ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . . 4

І. ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Ауыз әдебиетінің түсінігі мен түрлері . . . 5-11

1. 2 Ауыз әдебиетінің бір түрі -тұрмыс-салт жырлары . . . 11-12

1. 3 Мақал-мәтел, жұмбақтар, ертегілер мен аңыз-әңгімелер . . . 12-14

1. 4 Батырлар жыры және айтыс . . . 14-15

ІІ. ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІ

2. 1 Қазақ халқының ауыз әдебиеті . . . 15-17

2. 2 Салтын сүйген - халқын сүйер . . . 17-20

2. 3 Шешендік сөздер -халық даналығы . . . 21-22

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 24-25

КІРІСПЕ

Әдебиет - өнер, халықтың сана - сезімін, көркемдік ойлау қабілетін дамытатын рухани дүние. Әдебиетте адамның ілгеріге ұмтылған, жақсы өмірді аңсаған асыл арманы, ұшқыр қиялы, осы жолдағы күрес - тартысы, әр қилы оқиғалар, халқымыздың ерлігі мен елдігі, өмірі суреттеледі. Мектепте өтілетін әдебиет пәнінің міндеті - оқушылардың санасына көркем сөз құдіретін, эстетикалық, танымдық тәрбиені сіңіру. Соңғы жылдарда әдебиет сабағын оқытуды жақсарту жолында көптеген игі шаралар жүзеге асырылды. Семинар кеңестерде озық тәжірбиелерімен бөлісіп насихатталса, жаңа оқулықтар заман талабына сай толықтырылып өңделді. Қазіргі кезде пәнді оқытуға көп міндеттер жүктеледі. Себебі, ғылым мен техниканың ілгерілеуі, түрлі ақпараттар көздерінің молаюы, білім беру жүйесінің түрленуі, мектеп, ұстаз алдына көптеген жауапкершілік жүктейді. Әдебиет пәнін оқыту мұғалімнен жан-жақты жауапкершілікті, дайындықты қажет етеді. Сабақты түрлендіріп, әдіс-тәсілді үнемі жетілдіру - оқушылардың үлгерімін, танымын жақсартып, қызығушылығын арттырады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. V-VIII сыныптарда халық ауыз әдебиетін, ақын-жазушылардың жеке туындылары оқылады. Бұл кезеңде оқушылар халқымыздың ұшан-теңіз бай ауыз әдебиетінің әр түрлі жанрдағы шығармаларымен танысады. Ауыз әдебиетінің әр жанрдағы шығармалары қарастырылады, олардың идеялық-көркемдік мазмұны ашылады.

Әдебиет шығармасының табиғатын тану үшін бір ғана оқулықпен шектелу жеткіліксіз. Ең алдымен, оқулық бетін ашпас бұрын, шығарманы оқу абзал. Мәтінді білмейінше, соны ыждағат оқымайынша, туындыдан ләззат алу, халықтың мұратты арманын танып, білу мүмкін емес.

Зерттеу жұмысының мақсаты : қазақ ауыз әдебиетін оқытуда жүргізілетін сабақ түрлерін талдап, ондағы әдіс - тәсілдер мен білік -дағдыны қалыптастыру жолдарын айқындау, оқыту үрдісін нәтижелі, сапалы ұйымдастыру үшін сабақ түрлері мен әдістерінің көптүрлілігін біліп, оны сұрыптап таңдаудың, үйлестіріп қолданудың маңыздылығын дәлелдеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- Ауыз әдебиетінің түсінігі мен түрлеріне, оның ішінде тұрмыс-салт жырларын, мақал-мәтел, жұмбақтар, ертегілер мен аңыз әңгімелер, батырлар жыры және айтыс сияқты ауыз әдебиетінің теориялық негізерін талдау;

-халық ауыз әдебиетін оқытуды ұйымдастыру;

Зерттеу жұмысының әдістері:

-зерттеу мәселесіне байланысты педагогикалық, әдістемелік еңбектерді сұрыптап талдау жасау;

  • Зерттеу кезеңдері:
  • курстық жұмыстың тақырыбына байланысты әдебиеттер жинақтау;
  • әдебиеттерді негізге ала отырып, тақырыптық жоспар жасау;
  • құрылған жоспар бойынша теориялық бөлімді жазу;
  • өзекті мәселелерін әдістемелік тәсілдермен анықтау.

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Ауыз әдебиетінің түсінігі мен түрлері

Ауыз әдебиеті - халқымыздың асыл да мол мұрасы, нелер бейнелі сөз маржандары осы ауыз әдебиетінде. Ауыз әдебиетінен сусындамаған, нәр алмаған бірде-бір шынайы суреткер болған емес. Ауыз әдебиеті -олардың құнарлы топырағы. Атынан көрінгендей, ол ауызша шығарылып, ауызша айтылған.

Фольклор - синтетикалық өнер түрі. Онда өнердің әр түрі - сөз, музыка, хореография және театр өнерлері шоғырланған. Ал мектепте фольклор тек сөз өнері тарихы ретінде өтіледі.

Ауыз әдебиеті - талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері оны сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.

Адамзат өзінің сонау балаң кезінде, табиғаттың жұмбақ, тұңшық сырына ойы жете алмаған кезінде сол табиғаттың сиқырлы алуан жұмбақтарын шешсем, оны өз игілігіме жаратсам, бағындырсам деген арманын өзінің ауыз әдебиетінде бейнелеген. Адамның табиғаттың дүлей, мылқау күшімен арпалысы да сол ауыз әдебиетінде өрнектелген. Қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық өмірдің ілгерілеуіне, адамның ой-санасының өсуіне, өзін қоршаған табиғаттың сырына терең бойлауына байланысты ауыз әдебиеті де мазмұны, формасы жағынан байып, дамып отырған.

Қазақ халқының ауыз әдебиетінің сонау көне дәуірден келе жатқан рухани мұра екені «Құламерген», «Ер Төстік» ертегілерінен айқын танылады.

Әлеуметтік жікке бөлінген қоғамдық өмірдегі қайшылықтар, байлар мен соған тәуелділер, кедей-кепшіктер арасындағы күрес, тартыс ауыз әдебиетінің мұнан былайғы даму өрісінде кең қамтылған. Халық ауыз әдебиетінің өлең-жыр, ертегі, мақал-мәтелдері, эпостық, лиро-эпостық жырларында қарапайым адамдардың, еңбек адамдарының жасампаз күшіне, ақыл-парасатына сенген, соларды мадақтаған.

Сондықтан ауыз әдебиетіндегі бұқара өкілдері тек жақсы жағынан ғана суреттеледі, олар тамаша қасиеттері арқылы оқушыны өзіне еліктіре біледі.

«Құлатай батыр» ертегісіндегі Құлатай бойына ертегіші керемет күш, ізгілік, адамгершілік дарытқан. Ол бойы бір тұтам, сақалы қырық тұтам алыпты сақалынан бәйтерекке байлап қояды, кейін басын кесіп алады, ол балапандарды айдаһардан құтқарады, өзіне арамдық ойлаған ағалары аяғына келіп жығылып, қатесін мойындағаны үшін кешірім жасап, адамгершілік танытады.

Қиял-ғажайып ертегілерінде болсын, шыншыл ертегілерде болсын жер пендесіне сенім мол.

Ертегілерде халық адал еңбекті, адал кәсіпті дәріптеген. Еңбек -адамды адам етеді деген ой - ертегілер өзегі. «Ақбай» ертегісінен мұны айқын байқауға болады. Талай өлім мен өмір арпалысын басынан кешірген Ақбай ақырында: «Қайда барсам да еңбексіз рақат жоқ екен, не де болса өзім тұрған бұлақтың басын бақшаға айналдырайын», - деп еңбекке ден қояды. Кейін: «Туған жеріне де бау-бақша егіп, туған жерін жазираға, сыңсыған орманға айналдырған». Халық еңбектің жасампаз тәңірісіне табынған.

Әйел қауымын халқымыз аса жоғары бағалаған. «Хан қызы» ертегісіндегі қыз өзінің ақыл-адамгершілігімен ханнан асып түскен. Соны мойындаған хан өз тағынан бас тартады. Хан құсаланып: «Е, қызым, сен ақылды екенсің, мен ақымақ екенмін, менің еліме кел, менің шаһарымды биле!»- дейді.

Хан үйіне келіп өлді. Күйеу баласы хан болды, қызы ханша болды. Міне, бұл ертегіде әйелдердің де ақыл-парасат иесі екенін нанымды көрсеткен. Халық әйелдердің ерлермен тең болуын армандаған.

Ауыз әдебиетінде халықтың ғасырлық арманы бейнеленген, әлеуметтік теңсіздікке қарсы үн көтерген. Мұны Тазша баланың екі ағасын өлтірген байдың көзін жойып, кек алған «Ағайынды үш жігіт» тағы да сол сияқты ертегілерден айқын көреміз. [1, 208 б. ] .

Ауыз әдебиетінде халықтың жақсы өмірді, әділеттілікті аңсаған мұрат--мақсаттары да кең өрнектелген. Ауыз әдебиеті шығармаларының барлық түрінде қоғамдағы тұрмыс-салт, әлеумет өмірі, тіршілік әрекеті, ой-санасы, дүниетанымы, өршіл, арманшыл қиялы әр жақты көрінген.

Ауыз әдебиеті шығармаларының әрбір жанрының поэтикалық ерекшелігі бар. Фольклор шығармаларының әр түрлі жанрындағы сюжеттің мәні бірдей бола бермейді. Ол сол жанрлардың табиғатына, атқаратын қызметіне байланысты. Эпостық шығармалар мақсаты белгілі бір құбылысты, оқиғаны бейнелеу, кейіпкерлердің іс-әрекетін көрсету. Ал бұл шығарманы сюжетке құрмайынша мүмкін емес, тек нақтылы оқиға, тартыс, күрес, арпалыс үстінде ғана кейіпкер мінезін ашуға болады. Ал лирикалық шығармаларда сюжет бола бермейді, болған күнде де олардың мәні эпостық шығармалардай емес, бәсең. Ауыз әдебиеті жанрларының ерекшелігі олардың поэтикалық, тілдік стильдерінен де байқалады. Батырлар жырында көбіне гипербола кеңінен қолданылады. Мұны Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс батыр жырларында батырлардың жойқын ерліктерін, сом тұлғасын бейнелеу үшін, олардың астындағы сәйгүлік тұлпарларының пырақтығын көрсету үшін жыршылар әсірелеу әдісін шебер қолданған. Мысалы:

Құбылып Бурыл гуледі, Көлденең жатқан аңғарды

Табаны жерге тимеді. Жерошақ құрлы көрмеді . . .

Көлденең жатқан көк тасты Көл жағалай отырған

Тіктеп тиген тұяғы Көкқұтан мен Карабай

Саз балшықтай иледі . . . Көтеріліп ұшқанша,

Сеңгір-сеңгір таулардан, Белінен басып асады . . . -

Секіре басып жөнелді . . . -

  • деп Тайбурылдың шабысын әсірелей суреттейді. Батырлар жырында бұл сияқты әсірелей сөз қолданыс мол ұшырасады. Ал лирикалық шығармаларда гипербола сияқты тәсілдер қолданылмайды. Лирикалық шығармаларда адамның ішкі жан дүниесі мол сипатталады, ой-сезім, эмоциялық бейнелеу құралдары - троптар арқылы беріледі. Поэтикалық синтаксистер де, риторикалық синтаксистер де (қайталаулар, риторикалық сұраулар т. б. ) лирикалық шығармалардың эмоциялық қуатын күшейту максатында кең пайдаланылады. Ал мақал-мәтелдерде теңеу сияқты көркем сөз айшықтары басым. Демек, халық ауыз әдебиеті шығармаларында олардың жанрлық ерекшеліктеріне, табиғатына орай әр алуан көркем тәсіл қолданылады. [2, 44-45 б. ] .

Халық ауыз әдебиеті әр салада, әр түрлі жанрда түрлері дамыған. Тұрмыс-салт жырларынан бастап, эпостық жырларға дейінгі бай мұра халық ауыз әдебиетінің жанрлық өрісін танытады. Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлері:

а) тұрмыс-салт жырлары;

ә) мақал-мәтелдер, жұмбақтар;

б) ертегілер;

в) эпостық жырлар:

г) лиро-эпостық жырлар;

д) айтыс өлеңдері;

ж) тарихи жырлар, шешендік сөздер.

Халық ең асыл өнері - бай ауыз әдебиеті арқылы өзінің тарихын, халықтық рухын бейнелеген. Халықтың бүкіл тіршілігі өлең-жырларға арқау болған. Дүниеге жаңа келген жас нәрестенің алғаш құлағына шалынары да - ән-өлең сазы. Ойын-қызық, той-думаны өлеңмен, әнмен өтеді. Өлген адамды да қайғылы өлеңмен жерлейді. Ұлы Абайдың: «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең», - деуі де сондықтан. Демек, ең асыл мұрасы өлең-жыр болған қазақ халқы бүкіл өмір кезеңдерін сол жырларында әр түрлі жанрда өрнектеп бейнелеген. Ауыз әдебиетінде кездесетін бір-екі шумақ өлеңдер мен әнге салып айтылатын өлеңдерден бастап, кейбір көңіл- күйін білдіретін ұзақ жырларға дейінгінің бәрі лирикалық жанрға, ал ертегі, аңыз әңгіме, батырлар жыры - эпостық жанрға жатады. Оларды «эпостық поэмалар» деп те атаймыз. Бұл жырлар сюжетке құрылып, баяндау түрінде беріледі.

Эпостық жанрдың көлемді түрінің бірі - батырлар жыры («Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Тарғын» т. б. ) .

Эпостық жырлар - бір ел мен екінші елдің жауласуының, қоныс, жер, ел билеуге т. б. қатысты талас-тартыстардың елесі. Әңгіменің желісі де, мазмұны да сол екі ел арасындағы күрес, ерліктерді жырлау. Сонымен қатар, эпостық жанрға жататын мысал үлгілері, қиял-ғажайып ертегілер де ауыз әдебиетінде аз емес.

Кейбір ертегілер тақырыбы, құрылысы жағынан роман түрлеріне жақын. «Алдар Көсе», «Тазша» әңгімелері ерте заманнан келе жатқан қысқа әңгіме (новелла) болса, «Азу сары, Керпішпай» ұзақ атімелерге ұқсайды.

Драмалық жанрдың ауыз әдебиетінде тек элементі ғана болмаса, шын мәнінде мұндай жанр жоқ. Қазіргі кездегі «Еңлік - Кебек», «Қозы Көрпеш-- Баян сұлу» тәрізді драмалық туындылар - жазба әдебиетінің жемісі. Қазақ әдебиетінде драмалық жанр XX ғасырдың алғашқы 15-20-жылында дүниеге келді. Ал ауыз әдебиетіндегі жар-жар, әр түрлі айтыс өлеңдер - драмалық жанрдың бастамасы, элементі.

Қорыта келгенде, ауыз әдебиетінің толып жатқан түрлерін осы үш жанрдың маңына топтауға болады.

Ауыз әдебиеті болсын, жазба әдебиет болсын екеуі де көркем туынды. Олардан көркем шығармаларға тән барлық қасиет-сапаларды көреміз. Солай бола тұрса да, ауыз әдебиетінің жазба әдебиетке қарағанда өзіне тән айырмашылықтары бар. Ең алдымен, ауыз әдебиеті - ұжымдық шығарма. Ауыз әдебиеті шығармаларының белгілі бір авторы жоқ. Дегенмен, әр дәуірде жекелеген қабілетті ақындар мен әңгімешіл адамдар өз айналасындағы өмір құбылыстарын бақылай келе, әр алуан тақырыпқа өлең--жыр, әңгіме шығарған. Сол шығарғандарын басында өзі, соңынан басқалары айтатын болған. Жазу-сызу болмағандықтан, алғашқы шығарушылар ұмытылып қала берген. Кейінгі айтушылар оған түрлі өңдеулер енгізіп, өз тұсынан өзгертулер жасап, жаңартып отырған. Бір оқиға алынып қалып, екінші бір тың оқиғалар қосылған. Сөйтіп, олар талай өзгерістерге ұшыраған. Ақын-жыраулар мен ертегішілердің өнеріне, дарынына, дүниетанымына қарай ол өзгерістердің сипаты да әр түрлі. Халық мүддесін көксеуші жыршылар сол шығарманың халықтық сарынын қоюлата, идеялық-көркемдік сапасын жетілдіріп, арқауын ширатып, шырайландыра түсті. [3, 56-57 б. ] .

Ауыз әдебиеті ауызша шығарылып, ауызша айту арқылы таралатын болғандықтан, үнемі шығармашылық өзгеріске ұшырап отырады. Осыған байланысты олардың әр түрлі нұсқалары болады. Мысалы, «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырының 15 шақты, сол сияқты «Қобыланды батыр» жырының да бірнеше нұсқалары бар. Олай болса, ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен екінші айырмашылығы оның әр түрлі нұсқалары болуында екен.

Үшінші айырмашылығы - ауыз әдебиеті шығармаларында лексикалық, синтаксистік қайталаулар жиі ұшырайды. Қалыптасқан дағдылы сөздер мен сөйлемдер, тұрақты ұйқастар жиі қолданылады. Мысалы, «Қобыланды батыр» жырында:

Мал салдым базар бөзіне Арқаның бөрі көзіне . . .

Салса жылқы тоқтайды, Тайбурыл атты құтыртып,

Оған да келді сыпыртып . . .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
5-сыныпта әдеби теориялық ұғымдарды қалыптастырудың ғылыми негіздері мен оны оқытудың әдіс-тәсілдері
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің алғашқы қадамдары
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Қазақ әдебиетінен оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары (5-6 сыныптар)
Әдебиетті оқыту сабағында танымдық қызығушылықты арттыру
Көркем шығарма арқылы оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру
Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Орта мектепте лирикалық шығарманы оқыту
Әдеби шығармаларды оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz