Шығармашылық–оқушылар дамуының басты негізі
Жоспар
Кіріспе
1. Шым ши өнері
1.1 Қазақ халқының ұлттық қолөнер тарихы
1.2 Жүн және жүнен жасалатын бұйымдар
1.3 Шым ши тоқу технологиясы
1.4 Қазақ халқының ою - өрнектері, қолданылуы
2. Оқушылардың шығармашылық кабілетін
арттыру–технология пәнінің міндеті
2.1 Технология пәні–шығармашылық дамытудың бір жолы
2.2 Шығармашылық–оқушылар дамуының басты негізі
2.3 Мектепте технология пәнінің енгізілуі, оны үйретудің тиімді жолдары
мен мақсаттары және технология сабағының түрі
2.4 Жылдық-күнтізбелік жоспар.Сабақ жоспарлары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі - Қазақстан Республикасындағы білім беру
жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Тәуелсіздік алған соң мемлекетіміз
әлемнің барлық түкпірімен рухани-мәдени байланыстар жасап, таным
көкжиегіміз кеңейе түсті.
Нарық экономикасының талабына сай, өркениетті қоғамның ерікті, өз бас
бостандығын бағалайтын, білімді, рухани байлығы мен мәдениеттілігі жоғары,
адамгершілік, жаңаша ойлау қабілеті бар, дені сау, өз елінің болашағына
жауапты ғасыр тұлғасын тәрбиелеу – тәуелсіздікке ие болған Қазақстан
Республикасының дәуірлік міндеті.
Оқу-білім саласы да өз кезегінде жаңа инновациялық
технологияларымен, бұрындары шектеу қойылып келген батыс-шығыс ілім-
ғылымының озық ойларымен танылып, қажетінше қарулануға мүмкіндік алды.
Кеңес заманында мүлде зерттелмеген, немесе аз ғана ғылыми ортаға ғана
қолжетімді болған көптеген ғылым салалары еркін игеріле бастады. Солардың
қатарына педагогика ғылымының салалары жатады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 5-9
сыныптардың кәсіптік білім беру бағдарламасы көркемдік білім беру мен
эстетикалық тәрбиені бірге жүргізуге бағыттайды, яғни тәрбие мен оқытуды
тұтас үрдіс ретінде қарастырады. Бағдарлама мектепте кәсіптік білім беріп
оқытуды оқушыларда рухани мәдениет, эстетикалық талғам қалыптастыру мен
оларға кәсіптік білім беру сауаттылығын меңгертудің бірегей жүйесі ретінде
ұсынады. Мұғалім дәл осы бірлікті іс жүзінде жүзеге асыруы тиіс. Балаларды,
олардың мінез-құлығын, көзқарастарын, сезімдерін, ерік-жігерлерін
тәрбиелемей оқыту мүмкін емес.
Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси,
әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылу
білім беру саласындағы – ұлттық мектептерді өркендету. Қай кезең, қай
дәуірде де адамға білім мен тәрбие беруден артық асыл міндет болмаған. Осы
мәселеге Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының ұзақ мерзімді бағдарламасында
ерекше көңіл бөлуі де тегін емес.
Республикамыздағы белсенді ізденіс үстіндегі ұстаздар жан-жақты
жұмыстарды жүзеге асыруда. Бүгінгі таңда ұлттық негізде білім беретін
мектептердің мәні, қызметі, құрылымы мен құрамы, басқару стилі ерекше,
өзіндік құндылықтары мен ұстамдары бар. Сондықтан тәрбие мен оқыту ұлттық
педагогика негізде қалыптасуы жөн, бұл ғылыми негізде пайдалану және даму
жолдарын іздестіру көкейкесті мәселелердің бірі.
Мектеп реформасында балалар мен жасөспірімдердің еңбек тәрбиесін
күшейту және қазіргі заманға сай өзіміздің ұлттық өнерімізге үйрету оқу-
тәрбие үрдісінің өзекті мәселелерінің бірі. Демек, оқушыларды өнерімізге
тәрбиелеу олардың сан түрінің ерекшеліктерімен таныстыру керек. Бұл баланы
елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін бағалай білуге үйретеді.
Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу. Адамның адам болып қалыптасуының
құралы-еңбек. Еңбектің нәтижелі болуы әр адамның еңбекке саналы қатынасына
байланысты. Олай болса, бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі- жас ұрпақтың
бойында еңбекке ынталылықты, құштарлықты тәрбиелеу болашақ еңбек жолын
дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып
өсуі, оны еңбекке дұрыс баулудың нәтижесі. Адамның жан-жақты дамуында еңбек
шешуі факторлардың бірі. Ал педагогикасында еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің
күре тамыры деп қарастырады.
Тәрбие адамның ақыл-ойын дамытатын белгiлi бiр мaғлұмaттap берiп
қана қоймайды, күнделікті өмірінде қимыл-әрекетін қамтамасыз етедi.
Барлық дененiң қозғалысқа түсiп, бұлшық еттерiнiң дамуына, сомдануына, ми
талшықтарының өсуіне мүмкіндік тудырады.
Баланың жас шағында алған дене тәрбиесiнiң әсepiнeн еңбекке деген
ынтасы өсiп те, өшiп те қалуы мүмкін. Сондықтан баланы жас кезiнен
ұқыптылыққа баулып, қарапайым еңбекке үйрету, мiнез-құлқының еңбекке
бағытталуын қамтамасыз етiп тәрбиелеген жөн.
Eңбек тәрбиесінің мақсаты, мiндеттерi:
· Жастардың организмiн дамыта отырып, сан қилы дене еңбегiнiң түрлерiмен
таныстыру.
· Оқу еңбегiне қызықтыру үйрету, оған дағдыландыру.
· Шығармашылық еңбек дегендi түсiндiру, нәтижесiн таныту, оны
пайдалануды, бағалауды үйрету.
· Саналы да, сапалы да еңбек етуге әдеттендiру, өйткенi еңбек қоғамның
экономикальқ байлығын арттырудың көзi.
· Еңбек мәдениетiн сақтауға, еңбек уақытын, еңбек материалын үнемдеуге,
ұқыптылықпен жұмcayгa үйрету.
· Еңбегiнiң нәтижесiне, аз да болса жеткен табысына қанағаттану,
психологиялық сезiмiн дамыту.

экономикалық байлығын арттырудың көзi.
. Еңбек ету iскерлiгiн, дағдысын дамыту.

ұқыптылықпен ұcтayгa үйрету.
· Қабiлетiне қарай, мамандығына ие болуына бағыт беру.
· Еңбекке белсендiлiк, бастамашылдық, ұйымдастырушылық, оны жоспарлай
бiлyшiлiк мүмкiндiктерін дамыту.
· Жас ұрпақтың еңбек арқылы адамдық және адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру .
Жас ұрпақтың мiнез-құлығындағы еңбектiң бағыт алуы мектептен көп бұрын
отбасында, өзiне-өзi қызмет ету, табиғаттағы еңбек, тұрмыстың-шаруашылық
еңбек, ойын баласы кезеңiнен басталады да, мектепте бiлiм негiздерiн игеру
және сыныптан тыс тәрбие үрдiстерi кезiнде жалғастырылады.
Қазақ ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесiн отбасында iскe асырған.
Тәрбиеге бүкiл ауыл адамдары қалыс қалмай қатысып, баланың тepic жолға
түспеуiне мүмкiндiк жасаған. Ұлды төрт түлiктi бағып баптауға, отын шауып
тамақ тасуға, құсбегiлiкке, аңшылыққа, ат құлағындa ойнауға, қолөнер
шеберлiгiне, аталары мен әкелерi баулыса, қызды үй жұмысын, қолөнер
жұмыстарын атқаруға, яғни отбасылық жұмыстарғa баулыған. Ата көрген - оқ
жанар, ана керген - тон пішер деген мәтелдің мәні де осында жатыр.
Еңбек тәрбиесiнiң мақсаты - жас ұрпақтың дене және ақыл-ой еңбегiне
деген дұpыc қатынасын, өмiрде де еңбектi қажетсiнуiне тәрбиелеу.
Жалпы еңбек етуге оқушылардың даярлау міндетінің маңызы орасан зор.
Өйткені бір еңбек дағдыларына ие болмай отырып,еңбек ете алмайды, Еңбек
процесінде оқушыларды еңбектегі практикалық еңбек қызметіне тарту жолымен
ғана еңбекке қатынастың негізін қалауға болады.
Еңбек үстіндегі шағармашылық ізденудің нәтижесінде түрмысқа керекті
заттардың жаңа неше алуан түрлері жасалып отыр. Жалпы халық арасындағы
қолөнердің бай мұраларын сұрыптай отырып заманымызға сай сапа түр беру
әдісімен оларды ілгері дамыта беру ісін бүгінде кейбір шеберлер қолға ала
бастады. Бұл өте игілікті іс, оны ары қарай жаппай дамыту қажет. Бұл салада
еңбекке баулуды жалғастырып, іскер, білімді еңбекқор шәкірттерді тәрбиелеу
үшін мұғалімге қосымша әдебиеттермен қолөнерден хабары болу керек десек
артық емес.
Білім мен күш жұмсалатын оқу еңбегі оқушылардың қоғам алдындағы ең
бірінші елеулі де міндеті. Сондықтан да оқушыны елеулі оқу еңбегіне
оқулықтармен, әдебиеттермен үнемі жұмыс істеуге дағдыландыру,
лабораториялық жұмыстарды, байқауларды өткізу, есептер мен өлшеулерді
жүргізу техникасын үйрету, дербес жұмыс дағдыларына ие ету, сондай-ақ,
мектептегі немесе үйдегі өзінің жұмыс орнын даярлай білуге үйрету
педагогиканың да басты мақсаты болса керек.
Оқушыларға өздері оқып үйренетін ғылым негіздерінен іс жүзіндегі
маңыздылығын көрсетіп, олардың бойына практикада алған білімдерді қолдану
дағдылардың маңызы зор.
Міне, осының бәрі мектептің еңбек тәрбиесінің аса маңызды құрамы болып
табылатыны даусыз.
Мен курстық жұмысымның тақырыбын Технология сабақтарында шым ши тоқу
деп алған себебім, қазіргі таңдағы әлеуметтік, экономикалық талап-
тілектерге сай рухани бай, білімді, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қажеттігі
ерекше туындап тұр.Курстық жұмыс жазу барысында технология сабағында
үйрету түсінігін жеке бастың қасиеті ғана емес,оқушының оқу процесіндегі
іс-әрекет құралы және табыстың белгісі жайлы жазамын және де оқу
процесінде негізгі мәселе – оқушылардың белсенді іс-әрекеті және ол
шығармашылықтың дамуына негіз болатынын атап көрсетемін.
Талдау – курстық жұмысымның бірінші бөлімінде қазақтың ұлттық қолөнеріне
байланысты мағлұматтар көрсетілген.
Екінші бөлімінде курстық жұмысымның негізгі мәселесі ашылады. Яғни,
оқушылардың жеке тұлғасына байланысты шығармашылық қабілетін зерттеп
дамыту.Сонымен қоса шығармашылық ұғымының сипаттамасы; шығармашыл тұлға-
біртұтас жүйе; оқушылардың шығармашылығын дамытуда оқу процесінің маңызы
жайлы мәліметтер қарастырылады.
Зерттеу өзектілігі. Қазіргі жаңаша ойлау және саяси-өзгерістер
заманына байланысты оқушыларға тәрбие және білім беру бүгінгі күннің өзекті
мәселелерінің біріне айналып отырғаны хақ. Қ.Р. "Білім туралы" заңында
"Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау"- деп көрсетілген.
Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және реалистік
өнерді тануына мүмкіндік жасау.
Мәселе: оқушыларға технология сабағында халық-қолданбалы
өнер арқылы шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасау және ұлттық
тәрбие беру зерттеу жұмысының негізгі мәселелері.
Зерттеу әдістері: оқу жұмысын зерттегенде педагогикалық
ғылыми–зерттеу әдістері қолданылды. Олар:
1. Бақылау әдісі – педагогикалық іс–әрекет жұмысында мәселелерді
анықтау үшін қолданылды.
2. Аналитикалық әдіс – әдебиеттермен жұмыс істегенде және эскиздер мен
үлгілерді орындағанда пайдаланылды.
3. Нақты–ғылыми(экспериментальды) әдіс – педагогикалық тәжірибені
дайындағанда және өткізгенде қолданылды.
Зерттеу мақсаты: курстық жұмыстың басты мақсаты – технология
пәні арқылы оқушыларды эстетикалық, ақыл-ой, еңбекке тәрбиелеу, балалардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Зерттеу объектісі: технология пәні арқылы оқыту және дамыту
кезіндегі оқушының шығармашылық дамуы.
Зерттеу пәні: зерттеу пәні болып оқушының
шығармашылық дәрежесінің дамуына мүмкіндік беретін сәндік-қолданбалы
өнер, яғни технология пәні және шығармашылық жұмыс, сонымен қатар
оқушыларда шығармашылықты қалыптастыру мақсаттары болып табылады.
Зерттеу болжамы. Егер оқушының шығармашылық өсуі технология
пәні арқылы тәрбиелеу және оқыту жүйесі бойынша ұйымдастырылатын болса,
оқушылардың шығармашылық қалыптасу мақсаттарын жалпы орта білім жүйесінде
бейнелеу (сызу,еңбек,сурет) және педагогикалық әдістермен шешуге болады,
өйткені әр-түрлі жастағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жалпы
орта білім стандарттарына сәйкес келеді.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы және ғылыми жаңалығы:
1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудың және шығар- машылық
дамытудың бір жолы болатын технология пәнінің міндеті талданып,
оның мәні және рөлі анықталды.
2. “Шығармашылық”, “шығармашылы қабілеттілік” түсініктеріне ғы- лыми
сипаттама беріліп, оларды оқушыларда дамытудың жолдары
қарастырылды.
3. Шығармашылықтың оқушыларда көркемдік талғамды қалыптасты- рудағы
мүмкіндіктері талқыланды.

Байырғы қазақ халқы ғылым мен білімге қолы жетпегендіктен, сұлулық пен
әсемдікке еліктеген. Өз тұрмысы мен мәдениетінде қолөнерін мұрат тұтып
жетілдіре берген. Шеберліктің небір сан саласын асқан ұқыптылықпен
көкірегінде қастерлей сақтап, меңгеріп, біздің дәуірімізге ұштастырған.
Хақымыздың сонау арғы кезендердегі мәдени өміріне ой жүгіртіп
көрсек,ерте заманда да он саусағынан өнері тамған ісмер,зергерлердің
мыс,қола,алтын,күміс сияқты металдардан қорытып әсем бұйымдар мен елін
қорғаған батырлар үшін қару-жарақ,сауыт-сайман,ер-тұрман соққан таңғажайып
шежіре болып шертіледі.Олардың көбінің аттары аталмай
қалғанмен,қолтанбалары түскен өшпес мәдени мұралары кейінгі ұрпақтар
өміріне үлгі,әсемдікке баулитын өнер салтанатына айналуда.Біздің ата-
бабаларымыз өздерінің қандай мол рухани қазынаға мұрагер екенін де жете
танымаған.Сол бір ойсыраған олқылықтың өтеуі халық қол-өнерін зерттеу,қалың
қауымның игілігіне айналдыру қазір ғана жзүзеге асырылып келеді.
Негізінде қолөнері көне заманнан бері халық тұтанып жатқан ұлттық
мүліктермен заттарға таяқша, сызықша салып оюлайтын қарапайым әшекейлеумен
бастап, қазіргі дәуірдегі айналаны қоршаған табиғат құбылысын ағашқа,
сүйек, керамика мен түсті металға жасау – жиһаздарға бейнелейтін сюжетті
өрнектермен әшекейлеуге дейінгі жоғарғы дамыған кезіне келіп жетті.
Қолөнердің халық қажетін өтейтін тамаша үлгілері көп. Солардың табылмай
жатқан түрлері де баршылық. Айталық, қазақ халқына өрмек тоқу, ши орау,
алуан түрлі кілем, бау, басқұр, алаша, сырмақ сыру, тұс киіз жасау сияқты
өнері кең тараған. Міне, осындай мәдени мұраны көне деп бағалап халқымыздың
тұрмыс қажетін өтеуге тиімді пайдалануымыз қажет.
Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған Қазақстан жерінде
бұрын-соңда жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған
ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі қазақ өнерінің
республика жерінде мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы
басқа көне түркі тайпаларының мәдениетімен төркіндестігінің айғағы.
Қазақ халқы – кең-байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан
көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып
байытушы. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан-жақтан келген
көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ, Оңтүстік-Сібір, Орта Азия мен
орыс халқының да мәдениеті әсер етті. Сайып келгенде, жергілікті көне
мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқынын бойына
сіңіріп, үнемі жақсару, жаңғыру үстінде болды. Осындай толассыз, дамудың
нәтижесінде ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ
халқының дәстүрлі қолөнері өз дамуына айтарлықтай жоғары деңгейге жетті.
Революцияға дейінге қолөнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік
экономикалық жағдайы, көшпелі өмір, біртіндеп отырықшылыққа көшу процесі
бұрын үстем болып келген тұйық шаруашылықтың ыдырай бастауы, көрші
елдермен, әсіресе Россиямен сауда қатынасының шаруашылық және мәдени
байланыстың арта түсуі, тағы да басқа көптеген ішкі-сыртқы факторлардың
әсері айтарлықтай ықпал жасады. Ол кездегі қазақ ауылдарының көпшілігінің
қаламен байланысы болмады. Сондықтан, олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының
басым көпшілігін қалалардан сатып аларлықтай мүмкіндігі болмағандықтан,
негізінен, халық шеберлігінің қолына қарады.
Қазіргі уақытта революцияға дейінгі қазақ халқының қолөнер табиғатын жан-
жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін
де маңызы өте зор. Өйткені, қазақтың қолөнері жалпы халық мәдениетінің
ішіндегі негізгі салаларының бірі.
Октябрь революциясының жеңісінен кейін әсіресе ауыл шаруашылығын
коллективтендіруге байланысты, қазақ жұртшылығы түгелге жуық қоғамдық
еңбекке белсене араласты да, қолөнер кәсібі, әсіресе, оның ер адамдар
айналысатын түрлері күрт төмендеді, тіпті, олар өндіретін бұйымдар жаңа
жағдайға байланысты өзінің қажеттілігін жойды. Өйткені, оларды күнделікті
халық тұрмысынан өндірістік товарлар оңай ығыстырды. Нәтижесінде ел
арасында ер адамдар қолөнеріне байланысты қарекеттер үй кәсібі болу мәнін
жойды деуге әбден болады. Ал, киіз басу, тоқымашылық, тігіншілік, кесте
тігу сияқты әйелдер үлесіне тиген қолөнер түрлері, керісінше жаңа жағдайға
байланысты жаңғыра даму үстінде.
1.2 Жүн және жүнен жасалатын бұйымдар
Жүннен жасалған бұйымдар тұрмысқа қолайлы, шыдамды, жеңіл, әрі
денсаулыққа пайдалы. Х. Барданестің 1771 жылы Қазақ даласына жасаған саяхат
күнделігінде қазақ қойларының үлкен, жүні қалың, аласа, берік екендігін
жазған. Қазақ халқы жерге құрметпен қараған. Жергілікті жердің табиғи
өнімдерін жоғары деңгейде қолдана білген.
Дәстүрлі мәдениет халық дүниетанымын көрсетеді. Қол жеткізілген
жетістіктер атадан балаға мирас болып қалып, сақталған, толықтырылып
отырған. Дәстүрлі қолөнер – үй шаруасы. Әйел адам айналысатын қолөнер
түрлері коллективтік негізде құрылған. Қыз балалар жастарынан еңбекке
бауланған. Бұл баланың саналы, ақылды болып өсуіне жол ашқан.
Өнерсіз қыздан без, Шеше көрген – тон пішеді, Шешең көп ұйықтаған
екен, Істеп кетті
Ісмерлер қатарынан бірнеше кәсіптерді меңгерген: бояушылық,
өрнекшілер.
Киіз басу үшін әйелдер бір үйде жиналған. Үй иесі дастархан жайып, бата
берілген. Іс барысында ән, әзілдер айтылған. Егер үйге қонақ әйәл адам
келсе, үй иесі сіз де өзіңізге жақсы бұйым жасаңыз деген ниетпен боялған
жүннен жасалған шүйке берген. Оған жауап ретінде қонақ әйел үйдегі барлық
әйелдерді үйіне қонаққа шақырған немесе ас әзірлеп алып келеді.
XIX ғасырдың ортасына дейін анилин бояуларының орнына табиғи өсімдік немесе
минералдар негізінде жасалған бояулар қолданылған. Кәдімгі маренаның тамыры
квасцтардан жасалған суда қайнатылып, сары, қоңыр, қызыл, кер түстер
алынған. Кейбір ісмерлер қой майын, сүттен өндірілетін казеинді бояудың
беріктігі үщін бірге қосқан. Минералды бояғыштар түрлі әсем түстер алуға
мүмкіндік берген.
Қой жүнінің сан түрлі сорттармен тайталаса жылулығы жағынан тең
түсетін, ал мықтылығы жағынан басым тұратын жүні мен ешкінің түбіті бүгінгі
күні тұтынушысына өз бағасын таныта түсіп отыр. Алуан түрлі ою-өрнектер
ойланып немесе сырылып жасалған текемет пен сырмақ, құлпырған өрнектері
көздің жауын алатын кілем, алаша, ши т.б. жүннен жасалған бүйымдардың
жылулығына сыртқы әсемдігі сәйкес келіп тұрса нұр үстіне нұр.Жүннің таза
қырқылып, рет-ретімен дұрыс сұрыпталуы керек. Қой қырқатын жердің талапқа
сай болып, жүнге қоқым араласпауы, қой терісінің қырқындысы болмауы,
маусымдық қырқым дер кезінде өткізілуі тиіс.Қойды жабағы жүні көтеріліп,
астынан даңа өскін пайда бола бастаған кезде қырыққан дұрыс.Қойдың жүні
уақытында біркелкі көтеріліп, қырқуға ыңғайлы келеді. Арық малдың жүні
керісінше, сабалақтанып, өскін жүндері жетілмей, жабағы көтерілмей қалады.
Жүн сапасын сөз еткенде осыған ерекше көңіл бөлу керек. Жүн сапасы алдымен
малдың күтіміне байланысты, одан жасалған бұйымның сәнді болып, талғампаз
қауымның көңілінен шығуы үшін өте қажет бір нәрсе- оның табиғи түсі,
жылтырлығы.
Бұл, ең алдымен, қой тұқымына байланысты. Ал, өнім сапасына нұқсан
келтіретін жайы- сапасы әр түрлі жүннің араласып кетуі. Кейде осындай
себептермен жүнді амалсыздан бояуға мәжбір болады.Жүннен қалаған бұйымын
жасарда шикізат күтіміне көңіл бөліп, ал бояғанда қажет заттың ерекшклігіне
орай бояуды талғаммен, керекті жерінде табиғи түстің өзін де пайдалана
білген жөн.Жүн дұрыс сұрыпталмаған жағдайда (боз,ақ- қарасы араласып
кеткенде)оны міндетті түрде күнгірт бояулармен бояуға тура келеді.Жүннің
тұрмыстық қажеттіліктен гөрі ғылымда дәлелдеген тиімді әрі адам
денсаулығына пайдалы әсерлерін де айтақан жөн. Ғылымдар былай тұжырымдайды:
жүн жылуды жақсы сақтайды, сондықтан одан тоқылған киім жылы келеді;
жіңішкелігі мен көлегі бірдей басқа талшықтармен салыстырғанда жүннің
салмағы жеңіл; жүн талшығы иілгіш, созылғыш, серпімді келеді; жүннің күн
көзінің ультракүлгін сәулесін өткізетін ерекшелігі де бар; жүн бояуды
жақсы алады әрі басқа талшықтардай көп оңбайды; жүннің әр түрлі шуды және
тербелістерді төмендететін қасиеті бар.
Қой-ешкі мезгілінде тоғытылып, кептірілгеннен кейін мал қырқылып,
алынған жүннің ағы-аққа, қарасы-қараға айырылып сұрыпталып,көлеміне лайық
бөлек-бөлек ыдысқа (қанар, қап, дорба) салынып ылғал тартпайтын, күн көзі
қуратпайтын, жерге қойылады. Шетінен қажетіне қарай алынып, сабалып,
түтіледі. Жүнді сақтау жөнінде айта келіп, ғалымдар мынаған ерекше көңіл
бөлу керектігін айтады. Биязы жүннің ылғал тартқыштығы қылшық жүндікінен
артық. Сондай-ақ бос жүн қапқасалынып нығыздалған жүнге қарағанда ылғалды
көп тартады. Әсіресе, жуылмаған жүннің шектен тыс ылғалданып кетуі жүнді
шірітетін микроорганизмдердің көбеюіне қолайлы орта болып саналады.
Сондықтан жүнді ұзақ уақыт сақтау керек болса, немесе киіз, алаша,
кілемге арналған жүн керекті мөлшарде жеткізілгенше оларды Фанер жәшіктерге
немесе қағаз қаптарға нығыздап салып, арасына Молемор, Дезмоль, Антимоль
Фоксид препараттары қойлады. Мұндай жүнді пайдаланар алдында ашық күндері
аула ішінде керілген жіпке іліп жайып, ара-арасын қопсыта қозғай отырып
иісін кетіруге болады. Сонымен қатар жүн сақталатын бөлменің есік-терезесін
ашып, міндетті түрде желдетіп тұру керек. Сапалы жүн алып, ережелерімен
таныстық.
Тоғытылып қырқылған қойдың жүнін жумаса да болады. Себебі жуылып
кептірілген жүннің түтілуі қиындай түседі. Ең ыңғайлысы ағаш сабы бар
қалақшаға бекітіліп жасалған жүн тарайтын темір тісті арнайы тарақ.
Сабалған жабағы жүнді осы тарақпен немесе қолмен іртігін әбден жаза отырып
түтеді. Түтілген жүн керегінше шүйкеленіп, иіріледі. Келептеліп боялғаннан
кейін бір түнмен домалаққа төгілген жіп (кілемге арналған) сол күйінде түк
шалуға пайданалады. Алашаға иірілген екі түнді біріктіліп ширатып,
домалаққа төгеді. Мұнда да иірілген жіп келептеліп, боялады. Жалпы
келептеу, бояп кептіру, қайтадан домалаққа төгу екі бұйымға ортақ жағдай.
Қойдың күзем оңтүстікте қыркүйек айында, ал солтүстікте сәл ертерек, суыққа
ұрындырмай тұрып қырқылады. Күзем жүні қозы жүні киіз басуға пайдаланады.
Бұл жүннәі талшықтары қысқа болғандылықтан иіруге келмейді, керісінше,
киізге біркелкі шабақталып, тез кірігеді. Сондықтан күзем жүннен киіз
төсеніштер мен жұқа киізден арнайы басылып тігілетін немесе арнайы қалыппен
тұтас басылып шығарылатын киіз қалпақ,қйық, байпақ, т.б. киімдер мен тұтыну
бұйымдары жасалады. Жабағы, күзем, қылшық жүндерді сыртқы сипатына,
қасиетіне орай пайданалатын орнына тоқталдық. Енді олардың табиғи түр-түсі
мен бояу ерекшеліктеріне орай бірер сөз.
Халықтың күнделікті түрмыс тәжірибесінен бояу ретінде ашудас,
қына, томар шөп пайдаланғаны белгілі. Қазіргі жеңіл өнеркәсіптің өркендеп
дамыған тұсында сан алуан химикалық бояулар шығарылып отыр. Бұл ісмерлердің
жұмысын едәуір жеңілдетті. Осылардың ішінде жүн бояуға арналған түрлерін
ғана аса сақтықпен пайдалана білу де шеберлік. 8-10 литр суды қатты
қайнатып, 1литрге 15грамм есебімен бөлек ыдыста ерітілген бояуды құйып
араластырады. Жүннің бояу алғандығын былай тексереді: қалақтың ұшымен
боялап жатқан жүннің кез келген жерінен көтеріп алып, шымшып көреді.
Боялатын жіпті дайындағанда оның құрамын біліп алған қажет. Егер оның
құрамында екі түрлі жүн және мақта жіп болса, онда бір түсті жүн және мақта
жібін бояуға арналған бояғыштар алынады.
1.3 Шым ши тоқу технологиясы
Әйел кәсіптерінің арасында шым ши тоқу өнері маңызды орын алады.
Шым шисіз киіз үйді елестету мүмкін емес. Христофор Барданес былай деп
жазған: Мен болған әр үй керегенің бойындай шөптен жасалған бұйыммен
астарланған. Бұл шөп жіңішке талдай, қазақтар оны ши деп атайды.Тамаша әсер
қалдырады. Байқамасаң жақсы кілем екен деп ойлап қалуыңа болады. Олар оны
eyramine деп атайды. А.П. Федченко: ... жіңішке, берік, үлкен қашықтықта
тегіс болғандықтан, тоқуға ыңғайлы. Шиден жасалған бұйым кең қолданыста.
Қалыңдығы соншалықты, киіз үйді шаңнан, желден қорғап, таза ауа, күн көзін
өткізеді. Шиден жасалған бұйымдар Бесшатыр қорғандарынан табылған.
Ши – дала талы құмды жерлерде өседі. Ғылыми атауы – Calamagrostis
arundinacea. Қыркүйек айының соңында жиналады. Қабығынан аршып, тегістеу
үшін от үстінен өткізеді. Кей жағдайларда ши орнына қамыс қолданылады.
Ақ ши деп тек шыбықтардан тоқылған ши түрін атайды. Ол құрт
кептіру, киіз басу, төсеу үшін, тұмшалағыш ретінде қолданылады.
Бұйымның шым деп көрсетілуі көптеген түрлі түстердің қолданылғанын
көрсетеді. Шым ши кереге мен туырлықтың арасында, киіз үй периметірі
бойынша орналасады. Суық күндері ызғардан қорғап, жазда туырлықтың асты
желдету үшін көтерілген кезде шаңнаң, жыландардан қорғайды.
Кейде шым ши орнына киізден жасалған тұтыныш қолданылады.
Шым ши көз жауын алып, үйге әсемдік береді. Оны жасау үшін көп
уақыт, еңбек кетеді. Шым шидің өрнек түріне байланысты негізгі екі түрі
бар. Айшық шым ши айшық деп аталатын бұйымның барлық бетіне орналастырылған
бірінің ішінде бірі орналасқан баспалдақты шаршылырдан құрастырылады.
Орталарында ши оюы деп аталатын крест орналастырылады.
Шаршы шым ши бірінің ішінде бірі орналасқан, оюлармен
әшекейленген шаршылардан құрастырылады. Бұл жағдайда негізгі түс қызыл
болады.
Кей кезде киіз үйдің ағаш есігі болмайды. Киізден жасалған есік
шым шимен астарланады. Ши киіз есікке беріктік, әсемдік береді. Соңында
тілі болады. Тілге бау жалғанып, бау арқылы есік шаңыраққа бекітіледі.
Ені – 100-120 см, ұзындығы – 300 см-ден аспайды. Тіл ұзындығы 50 см.
Болашақ бұйымның еніне байланысты қашықтықта жерден 1,5 м шығып
тұратын екі қазық қағылады. Үстеріне белағаш орналастырылады. Белағаш
үстіне бір-бірінен 15-20 см қашықтықта жүк байланған 5-8 жіп
орналастырылады. Инелерінен босатылған бірінші болім шыбықтары тоқылады.
Бірінші шыбық белағашқа салынып жіптер шалынады – екі айқастырылады. Осылый
бұйым тоқылып аяқталады.

Ою - өрнек ата – бабадан келе жатқан асыл мұра. Сонау жазу – сызу шыға
қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып қашап
түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы ою-өрнек немесе ағаш сүйек
ою-өрнек деген сөздері – сол заманда ерте қалыптасқан ұғымдар. Ою-өрнек
өнері де осы тұста басталғанына көзімізді жеткіземіз. Бір кезде тасқа,
ағашқа, сүйекке түсірілген ою – таңбалар келе-келе киізге, алаша, кілем
тағы басқа заттарға салынатын болды. Ол белгілі таңбалар арқылы халық
белгілі бір ұғым түсініктерді аңғырып, біліп отырған. Бұдан ою-өрнек
белгілі таңбаларды өмір қажетінен туғанын байқауға болады. Ою - өрнек
–ритмикалық бір қалыпқа келтірілген элементтер жинағы. Онда кездесу мен
симметриялық заңдылықтар сақталынады.
Оюлап өрнек салу қазақтың халық өнерінің бір саласы. Оның түрлері мен
іске асырылу амалдары да, жолдары да сан салалы, алуан түрлі. Мысалы:
әшекейлі түр салудың кестелеу, ою зерлеу, сыру, теру, көз салу,
шымкестелеу, мүйізделеу, бастыру, гүлдеу, таңдайлау, кереге көздеу
өткірмелеу, шаршылау секілді салалары кемелеп қайып, бүгіп, өткірмелеп,
тепшіп, торлап тігу әдістерімен атқарылады.
Сондай-ақ бұрау, жону, ойып алу, құю, сызу, бояу, сүйектеу, күмістеу,
бедерлеу сияқты өрнек үлгілерінің үй тұрмысында, өнеркәсіпте мәдениет
саласында, архетиктура, жалпы әлем өмірінің дамуында қолданылмайтын, іске
аспайтын жер жоқ. Академик Әлкей Марғұланның сөзімен: қазақ халқы ою-өрнек
дүниесінің ортасында өмір сүреді - десек қазақта өрнектүрлерінің сансыз
көп күнделікті тұрмыста сіңісіп кеткенін дәлелдейді.
Ою-өрнек қазақ халқының көне дәуірден өшпес мұрасы болып, ұрпақтан-
ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, тізгінінің ұшында, өзіндік
тарихымен, әдет-ғұрпымен, сәндік көркемдік жолымен,көшпенді елімізді бүкіл
әлемге өзінің ерекшелігімен таныта білген-қолөнері деуге болады.
Қолөнердің халықтың әлеуметтік, салт тұрмысында алатын орнына
қаншалықты биік, жоғары екеніне сене алсаң-оның ішінде қолөнерді нақышына
келтіріп әдемілік, әсемдік дүниенің ауқымын кеңейткен, ол – ою-өрнек.Ою-
өрнек өткен өмірімімізбен бірге, өшпес мұра болып, материалдық мүлкімізбен
қатарласып, сабақтасып келе жатқан аманат асыл қазынамыз.
Ою - өрнектің шығып таралуы қолөнер, тұрмыс заттарының өсіп
өркендеуімен тығыз байланысты және солардың ішінен орын ала білді. Олардың
даму процестеріне халықтың әлеументтік сана – сезімінің, болымыс
тіршілігінің жанданып,мәдениетінің өсіп, тұрмыс жағдайларының жақсаруының
да әсері болды.
Сонымен қатар ою-өрнектің өркендеуіне ата бабаларымыздың
сезімдік талғампаздық дүниесі, қоршаған табиғат аясы, өскен ұясы, туған
жердің қасиетті топырағы мен тоғай-тауларының құлпырған рең-түрлері,
шикізат баилықтары да қатты ықпал етті. әр халыққа, ұлтқа тән өзіндік ою-
өрнек негіздері қалыптасып дәстүр алды. Олай болса, ою-өрнек, бүгінгі
тіршілік өмірімізге бірден дайын күйінде келмеген. Ою-өрнек адам баласының
ақыл ойларының толып-толқуымен, жүрегінің үлпуімен, өзін айнала қоршаған
ортадантуған обрыздар. Гүлдің жапырақтың, жан-жануардың бейнелері нақты сол
шын қалпында берілмей, көшірілмей, обрыздар арқылы ою-өрнекке айналып,
қолдану аясында ерекше мәнермен, үндестікпен, әуенмен жеткен. Бұл-халықтың
білімінің, шеберлігінің өсіп, ою-өрнек өнеріне қосқан үлесі, тапқырлығы
данышпандылығы.
Ою-өрнекті зерттеген, қолдарынан сан қилы өрнектің үлгі-
түрлерін жасап көрермендерді паш етіп қуантқан зергер, ұста,
шеберлерімізді, ән мен жырға қосқан әнші, ақындарымызды қоспаған күнде,
оларға талдау жасап тарихққа жазып, сызып кеткен қазақ қол өнерлерінің,
оюдың не екенін басқа елдерге жеткізген, көптеген шет елдердің
саяхатшыларын, тарихшыларын, этнографтарын, археолог ғалымдарын айтуға
болады. Олардың ішінде В.В.Стасов, Г.Н.Потанин, П.С.Паласс, И.Георги,
А.К.Гейнес, С.М.Дудин, В.Н.Чепелевті және т.б. қосып айтуға болады.
Қазақ елінің топырағынан таралып, суын ішіп жоғары дәрежелі білім
алып, сол білімдерін басқа елдердің мамандарына таныта білген және қазақ
қол өнерін жоғары бағалап, талдау жасап, оның ішінде ою-өрнекті топтастырып
бір жүйеге келтірген этнограф тарихшы, әдебиетші, өнер танушы ғалымдарымыз
да бар. Олар Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, С.Қасиманов, М.Мұқанов,
Ө.Жәнібеков, Т.К.Бәсенов және т.б.
Ою өрнектің классификациялық мәнері
Ою деп, заттың, бұйымдардың, жиһаздардың, ғимараттардың, сыртқы
пішініне, түріне, шығармашылық әуеніне ерекше мәнер, қосымша әсер беріп,
қарапайым симметриялы элементтерден құрылып,ырғақ, теңеу, рең арқылы түзу
жазықтықта немесе квадрат, ромбы, шеңберлерде тұйықталып орналасқан
әшекейлі өрнекті айтады.
Оюды кілемге, сырмаққа, текеметтере, киімдерге, ыдыс-аяққа, үй
жиһаздарына, аяқ киімдерге, зергерлік бұйымдарға, қару- жарақтарға, сәулет
ғимараттарына әр түрлі композициялық жолдармен қолданады.Заттың, бұйымның
сыртқы пішініне, алатын орнына, атқаратын қызметіне, пайдалану мақсатына
және шикізат түрлеріне қарай ою- өрнекті ойып, бояп, қашап, құйып,
бедерлеп, өріп заттардың түр-пішінімен үйлестіре пайдаланған.
Ою- өрнектің классификациялық негізгі мәнері төрт топқа
бөлінеді.Олардың барлығының негізінде геометриялық ұғым элементтері жатыр.
Ол- нүкте, ол- сызық, бұлар классикалық төрт топтың негіздері.
Классикалық ою- өрнектің төрт тобына :
Геометриялық ою-өрнектер; жан-жануарлар, хайуанаттар ою-
өрнектері; өсімдік тектес ою-өрнектер және космологиялық ( аспан, көк
әлемнің жер-дүние сырын бейнелейтін ) ою-өрнектер жатады. Ою-өрнектің
қайсысын адам баласы бірінші ашып, көркем өнер шығармасы ретінде
қолданғанын дәл зерттеп ешкім ашқан жоқ. Ашып дәлелдеуде мүмкін емес.
Қайсысының бірінші, қайсыбірінің екінші, ою-өрнек бір-біріне қалай
бағынады, бұған тек арнаулы физикалық, математикалық заңдылықтар арқылы
ғана бағыт – бағдар беруге болады. Ол тек ғылыми тұрғыдан берілетін
тұжырым.
Сондықтан, ою-өрнектерге талдау жасап, әр классикалық топқа
бөлмес бұрын ою-өрнектің негізгі құрлымы қлай, оюға тән ерекшеліктері неде,
композициялық орналастыру ережесі не, ою-өрнектіңпішінін, құрлысын,
образдық белгісін өзгертуге симметрияның әсері деген сұраққа жауап беруіміз
керек.. Осыған орай ою-өрнек үлгілері араласқан бұйым-заттарды, тұрмыста
қолдану негізінде қарай екі топқа бөлінеді:
Бірінші, ою ешқандай заттарды көркемдемей-ақ, өз алдына жеке
әшекей ретінде қолданып көрмегендерге эстетикалық сүйсініс, әсер береді.
Бұндай жағдайда оның көркемдік, әсемдік жақтары пайдаланылады.
Екінші түрінде оюлар шебердің қолынан шыққан заттарды көркемдеп
толықтырып, айрықша көрініс, сән мән-мағына береді. Яғни ою-өрнек жасалған
заттан ерекше бөлінбей оның формасын пішін-түрлерін шешеді. Осындай
бұйымдар күнделікті тұрмыста пайдаланумен қатар, көрермендерге эстетикалық,
ләззат және рухани байлық боп ерекше сезімге тәрбиелеиді. Қазақ ою-өнерінің
өздеріне тән сыңар ою, тең, жүздеме ою секілді композициялық құрылымы
қалыптасқан. Аталған оюларда да композицияның классикалық-орталық бөлік,
шек, жиек фон негіздерімен бірге, симметриалық тепе-теңдік, тұйықтық,
орнықтылық категориялары сақталған. Мысалы, толқын, ирек, су, омыртқа,
айшық, сыңар, сыңар мүйіз, бұғы мүйіз оюларынан шапшаң қозғалысты байқасақ,
қошқар мүиіз, сынық мүиіз, қолтықша, тарақ, балға секілді оюлардан
орнықтылықты,байыптылықты көреміз.
Ою-өрнек түрлері.
Оюлар құрылысына, жазықтықта, кеңістікте тұйықталу мәніне және
обырыздардың негізгі мазмұнына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді:
мысалы, мал шаруашылығы мен аңшылық өнерге байланысты жан-жануар,
хайуанаттар образын сипаттайтын оюлар ; гүл, жапырақ, орман, тоғай,жер-суды
бейнелейтін үш, төрт ромб және т.б. көп бұрышты геометриялық оюлар; айды,
күнді,аспанды, бүкіл әлемді сипаттайтын космогониялық ою-өрнектер болып
бөлінеді, осы топтарды құрылысына, мән-мазмұнына, образдардың негізінде
оларға атаулар беріп ата-бабаларымыз оқып, танып бір-бірінен ажырата
білген.
Хайуанаттар образын сипаттайтын оюлар
Жан-жануарлар қазақтың ою-өрнектерінің ішінде ең көп таралған,ең көп
қолданылатын түрі.Жабайы аңдар мен құстар, малдар адам баласына ішетін
сусын, жеитін тамақ, киетін киім болып ғасырлар бойы асырап кележатқанын
айтудың қажеті жоқ. Ата-бабаларымыз малдың ерекше қасиеттерін бағалап ән
жырға, күйге қосты. Олардың обрызы шығарға, беинелері қолөнерде ою өрнекке
айналады. Сондықтан хайуанаттар олардың тамыры тереңде жатыр. Бұл оюдың
негізін қошқар мүиіз өрнегі қалайды. Ары қарай қошқар мүйіз өрнегі
өзінің құрамын мүиіз тектес ою-өрнектердің түрлерімен жалғастырады. Оларға
қос мүйіз, сыңар мүйіз, арқар мүйіз,сынық мүйіз, тармақ мүйіз, бұғы, ешкі
мүйіз, қисық мүйіз және т.б. жатады.
Қазақтың ұлттық дәстүрлі бұйым, дүние-мүліктерінің ішінде ою-
өрнектрінің негізі болған мүйіз оюымен әшекейленіп безендірілмеген заттар
жоқ десек қателеспейміз. Бұл өрнек қолөнер түрінің барлық саласында
кездеседі және кеңінен қолданылады. Қошқар мүйіз ою өрнегімен зергерлер,
шеберлер алқа, сырға, білезікті,сырмақ, текеметті, кілем, түскиізді, сандық-
кебежені,киім-кешектерді өз ырғақ мәнерімен безендіреді. Оған оюдың құрамы,
сырт пішіні, ырғақты толқыны, сызықтары мата, қағазға,теріге, киізге,
ағашқа, т.б. түсіргенде соларға арналған үлгілерді ойып алуға ынғайлы
болады.
Бүдан басқа хайуанаттар әлемін білдіретін ою-өрнектің түрлері
көп,бірақ формаларының көпшілігі геометриялық денелерден тұрады. Мысалы,
ботакөз, итқұйрық, құсқанат, тышқаніз, түйетабан,омыртқа т.б.
Өсімдік тектес ою-өрнектер
Өсімдік тектес олар ұлттық өнерімізге өте ертеден сіңіп,кеңінен
тараған өрнектің бір түрі. Өсімдік тектес ою-өрнектің негізін гүл, жапырақ,
сабақ құрайды. Гүл-жапырақ оларды әр заттарға сәнімен қалыптасып,
ұйқасымын табады. Олар өзінің даму барысында әртүрлі жолдардан өтіп,
қолданылатын затқа сәндік, көркемдік қасиет беріп, мазмұндарын шешті.
Мәселен өсімдік оюларымен шымылдық перде, түскиіз, көйлек,камзол, бешпет,
аяққап, текемет, сырмақ, білезік, шолпы, сырға, жүкаяқ, сандық, қыш
құмыралар және т.б. заттар ойылып, кестеленіп, боялып, бедерленіп, сырылып,
әшекейленіп безерлендіріледі. Осы оюлардың түрлері мен атаулары жоғарыда
айтылған заттардың қолдану тұтыну және гүл, жапырақтың топтасып, жұпталуына
байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді.
Өсімдік тектес оюлардың негізі болған гүл, үш жапырақты талдай,
классификациялық топқа бөле келіп, үш гүл, төрт гүл, бес гүл, үш жапырақ,
бес жапырақ, түйе табан, жауқазын, теріс бұтақ, шырмауық, райхан және т.б.
Ою-өрнектерді қолөнер бүйымдарынан кездестіруге болады. Көбіне аталған ою-
өрнектер жұмсақ шикі заттардан жасалған бұйымдарға қолданылады. Киізден,
матадан, теріден жасалған бұйымдарға сырылып, кестеленіп, бастырылып,
тоқылып іске асырылады.
Өсімдік тектес оюлардың композициялық құрылымы да жан-жануарлар
оюындағыдай симметрияға, ырғаққа, тепе-теңдікке, пропорцияға бағынады.
Текемет, сырмақ, тұскиіз, кілемдерге қарасақ аралық бөлік, жиек, сыңар жиек
секілді композициалық тепе теңдікпен бірге симметриялық үлестірулерді
кездестіреміз. Бұлар ұлттық қазақ өнерінде ғана кездесетін үйлесімдер.
Ою-өрнектің гүл, жапырақ түрлерінен басқа да сырмақ, текеметке көп
қолданылатын су өрнектері көп кездеседі. Су өрнегі мазмұны мен орындалу
пішіні жағынан өсімдік тектес оюлардың қатарына жатпайды. Жалпы ою-
өрнектерддің кейбір ұлттық заттарға қолданған кезінде мән-мағынасын,
түрлерін шешуге көп пайдаланылады.
Геометриялық ою өрнектер
Геометриялық ою-өрнектер тас бетіндегі таңбалардан басталып,тамыры
тереңге тараған өрнек. Геометриялық ою жалпы адамзат қауымының, оның ішінде
қазақ халқының қолөнер заттарымен,үйлесіп қалауын тапқан ою. Әсіресе
сәулет, қолөнерде кеңінен қолданылып, заттардың сыртқы пішінін формасын
әшкейлеп өрнектейді. Бұл ою тас, қыш, темір,ағаш, киіз, терілерде нүкте,
сызық, үш, төрт, бес бұрыш, ромб, квадрат, шеңбер формаларында кездесіп
кілем, сырмақ, текемет, түскиіз, алаша, кебеже, күбі, сандық, білезік,
сырғаларда күрделі композициялық өрнектер тобын құрайды.
Геометриялық ою-өрнектің түрлерімен барлық ою-өрнек байланысты,
солардың мазмұнды сырын шешуде өзекті орын алған өрнек. Оның қолданбайтын
жері аз. Геометриялық оюдың негізі геометриялық денелерден тұрады, атаулары
да денелерінің пішініне сәйкес. Ең қарапайым оюды нүкте мен сызықтардан
алып, күрделі формаға айналдырып, өрнек тізбектерін аламыз. Нүктелер бір-
бірімен түзу, қисық, доғал сызықтар арқылы қосылып, үш бұрыш, төрт бұрыш,
квадрат, ромб, шеңбер, т.б. көптеген геометриалық денелерге айналып, ырғақ,
пропорция, симметрия арқылы геометриялық өрнектер тобын, буынын құрап,
тізбегін жасайды. Геометриялық ою тек денелердің сыртқы пішіні мен
композициялық заңдылықтармен ғана көркемделмейді. Бұған рең, түрлі-түсті
бояу ырғағы мен спектірлі толқыны да қосылып, затқа ерекше әсер, көркемдік
береді.
Ойлаған композициялық жүйе бойынша геометриалық ою-өрнек балшықтан,
күмістен құйылса, сүйек, мүйізден, ағаштан ойылып жонылады, киізден кесіліп
сырылса, теріден бедерленіп өріліп, заттарға көркемдік мәнер береді.
Геометриялық оюлар затты көркемдік әдістері, сұлулық белгілерімен ерекше
түр- түсіне бөлейді. Кілем, терме, алашаны жасауда жүн мен теріден терілген
оюлар затқа мән-мағына береді.
Космогониялық ою-өрнектер.
Космогониялық ою-өрнек біздің көркем мәдениетімізге өте ерте заманнан
сіңіп қалыптасты. Бұл ою-өрнектің негізін әлем, аспан, күн, ай, жұлдыз
бүкіл кеңістік бейнелері құрайды.
Көк әлемді айналып жүрген планеталар мен аспан денелерінің бәрі күн
жүйесіне жатады. Күннің тұтылуы кезінде күн шеңберінде аппақ күмістей жарық
пайда болады, бұл ғажапты күн тәжі деп айтады. Сондықтан болар, ата-
бабаларымыз аспандағы бір тәңірге сеніп, жалбарынып табынуы, жақсылық бата
тілеуі жәйдан-дәй тумаған болар. Осы сенім негізінде көптеген фонтастикалық
обрыздар ән мен күиде, әдебиет пен өнерде туды.
Қалай болсын күннің шапағаты мен айдың тұтылуы, теңелуі, жұлдыздардың ағуы
бәрі ерекше әсер қалдыратын құбылыстар. Аталарымыздың жаңа ай туғанда,
шалқақ жатса, өзіне қолайлы, елге қолайсыз, тік жатса елге жайлы өзіне
жайсыз деген ұғымдарды ескере келіп :
Ай көрдім аман көрдім.
Ескі ай есіркесін,
Жаңа ай жарылқасын деген тілек баталардан сенім күшінің артып, бар әлемге
тағзым етіп,тілдескендігін байқаймыз.
Космологиялық ою-өрнек күн жүйесіндегі денелермен тығыз байланысты,
олар геометриялық денелер арқылы беріліп формалары мен атаулары арқылы
космологиялық өрнектер тізбегін айқын бейнелейді.
Күн жүйесіндегі планеталар мен шоқ жұлдыздардың образдары оқымысты
ғалымдарымыздың жазғандарына қарағанда әр ғасырда өзінше бейнеленіп ерте
қалыптасты. Оларды археологиялық қазбалардан көруге болады. Орталық
Қазақстандағы Бегазы-Дәндібай зираттарынан табылған қыштағы айшық,
жұлдызша оюлары дәлелдейді. Сол секілді сақтар кезінде жасалған
көптеген зергерлік бұйымдардан да осы оюлар айшық, ай өрнегі, жұлдызша
оюлары архетектуралық, сәулет,мазарларында көптеп кездеседі.
Космологиялық оюлар қатарына Күн нұры, Күн сәулесі, Ай-таң, Ай-
гүл, Ай-таңба, Түнгі ай, Жұлдыз, Аққан жұлдыз, Үркер секілді
өрнектер пайда болды.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру–технология пәнінің
міндеті.
2.1. Технология пәні – шығармашылық дамытудың бір жолы
Мектеп сабақтары балаларда әр-түрлі адамдардың адамзат өркениетінің
әр-түрлі адамдардың адамзат өркениетінің дамуына қосқан үлесіне
құрметтеуді дамытуды, оқушыларда өзіне-өзі сенімділікті мәселелерді шешу
қабілеттерін, сонымен қатар өзінің айналасында қолайлы жағдайларды құруға
дамытуды; балаларды күнделікті өмірге адалдық жұмыс жолына және теңдікке
деген дайындығын дамытуды; оқушыларда өзінің мектебіндегі және қоғамдағы,
сонымен қатар басқа елдердің адамдарының құқықтарын құрметтеуге
қызықтыруды дамыуды қажет.
Қазіргі кездегі Қазақстандағы қалыптастырушылық жаңа экономикалық
жағдайлар жалпы білім беретін мектеп оқушыларының алдында жаңа мақсаттар
мен міндеттер қояды. Бүгінгі күнгі білім берудің жалпы мақсаты – бұл жан-
жақты және үйлесімді дамыған тұлғаның қалыптасуы. Бұл мақсатты шешуге
көп жағдайда “Технология” білім беру облысы арқылы дұрыс ұйымдастырылған
еңбекке оқыту себепші болады.
“Технология” сөзі грек тілінен аударғанда “techne” - өнер, шеберлік,
дағды және “logos” – оқыту, ғылым, сөз. Яғни “Технология”– бұл дағды,
шеберлік, өнер туралы ғылым болып табылады.
Егер түсініктірек және қазіргі тілмен айтсақ, “Технология”– бұл
белгілі бір өнімді шығаруды қамтамасыз ететін өндірістегі операциялар
кезеңділігі.
Оқу процесі бір-бірімен өзара тығыз байланысқан оқыту(мұғалімнің
іс-әрекеті) мен оқудан (оқушылар іс-әрекеті) құралады. Технология
әдістемесі басқа оқу пәндерінің оқыту тәжірибесін қолданады. Сонымен бірге
оқу пәндерінде сонша маңызды болып табылмайтын бірнеше факторларды
ескеруге тура келеді. Олар: қауіпсіздік техника ережелерінің орындалуы,
жұмыс орнының ұйымдастырылуы, жұмыс орындау тәсілдерінің дұрыстығы және
де басқалар.
Мектептегі өзге оқу пәндерінен өзгешелігі технология пәнінің
формалары мен әдістері келесі маңызды ерекшеліктерден көрінеді:
– оқушылардың еңбек іс-әрекеті тек алынған білім, игерілген дағды мен
шеберліктен емес, сонымен қатар материалдық құндылықтары бар заттарды
жасаумен байланысты;
– білім көздерінен маңызды орынды алатын өндірістік объектілер(еңбек
заттары және құрал-жабдықтар, оқыту құралдары), еңбек және технологиялық
процесстер алады.
“Технология” жалпы курсы оқушылардың олардың қызығулары мен мінез
сипатына қарай өз қабілеттерін тереңірек және жақты дамытуға көмектеседі.
Қол еңбегі баланың психика және интеллектісін дамытуға тиімді
болатын“гимнастикалық снаряд” болып табылады. Тура осы практикалық іс-
әрекет түйсік сферасын дамыту тәсілімен, оймен және шығармашылық күшпен
күрделі абстрактілі іс-әрекеттерді ішкі (көрінбейтін) ортадан сыртқы
(көрінетін) ортаға, яғни оларды түсініктер етіп аударуға жәрдемдеседі.
Эстетикалық тәрбиелеу – бұл адамда шындыққа эстетикалық қатынасты
қалыптастыруға мақсатты бағытталған процесс. Бұнда еңбек іс-әрекетінде
көркемдікті қабылдау және түсінуге, еңбек процесіне және нәтижесіне
адамның әсемдікті енгізе алу қабілетіне көп көңіл бөлінеді. Сондықтан да
оқушыларды сәндік-қолданбалы өнер негізінде тәрбиелеу – тұрмыс және еңбек
мәдениетін, жалпы адамдар қатынастарының мәдениетін қалыптастыру аса зор
маңызды болып табылады.
Сәндік-қолданбалы өнер сонымен қатар халық шеберлері өнімдерінің
үлкен рухани құндылықтарының ашылуына, эстетикалық талғамды
қалыптастыруға, оқушыларды техникалық білімдермен қаруландыруға, оларда
еңбек дағдылары мен шеберліктерін дамытуға, сонымен қатар мамандық
таңдауға, еңбекке деген психологиялық және практикалық дайындықты
жүргізуге мүмкіндік береді.
Өнер әдістері арқылы тәрбиелеу – педогогтың негізгі принциптерінің
бірі. Өнер арқылы балаларда шығармашылық жігері, іс-әрекетке деген ерік,
басталған істі соңына дейін іске асыру сияқты қасиеттер қалыптасу,
тәрбиелену қажет. Еңбек тәрбиесін еңбек процесі, мазмұны және
мақсатындағы әдемілікті танусыз елестету мүмкін емес. Сонымен қатар
өмірден үзілген, белсенді шығармашылық әрекеттен және идеалғақол
жеткізу күресінен айырылған эстетикалық тәрбиені де елестету қиын. Сәндік-
қоданбалы өнер түрлерінің жоғары тәрбиелеу мүмкіндіктері өндіріс
техникасы және қол еңбекке негізделген эстетикалық бастауға негізделеді.
Көптеген көркем шығармашылық іс-әрекетінің негізін құрайтын – қол
шығармашылық еңбегі осы күнге жеткен еңбек формасы болып табылады.
Адамның сезіну және шығару жұмыс істеу болып табылатын қуану, тану және
басқаларды үйрету болып табылатын бөлінбейтін қабілеттері адам тұлғасының
барлық жақтарында үйлесім табады. Сәндік қолданбалы өнерімен шұғылдану
эстетикалық тәрбиелеуде, оқушыларда көру түйсіктерін қалыптастыруда
табиғат көркемдігін белсенді қолдануға мүмкіндік береді.
Сәндік–қолданбалы өнер — қазақ этномәдениетінің ең негізгі
бөлімдерінің бірі, оны мектепте бірінші сыныптан оқыту керек.[3,б.20].
Оқыту және тәрбиелеу процесінде тұлғаның барлық шығармашылық
мүмкіндіктерін белсендірудің күшті факторы ретінде, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz