Трансферттік бағаны қалыптастыру әдістері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

II.Негізгі бөлім

2.1 Трансферттік баға туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

2.2 Трансферттік бағаны қалыптастыру
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... . 10

2.3 Трансферттік баға туралы
заң ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17

III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .. 25

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 27

I. Кіріспе
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикасының дамуы аралық өнім ,
қызмет өндіруші бөлімшелердің арасында, кәсіпорын ішінде жаңа экономикалық
қатынастардың пайда болуын ықпалын тигізді. Өндірісті шоғырландыру, әдетте,
оның мамандануы қатар жүреді, мағынасы – бір бөлімшенің дайындаған өнімін
басқа бөлімшенің бір заңды тұлғасына табыстауды ұйғарады, яғни трансферттік
мәміле орын алады.
Трансферттік баға туралы пікір таластыру бұрыннан бар, әйтсе де әзірге
оның нәтижесі айтарлықтай емес. Қорғаушылар тарапынан да, қарсыласушы
жақтан да трансферттік бағаны пайдалану жөнінде дәйекті дәлелдемелер
айтылды.
Трансферттік баға – халықаралық бірігулер, фирмалар компаниялар мен
ұлтаралық корпорациялар, оның ішінде әр түрлі елдер мен аймақтарда
орналасқан олардың бөлімшелері арасында, аясында тауар мен қызметті
жабдықтау есебінде қолданылатын бағалардың әр түрлілігі. Трансферттік
бағаны қолдану жартылай дайындалған өнімдермен, тораптармен, жиынтықтаушы
бұйымдардың бөлшектермен және т.б. жабдықтау саласында болады. Әдеттегінше,
шетелдік фирмалардың тәжірибесінде трансферттік баға коммерциялық құпияның
мәні болып табылады.
Экономикалық сөздікте трансферттік баға тауарлар мен қызметтерді өзара
айырбастауда қолданылатын баға, яғни ішкі фирмалық баға ретінде баяндалады.

Қазір көптеген компаниялар өз құндарын басқарудың арттыру жолдарын
қарастырып келеді. Бұл мақсат жиі мағлұм етілмесе де, пайдалылықтың ішкі
нормасы арқылы болатын тиімділік есебі мен таза ақшалай ағынды анықтауға
негізделген барлық инвестиция есебі құнның өсуі әрең дегенде бірінші
дәрежелі болмайтын мәнге ие. Бұл сөзімізді "Шелл", "ЛУКОЙЛ", "ЮКОС" сияқты
компанияларының мотивациялары (уәждемесі) растайды.
Нарықтық экономикада трансферттік баға белгілеу жекелеген құрылымдық
ұйымдарға белгілеу жекелеген құрылымдық ұйымдарға белгілі бір шаруашылық
және қаржылық дербестік табысталатын кәсіпорынды басқарудың
орталықсыздандырылған құрылымына тән. Компанияның жоғары басшылығы ішкі
және сыртқы баға белгілеуде бөлімшелерге қандай деңгейде еркіндік беруді
шешуі керек, яғни табыс табуына мүмкіндік тудырып, экономикалық жағынан
пайдасы тиетін жабдықтаушылар мен тұтынушыларды өз еріктерімен таңдауына
құқық береді. Мұнда мұндай орталықтың менеджері өзі бақылайтын кірістер мен
шығыстарға ғана жауап береді.

II. Негізгі бөлім
2.1 Трансферттік баға туралы түсінік.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикасының дамуы аралық өнім,
қызмет өндіруші бөлімшелердің арасында, кәсіпорын ішінде жаңа экономикалық
қатынастардың пайда болуын ықпалын тигізді. Өндірісті шоғырландыру, әдетте,
оның мамандануы қатар жүреді, мағынасы – бір бөлімшенің дайындаған өнімін
басқа бөлімшенің бір заңды тұлғасына табыстауды ұйғарады, яғни трансферттік
мәміле орын алады.
Трансферттік мәміле – сыртқы сауда операцияларын қатысушылардың
келісімшартымен тауарды немесе валютаны өзара айырбастауын қарастыратын әр
түрлі коммерциялық мәмілелер. Валюталық және тауарлық валютаны бөліп
қарастырған жөн.
Валюталық трансфертте коммерциялық банктер, мысалы, биржалықтан өзгеше
бағамы бойынша әр түрлі валюталарымен соманы айырбастау туралы келісімге
келеді. Тауарлық трансфертте келісімшарт трансферттік баға бойынша
контрагенттер арасында тікелей тауар жүзеге асырылады.
Сатып алу – сату қатынасы ішкі фирмалық байланысқа еніп, трансферттік
бағалар оларды өткізудің механизмі болып табылады.
Экономикалық сөздікте трансферттік баға тауарлар мен қызметтерді өзара
айырбастауда қолданылатын баға, яғни ішкі фирмалық баға ретінде баяндалады.

Трансферттік баға – халықаралық бірігулер, фирмалар компаниялар мен
ұлтаралық корпорациялар, оның ішінде әр түрлі елдер мен аймақтарда
орналасқан олардың бөлімшелері арасында, аясында тауар мен қызметті
жабдықтау есебінде қолданылатын бағалардың әр түрлілігі. Трансферттік
бағаны қолдану жартылай дайындалған өнімдермен, тораптармен, жиынтықтаушы
бұйымдардың бөлшектермен және т.б. жабдықтау саласында болады. Әдеттегіше,
шетелдік фирмалардың тәжірибесінде трансферттік баға коммерциялық құпияның
мәні болып табылады.
Анықтамасында нақтылай айтылмаса да, трансферттік баға нарықтық бағадан
біршама ерекшеленетін аңғартады.
Егер айырмашылық болмаған болса және барлық мәміле нарықтық бағамен
жүзеге асырылса, онда трансферттік баға ұғымын енгізуді қажеттілігі мәселе
күйінде қалар еді.
Жоғарыда талқыға салынғандардың деректері трансферт орын алатын барлық
спектрлердің экономикалық қатынасын қамти алмайды.
Мәселен, мұнай өңдеу заводы холдингтің бір мүшесінен нарықтағыдан басқа
баға бойынша мұнай алды делік. Бұл жағдай жоғарыда баяндалғандарға толық
үндеседі. Екінші жағынан, сол мұнайға нарықта қабылданған бір айлық төлем
ақшасы жабдықтаушыға, мысалы, үш айдан кейін түскенде трансферттің орны
бола ма? Бір айға тиесілінің орнына ақша дереу аударылатын кері жағдай да
болуы ықтимал. Бұл жағдай жоғарыдағы анықтамаға келе бермейді.
Басқа мысал, холдинг құрамында кіретін банк сол холдингтің компаниясына
басқа қарыз алушыларға қарағанда әлдеқайда жеңілдіктермен кредит берсе,
мұнда да трансферттік баға белгілеу толық сақтала бермейді.
Соңғы мысалда әңгімеміз трансферттік баға емес, одан гөрі әлдеқайда кең
ұғымды қамтитын трансферттік баға белгілеу туралы болғаны кездейсоқ емес.
Трансферттік баға туралы айтқанда, трансферттік баға белгілеу ойымызда
тұрады.
Нарықтық экономикада трансферттік баға белгілеу жекелеген құрылымдық
ұйымдарға белгілеу жекелеген құрылымдық ұйымдарға белгілі бір шаруашылық
және қаржылық дербестік табысталатын кәсіпорынды басқарудың
орталықсыздандырылған кұрылымына тән. Компанияның жоғары басшылығы ішкі
және сыртқы баға белгілеуде бөлімшелерге қандай деңгейде еркіндік беруді
шешуі керек, яғни табыс табуына мүмкіндік тудырып, экономикалық жағынан
пайдасы тиетін жабдықтаушылар мен тұтынушыларды өз еріктерімен тандауына
құқық береді. Мұнда мұндай орталықтың менеджері өзі бақылайтын кірістер мен
шығыстарға ғана жауап береді.
Трансферттік баға белгілеу - бұл бір заңды тұлғаның бөлімшелеріне ішкі
есеп айырысудың бағасын белгілеу процесі.
Трансферттік баға белгілеудің ауқымды спектрін жете ұғыну үшін
трансферттік мәмілелердің нәтижесінде төлемдер (дивиденттер, салықтар,
проценттер және т.б.) түсетін аса ірі компаниялар мен холдингтердің болуына
мүдделілік танытатын қатысушыларды қарастырайық. Олардың қатарына:
кредиторлар, қарыз алушылар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, мемлекет,
менеджерлер, қызметкерлер және меншік иелері кіреді.
Қатысушы және меншік иесі ұғымдарын ажыратып алғанымыз жөн. Кез
келген меншік иесі қатысушы болып табылады, ал кез келген қатысушы меншік
иесі бола бермеуі мүмкін. Әрбір мүдделі тарап жоғарыда аталған
қатысушылардың тиісті тобына кіреді, әйтпесе бірнеше топқа да енеді.
Компания мен катысушының арасындағы қатынаста трансферттік баға
қолданылады, яғни мәміледегі тараптардың бір жағы өзіне артықшылықтарды
қалдырып, екіншісіне экономикалық жағынан тиімсіз шарттар қоюы мүмкін.
Мысалы, монополист болып табылатын Газпром (газ өнеркәсібі) "құбырға
рұқсат етуді" егер бәсекелесі болатын болса, басқа компанияға пайдасын
азайтатын шарттармен жібереді. Осылайша басқа газбен жабдықтаушылармен
Газпромның қатынасында трансферттік баға белгілеу болады.
Трансферттік баға белгілеу бөлімшелердің арасындағы қызметтерді немесе
бұйымды қабылдау - тапсыру фактісін нақты тіркеуді керек етеді.
Трансферттік баға белгілеудің негізінде ұйымдарға мүмкін болғанша ең
жоғары шамадағы маржиналдық табысты (пайданы) қамтамасыз ететін, ұтымды боп
саналатын трансферттік бағаға сәйкес принцип жатады.
Егер бөлімшенің өнімі (кызметі) кәсіпорын ішінде толықтай тұтынылатын
болса, онда трансферттік бағанын шамасы тұтас ұйымның қаржылық жағдайына
әсерін тигізбейтін таза есептік болады. Мәселен ұйымдағы әр бөлімнің қызмет
нәтижесі дұрыс өлшеніп, бағаланатындай жасалатын есеп беру бойынша әділ
баға белгілеуде жатыр. Мұндай трансферттік бағаға қажеттілік негізгі
бөлімшелер қызметінің есебінде оқшаулануы қажет барлық аса ірі ұйымдарда
пайда болады, ал мұндай трансферттік бағаның есептеу әдісі бізге жаңалық
емес - негізінде нормативтік өзіндік құн жатады, сондай-ақ нормативтік
пайда пайдаланылуы мүмкін.
Бөлімшенің сыртқы сатып алушыға өз өнімін дербес (өз бетінше) шығаруға
құқы бар, өткізудің көлемі мен бағасын дербес анықтайтын жағдайда
трансферттік бағаны қолдану бұл терминнің табиғаты мен мазмұнына мүлдем
басқаша көзбен қарауға мәжбүрлейді.
Ішкі бағаны талдаудың бұл аспектісі біздің теориямыз бен тәжірибемізде
принцип тұрғысынан жаңа болып табылады.
Осы заманға жағдайда тұтас ұйымды тиімді функциялау оның барлық қозғалу
жолындағы бүкіл кұндылықтың қалай сақталатынына байланысты. Оның үстіне,
оның қозғалатын әр учаскесіне - әрбір жауапты орталықтарға қосылатын
кұндылықтардың құнын жиі есептеу керек.
Фирма ішіндегі экономикалық қатынаста қолданылатын трансферттік баға
құрылымдық бөлімшелердің басшыларын дұрыс басқарушылық шешім қабылдауға
мүдделі етуі қажет және олардың шешім қабылдауы үшін ақпарат негізі болып
табылады. Фирмадағы жеке бөлімшелердің пайдасын арттыру үшін қабылданатын
әрекет тұтас компанияның пайдасын да арттыруға ықпалын тигізуі керек.
Трансферттік бағаның негізінде есептелетін пайда ішкі фирмалық
бөлімшелерді басқару деңгейінің (сапасының) көрсеткіші болып табылады.
Трансферттік баға құрылымдық бөлімшелердің белгілі бір дербестігін
қамтамасыз етіп, басқарушылық шешімді қабылдауда басшыларға үлкен автономия
(дербестік) береді.
Тәжірибеде трансферттік баға есебінің төрт әдісі қолданылады:
нарықтық бағаның негізінде;
"шығын плюс" принципі бойынша толық, өзгермелі (маржиналдык) шығындар
негізінде;
нарықтық коньюктураның ықпалымен қалыптасқан келісімшарттық трансферттік
бағаның және өнім өндірудің немесе қызмет көрсетудің шығындары негізінде;
дисконттау операциясы.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірінші әдіс кең тараған. Нарықтық
бағаның артықшылығы оның объективтілігінде және трансферттік баға бөлімше
менеджерлерінің өзара қатынасы мен біліктілігіне байланысты болмайды. Бұл
әдіс бөлімшелер (жауапты орталықтар) ішкі және сыртқы сатып алушылар мен
сатушыларды таңдауда ерікті болатын ұйымның жоғары дәрежеде
орталықсыздандырылған жағдайда қолданылады.
Алайда оны пайдаланудың ез шектеулері бар: жекелеген бөлімшелер өндіретін
өнімдер мен қызметтің дамыған нарығы бар болуы қажет. Оған қоса, фирма
белгілі бір өнімдегі нарықтық баға деңгейі туралы (маркетингтік зерттеу)
ақпаратты алу бойынша қосымша шығарады.
Трансферттік баға белгілеудің әрдайым екі жағы болады: өз өнімін немесе
қызметін табыстаушы бөлімше және тұтыну немесе қайта өндеуге және т.б. осы
өнімдер мен қызметті кабылдаушы бөлімше.

2.2 Трансферттік бағаны қалыптастыру әдістері.

Тұтас ұйымдар мен бөлімшелердің мүдделік баланстары қолдау табуы үшін
құрылымдық бөлімшелердің арасындағы өзара қарым-қатынас иеленуші-
директордың бақылауында болуы керек. Нарық негізінде трансферттік бағаны
қалыптастыру барысында екі тарапқа да сыртқы сатып алушылар мем
сатушылармен өзара қарым-қатынас жасауына құқық беріледі. Бұл арада олардың
арасында мына шарттар сақталуы керек:
өнімді немесе қызметті сатып алушы бөлімше сатушы бөлімшенің нарық бағасын
көтергеніне оны фирманың ішінен сатып алуы керек;
егер сатушы бөлімше нарық бағасын өсіретін болса, онда өнімді сатып алушы
оны басқа фирмадан, яғни басқа жақтан сатып алуына болады.
Егер нарықтық трансферттік бағаны белгілеу шарттарының қандай да бірі
орындауға келмейтін болса, онда трансферттік бағаны қалыптастырудың екінші
әдісі - шығын негізінде қолданылады. Мұнда әр қилы нұсқалар болады.
ТБ негізіне мыналар қалануы мүмкін:
толық (жалпы) нақты шығындар;
нормативтік шығындар:
өзгермелі (маржиналдық) шығындар.
Кез келген жағдайда трансферттік баға "шығын плюс" (издержки плюс)
формуласы бойынша есептеледі, яғни тапсырушы бөлімшенің өніміндегі
трансферттік бағаға осы бөлімшенің пайдасындағы процент мөлшері түрінде
тіркелген тандап алынған шығын плюс көрсеткіші кепілге салынады.
Мысалы, трансферттік баға тапсырушы бөлімшенің бұйым бірлігіндегі "орташа
өзгермелі шығынның 150% немесе орташа жалпы шығынның 110%" формуласы
бойынша есептелуі мүмкін.
Бірінші нұсқаның артықшылығы - объективтілігі және есептін анық болуы.
Осы әдіспен есептелген баға сауатты басқарушылық шешімді қабылдауға ықпал
ететін нарықтық бағаға жақын, алайда оның да кемшіліктері бар.
Біріншіден, тапсырушы жауапты орталық өзінің нақты шығынын кемітуге
мүдделі емес, өйткені трансферттік баға тек шығынның орнын толтырып қана
коймай, белгіленген арзандаулар сомасынан асып түседі деп ойлайды.
Екіншіден, толық өзіндік құнның негізінде есептелген трансферттік баға
бойынша тапсырушы жауапты орталықтардың жұмыс тиімділігінің дәрежесіне
қарай бағалауға, осыған сәйкес, оны бақылауға болмайды. Тұрақты шығын нақты
көріністі көмескілендіріп жібереді.
М ы с а л ы , "толық шығынның 110%" есеп формуласы бойынша трансферттік
бағаны белгілеудің нұсқасын қарастырайық. Есептік кезеңге 2500 бірлікте
өнім өндіріледі. Өндіріс қуаты 100 жеткізіліп Орташа өзгермелі шығын 22
теңге. Жалпы шығын 150000 теңге, толық шығын негізіндегі трансферттік
бағаның құрмын анықтау
150 000 : 2500 = 60 теңге ТЦ = 60 • 1.1=66 теңге.
Үшіншіден, трансферттік баға белгілеу жүйесі әр түрлі денгейдегі
менеджерлердің мақсаттары тұтас фирманын міндеттерімен ұштасқанда ғана
тиімді. Алайда толық өзіндік құн негізінде есептелген трансферттік баға
бойынша кәсіпорын ішіндегі бөлімшелермен бұйымды сатып алу позициясы
тұрғысынан нарықтық бағаға қарағанда пайдалы. Трансферттік баға ретінде
нарықтық бағаны пайдаланатын жауапты орталықтардың көзқарасы тұрғысынан
толық шығын негізінде анықталған бағаға қарағанда ол (трансферттік баға
ретінде болатын нарықтық баға) үлкен пайда әкеледі.
Аталған кемшіліктер нормативтік шығын негізіндегі трансферттік баға
есебімен жойылады. Бұл жағдайда мәні бойынша нормативтік трансферттік баға
есептеледі. Нормативті ден нақты трансферттік бағаның асып түсуі жауапты
орталықтар жұмысының залалды екенін, ал кері мағынасында - тиімділігін
білдіреді.
Алайда шығындарды нормалау барлық өндірістерге және барлық экономикалық
жағдайларда қолайлы бола бермейді. Мысалы, аса жоғары деңгейдегі тапшылықта
бұл процестің мағынасы мүлдем жоқ. Жеке және ұсақ сериясы өндіріс
жағдайында нормалау мақсатқа лайықты болмайды.
Трансферттік баға ақпараты "директ-костинг" жүйесінде шоғырланатын
өзгермелі (маржиналдық) шығындар негізінде есептелуі мүмкін. Бұл арада
жауапты орталықтардың тұрақты шығындарының орны ұйым түсімдерімен
толтырылады. Трансферттік баға есебінің бұл нұсқасы өндіру көлемі мен
өткізу бағасын оңтайлы ұштастырудың мүмкіндігін табуды қамтамасыз ететін
тұтас кәсіпорынға да, оның жекелеген құрылымдық бөлімшелеріне де ұтымды
баға саясатын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Оның үстіне, трансферттік баға белгілеудің мұндай тәсілдемесі жауапты
орталықтар қызметін талдауға және бақылауға мүмкіндік тудырады. Өзіміздің
мысалымызды қарастырайық.
М ы с а л ы. Өзгермелі шығын негізінде есептелетін трансферттік баға
былайша анықталады: 22 теңге • 1,5 = 33 теңге. Алайда, мұндай жағдайдағы
трансферттік баға тұрақты шығынның орнын толтырмайды және жауапты
орталықтардың тапқан табысын есептеуге мүмкіндік бермейді. Әлбетте, мұндай
бөлімше басшыларының жұмыс тиімділігінің деңгейін кіріс пен шығыс
көрсеткіштерін пайдаланып бағалауды жүзеге асыру мүмкін болмайды. Бұл, өз
кезегінде. шығындарды кемітуге келгенде менеджердің ынтасын төмендететінін
білдіреді.
Компания бөлімшелерге ұқсас аралық тауар нарығы болмаған кезде келісім
шарттық трансферттік бағаның есебін ұйғаратын трансферттік баға белгілеудің
үшінші әдісі жиі қолданылады. Мұндағы формула былай:
Орташа өзгермелі +
mini і.иі
Сыртқы сатудан бас тартудың
Трансферттік баға
нәтижесінде сату бөлімшесінің
жоғалтқан маржиналдық
табысы.
Бұл әмбебап формула әрі өндіріс қуаты толық қосылса да. толық қосылмаса
да қолдануға келеді.
Болып қалуы мүмкін бір жағдай үшін жалпы басқарудың көмегімен келісім
шарттық трансферттік баға есебінің мысалын қарастырайық.
М ы с а л . Цехтың өндіріс қуаты 2500 бұйым бірлігін құрайды. оның 2300
бірлігі тараптарға бірлігі 88 теңге тұратын бағамен өткізілді делік. Тарап
тапсырысының орташа өзгермелі шығыны 33 теңгеге тең. Ол ішкі тапсырысты
орындау бойынша орташа өзгермелі шығыннан жоғары (22 теңге).
Басшылықтың нұсқауымен цех есептік трансферттік бағада 66 теңге бойынша
кәсіпорын ішінде 2000 бірлікті өткізеді. Қалған өндіріс қуаты тараптардың
тапсырысын орындау үшін қосылады.
№1 цех бірліктің 57 теңге бағасы бойынша бұйымды сырттан жабдықтаушыны
табуы мүмкін.
Осы деректерді және 1 мен 2 жауапты орталықтар арасында белгіленген
келісім шарттық трансферттік баға есебінің формуласын пайдаланамыз:
1. №2 цехтың сыртқы сатудан түскен орташа маржиналдық
табыстың құрағаны:
88 - 33 = 55 теңге.
2. №2 цехтың ішкі тапсырыстарды орындаудың қажеттілігіне
орай бас тартуына тура келетін сыртқы сату көлемі:
2300-500= 1800 бірлік.
3. Сыртқы сатудан бас тартуына байланысты №2 цехтың жіберіп
алған маржиналдық табыстың мөлшері,
55*1800 = 99 000теңге.
4. Қолдан жіберіп алған пайданың өтемақысы үшін цехқа
қажетті бұйым бірлігінің маржиналдық табысы:
99 000 : 2000 = 49,5 теңге.
5. ТБ мынаған тең: орташа өзгермелі шығын плюс сыртқы сатудан бас
тартудың нәтижесінде сату бөлімшесі жоғалтқан орташа маржиналдық табыс: 22
+ 49,5 = 71,5 теңге.
Алынған нәтижелерді трансферттік бағаның шығын есебімен салыстырамыз (66
руб.). Сыртқы сатудан бас тартудың және келісім шарттық трансферттік бағаны
емес, шығындықты қолданудың нәтижесінде жоғалған цехтық маржиналдық табысы:
(71.5 - 66) • 2000 = 11 000 теңге.
Бұл арада №1 цех бұйымды бірліктің 57 теңге бағасы (белгіленгеннен төмен)
бойынша тараптан сатып алуына болады. Бұл жағдайда есептік трансферттік
бағаны емес, нарықтық бағаны қолдану арқылы №1 цех (сондай-ақ тұтас
кәсіпорын да) мына мөлшерде қосымша үнемдер еді: (66 - 57)*2000 = 18 000
теңге.
Өзгермелі шығын негізіндегі трансферттік баға пайдаланылатын бірқатар
жағдайларда кәсіпорынның жиынтық пайдасын жоғарылатуға болады. Алайда, бұл
тек сатушы жауапты орталықтар сыртқы нарыққа өз еркімен, яғни дербес шыға
алатындай кұқыққа ие болғанда ғана жүзеге асады.
Кәсіпорын өзінің трансферттік баға белгілеу саясатында келіссөздер мен
төрелік рәсімдердің уақытын барынша қысқартып, жеткіліксіз оңтайландырудың
аз тәуекелділігімен (яғни, қатерді барынша азайтып) объективтілікке,
нақтылыққа әділ болуға ұмтылу арқылы тараптардың мүддесімен санасады. Олар
да бағаның әрбір пайда орталығының "шынайы" экономикасын бейнелейтін
табысқа әкелуіне мүдделі. Мысалы, егер А қоймасы Б бөлімшесінің өнімдерін
ұдайы сатуды жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Трансферттік баға
Баға белгілеу және бағалар жүйесі
Баға және баға жасау жайлы мәлімет
Баға, баға белгілеу және баға жасау
Өндірістік шығындардың есебін ұйымдастыру
Баскару есебіндегі шьғындардың жіктелуі
Баға және баға жасау
Кәсіпорынның шығыны және оның формалары
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіш
Баға нарық категориясы ретінде
Пәндер