Инновациялық технологиялардың қолданылумен жасалған сабақтардың сараптамалары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3

I Шетел тілін оқытуда қолданылатын инновациялық

технологиялар 5

I. 1. Дамыта оқыту технологиялары 6

I. 2. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту педагогикалық технологиясы 9

I. 3. Модульдік оқыту технологиясы 14

II Инновациялық технологиялардың қолданылумен жасалған сабақтардың сараптамалары 17

II. 1. Дамыта оқыту технологиясы қолданылған сабақтың үлгісі 11

II. 2. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту

педагогикалық технологиясы қолданылған сабақтың сараптамасы 22

II. 3. Модульдік оқыту технологиясы бойынша сабақ жоспары 22

Қорытынды 24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27

Кіріспе

«Ел болам десең, бесігіңді түзе». Біздің бүгінгі тербеткен бесігіміз - мектеп. Әр ұстаз жаңалыққа жаны құмар болуы керек. Қазіргі заманда ол құрал - жаңа технология болғандықтан, біздің курстық жұмысымыз «Шетел тілі сабағында қолданылатын жаңа инновациялық технологиялар» тақырыбына арналады.

Қазақстан - бүгінгі таңда өз алдына дербес мемлекет. Егемен ел ретінде шет елдермен қарым-қатынасы нығайып, беделі артып келеді. Мемлекеттік тапсырыстардың өндіріс өнімдерінің сапасына жоғары талап қоюдың салдарынан ең үздік шетел фирмаларымен бәсекелесуіне әкеліп отыр. Осыған орай қазіргі уақыт Республикамыздағы азаматтардан ана тілі, орыс тілімен қатар, шет тілін игеру мақсатын алға қойып, соған барынша ұмтылуды талап етеді. Осыған орай жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған бір үлкен міндет - мемлекетімізге шет тілін жақсы білетін, болашақта жоғары деңгейдегі маман бола алатын оқушылар шығару. Шетел тілі, оның ішінде әсіресе ағылшын тілі қазіргі қоғам дамуында үлкен рөл атқарып отыр. Бұл жағдай, сөз жоқ, ағылшын тілін оқытуды жақсартуға ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.

Ағылшын тілі сабақтарында осы аталған жағдайлардың барлығын ескере отырып білім беру белгілі бір жүйесіз, технологиясыз іске асуы мүмкін емес. Қоғамымызда болып жатқан өзгерістер білім берудің де бір орында тұрып қалмай, өзгеріп, түрленіп, жаңарып отыруын талап етеді. Осыған орай соңғы жылдары оқыту әдістемесінде білім берудің әдіс-тәсілдеріне, түрлеріне көп көңіл бөлінуде. Соның жемісі ретінде қазіргі кезде оқытудың жаңа инновациялық технологиялары енгізіліп, кеңінен қолданылып, білім сапасын арттыруға игі ықпал етуде.

Республикамызда оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтары енгізілді. Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Технология мен әдіс-тәсілдің ара-жігін ажырату

Жаңа технологияларды қолдана отырып, балаларға сапалы да кейде қиын болып жатады.

Мақсаты: Жаңа технологияларды қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, еркін сөйлеу дәрежесіне жеткізу.

Міндеттер:

1. Оқытудың жаңа әдістерінің психологиялық-педагогикалық негіздерін

зерттеу;

2. Инновациялық технологиялардың тиімділігін айқындау;

3. Шетел тілі сабақтарында әр технологияны орынды қолдана білу;

4. Сабақтарда қолданылатын инновациялық технологиялардың

түрлері мен әдістерін көрсету;

5. Біліктілік жолменен тәжірибеде инновациялық технологиялардың

мақсаттылығын айқындау.

Зерттеу объектісі: инновациялық технологиялар: дамыта оқыту технологиялары, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» педагогикалық технологиясы, модульдік оқыту технологиясы.

Зерттеу пәні: шетел тілін оқыту барысында жаңа технологияларды

қолдану әдістері.

Гипотеза: шетел тілін оқыту барысында әр инновациялық технологиялар жас шамаларына қарап қолданылуы тиісті.

Зерттеу әдістері:

Зерттеу мәселесі барысындағы ғылыми-әдістемелік әдебиетке сараптама

• Жаңашыл педагогтар және әдіскерлер тәжірибелерін жинақтап қорыту

• Бақылау

• Сынамалық оқыту

Зерттеу жұмысының құрылымы.

Зерттеу екі тараудан, кіріспе және қорытындыдан, қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудегі түиінді мәселелер, мақсаттар мен міндеттер, ғылыми болжам, объекті, пән және пәнді зерттеу әдістері пайымдалған.

Бірінші тарауда шетел тілін оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар ұғымы берілген. Соның ішінде «Дамыта оқыту» технологиясы, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы, «Модульдік оқыту» технологиясы ұғымдары келтірілген. Осы бөлімде аталған инновациялық технологиялардың мақсаттары, маңыздылығы берілген. Бұл бөлімде жаңашыл ұстаздар мен әдіскердердің өзара тәжірибе алмасуы көрсетілген.

Екінші тарауда шетел тілі сабақтарында инновациялық технологияларды орынды қолдана білу көрсетілген. Инновациялық технологиялардың түрлері шетел тілін оқытуда, оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыруға, өз ойларын сеніммен айтуларына, жеке оқушының танымдық қызметін ұйымдастыруға, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырулары үшін тиімді.

Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысынан алынған нәтижелердің қорытындысы берілген.

І Шетел тілін оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар

Бүгінгі күні дидактиканың «нені оқытамыз?», «не үшін оқытамыз?», «қалай оқытамыз?» деген дәстүрлі сұрақтарымен бірге «қалай тиімді оқытуға болады?» деген мәселе ғалым-әдіскерлер мен мектеп мұғалімдерін толғандыруда. Педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді сараптау барысында осы сұрақтың айналасында бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде екенін байқауға болады. Зерттеулердің нәтижесін талдау барысы педагогика

ғылымында жаңа «педагогикалық технология» бағытының пайда болып, қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

Түсіндірме сөздікте «технология - техника туралы ғылым. Техника дегеніміз шығармашылық, білім, білік, машық және оларды іс-тәжірибеде пайдалану» деген анықтама берілген. Ал педагогикалық көзқарас бойынша «технология» ұғымы - дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту түрлерін ұйымдастыруда, оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияларға негіздеу туралы мәселе қозғала бастады.

«Педагогикалық технология» ұғымының қолданысқа енуіне байланысты педагогикада екі бағыт пайда болды. Оның біріншісі, оқу үрдісінің барлық саласына техникалық құралдарды пайдалануға бағытталған. Бұл бағытты кейде «білім саласындағы технология» немесе «оқыту технологиясы» деп атайды. ЮНЕСКО құжаттарында «оқыту технологиясы» жалпы оқыту және білім қабылдау үрдісін жасаудың жүйелік әдісі ретінде қарастырылады. Ол техникалық қорларды, адам қорларын және олардың өзара әрекеттесуін ескеріп, білім беру түрлерінің тиімділігін арттыруды көздейді.

Екіншісі, оқу үрдісінің өзін технологияландыру, оны «оқытуды технологияландыру» немесе «педагогикалық технология» деп атайды. Осы екінші мәселе оқыту үрдісінің жалпы заңдылықтарына сүйеніп, оның бірыңғай тиімді жүйесін құру, оқу және оқыту қызметтерін толық қамтамасыз ету жағдайларына байланысты педагогикалық зерттеу нысанына айналып отыр. Бұл мәселе бойынша оқытудың мазмұнына, мұғалімнің іс-әрекетіне, оқушының даму деңгейіне, оқушының оқу әрекетіне, т. б. ерекше назар аударылған. Нәтижесінде мұндай оқыту әдістерінің елуге жуық үлгілері ұсынылып, мектеп тәжірибесіне енгізіле бастады. Олардың ішінде кең қолданысқа ие болған оқыту әдістеріне мыналар жатады:

  1. дамыта оқыту;
  2. мәселемен (проблемалық) оқыту;
  3. бағдарламалап оқыту;
  4. ойлау әрекетін кезеңдеп қалыптастыру;
  5. танымдық қызығуды дамыту теориясы;
  6. дидактикалық бірліктерді ірілендіру;
  7. қарқынды оқыту әдістемелік жүйесі;
  8. адамгершілік педагогикасы;
  9. білімді «толық игеру» технологиясы;

10) оқу үрдісіне компьютерді қолдану;

  1. мазмұнды жалпылау теориясы;
  2. оқытуды оңтайландыру;
  3. оқу әрекетін белсенділендіру теориясы;
  4. бейімдеп оқыту;
  5. саралап оқыту және т. б.

Білім беруді технологияландыру үлгісін жасауда мынадай шарттар ескерілуі тиіс:

  1. Тұжырымы, яғни қандай да бір ғылыми тұжырымға сүйенетіндігі немесе негізделгені;
  2. Жүйелілігі, яғни оқу үрдісінің барлық бөліктерінің өзара байланыстылығы.
  3. Басқарылуы, яғни мақсат болжау, оқыту барысын жобалау және т. б.
  4. Тиімділігі, яғни соңғы нәтиженің білім стандартына сәйкес кепілділігі немесе жемісті болуы;
  5. Қабылдануы, яғни оқушының қабылдау мүмкіндігін ескеруі.

Оқытудың жаңа технологияларының барлығы дерлік оқушының өз бетінше білім алуын ұйымдастыруға бағытталған. Қазіргі кезде жалпы дидактикалық технологиялардың бір-бірінен айырмашылығы оқу және оқыту үрдісін ұйымдастырудың әдістері мен құралдарына байланысты оқыту жүйесінің әдістемелік кешенін анықтауда көрінеді.

Жоғары айтылғандардан шығатын қорытынды: оқыту технологиясы дегеніміз - педагогикалық әрекеттерді ғылыми-әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде, нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру.

І. 1. Дамыта оқыту технологиялары

Соңғы кездерде технология ұғымымен тіркесте қолданылып жүрген «инновациялық» деген ұғымның мәніне тоқтала кеткен жөн деп ойлаймын. «Инноватика» ұғымының мәні латынның in-novus деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту» мағынасын береді. Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, құралдар, оқулықтар, бағдарламаларды пайдалануды білдіреді. Яғни оқыту мен тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру болып табылады.

«Педагогикалық технология», «инновациялық технология» дегенде қазіргі педагогикадан, әдістемеден түсінігі бар адамның ойына ең алдымен «дамыта оқыту технологиясы» ұғымы келеді. Педагогикалық әдебиеттерді қараған кезде дамыта оқытудың педагогикалық жұртшылық санасына сіңген және бүкіл білім беру жүйесіне әсерін тигізіп жатқанын байқау қиын емес. Барлық істерді Л. С. Выготскийдің, Л. В. Занковтың, В. В. Давыдовтың, Д. Б. Элькониннің ойларына негіздеу, осы ғалымдардан сілтемелер жасау жиі кездеседі.

Жаңа буын оқулықтарының негізгі ерекшеліктерінің бірі - олардың дамыта оқыту жүйесі қағидаларына сәйкестендірілгендігі. Демек оқулық құрылымы өзгеше, философиясы жаңа. Ал осы ерекшелікті мұғалім тек «дамыта оқыту» жайлы теориялық түсінігі, хабары болғанда ғана жүзеге асыра алады. Сондықтан да қазіргі педагогикалық әдебиеттерде дамыта оқыту жайындағы көп жылғы ізденістер, жарық көрген мақалалар мен жұмыстар қайта өңделіп, толықтырулар енгізілуде.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады:

  1. Оқу мақсаттарының қойылуы;
  2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;
  3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин - В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процессін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Дамыта оқыту жүйесінің маңызды тағы бір ерекшелігі сынып оқушыларын «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенінше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден мүмкін. Тек мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлылық, байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып, алға жетектейді деп есептелінеді.

Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік сияқты қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай, сеніммен айта алатындай

ахуал болуы басты назарда ұсталынады. Ол үшін оның әрбір жауабы мұқият тыңдалып, дұрысы мақталып, қатесі еппен түзеліп отырылады. Оқушыны кішкентай бала деп қарамай, оның да пікірімен санасу, көзқарасын құрметтеу оның дамуына орасан зор әсер ететіндігі дәлелденген.

Дамыта оқыту технологиясы - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында оған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқутыдан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында. Мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілінде, т. б.

Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда. Педагогика ғылымының зерттеущілері тәлім-тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты оқушы тұлғасын дамыту деп таниды.

Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденушілігі психологияның айтуы бойынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан әсер ететін күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ло оның толық өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.

Сондықтан мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.

Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (экстенсивтік, сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға

болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделеді. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді. Айтылғандарды кесте түрінде төмендегідей бейнелеуге болады.

Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі

белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы

Педагогикалық

процесінің

компоненттері

Мазмұнындағы басымдылық

Дәстүрлі

иллюстрациялық

түсіндірме әдісі

Дамыта оқыту
Педагогикалықпроцесініңкомпоненттері: Мақсат
Мазмұнындағы басымдылық: Оқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыру
Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекетін дамыту
Педагогикалықпроцесініңкомпоненттері:

Бастапқы

мазмұн

Мазмұнындағы басымдылық: Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлеледер
Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту
Педагогикалықпроцесініңкомпоненттері:

Оқытудың

формалары

Мазмұнындағы басымдылық: Жеке, топтық, фронтальды

Бірлескен ұжымдық

іс-әрекет

Педагогикалықпроцесініңкомпоненттері:

Оқыту

әдістері

Мазмұнындағы басымдылық: Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық
Проблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік
Педагогикалықпроцесініңкомпоненттері:

Бақылау,

бағалау

Мазмұнындағы басымдылық: Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы

¤зін-өзі бақылау,

өзін-өзі бағалау, рефлексия

І. 2. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» педагогикалық технологиясы

Дамыта оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етеді. Ол технологияларда баланың қоршаған ортамен еркін қарым-қатынасқа түсу

мүмкіндігі беріледі. Қарым-қатынастар: жоспарлау, ұйымдастыру, мақсаттарды жүзеге асыру, іс-әрекетті талдау кезеңдерінен тұрады. Әр кезең бала тұлғасының дамуына өз үлесін қосады.

Сондай инновациялық технологиялардың ішіндегі тіл сабақтарында қолдануға өте тиімділерінің бірі - Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту педагогикалық технологиясы.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Ситл, Куртис С. Мердит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту - бұл RWCT жобасының жалпыға белгілі орыс варианты. Ағылшын тілінен сөзбе сөз аударғанда «Reading and Writing for Crifical Thinking» сыни ойлауды дамытуға бағытталған Оқу мен Жазу Сыни ойлау үшін дегенді білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда бар орыс тіліндегі аудармада акценттер қозғалысы байқалады, егер сөзді актуальды жіктеу көзқарасында алсақ, Тема - белгілі бөлік, ал Рема жаңа, ақпараттық мазмұнды білдіреді (В. Г. Гак, 1986) . Ағылшындық анықтамасында тақырып - Оқу мен Жазу барлық уақыттағыдай сол күйінде қалады, ал бүгінгі күні көкейкесті мәселе, яғни Рема - білім берудегі бұл әрекет түрлерін сыни тұрғыдан ойлау позициясының қай бұрышынан алып қараған жөн - деген болып отыр. Жоғарыда айтылған ой сондай-ақ Оқу мен Жазу оқу орынындағы оқытылатын кез келген ғылымның бөлігі болып табылатын әрекет түрі ретінде көз қырында екендігін білдіреді.

Бұл технологияның мақсаты - барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

«Сыни ойлау» анықтамасына еш келмейтін ойлаудың үшінші түрі - ол шығармашылық немесе көкейтесті ойлау. Сонымен сыни тұрғыдан ойлау төрт бөліктен тұрады.

Біріншіден, сыни тұрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды, біз барлығын өзіміз үшін жасаймыз. Сонымен қатар ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып есептеледі. Өз жастарымен жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі керек. Мысалы оқушылар мұғалімнің айтқанын жаттанды түрде қайтып айтып беруі мүмкін.

Сыни тұрғыдан ойлау идеяның ерекше болуы міндет емес: біздің басқа біреудің идеясы мен нанымын өзіміздікі етіп қабылдауға толық құқымыз бар. Біз тіптен, басқаның пікірімен келісуіміз керек болады да, бұл біздің құқымызды дәлелдейді. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді.

Екіншіден, ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес, бастапқы пункті болып табылады. Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді тудырады. Кейде «басында түк жоқ болса ойлау қиын болады» деп айтып жатады ғой. Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер секілді көптеген «шикізаттарды» өңдеу керек болады. Кейбір оқушылар өздерінің үйренгендерін көп есіне сақтай алмайды. Сондықтан оларға ескіден жаңаға жол салу керек. Дегенмен де мұғалімнің жұмысы тек сыни тұрғыдан ойлауға шектеліп қалмайды: оқушылар ең қиын деген түсінікті қабылдап, әр түрлі мәліметті естерінде сақтауға дағдыланады. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету - мұғалімнің көп жақты жұмысының бір бөлігі ғана. Кез келген жаста сыни тұрғыдан ойлауға болады: бұл үшін тек студенттердің ғана емес, бірінші сынып оқушыларының да тәжірибелері мен білімдері жеткілікті.

Үшіншіден, сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Егер біз жаңа бір нәрсені байқай қалсақ, оның оның не екенін білуге құмартамыз. Дегенмен нағыз таным үрдісі өзінің жеке қызығушылығы мен қажеттіліктеріне пайда болатын сұрақтарға жауап беруге деген талпыныспен сипатталады.

Төртіншіден, сыни тұрғыдан ойлау көңілге қонымды дәлелге ұмтылады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам мәселені шешудің жолын өзі өздеп табады да, сол шешімдерді негізі бар, саналы дәлелдермен нақтылай түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел тілін оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар. Инновациялық технологиялардың қолданылумен жасалған сабақтардың сараптамалары
Биология сабағында жаңа технологияларды қолдану
Биология пәнінде тірек-сызбаны қолдану әдістемесі
Биология сабағында жаңа информациялық технологиялық құралдарды қолдану
Аналиттикалық әдіс
Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Оқушыларының құрттар жайлы білімдерін практикалық тұрғыда қарастыру
Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тәжірибесі
Сот сараптамасының жіктелуі,тағайындаудың ұйымдастырушылық сұрақтары және оны жүргізетін мекемелер
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz