Константин Дмитриевич Ушинский педагогика теориясы және оның маңыздылығы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1бөлім. Педагогика пәні және оған К. Д. Ушинскийдің ықпалы
1. 1 К. Д. Ушинский туралы жалпы мәлімет . . . 5

1. 2 Педагогика пәні және оған К. Д. Ушинскийдің ықпалы . . . 6

2 бөлім. Негізгі бөлім
2. 1 К. Д. Ушинскийдің педагогика теориясы . . . 14

2. 2 К. Д. Ушинскийдің педагогика теориясының ерекшелігі және маңыздылығы . . . 19

2. 3 Ушинскийдің халықтық идеясы . . . 22

2. 4 Адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары мен тәсілдері . . . 24

2. 5 К. Д. Ушинскийдің педагогикалық мұрасы және оның басқа халықтардың алдыңғы қатарлы педагогтарына әсері . . . 25

Қорытынды . . . 29

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 31

Қосымшалар . . . 32

Кіріспе

"Тəрбие, егер ол адамға бақыт бағыштағысы келсе, оны бақыт үшін тəрбиелемей, өмірлік еңбекке баулуы тиіс. Ұдайы жетілуде болған тəрбие адамның тəн-дене, ақыл-парасат жəне ізгілік-инабаттық күштерінің ауқымын барынша кеңейту мүмкіндігіне ие болады. "

( К. Д. Ушинский )

К. Ушинскийдің мынадай сөздері бар: «Егер педагог адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда педагог ең алдымен сол адамды барлық жағынан білуі керек». Демек, мұғалімнің қызметінің табысты болуы оның балалардың ішкі дүниесіне терең енуіне байланысты. Мектеп оқушысының тыныс-тіршілігін, оның мүддесін, мінезін зерттеу - оның жүрегіне жол табуды білдіреді. Адам баласы өмір бойы түрлі даму сатысынан өтіп келеді. Қазір білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамыды. Көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп отырған қоғамда өз күш-жігерін қай салаға бұру керектігін оқушы дұрыс таңдауы керек. Сондықтан да мұғалімнің алдында оқушыны ғылыми жұмысқа баулу, заман талабына сай өз ойын еркін жеткізе білетін дарынды, білімді де салауатты тұлғаны қалыптастыру жолындағы жұмыс тұр.

Оқыту процесінің өзіне тән қызметтері бар. Олар оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту қызметтері.

Оқытудың білім беру қызметі бұл адам баласының білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезде білімді толық игеру үшін оған қойылатын талаптарды ескерген жөн . ( Қосымша 1) Олар:

- білімнің толықтығы оқу материалдарын түсіну үшін танымдық іс-әрекетті іске асыру;

- білімнің түсініктілігі оқушылардың өз бетімен ізденіп ақыл ойын дамытуы;

- білімнің әрекеттілігі жаңа білім алу үшін оқушыға бұрынғы білімін шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.

Оқытудың тәрбиелік қызметі оқытудың тәрбилік ықпалы жайындағы идея Я. А. Коменскийдің, И. Ф. Гербарттың, Ф. А. Дистервектің, Н. И. Пироговтың және К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.

Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби "Тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы болады" деп, қатты ескертті. Білім беру мен тәрбиелеу біртұтас әрекет екендігін дәлелдеген ғұламалар соған байланысты өз шығармаларында сол екі негізге байланыстырып құра білді. М. Дулатов "Оқытудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек" екендігін баса айтып, оқу мен тәрбиенің біртұтас педагогикалық әрекет екендігін дәлелдеді.

Мағжан Жүмабаев көру, есту, сипау, иіскеу, бұлшық ет сезімдері арқылы әдепке, әдемілікке, сымбаттылыққа талғампаздыққа тәрбиелеу керек, сол тәрбиелер арқылы зейін қалыптасады, баланың ақылы ересек адамдарға қарағанда төмен, екеніне байланысты тәрбиелік іс-әрекетте тәлімді тәсіл қолдана білу керек екенін түсіндіреді.

Бірақта осы барлық педагогика пәні ғылымында еңбек жасап отырған педагогтардың арасында Константин Дмитриевич Ушинскийдің алатын орны ерекше болып келеді. Оның еңбектері қазіргі уақыттың өзінде кең қолданыста.

Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми теориялар мен ережелердің оқушылардың дүниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдық нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді. Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.

Мектепте оқушыларға теориялық білім беру тәрбие процесімен тығыз байланыста өткізіледі.

Зерттеу мақсаты: Константин Дмитриевич Ушинскийдің педагогика теориясы тақырыбын ашу. Жан - жағынан сараптап, саралау.

Зерттеу міндеттері:

  • Педагогика туралы жалпы мәлімет беру;
  • Константин Дмитриевич Ушинский туралы ақпарат беру;
  • Константин Дмитриевич Ушинскийдің педагогика теориясы туралы түсініктеме беру.

Зерттеу нысаны: Константин Дмитриевич Ушинский және оның педагогика теориясы.

Зерттеудің практикалық маңызы: берілген тақырыпта көптеген ғалымдар, филологтар жұмыс істеді. Берілген тақырыпта көптеген еңбектер жазылынып, берілген тақырып жан-жақты сараланды.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімде Константин Дмитриевич Ушинский педагогика теориясы және оның маңыздылығы қарастырылған, жан-жағынан сараланған.

1 бөлім. Педагогика пәні және оған К. Д. Ушинскийдің ықпалы

1. 1. К. Д. Ушинский туралы жалпы мәлімет

Жаңа адамның қалыптасу міндеттерінің алуан түрлілігі мен күнделілігі педагогикалық шеберлік мәселелерін қазіргі заманғы тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесі үшін ерекше көкейтесті етіп отыр. Орыс және кеңестік педагогика классиктері қай уақытта болмасын болашақ ұстаздарды оқыту барысында педагогикалық шеберліктің қалыптасу мәселесін маңызды мәселелердің бірі ретінде қойған.

Қазіргі заманғы мектепке шебер ұстаздар қажет. Педагогикалық шеберлік - бұл оқыту тәрбиелеу жұмыстарының барлық түрлерін оңтайландырудың кәсіби шеберлігі, олардың тұлғаны жан-жақты дамытуға және жетілдіруге, оның дүние танымын, қабілеттерін әлеуметтік мәнді қызыметтегі қажеттілігін қалыптастыруға бағыттау.

Педагогикалық білімнің қазіргі заманғы тұжырымдамасы ең алдымен болашақ мамандардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру үшін жағдай жасалу қажеттігін болжайды, тек сонда ғана терең ғылыми кәсіптік- педагогикалық дайындыққа қол жеткізуге мүмкін болады. Педагогикалық шеберліктің қалыптасу мәселесі кеңестік педагогикада және психологияда кеңінен өңделуде. Бұл жұмыстар мұғалімнің кәсіби дайындық жүйесінде педагогикалық шеберліктің даму жолдарын ашады.

Бірақта педагогиканы тұтас пән ретінде қарастырған кезде Ушинский есімінсіз айтуға болмайтыны барлығымызға мәлім.

Ушинскийдің есімі шын мәнінде ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыстың оқу - ағарту қайраткерлерінің ең алдыңғы тобында саналды. Ол - Россиядағы педагогика ғылымының және орыс халық мектебінің негізін қалаушы. Оның «Балалар әлемі», «Ана тілі», «Педагогикалық антропология» атты тамаша еңбектері, балалар мен мұғалімдерге арналған басқа да кітаптары орыс педагогикалық әдебиетінің баға жетпес классикалық шығармалары болып есептеледі, бұл еңбектері педагогика ғылымына алтын қоры ретінде қосылды және дүние жүзіне әйгілі де болды.

Ұлы педагог өзінің бүкіл өмірін халық ағарту ісіне және балалар тәрбиесіне арнады.

«Отаныма неғұрлым көбірек пайда келтіру - менің өмірімнің бірден - бір мақсаты» - деп жазды К. Д. Ушинский оның өмір жолының бүкіл мәнісі осы сөздерінде еді.

К. Д. Ушинский 1824 жылы 18 ақпанда Тула қаласында туды. Әкесі оқыған офицер дәрежесінде 1812 жылы отан соғысына қатынасты. К. Дмитриевичтің балалық шағы Чернигов губерниясындағы Новгород - Северск қаласының маңындағы әкесінің шағын ауылында өтті. Отбасы жағдайы баланың тәрбиесіне қолайлы болды. Орта білімді Новгород - Северск гимназиясында алады. 1840 жылы Москва университетінің заң факультетіне түсіп, оны 1844 жылы бітіріп шығады. Университетті бітіру қарсаңында Ушинский қоғамдық қозғалыстың ықпалында болды.

Жетім балалар институтының оқу - тәрбие бөлімін басқаруына байланысты, ол өзінің негізгі мақсаты оқу - тәрбие процесін жетілдіру деп білді. Шетелдің және орыс мектептерінің тәжірибесіне сүйене отыра, ол жетім балалар институтының ең алдымен оқу - тәрбие жұмысына түбірлі өзгерістер мен түзетулер еңгізу ісін батыл қолға алып, сабақтарының программаларын өзгертті. Оқудың тиімді әдістер мен жолдарын сабаққа еңгізіп, осы өзгерістердің нәтижесін ұқыпты зерттеді. Осының нәтижесінде мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері артты. Олардың өз істеріне және студенттерге қатынастары өзгерді, студенттер тиянақты білім негіздерін меңгерді. Осы процессте Ушинский кең саналы педагогикалық зерттеу жұмысын жүргізіп, зор табысқа ие болды. Институтта жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Ушинский отандық педагогикаға бағалы үлес қосып, өзінің «Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы», «Қоғамдық тәрбиенің халықтың негізі туралы», «Мектепті құрайтын үш нәрсе» атты маңызды еңбектерін ұсынды.

Ушинский «Халық ағарту министрлігі журналына» педагогикалық бағыт беру саласында да көп еңбек еткен.

Ушинскийдің Смольный институтындағы ұстаздың істері студент қыздарға да, ондағы мұғалімдер тобына да ұнады, олар оны құрметпен қадірледі.

Бірақ институт басшылары оның педагогикалық жаңалықтарына қыңыр қарап қолдамады, ақырында Ушинскийдің үстіне жоғарғы орындарға жалған мазмұнда оны кінәлайтын шағым түсірді. Осындай жағдайда Ушинский 1862 жылдың жазында Смольный институтынан кетуге мәжбүр болды.

Мұнан кейін ол шетелдердегі әйелдер оқитын оқу орындарының жұмысымен танысу үшін ұзақ мерзімді командировкаға кетеді. әрине, бұл командировка бүркемеленген түрдегі жер аудару еді, оны Ушинскийдің өзі де түсінді. Бұл командировканы Ушинский өзінің кең салалы ғылыми - педагогикалық жұмыстарына пайдаланды. Ол Европа елдері мектептерінің тәжірибесін зерттейді, әсіресе бастауыш мектептің оқу ісіне зер салды.

Командировка кезінде Ушинскийдің құнды ғылыми еңбектері «Швейцарияға құнды саяхат», «Адам тәрбиесі», жазылып бітеді. Осы кезде ол өзінің бастауыш мектепке арналған «Ана тілі» оқулығын жазды. Оның бұл еңбектері прогресшіл отандық педагогика ғылымының қазынасына бағалы үлес болып қосылды.

1. 2. Педагогика пәні және оған Д. К. Ушинскийдің ықпалы

Педагогика деген сөз, яғни термин көне грек тілінен шыққан ол балаларды ертіп жүруші, баланы жетектеп мектепке апарушы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ «Педагогика» термині гректің 2 сөзінен «пайс» балалар және «эгейн»- баланы басқару, тәрбилеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиленеді. Педагогика- бала жайындағы ілім. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика- жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым.

Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірбиені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын атап айтсақ: еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды.

Тәрбие тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға мәселен, эстетикалық толғанып тәрбилеуге бағытталған жұмыс.

Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.

Оқыту- білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты бір текті процесс.

Жеке адамдардың дамуы - бұл ішкі және сыртқы басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамдардың қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның қалыптасуына өзін-өзі тәрбилеудің маңызы зор. Өзін-өзі тәрбилеу - адамдардың саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық, дағдысына бағытталған жұмыс.

Педагогика пәні нақты тарихи тәрбие процесін оның объективті заңдылықтарына, әлеуметтік қатынасына, өмірдегі, қоғамдық тәрбие тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ жас ұрпақтың даму, қалыптасуын зерттейді. Оқытудың дамыту қызметі. Оқыту процесі, білімді меңгеру оқушыны дамытады. Оқушының тілі, ақыл-ойы, сенсорлық және қозғалыс аймағы, сезімі, ерік-жігері, қажеттіліктері, мотивтері дамиды. Оқыту жеке тұлғаны дамыту құралы. Л. С. Выготский (1896-1934) тұжырымдаған психологияның маңызды заңдарының бірі баланың дамытып оқытуға байланысты. Сондықтан білім мазмұнына баланы дамытатын материалдар енгізеледі. Оқыту процесінде П. А. Гальпериннік ақыл-ой жұмысын кезең бойынша қалыптастыру теориясы, М. Н. Скаткиннің, И. П. Лернердің мәселелік оқыту әдісі баланы дамытуға бағытталған.

Қазіргі оқыту тек білім берумен шектелмей, оқушыны әр жақты дамытуға, алдымен ақыл-ойды дамытуға бағытталған.

Сонымен оқыту процесінің 3 міндеті болды. Олар бір-бірімен тығыз байланысты және оқытудың барлық бөліктерінде жүзеге асады.

Дидактика тарихында оқыту мақсаты туралы екі көзқарас болды ( қосымша 2 ) . Біріншісі: мақсат жеке тұлғаның ақыл-ойын, есін және басқа қабілеттерін дамыту деген тұжырым. Екіншісі: мақсат ғылым негіздерін меңгерту, өмірге қажет нақты білімдер беру.

Қазіргі оқыту мақсаты білім туралы мемлекеттік құжаттарда белгіленген. Ол мұғалімнің сабақ жоспарларында нақтыланады. Оқу материалын меңгертудің әрбір кезеңінде мұғалім өзінің алдына 4 түрлі дидактикалық мақсат қояды. Олар:

• оқушыны оқу материалымен таныстыру және оны бірінші рет бекіту;

• оқығанды еске түсірту, іс-жүзінде репродуктивтік және продуктивтік деңгейде қолдандыру;

  • білім және іскерлікті қолдану арқылы жүйелеу;
  • білім, іскерлікті бақылау және есепке алу. Оқыту мазмұны оқыту процесінде оқушы меңгеретін ғылыми білімдер, тәжірибелік іскерлік, дағды, іс-әрекет және ойлау тәсілдері, оқыту мазмқны пән бойынша жасалған мемлекеттік оқу жоспарында, мемлекеттік оқу бағдарламаларында, оқулықтарда жазылған.

Оқыту процесінің бастапқы кезеңінде мұғалім оқушыларды оқу материалдарымен және оны қолдану әдістерімен таныстырады. Оқу материалының жаңа бөлігін меңгеру және бекіту қатар жүреді. Оқытудың мақсаты оқу материалының негізгі ойын және тәжірибелік маңызын оқушыға меңгерту.

Екінші кезенде оқу материалы қайталанады және оқушылар алған білімдерін қолданады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты алған білімді нақтылау, кеңейту, кең түрде жаңғырту, тәжірибелік қолдану. Үшінші кезенде мұғалім оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастырады, сол арқылы ұғымдарын жүйеге келтіреді. Оқушы алған білімін мұғалімнің көмегімен де және өз бетімен де қолданады, меңгерген білімдерін бір-бірімен салыстырады. Бұл кезеңдегі оқыту нәтижесінің көрсеткіші:

  • оқушылардың мәселелерді өз бетімен шешуі;
  • білімді түрлі жағдайларда қолдана білуі.

Оқыту процесін кезеңдерге бөлу, талдау оның ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Бірінші ерекшелік. Оқыту мен оқудың бірлігі. Олардың біреуін өзгерту, екіншісінің өзгеруіне де ықпал етеді. Оқыту барысында осы бөліктер арасында үйлесімді дидактикалық өзара әрекет болу керек.

Іс-әрекет субъектілерінің жақсы қарым-қатынасы оқытудың нәтижелерін көтерудің негізгі жолдарының бірі.

Оқыту процесінің екінші ерекшілігі: оқыту және оқудың өзара байланысы арқылы білім мазмұны оқушының іс-әрекетіне негіз болады.

Бір циклден екіншісіне жоспарлы түрде өту оқытуды басқаруға қойылатын келесі талаптардың бірі.

Үшінші ерекшелік оқу ақпараттарын оқушылардың қалай қабылдағанын, оны меңгеру нәтижесінде қандай ішкі процестер өтетінін, қандай жағдайлардың оқытуға ықпал ететінін бірден бағалауға болмайтындығында. Оқу процесінде жоспардан ауытқулар болуы мүмкін, оның алдын алу үшін мұғалім ең басты ұғымдарға назар аударады.

Оқытушы іс-әрекеті оқыту процесінің негізгі бөліктерінің бірі. Оқытушының іс-әрекеті оқушымен тікелей де, жанама да байланыста жүзеге асырылады. Оқыту процесі оқу процесінің белсенділігін талап етеді. Бұл талапты орындау оқушылардың іс-әрекетін мұғалімнің ұйымдастыруына, бақылауына, өздігінен білім алуды жолға қоюына, өз мақсаты мен оқушы мақсатын сәйкестендіруіне байланысты. Оқытушы:

  • оқу ақпараттарын іріктейді, жүйелейді, бөліктерге бөледі және оқушыларға ұсынады.
  • осы ақпараттарды үйретеді, меңгертеді, олармен істелетін жұмыс әдістерін белгілейді.
  • әрбір оқушының білімдер жүйесін меңгеруін және оларды оқу өндірістік жұмыстарда қолдануын ұйымдастырады.
  • оқушылардың оқу, танымдық іс-әрекетіне басшылық етеді.
  • оқытушы оқушылардың белсенділігін және саналылығын ынталандырады, білімнің және оқу іс-әрекетінің сапасын бақылайды, оқыту нәтижелерін талдайды, оқушының жеке тұлғасын одан әрі дамытуды жоспарлайды.

Оқушының оқу, танымдық іс-әрекеті. Оқу мазмұны және мәнін зерттеген бихевиоризм, гештальтпсихология, когнитивизм, іс-әрекет теориясы, гуманистік психология.

Оқу оқушылардың танымдық іс-әрекеті.

Оқушының оқыту процесіндегі іс-әрекеті бір нәтижеге жетуге бағытталған.

Осы іс-әрекеттің маңызды белгілері: өзін-өзі сынау және өз бетімен жұмыс істей білу, қызығушылық, қажеттілік, танымдық, белсенділік, табандылық, жігерлілік, өзінің алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсіну, керекті іс-қимылдарды таңдау.

Оқу ісәрекетінің өнімдері білімдерде, іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдық қатынастарда, бағаларда бейнеленген. Оқу іс-әрекетінде тұлғаның барлық сапалары көрінеді және қалыптасады.

Оқу іс-әрекеті мазмұн, жеке ісқимылдар, мотивтер сияқты бөліктерден тұрады. Оқу іс-әрекеті арқылы оқу міндеттері шешілсе, оның құрамында мынадай бөліктер болады: міндеттерді талдау; міндеттерді орындау туралы шешімге келу; оларды шешуге керекті білімдерді еске түсіру; міндеттерді шешу жоспарын жасау; жүзеге асыру, шешілетін міндетті бақылау және бағалау; оқу міндеттерін шешу процесіндегі іс-әрекет тәсілдерін түсіну.

Оқыту нәтижелері, оны бағалау. Оқыту қол жеткен нәтижелерді талдаумен аяқталады. Бірінші сабақтағы ең басты назар оқушыға жаңа білім, іскерліктерді меңгеруге көмектесуге аударылып, келесі сабақтарда бақылау және талдау күшейтіледі.

Оқушылар жаттығуларды, үй тапсырмаларын жеткілікті деңгейде орындағаннан кейін меңгерілген оқу материалын қолдануға назар аударылады. Мұғалім оқушының фактілерді, анықтамаларды түсінгендігін тәжірибелік жұмыста білімді дұрыс қолдануынан көріп, оқыту мақсатына жеткендігі, білімнің меңгерілгендігі туралы қорытынды жасайды.

Қорытындыларды шығаруға оқушылардың өздері де қатыстырылады. Сөйтіп, оқытудың соңғы кезеңінде білімдегі, іскерліктегі кемшіліктер анықталып, меңгерілген тақырыптармен және бөлімдермен одан әрі жұмыс істеу жолдары белгіленеді.

Баланың дамуын, қалыптасуын, қоғамдық қарым-қатынасын тәрбие барысында зерттейтін ғылым - педагогика. Яғни, ол жеке дараланған қоғамдық ғылым.

Педагогика ғылымы аға ұрпақ пен жас ұрпақтың қарым-қатынасындағы қарама-қайшылықтарды шеше отырып, жас ұрпақтың дұрыс жолға түсуін қарайды. Қарама - қайшылықты дұрыс шешу жолдарының бірі ертеден келе жатқан өмірдің, өмір тәжірибесінің дұрыс бағыттарын алып, жастарды соған тәрбиелеу, үйрету, оқыту.

Өмір тәжірибесінің дұрыс немесе қате екенін философияның заңына сүйене отырып қарайды. Ол бір орнында тұрмайды. Бала тәрбиесі әрдайым қозғалыста. Жалпы педагогика - ғылым, жалпы педагогика - пән. Екеуі сабақтас. Екеуінде де ортақ - ұстаздық қызмет, шәкірт тәрбиесі, оқуы, яғни педагогикалық процесс.

Ғылым - объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын-ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғары формасы.

Пән - осы ғылымды жүйелі түрде қарапайым тілде оқырмандарына жеткізу түрі.

Басқа ғылымдардағыдай педагогикада да негізгі ұғымдар «категориялар» болады. Ұғымдар «категориялар» дегеніміз - объективтк құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Сонымен бірге ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың дара байланыстарын танимыз.

«Жас ерекшелік педагогикасында педагогиканың зерттейтін объектісі - бала. Бала ғылыми танымдылықтан біртұтас объект. Сол тұтас объектіні - баланы зерттейтін ғылым - педагогика» - деген болатынбыз. Педагогика деген термин, көне грек тілінен шыққан «балаларды ертіп жүруші» деген мағынаны береді.

Педагогика пәні туралы анықтамалар көп. Солардың кейбіреулерін ғана келтірейік.

«Педагогика - тәрбие туралы ғылым»

«Педагогика - жас ұрпақтар тәрбиесі туралы ғылым»

«Педагогика - адам тәрбиесі туралы ғылым»

Педагогика пән және ғылым. Осының бәрі дұрыс. Бірақ педагогика туралы толығырақ анықтама көріп берейік.

Сонымен, педагогика - тәрбие туралы ғылым ретінде тәрбиенің мәнін анықтау, түсіндіру, тәрбиенің өзіне тән ерекше заңдылықтарын көрсету, қоғамның жеке адамның мүддесіне сай болуын, ықпалын айқындау, танып білу. Бірақ бүгінгі педагогика жас ерекшелік педагогикасына сүйенуі тиіс.

Педагогика ғылымдары баланы объект - субъект ретінде зерттеу барысында жан-жақты тұрғыдан қарайды.

Әр ғылымның өзінің ерекше зерттеу пәндері болады. Педагогика ғылымдарының пәні - бала «адам», соның тәрбиесі, оқуы, үйренуі, қалыптасуы, дамуы.

Сондықтан да педагогика қоғамдық ғылым ретінде өте күрделі.

Педагогика негізгі ұғымдар: «тәрбие», «білім беру», «оқыту» және қосалқы ұғымдар: «өздігінен білім алу», «өзін-өзі тәрбиелеу», «даму».

Тәрбие - аға ұрпақтың жас ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын, қамтамасыз ететін процесс. Әрине бұл жерде тәрбиеленушінің тәрбиені дұрыс қабылдануына да байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
К.Д.Ушинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі
XVII – XVIII ғасырлардағы демократиялық педагогиканың дамуы
Педагогиканың шығу және даму тарихы
Ұлы орыс педагогы Константин Дмитриевич Ушинскийдің педагогикалық көзқарасы
Педагогика ғылым ретіндегі жалпы түсінігі
Педагогиканың негізін салуға және дамытуға үлес қосқан педагогтар
XIX ғасырдың 60-жылдарындағы қоғамдық педагогикалық қозғалыс
Мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынас мәдениеті
Педагогикалық мамандықтың өзгешілігі
Әлемнің белгілі ойшыл, педагогтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz