Түйсіктің жалпы заңдылықтары
Мазмұны.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..3 – 4 бет
I
Бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .5-15бет
I.1. Түйсіктің физиологиялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...5-6бет
I.2.Түйсік түрлері және оларды топтастырып жіктеу ... ... ... ... .7-15бет
ІІ

... ... ... ...16-23бет
II.1.Түйсіктің жалпы
заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16-20бет
II.2.Өзіңді – өзің танысаң – істің басы.
Тренинг ... ... ... ... ... ... ... 21бет
II.3.Өзіңді – өзің бағалау деңгейі.
Тест ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22-23бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .24-25бет
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6бет
Кіріспе
Біз енді танымдық психикалық процестерді қарастыруды бастап, олардың
ішіндегі ең қарапайымы түйсіктерге тоқталамыз. Түйсік процесі сезім
мүшелеріне тітіркендіргіштер деп аталатын әр түрлі материалдық факторлардың
әсер етуі салдарынан пайда болады. Ал осы әсер ету процесі тітіркену деп
аталады. Тітіркенудің өзі басқа орталыққа бағытталған немесе афференттік
жүйкелер арқылы бас ми қыртысына өтіп, түйсікті-тудыратын қозу процесін
тудырады. Осылайша түйсік объективтік ақиқатты сезімдік бейнелендіру
болып табылады. Олар сананың сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етіп
объективті дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттерін бейнелейді.
Түйсік- бұл материалдық дүние заттары мен құбылыстарының, сондай-ақ
организмнің ішкі күйлерінің жеке қасиеттерін бейнелеуде көрінетін қарапайым
психикалық процесс. Бүл процесс материалдық тітіркендіргіштердің сәйкес
рецепторларға тікелей әсері нәтижесінде жүзеге асады.
Рецептор - бұл дененің үстінде немесе оның ішінде орналасатын және
табиғаты жағынан әр түрлі тітіркендіргіштерді физикалық, химиялық,
механикалық және т.б. қабылдауға және оларды жүйкелік электр импульстеріне
түрлендіруге арналған арнайы органикалық қүрылғы.
Мүшелері — сыртқы дүниені адам санасына жеткізетін каналдар. Сезім
мүшелері адамның сыртқы ортада жөне өз ішкі күйінде багдарлай алуына
мүмкіндік береді.
Адамда қоршаған дүниеден акпаратты алу тепе-тендікте немесе баланста
болуы қажет. Ақпаратгық баланысқа қарсы ақпараттық салмақ түсу мен
ақгараттық жетіспеушілік (сенсорлық изоляция) сияқты құбылыстар кездеседі.
Бұл екі келеңсіз жағдайлар организмнің күрделі функционалдық бұзылысьна
альш келеді.
Сенсорлык, изоляция дегеніміз - адамның ұзақ уақыттық, толық немесе
жартылай сенсорлық әсерлерден айрылуы.
Түйсік - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын
хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс, осы процестің арқасында біз
ортаны бағдарлап, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз. Түйсік
себепсіз тумайды. Біз түйсік арқылы заттың формасын, түсін, көлемін
білеміз. Қолымызбен қозғап, заттың салмағын білеміз. Түйсік арқылы болмаса,
біз басқа жолмен заттың ешқандай формалары туралы да, қозғалыстың формалары
туралы да біле алмаймыз. Түйсік таным процестеріне жатады, өйткені адам
таным процесі арқылы дүниені таниды. Түйсік басқа психикалық процестерге
қабылдауға, есте сақтауға, ойлауға, қиялға материал береді. Адам дүниені ең
алдымен өзінің сезім мүшелері арқылы ғана түйсінеді. Заттар мен құбылыстар
адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер тигізбесе түйсіну де пайда болмайды.
Түйсіну арқылы адам өзінің дене мүшелерінің қимылын, аштырын я тоңтығын,
ішкі дене мүшелерінің ауырғанын тағы осы сияқты әсерлерді де сезеді.
Түйсіну біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады.
Хайуандар да түйсінеді. Бірақ адам мен хайуанаттардың түйсінулерінің
арасында үлкен айырмашылық бар. Хайуанаттардың психикалық әрекеттері де
сыртқы дүниенің сәулелері болып табылады. Бірақ, олардың дүниені
сәулелендіру айналасындағы қоршаумен тек биологиялың байланысын ғана
сәулелендіреді, екіншіден, олардың сезім мүшелерінің сезгіштігі шектеулі
болады. Адамның дүниені тануы сезім мүшелері табиғи заттарды түйсінумен
ғана тынбайды, сонымен бірге ол өз еңбегімен жасап шығаратын заттарды да
түйсініп отырады. Адамның дүниені тануы хайуанаттардай жалғыз ғана, оның
сезім мүшелері биологиялық құбылыстары мен олардың құрал-саймандар арқылы,
жай сезім мүшелерімен түйсіне алмайтын заттарды да түйсіне алады. Мәселен,
бүркіттің көзі ңаншалыңты үлкен болғанымен заттардың белгілерін айыруға
келгенде ол адамның көргенінің көбін көре алмайды. Иттің иіскеу сезімі
қаншалықты күшті болғанымен ол адам ажырататын иістердің мәнін ажырата
алады.
І. 1. Түйсіктің физиологиялық негіздері.
Түйсіктің табиғи-физиологиялық негізі организмнің арнаулы жүйкелік
механизмі-талдағыштар арқылы іске асады. Кибернетика ғылымының анықтауынша,
адам өзін-өзі басқаратын аса күрделі жүйе болып саналады. Ал талдағыштарды
сол жүйенің негізгі хабарлау кызметін атқаратын мүшелері деуге болады. Адам
организмі сол талдағыштардан. келіп жатқан сигналдардың, ыңғайына сәйкес
орталық жүйке жүйесіндегі функцияларын реттеп, бірде жада әсер тудырып,
бірде бұрыннан өтіп жатқан әрекеттің барысына өзгеріс кіргізіп, оны
түзетеді, бағыт береді. Сөйтіп, ми қабығында үздіксіз өтіп жататын күрделі
кызметі: талдағыштар арқылы жүзеге асып отыратын кері байланысқа сүйенеді.
Талдағыштар үш бөліктен құралады: а) шеткі (перифериялық) орган — бұл сезім
мүшелері, рецепторлар деп аталады; ә) өткізгіш бөлім — рецепторларды тиісті
орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік жолдар;
б) мидағы орталықтар.
Бірінші бөлік — рецепторлар — түрліше құрылған жүйкелік аппараттар.
Олардың атқаратын қызметі-сырттан келген физикалық, химиялық
тітіркендіргіштердің күшін жүйкелік қозуға айналдыру. Талдағыштардың бұл
сатысында әсерді тек қарапайым түрде ғана талдау іске асырылады. Екінші
бөлік — өткізгіш-бөлім — сыртқы қуаттың сезімтал жүйке талшықтарының
ұшында қозуын екі жолмен жоғарғы және төмен бағытқа жайып отырады.
Орталықтар төбедегі талшықтар арқылы мидағы қозу толқынынын екінші жолмен
әр түрлі органдарға жеткізеді. Жүйке талшықтарының бойымен қозу бір
секунтта 120 метрдей жылдамдықпен жетіп жатады. Үшінші бөлік — мидағы
орталықтар. Бұл — талдағыштардың негізгі бөлімі. Жүйке жүйесіндегі басқа
бөлімдер клеткаларының құрылысымен салыстырғанда осы орталықтағы клеткалар
құрылысы әлдеқайда ерекше әрі күрделірек. Организмнің тиісті ортаға,
жағдайға икемделіп әсерленуін дәлірек қамтамасыз етіп, нәзік талдау жасай
алатын мүше — мидағы осы орталықтар.
Функциялардың динамикалық орналасуы мидың бір жерінде бұлжымай қалған
алқап емес, олар күрделі түрде бір-бірімен қарым-қатынаста өзара тығыз
байланыста болады. Ортаның әсері мен талабына орай ми алаптары бірінің
орнын бірі басып отыруға, сөйтіп, бір нейрондардың қызметін екіншілері
атқаруға қабілетті екендігін көрсетеді. Ми қабығынын мұндай қызметі
психология ғылымында компенсаторлық әрекет деп аталады.
Түйсік жайында түрлі бағдар ұстанған бірқатар философтар мен психологтар
адам түйсігі заттардың объективтік қасиеттерін бейнелемейді, олар тек осы
заттардың әсерлерін сезім мүшелерінде пайда болатын өзгерістерді ғана
бейнелейді деген қате пікірлерді уағыздайды.Түйсікке қатысты А.Беркли, Юм
Макс түйсік дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттеріне байланысты
емес, ол түгелдей сезім мүшелерінің өздерінің жұмыс істеу қасиеттерден
белгіленетін болады дейді. Осы тұрғыдан келгенде, түйсік сыртқы дүниедегі
заттардың , қайдағы бір шартты белгіле, символдар болып шығады. Түйсіктің
мән-жайын мұндай түсінік бойынша айқын түсіндіру өте қиын.
XIX ғасырдык басында түйсікті идеалистік тұрғыдан түсіндіруге тырысқан И.
Миллер сезім мүшелерінің ерекше энергиясы деген заң шығарып, әр сезім
мүшесі кез-келген тітіркендіргішке осы мүшеде бар энергия арқылы жауап
береді дейді. Ол түйсік зат пен тітіркендіргіш қасиетін бейнелемейді, бұл —
сезім мүшесіне тәк энергияның еркіндік алу нәтижесі және соған ғана тәуелді
болады деген қорытынды жасайды. Миллердің мұндай тұжырымы физиологиялык,
идеализм деген атқа ие болып, ол философиялық идеализмнің түйсік
организмді сыртқы дүниемен байланыстырмайды., қайта тірі организмді
қсршаған ортадан бөлентін қабырға болып саналады деген қате тезисіне сай
келді.Мұндай көзқарастардың шындыққа жанаспайтындығын В. И. Ленин
материалистік ілім түрғысынан дәлелдеп, сынға алды. Адам түйсігінің ерекше
дамуына еңбек пен тарихи-әлеуметтік жағдайлар, екінші сигнал жүйесінің
шығуы (дыбысты анық тіл) күшті ықпал еткендігі, адамның, сыртқы бес сезім
мүшесінін, жетілуі бүкіл әлемдік тарихи дамудың жемісі екені ақиқат.
І. 2. Түйсіктің түрлері және оларды топтастырып жіктеу.
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты көру түйсігі, есту түйсігі, дәм
түйсігі, иіскеу түйсігі, тері түйсігі, кинестетикалык, вибрациялық және
органикалық түйсіктер болып бірнеше түрге бөлінеді. Ерте кезден бастап
адамның сыртқы бес сезім мүшесіне орай көру, есту, сипау, иіс және дәм
түйсіктерін ажыратқан. Қазіргі кезде сыртқы және ішкі ортаны рецепторда
бейнелейтін 20-дан астам түрлі талдағыштар бар деп саналады. Түйсіктер
бірнеше топша жіктеледі. Тітіркендіргіштер мен рецепторлардың жанасуына
сәйкес не олардың жанасуына орай дистанттық және түйісу рецепторлары болып
бөлінеді. Олар жақын ортаға бағдарлануды қамтамасыз етеді. Дәм сезу,
ауырсыну, тактильдік (сипау) түйсіктері түйісу рецепциясына жгтады.
Орналасуы мен тітіркендіргіштерді қайдан алатынына қарай рецепторларды үш
топқа бөлуге болады: экстерорецептор (көру, есту, тактильдік т. б.);
проприорецептор (бұлшық ет, сіңірден шығатын түйсіктер) және
интерорецепторлар (аштықты, шөлдегенді түйсіну) болып бөлінеді. Организмнің
сыртында орналасқан көз, құлақ, мұрын, тіл, тері мүшелері —
экстерорецепторлар. Бұл рецепторлар арқылы адам өз денесінің сыртында
тұрған заттар мен құбылыстардын сипаттарын бейнелейді. Бұлшық еттерде,
тарамыс пен сіңірлерде орналасқан сезім мүшелерін проприорецептор деп
атайды. Бұл рецепторлар арқылы адамның қимылдау (кинестетикалық) түйсіктері
мен тепе-теңдік (статикалық) түйсіктері сезіледі. Дененің ішінде (қарында,
ішекте, өкпеде) орналасқан сезім мүшелерін интерорецептор деп атайды. Бүл
рецепторлар арқылы ішкі мүшделерімізде ас қорыту, қан айналысы, тыныс алу
сынды басқа да қандай процестер болып жатқаны жайында хабар алып отырамыз.,
Адамның ішкі мүшелерінде туатын осындай түйсіктерді органикалық түйсіктер
деп те атайды.
Жануарлар -дүниесінің эволюциялық даму процесінде сезгіштіктің көне
түрлері (ауырғанды сезіну), жаңа түрлері (тактильдік түйсіну, дистанттық
түйсіну т. б.) деп бөлінуі жалпы түйсікті бірнеше негіздерге сүйене отырып
топтастырып, жіктеп, өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттерін барынша ашып
керсетудің жолы мен тәсілдері болып саналады.
Көру түйсігі. Дүние тануда көру түйсігінің маңызы зор, Зерттеу
нәтижелерінің адамға әсері жеті спектрлі түсті және соның негізінде 10 000-
нан аса реңкті ажырата алатыңдығы анықталған. Бұдан біз көру түйсігінің
ересі мен диапазонының өте кең екендігін айқын аңғарамыз. Халық мақалындағы
Мың рет естігеннен бір рет көрген артық деген түсінік осындай тәжірибеден
туындаған. Көз арқылы жарыстың қуатын, түр-түсін, үлкен-кішілігін, алыс-
жақын тұрғанын, оның қозғалысын көріп білеміз. Заттар мен қүбылыстардың
жеке сипаттарын айнытпай толық бейнелеу, ең алдымен, көру түйсігі арқылы
іске асады.
Көру түйсігі біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуі
нәтижесінде пайда болады. Көру түйсігінің, ұзындығы — 390—780 миллимикрон
(ммллиметрдің миллионнан бір бөлігі).
Заттар мен нәрселердін, түстері хроматикалық (қызыл, қызғылт сары, сары,
жасыл, көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық яғни бояусыз (ақ, кара және
барлық сұр түстер) болып екіге бөлінеді. Хроматикалык түстер үш түрлі
сапамен (түстік ашық болуы, реңкі, қоюлығы), ахроматикалық түстер тек ашық
болуымен ғана ажыратылады. Түстің ашық болуы — түстердің қара түстен
айырмашылық дәрежесі. Мәселен, ақ түс — ең жарық түс, қара түс жарықтығы ең
төменгі түс болып саналады. Түстердің өңі дегеніміз — бір түстің екінші
түстен өзіндік ерекшелігін көрсететін сапасы. Түстің қоюлығы — жарықтығы
бірдей сүр түстерден жеке түстердің айырмашылығы. Ең қою түс — кызыл түс.
Көру мүшесі — көз. Оның негізгі бөлімі — көз-алмасы (20-сурет). Көз
алмасының ішкі ортасын толты-
20-сурет. Көз алмасының кұрылысы.
1—кірпікті дене, 2 — нұрлы кабық, 3 — ылғал сұйықтығы, 4— 5— көру осі,- 6
— қарашык, 7 — касад қабықша, 8 — көз бұршағын бекітетін байлам, 9 — конь
юнктив, 10—'Көз бұршағы-, 11-шынылы дене, 12—дәнекер тканьді кабықша. 13 —
тамырлы қабык, 14 — тор кабык, 15 — ортаңғы ойыс, 16 — соқыр дақ, 17— көру
нервісі.
-рып тұрған мөлдір қоймалжың зат — шыны тәрізді дене. Екі бүйірінен
қысылғандай ұзарыңқыраған шар тәрізді көз алмасын қоршап тұрған үш қабык
бар. Сыртқы қабықты ақ қабық деп атайды. Ақ қабықтың алдыңғы жағы
дөңестеніп қалың қабыққа (роговица) айналады. Қөздің торлы қабығына
(сетчатка) жарық сәулесі осы қасақ қабық арқылы етіп отырады. Сыртқы ақ
қабықтың астыңғы екінші кабығы — тамырлы қабық. Тамырлы қабықтың алдыңғы
бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Көздің түсі осы нұрлы қабықтағы пигментке
(бояуына) байланысты түрліше болып келеді. Нұрлы қабықтың ортасында қарашық
орналасқан. Торлы қабықта жарық сәулесінің сезімтал таяқшасы (палочка) және
шақша (колбочка) деп аталатын фоторецепторлары орналасқан. Онда 130 млн-ға
жуық таяқша, 7 млн-дай шақша клеткалары бар. Таяқшалар ымыртта, қараңғыда
көрудің, ал шақшалар күндіз көрудің аппараты делінеді. Шақшалар торлы
қабықтың ортасына, ал таяқшалар оның шеткі жағына орналаскан. Таяқша
клеткаларында көру пурпуры деген зат болады, бүл жарық әсерінен химиялық
жолмен бөліну арқылы көру жүйкелерін коздырып отырады. Рецептор құрылысынан
табылған пигменттер көп. Солардан жақсырақ зерттелгендері — таяқша пигменті
— родопсин, шақша пигмента — иодопсии. Көру мүшесі үшін көмекші
анатомиялық аппараттар да (бездер, қабык, кірпік, қас т. б) тиісінше түрлі
кызметтер атқарады.
Кейбір адамдардың көзінің түстерді айыра алмайтын кемістігі болады. Енді
біреулер түстердің әр трін жекелеп көре алмайды. Айналадағы заттардың бәрі
ол адамға қоңыр болып көрінеді. Қөздің осындай кемістігін дальтонизм дейді.
Ондай адам, әсіресе, қызыл және жасыл түсті айыра алмайды. Ер адамдардың
4—5 процент дальтондық болса, әйелдер 0,5 проценттей ғана. Дальтондық
адамдар машина жүргізсе, жол апатына ұшырауы мүмкін. Сондықтан түсті
көрсететін сигналы бар жерге қызметке орналасу үшін ондай адам арнайы
сыннан өтуі керек.
Есту түйсігі. Есту рецепторына тітіркендіргіш болатын — ауаның
толқындары. Ауа толкыны деп ауаның белгілі ырғақпен бірде тығыздалып, бірде
селдіреп ыдырауын айтады. Сол толқындар әр тарапқа тарайды. Ауа
толқындарының физикалық кұрылысы өте.күрделі. Біз сол толқындардың
жиілігін, амплитудасын (кұлашын) және формасын ажырата аламыз. Ауаның бір
секундта өтетін.толқынын герц деп атайды. Адамның есту рецепторы 1 сек.
ішінде орта есеппен 16 000-нан 22 000 герцке дейін ауа толқынын түйсіне
алады. 16 герцтен төменгі жиілікпен өтіп жатқан толқындарды құлағымыз
түйсіне алмайды. Біздің талдағыштарымыз түйсіне алмайтын 12—16 герцтен
теменгі дыбыстарды инфра-дыбыстар деп атайды. Ал толқынның жиілігі 22 000-
нан
қаймыз. Есту жолын көмкеріп тұрған терінің беті түкті келеді және онда
бұлақ шығаратын бездер болады. Есту жолының ұзындығы — 2,5 см.
Сыртқы құлақты орта қүлақтан бөліп түратын мүше — дабыл жарғағы. Ол нәзік
(ОД мм) болғанымен, өте берік. Дабыл жарғағы серіппелі болғандықтан, ауа
толқынын бұлжытпай шайқалтады. те атайды. Құлақтың бұл бөліміне, ең
алдымен, спиралдық сүйектен құрылған органы деп атайды. Иірім түтігі ішінде
есту процесін іске асыруға жәрдемдесетін эндолимфа дейтін сұйық зат болады.
Адам денесінің кеңістіктегі қалпын және қимылын түйсініп отыратын мүше бар.
Ол — жартылай имек каналдар. Олардың міндеті — денеміздің . тепе-теңдігін
сақтау.
Есту түйсігі ауа толқынының да бұл жарғағына әсер етуінен басталады.
Ауаның шайқалуы иірім түтігіндегі сұйық затта күшіне қарай толқын тудырады.
Сол толқындар корти :мүшесінің сезімтал нейрондарына жеткенде қозу пайда
болады. Сырттан жеткен .толқындар әсерінен 24 000 жүйке талшықтарының бәрі
бірдей қозбай, эндолимфада пайда болған толқын күшіне орай мембрананың
кейбір талдары ғана қозады. Мембрана ерекшелігіне байланысты есту жайында
Гельмгольцтің резонанс (жаңғырық) теориясы бар. Бұл теория дыбыс
тітіркендіргіштерінің күші мен жиілігі корти мүшесіндегі электр толқынының
күші мен жиілігіне сай келеді деп анықтайды. И. П. Павлов лабораториясында
иттің негізгі мембранасының, ұзын талшықтарын кесіп алып тастағанда,
төменгі дыбыстарды түйсінуге иттің шамасы келмеген. Ал қысқа талшықтарды
кесіп тастағанда, жоғары дыбыстарды түйсіне алмаған. Мүндай тәжірибе
Гельмгольцтің жаңғырық теориясының дұрыстығын айқындайды.
Адам дыбыстарды ауа толқындары арқылы рецепторлармен түйсінеді. Бұл
процестің екінші жолы — дыбысты сүйек арқылы есту.
Тіл есту талдағышының дамуына күшті эсер етеді. Ана тілінің дыбыс
құрылымындағы нәзік айырмашылығын ажырату — адамның жастайынан бергі
негізгі қажеті. Есту түйсігін дамытуға баланың жас кезінен бастап
қамқорлық жасап, сөйлеуі мен естуінде мүкістікті болдырмау үшін
дәрігерлерге қаратып тұру керек. Бала сезінің нақышты болуы мен оның әр
сөзді дұрыс айтуы да есту түйсігінің қалыпты дамуына байланысты. Әдетте,
бала ақыл-ойының дұрыс дамымай, көңілінің жабырқау болуын, сабақ
үлгерімінің төмендеуін есту түйсігінің мүкістігінен деп санау керек.
Тері түйсіктері. Заттардың механикалық және термикалық сипаттарының
теріге эсер етуінен туады. Түю мен басу түйсігі, суыкты, жылылықты, ауруды
түй-сіну де тері түйсіктеріне жатады. 1 см2-дегі рецептор-лардыц жұмыс
істеу қабілеті сан жағынан үнемі ауы-сып отырады. Бір бөлігі жүмыс істесе,
екіншісі дема-лыста, ал үшінші бір бөлігі жүмыс істеуін доғару не оған
кірісу жағдайында болады- (Терінің микроскопия-лык күрылысы 24-суретте
көрсетілген). Терідегі афферентік жүйке талшықтарының үшьшда
түйсіктердің ре-цепторлык функциясын атқаратын түрлі аппараттар бар.
Адамның бойында, шамамен тию мен басуды түй-сінетіи 50 000 рецептор бар.
ТерІнің I см2 не 25 рецеп-торға дейін орналасатындығы анықталған. Адам зат-
тың қатты-жұмсақтығы, кедір-бүдырлығы сияқты си-паттарды сипап біледі.
Сипау аркылы затты туйсіну те-рінің ғана қызметі емес, бүл — күрделі
процесс. Оның қызметіне қимыл-қозғалыс рецепторлары да қатысады. Сипап сезу
түйсігі колдың катынасымен іске асады.
Қол енбек ету мүшесі ғана болып қоймай, дүниетану үшін де күшті рөл
атқарады. Заттардың формасын, үл-кендігін, майдалығын, бүжырлығын көзбен
көрмей-ақ, қолмен сипау аркылы ажыратамыз. Сезім мүшелері сау адамдардың
сипау түйсігі, әдетте, онша көп жетілмеген. Түйсіктің бұл түрі, әсіресе,
құлағынан айрылған, көзі көрмейтін адамдарда ерекше дамыған. Мысалы,
өзі соқыр әрі саңырау, сақау, американдық әйел Елена Келлер мен Мәскеудегі
Ольга Скороходова тері түйсіктерін жетілдіру нәтижесінде Л. Браиль
жүйесімен оқып-жазуды үйреніп, ғылыми атақтар алғаи. О. И. Скороходова Мен
айналадағы дүниені қалайша танып білемін деген (1974, 1956) еңбектер
жазып, белгілі дефектолог маман болды.
Әдетте, соқыр адамдарда тері түйсігінің, сипау сезімінің жетекші рөл
атқаратын күмәнсіз.
Тері (тактильдік) талдағыштарының ноқаттары тері беттерінде біркелкі
орналаспаған. Арнаулы зерттеулермен анықталған мәліметтер бойынша түйсік
ноқаттарынық есебін мынадай санмен көрсетуге болады: тию нүктелері — 1 млн-
дай, ауру нүктелері — 4 млн.дай, суықтық нүктелер — 250 000-дай, жылылық
нүктелері — 30 000-дай. Мұндай тактильдік талдағыштардың ең көп орналасқан
жері ерін тіл мен саусактың ұштары. Біз мұны мүшелеріміздің сезгіштігінен
байқауымызға болады. Психологияда тактильдік түйсіктің кеңістік
табалдырығын және нүктелер арасындағы қашықтықты эстезиометр аспабы арқылы
өлшеп білуге болады (25-сурет).
25-сурег. Спирменнің эстезиометр аспабы.
Эстезиометр аспабымен анықталған ең төменгі кеңістік табалдырығы тілдің
ұшында болады (1,1 мм). Ауру рецепторы (нерв ұштары) терінің көптеген
жерлерінде орын тепкенін ауру ноқаттарының санынан байқауға болады (4 000
000).
IV. Иіс түйсіктері мүрын кеңсірігінд екі кілегей кабық клеткаларына түрлі
химиялық заттардың эсер етуінен пайда болады. Кілегей қабықта иіскеу
клеткаларының орналасқан аймағы 5 см2-ден аспайды. Тітіркендіргіштер
әсерінен туған қозуды иіскеу рецепторы өзінің бойымен ми жарты шарларының
астыңғы жағында орналасқан иіскеу орталығына жеткізеді. Сол кезде талдау
басталып, адам иіс түрлерін айырып байқайды.
Иіс түрлерін жіктеп бөлу ғылымда әлі жете зерттелмеген мәселелер қатарына
жатады. Сондықтан иіс түрлері иіс шығаратын заттардың атымен аталады.
Мысалы, жусан иісі, лимон иісі, алма иісі, бензин иісі т. б. Иіскеу
клеткаларына тітіркендіргіш ретінде эсер ететін, оларда қозу тудыратын —
ауада газ немесе бу түрінде ұшып жүрген химиялық заттар. Адам ауаны ішіне
тартып тыныс алғанда, ауамен бірге кеңсірікке кірген химиялык элементтер
иіскеу клеткаларына келіп ериді. Жануарлар өмірінде иіскеу түйсігінің
биологиялық рөлі өте күшті. Қөптеген жануарлар өз қорегін исі арқылы тауып
алып қоректенеді.
Адам өмірінде иіскеу рецепторының рөлі аса күшті болмағанымен, тіршілік
ортасы мен өмір тәжірибесіне сәйкес күшейіп, жетіле түседі. Иіс түйсіктері
адамның тұрмыс салтына, қызмет сипатына қарай дамиды. Мәселен, Африкадағы
бушмен тайпалары арыстанның, жирафтың, зебрдің ізін иіскеп жүріп-ақ оңай
тауып алаяы. Олар иісті ең жақсы аңшы иттерден артық сезеді. Ал Үндістанда
жыланның жатқан жерін иісінен білетін адамдар бар. Сонымеи қатар, жылан
шаққан малды, оның етін жеген адамдарды (оқ жыланның) исінен ажырата білу
қазақ халқына деген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz