Қылмысқа қатысудың түрлері және нысандары. Түзеу жұмыстары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..3
II.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ..4
2.Қылмысқа қатысудың түрлері және нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
3.Түзеу жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
4.Айыппұл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
5.Қоғамдық жұмыстарға тарту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
6.Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпенайналасу
құқығынан
айыру ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 19
7.Бас бостандығын шектеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
III.Қорытынды
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .23
IV.Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..24

Кіріспе
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі Қазақстан
Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған
принциптері мен нормаларына негізделген.
Жаңа Қылмыстық зыңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет
мүддесін қорғау болып табылады. Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінде ескі
кодекске қарағанда көптеген қылмыстық-құқылық түсініктердің, инстетуттардың
жаңа ұғымы берілген.Оқлықта осындай ерекшеліктерге баса мен беріле отырып,
олардың мазмұны түбегейлі ашып көрсетілген.Жалпы алғанда, осы Қылмыстық
құқық пәнін оқытудың мақсаты-студенттерге қылмыстық заң пәнінен тиянақты
білім беру, қылмыстық құқықтың жалпы ережелері мен принциптері, оның
негізгі ұғымдары мен институттары, қылмыстық заңдардың міндеттері жөнінде,
қылмыстық заңның мезгілі және кеңістікке қарай қолданылуы, қылмыстық
құқықтың жалпы ережелері мен принциптері, оның негізгі ұғымдары мен
институтары, қылмыстық заңдардың міндеттері жөнінде, қылмыстық заңның
мезгілге және кеңістікке қарай қолданылуы.
Еңбек 2001 жылдың 1-қаңтарына дейінгі заңдарға негізделіп жазылды.

ЖАЗАНЫҢ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заңда
белгіленген соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай
белгілі тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.
Қылмыстық заңның өзіне барлық соттар үшін міндетті болып
табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі
белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес
саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сотталған адамға келтірілетін айырудың мәніне қарай жазаның түрлері
мынадай топтарға бөлінеді:
1.Сотталған адмға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған
жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы әскери немесе құрметті
атағынан, сыныптық шегінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік
сыныбынан және мемлекеттік наградан айыру.
2.Сотталған адмның құғына шек қоюмен байланысты жаза түрлері:
белгілі бір лаузым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану
құқығынан айыру, әскери қызмет бойыша шектелу.
3.Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар:
түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу;
4.Сотталғанадамны құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға
байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау,
тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан
басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза
түрлері негізінен үш топқа бөлінеді: Бірінші топқа негізгі жазалар
құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке-дара жаза
ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза
түрлерін айтамыз.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:
а) айыппұл салушы;
б) белгілі бір лаузым атқару немесе белгілі бір қызметпен
айналасу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығынан шектеу;
ж) қамау;
з) тәртіптік әскери бөлімде ұстау;
и) бас бостандығынан айыру;
к) өлім жазасы қолданылуы мүмкін
(39-бап, 1-бөлігі).
Екінші топқа қосымша жазалар жатады:
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын,
жазаның мақсатын жүзеге асырудв оған көмекші роль атқаратын
жазаларды айтамыз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының
Негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу, оны даралап
көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына
жетуге көмектеседі, осыған байланысты соттар үкім шығарған кезде әр
іс бойынша, әсіресе ауыр, аса ауыр, сыбайлас жемқорлық қылмыстар
жасаған адамдарға қосымша жаза қолдан қажеттілігі мәселесін қараған
жөн.
Қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша шаралар
қолдану немесе қолданбау мүмкіндігі айтылған болса, онда соттардың
оны тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімнің дәлелдерін
үмет дәлелдеу бөлігінде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша
жаза қолданылмаған жағдайда бұл турасы үкімнің қорытынды бөлімінде
ондай сілтеме жасалмайды. Кінәліне соттаған кезде қылмыстық заңның
баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп табулса, сот оны ҚК-
тің 55-бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана ҚК-тің 55-
бабында сілтеме жасай отырып қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде
міндетті түрде келтіре отырып, қолданылуы мүмкін.
Соттардың назары мынаған аударылсын: қосымша жазаның айыппұл,
мүлікті тәркілеу сияқты түрлері қосымша жаза ретінде тек егер олар
сотталушыны кінәлі деп таныған ҚК баптарының диспозицияларына қосымша
жаза ратінде көзднлген болса ғана қолданылуы мүмкін.Белгілі бір
лауазымды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналасуға құқығынан
айыру, арнайы әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен,
дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік
наградаларынан айыру қосымша жаза ретінде ҚК Ерекше бөлімінің қылмысты
саралаған бабында жаза ретінде көзделмесе де тағайыңдалуы мүмкін. Бұндай
жазаны қолдану туралы шешім қабылданғанда, үкімнің қорытынды бөлігінде ҚК-
тің тиісінші 41 немесе 50-бабына сілтеме жасалынуы керек. Ауыр немесе аса
ауыр қылмыс үшін сотталған кезде, сот үкіммен бірге ҚК-тің 50-бап 2-
белігінің негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің атына сотталушыны
мемлекеттік наградалардан немесе Қазақстан Республикасы Президенті
тағайындаған құрметті, әскери, арнайы атағынын, сыныптық шенінен,
дипломптиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан айыру туралы тиісті ұсыныс
енгізу туралы мәселесін қарауы тиіс.
Қосымша жазалар сотталушыны кінәлі деп таныған заң баптарында
көрсетілген шекте тағайындалады. Егер қосымша жаза ҚК-тің 41 немесе 50-
баптарының негізінде қолданылса, оның мерзімі заң бойынша жазаның осы
түріне белгілеген шектен аспауы керек, - делінген. Соңдықтан да қылмыстық
заңның баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану
мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап,
қолданған шешімнің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуде тиіс. Ал
қосымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай
шешімнің қабылданбауына сілтеме жасалмайды. Кінәлі сотталған кезде ол
жауапқа тартылған қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті
деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген шарттар
болған жағдайда ғана осы бақта сілтеме жасай отырып, қабылданған шешімнің
дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған қосымша жазаны
қолданбауы мүмкін.
Қосымша жаза жеке-дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға
қосылып тағайындалады.
Сотталғагдарға негізгі жазалардан басқа мыныдай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шешінен,
дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік
наградаларынан айыру;
б) мүлкін тіркелеу қолданулуы мүмкін (39-бап, 2-бөлігі).
Үшінші топқа негізгі де, қосымшада жаза ретінде қолданылатын жазалар
жатады. Оларға жататындар: айыппұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе
белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру. Осы көрстілген жаза түрлері
негізгі жаза ретінде тағайындалуы да немесе басқа жазаға занда белгіленген
реттерде қосымша жаза ретінде қоса тағайындалуы да мүмкін. Сонымен,
қолданылып жүрген қылмыстық занда мазмұны мен мәні әр түрлі жаза түрлері
көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс қолдану-қылмыспен тиімді күрес жүргізудің
негізгі шартты болып табылады.

ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСЫДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЫСЫЕДАРЫ
Қылмысқа қатысудың нысандары және түрлері туралы мәселені анықтау
қылмысқа қатысушылардың субъективтік байланыстарының сираты және
дәрежесіне, олардың әрекеттерінің өзара келісушілігінің дәрежесіне,
қатысушылардың өзара объективтік байланыстарының мәніне, қылмысқа
қатысушылардың өзара ірекеттестігінің тәсіліне және қылмыс құрамдарының
құрылы ерекшеліктеріне байланысты шешіледі. Қылмысқа қатысушылардың
әрекеттерінің келісушілік дәрежесіне байланысты қылмысқа қатысу екі түрлі
нысанға алдын ала келіспей қылмысқа қатысу және алдын ала келісіп қылмысқа
қатысу болып бөлінеді. Бұл нысандар Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде әр
түрлі көрініс тапқан. Бұлар алдын ала келісіп қылмысқа жай қатысу,
ұйымдасқан топ болып және қылмысты бірлестік арқылы қылмысқа қатысу болып
көрсетілген.
Қылмыстық құқық теориясы қылмысқа қатысудың, түрлерін де бөліп
көрсеткен.
Қылмысқа қатысудың түрлері қылмыс істеуге қатысқан жекелеген
қатысушылардың қылмыс істеуге қатысуының дәрежесі мен сипатына байланысты
қоса орындаушылық және тармағынадағы қылмысқа қатысушы болып екі түрге
бөлінеді.
Бірнеше адамның қылмысты бірге топ болып істеуін қоса орындаушылық
деп атаймыз. Қылмысқа қатысудың бұл түрі бойынша қылмыс істеуге
қатысқандардың барлығы да сол істеген қылмыстың объективтік жағының
белгілерін басынан аяғына дейін немесе жекелеген қатысушылырдың қылмыстың
объективтік жағының бір бөлігін орындауға ғана қатысуын айтамыз. Мұндай
ретте қылмыстың зардабы қылмысты қоса орындаушылылардың ортақ әрекетінің
жиынтығының нәтижесі болуда.
Тар мағынадагы қатысушылықта орындаушы қылмыс істеуге
ұйымдастырушының: айдап салушының немесе көмектесушінің қатысуын білмеуі де
мүмкін. Ал қоса орындаушылықта қылмысқа қатысушылырдың. барлығының бір-
бірінің өзара әрекеті жөнінде хабардар болуы және қатысушылардың қылмысты
бірге тікелей істейтінін білуі қажет.
Егер ондай болмаса адам қылмысты жеке істеген болып саналып, оны
орындаушы өзінің істеген іс-әрекетінің шеңберінде ғана жауапты болады.
Тармағынадағы қылмысқа қатысушылыққа тән белгілердің бірі қылмысқа
қатысушылардың өзара рольдер белісуі болып табылады. Қылмысқа қатысудың бұл
түрі бойынша қылмыстың объективтік жағының белгілірін тікелей орындаушы
ғана жүзеге асырады, ал ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесушілер
ьолса орындаушының атқаратын осы іс-әрекеті жөнінде хабарлар болады.
Қылмысқа қатысудың нысаны мен түрін бір-бірінен бөліп қарауға болмайды,
олар кейде қабаттасып кетуі де мүмкін. Мысалы: көп жағдайларда
ұйымдастырушы және көмектесуші басқа қатысушылармен бірге тікелей қылмыстың
объективтік жағының тұтас белгілерін немесе оның бір бөлігін орындауға
қатысуы мүмкін. Мұндай ретте қылмысқа алдын ала келісіп қатысу (қатысу
нысаны) қоса орындаушының және тар мағынасы қылмысқа қатысушылық
(қатысушылардың түрлері) көріністерінін қабаттасуы орын алады. Қылмысқа
қатысу нысаны мен түрлерін дұрыс анықтау қылмысты саралауға және жазаны
даралау мәселесін шешге әсер етеді. Қылмысқа қатысыдың нысаны мен түрін
белгілеу бірлесіп істеген қылмысты іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің
сипаты мен дәрежесін анықтуға және қылмысқа қатысушылардың әрекеті мен
келісушілгінің дәрежесін есепке алуға мүмкіндік береді. Қатысушылардың
өзара байланысты тығыз болса, олардың әрекеті ұйымдасқан сипатты білдіреді.
Мұның өзі олардың істеген қылмысының қауіптірек болатынын көрсетеді.
Қылмыстық кодекстің 31-бабында қылмысқа қатысудың бірнеше нысаны: топ
болып қылмыс жасау, бір топ адамның алдын ала келісу, ұйымдасқан топ және
қылмысты бірлестік арқылы бірнеше түрге бөлінеді.
Алдын ала келіспей қылмысқа қатысу (31-бап, 1-бөлігі). Мұндай ретте
қылмыс топ арқылы алдын ала келіспей, қоса орындаушылық түрінде, қылмысқа
қатысушылардың арасында келіспеушілік қылмыс істелгенге деиінгі уақытта
орын алмаған жағдайда істеледі. Бұл жағдайда қылмысты топқа қатысушылардың
өзара келісуі қылмыс істеу барысында, қылмыстың объективтік жағының
белгілерін орындауға кіріскен уақыттан бастап жүзеге асырылады.Алдын ала
келіспей топ болып қылмыс істеу көп жағдайда төбелеске қатысып кісі
өлтіруге, денеге жарақат салуда, әйнл зорлауда жиі кездеседі.Бұл қылмысқа
тән белгі – қылмыс істеуге, яғни қылмыстың объективтік жағын орындауға
кіріскен орындаушының әрекетіне басқа қатысушылардың қосылып кетуі болып
табылады.Мұндайда әрбір қылмысқа қатысушы қылмыстың объективтік жағының
белгілерін толық немесе ішінара орындайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1993 жылғы 23
сәуірінде Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін заңдарды
соттардың қолдану тәжірибесі туралы қаулысының топ болып жасалған зорлау
деп – бірнеше адам бір жәбірленушіні зорлағандығы, сондай-ақ айыпкердің
бірнеше адам (екеуден кем емес) жәбірленушіге бірлесе күш жұмсап, онымен
жыныс қатынасын жасаса, бұл әрекет топ болып зорлау деп саралануға жатады.
Өздері зорлап жыныс қатынасын жасамаған, бірақ жәбірленушіге күш
қолдану арқылы басқалардың оны зорлауға көектескен адамдар топтасып
зорлауды орындаушылар болып табылады - делінген. Алдын ала келіспей
қылмысқа топ болып қатысу өте қауіпті және бұл сот тәжерибесінде аз
кездесетін қылмыс болып табылады.
Қылмысқа қатысу нысынының ең қауіпті және көп тараған түрі алдын ала
сөз байласып, келісіп қылмысты бірлесіп жасау туралы күні бұрын уадаласқан
түрі болады. Алдын ала келісу деп қылмыстың объектүрі болады. Алдын ала
келісу деп қылмыстың объективтік жағын құрайтын әрекеттерді орындағанға
дейін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі көрсетілген баптардағы іс-
әрекеттерді істегенге дейін басқа бір адаммен болса да келісімге келуді
айтамыз. Бір топ адамның қылмыстын алдын ала келісіп істеуінің белгілері:
біріншіден, қылмысқа қатысушылардың саны екіден кем болмайды; екіншіден,
олардың қылмыс істеу туралы келісімі қылмысты істегенге дейін орын алады;
үшіншіден, келісім белгілі бір немесе бірнеше қылмысты істеу жөнінде
болады. Қылмысқа қатысудың бұл нысаны Қылмыстық кодексте нақты қылмыс
құрамының негізгі немесе жетілдірілген (квалифицирующий) белгілері немесе
жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде көрсетілген. Мысалы: 175-баптың
2-бөлігінде бөтеннің мүлкін адамдар тобының алдынала сөз байласуы бойынша
ұрлау; - делінген.Бұл жерде қылмыс істеуге келісу деп қылмысқа
қатысушылардың дайындалып немесе істейін деп жатқан қылмыс жөніндегі өзара
ауысша, жазбаша келісімге қол жеткізуін айтамыз.Кейде мұндай келісімдерге
конклюдентік әрекеттер (үндемей келісу) арқылы қол жетуі мүмкін.Ккелісімнің
түпкі мақсаты қылмысқа қатысушылардың барлығынан да істейтін қылмыс
құрамының объективтік жағын орындауға тікелей қатысатыны туралы болады,
яғни қылмыс қоса орындаушылықпен жүзеге асырылады.Егер қылмысты бір немесе
бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккенадамдапдың тұрақты тобы
жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады.Мұндай ұйымдасқан
топпен істелетін қылмыстардың белгілері: біріншіден – қылмысқа кем дегенде
екі адам қатысады, екіншіден – ондай қатысу алдын ала қасақана бір немесе
бірнеше қылмыс істеу жөнінде келіседі, үшіншіден – қылмыстық топ тұрақты
топқа жатады.Алдын ала ұйымдасқан тұрақты қылмыста топтың қатысушылары,
әдетте, қылмыс істеу жөнінде күні бұрын, яғни қылмысты істегенге дейін
өзара келісіп, қылмыс істеудің жоспарын құрады;қылмысқа қатысушылардың
өзара ролін белгілейді; қылмысты әрекеттіжүзеге асырудың тәсілін және
жоспарланған әрекетті жүзегеасырудың жағдайларын қарастырады.Ұйымдасқан
тұрақты топпен қылмыс істеу топқа қатысушылардың белгілі бір рольдерді
атқаруы да, сондай-ақ ұштасқан орындаушылық арқылы да қылмысқа қатысып
жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Тұрақты топ дегеніміз бір немесе бірнеше
қасақана қылмыстар істеу үшін құрылған топ болып табылады. Мұндай тұрақты
топтың мүшелері болып кейде мемлекеттік өкімет: басқару органдарының
жауапты қызметкерлері де болуы мүмкін. Қолданылып жүрген қылмыстық занға
сәйкес ұйымдасқан топ болып қылмыс істеу қылмысты жетілдіретін, ауырлататын
белгі ретінде бірнеше бапта көрсетілген. Мысалы, 175-бап, 3-бөлік, а
тармағы, 178-бап, 3-бөлігі, а тармағы, 177-бап, 3-бөлік, а тармағы,
т.б.
Егер қылмысты ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін құлылған
бірігіп ұйымдасқан топ (ұйым) не нақ сондай мақсатпен құрылған ұйымдасқан
топтардың бірлестігі жасаса, ол қылмыс сыбайлыстық қылмысты ұйым жасаған
қылмыс деп танылады. Қылмыстық сыбайланыстыққа тән өзіндік белгілердің бірі
қылмысқа қатысушылардың өзара алдын ала келісушілігінің ең жоғары дәжереде
болатындығына және оның тұрақты, тығыз ұйымдасқан, топтасқан құрылым
екендігіне байланысты. Қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) ауыр немесе
ерекше ауыр қылмыстар істеу үшін адамдардың біріккен тұрақты және топтасқан
тобының көрінісі болып табылады. Қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық
ұйымның) қатысушылардың тұрақтылығы, топтасқандығы қылмысқа қатысудың тек
қана осы түріне тән белгілері болып табылады. Бұл жерде қылмыстық
сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) тұрақтылығы деп оның мүшелерінің өзара
үнемі байланыста болуын және олардың бірнеше ауыр немесе ерекше ауыр
қылмысты істеуге даярлану, оқталу, жүзеге асыру әрекетінің өзімдік
әдістерінің көрініс беруін айтамыз. Алдын ала келісімнің және өзара тығыз
сыбайластықтың, бірлестіктің тұрақтылығын көрсетеді. Қылмысқа бірге
қатысушылардың әлеуметтік-психологиялық белгілерін сипаттайтын қылмыстық
мақсатты жүзеге асырудағы ортақ бірлігінің бар болуын қылмыста
сыбайластыққа (қылмыс ұйымға) топтасқандық деп танылады. Қылмыстық
сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) істеген қылмысының қауіптілігі сол, бұл
ұйым жәй ғана өзара келіскен адамдар тобынын емес, қылмысты құқыққа, қарсы
әрекеттермен шұғылдану үшін жасалған тұрақты, басқарылатын ұйымға топталған
адамдардан тұрады. Бұл басқарылатын тұрақты ұйымның мақсаты ауыр немесе
ерекше ауыр қылмысты әрекеттермен шұғылдану болып табылады. Мұндай ұйым,
әдетте бірнеше, саны белгісіз, қылмыстарды жасау үшін, орындалуы қиын,
ауқымы кең, тәсілі мен әдісі жөнінен күрделі ауыр немесе ерекше ауыр
қылмыстарды жүзеге ауыр үшін құрылады. Қылмысты топтың мүшелері арасында
әрқайсысының атқаратын рольдері белгіленеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық бұзушылыққа тағайындалатын жаза түрлері
Қатысып қылмыс жасау түсінігі, нысаны, түрлері және тарихи даму аспектілері
Қылмысқа қатысудың объективті белгілері
Қылмыстық құқықтың қысқаша сипаттамасы
Қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысу жайлы
Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы
«ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ЖӘНЕ ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ МЕН АШУ»
Қылмыстық құқығының ерекше бөлімінің жүйесі
Пәндер