Абайтанудың негізін қалаушы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3-5
Негізгі бөлім
1. Халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы және зерттеуші
1. 1. Қарақыпшақ Қобыланды . . . 6-13
1. 2. Ер Тарғын . . . 14-17
2. Әдеби-сын еңбектері
2. 1. Абайтанудың негізін қалаушы . . . 18-28
Қорытынды . . . 29-30
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 31
КІРІСПЕ
1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында өткен екінші жалпы қазақ съезі Алаш автономиясы деп аталатын Ұлттық мемлекет құрылғандығын мәлімдеп, оның үкіметін сайлады. Әлемнің алтыншы бөлігін алып жатқан Ресей мемлекетінің көлемінде бұл аса зор оқиға болғанымен, орталық езгідегі қазақ қоғамы үшін оның тарихи маңызы ерекше еді. Өйткені мұның бәрі қазақ елінің ХҮІІІ ғасырдан бергі бостандығы мен теңдігі жолында орыс мемлекетіне қарсы жүргізген азапты күресінің қорытындысы болатын.
Тарих сахнасында Алашорда - Халық Кеңесі үкіметінің алып келген жалпы ұлттық күрестің басында ұлттық интеллигенция тұрды. Олардың ортақ түсінігі бойынша отарлық езгі мен феодалдық мешеулік жағдайында аяқ асты болған ұлттық мүддені қорғап, қазақ елін басқа өркениетті елдер қатарына алып шыға алатын жалғыз жол - ұлттық мемлекеттік құрылымның болуы еді. Жетпіс жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көсетіп бергендей, қазақ қоғам қайраткерлері тәуелсіз дербес мемлекет құру жолын таңдай отырып, қателескен жоқ еді. Ұлттық қанау мен ұлттық теңсіздік болған жерде езілген елдердің табиғи талаптары мен мүддесін қорғайтын қайраткерлеріміз де болды. Ал осы негізде пайда болған мемлекеттің саналы түрде жалпы ұлттық мұраттарға қол жеткізуді көздейтін шараларды іске асыруы да табиғи нәрсе. Өздерінің саяси еркіндігін алған ерлердің бәрінде де осылай болған. Осы тұрғыдан алғанда, әрине, Алашорданың өмірге келуі тарихи қажеттіліктен туған болатын. Бірақ қазақ ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің бұл әрекеті ескі Ресейдің тұтастығын көксейтін ақ казактар мен патша генералдарына да, жаңа тоталитарлық жүйені орнатушы большевиктерге де ұнамай қоймады. Егер алғашқылары Алаш қайраткерлеріне ұлы Ресейсіз өз бетінше өмір сүре алмайтын бұратана халықтың ат төбеліндей арам пиғылдағы өкілдеріндей қарап, аяқтарынан шалса, соңғылары саяси сауатсыз, аңқау елді арзан ұрандармен артына ертіп, ал оның көзі ашық көш бастаушыларын «буржуазиялық ұлтшылдар», «ұлтшыл-уклонистер» деп жариялап, алдымен халықты оларға қарсы қойып, артынан бұларды асып-атып, рухани азапқа салып, жойып тынды.
Ұлттық саясатта түптеп келгенде ұлыдержавалық, империялық мақсатты көздеген бұл екі саяси жүйе де ұлттық мемлекеттік идеясынан қорықты. Сондықтан да ұлттық шет аймақтарда бұл ойға қозғау салушылардың есімін атауға да тыйым салынды. Міне осыған байланысты біз соңғы уақытқа дейін қазақ ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің өмір жолымен, олардың артында қалдырған шығармашылық мұраларымен таныса алмай келдік. Халқымыздың өз еркіндігі үшін күрес жолында мәңгі өлмейтін терең із қалдырған сондай қайраткерлердің бірі - Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов - кейінге қалдырған ғылыми еңбектерін қазақ және орыс тілдерінде қатар жазған ғұлама ғалым әрі қыл қалам шебері. Ол - ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің қатарындағы аса ерекше тұлға. Ә. Н. Бөкейхановтың шығармашылық ғұмыры ХІХ ғасырдың 90-шы жылдарының орта тұсынан басталып, шамамен ол репрессияға ұшыраған 1937 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Әрине, 20-30 жылдар Бөкейхановқа шығармашылық еңбекпен айналысу үшін қолайлы кезең болды деп айту қиын, дегенмен бұл жылдары да ол өмірінің мамұнына айналған үйреншікті ғылыми және әдеби тақырыптардан қол үзген емес. Міне осындай айтарлықтай ұзақ және құнарлы шығармашылық өмір жолының болуына қарамастан белгілі қайраткердің еңбектері жеке кітап ретінде жарық көрген жоқ. Оның есімі ұзақ жылдар бойы сирек аталып, «буржуазиялық ұлтшылдықтың» синонимі ретінде қаралып келсе, кейінгі ұрпаққа қалдырған орасан мол аманат-мұрасы бір кісінің ғұмырындай уақыт шаң басып жатты. Көрнекті қоғам қайраткері - Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің І Мемлекеттік думасының және мұсылман халықаралық съезінің депутаты, ІҮ Мемлекеттік думасы мұсылман фракциясының Бюро мүшесі, қазақтың ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы; ғұлама ғалым - ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы әрі дарынды публицист - міне, ардақты азаматымыздың халқы үшін, халқының жарқын болашағы үшін соңғы демі біткенше атқарып өткен сан-қилы қызметінің бұл болар-болмас көрінісі ғана.
Жұмыстың зерттеу нысаны: Қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың әдебиеттанушы ғалым ретіндегі шығармашылығын қарастыру.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Әлихан Бөкейхановтың әдеби шығармашылық жұмысының құндылығын таныту. Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер көзделді:
- Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық қызметі жайлы мағлұмат жинау;
- Оның әдебиетке қатысты шығармаларын жинастыру;
- Халық ауыз әдебиетіне байланысты жинаған материалдарымен таныстыру;
- Сол шығармалары жайлы мағлұмат беру;
- Ә. Н. Бөкейханов жайындағы алаш зиялы қауымдарының пікірлерін қарастыру.
ХХ ғасырдағы қазақтың ең әйгілі мемлекет қайраткері, тамаша ғалым, зерттеуші, публицист, әдебиетші, ұлт-азаттық қозғалысының серкесі Әлекең, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановқа Замандастары Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Міржақып Дулатұлы, Сұлтанмахмұт Торайғырұлы, Мағжан Жұмабайұлы зор құрметпен қарап, оған шығарма арнап, оның тарихи орнын дәл бағалағанмен, кейінгі 50-60 жылда бұл қасиетті есімді қазақ санасынан жою үшін жасалмаған қиянат бар ма?
Бұлт сейілді. Аспан ашылды. Анық әлихантану енді басталмақ. Алғашқы баралау қатарында Хасен Оралтай, М. Қойгелдиев, М. Базарбаев, С. Аққұлыұлы еңбектерін айту керек. Ұлы қайраткердің кітабы шықты, өмірбаяны жазылды, қоғамдық-әлеуметтік қызметіне баға берілді.
Біз енді Әлихан Бөкейхановтың қолда бар шығармашылық мұрасына тоқталып, оның басты арналарына назар аударамыз.
1. Халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы және зерттеуші
- Қара қыпшақ Қобыланды
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің қатарындағы аса ерекше тұлға - Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов.
Әлихан Бөкейханов Дала өлкесіндегі Семей облысының Қарқаралы уезінде, Тоқырауын болысының №7 ауылында өмірге келді. Кеңес өкіметі тұсында ол жер Жезқазған облысының Ақтоғай ауданындағы Қаратал кеңшарының аумағына кірді. Тәуелсіздік кезінен бері оның туған жері - Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан атындағы ауыл деп аталады.
Ұлы даланың көгінен шоқ жұлдыздай ағып өткен Әлиханның аңыз ғұмыры туралы сырды тереңнен тартар болсақ, талай-талай бел-белеске, тарих қойнауына жетелейді. Асылдың сынығы, жақсының көзі Әлихан ата-тегі Шыңғыс ханнан өрбитін төре тұқымынан - Көкжал Барақханның баласы Бөкейханнан тарайды. Бөкейханның бес әйелінен он бір ұл, сол он бір ұлдьң бірі - Әлиханның арғы бабасы Батыр. Батырдан - Рүстем, Әшімтай, Мырзатай туады. Мырзатайдан - Нұрмұхамед (Әлиханның әкесі, елдегі аты Мұқан), Қоске, Шолақ, Әптіхан. Нұрмұхамедтен - Әлихан, Смахан, Базылхан, Әзімхан, Тәтіхан деген бес ұл мен Нұрбек атты бір қыз туады [1, 10]
Өкінішке орай, осы уақытқа дейін Ә. Бөкейханның туған жылы туралы деректер біркелкі емес. Белгілі жазушы-публицист Б. Қойшыбаев өзінің кітабында: «Қасиетті Сарыарқа төсіндегі Қызылтас тауының бұлақтарынан бастау алып, Балқаш көліне иек арта тартыльп қалатын, аңғарлы, салалы, бірақ қар суына тәуелді Тоқырауын өзені бойында, көшпенді ақсүйек отбасында, 1870 жылы дүниеге болашақ ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан келді», - деп жазады. Қоғабай Сәрсекеев «Алаштың Әлиханы» атты филологиялық эссесінде, «Біз Әлекеңнің Қарқаралы уезі берген куәлігіне сүйеніп 1870 жыл дегенді аламыз», - дейді [2, 7] .
Танымал журналист Масғұт Халиолланың зерттеулеріне үңілсек, Әлихан Бөкейханов 1866 жылы Семей губерниясы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысы 7-ауылда (қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының жерінде) дүниеге келген. (Бұрын туған жылы 1866, 1867, 1869, 1871 болып әртүрлі жазылып жүрген. Кейін Омбы мұражайынан сенімді құжаттар табылып, туған жылы күмәнсіз анықталған) [3, 7] . Осы пікірді Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті Ортай Абдрахманов ағамыз да растайды: «Әлекеңнің кіндік қаны тамған өлкесі - Желтаудың шоқтығына шыға қалсаңыз, көз алдыңызда аты көпке белгілі Беғазы қорығы. Әріректе қазақтың қатпарлы шоқыларының ең биігі Ақсораңды көресіз. Ал баурайында ирелеңдеп, күндіз-түні тынбай сылдырап Жіңішке өзені ағып Тоқырауынға барып құяды. Жіңішке өзеннің айналасы уақытында ну тоғай болған жер. Топырағы құнарлы, табиғаты бай. Желтау қойнауындағы қараүңгірде түрлі тасқа қашалған ою-таңбалар жеткілікті. Табиғаттың осындай бір аяулы, сәнді өлкесінде 1866 жылы наурыз айында Әлекең дүниеге келген» [4, 5] .
1916 жылы Әлихан Бөкейханов Орынборға келеді, өйткені оған Омбыға оралуға тыйым салынған еді. Ұзақ жылдан кейін ол бірден осы аймақтың қоғамдық саяси өміріне белсене кірісіп кетті. Сол жылы қазақ тұрғындарының атынан қалалық Думаға сайланды.
Өкінішке орай, екінші Думаның да жұмысы тым қысқа болып, 105 күнде тарап кетті. Содан кейін империя 1, 907 жылғы 3 маусымдағы заңы бойынша бұратана халықты Мемлекеттік Думаға сайлану кұқығынан айырды.
Думадағы депутаттардың саны азайтылды. Оның ішінде ұлттық аймақтардан депутаттардың сайлану құқығы жойылды. Өйткені дауысқа салған кезде көпшілік дауыспен патша ағзамға ұнамайтын шешімдер кабылданып кететін болды. Қазақ халқының сайлану құқығынан айырылғанын жою үшін қазақ оқығандары, соның ішінде Әлихан Бөкейханов үлкен жұмыс істеді.
Қазақтарға, 1907 жылы 3 маусымда шыққан заңмен тартып алынған сайлау кұқығын қайтару үшін және Мемлекеттік Думада өз халқының өкілдерінің мүмкіншілігіне ие болу мақсатымен Бөкейханов әр түрлі думалық фракциялармен ынтымақтаса бастады. Ресей мұсылмандары депутаттары мен кадеттері фракциясымен ынтымақтастық орнады. Оның қайсарлығы мен айтқан сөзінен қайтпайтындығының арқасында төртінші Мемлекеттік Думада мұсылман фракция бюросы 1916 жылы кұрылды. Оның кұрамына қазақ халқының өкілі ретінде өзі енді. Көп ұзамай оның кепілдігімен бюро мүшелігіне Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген 24 жастағы Мұстафа Шоқай кабылданды.
XX ғасырдың алғашқы жылдарынан, әсіресе, 1914 жылдан бастап халықтың жағдайы өте ауырлай түсті. 1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыс қисапсыз шикізатты, азық-түлікті, малды, тағы баска материалдық игілікті жалмай берді. Уақыт өткен сайын соғысқа байланысты тонау мен қанау күшейе түсті. Әр түрлі салықтардың мөлшері артып, жаңа салықтар енгізілді. Жергілікті халық төлейтін салықтар көлемі 3-4 есе, ал жекелеген жағдайларда 15 есеге дейін көбейді. Сонымен қатар, халық күнделікті тұтынатын заттар үздіксіз қымбаттай берді.
Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының басым бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, халықты рухани езгіге де түсірді: оны тілінен, дінінен айыру бағытында жымысқылықпен ойластырған шаралар жүйесін жүзеге асырды.
Ұлттық және әлеуметтік езгінің күшеюі, соғыс тудырған қиыншылықтарға байланысты халық бұкарасының қайыршылануы, кымбатшылық пен аш-жалаңаштықтың етек жаюы - міне, осының бәрі халықтың басым көпшілігі тарапынан жаппай наразылық туғызды.
Соғыс Ресей империясында пісіп-жетіліп келе жатқан жалпыға бірдей дағдарыс үрдісін тездетті. Қазақстаннын, Орта Азияның барлық дерлік аймақтарын қамтыған көтеріліс соның нақты көріністерінің бірі болды. Көтерілістің бұрқ ете калуына патшаның 1916 жылғы 25-маусымдағы Қазақстанның, Орта Азияның және ішінара Сібірдің «бұратана халықтарының» ер-азаматтарын (19 бен 43 жас арасындағы) майданның тыл жұмыстарына (қорғаныс кұрылыстарын және әскери қатынас жолдарын салуға, окоптар қазуға, т. с. с. ) «реквизициялау туралы» жарлығы тікелей сылтау болды. Жарлық бойынша тыл жұмыстарына Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам, соның ішінде, қазақтардан, 240 мыңға жуық кісі алу белгіленді [7, 5] .
Онсыз да отаршылықтың қамытын киіп жүрген қазақ бұл жарлықтың оңай тимегені рас. Озбыр саясаттың қиындығы мен азабын қаншама жыл тартып келе жатқан қазақ баласы бұл жолы ол қорлыққа көне алмады. Көне алмағаны сол, шал-шауқанға дейін ұрпағының амандығы үшін атқа қонды. Ақ патшаның 1916 жылғы әйгілі «Июнь жарлығынан» кейін басталған толқулар Қазақстанның көп өңірлерін қамтыды. Ең ірі қозғалыстар Жетісу, Торғай-Ырғыз өлкелерінде болды. Мыңдаған қазақ сарбаздары патша әскерлерімен шайқасты, жүздеп оққа ұшты.
Қазақ қоғамында, атап айтқанда, оның сол кездегі саяси элитасының арасында, көтеріліске көзқарас бір мәнде болған жоқ. Қазақ зиялыларының радикалды өкілдері (Тоқаш Бокин, Жаңабай Ниязбеков, Әубәкір Жүнісов, Тұрар Рыскұлов, Сейітқали Меңдешев, Беймен Алманов, Әліби Жангелдин, т. б. ) патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыққа шақырды. Ал «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан либерал-демократияшыл зиялылардың жетекшілері (А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов және басқалар) патша әкімшілігінен тыл жұмысына адам алуда асықпауды өтініп, әуелі дайындық шараларын жүргізу женінде ұсыныстар жасады. Сонымен қатар, олар көтеріліске шыққан халық патша өкіметі тарапынан аяусыз жазалауға ұшырайтынын ескертіп, көпшілікті жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды.
Уақиғалар ағымы Ә. Бөкейханов пен А. Байтұрсынұлы ұстанған бағыт дұрыс болғандығын көрсетіп берді. Өйткені, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс Қазақстанның барлық аймақтарында қатаң басып-жаншылды. Көп қазақтар елін, жерін тастап Қытайға, Ауғанстанға қашты. Жоңғар шапқыншылығынан кейін қазақ халкының басына түскен ірі зобалан осы болды.
Бірақ, түптеп келгенде, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік-экономикалык дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды. Ресейде 1917 жылғы ақпанда буржуазиялық-демократиялық көтеріліс жеңіске жетті, патша тағынан түсті. Уақытша үкімет жазалаушы әскерлер тобын кері қайтарды.
Ә. Бөкейханов 1917 жылғы Ақпан революциясын құптады. 1917 жылғы 20-наурызда Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы жене М. Шоқайұлы бірігіп, «Алаш ұлына» атты үндеу әзірлейді. Оны «Қазақ» газетіне бастырады. Бұл үндеуде қазақ азаматтарына уақытша өкімет шараларын қолдауға, оны түсіністікпен қабылдауға шақырған: «Еркіндік таңы атты. Кұдайдың көмегімен аңсаған арманымызға жеттік. Кеше ғана біреудің кұлы болып едік, бүгін бәріміз тең болдық . . . Халықты көп ғасырлық кұлдықта ұстаған үкімет күйреді!».
Ақпан революциясы кезінде Бөкейханов Минскіде болды. Өзінің жақтаушыларымен бірге ол Орынборға жеделхат жөнелтті: «Ресейдің барлық халықтары үшін теңдік және туыстық таңы атты. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі кажет. Жаңа тәртіпті бекіту үшін басқа халықтармен туыстық қатынасты ұлғайту керек. Құрылтайшылар жиналысына сайлауға дайындалу керек. Бірлік пен әділдік үшін күресіңдер! Құдайдан басқа ешкімнен қорықпаңыздар, еңбек етіңіздер, жаңа үкіметті қолдаңыздар».
Ресейде билік формасы ретінде демократиялық республика болу керек. Бұл жайлы Әлихан Нұрмұхамедұлы әр уақытта жазған.
Тарих Алаш-Орда үкіметі мен партиясына бағдарламаны жүзеге асыруға мүмкіншілік бермеді. 1917 жылғы Қазан төңкерісін алаштықтар сақтықпен карсы алды. Әлиханның әріптесі Ахмет Байтұрсынов 1919 жылы былай деп жазды: «Ақпан революциясы қазақтарға қаншалықты түсінікті болса, Қазан революциясы соншалықты түсініксіз болды».
Мұндай түсінбеушіліктің және Октябрь революциясының идеяларын қабылдаудың себептерін талдай отырып, ол «алғашқы революцияның дұрыс түсінілгенін және қазақтардың қуана қарсы алғандығын» атап көрсетті. Себебі, біріншіден, ол халықты патша үкіметінің қудалауы мен күштеуінен босатты, ал, екіншіден, олардың арманы - өздігінен басқаруды жүзеге асыру үмітін күшейтті. Екінші революцияның қазақтарға түсініксіз болғандығы былай түсіндіріледі: қазақтарда капитализм мен таптық дифференциация жоқ, тіптен, олардың меншігі де басқа халықтардай шексіз емес.
Бірақ, Кеңес билігі мен «Алаш» партиясы мемлекет, таптар, әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша бірдей келісімге келмеді. Партия мүшелері заңсыз болып жарияланды. «Алаш» партиясы таратылды, оның ресми органы - «Қазақ» газетінің кызметі тоқтатылды.
Оның ғылымға деген жігері тек қана қазақ мемлекеті тарихын, қазақ халқының этногенезін, шаруашылығы мен көшпелі мәдениеттің қарым-қатынасына, қазақ коғамының саяси құрылымын зерттейтін мәселелермен және патшаның көшіру саясатына байланысты мәселелермен шектеліп қана қоймады.
1889 жылдың өзінде Ә. Бөкейханов 18 мақала жариялады, оның ішінде, «Қарқаралы уезінің Тоқырауын, Қотан-Бұлақ және Батыс-Балқаш болыстарындағы жер шаруашылығы туралы» деген қызықты еңбегінің жазылуы да кездейсоқ емес еді. Ал, бұл шығармаларын ол Петербург Орман институтына түскенге дейін жазған.
Омбыда Ә. Бөкейханов ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, тарих, этнография, әдебиет салаларында ғылыми еңбектер жазады. Қазақ даласындағы жер мәселелерін, әсіресе, көшіріп-қондыру мәселелерін зерттей келе Ресей империясының отаршылдық саясатын әшкерелеп, осы тақырыпта ғылыми мақалалар жазады.
Өйткені, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде ішкі Ресейден көптеген қоныс аударушылар үдере көтеріліп қазақтың кең де, сайын даласына көшіп келіп, шұрайлы жерді басып ала бастайды. Қазақтар құнарлы ата қонысынан айырылып, шөлді және шөлейт жерлерге ығысады. Міне, сол кезде қазақ коғамында және қазақ баспасөз беттерінде «Қазақ қайтсе өз жерінен айырылмай, ата-бабаларының жерін ұстап қалады? Ол үшін не амал жасау керек?» деген мәселе көтеріле бастайды.
Бұл Ә. Бөкейхановқа да әсер етпей қоймайды. Туған халқының жерінен айырылып қалмауын ойлап, патша әкімшілігінің жерге орналастыру саясатының қыр-сырын түсіне білген ол мақалаларының кейбіреулерін «Сибирские вопросы» атты Санкт-Петербургте шыққан журнал бетінде жариялайды. Осы жазылған еңбектеріне әйгілі ғалым С. П. Швецов кейініректе мынадай баға береді: «Ә. Бөкейханның барлық ғылыми еңбектері оның терең де жан-жақты білімділігі мен дайындығын көрсетеді, керекті фактілер мен материалдар жоғары сапада, мұкият түрде талданып, ұқыпты қолданылғандығымен ерекшеленеді».
Ә. Бөкейхановтың барлық еңбектерін атап өтуге мүмкіндік жоқтығынан қазақ тарихының мәселелеріне арналған еңбектеріне тоқталайық. Ең алдымен «Қырғыз аймағының тарихи тағдырлары және оның жетістіктері» атты монографиясын атап өткен жөн /Россия: Полное географическое описание нашего Отечества. Под ред. В. П. Семенова, том 18. Киргизский край (составители А. Н. Сидельников, Л. П. Осипова, А. Н. Букейханов. СПб, 1903) /; мұнда археологиялық ескерткіштердің мінездемелері, ертедегі мекендеген халықтар өмірі мен тұрмысының суреттемесі берілген, қазақ ұлты мен мемлекетінің құрылуы талдаудан өткізілген. Бұл монография - Ә. Бөкейхановтың императорлык орыс Географиялык қоғамының Батыс Сібір бөлімінің мүшелерімен бірігіп жүргізген зерттеулерінің нәтижесі және Қазақстанның төңкеріске дейінгі тарихын баяндайтын еңбектердің ең алғашқысы. Авторлар қазақ халкының этногенезі мен Қазақ мемлекеттілігі мәселелерін көтереді. Түрік тайпаларының саяси құрылысының жеке элементтері мен өзіндік ерекшеліктерін қазақ мемлекеттілігінің алғашқы негізі ретінде қарастырады. Жалпы алғанда, Ә. Бөкейхановтың қазақтардың түрік әлемімен теңдігінің мәселесін жүзеге асырушылардың ең алғашқысы екенін атап кеткен жөн.
Монографияда келтірілген деректер Ресейдің ХVІ-ХIХ ғасырларда отаршылдық саясат жүргізгенін жоққа шығармайды. Ө. Бөкейханов өз кезіндегі саяси жағдайдың қазақ-орыс қарым-қатынастарының дамуымен тікелей байланысты екенін атап көрсетеді. Ол сол кездің өзінде «империялық державаның» мәдениетін тану ұлттық мәдениеттің дамуына үлес қосқан ең үлкен себептердің бірі деген ой айтқан.
Ә. Бөкейхановтың болашақтағы оқиғаларды болжай білгенін, онын тарихи көрегендігін мына тұжырымдамадан-ақ көруге болады: «Шаруаларды көптеп және асығыстықпен қырғыз даласына көшіргенмен, тың жерлерді шаруашылықтары интенсивті калыпқа келтірмей-ақ жыртуы мүмкін. Соның нөтижесінде кырғыз даласы тың жерлерінен айырылып, крестьяндық шаруашылықтың қазіргі техниканы қолданғанның өзінде жеміс бермеуі ғажап емес. Ал тамаша жайылымдарынан айрылған қырғыздар жаңа өмір жағдайына сөйкес қалаларға көшпесе, мүлдем тақыр кедейге айналуы мүмкін».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz