Педагогикалық үрдістің тұтас құбылыс ретінде қалыптасу тарихы
Жоспар
І. Кіріспе
1.1 Тұтас педагогикалық үрдістің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Педагогикалық үрдістің тұтас құбылыс ретінде қалыптасу тарихы. 7
2. Құрылымы мен заңдылықтары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
3. Кезеңдері және оны ұйымдастыру заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ...
15
4. .Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай педагогикалық үрдісті
ұйымдатыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... . 18
5. Оқушыларда шығармашылығын дамытуда оқу үрдісі мен білім
берудің маңызы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... . 20
ІІІ. Қорытынды бөлім

.. 26
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қосымшалар
I кіріспе
1. Тұтас педагогикалық үрдістің мәні.
Егемендік алған кез-келген елдің, халықтың ең басты міндеті – жас
ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастырып, шыңдауға қызмет ететін білім жүйесін
қалыптастыру. Білім берудің ұлттық жүйесін құру – ұлттық мәдениетті оқу-
тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеу. Болашақ
мұғалімдерді педагогикалық біліммен қаруландыру мақсатында, халықтық
дәстүрлердің тәрбиелік мүмкіндіктерін ашу - осы мәселені шешу жолдарының
бірі.
Қоғамның кезек күттірмейтін талаптарының бірі – кәсіби бейімделген
болашақ мамандарды даярлау. Болашақ мұғалім – баланың жеке тұлғасын
қалыптастырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік-саяси
қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі
белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны
пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу – мұғалімнің
басты міндеті. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім мазмұнын жаңарту және
оқыту мен тәрбиелеу сапасын жетілдіру, дамуы жоғары елдердің озық
тәжірибесіне сәйкес мамандарды даярлау жөнінде шаралар қолдануды қажет
екендігі аталған.
XIX ғасырлардың ортасындағы озық ойлы педагогтардың еңбектерінде оқыту
мен тәрбиенің бірлігін негіздеу жиі байқала бастады. Мұндай көзқарас алғаш
рет И. Ф. Гербарттың педагогикалық көзқарастарында айқын аңғарылады. Ол
адамгершілік білімсіз оқыту – мақсатсыз құрал, ал оқытусыз адамгершілікті
білім немесе мінез – құлық білімі – құралынан айрылған мақсат деп атап
көрсетті.
Қойылған мақсатқа жету үшін тұлға дамуын ұйымдасқан түрде жүргізу
қажет. Басқаша айтқанда, белгілі бір нәтижеге жету үшін тәрбиеге мұғалімдер
мен оқушылардың өзара әсерлесуі біріктірілген, басқарылатын үрдіс пішінін
беру керек. Мұндай үрдісті оқу – тәрбие немесе педагогикалық үрдіс деп
атайды. Бұл үрдіс алдын ала анықталған мақсатқа қол жеткізуге және алдын
ала белгіленген өзгерістерге, тәрбиленуші қасиеттері мен белгілерін
түрлендіруге алып келеді. Педагогикалық үрдіс – тәбиешілердің әлеуметтік
тәжірибесі тәрбиеленуші тұлғасының қасиеттеріне айналатын өзара әсерлесуі.
Педагогикалық үрдістің ең басты ерекшелігі – оның тұтастығы. Пайда бола
бастаған кезден тәрбие тұтас үдеріс ретінде қалыптасқан. Алғашқы кездегі
тәрбие формаларының өзінде – ақ – салт, ритуал,ойындар барысында аға ұрпақ
білімдері мен іс – әрекет тәжірибелерін беруге ғана емес, мінез құлықты
қалыптастыруға да мән беріп отырған. Педагогикалық үрдістің негізгі мәні
тұтастық пен бірліктің негізінде оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың
бірлігін қамтамасыз ету болып табылады. Оқу тәрбие үрдісі мен педагогиалық
үрдіс ұғымдардыүң мағынасы бірдей, бұл ұғымдар бір – біріне мағыналас,
синоним болып келеді.
Педагогикалық үрдісті жүйе деп қарастыратын болсақ, ең алдымен көзге
ілінетіні – оның бірнеше бір – бірімен байланысты қосымша жүйелердің
бірлігінен тұратынын аңғаруға болады. Педагогиалық үрдіс барлық жүйелерді
біріктіретін ең негізгісі.
Педагогикалық үрдісті динамиалық жүйе ретінде қарастыра отырып,
педагогикалық теория прогрессифті қадам жасады.
Педагогиалық үрдістің іске асуында жүйелер ретінде тұтас алғанда
халық ағарту жүйесін, мектеп, сынып, оқу үрдісі, сабақ және тағы басқаларды
алуға болады.
Осы жүйелердің әрқайсысы белгілі бір сыртқы жағдайларда іске асады:
табиғи – жағырафиялық, қоғамдық – өндірістік, мәдени және т.б. Әрбір жүйеге
тән жағдайлар болады. Мектепішілік жағдайларға, мәселен, материалдық –
техникалық, санитарлық – гигиеналық, моральдық – психологиялық, эстетикалық
және басқа да жағдайлар жатады.
Педагогикалық үрдістің даму динамикасы, оның ішкі қозғалысы
тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара қарым – қатынысының сипаты қалай
қалыптасатындығына байланысты.
Педагогикалық үрдіс – бұл дамытушылық және білімділік міндеттерді
шешуге бағытталған педагогтар мен тәрбиеленушілердің арнайы ұйымдасқан
мақсатты өзара қызметті. Педагогтар мен тәрбиеленушілер субъектілер ретінде
педагогикалық үрдістің негізгі компоненттері болып табылады.
Педагогикалық үрдістің субъектілерінің өзара қызметі өзінің түпкі
мақсаты жан – жақты адамзаттың жинақтаған тәжірибесін тәрбиеленушілердің
бойына меңгеру болып табылады. Ал тәжірибені ойдағыдай меңгеру арнайы
ұйымдасқан жағдайда іске асады. Педагогикалық әдебиеттердің, психологиялық-
педагогикалық зерттеулердің мазмұнын сараптау барысында жоғары оқу
орындарында география пәні мұғалімдерін кәсіби даярлау процесінде:
– қоғамда білім беруді педагогикалық тұрғыдан іске асыруға дайын
мұғалімге деген қажеттілік пен нақты қалыптасқан жағдай
арасындағы;
– педагогикалық ғылымның дамуы мен жоғары оқу орындарындағы
білім беру мазмұнында оны жүзеге асырудың жеткіліксіздігі
арасындағы;
– болашақ мұғалімдерінің педагогикалық даярлығына педагогикалық
практиканың қажеттілігі мен жоғары мектеп дидактикасында оның
іске асырылуының жеткіліксіздігі арасындағы қайшылықтар бар
екендігі анықталды.
Педагогикалық үрдістің қозғалысын айқындайтын объектифтік сипаттағы
жалпы ішкі қайшылықтар қоғамның, мектептің, мұғалімдердің тарапынан
қойылатын талаптарға тәрбиеленушілердің бойына меңгеру болып табылады.
Соңғы жылдары білім берудің демократияландыруға байланысты
педагогикалық үрдістің және балалық шақ кезіндегі жеке тұлғаның дамуының ең
басты ішкі қайшылықтары айқындалады. Бұл қайшылық баланың белсенді іс-
әрекеттік табиғаты мен оның өмірінің әлеуметтік – педагогикалық жағдайымен
сәйкес келмеуі. Ең басты қайшылық көптеген жекеленген қайшылықтармен
нақтыланады: қоғамдық қызығулар мен жеке тұлғаның арасында; ұжым мен жеке
тұлғаның арасында; қоғамдық өмірдің күрделі құбылыстары мен оны түсіну үшін
баланың тәжірибесінің жеткіліксіздігі арасында; ақпараттық өскелең тасқыны
мен оқу тәрбие үрдісінің мүмкіншіліктерінің арасында жіне т.б.
Субъектілік қайшылықтарға мыналар жатады:
Жеке тұлғаның тұтастығы мен оны қалыптастыруға функционалдық қару,
педагогикалық, педагогикалық үрдістің біркелкілігі; білімнің және
ептіліктің жетекшілік үрдісінің арасында; жеке тұлғаның қалыптасуы мен
дамуында іс – әрекеттің анықтайтын мәні мен ауызша тәрбиелеуге негізделген
ұстанымдардың арасында; адамның азаматтық қалыптасуында гуманитарлық
пәндердің өскелең рөлі мен педагогикалық үрдістің технократикалық
тенденцияның арасында және басқалар.
Тиімді өзара ықпал етудің негізгі сипаты тәрбиеші мен тәрбиеленушінің
бірлескен белсенді іс – әрекеті болып табылады. Бұл факторды тәрбие
практикасында дұрыс бағаламау тәрбиешілердің қызметінде кейбір
кемшіліктерге әкеліп соқтырады, атап айтқанда, педагогтарды шәкірттің жеке
басын жаншуға, өктемдікке, авторитарлыққа жол береді.
Өзара белсенділік педагогтар мен тәрбиеленушілердің мектепте олардың
қарым – қатынас үрдісінде педагогикалық ынтымақтастық терминімен ерекше
толық бейнеленеді. Тәрбие субъектісі мен объектісі арасында әртүрлі
байланыс пайда болады.
Тұтас педагогикалық үрдіске оны құрайтын құрауыштарының ішкі бірлігі
мен олардың үйлесімді өзара әрекеті тән. Онда қайшылықтарды жеңу, өзара
әрекеттесетін күштерді топтастыру, жаңа сапаның құрылуы сияқты үздіксіз
қозғалыстар жүріп жатады. Тұтас педагогикалық үрдіс тәрбиеленушілердің
әрекетін олардың бірлік қажеттіліктері мен қызығушылықтарына жауап
беретіндей және тұлғаның санасына ықпал ететіндей қылып ұйымдастырады.
Зерттеудің мақсаты: біртұтас педагогикалық үрдісті теорыялық тұрғыдан
негіздеу, тәрбие, оқыту, білім беру үрдістерінің тұтастығын анықтау,
объекті мен субъектінің арасындағы байланысты жетілдіру.
Зерттеу пәні: педагогика.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер педагог педагогикалық үрдісті яғни
оқыту, тәрбие, білім беру үрдісінің арнайы шарттарын анықтап, жүйелі түрде
қолданса, онда оқушылардың білімділігі арта түседі, өйткені педагог аталмыш
даярлыққа сәйкес іс – әрекетке бағытталады.
Зерттеудің міндеттері:
- педагогикалық үрдістің қалыптасу тарихын анықтау;
- тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы байланысты арттыру;
- оқыту мен білім беру үрдісінің мәнімен мазмұнын бүгінгі
уақыттың сұраныстарына сәйкес жауап беретіндей тұрғыдан
зерттеу;
ғылыми-теориялық білімді жетілдіре отырып, педагогикалық іс-әрекетте
оларды тиімді пайдалану.
Зерттеудің әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді тақырып бойынша
теориялық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау, курстық тақырыбына
байланысты материалдарды жинақтау, саралау, жүйелеу, талдау әдістері.
Зерттеу көздері: педагогика, психология, философия, ғылымдарының
классиктерінің еңбектері, педагогика ғылымының озық тәжірибелері мен
жетістіктері, автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Педагогикалық үрдістің тұтас құбылыс ретінде қалыптасу тарихы.
Педагогикалық үрдістің ең негізгі интегративтік қасиеті динамикалық
жүйе ретінде әлеуметтік байланысты қызметті атқару оның қабілеттілігі. Оны
орындау жоғары сапалық деңгейге сәйкес келуі үшін қоғам мүдделі. Ал бұл
педагогикалық үрдістің тұтас құбылыс ретінде жұмыс жасауы жағдайында
мүмкін: тұтас, үйлесімді жеке тұлға тек қана педагогикалық үрдісте
қалыптасуы мүмкін. Педагогикалық үрдістің ең басты ерекшелігі – оның
тұтастығы.
Пайда бола бастаған кезден тәрбие тұтас үрдіс ретінде қалыптасқан.
Келесі кезеңдерде тәрбие оқытудың құрамды бөлігі ретінде қарастырылды.
Қоғамдағы еңбектің әрі қарай бөлінуі оқыту мен тәрбиелеу бірлігін
дәлелдейтін фактілер пайда бола бастады. Олар И.Ф. Гербарт, К.Д. Ушинский,
Н.Ф. Бунаков, П.В. Лесгавт, В.П. Вахтеров т.б. еңбектерінде талдана
бастады. Педагогикалық үрдіс тұтастығын дамытуға Н.К. Крупская, С.Т.
Шацский, А.С. Макаренко, А.П. Пинкевич көп үлес қосты. Бірақ 30 – жылдары
оқыту мен тәрбиелеу ерекшеліктерін тереңдете зерттеу үшін олары бөліп
қарастыру көзқарасы басым болады.
Н.К. Крупская мұғалімдердің Бүкіл одақтық бірінші съезінде сөйлеген
сөзінде мектеп беретін білім шаруашылықтың талаптарымен байланысты болу
міндетін көрсетті. Оқыту мазмұны мектептен кейінгі өмірге жол сілтеу тиіс
екендігін, оқушыға белгілі бір мамадықты таңдауға көмектесу қажеттілігін
атап айтты. Н.К. Крупская оқу үрдісіндегі теорияның практикамен тығыз
байланыстылығы оқушылардың оқу материалын терең және тиянақты түрде
меңгеруінің де ең тиімді жолы – деген тұжырымның маңызы ерекше.
Педагогикалық әдебиеттерде педагогикалықүрдіс сөз тіркесімен қатар,
оқу – тәрбие үрдісі деген сөз тіркесі жиі қолданылады, ал педагогикалық
үрдіс сирек қолданылады. Педагогикалық үрдіс терминін алғаш орыс
педагогикасының тарихшысы, әрі теоретигі П.Ф. Каптерев (1849 -1922)
енгізген болатын.Мектептің жалпы білім беретін курсы оның айтуынша, жеке
тұлғаны жан жақты жетілдіру мақсатында білім беру мен тәрбиенің дұрыс
арақатынасын қамтамасыз етуі тиіс деп жазады. Ол Педагогикалық үрдіс
деп аталатын іргелі еңбектің авторы.
Кейіннен бұл термин М.А. Даниловтың еңбектерінде кездеседі. М.А.
Данилвтың айтуынша, педагогикалық үрдіс кей мектептің барлық ұйымдасқан оқу
– тәрбие жұмысын тұтас қарастыра отырып, оған мұғалімнің, оқушалардың
қызметімен қатар іске асырылатын материалдық жағдайларды кіргізеді.
Песталоцци ойлауды дамыту мен білімді жинақтаудың арасын ажыратады.
Песталоцци мектептің негізгі міндеті рухани күштер мен қабілеттіктердің
оянуы, ойлау қабілеттілігін дамыту, демек, формалардың білім беру деп
түсінді.
Бірақ Песталоццидің элементарлық білім беру теориясы бір ғана
дидактикалық проблемамен шектеліп ғана қоймайды. Песталоццидің түсінуінше,
элементарлық білім беру теориясы баланың ақыл-ой, адамгершілік және дене
күштерінің табиғатқа сәйкес дамуы деп қарастыруға болады.
Песталоцци сол мектепте үстемдік еткен догматизм, механикалық еске
сақтау балалардың дамуын тежеп қана қойған жоқ, оның ақыл-ой
қабілеттілігіне нұсқан келтірді. Песталоцци оқытудың мақсаты баланы белгілі
білім негіздерін меңгеруі ғана емес, сонымен қатар олардың ақыл-ой
қабілетіктерін дамыту. Баланың сыртқа дүниені сезім органдары арқылы
қабылдауы танымның алғашқы кезеңі болып табылады, оның айтуынша, оқыту
нақтылы өмірлік бақылауларға негізделуге тиіс және көрнекілікті оқытудың
негізгі қағидасы деп қарастырды.
Песталоцци оқыту үрдісін жеңілдетуге ұмтыла отырып, ол кез-келген
білімнің қарапайым элементтері болатындығын, оны меңгере отырып, адам
дүниені танып білетіндігін дәлелдеді. Песталоцци алғашқы оқытудың жалпы
негіздерін және бастауыш білім берудің жекеленген пәндердің әдістемелерін
талдады. Көзқарасының тарихи шектеушілігіне байланысты ол оқушыларды
біліммен қаруландыру және ақыл-ой күштерін дамытудың бірлігі үрдісі
мәселесін дұрыс шеше алмады. Ол кей жағдайда ойлауды дамытуда механикалық
жаттығулардың ролін асыра бағалады.
Коменскийдің және Руссоның табиғатқа сәйкестік ойларына сүйене
отырып, Песталоцци бұл үрдісті тереңдете отырып, оны оқыту үрдісін
психологиялық негіздеу идеясына жақындатады. Оның әдістемесі, Песталоццидің
пікірі бойынша, таным үрдісін белгілі түсінуден пайда болады,
елестетулерден ұғымдарға қарай жүріп отырады.
Песталоцциден бұрынғы ойшылдардың айтқан негізгі дидактикалық
қағидалары мен ережелеріне сүйене отырып, бастауыш мектепте оқытуды
жекеленген түрлеріне қолдану негізінде оларды нақтылай түседі, оның
деңгейін жоғары көтереді.
Соңғы жылдары біріңғай педагогикалық үрдістің жалпы теориясы зерттеле
бастады. Бұл бағытта профоссор Н.Д. Хмельдің зерттеу еңбектерін ерекше
атауға болады. Ол өзінің Педагогикалық үрдіс мұғалім қызметінің нысаны
атты еңбегінде Н.Д. Хмель бұл мәселені жан – жақты ғылыми тұрғыдан зерттеп,
талдау жасайды. Қазақстанда тұтас педагогикалық үрдісті дамыту мәселесін
кеңінен қарастырған ғалым – педагог Н.Д. Хмель және оның шәкірттері болып
табылады.
Педагогикалық өзара іс әрекет педагогикалық үрдістің әмбебап сипаты
болып табылады. Ол педагогикалық ықпал ету ұғымымынан кеңірек мағынада
қолданылады. Педагогикалық үрдісті субъектілік – объектілік қатынастарға
жетелейді.
Педагогикалық мамандық пайда болу тарихына қысқаша көз жүгіртіп
қарасақ, оқыту мен тәрбие ұғымдары алғашқы бір – бірінен ежігін бөліп
қарастыратын болса, кейіннен бір – біріне қарсы қойылғандығын анық
байқаймыз. Мұғалім оқытады, ал тәрбиеші тәрбиелейді деген қағиданы ұстанған
болатын. Ал, XIX ғасырлардың орта кезінен прогрессивті педагогтардың
еңбектерінде оқыту мен тәрбиенің объективтік бірлігі туралы идея жиі – жиі
айтыла бастады. Бірден бір бұл көзқарас И. Ф. Гербарттың педагогикалық
еңбектерінде сөз болады. Ол оқыту адамгершілік тәрбиесіз мақсатсыз, құрал
ал адамгершілік тәбие оқытусыз құралдан айырылған мақсат дейді.
Педагогикалық үрдістің тұтастығы идеясы К. Д. Ушискийдің еңбектерінде
жан – жақты, терең қарастырылды. Ол мектеп қызметінде әкімшілік, оқыту және
тәрбие элементтеінің бірлігі деп қарастырады. К.Д. Ушинскийдің
прогрессифтік идеялары оның ізбасарларының Н.Ф. Бунаковтың, П.Ф. Лесгавтың,
В.П. Вахтеревтің т.б. еңбектерінде өз жалғасын тапты.
30 – жылдардан бастап, педагогтардың негізгі ізденістері оқыту мен
тәрбиені дербес үрдістер ретінде терең зерттеуге бағытталды.
70 – жылдардың орта кезінен бастап, мектеп тәжірибесінің
қажеттілігіне байланысты педагог ғалымдарымыз тұтас педагогикалық үрдіс
проблемасына ғылыми қызығушылық туғыза бастады. Тұтас педагогикалық үрдісті
түсіндіруде әртүрлі көзқарастар қалыптасты. (Ю.К. Бабанский, М.А. Данилов,
В.М. Коротов, В.В. Краевский, Б.Т. Лихачев, Ю.П. Сокольников, Н.Д. Хмель
және т.б.) Бұл педагогикалық үрдістің күрделілігімен түсіндіріледі. Сонымен
қатар тұтас педагогикалық үрдістің мәнін ашуда қазіргі авторларымыздың бәрі
де бір көзқараста болғандығын аңғарамыз. Тұтас педагогикалық үрдісті
жүйелілік қағидасының әдіснамасы негізінде қарастырылу қажеттілігі айтылды.
С.Л. Вигман пайымдауынша, тұтас педагогиалық үрдісті құрайтын
үрдістердің өзіндік ерекшеліктері басымдық танытатын қызметті көрсету
барысында айқындалады. Оқыту үрдісінің басым қызметі - оқыту, тәрбие
үрдісінікі – тәрбиелеу. Оқыту, тәрбие, дамыту үрдістерінің барлығы өзіндік
қызметтерімен қатар қосалқы қызметтері де атқарады.
Педагогикалық тәжірибені ат үсті талдау өзара іс – әрекеттің жан
жақты бағытына көңіл бөлу керектігін дәлелдейді: оқушы – оқушы, оқушы –
ұжым, оқушы – мұғалім, оқушы – меңгеру объектісі және т.б.
Пдагогикалық үрдістің негізгі қатынасы педагогикалық іс – әрекет
тәрбиеленушінің іс – әрекеті өзара байланысы болып табылады.
Педагогикалық өзара әрекеттің әртүрлі түрлері, сонымен қатар
қатынастары кездеседі, педагогикалық (тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің
қатынастары ), өзара (үлкендермен, жолдастарымен, кішкентай балалармен
қатынастары), пәндік (тәрбиеленушілердің материалдық мәдениет заттармен
қатынастары), өздеріне қатынасы.
Педагогикалық үрдісте білім беру мен тәрбиелеу мақсаттары тәрбиеші
мен тәрбиеленушілердің өзара әсерлесуі негізінде жүзеге асырылады. Яғни бұл
үрдісте алдын ала анықталған нәтижелерге сәйкес жүзеге асырылатын
тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әсерлесуі жолымен оқушы дамуында
өзгерістер жүреді.
Педагогикалық үрдіс мәні оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып
оқыту өрнегіне сәйкес анықталады. Яғни тәрбиеші оқыта отырып та, сыныптан
тыс жұмыстар жасата отырып та білім беру мен тәрбиелеу міндеттерін жүзеге
асыруы қажет.
Педагогикалық үрдістің құбылыс ретіндегі бірқатар маңызды белгілері
бар.
Педагогикалық үрдістің негізгі белгілері: 1) қос жақты іс әрекет;2)
өзара байланысты жүреді; 3) мақсатты, мазмұнды ұйымдасқан түрде жүреді; 4)
мақсатқа қол жеткізу формалары мен әдістері арқылы сипатталады.
Қос жақтылық белгі бойынша: 1 – жағы: арнайы дайындалған маман
жүргізетін мақсатты педагогикалық іс – әрекет; 2- жағы: тәрбиеленушінің
дамуын, өзгеруін негіздейтін белсенді іс – әрекет, яғни оқу немесе оқу –
танымдық іс – әрекет.
Тұтас оқу – тәрбие үрдісін дамыту мен жетілдірудің қозғаушы күші
қарама – қайшылықтар болып табылады. Негізгі қарама – қайшылық баланың
өмірлік өзара қарым – қатынасы мен педагогикалық ықпалдарымен баланың бүкіл
өмірін абсолютті қамтудың мүмкін болмауының арасында пайда болады.
Келесі қарама – қайшылық баланың даму деңгейінің, оның білімінің,
ептілігінің , дағдысының жағдайының және өмірдің өскелең талаптарының
арасында әруақытта да кездесіп отырады. Ол үздіксіз білім берудің жетілдіре
отырудың, еңбек, азаматтық, рухани құндылық, дене адамгершілік эстетикалық
тәрбие негізінде қиыншылықтарды жеңуге болады. Оқу тәрбие үрдісінде
қиыншылықтарды жеңу, оның негізгі мазмұндық элеметтердің толық қызмет ету
негізінде жоғары тиімділікті, тұтастықты қамтамысыз етуге қол жеткізеді.
Осындай оқу тәрбие үрдісінің тұтастығын құрайтын төмендегілер жатады:
- Балалардың еңбек тәрбие ұжымы, әртүрлі қоғамдық ұйымдар, қоғамдық
қатынастардың жетекші мазмұнды жүйелері, тұтастықтың негізгі түрлері,
тәрбие факторлары мен жағдайлары;
- Оқыту – тұтастықтың негізгі мазмұндық элементі;
- Қоғымдық пайдалы еңбек – тәрбие тұтастығының басты негізі;
- Сабақтан сыныптан тыс, мектептен тыс шығармашылық қызметі – тұтастық
органикалық элементі;
- Жанұя тәрбиесінің мектеп пен жұртшылықтың өзара байланысы тұтас оқу
тәрбие үрдісінің негізгі күштерді біріктірудің шарты.
Педагогикалық үрдістің тұтастығын мазмұндық бағытта қарастырсақ,
адамзаттық жинақтаған тәжірибесінің білім беру мақсаты мен мазмұнын бір –
бірімен байланыстық элементін бейнелеумен қамтамасыз етіледі: білімді, оның
ішінде іс – әрекетті орындаудың тәсілдері; ептілік пен дағдыны;
шығармашылық қызметтің және қоршаған ортаға эмоционалды құндылық және
еріктік қатынас тәжірибесі. Білім берідің негізгі элементтерін іске асыруды
педагогикалық үрдістің мақсаты білімділік, дамытушылық және тәрбиелік
функцияларының бірлігін іске асыру деп қарастырамыз.
Педагогикалық үрдісте – объект және субъект.
Объект ретінде – тәрбиелік әсерлерге түседі және өзін жетілдіріп
отырады.
Бұл үшін оған өзінің диалектикалық ойлауын дамыту, өзіне және
тәрбиеленушілерге эмоционалдық қатынас жасай білу қабілеттілігі, өз іс –
әрекетіне сынай қарай білу қабілеттілігі қалыптасуы керек.
Субъет ретінде – арнайы педагогикалық білім алады, адам тәрбиесіне
қатысты жауапкершілікті мойнына ала алады, дүниетанымы, рухани – құлықтық
белсенді қарым – қатынасқа түсу қабілеттілігін дамытады.
Тәрбиеленуші де педагогикалық үрдісте – объект және субъект.
Объект ретінде – педагогикалық мақсаттарға сәйкес түрленетін
дербестігі бар.
Субъект ретінде – табиғи қажеттіліктері, нышандары, өз
қажеттіліктерін, қабілеттіліктерін, қызығушылықтарын, ұмтылуларын
түрлендіруге, өзгертуге педагогикалық әсерлерді белсенді меңгеруге немесе
қарсы тұруға мүмкіндігі бар.
Бұл жерде ескеретін нәрсе, оқу – тәрбие үдерісінің негізі ретінде
оқытуды да, тәрбиелеу де тұлғаның дамуы жүзеге асырылуы қажет. Демек,
педагогикалық үрдіс мәні оқыту мен тәрбиелеу тұтастығы негізінде тұлғаның
дамуын жүзеге асыру болып табылады.
Тұтас педагогикалық үрдістегі оқыту мен тәрбиелеудің өзіндік
ерекшеліктері де бар.
Оқыту мазмұнында ғылыми мәліметтерді беру, ұғымдарды меңгерту
басымырақ жүзеге асырылады. Ал тәрбиелеу мазмұнында сенімдерін, нормалар
мен ережелерді, идеалдарды құндылық бағдарларды қалыптастыру жүргізіледі.
Екі үрдіс те тұлғаның қалыптасуына алып келеді.
Педагогикалық үрдіс мәнін ашатын, тұтастық негізін құрайтын құрамдық
үрдістер:
1- Сурет педагогикалық үрдістің тұтастығы
Педагогикалық үрдіс құрамындағы оқыту мен тәрбиелеу біртіндеп өзін –
өзі тәрбиелеу мен өз бетімен білім алу үрдістеріне ұштасуы қажет:
Педагогикалық үрдістің тұтастығы педагогикалық объектілерді жүйе
ретінде қарастыруды қажет етеді. Бұл дегеніміз негізгі компоненттер
құрамын, құрылым және ұйымдастыру ерекшеліктерін, олардың арасындағы
жетекші өзара байланысты, жүйенің сыртқы байланыстарын, олардың ішінен
негізгілерін бөліп көрсетіп, жүйе функцияларын, рөлін анықтап, тұтастық
бағытындағы жүйенің дамуы заңдылықтары мен тендецияларын анықтау деп
түсінуге болады. Қысқасы тұтастық тек жүйелі объектілерге тән және
ұйымдастырушылық бағытта педагогикалық үрдіс тұтастық сапаға ие болады.
2.2 Тұтас педагогикалық үрдістің құрылымы мен заңдылықтары
А.С. Макаренко педагогика ең диалектикалық ғылым деп жазған болатын.
Педагогикалық үрдістің анық байқалатын қарама – қайшылығы оған дәлел бола
алады. Ол деалектиканың қарама – қайшылықтардың бірлігі мен күресі
заңдылығының бірден бір көрінісі болып табылады. Практикалық өмір
талаптарынан артта қалып қойған жағдайда педагогикалық қарама қайшылық сол
уақытта пайда болады.
Педагогикалық үрдісте сан өзгерістерінен сапа өзгерістеріне көшу
заңдылығының іс – әрекеті айқын байқалады. Бүкіл интегратифтік тұлғалық
мінездемелер бірте – бірте жинақталған сандық өзгерістерлің нәтижесі.
Оларға сенімдерді, құндылық бағдарларды, мәліметтерді жеке тұлғаның
қажеттіліктерін, іс – әрекеттің стилі, ептіліктері мен дағдыларын жатқызуға
болады.
Педагогикада заңдылықтар проблемасы қазіргі кезеңге дейін терең
теориялық тұрғыдан талданған емес. Кезінде К.Д. Ушинский тәрбиенің ғылыми
заңдылығын танып – білудің қажеттігін атап көрсеткен болатын.
Педагогикалық антропология еңбегінің бірінші томында педагогикалық
ережелерді қарапайым жаттаудың ешқандай пайдасы жоқтығын ескерткен еді. Осы
ережелер туындайтын ғылыми негіздерін зерттеу қажет. Тәрбиенің терең
заңдылықтарын білмейінше, оны жетілдіру туралы айту қиын болған болар еді.
Философияда заңдылық дегеніміз дамуды сипаттайтын құбылыстар мен
үрдістердің арасындағы объективтік өмір сүруші, тұрақты, қайталанып
отыратын, қажетті және заңдылық байланыстарын айқындау бұл үрдіске тән
мүмкін болатын байланыстарды жүйлілік құрылымдық талдау олардың
тілінде қайсысы негізгі, қажетті екендігін анықтауға көмектеседі.
Заттар мен құбылыстардың арасындағы байланыс сыртқы және ішкі сипатта
болады. Сондықтан да тұтас педагогикалық үрдісті қарастырғанда, біз ең
алдымен оған қатысты сыртқы үрдістермен және әлеуметтік ортаның оданда кең
байланыстарын қарастырға тиіспіз, ал одан кейін бұл үрдістің
компоненттеріне тән сыртқы байланыстарды сипаттаймыз.
Тәрбие кең мағынада педагогиканың пәні ретінде барлық әлеуметтік
үдерістермен тығыз өзара байланыста іске асады. Ол әруақытта да тікелей,
мәнді және әруақытта да өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму
деңгейіне, қоғамдағы адамдардың өмір салтына, пайда болатын қоғамдық
қажеттіліктерге, саяси жүйесіне, қоғамның әлеуметтік жағдайдан бөліп алып
сипаттай алмайды.
Бұдан тәрбиені кең мағынада іске асыратын тұтас педагогикалық үрдіс,
оның мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері мен әдістері қоғамның әлеуметтік
– эономикалық қажеттіліктеріне, оның идеологиясы мен саясатына
байланыстылығы педагогикалық үрдістің бірінші заңдылықтары туралы қорытынды
шығаруға болады.
Бұл заңдылықтан шығаратын тұжырым: қазіргі мектепте педагогикалық
үрдісті ұйымдастыруда еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуының
қажеттіліктерін, ғылыми – техникалық прогресстің, нарықтық қатынастардың
заңдылықтарын, адамдардың иницитавасы мен шығармашылығын дамыту, адам
факторын арттыруды ескеріп отыру қажет.
Егер де педагогикалық үрдіс осы бірінші заңдылықты толық деңгейде
іске асыра алмаса, онда ол өмірден артта қалып қояды, қарама –
қайшылықтарға кездеседі.
Педагогикалық үрдіс белгілі бір жағдайда іске асады. Қоғамның
экономикалық мүмкіншіліктерінің өсуі ме оқу – тәрбие үрдісін ойдағыдай
ұйымдастыру, жеке тұлғаны жан – жақты дамыту міндеттерін тиімді шешу үшін
оқу материалдары және мектеп – гигиеналық үрдістің міндеттері, мазмұны,
әдістері және түрлі қоғамның қажеттіліктерінен ғана емес оның
мүмкіншіліктеріне, осы үрдіс іске асып жатқан жағдайларға тәуелді екендігі
екінші заңдылығы болып табылады.
Сонымен, педагогикалық үрдіс – бір мақсаты бар және қол жеткізілуі
тиіс нәтижелері алдын ала анықталған мақсатты үдеріс.
Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер іс – әрекеті тұрғысынан қарағанда
анықталған педагогикалық үдеріс элементтерін өз алдына топтаға болады.
Олар: мақсаттық компонент, мазмұндық компонент, іс – әрекеттік компонент
(педагог пен тәрбиеленушілердің өзара әсерлесуі) , нәтижелік компонент
(қойылған мақсатқа сәйкес қол жеткізген нәтижелер, тұлға өзгерістері).
Қандайда бір компоненттің ескерілмеуі педагогикалық жүйе тұтастығының
бұзылуына алып келеді. Енді бұл компоненттердің әрқайсысының мәнін ашсақ:
1) Мақсат – өзара әсерлесу нәтижесінің алдын ала бейнеленуі;
2) Мазмұн – әлеуметтік тәжірибе бөлігі;
Әлеуметтік тәжірибе мынадай бөліктен тұрады:
a) Білімдер;
b) Практикалық біліктер;
c) Творчестволық біліктер;
d) Құндылық бағдарлар;
3) Педагогикалық іс – әрекетті жүзеге асыру аспаптары:
әдіс – мазмұнды меңгеру жолы; құрал – объектілер, іс – әрекеттер;
формалар – өзара әсерлесу бейнесі.
4) Нәтиже – мақсаттың орындалу көрсеткіші. 2сурет
Педагогикалық үрдістің өз ішінде, демек, оның негізгі
компоненттерінің арасында іске асатын байланыстарды қарастыру қажет:
- Тұтас педгогикалық үрдістің компоненттерін құрайтын оқыту, білім беру,
тәрбие жіне дамыту үрдістерінің арасындағы баланыстар;
- Тәрбие және өзін – өзі тәрбиелеу, педагогикалық басшылық,
тәрбиеленушілердің өзіндік іс – әрекеті, оқыту және оқу, демек
пдагогикалық үрдістің субъектісі мен объектісінің арасындағы
байланыстар;
- Жеке тұлғаның іс – әрекеті мен қарым – қатынасының және оның дамуының
нәтижесі арасындағы байланыстар;
- Жеке тұлғаның мүмкіншіліктері ( жас, дара ) мен педагог
- ықпалдардың сипаты арасындағы байланыстар;
- Педагогикалық үрдістің міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері
арасындағы байланыстар.
Педагогикалық үрдіс – тәлім – тәрбиелік қарым – қатынастарды
ұйымдастыру тәсілі. Педагогикалық үрдісті ұйымдастыратын педагог.
Педагогикалық үрдістің бірнеше элементтерден құрылатын жүйе. Педагогикалық
үрдістің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.
Педагогикалық үрдістің педагогикалық құрылымы: мақсат – принциптер -
мазмұн - әдістер – құралдар – түрлер.
Мақсат – ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қтынастардың
нәтижесі. Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн – мақсатқа
жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі. Әдістер –
мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру – қабылдауға арналған іс -
әрекеттері. Құралдар – мазмұн мен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен
әдістер.
Педагогикалық үрдістің әдістемелік жүйесін жасау үшін мақсат бірнеше
міндеттерге бөлінеді. Әрбір міндет ұстаз бен шәкірт іс – әрекетінің
кезеңдерін анықтайды. Мысалы, сабақтың әдістемелік құрылымы: сабаққа
дайындалу, сабақты өткізу, сабақты талдау; экскурсияның әдістемелік
құрылымы: дайындық, керекті жерге бару, бақылау, көргенді бекіту, нәтижені
талдау. Педагогикалық үрдістің екі жақты сипатын бейнелейтін әдістер
тәрбиеленуші мен тәрбиешінің өзара әрекетін қамтамасыз ететін тетіктердің
бірі болып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz