Коммерциялық банктердің басқару құрылымы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жұмысының теоретикалық
негіздері
1.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеттері мен
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Ұлттық банкінің басқару
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3. Ұлттық банкінің қызметтері мен
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
I I. Коммерциялық банктердің түсінігі және
құрылымы
2.1 Коммерциялық банктердің басқару құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
2.2 Коммерциялық банктердің ұйымдастырушылық бөлімшелерінің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
а) Функционалдық ұйымдастырушылық құрылымы

б) Дивизиондық ұйымдастырушылық құрылымы
2.3 Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .26
Қосымша
материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..27

Kipicпe
Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сәйкес Қазақстан
Республикасындағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі - мемлекеттік орталық банк
ретінде бірінші деңгейді білдіреді.
Өзге банктердің барлығы ( Мемлекеттік даму банкісінен басқасы )
-екінші деңгейде сипаттайды, сондықтан да оларды ic-жүзінде екінші
деңгейдегі банктер деп атайды.
Еліміздегі барлық несие жүйесі реттеуші ұйым рөлін атқара отырып,
Орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде акша-
несие және валюта саясатын анықтайды. Оның кызметінің басты мақсаты пайда
табу емес, тек акша —несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесі
жетекшілік етуге бағытталган.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Ортальқ банктің мемлекетпен
6ipiктірілген кең көлемдегі өкіліттігі екі деңгейдегі банктік жуйенің
тиімді кызмет етуін камтамасыз етеді.
Орталық банктің тарапынан акша -несиелік реттеудің негізгі обьектісіне
экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма -қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк - бұл бұрынғы карапайым клиенттерге қызмет керсетумен
айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке
ауыскан, банктердің банкіci болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық
кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түcуi
Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы
жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк
мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие
ала алады.
Курстық жұмыстың 6ipiнші бөлімінде Ұлттык, банктің баскару
кұрылымы, мақсаттары мен міндеттері қарастырылған.
Екінші бөлімінде Ұлттық банкінің шет елді экономикалық кызметтері мен
алтын валютаның резервтерді басқаруы қарастырылған.
Ұлттық банк- ақша резервтерінен, алтын валюта резернвтерінен, басқа да
материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар тұлға. Мүліктін құралу
көздеріне- банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар
және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Курстың негізгі мақсаты - Казақстан Республикасының Ұлттық банкінің
банктік қызмет нарығында пайда болган қиыншылықтарды карастыру және оны
шешу жолдарын керсету.
Курстың жұмыстың негізгі міндеті - курстық жұмыстың мақсатына сай
мынандай мәселелері шығарылады ;
- Ұлттық банктің кызметтерді ұсынуының теоретикалық аспектілер мен
танысу.
- Ұлттық банктің негізгі даму беталысын анықтау.
- Банктің қызмет нарығында пайда болған қиыншылықтарды анықтау және
оны шешу жолдары.

Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада да несие жүйесінің негізгі
буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз
қозғалысын қамтамасыз ету , өнер-кәсіп мекемелерін , мемлекет пен халықты
несиелеу ,халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.

Өнер-кәсіп дамыған мемлекеттерде коммерциялық банктер бір-бірінен көптеген
өзгешеліктеріне байланысты ажыратылады:

Біріншіден,жарғылық капиталды иелену және оны қалыптастыру жөнінен;
Банктер акционерлік қоғам немесе шетел капиталының , шетел банктерңнңғ
қатысуымен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар болып құрылуы мүмкін.

Екіншіден,жүргізетін операцияларды жәнінен. Коммерциялық банктер
әмбебап және мамандаған болып бөлінеді.

Үшіншіден, іс-әрекеті тарайтын жер көлемі жөнінен – банктер
федералдық (одақтық) , республикалық және аймақтық болып бөлінеді.

Төртіншіден, экономиканың әр-түрлі салаларына қызмет көрсету жөнінен
– салалық және салааралық болып бөлінеді

I бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жұмысының теоретикалық
негіздері

1.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеттері мен
мақсаты.
Орталык банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас
органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың
мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық рөлі мемлекет берген
үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдін эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы,
сондай-ақ ол норма шығару, баскару құқыктарына ие банктердің банкі,
соңғы сатыдағы несие беруші рөлін атқарады, акша-несиелік және валюталык
саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, акша-несие
саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе корсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең
өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін
камтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы
жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын
жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне
экономикадағы қолма-кол және қолма-қолсыз акша массасы жатады, оның
динамикасына төлеуге кабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің
өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады,
яғни ақша массасы, негізінен, банктердің несие-депозиттік қызметіне
байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын
және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы
реттейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттык банкі туралы Заңы бойынша Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және
республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық
кеңсесі Қазакстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта кұрылған. Ол жай
клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталык эмиссиялык банкке
өзгертілді және банктердің банкі болды.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке
шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің
мекемелері арқылы коммерциялык банктердің кассаларын толтыру негізінде
жүреді. Барлық банктер колма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің
мекемелері аркылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады.
Осының нәтижесіпде колма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық
банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.
Ұлттық банк - акша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да
материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің
құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы кағаздардан түскен
табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9-бабына сэйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд теңге
көлемінде мына қаражаттар есебінен қүрайды: республикалык бюджеттен
бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк
тапқан пайдадан аударымдар.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің
жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құкықтық формалары бар:
- оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын
унитарлық банк;
- акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі (немесе мемлекеттің
қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
- бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
- Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер
жүйесі.
АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың
капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл
төлемдерінен тұрады.
Негізі Ұлттык банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет - жарғылық
қордың жалғыз иесі. Негізгі қор - ғимараттардан, кұрылғылардан, көлік және
басқа да кұндылыктардан тұрады, ал айналым қаражаты — банкіге тиесілі ақша
каражаттарынан тұрады. Ұлттык банк резервтік және басқа қорлар кұрады.
Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен
толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетіп
операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын
табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға:
активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың
құндарының бір бөлігі жатады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған
бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттык банк және оның мекемелері
барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті - Қазакстан
Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз
ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай
қосымша міндеттер жүктеледі:
Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік
экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша
айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар
саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
- ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге
көімектесу;
- банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтіи
ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк
несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғауы.

Ұлттық банкі жұмысшының негізгі бағыттары:
- елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық
операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік
ииструкциялық нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге
міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
- банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің эдістерінің формаларын
талдау;
- банк ісін бақылау және қадағалау;
- елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
- ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
- валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау,
біркелкі валюталык саясатын жүргізу және т.б.
Ұлттық банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:
- меншікті қаражаттары;
- басқа банктерден тартылған және келісімшарт негізінде Ұлттық банкіге
орналастырылғап ақшалай қаражаттар;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;
- мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос
қаражаттарынан.

1.2. Ұлттық банкінің басқару құрылымы.

Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да
мәселелері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы және
Қазакстан Республикасының Ұлттык банкі туралы Ережесі негізінде
анықталады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат,
бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті
құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996жылғы кұрылымы
1 сызбада көрсетілген.
Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен
басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның
құрамына - Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламет пен
Президенттің бір-бір өкілі және Қазакстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі
кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай
сұрак-тарды шешеді:
- мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды;
- Ұлттық банк шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді
бекітеді;
- Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың
номиналдық құның және әшекейлік пішінін бекітеді;
- Ұлттық банкінің банктермен және Қазакстан Республикасының бюджетімен
операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;
- Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау
тәртібін белгілейді;
- сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін
бекітеді;
- Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты
қарастырады;
- Ұлттык банк туралы Ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және Ұлттық
банк департаменттерінің директорларын тағайындайды;
- банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін бекітеді.
Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге асырады.
Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.
Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың үш
мүшесінің талабымен өткізіледі.
Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік
органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа ұйымдармен
қатынастарда жұмыс істейді.
Ұттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы-
бұйырушы шешімдер кабылдауға, Ұлттық банк атынан келісімшарттар жасауға
өкілетті. Бірақ, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірмейді.
Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін
басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол
басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіктер
бере алады. Ұлттық банк терағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін
орынбасарларының бірі атқарады.
Ұлттык банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып
жұмыстан босатуын сұрай алады. Ол Президенттің ұсынысымен орнынан
босатылады.
Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағасы
арқылы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын
сұрай алады.
Ұлттық банкінің жедел басқару органы - Директорлар кеңесі
(директорат), ол Ұлттық банктер төрағасымен басқарылады.
Директорат, Қазакстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңға
сәйкес Ұлттық банкінің қарауындағы, төрағаның және басқарма
қарауындағылардан басқа барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Директорат құрамына - төраға, оның орынбасарлары және департамент
директорлары кіреді. Ұлттык, банкінің орталық аппараттарында келесідей
(1997 жылдың ортасындағы жағдай бойынша): ақша-несие операциялары, Банктік
қадағалау, халық-аралық қатынастар, эмиссиялық-кассалық операциялар,
ақпарат-тық технологиялар, бухгалтерлік есеп және бюджет, ішкі қызмет,
зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу жұмыстары, төлем жүйелері,
шетелдік операциялар, заң департаменттері және дербес басқармалар бар.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің
облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар
филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.

1.3. Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары.

Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Ұлттык банкі туралы Заңға
сэйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан
Республикасында мемлекеттік акша-несие саясатын жүргізеді,
Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды
айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
- кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі
және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
- Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
- Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын,
өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге
лицензия береді;
- банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының, оның тіркелуіне дейін
өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
- ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық
позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие
беруші болады, кайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
- банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және
айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді, әрі
пруденциалдық нормативтер белгілейді;
- Қазақстан Республикасында ресми мөлшерлемелерді өзгерту арқылы банктік
пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
- Қазақстан Республикасында имформациялық процестерді ақша-несие реттеуі
әдістерімен бәсендете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің
операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз
мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді;
- Қазақстан Республикасында есеп айырысу тәртібін, жүйесін және
нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп
айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз
ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мем валюталык бақылауды
жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге
кұкылы;
- банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша
банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын
жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға
міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың
орындалуын бакылайды;
- бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге,
шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға
бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын
және
мерзімін бекітеді;
егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан
Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық
субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік жәие
басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу
мақсатында бекіте алады;
Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін
ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құкылы;
қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу әне
инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды,
сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен
монеталардың мемлекеттік резервтік қорларын құрады;
- Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын кұрады және
тұрақты түрде жариялайды;
- ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған
кұжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің
және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқына ие;
Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға қатысады;
Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы
қаржыландырылатын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет
керсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер
атқарады.
Ұлттық банк - заңды төлем кұралын, яғни банкноталарды шығаруға
эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің
эмиссиялауында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз балама алу
формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі - теңге
болып табылады.
Ұлттық банк банкноталар мен монеталардың, қажетті мөлшерін анықтайды,
олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаның
инкассациялау тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноталар мен монеталардың
номиналдық кұрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен
монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасының Парламентінің
құқы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау
құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің
ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып
отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық
банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен
байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен
салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы
қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен
қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.
Эмиссия - бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы
қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз ақша
түрінде де болуы мүмкін.
Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия - айналысқа банкноталар мен
монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.
Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі
себептерінің бірі - кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп
айырысулардың біртіндеп қолма-қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине,
жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.
Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің
кассалық шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшаларды эмиссиялаудың
үлес салмағы банк кассасында берілуі қысқарды.
Депозиттік банктердін эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялардың
процесінде іске асады. Банкідегі депозиттер сомасы несие ақшаны кұру үшін
қажет потенциалын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру
арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар қүрылады. Бұл операциялардың сызбасы
келесідей: 100 ақша бірлігімдей депозит үшін міндетті резерв 15 ақша
бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банкі арқылы қарызға берілуі
мүмкін.
Сонда айналымдағы ақша массасы: 100 + 85 = 185 ақша бірлігі болады.
Бұл - сома 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы
жолмен құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола
алатын басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни, ақшаның
мультипликативті көбеюі орын алады.
Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы
сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді.
Ақша базасы - бұл Ұлттық банкі шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы
қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер
- бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие
корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі
(бұл Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктер мен
қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады).
Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банкідегі корреспондентік
шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері
банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты
болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі
банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарының
көлемін, яғни банктердің енімділігін реттеу арқылы реттейді.
Ол ақша-несие саясатының кұралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл
құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының,
ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетің ақша мультипликаторының
мөлшеріне әсер етеді.
Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына
байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының көзі
болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес
салмағына байланысты болады.
Бұл — айналымдағы қолма-қол ақшалардың банктерден тыс (болғанда)
орналасқанда мультипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипликациясының
интенсивтілігі олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді,
мультипликацияның коэффициенттік жылдамдығы азаяды.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы (бұл жағдайда банк жүйсі арқылы
жүретін төлем жылдамдығы туралы айтылмайды) Ұлттык банк арқылы тікелей
реттелмейді, бірақ оның мөлшері инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-
несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақшалардың айналыс
жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозитердің және ұзақ мерзімді
инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана, жалпы
экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана
мүмкін.

І І Тарау. Коммерциялық банктердің түсінігі және құрылымы

2.1 Коммерциялық банктердің басқару құрылымы

Несиелік жүйенің төменгі буыны хальқ шаруашылығына тікелей қызмет
көрсететін және коммерцияльқ непізінде кең көлемді каржыльқ қызмет жасайтын
дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер
деген жалпы атпен біріктірілді.

"Коммерциялық банк" термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде,
банктердін сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдерше қызмет
көрсету! барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне
осында "коммерциялық банк" деген атауға ие болды). Бірақ өнер-кәсіптің және
баска салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет
көрсете бастағандықтан да банктің "коммерциялық" деген атауы бастапқы
мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктік "іскер" деген сипатын білдіреді,
оның шаруашылық агенттертдердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі
олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер -
нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік
мекемелердің тобын біріктіреді.

Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге,
бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген
елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқару әдістемесі және тәжірибесі
Коммерциялық банктердің делдалдық қызметі және олардың дамуы
Коммерциялық банктердің қызметі туралы
Коммерциялық банктердің басқару және функционалдық құрылымы
Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде, қызметтері мен операциялары
Банктердің қызметтері және операциялары
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері, оның қызметтері мен операциялары
Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы және коммерциялық банктердің операциялары
Коммерциялық банктердің қызметін басқару құрылымы
Коммерциялық банкттер
Пәндер