Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы


МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе . . . 3-7
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақтың халық өлеңдері . . . 8-25
2. Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы . . . 26-34
ІІІ. Қорытынды . . . 35
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 36
КІРІСПЕ
«Қазақ фольклорының тарихы» деген ұғым мен зерттеу дәл өз мағынасында осы уақытқа дейін арнайы түрде күн мәселесіне қойылған емес. Оның бірнеше себебі болды. Біріншіден, ғылымда фольклорды жеке көркем жүйесі бар, көп өзіндік белгілерімен ерекшеленетін руханият деп түсінбей, оны көркем әдебиеттің бір саласы деп ұғыну орныққан еді. Соның салдарынан фольклор тарихы - әдебиет тарихы деп қарастырылып жүрді. Екіншіден, фольклортану ғылымының өзі де көп уақыт бойы әдебиеттанудың ішінде жүрді және сол әдебиеттанудың теориялық, әдіснамалық амал-құралдарына сүйеніп, соларды пайдаланып келді. Әлбетте, одан ол үлкен зиян шеккен жоқ, бірақ фольклордың көптеген қасиетін толық тани алмады. Үшіншіден, әдебиет тарихы жүйелі түрде, кезең-кезеңге бөлініп зерттелді де, фольклор синхронды түрде, бізге жеткен қалпы бойынша сипатталып, оның тарихи даму жолдары, қандай дәуірлерді бастан кешкені ескерілмеді, жеке-жеке жанрлар ғана зерттеліп жүрді. Әрине, фольклордың, дәлірек айтқанда, қай шығарманың нақ қай жылы немесе қай ғасырда туғанын, оның қандай өзгеріске ұшырағанын дөп басып айту мүмкін емес. Сол себепті де бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы ғалымдар да, қазіргі кезеңдегі оқымыстылар да фольклордың тарихын дәуір-дәуірге бөліп зерттеуге көп бармады, ал барған күннің өзінде маркстік-лениндік әдіснамадан шыға алмай, таптық формациялар бойынша қарастыруға мәжбүр болды. Бірақ бұл жол тұрпайы социологияға ұрындырды. Мәселен, 1950-1960 жылдар аралығында орыс фольклортану ғылымында орыс фольклорының тарихына арналған бірнеше еңбек жарық көрді. Бұл кітаптарда фольклордың тарихы феодализм дәуіріндегі, капитализм кезеңіндегі, совет тұсындағы деп жіктеліп қаралды да, әр дәуірлеудің өзі ғасырлар мен нақты жылдарға бөлінді және фольклордың тарихы көркем ойдың даму тұрғысынан емес, әлеуметтік тұрғыдан, езілуші таптың шығармашылық қабілетін дәріптеу мақсатында зерттелді. Кезінде ол еңбектер үлкен сынға да ұшыраған болатын.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Фольклордың өзінің де тарихы, қалыптасу, даму жолдары бар екені, оның әр дәуірде әр түрде болатындығы - бүгінгі күнде күмән туғызбайтын ақиқат. Өткен ХХ ғасырдың өзінде-ақ қазақ фольклорының тарихи кезеңдерін қарастыруға ұмтылыс болды. Мысал ретінде «История казахской литературы» атты еңбектің фольклорға арналған бірінші томын атауға болады. Кітапта «Очерк истории казахского фольклора» деген тарау беріліп, ол төмендегі тараушаларға бөлінген: фольклор времени этногенеза казахского народа; фольклор ХVІ-ХVІІІ вв. ; фольклор ХІХ - начала ХХ вв. ; советский фольклор. Бұл жерде айтатын нәрсе - қазақ фольклорының тарихын дәуірлеуге ғалымдардың көңіл бөлгенін құптай отырып, дәуірлерді анықтау принциптерімен келісу қиын. Өйткені, мұнда азаматтық тарихтың ізімен жүру шарты қолданылған да, фольклор тарихы майда кезеңдерге бөлініп кеткен, әрі фольклордың ішкі даму заңдылықтары ұмыт қалған, соның нәтижесінде фольклор тарихы әдебиеттің даму жолдарына сай болып шыққан. Рас, бұл еңбекте жекелеген жанрларды тарихи дамуы тұрғысынан зерделеуге күш салған жәйт бар, алайда, авторлар көбінесе кеңес өкіметіне дейінгі және кеңес тұсындағы деп, екі кезеңді бөле көрсетеді. Бірақ, жалпы алғанда, бұл кітап - қазақ фольклоры - өзіндігі мол мұра екенін, оның өз даму жолдары болғанын алғаш мәселе етіп қойған еңбек болды.
Сонымен, ойымызды қорыта айтар болсақ, қазақ фольклоры - әдебиеттің бастауы бола тұра, өзіндік қасиеттерге де бай. Оның ұзақ тарихын баяндамастан бұрын, фольклордың мәні мен мағынасын ашып, оның теориялық мәселелерін сөз етіп алған жөн сияқты. Алдымен «фольклор» деген не, оның статусы қандай, теориялық негіздері мен жанрлық табиғаты қалай әрі неден көрінеді деген проблемаларды қарастырып, олардың фольклор қалайша және қандай жолдармен қарапайымдықтан көркем сөз өнеріне көтеріліп, бүгінгі заманға жеткен классикалық түріне айналуындағы рөлін көрсету - бұл еңбектің басты мақсаты. Аса көңіл бөліп айтатын нәрсе: бұл монография - оқулық емес. Егер оқулыққа қойылатын талап - ғылымда қабылданған, тұрақты қағидаға айналған тұжырымдар берілуі керек болса, мұнда фольклортанудың әрқилы мәселелері жаңадан жазылған зерттеулердің нәтижесін пайдалана отырып, өзіндік ізденістер мен талдауларға негізделген соны пікірлер ұсынылады, қазақ фольклоры жалпы адамзаттық руханияттың даму заңдылықтары аясында қарастырылып, оның ежелгі түр-сипаты басқа құрлықтардағы ХХ ғасырға дейін көне рулық-тайпалық салтта өмір сүрген жұрттардың рухани мәдениетімен тарихи-стадиялық әрі тарихи-типологиялық әдістермен салыстыру арқылы анықталады.
Жұмыстың зерттеу нысаны: Қазақ фольклорының тарихын зерттеп, ауыз әдебиеті үлгілерін классификациялаушы фольклортанушылардың бірі - Бекмұрат Уахатовтың фольклортанушылық еңбегі.
Бекмұрат Уахатов 1932 жылы 29 қарашада Павлодар облысы Лебяжі ауданы Майқарағай совхозында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген (1954), 1957 - 1958 жылдары “Қазақ әдебиеті” газетінде тілші, 1958 - 1982 жылдары ҚР ҒА - ның Әдебиет және өнер институтында кіші, аға ғылыми қызметкер жұмыстарын атқарды. 1982 - 1984 жылдары қолжазба және тектология бөлімінің меңгерушісі болып, қызмет істеді.
1976 жылы Алматы қаласында өткен ІІ - Бүкілодақтық түркология конференциясына қатысты. Ал, 1980 жылы Ташкент қаласында болған ІІІ - Бүкілодақтық түркология конференциясына делегат болып, онда «Қазақтың халық өлеңдерінің типологиялық ерекшеліктері» деген тақырыпта баяндама жасады. 1981 жылы өткізілген «Сібір халықтарының тұрмыс-салт жырлары» атты ғылыми-теориялық конференцияның делегаты болды. Әдебиет сыншысы Б. Уахатов халық өлеңдерінің мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізінде 1975 жылы «Қазақтың халық әндері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап, филология ғылымдарының докторы деген атақты ие болды.
1958 жылдан өмірінің ақырына дейін (1984) ҚазКСР ҒА - ның М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында әуелі кіші, одан кейін аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болып, қызмет етті және 1980-1984 жылдары институт жанындағы Орта Азия мамандандырылған Орталығының ғылыми Кеңесінің ғылыми хатшысы болды.
Б. Уахатов ұстазы М. Әуезовтың ақыл-кеңесімен біржола ғылым жолына түседі. Оның жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғағаннан бастап, ол әдебиеттану саласына белсене араласты.
1969 жылы «Таланттар, туындылар» деген атпен жарық көрген монографиялық еңбегінде қазақ әдебиетінің классигі М. Әуезовтен бастап, одан кейінгі толқынның ірі өкілдері С. Мәуленов, Т. Ахтанов, М. Әлімбаев, А. Шамкенов және т. б. қаламгерлердің шығармашылығы туралы түйінді ой- пікірлерін ортаға салады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Бекмұрат Уахатовтың әдеби шығармашылық жұмысының еркшелігін таныту. Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер көзделді:
- Бекмұрат Уахатовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат жинау;
- Оның әдебиетке қатысты шығармаларын жинастыру;
- Халық ауыз әдебиетіне байланысты жинаған материалдарымен таныстыру;
- Сол шығармалары жайлы мағлұмат беру;
Б. Уахатов ауыз әдебиетінің негізі - халық өлеңдері туралы тыңғылықты зерттеу жұмыстарын, ғылыми мақалалар жазды. Ол еңбектерінде фольклоршы-ғалым халық өлеңдерінің шығу тегін, поэтикалық құрылысын, жанрлық жүйесін айқындап берді және оны басқа халықтар әдебиетімен салыстырып қарастырды. Ғалымның сол мақалалары жинақталып «Қазақтың халық өлеңдері» деген атпен кітап болып шықты.
Б. Уахатовтың әдебиеттану ғылымына қосқан еңбегін саралағанда ғалым 1960-1984 жылдар аралығында жиырма екі көлемді зерттеу мақала, сегіз монография жазған. Сонымен қатар көптеген жинақ, кітап, томдар құрастырып, оларға алғы сөз жазған бірнеше кітаптың жауапты сарапшысы болған. Ғалымның ғылыми еңбектерінің негізгі тақырыбы қазақ фольклорының мәселелеріне арналған. Ол фольклорист ғалым ғана емес, ұшталған журналист ретінде де көрінді.
- ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ ӨЛЕҢДЕРІ
Қазақтың көне дәуірлерінен келе жатқан рухани мол мұра байлығының бірі - халық өлеңдері. Халық өлеңдері - қазақ өмірінің өткендегі шындық айнасы, соның ғасырлап қалыптасқан әдет-ғұрпынан, салтынан, тұрмыс-тіршілігінен туған ауыз әдебиетінің бір түрі.
В. Г . Белинский: «Халық өлеңдерінің бәрі үй іші тұрмысына арналған, бәрі де содан туған», - десе [1, 44] , Поль Лафарг: «Өлең халық көңіліндегі қайғы мен қасіреттің, қуаныш пен шаттықтықтың серігі», - дейді [2, 53] .
Орыстың ұлы жазушысы А. М. Горький: «Халықтың ауыз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың нағыз тарихын білу мүмкін емес», - деп үйретеді [3, 183] .
Ауызша туып, кең тараған сөз өнерінің бар түрін бірдей терең түсініп, тануға ғылымдық негіз болған бұл пікір қазақтың халық өлеңдерін зерттеу үшін де маңызы зор. Демек, қазақтың халық өлеңдерін талдап, оның жанрлық, функционалдық ерекшеліктерін ашу, сөйтіп тұтас бір жанрдың жалпы даму тенденциясын, есею, кемелдену сатыларын айқындап, нақтылау ісі де - қазақ фольклористикасының алдында тұрған аса күрделі мәселе.
Қазақ өлеңдері ауыз әдебиетінің өзге үлгілеріне қарағанда көп түрлі, көп салалы жанр. Мұнда ескі, көне эпостық шығармаларға негіз болған салт жырларынан бастап, халықтың күнделікті күнкөріс тіршілігінен туған өлеңдер де, сондай-ақ ел тұрмысын, оның әр шақ, әр кездегі қуанышы мен күйінішін көрсететін қара өлең, тарихи өлеңдер де бар. Мұның түп төркіні біздің жыл санауымызға дейінгі көне дәуірлерден басталады.
Осы орайда Бекмұрат Уахатовтың «Қазақтың халық өлеңдері» атты еңбегінің фольклортану ғылымына қосқан үлесінің зор екенін атап айту керек. Бұл еңбектің мақсаты өлең жанрының негізгі даму тенденциясын анықтау, соның табиғатын, идеялық-көркемдік ерекшеліктерін ашу. «Бұл ретте қазақ өлеңінің ең алғашқы шығу, таралу тарихын, қалай өсіп, қалай жетілгенін, қандай тақырып, қандай өлең түрлерімен байып, молығып отырғанын зерттеу басты нысана болды, - дейді Б. Уахатов [4, 8] .
Кітапта қазақ өлеңдерінің тұтас көрінісін, оның өзіндік даму жолын анықтаумен бірге халықтың күнделікті күнкөріс кәсібінен, еңбегінен туған ескілікті өлеңдер, яғни аңшылық, төрт түлік мал, наурыз турасындағы шығармалар сол замандағы тарихтық-қоғамдық өзгерістермен байланысты зерттеледі. Сонымен бірге шамандық дәуірінен қалған өлеңдер, тұрмыс-салт жырлары мен қара өлең, тарихи өлең үлгілері де өз алдына арнайы жеке-жеке тарау болып талданған.
Бұл зерттеуде қазақ халқының ондаған ғасырлар ішінде жасалған өлеңдік қоры тұтас бір жанрға топталып, оның бүгінгі өсу, өрлеу жолы сипатталады.
Сонымен «Қазақтың халық өлеңдері» жеті тараудан құрылған. Бірінші тарау «Халық өлеңдерінің жиналу, зерттелу жайынан» деп аталады. Негізінен, қазақ халқының ауыз әдебиеті, соның ішінде өлең үлгілерінің жиналуы сонау XI ғасырдағы Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» сөздігінен басталады делініп жүр. Алайда бұл еңбек пен Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білігіндегі» өлеңдер жалғыз қазақ емес, Орта Азияда тұратын түркі тілдес өзге халықтарға да ортақ мұра.
Ал қазақтың халық өлеңдерін шынайы ұлттық шеңберде жинап бастыру, ол туралы азды-көпті пікір айту ісі XYIII ғасырдың соңғы жартысынан басталады.
Орыстың атақты ғалымы, саяхатшы, этнографы А. И. Левшин «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» деген еңбегінде қазақ өлеңдерін жанрлық жағынан батырлық, тұрмыс-салт жырлары, лирикалық өлеңдер деп үшке бөледі.
Міне, бұл келтірілген мысалдар қазақ өлеңдерін жинап-теру, оны орыс тіліне аударып бастыру жұмысындағы азын-аулақ фактілер ғана. Бұдан кейінгі сирек ұшырасатын еңбек ретінде Семенов-Тянь-Шаньскийдің «Географическо-статический словарь Российской империи» деген кітабын алуға болады. Мұнда да қазақ даласының географиясына, малшылық кәсібіне байланысты бірталай бағалы материалдар берілген. Қазақ әдебиеті мен тілі туралы айтқандар, алдыменен В. Радловтың, А. Васильевтің, Я. Лютшьтің, Н. И. Гродековтың, М. В. Готовицкий мен А. Е. Алекторовтың, Г. Н. Потаниннің есімдерін атаған абзал.
ХІХ ғасырдың 40-жылдарында қазақ өлеңдерін өз ана тілінде жазып алып, жинағандардың бірі - Абайдың туысы Халиолла Өскенбаев. Ол ұстазы Н. Ф. Костылецкийдің тапсыруы бойынша қазақтың бірнеше салт өлеңдерін жазып алған. Бұл қолжазбалар соңғы кезге дейін Шығысты зерттеуші белгілі ғалым И. Н. Березиннің архивінде сақталып келді.
Ал, қазақтың тұңғыш тарихшы-этнографы әрі әдебиетші ғалымы Шоқан Уәлиханов пен оның досы Г. Н. Потанин жинап-терген өлеңдер мен ол туралы айтқан ой-пікрлерінің мәні ерекше. Шоқан Уәлиханов қазақ поэзиясының жыр тәрізді көне формаларына тоқталып, оның даму заңдылығын зерттейді.
Ол «Соңғы уақытта . . . қазақ сахарасында жыр поэзияның ескірген, көне формасы ретінде қолданудан қалды. Қазір қобыз сарынымен жыр айтушылық тек бақсылардың еншісіне ғана тиген. Домбыра мен өлең бұл күндері қобыз бен жырды біржола ығыстырып шығарды» [6, 197] . «Қазіргі ақындардың көпшілігі осы күнгі өлең формасын ең қолайлы өлең өлшемі ретінде қолданып, соған өздері жаттығып алған», - дейді [6, 200] .
Сондай-ақ Г. Н. Потаниннің қазақ өміріне, әдебиетіне байланысты жазып қалдырған еңбегі де өз алдына сөз болуға тиіс. Ол қазақтың көптеген аңыз-әңгімелерімен бірге өлеңдерін де, бата сөз, бақсылық жырларын да жинаған.
Қазақ өлеңдерін жинап-теру жұмысына ерекше мол еңбек еткен ендігі бір ғалым академик В. В. Радлов - қазақ халқының ән құмарлығына қайран қалған соның ән салғыш, өлең шығарғыш өнеріне тәнті болған адам. Қазақ өлеңді ұнатса, оны «ертегі дүниесінде айтылатын әлдеқандай ғаламаттығы үшін емес, онда өз өмірі, өз сезімі, өз арманы суреттелгені үшін ұнатады», - деп жазды ол. Радлов жинаған қазақтың салт өлеңдері мен бата, бақсы сарыны секілді жырлары әлі де сол қалпы, әдебиетші фольклористтер үшін де, тілші этнографтар үшін де әсте таптырмайтын, сирек ұшырасатын материалдар.
Сондай-ақ С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, С. Мұқанов, М. Әуезов, Қ. Сәтпаев, Ә. Марғұлан, Қ. Қуанышбаев, Ә. Жангелдин, Е. Өмірзақов, Қ. Жандарбеков, Ғ. Құрманғалиев, Ә. Қашаубаев, С. Бегалин, Ө. Тұрманжанов тәрізді халықтың қалың ортасынан шыққан белгілі ақын, жазушылары мен әр алуан мамандық иелері қатысқан. Соның ішінде академик Қаныш Сәтпаевтың бір өзінен ғана жиырмадан аса ән текстісі жазылып алынған.
Ал, осыншалық өлеңдерді бір ғылыми ізге келтіріп, мемлекет тарапынан жинап-теру жұмысы жиырмасыншы жылдардан басталады. Белгілі фольклорист әрі этнограф Әбубәкір Диваев 1920 жылы арнаулы экспедициясымен Сырдария облысын аралап, аса көп этнографиялық маатериалдар алып қайтқан. Соның ішінде «Бостандық», «Алға ұмтыл», «Отан», «Мұғалімдерге», «Шәкірт», «1917 аштық жылы», «Азаттық құрметіне», «Арал теңізі», «Бесік жыры», «Тұр, қазақ», «Жас келіншекке» секілді заманның жаңалыңын жар сала айтатын біраз өлеңдері бар.
Қазақ өлеңдерін жинау ісімен айналысқан адамдардың бірі - Александр Затаевич. Оның белгілі «Қырғыз (қазақ) халқының 1000 әні» мен «Қазақ халқының 500 әні» - ауыз әдебиетінің алатын қорына қосылған елеулі мұра. Затаевичтің жинап-терген өлеңдері әуендік құрылысы, характері жағынан сан алуан. Оның әрбір өлеңге берген әдеби музыкалық бағасы да қызғылықты. Қысқасы, талантты ғалым, тамаша өнер иесі А. Затаевич қалдырған қисапсыз мол қазына әлі де өзінің ғылымдық, тарихтық бағасын жоғалтқан жоқ. Ол алдағы күндерде де үңіле, тереңірек зерттеуді қажет етететіндігі сөзсіз.
Сөйтіп, қазақтың халық өлеңдері туралы соның ішінде, тұрмыс-салт жырлары туралы жазылған еңбектердің алды сонау 20-30 жылдардан басталса, соңғы зерттеулер 50-70 жылдарға кеп саяды. Бұл жылдарда проф. Б. Кенжебаев, академиктер М. С. Сильченко мен М. Ғабдуллин қазақтың тұрмыс-салт жырлары туралы арнаулы тараулар жазып, ауыз әдебиетінің тарихын жасауға та салысты.
Халқы поэзиясының эстетикалық мәні мен оның қоғам өмірінен алатын орны, ақындық, өлеңщілік дәстүрі турасында жазған Қ. Жұмалиев пен Е. Ысмайылов, Ә. Марғұлан мен Н. С. Смирнова, М. Қартаев пен С. Қирабаев еңбектерінің де орны бөлек, Т. Нұртазин мен Ы. Дүйсенбаевтың салт өлеңдері Ә. Тәжібаев пен Р. Бердібаевың ән-өлең туралы айтқан ой-пікірлері де ерекше құнды.
Түйіп айтқанда, қазақтың халық өлеңдері ұзақ дәуірлер ішінде туып, өсіп, жетіліп келе жатқан мол дүние. Ол көне заманнан бергі ел өмірін, тұрмыс-тіршілігін, ақыл-ойы мен әдет-ғұрпын танып, білуге қажетті аса бағалы мұра. Сол үшін де көптеген ғалымдар халық өлеңдерін жинап, теруге, ол жөнінде дәйекті пікір айтуға әр кез ат салсып отырған.
«Қазақтың халық өлеңдері» кітабының екінші тарауы халық өлеңдерін классификациялау мәселесіне арналған. Халық өлеңдерін түр-түрге бөліп топтау, классификациялау мәселесі - қазақ фольклористерінің алдында тұрған қиын да күрделі міндет. Мұның күрделілігі, осы жанрдың табиғатынан, оның көп қырлы, көп сипатты ерекшелігінен туады. Өзге жанрларға қарағанда көлемінің қысқалығы, ел арасына тез тарап, тез өзгеруі жағынан да бұл жанр үнемі жаңару, жаңғыру процесінде болған. Мысалы, бір кезде халқының үй-іші салтын, әдет-ғұрпына байланысты туған өлеңдердің біразы талай ғасырлар өткізіп барып ән-өлең, қара өлең, балалар айтатын өлеңдер тобына аусып, өзгеріп кеткен. Мұның үстіне әр өлең түрінің бір-бірінен айырғысыз сипаттарының болуы және оның көпшілік қауым арасында біркелкі тәртіппен орындалуы - жалпы өлең жанрын іштей бұтақтап, бөліп қарауға көп қиындық туғызады. Міне, осы тұрғыдан алғанда қазақтың халық өлеңдерін зерттеп, оны белгілі бір жүйеге түсіріп, топтау мәселесінің ауырлығын мойындауымыз керек.
Жалпы өлең жанрын түр-түрге бөліп жүйелеу, классификациялау мәселесінде бір-біріне ұқсамайтын әр тарап көзқарастар бар. Біреулер халық өлеңін классификациялау үшін оның мазмұны мен тақырыбын негіз етіп алса, енді біреулері орындалу ортасына қарап топтайды. Тағы біреулері өлеңнің жанрлық сипатын негізігі критерий етіп алса, үшінші біреулері өлеңнің қай жерде қай облыста жазылып алғанына қарап жіктейді. Сондай-ақ өлеңді белгілі бір әлеуметтік топқа байланыстырып жүйелеу, кәсіптің түр-түріне лайықтап классификациялау әдістері де бар.
Қазақтың халық өлеңдерін түр-түрге бөліп жүйелеуге талаптанушылық өткен ғасырдың орта шенінен басталған. Мысалы, А. Левшин қазақтың халық өлеңдерін батырлық, тұрмыс-салт жырлары, лирикалық өлеңдер деп үшке бөлген. Сондай-ақ М. В. Готовицкий қазақ өлеңдеріне берген сипаттамасында оны эпикалық, лирикалық және драмалық өлеңдер деп жүйелеген.
Қазақ өлеңдерін классификациялау хақында өзінше тың жол тапқан адам - академик Радлов. Ол қазақ өлеңдерін ел ішінде қалай атаса солай алады. Өзінше тың термин іздеп жатпай-ақ көпшілік жұрттың айтуына қарап «Үлгі сөз», «Бата сөз», «Ұзатқан қыздың өлеңі», «Жоқтаған жыр», «Қайым өлең», «Бақсының сөзі», «Қара өлең» деп бірнеше топқа бөледі. Ал, Ш. Уәлихановтың жүйелеуінде Радлов айтқан «Жоқтаған жыр» - «Жылау» болып аталған, мұның үстіне мақтау өлеңдері өз алдына жеке тарау болып кірген.
Қысқасы, қазақ өлеңдерін түр-түрге бөліп классификациялау үшін жоғарыда аталған ғалымдардың бәрінде бірдей белгілі бір көзқарас болмаған, әркім әр түрлі жолмен өзінше жүйелеген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz