КІЛЕМ ТОҚУ ӘДІСІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫ. Шығармашылық жұмыс Шахмат



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы

Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі МКҚК

Курстық жұмыс
Композиция пәні бойынша
Тақырыбы Шахмат

Орындаған _______________Есет А. (3-
ИД)

Жетекшісі _______________Мамбетова
Ұ.С.

Қорғауға рұқсат

Колледж директоры ________________ Ыдырысова Қ.Ғ.

Көкшетау 2013 ж
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1-тарау. КІЛЕМ ӨНЕРІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
1.1. Кілем өнерінің
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Кілем тоқуға қажетті құрал-
жабдықтар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .10

2-тарау. КІЛЕМ ТОҚУ ӘДІСІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2.1. Инемен кілем тоқудың
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2. Түстер
үйлесімдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .19
2.3. Шығармашылық жұмыс
Шахмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе
Кілем үлгілері әр түрлі әлеуметтік шындықты бейнелейді. Қолөнер
шеберлері өз еңбектерінде ұлттық ою-өрнектермен қатар қазіргі заман тынысын
бейнелейтін жаңа түр тапты. Қазіргі кілемдер өрнегінен космос, алып
құрылыс, өскен ауыл өмірін көруге болады. Демек, қазақ арасына бұрыннан көп
тараған жоғарыдағы кілем атаулары тектен-тек қойыла салмаған, аталған
түрлердің өзіндік ою-өрнектері, тоқылу технологиясы мен тәсілдері барлығы
сөзсіз. Олардың бояу, тоқу, түр салу әдістерінен-ақ әрқайсысының бір-
бірінен өзгешелігін, тіпті қай облыстың кілем тоқу үлгісі екенін де байқау
қиын емес.
Мен курстық жұмысымның шығармашылық бөлімінде кілем тоқуды ұйғардым.
Себебі ол, біріншіден өте әдемі, нәзік болып көзге түсті. Кілем күнделікті
тұрмыста кеңінен пайдаланылатын, жүннен бұйымдардың ішінде ең басты орын
алып, әлі күнге өз маңызын жоғалтпай келеді.

1-тарау. КІЛЕМ ӨНЕРІНІҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ
1.1. Кілем өнерінің тарихы
Кілем ерте кезден қазақ тұрмысында киіз үй мүлкінің бірі болып
есептелсе, қазірдің өзінде де маңызы жойылған жоқ. Кілем – арнаулы
қарапайым өрнек арқылы ерекше түр салынып, әрбір шаршы метріне шамамен 230-
400-ге дейін, ал өнбойына бір миллионға жуық жіп тіндерін кетіріп өте тығыз
тоқылатын аса бағалы бұйым. Жазбаша ескерткіштерге қарағанда, бұрыңғы
замандарда киіз үйдің ішінен ұстап, еденіне төсеумен бірге, кілемді киіз
үйдің туырлық пен үзігі орнына да жапқан.
Кілемнің үй тұрмысында ұзақ тұтынылуы, оның өте беріктігі мен
төзімділігіне байланысты болса керек. Сонау көне заманнан бергі келе жатқан
халықтың дәстүрлі үй мүлкінің бірі - кілемнің құндылығы жағын сөз етсек,
ол өзінің қолданылу жағынан көптеген материалдардан, тіпті металдан да асып
түседі десек, артық айтпаған болар едік. Өйткені, кілем тұтынуға төзімді,
оңайлықпен тозбайтын, жыртылмайтын, шаң-тозаңнан тез тазартылатын, ылғалдық
пен құрғақшылықты елең қылмайтын, күйде түсуден де қорықпайтын аса бағалы
мүлік. Оны алтын, күмістен қымбат бұйымдар сияқты баршылықтың, байлықтың
бір белгісі деп білген.
Кілемнің осындай қасиеттеріне байланысты қай кезде, қай заманда
болмасын, кілемді, одан жасалатын мүліктерді көбінесе тек қой жүнінен
тоқыған. Әсіресе, Орта Азия мен Қазақстан территориясында тоқылған
кілемдердің сапасы мен түрі, түсі өте жоғары бағаланған. Оның себебі кілем
тоқуға пайдаланылатын қой жүнінің сапалылығын жоғарыда аталған аймақтың
шөбі мен суына, табиғаты мен климатына, бұл жерді жайлаған түркі
халықтарының ішіндегі, әсіресе, қазақ халқының табиғи таланты мен
тіршілігіне байланысты екендігі анықталып отыр. Өйткені, кілем тоқылуға
жұмсалатын қой жүнінің ең сапалысы, жіңішке жібектей мамық жүннің алынатын
оралығы – Қазақстанның оңтүстік облыстарынан бастап шығыс жағын тегіс
қамтиды. Сондықтан да бұл аймақта кілемнің сапалы түрлері көп. Көктемде
қырқылып алынатын қойдың жібектей жіңішке, мамық жүні бұл маңайда ерте
заманнан мақтамен қатар маңызды орын алған. Осыған орай бұл жерде қой жүнін
өңдеуді де көне дәуірден білген. Мақтаны тек кілемнің негізін салу үшін
пайдаланған. Әрине, бұдан кілем тек қана қой жүнінен басқадан тоқылмайды
деген ұғым емес. Мәселен, Робинсонның еңбегінде туысқан өзбек халқының
кілемді арқар жүнінен де тоқығаны сөз болды. Кейбір түркімен кілемдерінде
мақтаны түр, өрнек салуға пайдаланумен бірге кейде жібектен де кілем
тоқыған. Біз бұл еңбекте Орта Азия және Қазақстан жеріндегі кілем тоқу
өнері жайлы қысқаша тоқталып отырмыз. Өйткені бұл туралы бұрын-соңды
жарияланған еңбектер баршылық.
Ал кілемнің қазақ арасына тараған түрлеріне келетін болсақ, олар
мыналар: масаты кілем, қалы кілем, жібек кілем, бұхар кілем, терме кілем,
түрікмен кілем, сарыаяқ кілем, парсы кілем, шешенгүл кілем, пәтінісгүл
кілем, алтыауыл кілем, мәскеугүл кілем, т.б. түрлері көп-ақ.
Алматыдағы кілем фабрикасы республикамыздағы сюжетті ою-өрнекті
кеңінен пайдалана отырып, кейде тіпті сирек кездесетін кілем түрлерін де
шығарып бірден бір үлкен мекемеге айналуда. Азғана уақыт ішінде қазақтың
өрмек тоқу өнері толығынан игерілді. Жұмыс өнімділігі айтарлықтай нәтижеге
жетті. Фабрика жиырмаға жуық кілемді еліміздің музейлеріне жіберді.
Дүние жүзіндегі ең үлкен кілем ең алғаш 1959 жылы Ашхабадта тоқылды.
Оның көлемі 192 шаршы метр еді. 1965 жылы Түркімен шеберлері мұны екі есе
ұлғайтты. Бұл кілемнің көлемі 252 шаршы метр, салмағы бір тоннадан асады.
Армян шебері Акоп Кемешян көлемі 46 шаршы метр кілем тоқыды. 1966 жылы
Витевск кілем комбинаты көлемі 144 шаршы метр кілемнің салмағы 300 кг түкті
кілем тоқыды. Қазақстан кілемшілерінің ішінде 1926 жылы Париж көрмесінде
бәйге алған қарт ана Барлыбаева Рымжан, 1950 жылғы республикалық көрменің
жүлдегері болған. Әрине, арнайы жасалған кілем тоқитын заманымыздың соңғы
жаңалықтарымен толықтырылып жасалған станоктар ауылдық жерлерде кездесе
бермейді. Енді сол ауылдық жерде атазаманнан бері пайдаланылып, бірақ,
соңғы кезде азайып жатқан қарапайым станоктың кейбір атауларына тоқталып,
ондай атауларға түсіндірмесін беруді мақұл көрдік.
Кілем – сәндік тоқыма жиһазы. Негізінен сәндік, бөлме жылылығын сақтау,
дыбысты бәсеңдету мақсатында тұтынылады.
Кілем тоқылу ерекшелігіне, материалына, көлеміне, ою-өрнегіне, бояу
үйлесіміне байланысты бөлінеді. Тұрмыста қолданылу сипатына, әркімнің қолда
бар шикізат мөлшеріне қарай кілемнің түрлері де сан алуан.
Қазақ кілемдері де тоқылу ерекшелігіне қарай түкті кілем, тықыр
кілем; материалына қарай жібек, мапасы, қалы кілем; өндірілген орнына қарай
Қызылорда кілемі, Алматы кілемі, Жамбыл кілемі; ру үлгілеріне қарай Адай
кілемі, Керей кілемі, Қоңырат кілемі т.б. қосалқы бөлшектеріне қарай
шашақты кілем, оқалы кілем т.б. деп аталынады.
Қазақ кілемінің ежелгі төркіні байырғы сақ, үйсін, ғұн өнері
мұраларына саяды.
1936 жылдан ұлттық үлгілерге жаңа мазмұн беруді көздейтін Алматы
кілем тоқу фабрикасы жұмыс істейді.
Кілемді машинамен тоқу шамамен 1825 ж Европадан Франс Жаккардтың
өрнекті мата және кілем тоқу ісіне пайдаланылатын машина ойлап табуының
негізінде пайда болды.
Машинамен тоқылған кілем өндірілуі әдісіне қарай жаккарды шыбықшалы,
қос плотнолы жаккардты, аксинтерлі т.б. болып бөлінеді. Машинамен кілем
тоқуда негізгі өріске мақта жіп, қосарлы өріс пен арқауға кендір жәп, жүк
үшін жүн жіп қолданылады. Кілем тоқылып біткесін әр түрлі қосымша өңдеуден
өтеді. Мысалы, түгі қырқылады, тазаланады, ыстық буға ұсталады, шеті
әдіптеледі, яғни шашақ тағылады. Халық қолөнер шеберлерімен қатар арнаулы
білімдері бар суретшілер соңғы кезде кілем, терме алаша тоқудың жаңа тәсілі
Гобелен кілемін дайындауды қолға алуда.
Үй жасауы – кілем дейді халық, кілем – жайсаң төсеніш, ілсең сән. Осындай
ел аузына ілінген асыл қасиетін ол әлі сақтап жатқан бағалы зат. Шығыс
елінде оны тоқып, тұтынбаған халық болған емес. Кілем бетіндегі сан құлы
сәнді өрнектерге қарап отырсаңыз тұнып тұрған халық өмірінің шежіресін
көргендей боласыз. Бір кезде өмір сүрген халықтардың тұрмысы, көшпелі елдің
ағаш үйі, мал қорасы, ескі қоррғандар, жүзңм баулары – осының бәрі кілем
бетінде бейнеленген. Кілемдегі суреттер қаншама шартты түрде
бейнеленгенімен ондағы өрнектерден өмір шындығын аңғарту қиын емес.
Тоқылатын кілемдер ішінен Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғыстан,
Қазақстан кілемдері көрнектілігі жағынан ерекше өзге түседі. Ұлттық
кілемдер сол республика халықтарының колөнерінің негізгі түрі. Осыдан келіп
кілемдердің тоқылуы да, өрнегі де әр түрлі болып келеді. Кілемдер мен
кілемдік бұйымдарды ең ерте заманнан шығарып келе жатқан елдің бірі
түркімендер. Сондықтан кілем өрнегінің республика мемлекеттік гербісіндегі
бейнеленуі кездей соқ жағдай емес. Түркімен кілемдерінің сегіз-он проценті
бұрынғы Одақта жасалатын кілемдердің бәрінен де жібінің тығыздығы арнайы
жасалған кілем тоқитын заманымыздың соңғы жаңалықтарымен толықтырылып
жасалған станоктар атам заманнан бері пайдаланылып, бірақ соңғы кезде
азайып жатқан қарапайым станоктың атауларының түсіндірмелері бар.
Кілем тоқу – тұрмыс қажетіне байланысты халық қолөнерінде ертеректен
белгілі, ел арасында кеңінен тараған, дамыған өнер. Қай уақытта да
Шебердің қолы ортақ деген емес пе? Кілем тоқу да киіз басу сияқты
көршілер арасында ұйымшылдық пен өзара көмек, қолқабыс көрсетуінің
арқасында тындырылатын іс. Өйткені кілем тоқуға бастан-аяқ 3-4 адам, құруға
одан да көбірек қатысады.
Еліміздің түкпір-түкпіріне кең тараған осы бір өнер түрінің өріс
алып, бай мазмұн мағынаға ие болып, одан әрі дамып отырған жері, әсіресе
республикамыздың оңтүстік аудандары.
Тұрмыста қолдану сипатына, әркімнің қолда бар шикізат мөлшерлеріне
қарай кілем тоқудың түрлері де әр алуан. Әркім өз қалауынша көлемін таңдап
алған қалыпқа лайықтап, қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүргені – түкті
кілем және тақыр кілем.
Түкті кілем – ою-өрнегіне, тоқылыс сапасына, бояуының түріне,
тұрмыста қолданылуына қарай әр алуан атауларға ие балған. Тек қана қазақ
жерінде оның сан түрлі атаулары бар. Сонымен өзге елдерден (Шығыс
елдерінен) әкелінген кілем түрлеріне еліктеп тоқылатындарында да лайықтап
атау берген. Әндіжан кілем, бұқар кілем, түрікпен кілем, парсы кілем, арабы
кілем деген атаулы соның айғағы болса керек.
Өнерлі өрге жүзер дейді халық кілем тоқуды қолөнердің өзіндік
қырсыры мол, қиын әрі озық түрлерінің бірі десек те, осы өнерді үйренгісі
келген әр адамның тұрмыс қажетін өтеу мақсатымен бірге оның сан түрлі
бояуларынан туындайтын өрнектер мен бояу үндестігі қиялына қанат бітіріп...
Көп еңбекті қажет ететін, уақытты алатын, көбіне бір әйелдің қолынан
келе қоймайтын түкті кілем тоқу негізінен Сыр бойында, Қазақстанның
Оңтүстігінде, Жетісуда кеңінен таралған. Мұның өзі бұл аймақта
тұратындардың едәуір бөлігінің отырықшы немесе жартылай отырықшы
болғандығымен тікелей байланысты.
Қолөнердің бұл түрінің дамуына кезінде кілем тоқу ісі өркен жайған
аудандармен, әсіресе Иранмен, Шығыс Түркістанмен қарым-қатынас тікелей әсер
еткен. Мұндай пікір айтуға қазақта түпікпендердегі секілді қалы кілемнің
болуы негіз бола алады. Қалыкілем деген тіркестегі қалы парсының
ғалы, яғни кілем деген сөзінен шыққан. Ал парсыша қазіргі палас іспетті
төсеніштерді кілем деп атаған.
Қалы кілемнің қазақтағы түркі кілемдердің ішінде неғұрлым кеңірек
тараған түрі болғаны даусыз. Оның қалыптасқан дәстүр бойынша көп қатарлы
қоршауы, қатар-қатар орналастырлған табақшалары болған. Сый ретінде
мықтыларға тартылған, айыпты боғандар қалы кілем ұсынып кешірім сұрайтын
болған. Кілемнің бұл нұсқасы той томағада бас жүлдегер ретінде де белгілі.
Кейінірек шаршысының жолағында қоршауы бар, жоғары сапалы түкті
кілемдердің барлығы дерлік қалы кілем деп атала бастаған. Сөйтіп, бірте-
бірте қалы кілем деген түсінік түкті кілеммен алмасқан.
Қазақ шеберлерінің кілем тоқудың өзіндік машығын, әдісін, сұлбасының
теңдігін, табақшаларды орналастырудағы айқындықты қатаң сақтап келгені
белгілі. Солай бола тұрса да, түкті кілемнің Оңтүстік Қазақстанға тән гүл
күмбездісінде табақшалары мен қорған шегі кейде шартты болып келеді. Ал
тықыр кілемде, таз кілемде кездесетін табақшалардың қайсы біреулері бір-
бірінен жолақтарымен шектелетін жеке бөліктерге көздерге орналастырылады.
Адайкілем, алтыауыл кілем табақшаларының шектен тыс дәлме-дәлдігімен
өзгеше.
Бұрын Қазақстанда кілем тоқудың нарықққа қызмет еткен оталығы
дәрежесіне көтерілген бірде-бір аудан болмаған. Түркістанда және оның
жағынан (бір шаршы метр кілемде 220-дан 400-ге дейін тін болады) ерекше
көзге түседі. Кейбір арнайы тоқылған кілемдердің тығыздығы соншалық оларда
бір миллионға жуық жіп тіні болады. Бұл елде телин, пенди, иомуд,
ходжа, және т.б. деп аталатын ескіден келе жатқан кілем түрлері бар.
Медальондармен және геометриялық өрнектермен әшекейленген қызыл және қызыл
қошқыл түсті ең тәуір кілемдерін халық солор гель, яғни солор қызғалдағы
деп атаған. 1966 жылы шеттері аппақ гүлдермен безендірілген, ортасы бейне
бір өркен алаңындағы қазғалдақ гүлдері сияқты жайнап тұрған, көлемі 252
шаршы метр кілемді Ашхабадтың әртістері Кремльдің съездер сарайының төріне
алып келеді. Концерт қойылған кезде ғажайып кілем бүкіл сарай ішін қызыл-
жасылды гүлге бөлеп тұрады. Осы кілемнің салмағы бір тоннадан артық еді.
Осындай қиын да қызықты өнер Қазақстан топырағында бұдан мың жылдар бұрын,
қарапайым халық өнерпаздарының ой қазынасынан шығып шебер қолдарымен
тоқылатын 1.

1.2. Кілем тоқуға қажетті құрал-жабдықтар
Мата таңдау. Кілем тоқуда қолданылатын мата түрінде канва алынады.
Канва екі түрлі болады: тегіс немесе жай канва Пенелопы. Сатылымда
канваның әр түрлі қатты, жұқа, тоқылу көмегіне қарай кездестіруге болады.
Канваны таңдаған кезде кілем тоқудың қандай түрін таңдағаныңызды ескеру
керек.
Кілем тоқуға мешковина, холст, бартовка, парусина, лен тағы басқа
маталарды алуға болады.
Эскизді түсіру. Эскизді матаның теріс жағына көшірме қағаз арқылы түсіреді.
Үлкен бұйымдарды ағаш рамада орындайды.
Матаны рамаға кішкентай шегелермен немесе кнопкалар арқылы бекітеді.
Сабақталған инені матаның теріс жағынан оң жағына қарай тесіп шығарып, сол
қолмен жіптің ұшын ұстап тұрады, инені шығарып қайтадан шалады.
Бірінші эскиздің контурын айналып содан кейін ортасын орындайды. Екі
шалудың арасы 2 мм болу керек. Жұмыс біткен соң бұйымның жан-жағы тігіліп,
теріс жағы обой желімімен жағылады.
Жіп таңдау. Көп жылдар бойы кілем тоқуда басты материал болып жүнді
қолданылатын. Содан бері тігін және мануфактура саласында өзгерістер
енгізіліп, қазіргі кезде әр түрлі түсті мақта және синтетикалық жіптер өзі
қолданылады. Бұл материалдардың түрлері кілемді бейнелеп орындауда үлкен
және маңызды рольді атқарады.
Әрине, табиғи жібекке қарағанда жүн өте төзімді және мықты болып
келеді, бірақ оның да кемшіліктері бар, оны көбелектер синтетикаға
қарағанда тез жеп қояды. Жүнге қарағанда синтетиканың түстері тез солып
қалады, бірақ оны үстінен тағы да бояуға болады. Кейбір синтетикалық жіптер
табиғи жүнмен жібекті жақсы алмастыра алады. Кілем тоқуда онша қалың
бұралған жіпті алуға болмайды және тым жұқа бұралған жіпті алуға болмайды.
Егер жіп тым жіңішке болса, кілем қиын тоқылады. Ал егер жіп қалың болса,
ол суретті жақсы жацып әдемі көрінеді.
Қазір ою-өрнектер символдық мәнін жоғалтып көбінесе тұрмыс-тіршілікте
эстетикалық тұрғыдан ғана пайдаланып келеді.
Қазақ даласында оюлар әр түрлі үлгіде дамыған. Еліміздің әрбір
аймағының өзінің стильдік еркшеліктері, үлгілері болған. Соған қарамастан
барлық оюлардың бастапқы элементінің негізі – мүйіз тектес ою-өрнек болып
саналады. Қазақ халқының тұрмысында жиі қолданылатын: өру, тоқу, құрау,
еріту, балқыту, қию арқылы үй жиһаздарын, құрал-саймандарды, киіз үйлерді,
зергерлік бұйымдарды, кілем, алаша, сырмақ, терме алаша, қоржын, ыдыс-
аяқтарды, киім-кешектерді ою-өрнектермен әшекейлеп, безендіріп отырған.
Ғалымдардың пайымдауынша қазақ ұлттық ою-өрнектерінің, әзірше 230-дай түрі
ғана анықталған.
Халық қолөнері көркем шығармашылықпен, эстетикалық талғаммен
орындалатын шығармалардан тұрды. Қолөнер туындылары (шығу тарихы) халықтың
материалдық қажеттілігіне қарай үлкен философиялық негізде туындады.
Философиялық негізге халықтың дүние-танымы, салт-дәстүрі, әдеп-ғұрыптары,
шұғылданатын шаруашылық жайы, рухани мәдениеті кіреді.
Халық қолөнер – көркем өнер шығрамаларының ең көне түрі. Кілем тоқу –
сол көне көркемөнер шығармаларының бірі. Кілем - әсемдік үшін, сондай-ақ
үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланатын
түрлі-түсті ою-өрнек салып тоқылған ою өрнек салып тоқылған ең бағалы
кілемдер Қазақстан, Түркменстан, Әзірбайжан, Дағыстан, Иран, Болгар,
Түркия, Үндістан, Қытайда шығарылады. Әр халықтың, әр елдің қалыптасқан
дәстүр ерекшеліктеріне қарай кілемнің түр-түсі, ою-өрнегі, оны дайындау
тәсілі әр түрлі. Түркімен кілемдері ұшан, құла. Кавказ кілемдері
куба, қарабах, қазақ. Түрік кілемдері анкара, антоль деп
аталады. Ал, қазақ кілмдері тоқылу ерекшегіне қарай түкті және тықыр;
материалына қарай – жібек, масаты; шығаратын жеріне қарай – Қызылорда,
Жамбыл, Алматы; ру үлгілеріне қарай – Адай, Керей, Қоңырат, Үйсін; сондай-
ақ қосалқы белгілеріне қарай – шашақты, оқалы кілемдер болып бөлінеді. 1936
жылдан бері ұлттық үлгілеріне жаңа мазмұн беруді көздейтін Алматы кілем
тоқу фабрикасы жұмыс істейді. Қазақстанның оңтүстігінде түкті және тықыр
кілемдерді қолдан тоу дамыған. Олардың негізгі өрнектері күмбез, ал
жиектерінде текшелі өрнектері қорған деп аталып, оны күлгін түсті су
өрнегі жүргізіледі. Ою-өрнектерді белгілі бір мазмұнға құру текемет, сырмақ
өрнектерінен байқалады. Геометриялық өрнектер өте басым. Қазақ
кілемдеріндегі айшықты ою-өрнек әсері басқа халықтаркілемдерінен де
байқалады.
Мәселен, кавказ кілемдерінің бірі қазақ деп аталады. Кілемнің алаша
тоқу технологиясынан айырмашылығы – қолмен тоқылатын түгі әр түрлі бояулы
жіптерді әрбір екі өріс жібіне шалу тоқылады. Ал алаша түрлі-түсті жіптерді
жарыстыра жолақ жасап, әр түсті теріп, көп мәнерлі өрнектер түсіріп тоқиды.
Алаша енсіз тоқылатын төсеніш.
Қазақ кәсіпшілері өздері жасаған бұйымдарын ою-өрнекпен сүйсіне
безендіріп отырған. Қазақ оюларында жануарлар бейнелері, өсімдік суреттері,
космогониялық, геометриялық және басқа да ерекшеліктер айқын аңғарылады.
Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, жануарларды бейнелеуде, жалпы бүкіл
қазақ оюы жүйесінде қошқар - мүйіз деп аталатын ою өте көп ұшырасады.
Автор оюдың бұл түрінің тек қана жүннен істелген бұйымдарға ғана тән
екенін, ал оның басқа материалдарда өсімдік және геометриялық негізде мүйіз
тәріздес ширатылып жататынын атап көрсетеді 2.

2-тарау. КІЛЕМ ТОҚУ ӘДІСІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2.1. Инемен кілем тоқудың технологиясы
Мал бағумен, қарабайыр әдістер мен еңбек құралдарына негізделген,
өнімділігі шамалы егіншілікпен, балық аулаумен, белгілі бір деңгейде, аң
аулаумен қатар қазақ сан алуан кәсіпшілікпен де айналысқан. Тері терсекті,
жүнді, ағашты, сүйекті, әр түрлі тастарды, алтын күмісті кәдесіне жаратуда,
әсіресе киіз басуда, кілем тоқымашылығында, тігіншілікте, зергерлікте, үй
жиһаздарын, ер-тұрманды, ыдыс-аяқты, әуез аспаптарын, қару жарақты
безендіруде мүлтіксіздікке жеткен. Осынау ерекше сахара мәдениеті, - деп
жазған Л.Н.Гумилев – көне дәстүрмен меңгейтін тамырлардан нәр алғанымен
бізге отырықшы елдердің мәдениетіне қарағанда құптарлық дәрежеде белгілі
емес. Мұның мәнісі түркілердің, басқа да көшпелі тайпалардың көршілеріне
қарағанда дарындылығының төмендігінде емес, олардың заттың мәдениетінің
қалдығы – киіздің, терінің, ағаш пен былғарының нашар сақталатындығында
болып отыр ... ! 3
Бізде қалыптасқан кәсіпшіліктің шоқтығынан саналатыны – кілем тоқу.
Қазақ кілеміне тән ерекшелік оның шаршысында міндетті түрде сызықша –
сумен ажыратылатын қорған қоршауы этнографиялық әдебиетте көл деген
атпен белгілі орталық алаңында қатарластыра орналастырылатын, мазмұнынан ою-
өрнектің тіке сызықты немесе нәубетаты сарыны көрінетін табақшаларының
болатыны. Оларды сарыарқада түр, сыр бойында күмбез, төбе, Оңтүстік
Қазақстанда табақ, жұлдыз, Жетісуда ою деп атаған.
Кілем тоқумен бұрын тек әйелдер айналысқан. Алайда басқұр, таңғыш,
бау-шу, түйе жүн шекпен тоқу атам заманнан бастап ұрпақтан ұрпаққа алмасып
келген. Сарыарқа, Батыс Қазақстан өңірінде кеңінен таралған тықыр кілем
тоқу үнемі көшіп-қонып жүрген малшы қауымының өмір салтымен тығыз
байланысты болған. Тықыр кілемнің әсірісе торғай түрі, алтыауыл, адай
кілем, найман нұсқа, арабы, тықыркілем, тазкілем деп аталатын түрлері ел
арасында көптен белгілі.
Кілем тоқу ерте кезден қазақ тұрмысында киіз үй мүлкінің бірі болып
есептелген. Қазірдің өзінде де маңызын жойған жоқ. Кілем – арнаулы
қарапайым өрнек арқылы ерекше түр салынып, әрбір шаршы метріне шамамен 230-
400-ге дейін, ал өн бойында бір миллионға жуық жіп тіндерін келтіріп өте
тығыз тоқылатын аса бағалы бұйым. Жазбаша ескерткіштерге қарағанда, бұрынғы
замандарда киіз үйдің ішінен ұстап, еденіне төсеумен бірге, кілемді киіз
үйдің туырлық пен үзігі орнына да жапқан.
Кілемнің үй тұрмысында ұзақ тұтынылуы, оның өте беріктігі мен
төзімділігіне байланысты болса керек. Сонау көне заманнан бергі келе жатқан
халықтың дәстүрлі үй мүлкінің бірі – кілемнің құндылығы жағын сөз етсек, ол
өзіндік қолданылуы жағынан көптеген материлдардан, тіпті металданда асып
түседі десек артық айтпаған болар едік. Өйткені кілем тұтынуға төзімді,
оңайлықпен тозбайтын, жыртылмайтын, шаң тозаңнан тез тазартылатын, ылғалдық
пен құрғақшылықты елең қылмайтын, күйе түсуден де қорықпайтын аса бағалы
мүлік. Оны алтын, күмістен жасалаған қымбат бұйымдар сияқты баршылықтың,
байлықтың бір белгісі деп білген.
Кілемнің осындай асыл қасиеттеріне байланысты қай кезде, қай заманда
болмасын, кілемді, одан жасалатын мүліктерді көбінесе тек қой жүнінен
тоқыған. Әсіресе Орта Азия мен Қазақстан территориясында тоқылған
кілемдердің сапасы мен түрі, түсі өте жоғары бағаланған. Оның себебі кілем
тоқуға пайдаланылатын қой жүнінің сапалылығы жоғарыда аталған аймақтың шөбі
мен суына, табиғаты мен климатына, бұл жерді жайлаған түркі халықтарының
ішіндегі, әсіресе қазақ халқының табиғи таланты мен жұмсалатын қой жүнінің
ең сапалысы, жіңішке жібектей мамық жүннің алынатын орталығы – Қазақстанның
Оңтүстік облыстарынан бастап шығыс жағын тегіс қамтиды.
Сондықтан да бұл аймақта кілемнің сапалы түрлері көп. Көктемде
қырқылып алынатын қойдың жібектей жіңішке, мамық жүні бұл маңайға ерте
заманнан мақтамен қатар маңызды орын алған. Осыған орай бұл жерде қой жүнін
өңдеуді де көне дәуірден білген. Мақтаны тек кілемнің негізін салу үшін
пайдаланған. Әрине бұдан кілем тек қана қой жүнінен басқадан тоқылмайды
деген ұғым тумауы тиіс. Мәселен роинсонның еңбегінде туысқан өзбек халқының
кілемді арқар жүнінен де тоқығаны сөз болады. Кейбір түркімен кілемдерінде
мақтаны түр, өрнек салуға пайдаланумен бірге кейде жібектен де кілем
тоқыған. Біз бұл еңбекте Орта Азия және Қазақстан жеріндегі кілем тоқу
өнері жайлы қысқаша тоқталып отырамыз. Өйткені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері - киіз басу
Ұлттық қолөнер
Сәндік қолданбалы өнердің түрлері
Қолданбалы қолөнер туралы ұғым
Қазақ кесте өнерінің шеберлері
Гобелен технологиясында абстарктілі интерьерлік панно тоқу
Кілем тоқу әдіс - тәсілдері
Қазақтың ұлттық қолөнер тарихын оқыту әдістемесін зерттеу
Тоқу өнері. Ою-өрнек
Қазақ халқының қолөнерін оқушыларға үйретудің маңызы мен мазмұны
Пәндер