Ұлықбек Есдәулетұлының ақындық мұрасы


Ұлықбек Есдәулетұлының ақындық мұрасы
Курстық жұмыс
Мазмұны
1. Азаматтық лирика және ұлттық рух3
2. Қазіргі қазақ поэзиясы, ондағы азаматтық сарын . 9
3. Ауыл, туған жер, ондағы адамдар - Ұлықбек шығармашылығының
асыл қайнарлары. …18
Қорытынды27
Пайдаланылған әдебиеттер. 29
1. Азаматтық лирика және ұлттық рух
«80-90 жылдардағы қазақ поэзиясы жайлы сөз қозғағанда, осы жылдардағы тарихи жағдайды айтпай кету мүмкін емес. Бұл кезең халқымыздың өмірінде аса үлкен тарихи маңызы бар уақыт болғаны мәлім. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы ұлттық сананың ұлы төңкерісі болды. Орыс империясының шырмауындағы қазақ халқы бодандық бұғауын үзіп шықты. Желтоқсан оқиғасы жаңа тарихи кезеңге жол ашты. Қазақ халқы егемендігін жариялап, Ата Заңын қабылдап, өзін әлемге танытты. Тарихымыз бен мәдениетіміздің көлеңкелі жақтарының ашылуының ұлтымыздың рухани өміріндегі маңызы ерекше. Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан шығармаларының жарыққа шығуы поэзиямыздың көркемдік көкжиегінің кеңеюіне, ұлттық бояуының айқындала түсуіне өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Дамыған сайын, ондағы ұлттық белгілер ашық бедерлене түсті. 80-90 жылдардағы қазақ ақындарының өлеңдері осы ойымызды айғақтайды» [9, 79 б] .
Ең алдымен, ұлттық рух деген не? Соған тоқтала кетсек.
Ұлттық рухқа «Төрт ана» атты кітапта былайша анықтама берілген.
«Ұлттық рух дегеніміз - өте киелі ұғым. Ол өзге халықтан бөлектену, оқшаулану, өз артықшылығыңды көрсету, өзгеге менсінбей қарау дегенді білдірмейді, оның беті аулақ болсын, оны шовинизм дейді. Біздің халық ешқашан да оның дертіне шалдығып көрген емес, алдағы уақытта да сол кесепатты ауруға ұшырамас та. Ұлттық рух дегеніміз - өз ұлтыңның озық салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, таңғажайып тілін бала кезіңнен бастап, қашан жер құшағына енгенше төбеңе ту етіп көтеру, тілін, тәрбиесін берген халықтың лайықты азаматы бола білу деген сөз» [10, 30 б] .
80-90 жылдары қазақ поэзиясына жаңа леп алып келген жас ақындар, қазіргі аға буын ақындар Ұ. Есдәулетов, Е. Раушанов, Т. Әбдікәкімов, Н. Мәукенұлы, М. Ақдәулетов еді.
Тыныштықбек Әбдікәкімовтың мына бір сыры мен арм анына құлақ түріп тыңдайықшы:
… Мен бейшара Даламның айтқан сырын,
пенделердің тіліне аударамын!
Ей, Уақыт, сөз берме,
Берсең маған
Ұлып шыққан ойлардың кезегін бер! [2, 20 б] .
Ақын ұлы Даланың сырын ұғып, тереңнен ой толғап, соны өлең түріне көшіруге өлердей ынтық, құштар. Пайымдауымызша, Тыныштықбек өлеңін өзі жазып отырмағандай, тек Даланың сырлы жырын жүрегімен тыңдап, жанарына көшіріп, қағаз бетіне түсіргендей.
«Жалпы, Т. Әбдікәкімов нені айтып, нені жазса да тыңнан жол салуға шебер. Оған айсыз түнде даласы мен дарыны адастырмайтын, жалғызсыратпайтын жансерік. Ақын арманы - табиғаттың қаз қалпында сақталуын аңсау» [8, 417 б] .
Көлдерімді, шіркін-ай, сақтап қалсам,
Көдерімнің мөлдірін берсем де мен! [2, 22 б] .
Көзін берсе көлін сақтап қалуды армандаған ақын сөзінің ақиқаттығына сенесің.
Қайдасың сен, бауырым - қоңыр тауым?!
Қайдасың, самал жел - қарындасым?!
Қайнамайды мендегі қалайша қан:
(Қаңтарда да көрмедім балауса қар!)
Көз алдымда барасың сен үзіліп,
Көде мұртты Далам-ай, селеу сақал!
Түсіндіре алар ма мұны ғалым,
Түйсіктердің сайраған тілі қане?
Көрсетпеші, бұралқы итке айналып,
Ағысы жоқ арнаның ұлығанын!…
Тонауменен, Далам-ай, күн кештің-ау
Тоғайлардан томарлар ғана қалған!…
…Жарасынан жанымның дірдек қағып,
Дірдек қағып, қып-қызыл жыр ағады… [2, 23 б] .
Тоналған табиғат, күйкі тірлік құрбаны болып кеткен адамдарды көрген ақын сан қилы ой жетегіне ілеседі:
Тағдырыңа тақсырет тап болды ма,
Сыртыңда - шөл, жұртым-ай, ішіңде - шер?!
…Неге, неге, мына жұрт салғырт, керең?
Ойлай білер ұлдары мәңгүрттенген… [2, 27 б] .
Ұлттық намыс, ел болашағы туралы толғаныстан туған мұндай әрі мұңды, әрі жігеріңді қамшылайтын қайсар жырлар Тыныштықбек талантына тәнті етері сөзсіз.
Мысалы, «Қайран» өлеңінде Абайдан мұра болған сыншылдық дәстүрмен қазақ мінезін егжей-тегжейлі сөз етеді. Бұл өлең ұлт мінезінің жағымсыз жақтарын сынаумен ғана емес, олардың ұлы тағдырына тигізген әсерін қоса жырлайды.
Мен - қазақпын,
Зарығымда қан жылап,
Суқанымда сүт күлген!…
Мен - қазақпын,
Делебемнен селебем,
Кезенемнен кебенегім бар!
Мен - қазақпын,
Дәтім кәлимадан да ауыр
Зәрем жаһаннамнан да терең.
Осы жолдардан жұртым деп соққан жүрек, ұлтына деген ақын махаббаты айқын көрінеді.
Даласына сертіне адал, берік,
Намысына жаны құл адамға еріп,
Өткел кешсең,
Өлмейтін рухым менің
Жылынар саған келіп.
Қайсар төзім қайысып босағанда,
Езбен кетсең,
Жаралы рухым менің
Жылайды босанғанда,
- дейді М. Ақдәулетұлы «Жоламан батырдың қоштасуы» өлеңінде. Батырдың жорыққа аттанарда артында қалып бара жатқан жарына айтқан аманатынан оның елінің ертеңін, ұрпағының тексізденбеуін ойлау бар. Біздің пікірімізше, ақын осы батырдың жарына айтқан аманаты арқылы халқына аманатын айтқан сияқты.
Қазақ халқы бодандық шырмауында екі жарым ғасырдан астам уақыт болғанын білеміз. Ұзақ уақыт бойы бодандықта болуымыздың себебі қанымызға сіңген момындығымызда жатқандай. Момындықты әр ақын әр қалай жырлайды. Мәселен, Т. Әбдікәкімов бір өлеңінде:
Жаратқанға сенгендей өздері тым аңғал-ақ,
Мал баққан боп жүр әлі, маңдай тері сорғалап,
-десе, енді мына өлеңінде:
Қоңыр тірлік…
Көншір ме көңіл оған?
Мосы ілінген мойныңа,
Мөрлі маңдай момындығың
Сор болды-ау маңыраған [2, 29 б] .
Қоңыр тірлік - момын тірлік.
«Қойдан қоңыр» деген жуастықты білдіретін халық теңеуі бар. Ақынның бұл тірлікке көңілі толмайды, себебі өз тірлігі емес. Момындықты маңдайына әлдекім «мөр» ғып басқан. Мына өлеңдегі «момын», ойымызша, қазақтың нақ бейнесі.
Кеулемей ме жегідей жанды шүбә?
Өз тірлігі өзіне мәнді шығар…
Өмір бақи келеді мал соңында,
Қаланы да оллаһи көргісі бар!
Кеңесері кемпірі…
Керқасқасы,
Жауыр болған міністен ол да бүгін!
Тағы да сол таныс таң, жолдас іңір
Жалғыз сыйлық ғұмырын қабылдамай,
Қырсығар да тұншығар көңіл талай.
Әлем қанша құбылып үлгерсе де,
Ата жолын тым қуғыш момындар-ай [2, 23 б] .
Момындық салғырттыққа, мәңгүрттікке апаратын мінез екенін меңзейді.
Н. Мәукенұлы нарық кезінде де қазақтың бейқам қалғаны жайлы былайша жыр етеді:
Шошымайтын нарқыңнан,
Үрікпейтін талқыңнан,
Қорқам осы кейде мен
Қазақ дейтін халқымнан.
Қазақ халқының сөзді құрметтеу, сөзге табыну мінезі туралы қазіргі қазақ ақындарының ішінде барынша мән бере жырлаған ақын - М. Ақдәулетұлы.
Жан берісіп,
Жан алған жалғыз ауыз сөз үшін
Менің дана бабамның басар ма еді көзі шел?!
Сұры қашқан қайсысы
заман ба, әлде адам ба?
Арзандаса анттай сөз,
Азған екен бағаң да…
Жауласқан екі елді бітістірген, араз ағайынды татуластырған, ел дауын, жер дауын, жесір дауын шешкен құдіретті сөзден қалған тек «сөз қауыз». Сөздің бағасымен халқымыздың бүкіл рухани қадір-қасиеті өлшеніп тұр.
Азаттық үшін өз жанын құрбан ететін түркілік тегімізді барынша мол жырлаған ақын М. Жұмабаев еді:
Тұранда түрік ойнаған ұсап отқа,
Түріктен басқа от болып жан туып па?
Көк түрік енші алып тарасқанда
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?-
деп түркілердің бойындағыдай оттай ыстық қуаттың басқада жоқ екенін, түркілердің қара шаңырағы қазақ екенін айтады. Осы қуатты негізімізден үзіліп қалғанымыз жайлы Т. Әбдікәкімов:
Көк бөрі жоқ көкірегін емізетін,
-деп өтініш білдірсе, Н. Мәукенұлының төмендегі өлеңінен де осы көңіл-күйді байқаймыз.
Тәңірі көкке қараған
Жүрегі түкті ұл едім.
Тегіме тартпай кеттім бе,
Көңілінен шықпай көптің де?
Ұлттық рухтың бір символы қазақ поэзиясында Дала болып келген. Бұған мысал ретінде І. Жансүгіровтің «Дала» поэмасын алуға болады. Қазіргі қазақ ақындарында Дала тақырыбы лепірме шалқулар, пафос арқылы емес, шынайы суреттеу жолымен ашылады.
Сөз сүйегін өлшеме мұңды өлшегін,
Ой көп, қобыз ділімнің түртер ішегін.
Сары дала дөңбекшіп Күн астында,
Сайтан - соғым сорады бұлт емшегін [2, 21 б] .
«Дала дөңбекшіген дертті адам бейнесінде. Осы образды ары қарай былай деп нақтылайды: «Айнала кіл күйік тау, ісік төбе…», «Қарағандардың ғана күшіктеуі», «шалажансар ермен», тобылғының гүлінің орнынан шеңгел тілінің қызарып көрініп тұруы дала табиғатын сорлы халге душар болғанын бейнелейді. Өлеңдегі «Қи түбінде кесіртке бақырайып, Ши түбінде шегіртке шоқынады!» деген жолдар жай суретшілік емес. Даламның жасылы қалған жердегі шегірткенің шоқынуы табиғи жұтты жасаушының тікелей өзіне нұсқап тұр. Шегіртке қашанда қазақта жақсылықтың нышаны болмаған» [9, 84 б] .
Дала - Тыныштықбекте әрқашан адам бейнесінде. Дала - Тыныштықбек үшін, ең бірінші, өзі туған Шыңғыстау. Семей даласының ядролық алаң полигоны болғаны белгілі.
Күн кірпігін ашқанда, тақыр Дала көрінген,
Қалаға да сол тақыр қорқынышты өлімнен.
Қасқыр да жоқ ол жақта,
Арқар да жоқ. Құрыған.
Тек иттері мияулап, мысықтары ұлыған.
Жер төсіне сол жақта Атом сынақ қаққан-ды
Мекендейтін халқы да қара халық ақ қанды [2, 76 б] .
«Тақыр дала өлімнен хабар беріп тұр. Иттерді мияулатып, мысықтарды ұлыту арқылы табиғатта пайда болған қатерлі дисгормонияны образдаған. Ақ қанды қара халық - ұлт трагедиясы. Дала трагедиясы - тек табиғи апат емес, бүкіл ұлт тағдырының апаты» [9, 84 б] .
1986 жылғы желтоқсан оқиғасының ұранына айналған Е. Раушановтың мына бір өлеңіне көз жүгіртсек:
Қара бауыр қасқалдақ, қайда ұштың пыр-пырлап?
Сазың қалды сәбидің еңбегіндей былқылдып.
Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,
Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт.
Ұя қалса иесіз - айдын үшін сол қайғы,
Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.
Өз босағаң - бұл жердің тауы, қыры, белесі,
Босағасын басқаға тастай ма екен, о, несі?
Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,
Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт.
Сараптауымызға жүгінсек, бір рет оқып шыққанда, құс туралы өлең сияқты болып көрінері анық. Бірақ бұл өлеңнің ар жағында сол кездегі өмір, халықтың тағдыры жатыр. Қонаевтың орнына келген Колбинді «қаңғып келген шүрегей» деген сөздермен берген. Саясаттың сойылынан жасқанбай, Желтоқсан оқиғасына түрткі болған мәселені астарлап берудің өзі Е. Раушановтың батылдығы іспеттес.
Тасырқағанда тас жауған
Тау болды ұйықтар айлағым.
Қасқырдан анау, қас жаудан
Тартып ап апан жайладым.
Тағдырдан олжа айырып,
Тарпаңды міндім көлік деп,
Жетіп бір құлан қайырып,
Желкеден алдым жеміт деп,
-дейді «Еркек» өлеңінде. Бұл жолдардан жыраулық поэзияның ізі байқалады.
«Бұрынғы жыраулар толғауларын өздері тікелей жорық үстінде жүріп жазса, қазіргі ақындар шарттылық дүниесінде жазады» [9, 81 б] .
Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты қазіргі қазақ поэзиясында алдыңғы буын ақындары тоталитарлық тәртіп қысымымен айта алмаған тақырыптық желілер бой көтерді. «Қазақ ұлттың келешегін ойлайтын, оның экономикалық тәуелсіздігін алуы мен өркениетке қол созуын, дүние жүзіндегі басқа ұлттармен тең өмір сүріп, ғылымы мен мәдениетінің дамуын тілейтін көзқарастар мен прогресшіл идеялар қазіргі қазақ ақындарының шығармаларының басты ерекшелігін танытады» [11, 9 б] .
Ұлттық мүддені, ұлттық намыс, ұлттық мінез, ұлттық рухты жырлау азаматтықтың басты белгісі деп білеміз.
2. Қазіргі қазақ поэзиясы, ондағы азаматтық сарын
«Ақын атаулының жетем деп қиял еткен қия шыңы болады. Онсыз ол ақын емес. Жету, жетпеу сол шыңға - талант пен тағдырдың ісі. Ол екеуі қос қанаттай егіз қатар болуы шарт. Талантты тағдыр қостамаса, талант - тұл. Сондай-ақ тағдырды талант қыздырмаса тағдыр мұзбен тең» [12, 184 б] .
Ақын боп өмір кешіру оңай деймісің, қарағым,
Аузында болу бұл өзі сыздаған барлық жараның, -
деп Төлеген Айбергенов айтқандай, ақын жүгінің ауыртпалығын белі қайыспай көтере білу тума талантқа ғана тән.
«Адамның өмірдегі белсенділігінің, қимыл-қарекетінің ірілі, ұсақтылығына байланысты оның ашу-ызасы, қайғы-мұңы, қуанышы мен ой-арманы да ірілі, ұсақты болады. Кесек мінезді адамнан кесек іс туады… Ал таланты биік ақыннан аласа ойлы жыр тууы екіталай» [12, 190 б] .
Бұл қазақтың «таланты биік» ақыны Фариза Оңғарсынова туралы айтылған сөз еді:
Сенде тас та қастерлі, аспан да алау,
Сенде жанды тербетер дастан бар-ау.
Менің мынау өмірге құштарлығым
Сені жақсы көруден басталған-ау, [1, 7 б]
деп жырлаған Фариза ақынның ізін басып келе жатқан бауыр-сіңлілерінде азаматтық әуен қалайша көрінеді екен. Бір сәт соған тоқталып өтейік.
«Өмір сүру дегеніміз сезіну мен ойлау, қайғыру мен қуану: басқа өмірдің бәрі де өлім» - деген Белинскийдің сөзі ең алдымен ақын үшін айтылған. Өйткені ақын өмірі - өлең, ал өлең өмірі - сезіну мен ойлау, қайғыру мен қуану. Адам бойындағы осы қасиеттерді ақын басқалардан өзгеше сезінеді. Ол қуанса - дүниені басына көтере әлемге бар дауысымен шаттана айғайлайды, қайғырса - күйінішіне бүкіл тіршілікті ортақ ете отырып, пәлені төндіріп жазады. Оның сезімталдығы мен ойшылдығы да осыдан туады. Бұл - өмірді толық сезінуден, оған деген құштар сезімнен ғана туатын қасиет. Ақынның өлеңсіз тіршілігі жоғын түсіну де осы жағынан қиынға соқпайды» [7, 456 б] .
«Өлең - үздіккен көңілдің үзіліп түскен моншақ-нұрлары…
Өлең - адам жанының жауынды, дауылды сәттерінің көрініс…
Нағыз жыр мен шынайы лириканың табиғатын жарқыратып ашар «сөз патшасының» осынау қайталанбас мінезі айрықша сипатқа ие болып, ерекше ырғаққа, берік ұйқасқа, бедерлі де бейнелі сөзге бөлінген тұста ақынның абыройы артып, бағы жанбақ. Өрнегі бөлек, үлгісі таза жырларды оқып отырып, тебіренбеу, толқымау, қуанбау, қайғырмау, таңырқамау, тамсанбау мүмкін емес. Өйткені мұндай өз оқырманын адаспай тауып, жаңылмай тілдесер жырдың өмірі ұзақ, ғұмыры баянды болады» [13, 3 б] .
Қазақ әдебиетіне, қазақ поэзиясына 90-жылдардан бастап жаңа леп, жас толқын келіп қосылды.
Қазақ жырының түндігін желкілдете келген Гүлнәр ақынымыз:
Тасып жатыр қара су…
Қара суда тас қала,
Тасқа айналмай мен қалай төзіп жүрмін
Масқара! [3, 72 б] .
«Г. Салықбаева өлеңдерінің өзгеше қасиеті - ой айқындылығы, сезім мөлдірлігі, ақыл айқындылығы, мазмұн байлығы, әрі оны жыр жолдарына түсіргенде мейілінше қысқа қайыруға ұмтылыс, жан тебіреністерінің жүрек толғататын құдірет күшінің мықтылығы» [8, 404 б] .
Жанасың кеп,
Жаның бардай бірнеше,
Әппақ-әппақ сеніміңді қарша атып.
Өмір деген - кедір-бұдыр бір көше,
Мәңгілікке апаратын, шаршатып, [3, 28 б]
-деп философиялық ой түйеді.
«Заманы басқа болған соң, адам басқа. Сол жаңа адамдардың жаңғырған жан-дүниесін өлеңде өзгеше-жаңаша өрнектейтін мезгіл келгенін жас ақындардың жырларынан айқын аңғарасың» [8, 415 б] .
Жүрегімнен жүз бұтақ өріп шығып,
Айналып кетсе, шіркін талға денем, [4, 50 б]
деп жырлаған Маралтай Райымбекұлы осы жас толқынның көш басында тұрғандай.
Жұлдыздар қаралы…
Ғаламның бетінде жаралы
Жұмыр жер адасып барады… [4, 28 б]
дейді ақын. Көзқарастар майданы мен әр алуан діни нанымдардың қайшыласуы күшейген дәуір жайлы, өмір сүру, ұрпақ тәрбиелеу, ұлтты сақтау қиынға айналған алмағайып заман жайлы көркем айтудың үлгісі сынды.
Тағы бір жас ақын Нәзира Бердалының мына бір жолдарына көңіл аударсақ:
Мойнына алып жұмыр жер күнәсін да
Қып-қызыл боп жиектен Күн асуда.
Қантөгісін көргенде адамдардың
Қайтеді енді қызармай, шыдасын ба?
Менің жаным жануда жалын болып,
Дөңгелек Күн, сен соны ұғасың ба? [5, 9 б]
дейді «Жұмыр» жердегі «жұмыр басты» пенденің күнәсін жүрегімен түйсінген жас ақынның азаматтық бейнесі айқын көрінетіндей.
Өмірдің қазіргі заманның, қоғамның нақты бейнесін ашып бергендей.
«Жұртым» деп соғар жүрегі бар жастарымыздың халқымыздың болашағы екені сөзсіз. Осындай талантты жастары бар қазақ поэзиясының шоқтығы биік деген ойдамыз.
Сан ықылым заманнан бері арнасы құрғамай, арыны басылмай келе жатқан ағыны күшті ақдария-жыр тасқыны сол баяғы толас таппаған күйінде жаңа ғасыр қақпасын айқара ашты. Тегі мықты, текпіні тегеурінді күш «міне, мен бармын» дегендей, бұрынғыдан бетер мінсіз, таза, мөлдір қалпында, көңілің аңсаған шекер шетбеттей шөліңді қандырып, шекеңнен теріңді бұрқ еткізер ылғи бір жауһар дүниелер жалғасын тапты. Сол баяғы Ақтамбердінің ағыл-тегіл толқыма-шалқыма екпіні, ақ найзасынан найзағай ойнатқан Махамбеттің текпіні, берісі - Абайдың ақыл-парасаты, Мағжанның мақамы, Сырбайдың сырлары, Мұқағалидың мұңды әні, Жұмекеңнің жұмбағы, тіпті кешегі Кеңшіліктің кең тынысы - бәрі-бәрі күні бүгінгідей көрініс тауып, Ұлықбек қаламы арқылы көркем құбылысқа айналып бара жатқандай.
«Ұлықбек Есдәулет . Бұл күнде Ұлықбек десе қазақ өлеңі, өлең десе Ұлықбек көз алдыңа тұра қалады. Өзі өлеңге, өлеңі өзіне айналып, жырға айналғандай», - дейді Ғ. Байбатыров [16, 6 б] .
Ал Әлібек Қаңтарбаевтың мына бір сөздеріне назар салсақ: «Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ «ақын бала» атанған ол алғашқы еңбек жолындағы қадамын осы өзіміздің «Дидардан» бастаған. Арман оны қазақ поэзиясының патриархтары бас мүжіп, жамбас кертіп отырған Алматыға жетелеген.
Қазақтың өнері мен мәдениетінің кіндігі саналар Алматы ақын бозбаланы артқа теппегенімен, табиғатынан шылбыр үзер тентектіктен, ұрдажық кеудемсоқтықтан ада Ұлықбек оның киелі босағасынан имене аттаған. Аттаған да…поэзияның бәсеке-иірімі әй-шәйға қаратпай тума дарынды өз ағысының ақжол толқынына лақтырған.
Содан бері аттай отыз төрт жыл өтіпті», -
дейді [17, б 3] .
…Сонау 70-жылдардың басында «Таңғы сүрлеу», «Намаздыгерде қолатта», «Шығылға барсаң шілдеде» секілді тамаша жырларымен қазақ жырының үйіріне екпіндей қосылған. Ұлықбек Есдәулет - бүгінде кемеліне келген ақын.
«Сөз өнері - жанды құбылыс. Оның нәрі өзгеше безбенді керек ететіні, мұнда кәдеге сан емес, сапа жүгінетіні ежелден белгілі жайт. Қазақ поэзиясына майда леп әкеліп, әуезді лирикасы жүректің ең нәзік пернелерін сөйлетіп, дыбыстың айрықша үйлесімін тауып, өлең жолдарын күйше күмбірлеткен дарынды қаламгердің бірі - Ұлықбек ақын» - деп баға береді ақын Н. Қуантайұлы [18, 8 б] .
«Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» деген атпен «Егемен Қазақстан» газетіне ақынның бір топ өлеңдерімен қоса мынадай пікір жарияланған еді.
«Фурор деген сөз бар. Бір нәрсеге қатты таңғалғанда, өте риза болғанда туатын әсерді айтады. Осыдан отыз үш жылдай бұрын, тоғызыншы сынып оқушысы Ұлықбек Есдәулетов сонау жер түбіндегі Зайсаннан жолдаған балауса жырлары «Лениншіл жастың» жарты бетін алып тұрып суретімен жарқ ете қалғанда, оқырман қауым тап осындай көңіл-күйді кешкен болатын. Жарқылды жылтырдан, сыңғырды сылдырдан айыра алар адамның қай-қайсысы да жастар газетінің сол топтамасынан қазақ жырына тағы бір ақын қосылғанын айна-қатесіз аңғарған еді. Мектеп шәкіртінің биік мәдениеті поэзияға қойылар талаптарға толық жауап бере алатындай, қалыптасқан қолтаңбасы қайран қалдырған, өлеңнің әр шумағын әуенді, әсерлі әрлейтіні, жыр жолдарының жігін жымдастырып жіберетін сұлу стилі сұқтандырған. Сырлы сөздің салқар көшесіне ырдуан арбада ырғалып, ылдимен құлдай келіп қосылған табиғи талант иесі салған беттен дәйім өміршең өлеңге ұмтылған ұрымталдығымен көзге түсті» [19, 13 б] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz