Халел Досмұхамедұлының әдеби мұрасы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Халел Досмұхамедұлының әдеби мұрасы

Курстық жұмысы

Кіріспе . . . 3

1. Халел Досмұхамедұлы - фольклортанушы . . . 8

Х. Досмұхамедұлының ауыз әдебиеті үлгілерін жинап-зерттеудегі еңбегі («Қазақ халық әдебиеті. Қысқаша очерк», «Билер сөзі және билік сөз»)

Ел ескілігін жинаушы (Түс жору, жоқтау және жылап-сықтау) . . . 13

2. Х. Досмұхамедұлының қазақ әдебиетінің тарихын зерттеудегі концепциясы . . . 15

2. 1. М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегі туралы . . . 15

2. 2. Халел Абай Құнанбайұлы туралы . . . 18

2. 3. Махамбеттанудың негізін салушы . . . 19

2. 4. Шернияз, Алмажан мұраларын танудағы көзқарастары . . . 22

2. 5. Мұрат ақынның сөздері . . . 24

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 32

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеуде Алаш әдебиеттануның көрнекті өкілі Халел Досмұхамедұлының әдеби-зерттеу еңбектері қарастырылды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Алаш қайраткерлері қазақтың рухани дүниесін байытатын мәдени, әдеби құбылыстардың қай-қайсысына болса да баға беруге тырысып, өз заманынында қалың көпшілікке таныстырып отырды. Осындай ұлт үшін рухани мұраны насихаттаған үлкен шоғырды өз тарихымызда ең алдымен алашшылдар арасынан табамыз.

Алаш қозғалысы - белгілі бір кезеңді қамтыған саяси, тарихи, қоғамдық құбылыс қана емес, тұтас ұлттық өрлеуді тудырған орасан оқиға. Соның ішінде қайраткерлігімен де, қаламгерлігімен де ұлтына қызмет еткен Халел Досмұхамедұлы сияқты ұлы тұлғалардың орны айрықша. Халел Досмұхамедұлының әдеби мұрасын зерделеу - зерттеу өзектілігін тереңдете түседі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Халел Досмұхамедұлының зерттеу еңбектері туралы Б. Кенжебаев, З. Қабдолов, ҚЖұмалиев, Т. Кәкішев, Ж. Тілепов, А. Мектепов, Ғ. Әнесов, Б. Омаров, Қ. Тілешова, т. б. ғылыми еңбектер жазды.

Зерттеу нысаны. Х. Досмұхамедұлының ғылыми еңбектері мүмкіндігінше қамтылады. Зерттеу еңбегінің негізгі нысаны ретінде Х. Досмұхамедұлының 1991жылы жарық көрген «Аламан» атты зерттеу еңбегі мен 1998 жылғы «Таңдамалы» шығармалар жинағы алынды.

Зерттеу пәні. Зерттеу барысында Халел Досмұхамедұлының әдеби мұрасы нақтылы мәнде зерттеу пәні ретінде алынды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Х. Досмұхамедұлының зерттеу еңбектерін қазақ әдебиеттану ғылымының басты даму бағыттары аясында қарастыра отырып, оның сан-салалы ғылыми мұрасын ғылыми айналымға енгізу - зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады.

Осы мақсат жүзеге асуы үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:

- Х. Досмұхамедұлының көрнекті фольклор зерттеушісі екендігін айқындау;

- ауыз әдебиеті үлгілерін жинап-зерттеудегі еңбегін саралау;

- ғалымның зар заман әдебиетін жаңғыртуға қосқан үлесі жайлы жаңа байламдар жасау.

Зерттеу жұмысының жаңалығы. Зерттеу жұмысында Х. Досмұхамедұлының ауыз әдебиеті мен алаш әдебиеті саласындағы ғылыми еңбектері, зерттеу мақалалары алғаш рет зерттеу көзіне айналып отыр. Қазақтың бас ақыны Абай, «Ереуіл атқа ер салмай, еңку-еңку жер шалмай, ерлердің ісі бітер ме?» - деп ұран салған ержүрек ақыны Махамбет, халықтың зарынан туған көркем әдебиетке зар заман деп айдар таққан зарлы заманның Мұраты, шерлі Шерниязы, өзі ақын, өзі қажырлы Алмажан Азаматқызы, ел ішінде Балқы Базар атанып кеткен дүлдүл жырау Базар Оңдасынұлы жөнінде алғаш рет тұщымды да түбегейлі ойларын жүйелеп, ғалымның ғылыми мұрасының құндылығы айқындалады.

Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысын жазу барысында алға қойған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін тарихи-салыстырмалы, анализ, синтез, тарихи-хронологиялық, талдау әдістері қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Халел Досмұхамедұлы - Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап насихаттаушы, аудармашы.

1883 жылы сәуірдің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында дүниеге келген.

Жасынан зерек Халел 1902 жылы Орал әскери реалдық училищесін үздік бітірді. 1903 жылы Санкт-Петербургтегі императорлық әскери медициналық академияға оқуға түседі. Халелдің студенттік кезеңі Ресейдегі саяси толқулармен тұстас келді. Мұның өзі жас жігіттің саяси көзқарастарының қалыптасуына игі әсер етті.

1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын медальмен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды. 1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды. 1913-1918 жылдары «Қазақ» газетінде «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік - сүзек», «Жұқпалы ауру хақында» сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. «Как бороться с чумой среди киргизского народа» (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды. Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласында облыстық, жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге атсалысты. Сәуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал облыстық қазақ съезінде Ж. Досмұхамедовпен бірге «Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері» атты жергілікті және облыстық деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бірауыздан дауыс берді. Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, І жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.

1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым - «Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін» жариялауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған «Алашорданың батыс бөлімшесі» деген ат берді. Осы кезеңде Халел Алашорданың атты әскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, «Еркін қазақ» газетін шығаруға көп еңбек сіңірді.

Алашорда таратылғаннан кейін басқа қазақ зиялылары секілді Халел де жаңа өкіметтің жұмысына тартылады. 1920 жылы 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты жанынан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушысы болды.

Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық емханасында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды. Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты. Халел Досмұхамедұлы бір өзі бірнеше қызметтер атқара жүріп, ұлттық мектептердің ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған жүйесін құруға, қазақ тіліндегі ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған ұлттық мектептерге ана тілінде оқулық жазу қажет болады. Осындай қажеттілік Халелді атқарып жүрген толып жатқан қоғамдық қызметтерін ана тіліндегі оқулықтар жазумен және оны шығару жұмыстарымен ұштастыра жүргізуге мәжбүр етті.

Алаш қозғалысы қалыптастырған зиялылардың ішінде Халел Досмұхамедұлының қайраткер ретінде де, қаламгер ретінде де орны ерекше. Ол сонау 1905 жылдан бастап Алаш қозғалысының басы-қасында жүрді. 1905 жылы Орал қаласында бес облыс өкілдері жиналған Қазақ конституциялық-демократиялық партия құру жиналысына қатысқан он сегіз жасар Халел ісімен де, сөзімен де туған халқына қызмет етіп өтті. Халел күрескерлік жолмен ел арасында жүріп, көнеден қалған мұраларды жинауға белсене кірісті. Оның осы саладағы еңбектері кейінгілерге дерек көзі ретінде мол пайдасын тигізді.

Халел - студент күннен-ақ ұлтшыл, жинаған білім қазынасын халыққа таратуды өзіне борыш санаған һәм сол пікірін іспен көрсете бастаған қазақтың үмітті ұлы еді [1, 45] .

Халқының жан саулығы мен тән саулығының шипагері бола білген Халел арнайы шақырумен Орынбор қаласында өткен Жалпы қазақ қырғыз съезіне қатысады. Осында қазақ қырғыз өлкелік автономиясы жарияланады, Алашорда өкіметі құрылады. Ол соған мүше болып сайланады.

Х. Досмұхамедовтың ғылыми ізденістермен тереңдеп шұғылдануына басты екі қызметі әсер етті. Біріншіден, қазақ-қырғыз білім комиссиясының, екіншіден, Мемлекеттік ғылыми кеңестің төрағасы болуы еді.

Ол қазақ әдебиеті мен мәдениеті үшін құнды бірқатар еңбектер тындырды. Халел Досмұхамедұлы қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі - сингармонизм заңын зерттеді. Ол «Қазақ халық әдебиеті. Қысқаша очерк», «Самарқан шаһарындағы «Тіллә-кәри» және «Ширдар» медреселерін салдырушы Жалаңтөс батырдың шежіресі», «Бұхарадағы Көгілташ медресесінің салынуы туралы әпсана», «Қазақ-қырғыз комиссиясынан», «Шернияз шешен», «Алаш не сөз», «Диуани лұғат ат-түрік», «Кенесарының соңғы күндері», «Қазақ әдебиетінің тарихы» сияқты т. б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды, «Тайманұлы Исатайдың қозғалысы туралы қысқаша мағлұмат», «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингормонизм заңы», «Мұрат ақынның сөздері» сияқты күні бүгінге дейін деректік мәнін жоймаған жинақтарын шығарды.

Халел Досмұхамедұлының қаламы жүйрік журналист болғанын қазақ тілінде шығып тұрған «Шолпан», «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Сәуле» сияқты газет журнал беттерінде жарияланған мақалаларынан айқын көруге болады. Ол сонымен бірге қазақ қырғыз білім комиссиясы жанынан «Сана» журналын шығарып, өзі соның редакторы болған.

Халел Досмұхамедұлы - әдебиет зерттеушісі ретінде біраз еңбек сіңірген ғалым. Оның әдебиет зерттеушісі хақындағы қызметіне академик З. Қабдолов өте әділ баға берген: « . . . Данышпан Досмұхамедов мұнымен тынбайды, туған халқының даналығын тек оның өзіне ғана емес, өзге жұрттарға да анық таныту үшін, енді орыс тілінде «Казахская народная литература и ее содержание» («Қазақ халық әдебиеті») деген кітап жазып бастырады. Сөз өнері туралы тек осы кітабынан басқа ешнәрсе жазбаса да дәрігер Досмұхамедов тамаша әдебиет зерттеушісі ретінде тарихта қалған болар еді. Өйткені бұл кітап - қазақ әдебиетінің тегі (генезисі), қайнар көз жайында Халекең ашқан «Америка» [1, 53] .

Х. Досмұхамедұлы тарих саласында ХІХ ғасырдағы қазақ жеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстарға алғашқыларының бірі болып ғылыми талдау жасады. Сонымен бірге Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы және Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ тарихындағы ең айтулы көтерілістердің тарихи маңызын, ерекшелігін, олардың бір-бірімен ұқсас тұстарын және айырмашылықтарын алғаш рет ғылыми деректерге сүйене отырып, сауатты талдау жасайды. «Тайманұлы Исатайдың қозғалысы турасында қысқаша мағлұмат» дейтін қысқа емес, ұзақ зерттеуі - әдеби-шығармашылық еңбектерінің шыңы.

Алашшылдар қазақ халқының болашағын таптық жікке бөлуден емес, ұлттық бірліктен көргенін, халықтың тұрмыс-тіршілігін басты назарға алғаны мәлім болды. Алашорданың қызметіне араласқаны - Халелдің өміріндегі ақтаңдақ емес, қайта оны төл халқының ұлы мақсатына жақын етіп көрсетеді. Қорыта айтқанда, Х. Досмұхамедұлы - халқына өзін арнаған ғылым адамы. Бойындағы күш-қуатын, сана-сезімін сарқа еңбек еткен. «Өз еліміздің өткен-кеткені туралы, басынан кешкен дәуірлері туралы . . . ата-бабаларымыздың істерімен танысып, кеткен жаңылыстарына күйініп, жақсылықтарына сүйініп ғибрат алмақ - адамға сана береді» [2, 51] , - деп, оның өзі айтқандай, алашшылдар мен тапшылдарды бөле-жармай, ендігі жерде қазақ халқының басынан өткен үлкен бір белесі, сабағы деп қабылдау керек.

Алаш қайраткерлері қазақтың рухани дүниесін байытатын мәдени, әдеби құбылыстардың қай-қайсысына болса да баға беруге тырысып, өз заманынында қалың көпшілікке таныстырып отырды. Осындай ұлт үшін рухани мұраны насихаттаған үлкен шоғырды өз тарихымызда ең алдымен алашшылдар арасынан табамыз. Алаш қозғалысы - тек қана белгілі бір кезеңді қамтыған саяси, тарихи, қоғамдық құбылыс емес, тұтас ұлттық өрлеуді тудырған орасан құбылыс. Соның ішінде қайраткерлігімен де, қаламгерлігімен де ұлтына қызмет еткен Халел Досмұхамедұлы сияқты ұлы тұлғалардың орны айрықша.

Халел Досмұхамедұлының соңында атын сақтап қалған кітаптары мен мерзімді баспасөз бетіндегі мақалалары бар. Олардың бүгінгі ғылыммен үндестігі қандай? «Халел Досмұхамедұлы - әдебиет зерттеушісі» деп аталатын диплом жұмысы тақырыбына сұраныс осыдан туып отыр.

Алға қойған проблемасы: ғалым Халел Досмұхамедұлының әдебиеттанудағы еңбегін зерделеп, орнын анықтау, қосқан үлесіне лайықты баға беру.

  • Халел Досмұхамедұлы - қазақ фольклорының жүйе кестесін жасаушы;
  • ол кестенің ерекшеліктерін анықтау. Қыз Жібек, Кенесары, Наурызбай жырларын ғылыми басылымдармен салыстыру, көлемдік ерекшеліктерін анықтау;
  • «Диуани лұғат ат түрк» еңбегін қазаққа алғаш таныстырушы;
  • Абай, Махамбет, Шернияз, Нысанбай, Мұрат ақындар туралы Халел пікірлерінің өміршеңдігін дәлелдеу;
  • Базар ақын мұрасын алғаш жариялаушы әрі таныстырушы[3, 25] .
  1. Халел Досмұхамедұлы - фольклортанушы

Х. Досмұхамедұлының ауыз әдебиеті үлгілерін жинап-зерттеудегі еңбегі

«Қазақ халық әдебиеті. Қысқаша очерк»

Алаш қайраткерлері ұлтымыздың рухани мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде маңызды істер атқарғаны белгілі. Олардың бұл саладағы аса нәтижелі жұмыстары - осы халық үшін маңызды мәселенің бастауында тұрғандығымен де бағалы. Айталық, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы халық ауыз әдебиеті үлгілерін, Мағжан Жұмабаев, Базар жырау, Ақан сері мұраларын, Мұхамеджан Тынышбаев қазақ тарихына қатысты деректерді жинап, зерттегені, жариялағаны бүгінгі күндері көпшіліктің игілігіне айналып отыр. Алаш зиялылары ұлттың саяси бостандығы мен азаттығы жолында күреске шыға отырып, халықтың рухани болмысын түгендеуді де ұмытқан емес. Өйткені, біздің ойымызша, қандай халық болмасын өзінің мәдени-рухани дүниесін дамытпай, өркендеу жолына түсе алмайтындығын ұлт-азаттық қозғалыс өкілдері өте жақсы түсінген.

Х. Досмұхамедұлының фольклор саласындағы еңбектері негізінен оның «Қазақ халық әдебиеті», «Қысқаша очерк» атты баяндамасында топтасқан. Әдебиетші-ғалымдардың айтуы бойынша, бұл - Х. Досмұхамедұлының Ташкенттегі Қазақ жоғарғы педагогика институтының қазақ тілі кабинетінде оқыған баяндамасы. Баяндама орыс тілінде, ол «Год работы Казахского Высшего педагогического института» жинағында, кейін жеке жарық көрген.

Баяндама алғысөз; халық әдебиетінің мазмұны; қазақ халық әдебиетінің классификациясы; қазақ халық әдебиетінің үлгілері және қазақ халық әдебиеті үлгілерінің сүйіктілері мына басылымдарда жарияланды деген бөлек-бөлек тараулардан тұрады.

Алғысөзде ғалым болашақта қазақ халық әдебиетіне зерттеудің ауқымды бағдарламасын жасайды. Оның маңызы мен ауқымдылығын түсініп, өзі даярлаған очерктің ықшам зерттеу екендігін ескертеді. Халел Досмұхамедұлының мақсаты - «қазақ халық әдебиетінің болмыс-бітімін хатқа түсіріп, қолдан келгенше жүйелі де айқын классификациялап, әрбір бөлімнің мазмұнын ашып, бастау-бұлақтарын анықтап және оның қазақ, орыс тілдеріндегі бар үлгілерін көрсету»[2, 14] .

Х. Досмұхамедұлы мынадай пікір-тұжырымарды айтады:

1. «ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ қауымының тұрмыс-тіршілігі өзгеріске ұшырай бастады, ал бұл өзгерістер халық әдебиетінің даму жолына да ықпалын тигізді.

2. Төңкерістен кейінгі кезеңде қазақ тұрмыс-тіршілігіндегі бұл өзгерістер күрт қарқынды бола түсті. ХІХ ғасырдың аяғынан бастап анық байқалған халық әдебиеті дамуының тежелісі, әсіресе, төңкерістен кейін күшейе түсті. Осылайша барлық халық әдебиеті сияқты қазақ халық әдебиеті де бірте-бірте тіршілігін тоқтатпақ. Бұндай құбылыс басталды және ол қазақтардың мәдени дамуына кері бағытта жүріп отырмақ» -, деген[2, 15] .

Х. Досмұхамедұлы мұны айта отырып, бұл құбылысқа қарсы шара - халық әдебиетінің барлық үлгілерін жинау мен хатқа түсіруді және оны қолайын тауып, жаңа мәдени құрылысқа пайдалана білуге шақырды.

Фольклордың кейбір түрлері уыстан шығып бара жатқанын, көнекөз жыршылардың да азайғанын Халелге дейінгілер де айтып кеткен. Көне наным-сенімдер туралы мәліметіміздің аз екенін де бүгін де сезінеміз.

Х. Досмұхамедұлы фольклорлық шығармалардағы авторлықтың үш түрін айтады.

1. Ұжымдық (коллективтік) ;

2. Шығарма тұңғыш кімнен жазылып алынса немесе нұсқаның соңғы жеткізушісіне таңылу шартты түрде екенін;

3. Өз шығармасын автордың өзі хатқа түсіргендер немесе басқа біреулер жазып алған өз шығармасын түзету. Бұл қазақтың жазба әдебиетінің басы деп білген [2, 30] .

Х. Досмұхамедұлы халық әдебиетін, негізінен, өлең сөз түрінде келеді деп қабылдаған. Проза жанры бар деп айырып айтпаса да, оған қатысты кейбір түрлерді атаған.

Хикая дегеніміз - ел өмірде бар деп сенген неше түрлі жезтырнақ, үббе, албасты, күлдіргіш, жалғыз көзді дәу, шайтан, пері, дию сияқты нәрселер туралы діни нанымға негізделген әңгімелер[4, 95] . Халел Досмұхамедұлының мазмұндамасында осы анықтамада аталатын мифологиялық құбылыстардың біразы аталады. Тек бұл топқа бақсы мен аруақтың қосылып кетуі бар. Бақсы мен аруақ «киелілер» санатына қосылғандықтан ба, Х. Досмұхамедұлы хикаядағы кейіпкерлердің тигізетін зияны мен пайдасы бар деп қарауы, әрине, дұрыс бола қоймас. Хикая адамның өмір туралы түсінігі мифтік санадан ажырай бастаған кезде, қоршаған ортада кездеседі деген зиянкес құбыжық-құбылыстарға қарсы тұра алатын адамдардың бар екеніне сенуден туған, оқиға көбіне солай баяндалады. Жалмауыз кемпір образы ертегі кейіпкері ретінде қабылданғанымен, оның хикаяға қатыстылығы да жоққа шығарылмайды[5, 135] .

Ғалым Х. Досмұхамедұлы аңыздың қазақ фольклорында саны жағынан аса мол, мазмұны алуан түрлі екенін аңғарған. Өзге фольклорлық шығармаларға қарағанда, аңыздың жанрлық ерекшелігі - тарихқа қатыстылығын көрсетеді. «Аңыздар түрлі тарихта аты белгілі кісілерге, жекелеген құбылыс, қала, қорымдарға және т. б. әлдебір ру, ата не тұтас тайпа немесе қайсыбір уақиғаларға байланысты болып келеді», - деп анықтама береді[2, 26] . Оның бұл ойы бүгінгі ғылыммен үндес.

Қазақ аңыздарын тарихи және топонимикалық деп екіге бөліп қарастыруымыздың өзі шартты болғандықтан, Халелдің мұндай жікке салып айтпағанын кемшілік көруге болмайды. 1991 жылы «Аламан» жинағын құрастырушылар «Бұхарадағы Көгілташ медресесінің салынуы туралы әпсана» деп тақырып қоя отырып, кітап соңындағы түсінікте «предание», «аңыз» деп көрсеткен. Яғни, терминге мән бермеген. «В. В. Бартольду - Туркестанские друзья и почитатели» жинағында ғалым Х. Досмұхамедұлы

мұны «легенда» деп жазған.

Қазақтың фольклорлық прозасын жүйеге түсіру барысында «легенда» ұғымын ғалым С. Қасқабасов «әпсана-хикаят» терминін лайық көрген. Әпсана-хикаяттың мақсаты - баяғыда болған немесе болды деген бір керемет оқиғаны, іс-әрекетті немесе жағдайды көркемдей баяндау арқылы тыңдаушыға ғибрат беру»[4, 153] . Халел легенданың мазмұнын «жер мен көктің жаратылуы, жұлдыздардың (Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер т. б. ) пайда болуы, Алаңғасар алып туралы, топан судың қаптауы т. с. с. әртүрлі әңгімелер»[2, 26], -деп жазғаны мен жүйелеу кестесіндегі «легенданың» бір бөлек, космогониялық әңгімелердің бір бөлек жазылғанына қарағанда, автордың тарапынан болса да әйтеуір, бір асығыстық бар. Мұндай сәйкеспеушілік батырлар жыры, тарихи өлең деп бөліп айта отырып, жүйелеуде тарихи өлеңнің жоқтығынан да сезіледі.

Х. Досмұхамедов он екі жылдық есеп - мүшел - оның ішінде жыл мезгілі, ай, апта, күндері, олардың шығуы мен мәні туралы әңгімелерді бір жанр деп есептеген. Бірақ «Мүшел», «Хайуанаттардың жыл басына таласуы» деген шығармалар этиологиялық ертегілердің қатарына жатады[2, 27] .

Бата, алғыс пен қарғыс Қазан төңкерісіне дейін-ақ көзі ашық адамдардың назарына іліккен. Әдебиетші-ғалымдардың зерттеулерінен халық арасында бата беруші арнайы маманданған адамдар болған. Оларды «батисты» (сказатели бата) деп атайды. Басқалардың айтатын бата сөздері сол кісілердің аузынан тараған.

Халықтың салтында бата беруші - ақсақал, жасы үлкен кісі, ер адам болуы, негізінен, шарт. Батырлар жырынан бата беруші аналардың да болғанын көреміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Х.Досмұхамедұлының сыншылдық-эстетикалық көзқарасы және әдеби мұрасы
Халел Досмұхамедұлының дара жолы
Халел Досмұхамедов ойларымен қандай үндес
Қазақстандағы кітап және баспа ісі тарихы бойынша бұрынғы мәліметтер
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ – ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІН ЗЕРТТЕУШІ
Қоғам және мемлекет қайраткері энциклопедист - ғалым, профессор Халел Досмұхамедұлының көптеген зерттеу еңбектерінің бірінде
Ғалым өмірі мен шығармалары
Халел Досмұхамедұлы және Алаш қозғалысы
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы: тарихы мен тарихнамасы
Алаштың аруағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz