Бойжеткен мен бозбалалалардың жеке адам болып қалыптасуы
Мазмұны:
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
I Бөлім: Тәлім-тәрбиенің теориялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Қазақ тәлімінің көне мәдени мүралардағы
көрінісі ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі халықтық психологияның
алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... . 10
1.3. Тәлім – тәрбие психологиясының
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 21
ІІ Бөлім: Бойжеткен мен бозбалалалардың жеке адам
болып
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 21
2.1. Жастардың жеке тұлғалық сипаттары мен психологиясының
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.2. Бөйжеткен мен бозбаланың бағыт – бағдары және оның түрлері
мен психологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
24
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... . 27
Қолданылған әдебиет тізімі

28
Кіріспе
Ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпакқа мұра болып,
өмір сынынан өткен, бүгінге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер негізінде
тәлім-тәрбие үлгісі қалыптасты. Қай ғасырда болмасын, өмірін өркендетуші
саналы да, салауатты ұлтжанды, рухы биік, ақыл парасаты мол мәдени-ғылыми
өрісі кең ұрпақты тәрбиелеу әрбір қоғам алдыңдағы басты міндет. Әрбір қоғам
өзінен бұрыңғы ата буынның ақыл ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай
өмір сүрген емес.
Адам бойындағы қасиеттер мен жағымсыз әдеттер жөніндегі күні кешегі
данышпан ата бабаларымыздың өсиет-өнегесін бүгінгі мен ертеңгі ұрпак оқып
білсін, содан тағылым тәрбие алсын дейміз. Халық ауыз әдебиетін оқып,
сусындаған әрбір баланың адамгершілігі мол, ақылы толық азамат боларына
шүбә жоқ.
Болашақ ұрпақ - ұл мен кыз тәрбиесіне байланысты казақтың сан алуан
ғұрыптары, салттары, дәстүрлері бар.
Ұлттык салт-дәстүрлерге ана тіліне сүйіспеншілікті, ұлттық өнер түрлерін
зергерлік колөнері, ою-өрнек, кесте текемет, сырмақка, түскиізге ою салу,
беіш суретөнері, ұлттық ойын мен спорт түрлері, ұлттык тағамды, ұлттық
киім, үлгі мерекелерді, тарихи және материал ескерткіштер, т.б
жатқызамыз.. Дәстүр ғасырлар бойы сұрыпталып, өмірден алынып келген
тәрбиелік әдет-ғұрыптар, жоралғылар, өмірге, ортаға, табигатпен мәнді
күштерінің даму сипаты мен коғам дамуының бірден-бір көрініс болады.
Сондықтан бұл тұрғыда мәдениет құндылыктары -әлеуметтік механизмі және
адамның өмір ұйымдастырудың ерекше кұралы саналады.
Тәлім – тәрбие негізінде бойжеткен мен бозбла тәрбиесіне ата бабабымыз
ерекше көңіл бөлген. Олардың тұлғалық құндылықтарын, адамгершілік
сипаттарына толығынан мән беріп тәрбиелеген. Бүгінгі күні жастарымыздың
сипаты, сана сезімі өзгеріп бара жатқан сәтте, этнопедагогикалық тәрбие
беруге бас бұрудамыз. Сондықтан, бұл өзекі мәселенің бірі болғандықтан,
менің курстық жұмысымның тақырыбын Тәлім-тәрбие психологиясы. Бозбала
мен бойжеткен тәрбиесінің психологиялық ерекшеліктері деп аталады.
Зерттеу мақсаты: Бозбала мен бойжеткендердің тәрбиесінің
ерекшеліктеріне сүйене отырып бағдар-бығытының, түрткіліктері мен
қажеттіліктерінің қалыптасу жолдарын қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
1) Жас ұрпақты тәрбиелеудегі халықтық психологияның алатын орны;
2) тәлім – тәрбие психологиясының ерекшелігі;
3) жастардың жеке тұлғалық сипаттары мен психологиясының құрылымы;
4) бөйжеткен мен бозбаланың бағыт – бағдары және оның түрлері мен
психологиялық ерекшеліктері;
5) түрткілер, қажеттілік пен мұқтаждық және іс - әрекет түрлерінің жеке
адамда қалыптасу ерекшелігі.
Зерттеу пәні: Бозбала мен бойжеткен тәрбиесінің психологиялық
ерекшеліктері.
Зерттеу объектісі: 15-18 жастағы бойжеткендер мен бозбалалар.
Ғылыми болжам: Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның
өмір сүретін ортасына, тәлім – тәрбиенің тікелей әсер етуінен
қалыптасып отырады.
I Бөлім: Тәлім-тәрбиенің теориялық аспектілері
1. Қазақ тәлімінің көне мәдени мұралардағы көрінісі
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына 2004 жылға арнап жолдаған үндеу
хатында 2004-2005 жж. мәдени-тарихи мұраларды сақтау, жинау, қорландыру
жылдары деп атауды, ол үшін халықтың орасан мол мұрасын, оның ішінде ұлттық
жазба мәдениетінің сан ғасырлық тәжірибесін қорыта отырып, мемлекеттік
тілде әлемдік ғылыми ойдың, мәдениет пен әдебиеттің үздіксіз жетістіктері
негізінде гуманитарлық білім берудің толымды қорын жасауды міндеттеген
болатын.
Осымен байланысты Қазақстан үкіметі өр министрлік жанынан елімізде
мәдени мұраларды жинап, көп томдық кітап бастырып шығару мәселелерін
алатын арнайы ғалымдар тобын міндеттеген еді.
Бұрынғы ҚР Білім және ғылым министрі Ш.К.Беркімбаеваның нұсқа мен 2004 жылы
ақпан айында Қазақ академиясы жанынан мәдени мұралар жинап зерттеуге
арналған педагогикалық ғылыми зерттеу орталығы құрылатын болатын.
Педагогикалық ғылыми зерттеу орталығы Қазақстан Ұлттық ғылым
Академиясының әдебиет және өнер білімі, тарих және археология институттары
мен Қазақстан Ұлттық мемлекеттік және Қазақ Мемлекеттік педагогикалық
университеттері мен Қазақ Мемлекеттік қыздар Педаго-гикалық институттарының
50-дей ғалымдарын тарта отырып, XXІ ғасырды қамтитын он томдық "Тәлімдік
ойлар антологиясын" даярлауға кірісті.
Ондагы негізгі мақсатымыз:
І.Қазақстан тәлімінің ежелгі заманнан бергі даму тарихынан мағлұмат
беретін бағалы мұраларды бір жүйеге келтіру.
2.Тәлім тарихын кешегі кеңестік бірпартиялық идеологиядан арылтып, бү-
гінгі қазақстандық біртұтас тәрбие жүйесін құру мақсатына сәйкес қайта
түзу.
З.Балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдеріне, студенттер мен
ғылыми ізденушілерге, тәлімгер-ғалымдар мен жалпы ұлттық тәлім тарихына
қызығушылық танытқан оқырмандар назарына ұлттық тәлім тарихының мағлұматтар
кешенін ұсыну. Сөйтіп, бүгінгі егемен Қазақстанның ұрпақ тәрбиелеуде
өзіндік мәдениеті бар ел екендігін келер ұрпақтың санасына ұялату. Он
томдық тәлімдік ой-пікір антологиясы келешек қазақ тәлімінің тарихын
зерттеушілерге дерек көздері болып саналады. Сондай-ақ кешегі Кеңестік
дәуірдегі тоталитарлық евроцентристік көзқарас салдарынан қазақ мәдениеті
жөнінде қалыптасқан теріс түсінікті жоққа шығаруды көздейді. Тарихқа үңіліп
қарасақ, кешегі кеңестік тоталитарлық саясат кезінде қазақ халқының көне
мәдениет тарихы жөнінде теріс түсініктердің орын алып келгені, қазақ халқы
ғасырлар бойы қараңғы, надан, көшпелі мешеу дәуірді бастан кешірген,
олардың қазан төңкерісіне дейін екі-ақ пайызы сауатты болған, осынау
көшпелі, надан халықты Октябрь шұғыласы, коммунистік партия ғана құлдықтан
құтқарды деп, жалаң жаман-даумен болғаны көпке аян. Соған қарамастан
орыстың М.Вяткин, Л.Н.Гумилев сияқты прогресшіл тарихшылары бұл пікірдің
терістігін кезінде дәлелдеп берді.
Мысалы, М.Вяткин қазақтар туралы осындай ойдың шындыққа сай
келмейтінін айта келіп, Дұрысын айтсақ, қазақ халқының мәдениеті
Қазақстанның тереңіне әкетеді. Оның тамыры Қазақстан даласында көшіп жүрген
тайпалардың творчествосымен астарласады, қазақтың халық болып қалыптасу
дәуірінен әлдеқайда алыста жатыр. Осы тайпалардың көшпелі тұрмысы негізінде
пайда болған және оның мазмұны жағынан халықтан туған басқа да мәдениеттер
сияқты оптимизмге толы деп, көне қазақ мәдениетіне жоғары баға берген
болатын.
Ежелден Қазақстан жерінің байлығына қызыға қарап көз тіккен және оны
мұхитқа шығар қақпа деп есептеген орыс, батыс мемлекеттері бұдан әлденеше
ғасыр бұрын Қазақстан жеріне саяхатшы, елшілер жіберіп, жер-суы мен
шаруашылық кәсібін, қазба байлығын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын зерттеуді
көздеген. Өйткені қазақ өлкесі ежелгі ерте дәуірден-ақ Шығыс пен Батыстың
экономикалық және мәдени қарым-қатынасынан елеулі орын алып, Еуропа мен
Азияны жалғастыратын алтын көпір сияқты еді. Батыс Еуропа мен кіші Азия
елдері өкілдеріне Шығыстағы Қытай, Индия, Пәкістан т.б. елдерімен сауда-
саттық, қарым-қатынас жасау үшін, Тянь-Шань, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы мен
Алтай тауларын басып өтуге тура келді. Ол үшін жолдағы қазақ даласын,
ондағы халықтың шаруашылығы мен салт-дәстүрін, мәдени өмірін зерттеп білу
қажеттігі туды. Міне, осымен байланысты қазақ даласындағы тайпалардың өмірі
шет жұрт ғалымдарын қызықтырды.
Батыс ғалымдарының ішінде бұдан жеті ғасыр бұрын қазақтар туралы ең
алғаш қалам тартып, жылы лебіз білдіргендердің бірі жазушы, әрі саяхатшы
Италия ғалымы Марко Поло (1254-1324) болды. Ол өзінің О разнообразии мира
деген кітабында дүние жүзіндегі әртүрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін,
салт-дәстүрін әңгімелей келіп, қазақтардың бие сүтінен қымыз ашытатынын,
ұзақ жолға жарамды ат мініп, жол азық алмай, ет асып жейтін шөңкесі мен
баспана шатырын алып, Ер азығы мен бөрі азығы жолда деген тәуекелмен
жүре беретінін, атына және өзіне қажетті азықты жол-жөнекей тауып жейтінін
сөз ете келіп, Қазақтардың қарулары-садақ, семсер және шоқпар. Олар садақ
тартудың шебері болғандықтан оны жиірек қолданады. Өте тамаша және ерлікпен
соғысады. Соғыста ар-намысы күшті. Қашып бара жатып қуғыншы дұшпанын
нысанаға дәл алып, бетпе-бет тұрғандай соғысады. Бас сауғалады деп жаңсақ
ұққан жаудың қатары сирегенде қайтып оралып, жаудың тас-талқанын шығарады,
— деп олардың мергендігін, қайтпас жауынгерлігін сүйсіне сөз етеді.
Неміс саяхатшысы Иоганн Шильтбергер де өзінің Ұлы Татария туралы
деген мақаласында Сібір даласын жайлаған татар, башқұрт, қазақ,
қалмақтардың тұрмыс-тіршілігін сөз ете келе, қазақтардың киіз үйде жерге
отырып тамақ ішетінін, көшіп-қонуға, ыстық-суыққа көнбістігін, хан сайлау,
оған арғымақ ат, алтын қылыш сыйлау рәсімдерін баяндайды. Қырғыздардың
(қазақтардың - С.Қ.) Ұлы Татария даласында бүкіл түз халықтарының ішіндегі
ең ержүрек ел екенін айрықша айту қажет, — дейді.
Ал Э.С.Вульфсон деген дат ғалымы өзінің Қазақтар атты очеркінде (М.,1901)
қазақтың қыз қуу, ат жарыс, жаяу жарыс, т.б. ұлт ойындарын сипаттай келіп:
Тап қазақтардай бүкіл өмірінде әнді қастерлеп өтетін халықты табудың өзі
неғайбыл, — деп олардың өнерді қастерлеуін кең сахарада көшіп-қонып еркін
жүруімен байланыстырады.
Осы пікір XX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында болып, салт-
дәстүрі мен әдет-ғұрпын терең зерттеген, академик В.В.Радловтың (1837-1918)
Из Сибири атты еңбегінен де байқалады. Менің, — деп жазды ол, —
қазақтар арасында ұзақ уақыт тұрып, олардың салт-дәстүрінен танысқанымда
көз жеткен ақиқат: бұлардың өзіндік ерекше мәдениеті бар халық екендігі.
Біздің отан достарымыз ойлағандай олар тіпті де тағын ауыздықсыз, бас
бұзар, қарақшы тұқымын құртуға тұрарлық халық емес Олардың мінез-құлқына
отырықшы халықтарға қараған көзқарастан басқаша қөзқараспен қарау керек.
Оларды өмірге көзқарасы, салт-дәстүрлері, әдет- ғұрпы, бір сөзбен айтқанда,
бар өмірі ме еңбегі малмен тікелей байланысты болғандықтан, жыл бойы көшіп-
қонуға негізделген. Ойды бейнелеп беруі және ашық-айқын, өткір айта білуі
жағынан қырғыздарды (қазақтарды) тіпті Бата Азияның француздары деуге
болады ,-деп қазақ мәдениетіне аса жоғары баға берген болатын.
Қазақтар жөнінде Ресейде алғаш монографиялық еңбек жазған Алексей
Ираклиевич Левшин (1792-1879) өзініі Қырғыз-қайсақ ордалары мен дала сының
сипаттамасы(1832) атты еңбегінде: Табиғатпен етене өмір сүрген қарапайым
тамақ ішіп, жайбарақаттық таза ауамен тыныстаған қырғыздардын денсаулығы
мықты, көп жасайтын, күш де қуатты, аштыққа, ыстық-суыққа шыдамды келеді.
Күннің ыстық қаперлеріне де кірмейді. Айналасын көргіштігі таңдануға
тұрарлық. Тегіс жерде тұрып кішкентай заттарды ол одан да көп шақырымнан
көре береді. Көздері аса өткір келеді. Еуропалықтар заттарды бұлдыр көріп
әзер байқайтын жерден, олар заттың сүлбесі мен тән (әсіресе малдың түсін)
жақсы ажыраа біледі. Бала күнінен ат құлағында ойнайды қазақтың тұңғыш
гимнастикалық жаттығуындай, былайша айтқанда, олардың үстінде туып, ең асау
аттың өзін балада шебер ауыздықтайды. Әйелдер бұл жағынан еркектерден кейде
асып та кедеді. Ауылға сырттан қонақ келсе, олар жиналып соны тыңдайды,
берген тамағына ешкім әңгімеден басқа ештене сұрамайды. Қырғыздар үшін
мейман достық ең қастерлі заң, — деп қазақтардың қонақжайлылық салт-
дәстүрін мадақтаса, олардың психологиялық ерекшелігіне орай: Қайырымдылық,
адамды аяу, қарттарға, ақсақалдарға құрмет көрсету — олардың ең жақсы
қасиеті. Халықтың даңқын шығарған ұлдарына батыр деп ат беріп, өлсе де
ұмытпай үлгі тұтады. Қырғыздар туған жерін, атамекенін қатты қастерлейді.
Кір жуып, кіндік кескен жерін тастап ешкім ешқайда кетпейді, — деп елін-
жерін сүюшілік олар үшін ұлттық сезімнің ең қасиетті белгісі екенін айтып,
олардың биік адамгершілік қасиеттерін ерекше атап өтеді.
Белгілі этнограф, фольклорист, өлкетанушы, Ш.Уәлихановтың досы
Григорий Николаевич Потанин (1835-1920) Қазақтың соңғы ханзадасының
киіз үйінде (1870), Шығыстың таң жұлдыздары Ш.Уәлиханов пен Доржи
Банзаров (1890) атты еңбектерінде: Қазақтар — еті тірі, дені салауатты,
өмірге іңкәр халық. Олар өмірде мереке, той-думандарды ұнатады. Өлгендерді
еске алу бұл халықта ойындармен, ат бәйгесімен, өлең-жырмен, жарыстармен,
ән айтумен, ұлан-асыр салтанатпен ұласады. Қазақтардың поэзиясы мен
музыкасы тығыз байланысты. Олар - өлең айтумен қатар композитор. Олар
шығармасына әуенді де, ырғақты да өздері береді. Поэзия мен музыка қолы
бос жүретін еркектердің қолында. Бейнелеу өнері негізінде ою-өрнек болуы
себепті онымен әйелдер шұғылданады. Қазақтар арасында ақындық творчество
аса дамыған. Ақын деген сахараға сыймайды - дейді. Атақты түрколог
С.Малов: Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, образды тіл -
қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиетімен де
даңқты,— десе, шығыстанушы П.Мелиоранский: Қазақ тілі түркі тілдерінің
ішіндегі ең таза, әрі бай тілге жатады. Қазақтар шешен, әрі әдемі сөйлеудің
үлкен шебері. Қазақтардың халық әдебиеті аса бай, әрі жан-жақты, -дейді.
Өткен ғасырларда Қазақстан даласында болған орыс, батыс ғалымдарының
көне қазақ мәдениеті жөніндегі осы ой-пікірлерінің дұрыстығын халық
өмірінің айнасы — ауыз әдебиеті үлгілерінен, сондай-ақ нәрестенің дүниеге
келуімен, өсіп, ержетіп азамат болуымен, үйленіп. отбасын құрауымен, ел
билеу, Отанын сыртқы жаулардан қорғаудағы іс-әрекеттерімен, қазаға
ұшырауымен байланысты туындаған қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көруге
болады.
Ол салт-дәстүрлер тәлімдік ойлар антологиясының ауыз әдебиетіне
арналған Жыр тағылымы атты 1-томы мен Қара сөз тағылымы атты 2-томында
көрініс тапқан. Бұл томдар 2006 жылдың басында ҚР Ақпарат, мәдениет жөне
спорт министрінің нұсқауы бойынша қазақша сөздіктер баспадан шығарылды.
2. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі халықтық психологияның алатын орны
Халық ұстанатын тәліми нормаларды адамның жан дүниесіне
орайластыра баяндайтын қолданбалы мәні зор психология ғылымының бір
саласы халықтық психология деп аталады. Мұнда ғасырлар бойы сұрыптала
жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт – сана, әдет – ғұрып,
ұрпақтан – ұрапққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл – ой,
эстетикалық таным, еңбек, дене тәрбиесі т.б. Нормалар мен принциптер,
яғни халықтың жан дүниесі, өзіндік мінез – құлқы, іс - әрекетінің ішкі
астарлары сөз болады.
Ұлттық дәстүр мен салт – сананың адам психологиясынан елеулі орын
алатын біркелкі тұрақты құбылыс екендігін әр кездері ғұмыр кешкен
ғұламалар ерекше атап көрсеткен еді. Халықтық психология – адамдардың
қоғамдық және жеке тәжірибесін, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын
қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі.
Психологиялық мәні жағынан қазақ фольклорының түрлі жанрларының
ішінде мақал – мәтелдер аса қызғылықты зерттеу объектісі болып табылады.
Мақал – мәтелдер адам іс - әрекетінің себебін тікелей бақылау арқылы
өзінше түйіндейді.
Сондықтан да мақал – мәтелдер қай халықтың болмасын ішкі
психологиялық түсінігі болады, оларда қазіргі жалпы педагогикалық, жас
ерекшелік, медицина, музыка, спорт, қоғамдық психология деректерімен
астарлас нақты іс – тәжірибеге негізделген қызықты идеялар топтасқаны
анық. Қазақ мақалдар адамның ішкі жан – дүниесіне терең бойлап, кісінің
қарым – қатынасын аша түсуге өнеге мектебі дерлік. Мысалы, халық ұғымында
ақылдылық – баға жетпес қазына. Бұл туралы халық: Түйедей бойың
болғанша,оймақта ойың болсын, Ақыл озбайды, білім тозбайды - дейді.
Ақыл – білім, тәжірибе, тәлім – тәрбиенің нәр алатын бастауы. Демек әрбір
адам, тіпті күнделікті күйбең тіршілігінде де істі ақылға салып отырмаса
болмайды, онсыз мақсатқа жету қиын. Мақалдар сөзді салмақтап, ойлана
айтуға үйретеді: Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле: Аңдамай сөйлеген
ауырмай өледі. Халық даналығы бөспе сөз бен мылжыңдықты ұнатпай,
ондайларды өткір сынға алған Құрғақ сөз бас ауыртар, Көп сөз күміс, аз
сөз алтын, Қысыр сөзде қырсық көп т.б. Осы айтылғандардың бәрі ақыл –
ой мен зерделіктің сөйлеу мәдениетімен тығыз ұштасып отыратынын
аңғартады.
Жалпы, бейнелі сөз, шешендік өнерге құрмет о бастан – ақ қазақ
психологиясына тән сипат. Ш.Уәлиханов Қазақ шешендікке құмар, ол сөз
өнерін, әсіресе әзіл – оспақты қатты сүйеді, - деп тегін айтпаған.
Адамның жан дүниесіндегі тілдегі көрінісі, ой шындығының сөз
арқылы көрінуі де мақал – мәтелдерде кеңінен бейнеленген. Сөз – күшті,
қуатты, құдіретті қару. Сөз өнері – дертпен тең. Халқымыз ойға олақ,
логикаға жүгініп отыру қажеттігін ерекше ескерткен. Мысалы тіл тас
жарады, тас жармаса, бас жарады, Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді, Жылы
– жылы сөйлесең, жылан інінен шығады, Шешеннің тілі – шебердің бізі,
Жүйелі сөз жүйесін табар т.б. мысалдар, сөз құдіретінің психологиялық
астары қандай болатынын жақсы аңғартады. Сөйтіп, шешен де шебер сөйлей
білу адамның асыл қасиеттерінің біріболып, кісіге психологиялық әсер
етудің ерекше тәсілі болып табылған.
Мақал – мәтелдер қоғамдық ой – сананың қалыптасу кезеңдерінен
көптеген соны мәлімет береді. Адам ақыл – ойы дамуында оң білім мен
тәжірибенің атқаратын рольі зор. Төмендегі мақалдар: Көп жасаған
білмейді, көпті көрген біледі, Оқу – оқу түбі тоқу, Көп оқыған
білмейді, көп тоқыған біледі, Білімнен асар байлық жоқ, Көре – көре
көсем болады, сөйлей – сөйлей шешен болады, т.б осы айтылған түйіннің
куәсі іспеттес. Халқымыз оқудың табанды еңбек пен маңдай терді төгумен
ғана миға қонатынын жақсы түсінген: Оқу инемен құдық қазғандай.
Өйткені оқу табысты болу үшін ынта мен ерік жігер, ынтызарлық пен
құмарлық қажет. Шыдамды еңбек алғыр ой,анық досың біліп қой, Ықылас
пен ынтымақ, бітер іске болсын тап.
Мақал мәтелдерге адамның жан қуаттарының бұларпдан басқа да
толып жатқан жақтары бейнеленген. Бұларды психологиялық тақырып
тұрғысынан төмендегіше топтастыруға болады:
1. Психологияның жалпы мәселелері:
а) жан қуаттары, олардың ортақ қасиеттері жайлы түсінік;
ә) өскен орта және тұқым қуалаушылықтың жан құбылыстарына әсері;
б) психиканың қалыптасуындағы еңбек, тәжірибе және практиканың рөлі;
в) ойын, оқу, өнер, еңбек бұлардың сана – сезімді дамытудағы рөлі т.б.
2. Сезім мүшелерінің танымда алатын орны.
3. Тіл мен сөйлеу, бұлардың тіршілік пен қарым – қатынастағы рөлі.
4. Ақыл және ес.
5. Армен мен қиял.
6. Адам эмоциясы мен сезімдері (қорқыныш пен үрей, қайғы мен қуаныш,
махаббат пен жек көру, шындық пен өтірік, достық пен жолдастық т.б.
7. Қажыр- қайрат пен бос белбеу, жүрексіздік.
8. Кісінің жеке дара ерекшеліктері (мінез, қызығушылық, бейімділік,
қабілет, талғам, мұрат т.б.
9. Түрлі топ өкілдерінің ( еркек, әйел, ата – ана, бала – шаға, жекжат,
жұрат, әкім т.б.) әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері.
10. Әр түрлі жас мөлшерінің (бала, жас өспірім, ересек, кәмелет, қария
т.б.) психологиялық сипаттары. Ал, кәрілік шақтың рухани (мол тәжірибе,
тоқталған ақыл, ескі әдеттердің үстемдігі, кінәмшілдік, ұмытшақтық т.б.)
және тән ( көз бен құлақтың әлсіреуі, тістің түсуі, бел бүгіліп,
қозғалыстың нашарлауы, шаштың ағаруы, әжімнің көбеюі, т.б. белгілерін
саралаған халықтық пайымдар өз алдына бір төбе. Осы айтылғанға Көңіл
қартаймас, көз қартаяр, Кәрі білгенді, пері білмейді, Сақалға ақ
түсті, көңілге дақ түсті, Көп жасаған көмбенің үстінен шығады - деген
мақал – мәтелдер жақсы айғақ. Мақал – мәтелдерде адамның ес, жан
қуаттары жөнінде де аз айтылмаған. Бұлардың ғылыми психологиямен ұштасып
жатуы таңқаларлық. Мысалы, біреу көзбен көру, екінші біреу құлақпен,
үшінші адам қозғалыс мүшелерінің қатысуымен, ал төртінші біреу бұларды
араластыра есте сақтайтындығын, біреу тез арада есте сақтай алатын болса,
екінші біреу бұған ұзақ уақыт машықтанатынын халық даналығы жақсы
көрсеткен.
Әрине, жалаң еске сақтаумен адам алысқа бара алмайды, ол өз есін,
оның басқа қасиеттерімен (беріктік, нақтылық, реакция шапшаңдығы, т.б.)
ұштастырғаны бағалы болмақ. Бұл айтқанды Ақпас құлаққа айтсаң ағып
кетеді, құйма құлаққа айтсаң қағып алады, Оқығаныңа мәз болма,
тоқығаныңа мәз бол, т.б. мақалдар жақсы қуаттайды. Немесе қарт адам
жуырда ғана оқыған, естіген, көрген, нәрселерін тез ұмытады, бұл естің
әлсіреуіне әкеледі. Осыны: Ер қартайса жаңылшақ - деген деген дана сөз
де нақтылы түссе, оқығанды миға тоқу да қайталаудың маңызы зор екенін,
бұрынғыны айтпай, соңғысы еске түспейді дейтін мақалдар қуаттайды. Ал
сын көзімен қабылдау естің дамуына елеулі ықпал ететіндігін Өз қатесін
көрмеген, кісі қатесін сезбейді деп түйіндейді. Есте сақтау да, еске
түсіру де материалдық эмоциялық әсерімен байланысты болатындығын, жақсы,
шапағаты мол, мол мәселелерді есте мықтап сақтауға меңзейтін мақал –
мәтелдер де баршылық. Мақалдарда адамдардың есте сақтау қабілетіне
айрықша баға беріледі, ақылдылық жоғары дәріптеледі.
Мақал – мәтелдерде адам танымының өзге жақтары туралы да
қызғылықты ойлар аз емес. Мысалы, арман мен қиялдың адам өміріндегі
орны жайында арманы жоқ жігіттің , дәрмені жоқ десе, сезім мен ойдың
байланысы туралы Аузы күйген үріп ішеді, ал ерік жігері жөнінде
Талапты бала талпынған құстай, құмары қанбас аспанға ұшпай, әдет пен
дағды туралы Ауру қалса да әдет қалмайды, құмарлық, бейімділік жайында
Жақсыға жақсы әуес, Саусағы ұзын биші болар, - дейді.
Адам баласы әртүрлі жағдайда тәрбиенің әр алуан әсерінде болып, әр
салада қызмет етеді. Осы факторлардың бәрі оның жан – дүниесінің
қалыптасуында елеулі із қалдырады. Кісі оқу, іздеу, тәрбиелену арқылы
өзін - өзі сомдайды. Көре – көре көсем болар, сөйлей – сөйлей шешен
болар, Адам туа білмейді, жүре біледі деу осы айтылғанның дерегі.
Халық даналығында адамның мсоральдық – психологиялық ерекшеліктері жай
көрініс таппай, оны қалыптастыру жолдары да сөз болған, бұларды қалайша
тәрбиелеуге болатындығы жайлы түйіндер де айтылады.
Мақал – мәтелдерден патриоттық, ерлік, достық, жолдастық, кішіпейілділік,
қарапайымдылық, махаббат, сүйіспеншілік, ұстамдылық, шыдамдылық,
қайраттылық, табандылық, т.б. осы іспеттес кісілік қасиеттер жайлы
насихат көп ұшырасады. Адам бойындағы жалқаулық Жұмыссыз жастың жүргені
сөкет, ұшқарлық, тағатсыздық Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар
ұятқа, мақтаншақ, сараңдық, жағымпаздық, т.б жағымсыз қасиеттерден
жирентіп, жақсы мінез – құлық қалыптастыруда еңбектің орны ерекше
қастерленеді. Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық,
Жігіттің күшіне қарама, ісіне қара, Жігіт түсімен емес, ісімен әдемі,
т.б.т.с. Мақал – мәтелдердегі көшпелі қауым түсінігіндегі өнегелі
тұлғаның тұрпаты да сомдалған. Жас ұрпақты жағымды мінез – құлыққа
тәрбиелеудің түрлі әдіс – тәсілдерімен қатар, ұстаз, тәлімгерлерге
бағышталған мақал – мәтелдер де бір төбе. Олар өз ақыл, білім, жақсы
мінез – құлқымен, қысқасы бар болмыс бейнесімен баласына үлгі болуға
тиіс. Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы, Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап
қыз өсер Әке балаға сыншы, т.б. Адам туа жаман емес, жүре жаман
дейтін мақалдар мінез сипаттары туа бітпей, ортаның ықпалымен бірте –
бірте қалыптасады, деген ойды ұқтырады. Егер адамды жақсы жағдайда, дұрыс
тәрбиелесе, оның жақсы қасиеттерге ие болатыны даусыз. Керісінше, жаман
тәрбие жағымсыз қасиетті бойына дарытады. Баланың тентек болуы үйінен
деу осыған меңзейді. Кісіліктің қалыптасуында туа біткен қасиеттің де
белгілі дәрежеде із қалдыратыны халық даналығынан қалыс қалмаған.
Саусағы ұзын биші болар, құлағы ұзын күйші ьолар. Орта, тәрбие және
туыстан берілетін қасиеттің ара қатынасы да мақалдарда дұрыс көрсетілген.
Бірақ халық түсінігінде адам дамуындағы жетекші роль тума қасиетке емес,
жүре бара қалыптасатын тәрбиеге тән.
Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, атасын
айтса нанғысыз. Осы іспеттес түрлі психологиялық штрихтардан халықтық
салт – дәстүр, әдет – ғұрып, ұлттық психология көріністері жақсы
аңғарылып тұрады. Көшпелі халыққа тән имандылық, ілтипаттық, жанашырлық,
сезімталдық, балажандық, қонақжайлылық, т.б. туралы тамаша түйіндер
Қонақ келсе ет пісер, ет піспесе бет пісер, Қонақтың алтынын алма,
алғысын ал дана сөздер қомақты тақырыптың бірі. Жақсы, жаман болу
тәрбиенің, оқу - білімнің нәтижесі. Әрине адамның нақты іс - әрекетінің,
тыныс – тіршілігінің де әсері өте маңызды. Қабілет жұрттың бәріне де тән
қасиет. Әркім, түйсік, ес, ойлау, зейін, қызығу т.б. арқылы жанын
жетілдіре алады, мүлде қабілетсіз, икемсіз адам болмайды. Жан қуатымен
сананың қалыптасуында сананың қалыптасуында білім, шеберлік, икем, дағды
зор роль атқарады. Үнемі өзін - өзі тәрбиелеумен шұғылданған адам ғана өз
қабілетін жетілдіре алмақ. Өз кемшілігін біліп, жағымсыз қасчиеттерден
арылу адамның өз қолында.
Тәлім – тәрбие, оқу, білім, адамның жас кезеңдері қоғамдық өмірдің
сан қилы жақтары мен қым – қиғаш қайшылықтары , мұндағы әр түрлі топтар,
жеке адам мен ұжым арасындағы қатынастар да мақал – мәтелдерге арқау
болған.
Мәселен, мақалдардың бірінде қоғамның негізгі қозғаушы күші, адамға
қажетті барлық материалдық игіліктердің жасаушысы халық екендігі айтылған.
Көптің ойы көл , Халық қартаймайды , Үйде тентек болсаң да , көпке
тентек болма , Көптен бақыт құтылмас деген мақал – мәтелдердің мәні
осы пікірге жақсы дәлел. Бұларда адамға қажетті барлық игіліктерді жасаушы
– халық , еңбекші бұхара, қандай керемет адам болса көптен, халықтан
алмайды, адамдар тек бір – бірімен байланысып, тіршілік еткенде ғана өз
қажеттерін алға қойған мақсаттарын ойдағыдай орындап отырады деген сындарлы
пікірлер айтылған.
Қоғамдық прогресте обьективті факторлармен қатар субьективтік
жағдайлардың да , яғни қоғам дамуының кезеңдерінде қабілетті адамдардың да
рөлі орасан зор болады.Қоғамдық дамудың зәру міндеттерін шешу жолында
бұхараның қозғалысын басқаруға , белгілі бір топты, қауымды басқаратын
басшылардың, кемеңгер адамдардың қажеттілігі туады.
Осы идеяны мақал –мәтелдерден де табуға болады. Мәселен, Бір данаға
жол берсең, жанған отқа күймейсің , Мың қосшыға бір басшы , Жасықтың
көбінен, асылдың азы жақсы , Басшыны таппаған ел азады , Басшысыз ел
жетім , деген даналық сөздерде халықты басқаруға ақылды, көреген, білгір,
озық ойлы адамдардың қажет болатындығын, бұлардың өздерінң жеке басының
ерендігімен, зор талант қабілетімен әлеуметтік өмірде леулі рөл
атқаратынын, қоғамдық прогресте сара жоға түсіруге аз да себепші
болатындығы айтылады. Қоғамның дамуына кесір – кесапатын тигізетін , оның
прогресіне қарсы тұратын ,барып тұрған кертартпа, ракционер адамдардың да
кездесетіні беогілі. Мұндайлар жөнінде халқымыз былайша тұжырымдаған :
Мың адам салған көпірді, бір адам бұзады , Бір қарын майды , бір құмалақ
шірітеді , Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ , - деген мақал –
мәтелдерден осынау пікір тайға таңба басқандай білінеді.Халқымыз жеке
адамның қоғамдағы орнын, асыра бағалауға болмайтындығын да ескерткен.
Білгірім өлді деп қайғырма , бірегей туар тағы да , Қанша жақсы болса да
жалғыз жігіт би болмас , Қатардан ассаң да халықтан аспақ жоқ , деген
мақал – мәтелдерде ұлы адамдады қасиет болған жағдайда қоғамның өзі
тудырып отыратындығы, ондайлардың орны толмайды деп жақтаудың дұрыс
еместігі , оларға құр босқа табынудың қажетсіздігі , мұндай басшыларды
қажет жағдайда өз ортасынан тәрбиелеп шығатындығы дұрыс жинақталған.
Адам психикасының қалыптасуында оның нақтылы іс - әрекеті мен
жамандығы , дәстүрі мен салт – санасы , әдет – ғұрып , ұжымы мен әлеуметтік
ортасы тиісінше ықпал жасап отырады , жеке адамның санасы қоғаммен түрлі
қарым – қатынас жасау процесінде, түрлі қоғамдық атрибуттардың ,
қондырмалардың әсер етуінің нәтижесінде өзіндік мазмұнға ие болады.Ұжым
өнегесі , қоғамдық пікір адам психологиясын қалыптастыруда таптырмайтын
қуатты фактор.Қоғамның санасының сипаты мен белгіленетін жұртшылық пікірі,
адам мен қоғам арасындағы қарым – қатынастарды реттеп отыратын басты
әлеуметтік күш, үлкен дәнекер. Қоғамдық пікір - әлеуметтік топтардың
таптық, қоғамның, ұжымның ойы көзқарасы, талап – мүддесі.
Мақал – мәтелдерде қоғамның , ұжымның рөлі ерекше маңызды екенін дұрыс
айтқан. Мәселен, Халық айтса қалт айтпайды , Халық – қатесіз сыншы ,
Тентекті – халық түзейді , деген тұжырымдар адамның сана – сезімінің
жақсы жақтарын қалыптастырып, дамытуда еңбексүйгіштікке, адамгершілік
қасиеттерге тәрбиелеуде, ұжымның жетекші роль атқаратындығын жақсы
көрсетеді.
Адам психологиясының қалыптасуында ынтымақтасқан еңбек әрекетінің
алатын орнының да ерекше екенін халқымыз жақсы түсінген. Мәселен,
Жалғыздың ісі өнбейді , Көп еңбегі көлмен тең , Көп еңбегі –
пәрменді, Көп көңілді - деп келетін мақал – мәтелдерде көппен қоян
қолтық, бірлесе әрекет еткен ғана адамға зор қуат беріп, оның қажеттігін
өтеп, психикасын байытатындығын, жалғыз кісінің өндіргені тамшыдай болса,
көптің өндіретіні дариядай болатындығын тамсана жырлаған.
Еңбек – ең негізгі тәрбиеші - деген идея осы топтағы мақалдардың
негізгі арқауы.Мәселен, Еңбек ширатады , Еңбек – адамның екінші анасы
, Еңбектің көзін тапқан , байлықтың өзін табады , Қолы қимылдағанның
аузы қимылдайды , Еңбегімен ер мүсінді , Еңбек мұратқа жеткізер
деген мақал – мәтелдерде еңбек ету зор адамшылдық қасиет, іс - әрекетсіз
бос жүру адамшылдыққа жатпайды кісіні мұратқа , бақытқа жеткізіп, ер
атандыратын да, оның тұрмыс жағдайын жақсартатын да – еңбек, сондықтан
Еңбексіз күн өткізу – ерсілік - дейді халық даналығы.
Халқымыздың ғасырлар бойы негізгі кәсібі мол шаруашылық болған. Кей
жерлерде олар кәсіптің басқа түрлерімен де ( егіншілік, балық, аң аулау
т.б.) айналасы бастады. Мал бағу, оны өсіріп бағып – қағу қазақ халқының
басты психологиялық түйіндер түйген: Мал өсірсең қой өсір, өніімі оның
көл – көсір , Жылқы малдың қасқасы , Мал жақсысы – сиыр десе,
кейінірек шаруашылықтың басты түрін меңгере бастағанда: Ексең егін, жерсің
тегін ,Тамырың қашса тары ек, келер жылы тағы ек ,Егін ексем тыңға,
шықтым дей бер шыңға ,Қырман басы береке , Жайынның жақсысын жеген
жатпас ,Көл жағалаған өлмес ,Қаршыға қазан қайнатады ,Ителгі салған
ет жейді дейтін болды.Халық кәсіпті жете меңгерген де ғана еңбектің
берекелі, нәтижелі , жемісті болатындығын түсініп, бұлардың адам
психологиясын қалыптастыруда алатын орны жөнінде дұрыс пікір білдірген.
Мәселен, Он кәсіпті шала білгенше, бір кәсіпті жақсы біл , Еңбек те
ептілік тілейді , Еңбекке бейім болсаң, қатарыңнан кем болмайсың .
Халық әр кәсіптің өзіндік ерекшелігін де көре білген, бұлардың мәнін өзінше
талдап, түсіндіруге тырысқан. Мәселен , Қой семізі қойшыдан , Жақсы
қойшының қозысы түлеп тұрғанда, жаман қойшының құнана қойы жүдеп тұрады ,
Ат шаппайды, бақ шабады, бақ шаппайды, бап шабады , Жаман қойшы
жайлауын бір күн жейді, жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді , Күтүсіз мал
желден азады , күтімді мал желмен озады , Қыстың қырық түрлі қыры бар,
күтінбесең қыста малың қырылар , Анық шаруа , арығын айналдырар семізге
деген мақалдарда мал бағудың оңай шаруа еместігін, оның да өзіне тән
ерекшелігі, бұл кәсіппен шындап айналысқан адамға табиғат құбылыстарының
құпиясын жақсы білу, байқағыштық, қырағы, қаһарлы , асау табиғатқа қасқая
қарсы тұру, табандылық , шыдамдылық сиқты қасиеттердің кркектігі, малды тек
бағып қана қоймай, әр түліктің бабын, тілін таба білу қажет екендігі
айтылады.
Ал егіншілік кәсібінің психологиялық астары жөнінде мақалдар былай
дейді: Егіннің жайын еккен білер , Егініне қарай қырманы , күтіміне
қарай түсімі , Жақсы жыртып жеріңді, кезінде ексең егінді аларсың мол
өнімді , Тілін білсең, тілдей жерден жылдық өнім аласың , Әрбір
топырақ аяласаң иеді . Осы айтылғандардан еккен нәрсенің бәрі өзінен - өзі
шыға бермейтінін, оны күту керкетігін , егіннің бітік болуы диқанның
белгілі тәжірибесін, маңдай терін қажет ететіндігін меңзейтін идеяларды
жақсы байқатады.
Мақал – мәтелдерде балықшының психологиясы жөнінде де қызықты
піікірлер табуға болады. Мәселен, Балық аулай алмаған , суды ылайлар ,
Балықтың құйрығы жылмақтай , оны аулаған адам тынбақтай , Балықшының
үйдегісі май жейді , түздегісі қан ішеді - деп халық балық аулау кәсібінің
қиындығын , теңіз толқындармен алысуын кез келген адамның қолынан келе
бермейтіндігін, ол үшін, батырлық , батылдық керектігін айтады. Халқымыздың
отырықшылдыққа көшуіне байланысты пайда болған соңғы екі кәсіп иақал –
мәтелдерден көбінесе қосақатаса сөз болып отырады. Мәселен, Балықшының
үйіне барсаң қарма жерсің , Балық бәсіе береді, егін есесін береді ,
Егінші жылда арманда, балықшы күнде арманда - деген нақылдардан бұл екі
кәсіптің әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен қасиеттерін және соларға
сәйкес онымен айналысушы адамның өзіндік ерекшеліктерін ( егінші
тәжірибені жылда жинаса, балықшы күнде жинайтындығын әркімге шұғылданған
жұмыс қана сүйкімді болатындығы т.б. ) көрсететін топшылауларды байқаймыз.
Халқымыздың аңшылық жөніндегі мақал – мәтелдерінен аңшының
психологиясы бесенеден белгілі болып тұрады. Мәселен, Шын аңшының алдына
, аң өзі келеді , Аңды иә көрінбеген атады, иә ерінбеген атады ,
Құстың алғанына салғаны қызық , Қарщыға қанжыны қызартады , Ителгі
етек былғайды , Ителгінің қызығына қызсаң, қарщығаны қамшы етерсің
сияқты аталы сөздерге бүркіт, қаршыға, тұйғын, лашын, ителгі, қырғи сияқты
қыран құстарды томағалап тұғырғы отырғызу, олады итпен тазыға қоса кеу –
кеулеп аңға салғанның, саятшылық өнердің қызығымен қиындығы да мол екендігі
қатар айтылады.
Халқы даналығы адамның тағдыры қоғаммен шарттас, экономикалық жағдай
оның моральдық , психологиялық өзгешеліктерінің түрліше болып қалыптасуына
ерекше әсер етеді, адам аралық қатынастарында әділдік , өзара теңдік жоқ
жерде біркелкі психологиялық сипат болмайды деп дұрыс тұжырымдаған.Мәселен,
Тұрмыс түзер бойыңды, бойың түзер ойыңды , Артық байлық адамды
аздырады , Дүниеқор – дүниенің құлы , Бай бауырын танымас , Сауда
да достық жоқ , Теңгелі жерде теңдік жоқ - деген мақал – мәтелдерде
епті мен епсіздердің , жалқау мен еңбек сүйгіштердің жүрер жолының бір
еместігі, олардың сойылын соғатындардың өле - өлгенше дүниеге кете алмай,
байыған сайын байи түскісі келетіндігі, бұл жолда адамгершілік ар – намыс,
ұят – ұжданнан жұрдай болып қаталдық, мейірімсіздік т.б. осы іспеттес
жағымсыз қасиеттерді бойына жинай түсентіндігі сөз болады. Біраз мақал –
мәтелдерде, Бір қолдан жең, бір жағадан бас шығарып - бел шешіп,
белселе күресу керектігін, іштей кіжінгенмен, істің бітпейтігін (
Кіжінуің көп, киілігдің жоқ ) , айтса енді бір жерде: Айырылған озады,
қосылған тозады , Бірлігі күшті ел озады , Бірлік болмай, тірлік
болмас , Ырыс алды ынтымақ , Күш бірлікте - деп елді бірлікке,
ынтымаққа, татулыққа , ағайындыққа шақырады.Езілген таптың бірігуі керек
екендігін ( Табы бірдің ары бір ) көпшілік ат төбеліндей азшылықты
жеңбей қоймайтындығын ескертеді. Мақал – мәтелдерде , сондай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz