Топырақ — табиғат көркінің айнасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І Кіріспе 3
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Топырақтың жалпы маңызы 6
2.2 Топырақтану ғылымының тарихы 8
2.3 Топырақтың құрамы 10
2.4 Топырақтың механикалық құрамы 13
2.5 Топырақтың табиғатта таралу заңдылықтары 18
ІІІ Қорытынды 25
Пайдаланған әдебиеттер 26

І Кіріспе

Топырақ – жердің жақсы қопсытылған, өлі табиғатпен тірі
организімдердің межесінде жатқан құнарлы қабаты. Академик В.И.Вернадцкийдің
айтуынша, топырақ әрі тірі, әрі өлі денеден құралады (биокосное тело).
Жалпы жер көлеміне қарағанда, топырақ — өте жұқа қабат. Мысалы, Жер
шарын футбол добындай деп есеп-тесек, ондағы топырақ қабаты сақал қыратын
қауіпсіз ұстараның қалыңдығынан он есе жұқа екен. Соған қарамастан, жер
бетіндегі барлық тіршіліктің, оның ішінде адам өмірінің негізгі арқауы —
топырақ. Бірақ, ол туралы дұрыс түсінік, ғылым кешеуілдеп дамыды. Мәселен,
біздің кұлағымыз ботаника, зоология, геология, география сияқты ғылымдарға
әбден канық. Бұл ғылымдардың нендей міндеттер атқаратынын да және қандай
жетістіктерге жеткенін де жақсы білеміз. Мысалы, ботаника өсімдіктер туралы
ғылым болса, зоология жан-жануарлар дүниесінің сыр-сипаты, ал геология,
география болса жалпы жер туралы және тау жыныстары мен жердің астынғы
қабаттарын зерттейтін ғылым. Топырақтану деген ғылымның бар екенін оның
немен шұғылданатынын біле бермейтіндер әлі де баршылық. Топырақтану ғылымы
— жас ғылым. Топырақ туралы түсінік тек XIX ғасырдың 80-жылдары орыстың
дарынды оқымыстысы В.В.Докучаевтің жемісті еңбек-терінін, арқасында
калыптасып, дамыды. Сондықтан да топырақтану ғылымын орыс ғылымы деп
дүрыс айта-ды. Бұған оның Орыс қара топырағы деген еңбегі зор үлес қосты
(6). Бұл туралы В.В.Докучаевтің талантты оқушыларының бірі академик
В.И.Вернадский: Органикалық химияның дамуына — бензол, физиологияның
дамуына бақа қандай міндет атқарса, топырақтану ғылымының дамуына
В.В.Докучаевтің Орыс қара топырағы деген еңбегі де сондай міндет атқарды
деп жазды.
Докучаев топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады. Былайша
айтқанда, топырақ өмір бақи бір қалыпта өзгермей тұратын зат емес,
керісінше, ол табиғи жағдайға, уақытқа байланысты өзгеріп отырады. Оның
пайда болуының, дамуының өзінше заңдары бар. Докучаевтің анықтамасы
бойынша, топырақтың пайда болуына, дамуына, өзгеруіне әсер ететін негізгі
факторлар — ауа райы, тау жыныстары, төменгі және жоғары сатыдағы
өсімдіктер мен жәндіктер, жер бедері және аймақтың геологиялық жасы. Осы
факторлардың көп жылдар бойы үздіксіз әсерлері нәтижесінде ққнарсыз тау
жыныстарынан құнарлы топырақ пайда болады. Ал адамзат игерген жерлерде
топырақтың дамып, өзгеруіне қоғамның ендіргіш күштері үлкен әсер етеді.
Өсімдіктер құнарлы топырақсыз өспейді. Топырақта өсімдіктерге қажетті
қоректік заттар, яғни биофильді заттар жиналады. Ал үлкен геологиялық
айналым арқылы әлемдік мұхиттарда жиналатын көп элементтер өсімдіктердің
арқасында топырақ құрамына жиналды, демек үлкен геологиялық айналымына кіші
биологиялық айналымға көшеді. Сондықтан топырақта сан түрлі өсімдіктер
өсіп, жан-жануарларға қорек болады. Сөйтіп, табиғаттың ең жоғары туындысы —
адамзат қоғамы өсімдіктерді де, жануарларды да өз мұқтажына пайдаланады.
Расында, топырақ — жер бетіндегі өмірдің негізі, асыраушы анасы. Диқан
ата атанған Сыр бойының даңқты күрішшісі Ыбырай Жақаев айтқандай, Жер —
қоймадағы астық, өрістегі мал, ауыздағы ас. Топырақ ауыл шаруашылығының
негізгі ендіргіш құралы. Онда жеңіл өнеркәсібімізге қажетті көптеген
шикізаттар өседі. Инженерлік және жол құрылыстарында топырақтану ғылымы
пайдаланылады. Орман топырақта өсетіндіктен, орман шаруашылығы да
топырақпен тікелей байланысты.
Топырақпен өзіміз тыныс алатын ауа құрамы мен ішетін су құрамдары да
тығыз байланысты. Осымен бірге топырақтың халық шаруашылығының басқа да
салаларында атқаратын рөлі үлкен.
Топырақ өлі табиғат пен тірі табиғат межесінде пайда болғандықтан,
топырақтану ғылымы геология және биология ғылымдарына да жат емес. Тіпті
соңғы кезге дейін топырақтануды ғылымның қай саласына, биология немесе
геология ғылымына жатқызу жөнінде ғалымдар бір пікірге келе алмады. Ленин
атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық академиясының 1948 жылғы тамыз
сессиясында топырақтануды биология ғылымына қосуға бір ауыздан қаулы
алынып, топырақтың өлі денеден гөрі тірі денелерге жақындығы мақұлданды.
Осы жылдан бастап топырақтану мамандарын дайындау геологиялық
факультеттерде емес, биологиялық немесе ауыл шаруашылық оқу орындарында
дайындала бастады. Ал ғылым академиясы жүйелеріндегі топырақтану ғылыми-
зерттеу институттары геология ғылымдары бөлімінен биолоғия ғылымдары
бөліміне ауыстырылды.
Топырақ — табиғат көркінің айнасы. Бұл сөзде көп мән бар. Топырақтың
тік қазылған пішініне қарап, сол жердегі ауа райының, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесінің т.б. табиғат құбылыстарының тек қазіргі емес

2.1 Топырақтың жалпы маңызы

Топырақтың пайда болуы және экологиясы. Табиғатта топырақтың түзілуі —
өте ұзаққа созылатын құбылыс. Топырақ тау жыныстарының, ұзақ геологиялық
мерзім ішінде әр түрлі жолдармен үгілуі мен мүжілуінің нәтижесінде
түзіледі. Топырақ түзуші жыныстар ілкі әуелде қатайған тау жыныстары
болғанмен, оның үстіңгі қабаты табиғат күштерінің көп жылғы үздіксіз әсер
етуінен бірте-бірте қирап, бұзылып, копсыған жыныстарға айналады. Бұл
табиғат күштерінің ішінде температураның, судың, желдің, күн сәулесінің,
көшпелі мүздардың әсері ерекше. Үгілудің негізгі үш түрі бар: олар
физикалық, химиялық және биологиялык, үгілулер. Тау жыныстарының физикалық
жолмен үгілуі деп жыныстардың химиялық құрамы өзгермей, тек әр турлі
механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге әсер ететін
негізгі күштер: температура, жел, тасқын сулар мен көшпелі мұздар. Химиялық
үгілу процесі — тау жыныстарының құрамындағы әр түрлі тұздардың, немесе
басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және ауадағы оттегімен
тотығуынан пайда болатын құбылыстар. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы
жағынан жаңадан минералдық заттар құралады. Бұл заттар суда еру қасиетіне,
өзіндік салмағына және жер бедерінің құрылысына қарай әр жерлерде шөгінді.
Физикалық үгілу мен химиялык, үгілу процестері, әдетте, қосарласа жүріп
отырады.
Сонымен, физикалық және химиялық үгілулердің салдарынан таулар
бұзылып, тастар мүжіледі. Құм мен балшық суға жуылып-шайылып, су күшінің
зорайып, азайып, басылуына, жер бедерінің ықғайына қарай шөгіндіге
айналады. Желмен ауаға ұшады, тозаңданады. Бұл процестер ғасырлар бойы
толастамайды. Жаңбыр күшейсе немесе жел қатты соқса, жер беті өзгеріп
тұдады. Ескі дәуірде жәндіктер мен өсімдіктердің жоқтығынан майда,
ұнтақталған жыныстарды біріктіретін ештеңе болмай, қарашірік кұралмайды,
сондықтан топырақ түзілмеді. Шын мәнінде, топырақтың, түзілуі биологиялық
үгілумен байланысты. Физикалық немесе химиялық үгілу өзінше топырақ түзе
алмайды, өйткені топырақ түзу процесі — биолоғиялық құбылыс.
Үгілу кезінде қатты тау жыныстарынан қопсыған, ылғал жұтқыш, су
өткізгіш жыныстар пайда болады.
Әдетте, физикалық және химиялық үгілу кезінде босаған суда ерігіш,
өсімдіктерді қоректендіретін минералды заттар үлкен геологиялық айналымға
түседі. Қопсыған, ұнтақталған жыныстарға тірі организмдер қоныстанған
уақыттан бастап өсімдіктер мен микроорганизмдердің сіңіруі нәтижесінде
қоректік заттар үлкен айналымға түседі, яғни үлкен, геологиялық айналымнан
кіші биологиялық айналымға көшеді. Органикалық заттар суда ерімейтдін
болғандықтан, бұл заттардың қоры жылдан-жылға көбейе береді. Құрамында
қоректік заттарға кедей тау жынысы тірі организмдер мекендегеннен кейін
қоректік минералды және органикалық азотты заттармен байиды, былайша
айтқанда, құнарсыз тау жынысынын орнына құнарлы топырақ пайда болады.
Топырақтың пайда болуына негізгі алты фактор әсер етеді. Олар: ауа
райы, топырақ түзуші тау жынысы, жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктер
мен жәндіктер, жер бедері, аймақтың геологиялық дәуірі және қоғамның
өндіргіш күші. Енді осы факторлардың топырақ түзуге қаншалықты әсері барына
жеке-жеке тоқталайық.
Топырақ түзу процестеріне адамзат қоғамының тигізетін әсері орасан
зор. Адамзат қоғамы өзінің саналы әрекеттерінің нәтижесінде топырақты
қолдан суарып немесе құрғатып, мелиорациялап, оның табиғи даму процестеріне
көп өзгерістер енгізеді. Бұл өзгерістердің көбі — топырақтың пайдалы
қасиеттерін жақсартуға, құнарлылығын арттыруға бағытталған шаралардың
нәтижесі.
Жер жыртылып, топырақ өңделгеннен кейін табиғи өсімдіктер орнына
мәдени дақылдар егіледі, ал олардың топыраққа өтетін әсері табиғи
өсімдіктерге карағанда, әрине, өзгеше.
Топырақтарды көп жыл бойы суарып, тыңайтқыштар енгізген кезде, олардың
бұрынғы табиғи қасиеттерінің көбі өзгеріп, жаңа, мәдениеттенген сапалы
топырактарға айналады. Мысалы, мұндай топырақтар қатарына Орта Азиядағы көп
жылдар бойы суарылып келе жатқан жазираның топырақтарын жатқызуға болады.
Адамзаттық саналы әрекетінің арқасында табиғи жағдайда құнарсыз жатқан
топырақтардың (сорланған, сортанданған) мелиорациялаудың нәтижесінде кұнары
артып, сапалы топырақтарға айналады. Бірақ адамзат қоғамының топыраққа
еткен әрекеттерінің барлығы топырақ құнарын арттыра бермейді.
Суармалы алқаптарда жерді суару мен мелиорациялауда жіберілген
қателіктердің нәтижесінде құрамында тұзы көп емес топырақтың екінші рет
сорлану процестері басталып немесе батпақтанып, егістікке жарамай, істен
шығып қалатын жағдайлар аз емес. Ал кейбір жерлерде пайдалануға жарамсыз,
механикалық құрамы жеңіл топырақтар жыртылып, кейін жел эрозиясына ұшырап,
пайдаға аспай қалады. Мәселен, мұндай жағдайлар Қазақстанда 1950 жылдардағы
тың игеру кезінде кездесті. Павлодар облысында мыңдаған гектар жарамсыз
жеңіл топырақтар, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Ақмола облыстарында
кебірленген топырақтар жыртылып, көптеген зиян келтірілді.
Негізінде топырақты өңдеу, мелиорациялау, химияландыру жұмыстары бұл
сияқты зиянды жағдайларға жол бермей, жердің құнарын арттыруға
бағытталуы мүмкін.

2.2 Топырақтану ғылымының тарихы

Докучаевтің жетекшілігімен 1888 жылы ұйымдастырылған Ресейдегі топырақ
зерттеу комиссиясы — бүкіл дүние жүзіндегі бұл саладағы бірінші топырақтану
ғылымының ұясы еді. Бұл ғылымның дамуына Докучаевтің замандасы, орыстың ірі
оқымыстысы П.А.Костычев, оқушылары Н.М.Сибирцев, К.Д.Глинка көп үлес қосты.
Докучаевтің қажырлы еңбегінің арқасында 1899 жылы ұйымдастырылып шыға
бастаған топырақтану саласындағы ғылыми-теориялық Топырақтану
(Почвоведение) журналы күні бүгінге дейін Ресей Ғылым академиясының
топырақтану жөніндегі негізгі журналы болып келеді.
В.В.Докучаев ұйымдастырған топырақ зерттеу комиссиясы 1913 жылы
Топырақтану ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды. Бұған Қазан
революциясынан кейін В.В.Докучаевтің есімі берілді.
Докучаев іліміне қазақстандық ғалымдар А.И.Безсонов, Ө.О.Оспанов,
В.М.Боровский, А.М.Дурасов, Т.Т.Тазабеков, Р.Жанпейісов, Ж.У.Ахановтың
қосқан үлестері өте мол. Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының Еңбек
Қызыл Ту орденді Топырақтану институты — еліміздің топырағын жан-жақты
зерттеп, оны халық шаруашылығына тиімді пайдаланудың негіздерін көрсететін
басты ғылыми мекеме.
Бұл институт кең-байтақ республикамыздың жер қорын тиімді пайдаланудың
ғылыми негіздерін жасауда біршама игілікті істер атқарды. Барлық
облыстардың орта масштабты топырақ картасы жасалып, олардың сипаттамасы,
агрономиялық қасиеттері, халық шаруашылығына тиімді пайдалану жолдары жеке-
жеке монографияларда баяндалды. Институт қызметкерлері 1950 жылдары
еліміздегі ауыл шаруашылық саласында ірі оқиға — тың және тыңайған жерлерді
игеру кезінде көптеген экспедициялар ұйымдастырып, 100 млн. гектардай жерді
зерттеуге оның 25 млн гектарын егістікке игеруге көмектесті.
Республикамыздың сумен қамтамасыз етілген, суармалы егіншілік дамыған
аудандары: Сырдария, Шу, Іле, Жайық, Талас-Ассы, Арыс өзендерінің бойлары
ірі масштабты топырақ-мелиоративтік зерттеулермен қамтылып, бұл жерлерді
суармалы егіншілікке тиімді пайдалану жолдары көрсетілген.
Қазіргі кезде институт қызметкерлері — Ұлттық ғылым академиясының
корреспондент-мүшелері Ө.Оспанов, Ж.Аханов, ауыл шаруашылық және биология
ғылымының докторлары Р.Жанпейісов, I.Дәулетшин, Қ.Ш.Фаизов, М.И.Рубинштейн,
М.А.Оралов, Ш.З.Мамилов, Ж.У.Мамутов, география ғылымының докторлары
М.Е.Белгібаев, М.Ш.Ишанқұлов, Е.А.Сұлтанбаев, ғылым кандидаттары
С.Ж.Әбдіқалықов, Т.Жаланкөзов, К.Ж.Қаражанов, Н.Л.Яцын ин т.б. басшылығымен
республикамыздың топырақ қыртысы бұрынғыдан да тереңірек зерттеліп, оны
халқымыздың игілігіне тиімді пайдаланудың ғылыми жолдары қарастырылып
келеді. Топырактану институты 1974 жылы көп жылдық жемісті еқбегі үшін және
елімізде тың игерудің 20 жылдығына байланысты Еңбек Қызыл Ту орденімен
марапатталды.
Топырақтану ғылымы — көп салалы ғылым. Оның құрамында топырақ
географиясы, эрозиясы, физикасы, химиясы, микробиологиясы, мелиорациясы,
топырак, экологиясы және оны қайта құнарландыру сияқты бағыттар бар.
Институттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары осы бағыттағы салаларды түгелге жуық
қамтиды. Төменде осы іргелі ғылым ордасының тарихы мен атқарған жұмыстары,
құрылымы туралы мәліметтер келтіреміз.

2.3 Топырақтың құрамы

Топырақ негізгі үш фазадан тұрады: топырактың қатты фазасы, топырактың
ауасы және ылғалы Соңғы жылдары көрнекті топырақ зерттеуші профессор
А.А.Роде төртінші фаза ретінде топырақтық тірі фазасын ұсынды. Бұл әбден
дұрыс сияқты, себебі төменгі сатылы жәндіктер мен өсімдіктерсіз,
микробтарсыз топырақ болмайды.
Топырақ су сыйымдылығы бар копсытылған дене болғандықтан, оның
құрамында әрдайым азды-көпті ылғал кездеседі. Бұл ылғал топыраққа ауадан
түскен жауын-шашыннан, жер бетіндегі су мен жер астындағы ыза суынан
келеді. Топырақ ылғалы әр жерде әр қилы. Бір жерлерде топырақтың
ылғалдылығы мол болса, екінші жерде тапшылау. Ал топырақтағы ылғал
өсімдіктерге түрліше сіңеді. Ылғалдың кейбір түрлері өсімдіктерге тіпті
сіңбеген. Жалпы топырақтағы ылғал бірнеше түрге бөлінеді.
Химиялық байланысқан су. Бұл – топырақ минералдарының-химиялық
құрамына кіретін өте тығыз байланысқа түскен су. Сондықтан ол топырақтағы
биологиялық құбылыстарға қатыспайды.
Бу күйіндегі су – топырақ кеуектерінде судың әр түрлі температурада
булануынан пайда болатын су. Бу күйінде өсімдіктерге сіңбейді, ал тамшыға
айналған кезде өсімдіктер жақсы сіңіреді.
Гигроскопиялық су — топырақтың беткі қабаты арқылы сіндрілген молекула
күйіндегі су. Ол өсімдіктерге пайдасыз топырақпен өте тығыз байланысқан,
өйткені оны 100 градустан астам температураға дейін қыздырған кезде ғана
буға айналады.
Қызылтік суы – топырақ қылтүтіктерінде жоғарытөмен жылжып жүретін
су, оны өсімдіктер оңай сіңіре алады.
Гравитациялық су өз салмағы мен топырактың жоғарғы қабатынан төменгі
қабаттарына жылжитын сулар, өсімдіктерге оңай сіңеді. Бірақ өз салмағымен
тез жылжитындықтан, өсімдіктер оны көп пайдалана алмайды, сондықтан ол жер
асты ыза суының қорына қосылады.
Жер асты ыза суы — топырақтың, көбінесе топырақ түзуші тау
жыныстарының әр турлі терең қабатына, әдетте, су өткізбейтіы қабатына
жиналатын су. Топырақ қабатынан көп тереңдікте жатады, топыраққа және
өсетін өсімдіктерге еш әсерін тигізбейді. Кей жағдайларда, мысалы, ТМД
елдерінің батысы мен теріскейіндегі ылғал мол түсетін аудандарында, өзен
бойлары мен сағаларында және суармалы егіс алқаптарында топырақ астындағы
ыза сулар жер бетіне жақын жатып, топырақ түзуге, өсімдіктер өміріне үлкен
әсерін тигізеді, Мұндай жағдайларда көбіне шалғынды топырақтар түзіледі.
Топырақ суын ең таза су деп түсінбеу керек. Олардың құрамында әр түрлі
топырақ ерітінділері болады. Өсімдіктер қоректік заттарды осы ерітінділер
арқылы ғана сіңіреді. Сондықтан топырақ суы — оның құнарлылығының бір
негізгі шарты. Академик Г.Н.Высоцкий топырақ суының өсімдіктер үшін мақызын
айта келіп, оны адам қанымен салыстырған еді.
Топырақ ауасы. Топырақ қопсыған кеуек дене, сондықтан оның құрамында
барлық уақытта азды-көпті ауа болады. Топырақтағы ауаның мөлшері топырақтың
ылғалдылығына, тығыздылығына, өңделу жағдайларына, механикалық құрамына,
онда өсіп тұрған өсімдіктерге т.б. жағдайларға байланысты.
Егін егілетін, өңделген топырақтарда ауанық мөлшері топырақ көлемінің
20-40 процентіне тең болады. Ауаның біраз бөлігі топыраққа сіңеді, оны
сіңген ауа деп атайды. Ал ауаның қалған көп бөлігі топырақ кеуектерінің
арасында қалады. Топырақта неғұрлым су көп болса, онда соғурлым ауа мелшері
аз болады, себебі мол су ауаны топырақ құрамынан ығыстырып жібереді.
Мысалы, күріш егістерінің топырақтарында су көлдеп тұратындықтан, онда бос
ауа жоқтың қасы, керісінше, ылғалы аз, жиі қопсытылып, өңделіп тұратын
топырақтарда ауа мол болады.
Топырақ — көптеген өсімдіктер мен микроорганизмдердің тіршілік
ететін мекені. Олар тыныс алады, органикалық заттарды ыдыратып, ауаға
ұшытады. Соның нәтижесінде топырақ ауасының кұрамы атмосферадағы ауаға
карағанда өзгеше болады. Мысалы, топырақ ауасындағы көмір қышқылының
мөлшері 0,15—1,65 процент шамасында, ал атмосферадағы мөлшері небәрі 0,03
проценттей ғана болады. Топырақ ауасындағы оттегі атмосферадағы оттегіне
қарағанда анағұрлым аз.
Топырақ ауасы оны мекендеуші өсімдіктер мен микроорганизмдерге көп
әсер етеді. Топырақтағы ауаның аз-көптігіне, құрамына қарай онда әр түрлі
микрооргаинзмдер өмір сүреді. Өсімдік тамырларының тереңдеп немесе көлденең
жақсы өсуіне де топырақ ауасының дұрыс режимі қажет. Демек, топырақ
ауасының топырақ құнарлылығына әсер ететін негізгі фактордың бірі болып
табылады.

2.4 Топырақтың механикалық құрамы

Топырақтың қатты минералдық бөлігі, негізінен, әр түрлі өзгерістерге
ұшыраған топырақ құрушы аналық жыныстардан тұрады. Бұл аналық жыныстар
топырақ түзу процесінде өсімдік тіршілігіне керекті заттарға байыған,
толтырылған ортаға айналады.
Топырақтың механикалық құрамы деп, әр түрлі түйіршік бөлшектерден
тұратын топырақ көлемін айтады. Түйіршіктер көлемінің әр түрлілігіне қарай
топырақтың механикалық құрамы да әр түрлі болып келеді.
Топырақ түйіршіктері неғұрлым майда болса, топырақтар да солғұрлым
ауыр, балшықты болып келеді. Ал түйіршіктері ірілеу топырақтар жеңілдеу,
құмдақ немесе құмды болады. Егер топырақ құрамында майда түйіршіктер мен
ірілеу түйіршіктер аралас кездессе, мұндай топырақтар құмбалшықты
топырақтар деп саналады. Әдетте, топырақ майда ұнтақталған түйіршіктерден
тұратындықтан, түйіршік көлемі оның диаметрінің ұзындығымен өлшенеді, ал
диаметр ұзындығы милиметрмен есептеледі. Топырақтану саласындағы ірі ғалым,
профессор Н.А.Качинскийдін зерттеуі бойынша, топырақ құрамындағы
түйіршіктер көлеміне қарай былайша бөлінеді: диаметрі 3 мм-ден іріректері —
тастар, 1 мм-ден 3 мм-ге дейіні — ірі құм, 0,15-тен 1 мм-ге де-йн — орташа
құм, 0,25-тен 0,05 мм-ге дейіні — ұсақ құм, 0,01-ден 0,05 мм-ге дейіні —
ірілеу шаң, 0,001-ден 0,005 мм-ге дейіні — майда шаң, ал диаметрі 0,001 мм-
ден кішілеуі — тозаң.
Топырақтың механикалық құрамы топырақ түзуде, оны ауыл шаруашылығы мен
басқа да мақсаттарға пайдаланғанда зор маңыз атқарады. Топырақтың
кеуектілігі, су сыйымдылығы, ылғал өткізгіштігі, ылғалды буландыруы,
қоректі заттарды жинау мүмкіндігі, ауа мен жылу ұстау режимдері оның
механикалық құрамымен тығыз байланысты.
Құмды және құмдақ топырактардың құрылымы (структурасы) әр түрлі ірі
бөлшектерден тұрады. Ылғалды жақсы өткізеді, ауа мен жылу режимдері қолайлы
келеді, оны өңдеу өте оңай. Бірақ мұндай топырақтар қоректік заттарға,
карашірікке кедей болады, себебі олар ылғалмен жуылып кетеді. Ал балшықты
топырақтар, керісінше, ылғалды аз өткізеді, су сыйымдылығы мол, ауа режимі
нашар болады. Оны жырту да тым қиын. Дегенмен мұндай топырақтар қоректік
заттарға бай, құнарлы келеді.
Құмды және балшықты түйіршіктер аралас келетін топырақтар ауыл
шаруашылығына пайдалануға өте қолайлы болып табылады. Бұл топырақтарда
құмды және балшықты түйіршіктердің пайдалы қасиеттері үйлесімді келіп,
топырақтың ылғал, ауа режімдерін жақсартып, құнарлылығын арттырады.
Топырақтың органикалық бөлігі. Топыраққа жылма-жыл түсетін өсімдіктер
мен өлі жәндіктердің қалдықтары екі бағытта өзгеріске ұшырайды. Біріншіден,
топырақтағы микроорганизмдердің әсерінен ыдырап, шіріп жай минералды
қосылыстарға айналады. Екіншіден, осы организмдердің қалдықтары
микробтардың әрекеті мен күрделі бихимиялық өзгерістерге ұшырап, тұрақты
органикалық зат — топырақ шіріндісі (гумус) немесе қарашірік пайда болады.
Қарашірік, негізінен, көміртегінен, сутегінен, лигниннен, белокты
заттардан, азотты қосылыстардан, май мен смолалардан тұрады. Бұлардан қара
шіріктің негізгі қосылыстары — гумин, фульво мен ульмин түзіледі.
Топырақ қарашірігі — топырақтың негізгі бөлігі. Қарашіріксіз топырақ
жоқ. Әр аймақтың табиғи жағдайларына қарай топырақтағы қарашірік мөлшері
шөлді және тундра аймақтарында топырақ көлемінің тек 0,5— 1% болса, өсімдік
қалдықтарына бай, шалғынды, далалы қара топырақты аймақта 10%-ке, тіпті
кейбір таулы, шалғынды жерлерде 15—20%-ке жетеді.
Орыс оқымыстысы А.К.Тимирязевтің тілімен айтқанда, қарашірікте күн
сәулесінің бір кездегі энергиясы консервіленген күйінде сақталады.
Қарашірікте өсімдіктерге қорек болатын негізгі элементтер: азот, фосфор,
көміртегі, күкірт т.б. бар.

1 -кесте Топырақтарды механикалық құрамына карай топқа бөлу

Түіршігі 0,01 мм-ден ұсақ Топыраңтың механикалық
бөлшектер, балшық % есебімен кұрамына сәйкес атауы
80%-тен артық ауыр балшық
80—60% . орташа және жеңіл балшық
60—45% ауыр саздақ
45—30% орташа саздак
30—20% жеңіл саздақ
20—10% құмдақ
10—5% біріккен құм
5%-тен төмен борпылдақ кұм

Топырақтағы микробиологиялық процестердің нәтижесінде карашірік құрамындағы
мұндай элементтер ыдырайды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ және оның құнарлығы туралы ұғым
Топырақты қорғау жолдары
Қазақстан топырақтары туралы
Топырақта органикалық заттардың жиналуы
Қазақстан топырақтары
Абай оқыған шығыс шайырлары
Іле экологиясы
Ғұмар Қараш өлеңдеріндегі ой-таным
Қазақтың жыр дүлдүлі Қашаған
Автомобиль жолдарын жобалау
Пәндер