Шарт түсінігі және оның азаматтық құқықтағы орны. Шарттың түрлері және оларды жасау жолдары


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3 бет
- Шарт түсінігі және оның азаматтық құқықтағы орныШарт туралы жалпы түсінік 5 бетШарт мазмұны мен нысаны 7 бетАзаматтық кодекстегі шарттың алатын орны 9 бет
- Шарттың түрлері және оларды жасау жолдарыНегізгі және алдын-ала жасалатын шарттар 12 бетҚатысушылардың және үшінші жақтың пайдасына жасалатын
шарттар 14 бет
- Біржақты және көп жақты шарттар 16 бет
- Жәй, міндетті, өзара келісімді қосылу шарттары 19 бет
Қорытынды 25 бет
Заңдар және нормативтік құқықтық актілер 27 бет
Пайдаланылған әдебиеттер 28 бет
Кіріспе
Қазіргі уақытта азаматтық заңдылық және азаматтық құқықтық доктрина өзінің бастау алған қазақстандық заңдылықтарға, қазақстандық цивилистердің еңбектеріне, олармен құрылған заң жобаларына бет бұра бастады. Қазақстандық цивилистік дәстүрдің күштілігі соншалық олар азаматтық құқықты шаруашылық құқықтың мүліктік айналымының құқықтық реттеу ортасынан шығарып, экономиканы басқарудың жаратылысты жағдайын сақтап қала алды.
1994жылы қабылданған Азаматтық кодекс мүліктік айналымдарды олардың қатысушыларының дұрыс тәртібін реттейтін әдістер мен тәсілдерге жасалған экономикалық қатынастар облыстарындағы күмәнді және қауіпті тәжірибеден біздің қоғамды ажыратып отырады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі басқа мемлекеттердің заңдылық актілерінен қазіргі жағдай уақытында құрылымды және оның нормалары бүгінгі күннің талаптарына жауап береді, соңғы жылдары туындаған экономикалық және басқа мәселелерді шешуге бағытталады.
Тақырыпты таңдаудағы зерттеулер мүліктік айналымдарда құқықтық реттеуде шарттың орнын анықтауға, яғни азаматтармен, сонымен қатар ұйымдармен де жасалатын азаматтық - құқықтық мәмілелердің жиынтығының түрі ретінде қарастырылатын негізде жүргізілген. Белгілі болғандай, екі немесе көп жақты мәмілелер шарт болып табылады. Осы жоспарды зерттеудің пәні көп негізді шарттың түсінігі және түрлері туралы заң жағдайлары, олардың жарамсыздығының жолдары мен алғышарттары шартты жасау, өзгерту және тоқтату тәртіптері жағдайларын түсіндіру туралы білімдер болып таылады.
Тақырыптың өзектілігі шарт мәнін ашудан, оның құндылық негіздеріне жаңа қадам жасауды және оны құқықтық реттеу қағидасын жүзеге асыруда маңызды мақсатқа жету мүмкіндігін қарастырудан көрінеді. Шарт мәселелерін зерделеу кезінде көптеген ғылыми- практикалық еңбектер қолданылды. Шарттың құқықтық мазмұнын, оның реттелуін тануда Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, авторефераттар, оқулықтар, газет журналдар пайдаланылды.
Жұмыстың мақсаты шарт мәнін зерттеу яғни қазіргі таңда реттелетін шарттардың тиімділігі, олардың нәтижелілігі болып табылады. Осы мақсатқа жетуде мынандай міндеттер алға қойылды:
- шарт түсінігін, түрлерін ашу және оның жүйесін жіктеу;
- шарт негізі ретіндегі мәміле түсінігін ашу;
- қазіргі шарт ұғымы мен Рим құқығындағы шарт мазмұнын салыстырмалы зерделеу ;
- шарттарды реттейтін, заңдылықтарды қолданып оларды жүзеге асыруды анықтайтын құқықтық теорияларды анықтау;
- Шарт түрлерінің өзара байланысы мен ара қатынастарын зерттеу;
Қазіргі азаматтық құқықтың сипаттамасы, ретінде шарттардың рөлінің артуы кейінгі жылдары оның көлемді дамуын көрсетеді. Бұл тенденциялар ең алдымен елдің экономикалық жүйесін қайта құрудың тамырымен байланысты. Бұндай қайта құрулардың маңыздылығы жеке меншікті қабылдау және оның экономикада жоғарлауы, шаруашылық ортада мемлекеттік реттеудің қажетті шегінің жарлығы, контрагенттерді сайлаудың бостандықтарын тұрақтандыру және азаматтық заңдылықтардағы басқа да негіздерді жүзеге асырудан көрінеді. Азаматтық кодекс тек ”шарт еркіндігін” жария етпеді, сонымен бірге оны жүзеге асырудың қажетті кепілдіктерін қамтыды.
Азаматтық кодекстің кейбір тақырыптары шарттарды реттеудің мүмкіндіктерін қарастырады. Әрекет ететін кодекс азаматтық құқықты толығымен қайта құру жүйесінің нормалық базасы болып табылады.
- Шарт және оның азаматтық құқықтағы орныШарт туралы жалпы түсінік
Шартты қолдану осыдан бірнеше мың жылдықтан бері әр түрлі қоғамдық қатынастарға жүгінетін құқықтың бір жұқа нысаны ретінде түсіндіріледі.
Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген.
Шарттың құқықтық институт ретінде қалыптасуы және шарттық құқық нормаларының дамуы сауда айналымының дамуымен етене байланысып жатыр. Шарт зат алмасудың негізгі құқықтық нысаны болып табылады, яғни тауар бір меншік иесінен екіншісіне ауысып отырады.
Шарт дегеніміз тараптардың арасында туындайтын өзара міндеттемелер жүйесі екенін түсінбеушілік көпшілікті тығырыққа тіреп жүр. Шарт талаптары тең қарастырылмаған қандай шаралар қолданса да қиындық туып, орындалмаған күйде қалуы мүмкін. Ойластырылмаған, ретсіз міндеттемелер жиынтығы пайдалы істерден гөрі көп қиындықтарға душар етеді, әрі әр тарап өзін қысым көруші ретінде қабылдап, екінші тарап айыпты деп санайтын дау - шаралардың көзі болады. Ал бұл жағдайдың шындығына келгенде, шарт жасау кезінде оның талаптарын дайындауға шама - шарпы, үстірт қарағандықтан болған нәтиже деп қарау керек.
Сонымен шарт дегеніміз не? Алдымен ұғымның өзін қарастырайық.
”Шарт“ термині азаматтық құқықта әр түрлі мағынада қолданылады. Біріншіден - бұл заңдық факт, екіншіден - бұл құжат. 1 Шарттың реттеу қызметі оны заңдармен және нормативтік актілермен жақындастырады. Шарт жағдайы құқықтық нормадан басты екі негізгі ұстанымда ерекшеленеді. Біріншісі - тәртіп ережесінің шығуымен байланысты; шарт тараптардың еріктерін білдірсе, құқықтық акт - оны құрған органның еркін білдіреді. Екіншісі - оның әрекетін және басқаның тәртіп ережесінің шегін айырады: шарт тек өзінің тараптарының тәртібін реттейді, кімде кім тарап ретінде саналмаса ол міндет емес құқық құра алады.
Осы айтылған екі ерекшелігі атап айтқанда азаматтық - құқықтық шарттың айырмашылығын білдіреді.
Шарт азаматтық айналымға қатысушылардың белсенді қажетті нысаны ретінде қызмет атқарады. Уақыт өткен сайын қоғамдық қатынас жүйесінің өсуімен бірге шартқа қатысушылардың құрамы кеңейді, олардың қатарында жеке тұлғалар (азаматтар) және де азаматтық құқықта еріктеріндегі субьектілер ретінде танылған, яғни заңды тұлғалар. Көбінесе алуан түрлі болып шарттың құқықтық - қатынаста қолданылатын заңда көрсетілген шарттың түрлері болды. Ал шарт шарт болып қала берді.
Айырбас шарты ақшалай жүйенің ақырын дамыған жағдайларында қолөнерлік өндіріс өнімдерін тұтынудың айрықша көзі ретінде болды және ол саудагер, қолөнерші және айырбас арқылы жүргізіліп отырды. Айырбас кезінде негізгі бірлік мал болды.
Жолдау шарты 1 жыл және одан аз мерзімде жасалды әдетте бұнда несие беруші жолдаушыдан кепіл бола алатын адамды көрсетуді талап етті. Төл пайда болған кезде ол несие берушіге мал мен алынған қарызбен бірге қайтарылды.
Несие шарттары малмен уақытша пайдалануға сауылатын малды несие берушіге беру негізінде жасалды. Осыған сәйкес қарыз алушы сүтті пайдаланды және малды қарауға міндеттенді.
Ал Рим құқығында туындаған шартқа көзқарасқа келетін болсақ ол үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде, құқықтық қатынастың өзі ретінде ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырылды. 2
Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық кодекстерінде тәртіптелген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 378 - бабына сәйкес екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.
Шарт бұл кең тараған келісімнің бір түрі. Тек көп емес біржақты келісім шарттар ғана шарт түсінігіне жатпайды. Азаматтық құқықта негізгі кездесетін келісім - шарттар болып табылады. Бірақ бұл ерікті акт оның ерекше негіздерін көрсетеді.
Шарт әрбір жақтың қызығушылығын сол жақтың қанағат етуінің мүмкіндігін тудыратын құқықтық жағдайын анықтайды.
Шарт бұл өндіріс пен қажеттілік арасындағы байланысты тудыратын, өндіріске қажеттілікпен тез арада бейімді және жылдам әсер етуші құрал. Осының күшіне байланысты шарттық құқықтық нысан тұтынушы қажет ететін тауарларды нарықта керекті сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған. Шарттың көмегімен азаматтар өзінің алынған еңбекақысы түрінде жұмсап, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қаржылық кірістен мәдениеттік қажеттілік пен жеке материалдық әрекет етеді. Шарт арқылы азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің кәсіпкерлік қызметтерін барлық керекті материалдық алғышартпен қамтамасыз ететініне, сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің нәтижсінде тұтынушылар көбейіп, жүзеге асырылатынына сенімділікті аз кезегінде өндірістік ортаның дамуына жағдай жасайды.
Шарт экономикалық айналымда қатысушылардың қажеттілігіне, материалдық құндылықтарды өндіру мен таратудағы эффектік айырбасты қамтамасыз етеді. Сонымен бірге шарт қоғамда әрекет ететін материалдық құндылықтарды иеленушілермен ғана емес, басқа да экономикалық айналыстағы сол материалдық құндылықтарды керек етіп сезінетін қатысушыларға да мүмкіндік туғызады. Осы және басқа да көптеген сапалар шарттың экономикалық нарықта өз шегінде қолданылып, кеңеюіне жол ашады. 3
- Шарт мазмұны мен нысаны
Шарт мазмұны
Жақтардың келісім бойынша алынған жағдайлары шарт мазмұнын құрайды. Барлық жағдайлар өздерінің заңдық негізіне қараймаңызды, кәдімгі және кездейсоқ деп бөлінеді. Маңызды жағдайлар шарт жасасқанда қажетті және жеткілікті болады. Шарт жасалды деп есептелуі үін оның барлық маңызды жағдайлары бір - бірімен келісуі қажет. Шарттың кем дегенде бір маңызды жағдайы келіспесе, шарт жасалмайды. 4
Біріншіден, маңызды болып шарт затының жағдайы табылады. Себебі, шарттың заты не болып табылатындығын анықтамай, ешқандай шарт жасасуы мүмкін емес. Сондықтан сату - сатып алу шартын, егер сатып алушы мен сатушының арасындағы келісімде шартқа сәйкес қадай зат сатылатындығы көрсетілмесе жасаса алмайды.
Екіншіден, маңызды жағдайлар қатарына заңда және басқа да нормативтік - құқықтық актілерде көрсетілетін жағдайлар жатады. Мысалы, кепіл шартында кепіл заты және оның бағасы, мөлшері, кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің орындалу мерзімі көрсетілуі тиіс, сонымен қатар онда кепілге салынған мүлік қай жақта екені мазмұндалуы керек.
Үшіншіден, маңызды жағдайлар болып шарттың берілген түріне қажетті жағдайлар табылады. Нақты шартқа қажетті жағдайлар берілген шарт түрі ретінде әрекет ете алмайтын оның табиғи сипатын көрсететін болып саналады. Мысалы, жай серіктестік шартында жақтардың жалпы шаруашылық немесе басқа мақсаттарынсыз шарт жасаса алмайды. Сақтандыру шарты сақтандыру жағдайын анықтамай мүмкін емес.
Төртіншіден, маңызды болып арыз бойынша жақтардың, келісім болуы керек. Бұл жақтардың біреуінің еркі бойынша егер заңда немесе басқа да құқықтық актіде шарттың сипаты көрсетілмесе шарттың маңыздылығын білдіреді. Мысалы, сатылатын затты орайтын деген талап әрекет ететін заңдылықтарда сату - сатып алу шартының маңызды жағдайларының қатарына кірмейді. Бірақ сатып алушы үшін алынған зат сыйлық ретінде болса онда орауыш маңызды жағдай болып табылуы мүмкін. Сондықтан егер стапы алушы алынатын тауарды орау туралы келіссе, ол сату - сатып алу шартының маңызды жағдайы болып табылады, онсыз сату - сатып алу шарты жасалуы мүмкін емес.
Кәімгі жағдайлар қатарына сонымен қатар қызметтік айналымның дәстүрі де жатады, яғни қатысушы жақтардың қатынасына тартылмаса және ол шартта жақтармен немесе диспозитивтік нормалармен жағдайы анықталмаса. 5
Кейде шарт мазмұнына жақтардың құқықтары мен міндеттері де қосылады. Жақтардың құқықтары мен міндеттері шарт негізінде міндетті құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайды. Кейбір авторлар маңызды жағдайлар қатарына заңның императивтік нормасында белгіленген жағдайларды қосады. Бірақ маңызды жағдайлардың ерекше белгілері болып олар міндетті түрде жақтардың келісімімен болуы керектігі табылады. Осынысымен олар басқа жағдайлардан ажыратылады. Императивті немесе диспозитивті нормада мазмұндалатын жағдайлар тез арада шарт жасасқан сәттен күшіне енеді. Сондықтан оларды шарттың кәдімгі жағдайларына жатқызуға болады. Шарттың маңызды жағдайы баға болып табылады деген көзқараспен келісу қиынырақ. Егер шарт мәтінінде баға көрсетілмесе, оның жасалғандығына әкелмейді.
Шарттың мазмұны - жасалған шарт жағдайларының жиынтығы. Жалпы ереже бойынша, тиісті шарттың мазмұны заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелері тараптардың өз қалауы бойынша белгіленеді. 6
Шарттың ережесі заңдарға сәйкес қолданылатын нормамен көзделген реттерде, егер тараптардың келісімімен өзгеше елгіленбесе, тараптар өздерінің келісімдерімен норманың қолданылуын жоя алады немесе сол нормада көзделгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады.
Шарт нысаны. Шарт жасалмас бұрын оның барлық маңызды жағдайларын талап етілген нысанда келістіріп алу қажет. Шарт мәміленің бір түрі болғандықтан; оның нысанына мәміле нысаны туралы жалпы ереже қолданылады. Шарт, егер шарттың берілген түріне заңда нақты нысан көрсетілмесе, кез - келген нысанда жасала беруі мүмкін.
Егер қатысушы жақтар шартты белгілі бір нысанда жасауға келіссе, оған тұрақтандырылған нысанмен келіскеннен кейін жасалды деп есептеледі. Мысалы, жолдау шарты азаматтар арасында бір жыл мерзімге ауызша нысанда жасалды деп келіссе, онда жазбаша нысанда жазылмайынша шарт жасалған жоқ деп есептелуі мүмкін нақты шартты жасау үшін қатысушы жақтардың келісімімен талап етілген нысан ғана емес, сонымен қатар мүлікке сәйкес тапсырыс та болады. Сондықтан да мүлікті тапсыру бір үлгіде дайындалуы керек. Мысалы, заем шартын азаматтар арасында жасасқанда еңбек ақының заңмен тұрақтандырылған мөлшерін 10 реттен артық көтеру соммасы көрсетілген ақшалай соманы беру заңдық қолхат арқылы жүргізіледі. Егер заңдылықты немесе жақтардың келісіміне сәйкес шарт жазбаша нысанда жасалуы тиіс болса, ол қатысушы жақтардың қол қоюы арқылы құжаттарды жасау жолымен жасалуы мүмкін, сонымен қатар жақтардан шартқа өтетіндігіне мүмкіндік беретін электрондық, телефондық, телеграфтық, почталық және басқа байланыстарға сәйкес құжаттарды ауыстыру жолымен де жасалуы мүмкін. Заңдармен, басқа да құқықтық актілермен және жақтардың келісімімен шарт нысанына сәйкес және талқылаудың орындалуын қамтамасыз етілетін талаптар бекітілуі мүмкін. Егер бұндай қосымша талаптар бекітілмесе, қатысушы жақтар шарт жасасарда жазбаша құжаттардағы оның реквизиттері мен орналасқан жағдайын анықтап алуға құқылы. Сондықтан жазбаша құжаттарда шарт пунктерінің жеке орналасу тәртібі оның қажеттілігіне ықпал етпейді.
Шарт нысаны оның қатысушы жақтарының келісімімен еркіндігіне сәйкес дұрыстығын көрсетеді және бекітілуге жатады. Кейде шарт мазмұны оны талқылауды қажет етеді, және оның қатысушы жақтарының арасында дау тудырады. Аталған дауларды шешу мақсатында шартты түсіндіру ережесі анықталған. Шартты соттық жағдайда түсіндіру ондағы мазмұндалатын сөздер мен кескіндердің сөзбе - сөз, дәлме - дәл белгілерінің назарына қолданылады. Шарттың дәлме - дәл негізгі түсініксіз болған жағдайда басқа жағдайлармен салыстыру жолымен немесе түсініксіз толық түсінігімен тұрақтандырылады. Сондықтан шарт мазмұнын түсінуде шешімді негіз оның дәлме - дәл мәтініне және одан шығатын ойға беріледі. Бұл азаматтық айналымның қатысушыларының шарт мәтінімен толық және бөлшектеп жұмыс істеудің қажеттілігін көрсетеді. Егер жоғарыда көрсетілген ереже шарт мазмұнын анықтауға мүмкіндік бермесе, онда шарт мақсатында жақтардың жалпы еркімен түсіндірілуі тиіс. сондықтан шартты зерттеуге ғана емес, сонымен қатар оны салыстыру негізінде толтыру қажет. Бұндай жағдайлар қатарына жақтардың өзара қатынасымен тұрақтандырылған тәжірибе, сөйлеулер мен жазбалар, қызметтік айналым салпары, жақтардың тәртібін көрсететін жағдайлар жатады.
- Азаматтық Кодекстегі шарттың алатын орны
Азаматтық кодексте келтірілген зиянның орнын толтыру мақсатында міндеттемелер шартпен бірге реттеледі.
Шартты тағайындау міндеттеменің туындауының өзіндік негізінде әрекет етуінен тұрады. Сонымен қоса шарттық міндеттемелер кейде шарттық емес міндеттеменің мақсатын қорғау мен қамтамасыз етуде қарсы әрекет етеді.
Ђ¦қсас жағдайлар, үйде қадағалаусыз жануарды ұстағанда, оның бұрыңғы иесінде кодексте белгіленген міндеттемелерде қайтарып беруге тиісті тұлғалардың міндеттемелеріне қосылады және тартылады.
Қайтарып беру жағдайы жаңа меншік иесінен келісімге келгеннен кейін анықталады. Жаңа және бұрыңғы меншік иелерін байланыстыратын осы жағдайлар мен нәтижелерде міндеттемелік құқықтық қатынастар олармен жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
Егер шарт - мәміле өз сипаты бойынша басқа міндеттеменің туындауының конституциялық белгісімен ерекшеленсе, ол әр түрлі шарт негізінде туындаған құқықтық қатынастар өзінің барлық әрекетімен сәйкес келуі мүмкін, оның ішінде заңдылық негізінде туындаған жақтардың құқығы мен міндеттері. 7
Соңғы кезеңде шарттың бір жағдайында туындауды жеткізіп тұрушылық, ал басқа жағдайда тараптардың еркіне туәелсіз, жоспарлық акт немесе бақа әкімшілік актінің туралығы болады. Бірақ қазіргі кезде де құқықтық қатынастың сипатына қарай екі әртүрлі негізде туындаған бұндай бәсекелестік болуы мүмкін. Бұзылған шарт пен деликттен әрекет шығынның орнын толтыру міндеттемесі туындайды.
Француздың Кодексіне қарағанда Германдық азаматтық жинақта құрылымдық келісімдер қозғалған. Олардың басында шарт мәміле бөлімінде, одан кейін міндеттеменің жеке түрі ретінде қарастырылады. 8
Азаматтық Кодекс белгілі жүйеде құрылған басқа да кодекстермен шартқа міндеттемеге арналған тарауда немесе өзінің жалпы бөліміндегі анықталған орын бөледі.
Шарт жасасқанда тараптар мәмілелер туралы басшылықпен міндеттемелер туралы жалпы ережеге арналған бөлімдермен олар ашрттың қалай орындауын керектігін, орындауды қалай қамтамасыз етуге болады және оларды бұзғанда қандай жауаптық туындайтынын анықтайды. Шарт жағдайларына және оларды жасасу тәртіптеріне арналған нормалармен (бұл нормалардың бір бөлігі шарт - мәмілелерге, ал қалғандары - шарт құқық қатынастарға арналады) бірігуі керек. Шарттың жеке түрлерін реттеуді мазмұндайтын тарауда шарттық құқық қатынастар туралы бірақ жеке нормалар сәйкес келетін шартқа, яғни мәміле ретінде жататындықтан сөз болады. Барлық осы нормалар арнайы сипатта болады.
Азаматтық құқықтық шарттармен қатар көрсетілген саланың шегінде пайдаланылатын шарттар да бар. Олардың барлығы келісімнен туындаған, құқықтық қатынастың жиынтығын құрайтын, құқықтар мен міндттердің жинағынан туындап, бағытталатын келісімдер болып табылады.
Жаңа Азаматтық Кодекс азаматтық құқықтың сыртында болатын тек бір ғана мүліктік қатынастардың ерекшелігін көрсетті. Бірақ көрсетілген норма әртүрлі саладағы шарттардың түрлеріне шек қояды, егер тараптар арасындағы билік пен бағынушылық қатынастары тек азаматтық заңдылықтардағы мүмкіндікті қолдану қағидасына ғана емес, сонымен қатар шарттың үйлесімділігіне де тартылмайды.
Шарт (келісім) тек нақты жағдайда теңдік негізде болатын субьектілердің арасында болуы мүмкін. Мысалы: мүлікті басқа мемлекеттің кәсіпкеріне жалға беру, сол мемлекет субьектісі немесе муниципалдық білімдер, олардың атынан әрекет ететін билік және басқару органдары немесе мемлекеттің қатысуымен өнімдер әртүрлі шарт нысандары болуы мүмкін. Бәрібір шарттар өздерінің сипатына қарай жай азаматтық құқықтық шарттар болып табылады. 9
Азаматтық заңдылықтың отбасылық қатынастарға қолданылатын жалпы нормалары субсидиярлық қағиданы бекітеді. Бұл заңдылық көрсетілген қатынастарды екі жағдайда жүзеге асырады: отбасылық заңдылықтармен реттелетін отбасылық қатынастар, сонымен қатар азаматтық заңдылықты тарту отбасылық қатынастың мәнін өзгертпейді.
Бұндай пікірді, өз кезектерінде көптеген ғалымдар да мақұлдайды, яғни ”жұмыс беруші мен жұмысшы, соның ішінде өндіріс басшылары арасындағы қатынастар азаматтық құқықтық қатынастардың белгілеріне жауап бермейді. Өндіріс басшысы, басқа да жұмыскерлер сияқты өзіне жүктелген нақты еңбектік қызметін жүзеге асыруға міндетті және жұмыс берушіге өзінің еңбек жайында соңғы нәтижелерді беруге міндеттенбейді. Ол ішкі еңбектік тәртіп ережелеріне және өзінің құқықтық жағдайының күшінде жұмыс берушінің еркіне, яғни азаматтық құқықтық қатынастарда сипаттаған ереже бағынуы тиіс. болашақтағы кәсіпкерлік қызметпен жұмыс жағдайымыз күшіне байланысты өндіріс басшысы өзінің тәуекеліне және мүліктік өзінділіктерді яғни туындаған қатынастарды азаматтық құқықтық деп қарастыруда мәселелер болмас үшін жүзеге асыра алмайды“.
Біздің ойымызша Азаматтық Кодексте келтірілген нормалар ”Еңбектік келісім“ мен ”еңбек шартын“ түсініктерінің ара қатынасын ашуда жауап бере алады, бірақ азаматтық және еңбек шарттарының ерекшеліктерін анық түрде қалдырады. 10
- Шарттың түрлері және оларды жасау жолдарыНегізгі және алдын ала жасалатын шарттар
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz