .: 3. 1 Тәрбие жұмысының формаларының түсінігі. Тәрбие жұмысының
формасын топтап бөлу . . .
3: 13
КІРІСПЕ . . .: 3. 2 Тәрбие заңдылықтарын жоспарлаудың әдістемесі . . .
3: 19
КІРІСПЕ . . .: 3. 3 Тәрбие принциптері. Гендерлік тәрбие беру әдістемесі . . .
3: 23
КІРІСПЕ . . .: Қорытынды . . .
3: 26
КІРІСПЕ . . .:
3:
КІРІСПЕ . . .: Падаланған әдебиеттер тізімі . . .
3: 28

Кіріспе

Зерттеудің жұмысының өзектілігі: Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, оның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру диаграмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда. Бұның мағынасын ашу үшін осы тақырыпты өзекті етіп алып отырмын. Бұл тақырып қарастыруға әлі жатарлық.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне толығырақ ақпарат беру.

Зерттеу жұмысының міндеттері.

1. Білім беру ісінің мәні, міндеттері, принциптері мен құрылымы. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы;

2. Қазақстан Республикасының білім жүйесінің негіздері мен стандарттары;

3. Қазіргі жалпы бастауыш, негізгі, орта білімнің даму бағыттары.

12 жылдық білім беру жүйесі.

Зерттеу пәні . Бүгінгі қоғамдағы білім және ғылым мәселелері.

Зерттеу әдістері . Жұмыста баяндау, сипаттау, салыстыру, ой-пікірлерді жинақтау, қорыту, сараптау тағы басқа зерттеу әдістері тиісінше қолданды.

Зерттеудің объектісі. Бүгінгі қоғамдағы маңызды сала мен заңының бірі - Білім мен Қазақстан Республикасының ″Білім туралы″ Заңы. Қ. Р білім жүйесінің негіздері мен білім жүйесінің стандарттары. Білім берудің қай түрі болмасын - тәрбие.

Бүгінгі күнгі білім мен тәрбиенің біртұтастығын сақтауда өлі де нақты шешімі табылмай, негізгі жолдары айқындалмай отырған жағдайлардың орын алып отырғанын ескеруіміз қажет. Тәрбие саласындағы қолданылған мәселелердің қатарында өсіп келген ұрпақ тәрбиесіне тигізер қоғам мен мектеп байланысының ықпалы - ерекше ден қояр мәселелердің бірі. Әдетте жиі қолданып жүретін «қоғам мен мектеп» байланысы деген сөз тіркестерінің астарында - отбасы, баланың денсаулығы мен әлеуметтік ахуалы, оның өз өмірінде басшылыққа алатын адамгрешілік құндылықтары жатыр. Осы орайда 12 жылдық мектеп қабырғасындағы тәрбие мәселесін дұрыс жолға қоямыз десек, мектеп өміріне қоғам ықпалын арта түсуіне ұмтылуымыз керек. Өйткені біздің қарқынды даму үстіндегі қоғамға адамның барлық өмір сүру ортасын тұтас қамтитын, олардың іс-әрекетін үйлестіру тікелей ықпалы бар, тәрбие мен білімнің әлемдік және тарихи тәжірибелеріне негізделген біртұтас жүйе қажет. [1, 56-58]

Зертеудің ғылыми жаңалығы: Ғылыми-жаратылыстану пәндеріне табиғат заңдылықтары туралы білім беріп, баланың ойлау қабілетін дамытудың негізгі құралы болып табылатын физика, математика, химия, биология енеді.

Гумарнитарлық пәндер (тарих, әдебиет, қоғамтану, экономикалық география, түрлі тілдер) оқушыларды қоғамды дамытатын заңдармен таныстырады.

Әртүрлі тілдер қоршаған өмірді терең түсінуге, ақыл-ой, бейнелеу өнерлерінің баланың дамуына үлкен ықпалы бар. Еңбек және дене шынықтыру пәндері оқушылардың денсаулығын жақсартып, іскерлік, дағдыға үйретеді.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, зерттеудің мақсаты, зерттеудің міндеттері, зерттеу әдісі, зерттеу объектісі, зерттеу деңгейі, ғылыми жаңалығы, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі, оның тәжірибеге енгізілу тұжырымдалды. [2, 47-49]

Қазақстан Республикасы білім беруін дамыту концепциясы (2004-2015), Президенттің ақпараттандыру бағдарламасы және басқа да ресми құжаттарда қаланған. Осы құжаттардағы реформалаудағы басымды міндеттер білім берудің жаңашыл технологиялары және Бірінші бөлімде- Білім беру ісінің мәні, міндеттері, принциптері мен құрылымы туралы түсінік. Екінші бөлімде - Қазіргі уақыттағы білім берудің даму бағыттары. Қорытындыда Қазақстан Республикасының білім беру жүйелері сарап-талып қорытылды. Бүкіл әлемдегі білім беру саласы - кез келген мемлекет өмірінің маңызды факторы, оның экономикалық және әлеуметтік өркендеуінің кепілі. Біз Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне енуінің және жоғары оқу орнында білім алу жүйесіндеі түбегейлі өзгерістердің куәгері болып отырмыз. Мемлекеттік білім беру саясатының негізгі принциптері Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» заңы, «Қазақстан 2030» стратегиясы, білім берудің бар деңгейін ақпараттандыру деп танылған.

Білім беру жүйесін қайта құру педагогикалық жаңашылдықтарды құру және қолдану үдерістерін терең зерттеуді, яғни білім беру жүйесіндегі жаңашылдық үдерістерді қажет етіп отыр. Қазақстандағы қазіргі заманғы білім беруді жаңаландыру педагогикалық жоғары оқу орнындағы студенттерді болашақ маманның зияткерлік тұлғалық даму жүйесі ретіндегі кәсіптік даярлаудың сапасын жетілдіруді белсендете түседі. Қоғам университет түлегіне - болашақ мұғалімге жаңа талаптар, нақтылай түссек, тұлға даму мен қазіргі заманғы маманның шығармашылық мүмкіндіктерін анықтайтын білім беру бағытын қайта қарауға жетелейтін жаңа талаптар қойып отыр. [3, 135-139]

Білім беру саласындағы ұлттық саясат әлемдік тенденцияларды есепке алатындай бейім қозғалушылық танытады. Осы тенденциямен байланысты дәстүрлі білім беру түріне балама - жаңашылдық білім берудің туындауы да ғажап емес. Технологиялау және ақпараттандыру үдерістері өте қарқынды түрде жоғарғы мектепте өтіп жатыр. Осы тұрғыдан жаңашылдық технологияларды жүзеге асырудағы болашақ мұғалімдердің рөлі де аз еместігін айта кету керек. Оқу үдерісін технологиялау және ақпараттардыру кезінде білікті мамандарды даярлау оқытушының оқу үдерісіндегі жаңашылдық көзқарастар мен технологияларды қабылдауын талап етеді.

1. Тәрбие процесі және оның сипаттамасы.

1. 1 Тәрбие- теорияның пәні. Тәрбиенің міндеттері мен функциялары.

1. Тәрбие процесінің мәні - тұтас педагогикалық процестің бөлігі. Тұлғаның әлеуметтенуінің, тәрбиеленуінің дамуының жалпы жүйесіндегі оның ерекшеліктері міндеттері және қызметтері. Тәрбие процесінің түрлері. Тәрбие- теорияның пәні. Тәрбиенің міндеттері мен функциялары . Тәрбие әдісі / гректін « медос» - жол деген сөз/- бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол , тәсілдер - тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары. Тәрбиелеу мақсаттарына әр түрлі жолдармен жетуге болады. Тәрбиеші тәрбиеленушімен, олардың күш қуатына, мүмкіндіктеріне, ынталарына сүйене отырып, істеген жұмысында қанша жол тапса, сонша тәрбие мақсатына жету тәсілі ашылады. Әрине, кейбір жолдар басқасына қарағанда мақсатқа тезірек жеткізеді. Тәрбиешінің алдында тәрбиеге сай келетін, көзделген жетістікке тез апаратын және аз күш жұмсайтын жаңа, қолданылмаған жол табу міндеті тұрады. Құрастыру, таңдау және тәрбие әдістерін дұрыс пайдалану - кәсіптік педагогиканың асқар шыңы болып есептеледі. Тәрбие тәсілі - жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет / әсер ету/, нақты іс. Тәсілдер - бұл тәрбишінің қойылған мақсатқа тез жету үшін тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жету үшін тәрбиленушінің қойылған мақсатқа тез жету үшін тәрбиеленушімен бірге салатын соқпақ жолы деуге болады. Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп үлкен жолға- әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдерін тану, оларды дұрыс қолдану - бұл педагогикалық шеберлік деңгейінің маңызды сипаттамасын білдіреді. Демек, тәрбие әдістері мен тәсілдері тығыз байланысты. Тәрбие құрал-жабдығы - кең түсінікті қамтиды. Тәсілдеп жеке әсер етуді түсінсек, құрал түсінігі сол тәсілдердің бірлігін білдіреді. Құрал-жабдық - бұл қолданымдағы тәсіл емес, бірақ әлі әдістікке жете қоймаған шара. Мысалы еңбек- тәрбие құралы, бірақ еңбекті бағалау, көрсету, қателігін аңықтау - бұл ондағы тәсілдер. Сөз кең түсініктегі- тәрбие құралы, бірақ ескертулер, сын айту, теңеу - бұлар тәсілдерге жатады. Осыған байланысты кейде тәрбие әдісі қойылған мақсатқа жету тәсілдері мен құралдары жүйесі ретінде аңықталады, өйткені әдіс құрылымынды тәсілдер мен құралдар міндетті түрде бірге қарастырылады. [4, 88-95]

1. 2 Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеудің мәні және оның ерекшеліктері.

Әдістерді таңдау көптеген жағдайларға байланысты. Бірақ факторлардың саналуандығына қарамастан әдістерді таңдау детерминатты, яғни себепті байланыста болып келеді. Тәрбиеші қолданған әдістерінің себептерін қаншалықты терең түсінсе, әдістің өзіндік сипатын біліп, қолдануды білсе, соншалықты әдістің өнімдісін, тәрбиелеу жолынынң дұрысын тандағаны. Тәжірибеде үнемі тұратын міндет әдістің біреуін ғана қолданбай, тиімдісін, нәтижелі болатын таңдау. Тиімді деп - қойылған мақсатқа көп күш-қуат жұмсамай жететін негұрлым пайдалы жолды айтамыз.

Кейбір жағдайларды жете ескерген, өзіне тиімді педагогикалық іс-әрекетті пайдаланған тәрбиеші тәрбие жұмысында әрқашан жоғары жетістікке жетеді. Тәрбие ідісін таңдауң - жоғары өнер. Ал бұл өнер ғылымды сүйенеді.

Тәрбие әдістерін таңдаулы аңықтайтын жалпы принциптерді қарастырайық. Бірінші кезекте төмендегілер ескерлуі қажет:

  1. Тәрбие мақсаттары мен міндеттері. Мақсат әдісті тек жақтап қана қоймай, оны белгілейді. Қандай мақсат болса, оған жетудің нақты тәсілі болуы керек.
  2. Тәрбие мағынасы. Бір міндет бірнеше мағынаға ие болатынын естен шығармалау қажет. Сол үшін әдісті мазмнмен емес, нақты мағынамен байланыстыру тиімді.
  3. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне қарамай, міндет әртүрлі әждістермен шешіледі. Тәрбие процесінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл келетіні, үшінші сынптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамауы мүмкін.
  4. Ұжымның қалыптасу деңгейі:Ұжымның өзін-өзі басқару формасының дамуына қарай педагогикалық әсер әдістері өзгеріссіз қалмайды. Басқарудың ыңғайлы / гибкость/ болып келуі тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірігіп қызмет етуінің табысты ретінде қажет.
  5. Тәрбиеленушілерінің жекелік және тұлғалық ерекшелітері. Жалпы әдістер бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттің тек бастама ғана. Жекелік және тұлғалық түзетулер / корректировка/ қажет. Инабатты тәрбиеші өз әдістерінде әр тұлғаның өзіне тән қабілеттерін дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің сақталуына, «мендік» белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әрекеттерді жасайды.
  6. Тәрбиелік жағдайлар. Мұндай жағдайларға психологиялық- физиологиялық, санитары -гигиеналық, сонымен бірге сыныпта болатын қарым-қатынастар, яғни ұжымның көңіл-жайы, педагогикалық жетекшіліктің стилі және тағы басқалар жатады. Абстракты / дерексіз/ жағдайлар болмайды, жағдайлар әрдайым нақты келеді. Олардың үйлесуімен жасалатын тәрбиелік шара-істер- педагогикалық ситуация деп аталады.
  7. Тәрбие құралдары. Тәрбие әдістері тәрбие процесінің бөліктері ретінде көрінеді, олар педагогикалық құралдар бірлігін құрайды. Әдістерден басқа да тәрбие құралдары баршылық, олар әдістермен тығыз байланыста, бірге қолданылады / көрнекі құралдар, өнер шығармалары, бұқаралық ақпарат құралдары/. Тәрбие құралдарына олармен бірге, әртүрлі іс- әрекет түрлері / ойын, оқу, еңбек/, педагогикалық техника/ мұғалім мен оқушының қалыпты өмірілік іс әрекетін жасауға көмектесетін құралдар жатады. Егер аталған жабдықтар белгілі бір деңгейде пайдаланылмаса, олардың маңызы еленбейді.
  8. Педагогикалық дәреже деңгейі. Тәрбиеші өзі білетін, жеке меңгерген әдістерді таңдайды. Көптеген әдістер қиын, әрі көп күш жұмасуды талап етеді: кейбір педагогтар бұл мәселені айналып өткісі келеді. Осыдан болатын кемшілік тәрбиенің жетімсіздігі.
  9. Тәрбие уақыты. Уақыт аз болып, мақсат ауқымды болған жағдайда «ықпалды әсер ету» әдісі қолданылады. Бұл әдіс әсіресе қысқа мерзімді қайта тәрбиелеу үшін қолданылады. Мектеп уақытының, тұлғаның тұрақты қасиеттерінін қалыптастыруға жектілікті болатынын мойындайтын біртұтас көзқарас жоқ. Кейбір педагогтар уақыттың жеткіліксіздігін алға тартып, ықпалды әсер ету әдістеріне бағытталағанды жөн көреді. Қалай болғанда да, уақыт факторы тәрбие әдістерін таңдауда және жобалауда маңызды рөл атқарады.

10. Күтілетін қортындылар . Тәрбиеші әдістерді таңдай отырып, оның табысқа жеткізетіндігіне сенімді болуы қажет. Бұл үшін ол қолданылған әдістердің қандай қортындыға әкелетінін алдын-ала болжай білуі шарт. [5, 193-197]

1. 3 Қазіргі қоғамдағы тәрбиеге қараудың тұрғылары. Тәрбие түрлері.

Әдіс құру- тәрбиелеу міндетіне орайластырылған жауап болып есептеледі. Әдістердің жіктелуі- анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі. Жіктелудің өзі әдістердің қайсысының жалпы және жалқы екенін, теориялық немесе практикалық екенін білуге, сонымен бірге оларды дұрыс таңдауға, барынша дұрыс пайдалануға көмектеседі. Жіктелуге сүйене отырып, педагог тек әдістер жүйесін ғана танып қоймай, ол әртүрлі әдістер белгілерінің өзгерісін жақсы түсінеді

Тәрбие тәсілдері өз ерекшеліктері бойынша былай жіктеледі : сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс- әрекетті ұйымдастыру, оқушыларды мінез-құлыққа ынталандыру, түсіндірмелі-көрнекі, үйрету, үйлесімділікке келтіру, өзіндік тәрбие. Тәрбиелік әсер ету әдістерінің нәтижесі бойынша оларды екі топқа бөлуге болады. Адамгершілік қасиеттерін құрайтын ықпалдар: түрткілер, қатынас, көзқарас қалыптастыратын түсініктер, жаңашыл көзқарастар, ой-пікірлер. Қандай да бір көзқарас ұғымдарға сәйкес әдеттер орнықтырушы ықпалдар. Қазіргі кезде тәрбие әдістерінің тиімді жетілуі бір мақсатқа, мазмұнға негізделген тәрбие бағытын қолдайды. Осыған орай тәрбие әдісінің үш тобын бөлуге болады:

1. Тұлғаның ақыл- ойын қалыптастыру әдістері
2. Іс- әрекеттерді ұйымдастыру және қоғамдық, құқұқтық тәжірибе қалыптастыру әдістері.
3. Іс- әрекетке және мінез құлыққа ынталандыру әдістері[6, 66-80]

2. Тәрбие жүйелері және олардың дамуы.

1. Тәрбие - арнайы ұйымдастырылған және саналы жүргізілетін педагогикалық қызмет. Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Бірақ аталған екі жағдайдағы тәрбиелік әрекеттер әртүрлі мағына ие болатыны сөзсіз. «Коршаған орта тәрбиеледі», «Отбасының тәрбие жемісі», « Мектеп тәрбиесі адам қылды» деп нақтылап айтатын болсақ, онда бұл бір мақсатты сияқты әрекеттердің өзара теңгерілмейтінін байқаймыз. «Қоршаған орта тәрбиеледі» немес «Отбасы тұрмысы тәрбиеледі» деумен жеке адам дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік - экономикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты бағдары болмаған ықпалын түсінеміз. «Мектеп тәрбиесі» десек, әңгіме басқаша, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналы іске асырылатын тәрбиелік қызметті білеміз. К. Д. Ушинский: «Педагогикадағы тәрбие - алдын ала ниеттелген және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс» - деп тұжырымдаған. Арнайы ұйымдастырылған тәрбиенің мән-мағынасы. Адамзаттық болмыс дегеніміз адамдардың көптеген ұрпағынынң еңбегі және жасампаздық ұмтылысынан туындаған қоғамдық тәжірибе. Бұл тәжірибе өз ішінде келесі құрылым бірліктерін қамтиды:

1. адамдардың табиғат және қоғам жөнінде жасаған білімдерінің жиынтығы,

2. еңбектің әрқилы саласында қажет ептіліктер мен дағдылар және шығармашылық іс-әрекет әдістері,

3. әлеуметтік, рухани қатынастар. Тәжірибені өз «игілігіне» айналдырып, «меншіктеп» алу үшін жаңа «затты» ақыл- саналық сипатқа келтуруі тиіс, яғни қай формада болмасын оны жасауға бағышталған іс- әрекетті /еңбектік, танымдық, әлеуметтік, көркемдік-эстетикалық/ шығармашылықпен көркейте, байыта отырып, қайта жаңғыртып, бұрынғыдан да дамыңқыраған түрде өзінен кейінге ұрпаққа жеткізуге борышты. Тек өз қызметінің күшімен, шығармашылық ұмтылысымен ғана адам қоғамдық тәжірибені және оның құрылымдық бірліктерін игеруі мүмкін. Осындан тәрбиенің негізгі қызметі - жас адамды қоғамдық тәжірибенің әр тарапын заттықтан саналыққа айналдыру ісіне жұмылдырып, өткен тәжірибені өзі қайтадан жаңғыртып, осылайша өз бойында қоғамдық сапалар мен қасиеттерді өзі баулуына, яғни оның жеке адамдық сатыға көтерілуіне көмектесу.

Педагогика үшін және бір маңыздысы - жеке адамдық даму тұлғаны тәжірибе игеру қызметіне қосумен ғана шектелмейді, ең бастысы, оның сол сәттегі істе белсенділігіне, оның бағыт-бағдарына, яғни еңбекке деген қатынасына байланысты. Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында әрдайым оқушылардың белсенділігіне жол бере отырып, оларда сол қызметке деген ұнамды және шынайы адамгершілік қатынас қалыптастыру қажет. Келтірілген пікірлер, тәрбиенің мәнің жеткілікті әрі түсінікті де ашып, оған ғылыми анықтама беруге негіз болуы мүмкін. Сонымен, тәрбие - бұл жеке адамның қоғамдық тәжірибені білімді, ептіліктер мен дағдыларды шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін, әлеуметтік және рухани қатынастарды игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдап, қуаттаушы әрі ұйымдастырушы мақсат бағдарлы әрі сапалы орындалатын педагогикалық процесс. К. Д. Ушинский ескерткендей, тәрбие заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан тану өте қажет. Сол ережелерді туындататын ғылыми негіздерді зерттеу міндетті іс. Ұлы педагогтың кеңесі: басқарылуы қажет болған психикалық құбылыстардың заңдарын ашып, өз іс-әрекетінді сол заңдарға және оларды қолданатын жағдайларға орайластырған жөн. Тәрбиенің астарлы терең заңдылықтарын білместен, оны жетілдіруге ұмытылудың өзі бос әрекет. Өмір шындығы заңдылықтары мен жеке адамның дамуы және кемелденуіндегі қайшылықтарды тану ғана белгілі бір дәуір тәрбиесіндегі күнделікті шараларды іске асырудың және сол процесті ғылыми тұрғындан басқарудың теориялық-әдіснамалық негізінен бере алады.

Сонымен, тәрбие заңдылықтары деген не? Бұл түсініктің мәні: орындалуы жеке адам дамуы мен қалыптасуында тиімді нәтижеге жеткізетін тәрбиелік процестегі орнықты, қайталап отыратын қажетті байланыстар. Мұндай заңдылықтарды біле отырып, тәрбие жұмыстарын алдын-ала болжауға және ол іске терең мазмұндық, әрі әдістемелік мен бағдар беруге болады. Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу процесінің негізгі заңдылықтарына шолу. [7, 80-99]

2. 1 Тәрбиенің жалпы заңдылықтары.

Барша тарих кезеңдерінде тәрбие объективтік- қоғамдық қажеттіліктен туындайды және ол қоғамға қызмет етеді. Тәрбиенің мақсаты, мазмұны және тәсілдері бітұтас байланыста, бір-бірінсіз нәтиже бермейді. Біртұтас педагогикалық процестегі оқу мен тәрбие тармағынадағы өзара кіріге ұштасқан. Келтірілген заңдылықтар тәрбиені ұйымдастырудың жалпы негіздерін құрайды, ал енді сөз болатын заңдылықтар тікелей тәрбиелік процесті іске асырудағы педагогикалық құрал ретінде танылуы тиіс. Олардың қатарына кіретіндер:

Дамушы жеке адамның тәрбиесі сол адамды тікелей іс-әрекетке қосу барысында орындалады. Тәрбие - ұйымдастырылған іс-әрекеттегі жеке адамның белсенділігін арттыруға ықпал етуші фактор. Тәрбие барсыныда тәрбиеленушіге деген жоғары гуманизм мен сый-құрмет орынды талаппен ұштасуға міндетті. Тәрбие барысында оқушыға алдағы жетістіктерін көрсете отырып, табыс куанышына ере білуге көмектесу. Тәрбие барысында оқушылардың ұнамды сапаларын тану мен оларды орынды пайдалану қажет. Тәрбиелеуде оқушылардың жастық және даралық ерекшеліктерін ескерту орынды. Тәрбие ұжымда жүргізіліп, ұжым арқылы іске асырылуы қажет. Тәрбие барысында мұғалімнің, мектептің, отбасының және қоғамдық мекеиелердің педагогикалық ұмтылыстарының бірлігі мен келісісі қажет. Мектептегі оқу жұмысы да, оқушылардағы жеке адамдық сапарды тәрбиелеу де осы зандылықтарды ескеру негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу принциптеріне сипаттама.

Тәрбие процесі- тәрбиенің мақсатын жүзеге асыратын процесс. Ерекшеліктері: көп факторлы процесс, ұзақ, үздіксіз, комплексті, нәтижесін бірмәнді және анық болмауы, екіжақты.

« Принцип» сөзі латын тілінен аударғанда ереже, талап деген мағнаны білдіреді. Тәрбие принциптері дегеніміз - тәрбие процесіне қойылатын негізгі талаптар. Тәрбиенің мақсаттылық, өмірмен байланыс, ұжым арқылы тәрбиенің, тәрбиеленушінің тұлға қойылатын талаптар мен құрметтің бірлігі, тәрбиелік ықпалдардың жүйелілігі беріктігі, үздіксіздігі және оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру принциптері бар. Тәрбие процесінің принциптері -бұл тәрбие процесінің мазмұнына, әдістерін оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау ережелері. Педагогикалық процестің жалпы принциптерінен нақты тәрбие принциптерінің өзгешілігі-тәрбие міндеттерін шешудегі педагогтар ұсынатын ортақ ережелер екендігінде жатыр. Осы принциптерге қойылатын талаптарды сипаттайық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының рөлі
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін тәрбие құралы ретінде пайдаланудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларында ұжымдық тәрбиені ұйымдастыру
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбие жүйелері және формалары
Болашақ мұғалімнің қазақ халық дәстүрлері негізінде бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелеуге кәсіби даярлығын қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшелектері
Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеудің мәні
Мектептен тыс мекемелердегі тәрбие жұмысы
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz