Ұжымда оқушылардың дамуы және өзін-өзі бағалау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І бөлім. Ұжымда оқушылардың дамуы және өзін-өзі бағалау ... ... ... 7
1.1. Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір-бірімен сабақтастығы ... 7
1.2. А.С.Макаренконың ұжым туралы
тағылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3. Ұжымдық шығармашылық іс және оны ұйымдастыру жолдары.. 13

ІІ бөлім. Өзін-өзі тәрбиелеу
процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

2.1. Өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі әдістері мен
құралдары ... ... ... ... ... . 19
2.2. Оқушының ұжымдағы мінез-құлқын өзін-өзі тәрбиелеуі ... ... ... ... 24
2.3. Өзін-өзі тәрбиелеуді үйрету кезінде оқушыға тұлғалық бағыт
       беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... . 29

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
30

Кіріспе
Ұжым мәселесі қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі
болғандықтан, педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр. Ұжым -
латын тілінен енген ұғым. Ол бізге әр түрлі түсінікті ұғындырады: жиылған
жұрт, жиын, топ, бірлестік т.с.с. Дегенмен, қандай да бір топты ұжым деп
айтуға бола ма? Әрине, ол олай емес. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде
ұжымды екі түрде түсіндіреді. Біріншісі, қандай да бір ұйымдасқан адамдар
тобы (мысалы, өндірістегі еңбек ететін адамдар тобы), екіншісі, тек жоғары
деңгейде ұйымдасқан адамдар тобы немесе бірлестік. Жеке адамның ұжымға өз
еркімен кіру құқығын қолдай отырып, ұжым осы адамнан сөзсіз бағынуды талап
етеді. Ұжым егер ол адамдарды қоғам үшін сөзсіз пайдалы іс-әрекет
мақсатында біріктірсе ғана ұжым болуы мүмкін. Адамды ұжымда тәрбиелеу
идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді.
Аристотельдің айтуынша, адам баласы қоғамның тірі организмі
болғандықтан, тек қоғамда ғана ол өзінің табиғатын дамыта алады. Олай
болса, ол қарым-қатынас жасау барысында өмір сүруге және ғылымға қатысты
білімдерді алады, әр түрлі әрекетке қатысты білік пен дағды қасиеттерін
меңгереді, қоршаған ортаның тылсым құбылыстарын түсіне бастайды және соған
өзі де бейімделеді. А.С.Макаренко: ең бастысы – адамдарға деген жаңа қарым-
қатынас адам ұжымындағы жаңа позициясы, оған деген жаңа қамқорлық... - деп
ұжымдағы ең маңызды мәселе деп осыны атап кеткен болатын. Оның көрсетуінше,
ұжым – адамдардың жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол
жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге
тырысушылардың тобы.
Сондықтан педагогтың ойынша, нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі
балалар ұжымдары болсын, қандай жағдай болса да олар қоғамның бір бөлшегі
болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бір бастапқы ұясы болып
саналатын оқушылар ұжымы да басқа ұжымдармен байланысты болуы тиіс, оның
алдында да қоғам мен ел алдында қойылған міндеттер тұрады. Макаренко жалпы,
ірі, тұтас ұжымдарының бөлімдері болып есептелетін бастауыш ұжымдардан
тұратындығын көрсетті. Жеке бала бастауыш ұжымның мүшесі, сынып оқушысы
бола отыра, ол ірі ұжым өмірімен, бүкіл мектеп мақсатымен бірге өмір сүруі
тиіс деген. Көрнекті кеңес педагогы В.А.Сухомлинский ұжым, жеке адам
теориясы мен тәжірибесінің көптеген проблемаларын жан-жақты зерттеді.
В.А. Сухомлинский Азаматтың қалыптасуы, Коллективтің құдіретті күші
еңбектерінде жас ұрпақты тәрбиелеудегі педагогтың сан-алуан сырларын ашып,
жасөспірімдердің рухани жан дүниесінің және адамгершілік бейнесінің
қалыптасуында ұжымның зор роль атқаратындығын тұжырымдаған. Ұжым теориясына
Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский,
т.б. ұлы педагогтар өз үлесін қосты. Н.К.Крупская, А.С.Макаренко балаларды
ұжымда тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінің негізін жасай отырып,
жасөспірімдерді жастайынан бірлесіп ынтымақта өмір сүруге, еңбек етуге
үйрету керек деп ой түйеді. Н.К.Крупская 1926 жылы Көркемдікке
тәрбиелеудің міндеттері туралы атты еңбегінде: Қазіргі тәрбие ісінің
көлемді міндеттерінің бірі – балаларды ұжым болып жұмыс істеуге және ұжым
болып өмір сүруге үйрету, - деп атап көрсетті. Надежда Константиновна
оқушыларда ұжымдық сезімін тәрбиелеуге үлкен мән берді, жаңа адам, қазіргі
қоғамның азаматы ұжым мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды, ұжым пікірімен
санасады, өз еңбегімен ұжым атына кір келтірмеуге тырысады деп көрсетті.
Ұжымда қарапайымдылық пен кішіпейілділік қасиеттерін ол өте жоғары
бағалады, оларды адамның көркі деп санады. Ұжымды тәрбиелеу принципін
кеңірек және сенімді түрде іске асыру ұлы педагог А.С.Макаренконың
еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. Ол бұл принциптің әдістемелік
мәнін түсініп, тәжірибеде балаға ұжымның әсер ету күшін дәлелдеді. Ол
ұжымның нақтылы әдісін зерттеді және ол әдістерді қолданудың шарттарын
анықтады, ұжымның даму заңдылықтарын және құрылысының ерекшеліктерін ашты.
А.С.Макаренко көпжылдық педагогикалық тәжірибені қорытып-талдау негізінде:
егер балалар ұжымының нағыз ұйымы болса, онда ғажайып нәрселер жасауға
болады, - деген. Педагогика ғылымында балаларды ұжымда, ұжым арқылы
тәрбиелеу идеясы 1920-1930 жылдардан бастау алып, бүгінгі күні ол толық
зерттеліп, мектеп тәжірибесінде жүзеге асып отыр. Қазіргі қоғамды
реформалау, нарық жағдайында бұл идея жиі-жиі сынға алынуда. Ондағы негізгі
себеп, ұжымдық қатынас тұлғалық ерекшелікті басады, оның пікірін
көпшіліктің пікіріне бағындырады.
Соның негізінде тұлғаның өзінің белсенділігі азайып, ұжымға жалтақтау,
яғни комформизмнің тууына ықпал етеді. Демократиялық, жариялылық тұлға
дамуындағы еркіндік идеяларымен үйлеспейді деген көзқарасты дәлелдейді.
Мұндай көзқарас кейбір мектептердегі мұғалімдердің өктемшілдік әрекетінен
туындайды. Себебі 80 жылдардың орта кезеңіне дейін мұғалімдер оқушылардың
нақты өмір жағдайына қатысты қызығушылығын, талап-тілектерін көбінесе
ескермей, біржақты қатаң жүйемен оқу-тәрбие процесін ұйымдастырып келді.
Бүгінде жағдай бөлек көптеген мұғалімдер педагогикалық әрекеттегі тұлғалық-
бағдарлық көзқарасқа сай сыныптың көңіл-күйі мен психологиялық жағдайын
жақсартуға көңіл бөле бастады. Олай болса нағыз оқушылар ұжымын
қалыптастыруды нәтижелі ұйымдастыру, шынайы әлеуметтік өмірге сай
балалардың қажеттілігін ескеріп, мұғалімдермен өзара әрекеттесуінде
ынтымақтастық сипат орын алған жағдайда ғана өз жемісін берері анық. Ұжым
проблемасын түсіндіруде қазіргі әр түрлі ғылыми ұжымдардың зерттеу
жұмыстарында түрліше ғылыми тұжырымдардың барлығын білеміз. Міне, солардың
ішінде Л.И.Новикованың осы бағытта жүргізген ғылыми зерттеу жұмысын ерекше
атауға болады. Ол әрбір оқушыны жан-жақты дамудың құралы ретінде
қарастырып, балалар ұжымын басқарудың тиімді жолдарын зерттейді. Профессор
Л.Н.Новикова және оның ғылыми мектебінің бағыты ұжымның жеке адамды жан-
жақты дамыту әсерінің негізгі бағыттарын ашып береді. Ұжым және жеке адам
проблемасын зерттеуде екінші бір бағыт – профессор Г.Е.Конникова
басшылығымен жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары. Бұл ғылыми бағыт негізгі
функцияны оқушылардың адамгершілік қарым-қатынастарының дамуымен
байланыстырады.

І бөлім. Ұжымда оқушылардың дамуы және өзін-өзі бағалау
1.1. Ұжымның даму кезеңдері, олардың бір-бірімен сабақтастығы.
Ұжым дамуы өте күрделі процесс. Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтеді.
Ұжымның даму кезеңдерін А.С.Макаренко балаларұжымы дамуының мақсатына, іс-
әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың ара-қатынасы тәуелділігіне
байланысты ажыратты. Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз
ұйымдастырылған топ. Сондықтан мұғалім сынып өмірін ұйымдастыратын жұмысты
талап қоюдан бастайды. Талап баланың іс-әрекетінің барысында орындалуға
тиісті нақты міндеттер. Талап қою балаларды мінез-құлық нормасына үйрету,
әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетін
құбылыс. Мұндай жағдай бастауыш сыныптарда және әр мектептен біріктірілген
оқушылардың жоғары сыныптарында болуы мүмкін. Бұл кезеңде мұғалім ұжым іс-
әрекетінде белсенді, ынталы оқушыларға сүйену керек. Ұжым өміріндегі мұндай
тәсіл сыныпта белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар
мен мұғалімдердің жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін. Бірінші кезең
аяқталу үшін мына мәселелерді еске алған жөн: 1) ұжымды нығайтуға
бағытталған мақсаттарды анықтау; 2) ұжым іс-әрекетінің дамуы; 3) жеке адам
арасындағы қарым-қатынас, іскерлік пен гуманистік қатынастардың пайда
болуы; 4) барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының бөлінуі. Бұл
кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың ұжымдық іс-әрекетін
ұйымдастыру, оларды әр түрлі іс-әрекеттеріне қатыстыру, ұжымда балаға
педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру. А.С.Макаренко ұжымды
нығайту үшін тәрбие жұмысын барлық ұжымды тәрбиелеуден бастау қажет дейді.
Ұжым дамунының екінші кезеңі күрделі міндеттерді шеше отыра одан әрі дами
түседі. Ең алдымен, ұжымды ұйымдастыру тәсілі жағынан күрделене түседі.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға, сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық
қызметі тұрақты ұжым органдарына көшеді. Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс
істеудің маңызы зор. Осы кезеңнің ерекшелігі – оқушылардың практикалық іс-
әрекетінің күрделене түсуі. Мысалы, жұмысты бірігіп жоспарлау, әр түрлі
оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбір ұжым мүшелеріне көмектесу,
іс-әрекеттерін бақылау, т.б. Мұғалімнің қызметі – коммуникативті,
балалармен байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың ынтасын қуаттау,
жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту. Ұжымның
бұл даму кезеңінде қатар ықпал жасау принципі қолданылып, тұлғаға талап қою
ұжым арқылы жүзеге асырылады. А.С.Макаренконың Параллельді әрекет ету
педагогикасы деп аталатын принципі бойынша тәртіп бұзған кінәлі оқушыларға
әр уақытта педагогтың тікелей араласуы міндетті емес. Мұндай жағдайда
педагог балалар ұжымының көңілін болған оқиғаға аудара білуі тиіс және жеке
оқушыға ұжым ықпал ете білерліктей дәрежеге көтерілуі керек. Сонда ғана
ұжымның әрбір мүшесі бүкіл ұжым үшін жауап бере алады. Үшінші кезең –
белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, қоғамдық
өмірдегі деректерді, құбылыстарды бағалауда қоғамдық пікір пайдаланылады.
Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі
бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистік қатынастар дамып, ұжымда
тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына,
мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, нормаға
бағыну сияқты қасиеттер пайда болады. Үшінші кезеңде оқушыларды зерттеу
ерекше роль атқарады. Оның себебі оқушылардың идеялық-адамгершілік жағынан
тез қарқынмен қалыптасуына тікелей байланысты. Бұл оқушылар ұжымының өзінің
дамуында жоғары дәрежеге жеткендігінің көрсеткіші бола алады. Бұл күш –
адамның адамға қамқорлығы. Адамның адамға деген жауапкершілігі. Адамның
ұжым алдындағы, қоғам алдындағы жауапкершілігі, - деп жазды
В.А.Сухомлинский. Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір – бұл
ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті
ұжым одан әрі дамытып, кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді
мақұлдайды немесе теріске шығарады. Демек, ұжымдық талқылау, бағалау,
жариялылық әрекеттілігі – қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.

1.2. А.С.Макаренконың ұжым туралы тағылымы.
А.С.Макаренко тағылымы ұжымды сатылы қалыптастырудың егжей-тегжейлі
технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді:
қозғалыс – ұжымның өмір сүру формасы. Әйгілі педагог ұжымның даму
принциптерін анықтады (ашықтық, жауапты тәуелділік, перспективалық,
бірлікті әрекет). Ұжым болу үшін, топ сапалы жіктелу жолынан өтуі қажет.
Мектепте педагогикалық тұрғыда ойластырылып шешілген оқу-тәрбие
үрдісін шебер жүзеге асыру үшін әрбір мұғалімнің, тәрбиешінің, мектеп
директорының, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушылардың мектеп ұжымының
тәрбиесі жөніндегі негізгі ұстанымдарды басшылыққа алатын ғылыми негіздерді
білуі керек. Өйткені, ұжымда идеялық бірлік болғанда ғана іс-әрекет, ой-
күші болады. Ал бірлік - әрбір адамның табанды идеялық сенімдерін
қалыптастырудың түп негізі және ең маңызды ұйтқысы. Педагогика
мәдениетінің, бүкіл оқу және тәрбие жұмысының дәрежесі төмен болған жерде
ұжым туралы сөз қозғау мүмкін емес. Ұжымға басшылық ету үшін және оның
жұмысына дұрыс бағыт беру үшін мектеп басшысы және барлық тәжірибелер әрбір
баланың психикалық, рухани, интеллектуалдық ерекшеліктерін өте жақсы білуі
тиіс. Мұғалімдер мектепте баланың тек оқып қана қоймайтынын ұмытпау керек.
Мектепте ол өмір сүреді. Егер тәрбиешілер осы ақиқатты ұмытса, оқушы үшін
оқу ең ауыр азапқа айналады. Оқу – сан қырлы рухани өмірдің тек бір ғана
құрамды бөлігі. Егер ұжым ішінде идеялық, азаматтық, интеллектуалдық,
еңбектік, эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда оқушылар толық мәнді
рухани өмір сүре алады. Ендеше мектеп өзінің қызғылықты, мазмұнды өмірімен
ғана оқушыларды өзіне тарта алады. Адам – ұжым – қоғам - өзара қарым-
қатынас жүйесі, міне осының арқасында ұжым қоғамның белсенді қайраткерін,
азаматтық, қоғамдық мәселелерге өте сергек қарайтын, ел мүддесімен, ел
тілегі мен өмір сүретін жауапкершілігі мол, саналы азаматты тәрбиелейтін
күшке айналады. Тәрбиеде ұжым теориясы мен тәжірибесін жасауда ол ерекше
орын алады. А.С.Макаренко ұйымдасқан ұжымдағы жеке адамды қалыптастыру
жүйесінің тиімділігін теориялық жағынан негіздеп, практикалық тұрғыдан
дәлелдеді. Жеке адамды ұжымда тәрбиелеудің бір жүйелі теориясын жасап
берді. Оның идеясы тәрбие практикасында жан-жақты дәлелденіп іске асты.
Күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Ынтымақты, ұйымшыл да пәрменді
мектеп ұжымдарын құру және соның негізінде қоғамдық белсенділігін арттыру –
тәрбие жұмысын жетілдірудің аса маңызды бағыттарының бірі. Ұжымның жеке
адамға әсерін А.С.Макаренко 3 тұрғыдан қарастырады: әлеуметтік,
педагогикалық және методикалық. А.М.Горький атындағы колония мен
Ф.Э.Дзержинский атындағы коммуна тәрбиеленушілерімен тікелей жүргізген
жұмыс тәжірибесінде жеке адамды жан-жақты қалыптастыруда ұжым ролінің
ерекше екендігін атап өтті. Антон Семенович тәрбие жұмысын жүргізуде
балалар ұжымының ертеңгі күні бүгінгісінен өзінің мәні және шеңбері жағынан
жоғары және кең тұратындай болып құрылуын талап еткен. Өзінің тәжірибелік
тәрбие жұмыстарында бірімен –бірі байланысты түрде құрылатын, жоғарыда атап
кеткен, үш түрлі (жақын, орташа және қашық) болашақ жолдарды
(перспективаларды) пайдаланған. Мектеп бітіргенне кейін іске асуға тиісті
балалардың бүкіл ел өміріне араласуға ұмтылушылығын тәрбиелеуді Антон
Семенович болашақтық жолдардың ең жоғарғы басқышы деп бағалаған. Ол болашақ
жолдардың балалар ұжымының тек қана қуанышы мен жақсылықты сезуінен құрала
бермейтіндігін ескертті, ұжым мүшелері болашаққа жетуде өздерінің алдында
кездесетін қиыншылықтарды меңгеріп, жеңе білуге тәрбиеленуі тиіс деді. Ол
қоғамдық гуманизм идеясымен сусындаған ұжым теориясын жасады. Адамның жеке
басын қоғамнан тыс, ұжымнан тыс алып қарауға болмайды деп айтып кеткен.
Сондықтан ұжым ішінде, ұжым үшін, ұжым арқылы тәрбиелеу Макаренконың тәрбие
жүйесінің негізгі және орталық идеясы болды. Өзінің шығармаларында ұжым
ішінде тәрбиелеу мәселесін тәрбие жүйесінің негізгілерінің бірі ретінде, ол
ұжымды тәрбиенің ең бастысы, тәрбиенің бірден-бір, негізгі құралы деп
бағалаған. А.С.Макаренко ұжымды сипаттайтын негізгі ерекшеліктерді
анықтады, олар: айқын түрде мақсатқа талпынушылық, ұжымның барлық
мүшелерінің іс-әрекет жасауы, бірлігі, ұжым мүшелерінің өз арасында
міндеттерін анықтауы, бұл міндеттерін әрқайсысының ұқыпты орындауы; қатаң
түрде орнатылған тәртіптің болуы, оны ұжым мүшелерінің сөзсіз орныдауы; өз
мүшелері үшін ұжымның жеке адамдарының бүкіл ұжым алдындағы жауапкершілігі,
өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім; өзара бағына білу. Ол оқушылар
ұжымын тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ең басты формасы ретінде қарастырды.
Балалар ұжымының негізінде жатқан педагогикалық принциптерді жасады. Ол
ұзақ жолдар, параллельді (қатар) әрекет ету принциптері. А.С.Макаренко
тәрбие процесінде тәртіп бұзушы тәрбиеленушілерге қарсы кең түрде балалар
ұжымының осы мәселеге байланысты параллельді (қатар) әрекет ету әдісін
шебер қолданған. Бұл әдіс бойынша, тәртіп бұзған кінәлі оқушыларға әр
уақытта тікелей педагогтың араласуы міндетті емес. Мұндай жағдайда педагог
балалар ұжымымың көңілін сол болған оқиғаға аудара білуі тиіс және әр жеке
оқушыға ұжым ықпал ете білерліктей дәрежеге жеткізілуі керек. Сонда ғана
ұжымның әрбір мүшесі бүкіл ұжым үшін және бүкіл ұжым өзінің жеке мүшелері
үшін жауап бере алады. Оқушылар ұжымы тәрбие беруде қатар әрекет жасау
педагогикасын ойдағыдай қолдануды қамтамасыз етеді. Ұжым неғұрлым
топтасқан болса, педагогтар мен оқушылар ұжымы органдарының қатар әрекет
жасауы соғұрлым күшті және тиімдірек болады. Мұның өзі ұжымды тәрбиелік
ықпал және оқушылардың өмірін ұйымдастыру объектісінен тәрбиелеу, тәрбиелік
қарым-қатынастарды дамыту субъектісіне айналдыруға жәрдемдеседі. Тіпті, өте
талантты педагогтың бір өзі, ол оқушылар ұжымына сүйене отырып қол
жеткізерліктей табысқа жете алмайды. А.С.Макаренконың тәрбие беретін
мекемелердегі көпжылдық тәжірибесі негізінде дұрыс, ұлттық тәрбие тұтас,
күшті, әсерлі ұжымдар құру жолымен ұйымдастырылуы тиіс деген қорытындыға
келуі тегін емес. Антон Семенович ұжымды тәрбиелеуде сол ұжымнан шыққан ең
алдыңғы топ – мықты активтің роліне үлкен мән берген, активті ол
педагогтардың ең жақын тірегі ретінде қараған. Мектеп ұжымы – типі жағынан
әр түрлі ұжымдар мен бірлестіктердің ең күрделі жиынтығы. Сынып,
шығармашылық ұйымдар, жоғары сынып оқушыларының клубы мен үйірмесі, спорт
секциясы, еңбек бригадасы, туристік команда т.б. балалардың бірлестіктері
бір ғана жалпы мектеп ұжымының шеңберінде өмір сүреді және жан-жақты
дамиды. Оқушы бір уақытта бірнеше ұжымға мүше болып табылады, олардың
әрқайсысында белгілі роль атқарады. Белгілі педагог атап көрсеткен ұжымды
сипаттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер:
- ұжым алдындағы айқын мақсат;
- ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;
- ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;
- өз арасында міндеттер белгілеуі;
- белігіленген міндеттерді орындауы;
- қатаң тәртіптің болуы;
- өз мүшелері үшін ұжымның жауапкершілігі, өзара көмек, өзара
бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым-қатынастың болуы. Ұжымдық
рухта тәрбиелеу педагогикалық тәрбие мақсатындағы негізгі принцип. Бұл
мақсатқа жетудің жолдары мен формалары ұжымға байланысты. Кеңес мектебі
әлемде бірінші болып жеке тұлғаға бағдарланған тәрбиеден бас тартып, тәрбие
іс-әрекетінің негізіне ұжымды қалады. Сөйтіп, тәрбие тәжірибесі мен
теориясының дамуына деген көзқараста үлкен қадам жасалды. Ұжым тәрбиелік
талпыныстар орталығына айналды, оны қалыптастыру мектептің негізгі міндеті
ретінде қабылданды. Бірақ кең көлемде көзделген тәрбие жұмыстары
жақсынәтиже бере қоймады, жақсы ойлар іске аспады. Көптеген жылдар бойы
үстемдік еткен ұжымдық тәрбие біздің мектептерде елеулі үлесін қоса алмады.
Бұл нені көрсетті – идеяның нашарлығын ба, әлде оның өмір қажеттігіне сай
келмегенінен бе? Өткенді ойлай келе, бүгінде адамның жеке табиғатын жасау
идеясы нақты да қарапайым болып шықты. Бұдан мынадай қорытынды шығады:
жекелей дамуды кесіте не ұжымдауды әсірелеп, тәрбие ісін біржақты қателікке
апаруға болмайды. Ұжымдық және тұлғалық үйлесім көп жағдайда тәрбие туралы
дұрыс көзқарастар негізіне алынуы шарт.

1.3. Ұжымдық шығармашылық іс және оны ұйымдастыру жолдары.
Сынып ұжымын ұйымдастыру формасы жеке топ және ұжымдық шығармашылық
әрекет түрінде атқарылады. Соның ішінде ұжымдық істерді ұйымдастырудың
нәтижелі формасына – жеке топ болып әрекет етуді жатқызамыз. Ол барлық
балаларды ұжымдық істерге қатысуға , олардың жеке мүмкіншілігін,
қажеттілігін ескеруге жағдай тудырады. Жеке топтық жұмыс тұлғаның
қажеттілігін және қызығушылығын жұзеге асыру барысында оның дамуына
мүмкіншілік тудырып қана қоймайды, сонымен бірге қабілетін де шыңдап, басқа
да топтардың өзара әрекеттесуі барысында жалпы сынып ұжымының дамуына ықпал
етеді. Дегенмен де қазіргі психологиялық-педагогикалық зерттеулерде сыныпта
ұжымдық шығармашылық әрекеттің басым болу қажеттілігіне аса маңыз берілген.
Ондағы себеп, ұжымдық әрекет балалардың өздеріне және басқа да адамдарға
ізгілік қатынастарын дамытуда, мұғалімдерге оның жалпы бағытын ұстанып
отыруына мүмкіндік береді деген пікірді алға тартады. Ұжымдық шығармашылық
форма – оған қатысушы жақтардың өзара бірлесіп іздену жұмыстары негізінде
жүзеге асады. Ол үшін: - әрбір қатысушының қызығушылығы және қажеттілігі
ескерілуі тиіс; - жеке тұрғыдағы мақсат топтық және ұжымдық мақсатқа қарама-
қайшы келмеуі тиіс;
- ұжымдық шығармашылық іс, жалпы ортақ істе әркімнің өзінің орнын таба
білуіне мүмкіндік туғызуы тиіс. Ұжымдық шығармашылық әрекет формасы
басқалардан тәрбиелік міндеттерді қою және оқушылардың тәжірибе жинақтау
сипатымен ерекшелінеді. Оның негізін ұжымның барлық мүшелерінің өзара
бірлескен әрекеттері, ынтымақтастық жағдайы құрайды. Мұндай жағдайда олар
сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарына қатысты жоспар құруды, тәрбие шараларын
дайындау және өткізуді бірлесе атқарады. Ұжымдық шығармашылық істі
ұйымдастыру негізінен 5 кезеңнен тұрады:
1. Дайындық жұмысы. Мұғалімдер сынып ұжымымен болашақта атқарылатын
шығармашылық істің жоспарын алдын-ала белгілейді,оның нақты тәрбиелік
міндеттерін анықтайды, балаларға оның әр түрлі жобасын талқылау ұсынылады,
олардың пікірлерімен санаса отыра, жоба нақтыланады, соның барысында әрбір
оқушының оған белсенді қатысын орнықтыратын тәсілдері қарастырылады.
2. Ұжымдық жоспарлау. Балалар бұл кезеңде өздері әрекет етеді. Яғни
олар қойылып отырған мәселеге сай оның шешімін ұжым болып немесе топ-топ
болып бірлесе қарастырады. Шараның құрылымын белгілеп, нақты жоспарын
құрады. Белсенді топ құрылып, жауапты адамдар тағайындалады, басшысы
сайланады.
3. Ұжымдық іс-қимыл. Ұйымдастыру тобы дайындық жұмыстарының жоспарын
құрып, оны нақтылап, қажет болған жағдайда түзетулер енгізеді. Оны
ұйымдатыру барысында жекелеген оқушыларға немесе топқа тапсырмалар бөлініп,
олардың барысын қадағалап отырады. Сынып жетекшісі бұл кезеңде оқушылардың
бастауларына қолдау көрсетіп, олардың шығармашылықпен ынталы жұмыс істеуіне
себепкер болады. Кейбір жекедеген оқушының бастамасы мен белсенділігін
басқаларға үлгі тұтып отырады.
4. Шараны өткізу. Бұл кезеңде жоспар нақты жүзеге асады. Оқушылар
алдын-ала дайындық жұмыстары және белгіленген жоспар бойынша өздерінің
ойларын ұжым болып атқарады. Сынып жетекшісі шараның өту барысында ынталы
топқа қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп, жағымды көңіл-күй тудырып,
кейбір кемшіліктер туындап отырса, оны бейресми түрінде түзетіп отырады.
5. Шараның нәтижесін қорытындылау. Шараны өткізіп болғаннан кейінгі
кезекте, оның нәтижесін қорытындылап, жоспар бойынша қалай белгіленген, ал
ол қалай атқарылды деген сұраққа ұжым болып жауап іздейді. Бұл
жауапкершілігі мол кезең. Сондықтан, оған оқушылардың барлығы белсенді
қатысуын ұйымдастыру сынып жетекшісі үшін маңызы ерекше. Мұндай жағдайда
оқушыларды асықтырмай, олардың өзара талқылауына біраз уақыт және мүмкіндік
берген жөн. Шараның жетістігі мен кемшілігі сарапталып, болашақта оны
болдырмаудың жолдары қарастырылады. Пікір алмасуы барысында оқушыладың
ұсыныстарын ескеруі қажет. Сынып жетекшісі онда айтылған пікірлерді
қорытындылап, кейбір ұнамдысын өзінің қойын дәптеріне жазып отырады.
Ұжымдық шығармашылық жұмыс өзінің ұйымдастыру формасы жағынан бірден-бір
қолайлы әлеуметтік және педагогикалық құбылыс.
Сондықтан да оны ұйымдастырудың жолдары әр түрлі. Соған байланысты
сынып жетекшісінің кейбір жағдайларды ескеріп отырғаны жөн: - сынып
жетекшісі ұжымның шығармашылық мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс; -
белгіленген шараға дайындық және оны өткізу барысында бұрын өткен шарамен
байланысын, бірізділігін қамтамасыз етуі тиіс; - шараның мақсаттылығын
қамтамасыз етуде, бұрмалаушылыққа жол бермеу; - оқушылардың оқу-тәрбие
процесінде алған білімдері мен тәжірибесін ескере отырып, жалпы
педагогикалық тәжірибелерді басшылыққа алу; - белгілі бір шараны белгілеп,
оның дайындау және өткізу барысында оқушыларға қамқоршы болуды үнемі естен
шығармау; - шараның нәтижесін қорытындылап, талдау барысында бірде-бір
оқушының қалыс қалмауын қадағалау. Ұжымдық шығармашылық әрекеттің қандай да
бір формасын алмайық, оның нәтижелі болуы мұғалімдер болсын, оқушылар
болсын барынша ой-фантазиясын, тапқырлығын, өзінше көзқарасын көрсету
қажет. Сонда ғана ол олар үшін көңілді де қызық болады. Әрине, мұндай
қатынас мұғалімдер үшін де әсерлі. Ал осы ұжымдық шығармашылық істі
ұйымдастырып, балалар ұжымынының өмірін қызықты етуде олардың
жастерекшеліктерін ескеріп отыру өте маңызды. Бастауыш сынып оқушыларын
қазірдің өзінде қоғамдық-саяси сипаттағы білімнің кейбір қорын меңгереді,
көпшіліктің игілігіне арналған ұжымдық жұмыстың тәжірибесіне ие болады,
өзіне-өзі сенімді және өздігінен әрекет жасайтын болады. Олардың бойында
өздігінен талдау жасай білу және өзіндік баға беру, үлкендердің және
жолдастарының мінез-құлқына талдау жасауға талпынуға бейімділік, жеке адам
ретіндегі айқындалу көрініс бере бастайды. Оларды сынып ұжымындағыларға
бөлініп берілетін роль, қоғамдық пікір, жолдастарының қарым-қатынасы
толғандыра бастайды. Бастауыш сынып оқушыларының жеке басының өзара
байланысы неғұрлым жіктеліп, оларда жолдастарына талғаммен қарау, өзіне дос
табуға тырысу қатынасы пайда болады. Сондықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар ұжымы және оның ерекшеліктері
Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы
Оқушылар ұжымы туралы түсінік
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҰЖЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Ұжым әлеуметтік жанды тұлға
Ұжымның даму кезеңдері
Жеке тұлға ұжымды өзіне бағындыруы
Балалар ұжымы дамуының негізгі сатылары және оның қалыптасуы
Оқушылар ұжымын нығайтуға педагогикалық жетекшілік
Оқушылар ұжымын нығайту жолдары мен қалыптастыру процесі
Пәндер