Оқушы белсенділігін арттыру негізіндегі педагогикалық технологиялар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе

І. Педагогикалық технология туралы жалпы ұғым, артықшылықтары,
ерекшеліктері,мақсаттары, міндеттері

ІІ. Оқушы белсенділігін арттыру негізіндегі педагогикалық технологиялар
ІІ.1. Ойын технологиясы
ІІ.2 . Проблемалық оқыту технологиясы
ІІ.3. Коммуникативтік байланыс технологиясы
II.4.Интерактивтік оқыту технологиясы

ІІІ. Оқу процесін тиімді басқару мен ұйымдастыру негізіндегі педагогикалық
технологиялар
ІІІ.1. Саралап-деңгейлеп оқыту
ІІІ.2. Қашықтықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың дидактикалық
негіздері
ІІІ.3. Модульдік оқыту технологиясы

ҚОРЫТЫНДЫ
Падаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өзектілігі: Қоғамның дамуының қазіргі кезеңі, елімізде болып жатқан түрлі
өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша
ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында "Білім беру мазмұны шетел тілін және
информатика негіздерін ертерек оқытумен толықтырылатын болады"- деп
қарастырылған. Сондай-ақ мектепте оқушыларды шетел тіліне баулу мәселесі
кеңінен қолға алынғанын көрсетеді.
Мақсаты: шетел тілі пәні мұғалімдерінің жаңа педагогикалық
технологияларды қолдануды теориялық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан
негіздеу және тәжірибелік-экспериментте тексеріп қорытындысын шығарып,
ғылыми негізделген ұсыныстар беру.
Міндеті: -шетел тілі пәні мұғалімдерін жаңа педагогикалық
технологияның
теориялық негіздерін айқындау және мәнін ашып көрсету;
-жаңа педагогикалық технологиялардың мәнін, қызметін, мақсатын

жүзеге асыруды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарастыру;
Теориялық құндылығы:-“жаңа педагогикалық технология”, “жаңа
педагогикалық технологиямен оқытудағы шетел тілі пәні мұғалімдерінің
даярлығы” ұғымдарының педагогикалық мәні ашылды, оның ғылыми-әдістемелік
негізделген нобайы, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды;
-шетел тілі мұғалімдерін жаңа педагогикалық технология арқылы даярлау
ғылыми-педагогикалық тұрғыдан айқындалды;
- болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін кәсіби іс-әрекеттер аспектісіне жаңа
педагогикалық технологиялар арқылы даярлаудың әдістемесі сынақтан өткізілді
және алынған нәтижелерді практикаға ендіру мүмкіндіктері ғылыми-әдістемелік
нұсқау ретінде белгіленді.
Практикалық құндылығы:
Жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді қолдану- іс-
тәжірибе ісінде жоғары нәтижеге жету мүмкіндігі.

І. Педагогикалық технология туралы жалпы ұғым, артықшылықтары,
ерекшеліктері,мақсаттары, міндеттері

Көптеген уақыттар желісінде технология түсінігі педагогикалық ұғымдар
қорынан тыс қалып келді. Шынайы мәні (шеберлік жөніндегі ілім)
Педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру,
болжау, жобалау – сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде
қарастыру жатады
Педагогикалық әдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар
сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену,
т?рбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру ж?не д?стүрлі технологиялар,
бағдарламаластырылған ж?не проблемді оқу технологиялары, авторлық
технология ж?не т.б.
Алғашқыда педагогтар педагогикалық технология, оқу-оқыту
технологиясы және тәрбиелеу технологиясы ұғымдарының өзіндік мән-
мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу
және тәрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты
орындалатын педагог іс-әрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда.
Осыдан педагогикалық технология мәні оқу технологиясы, тәрбие
технологиясы ұғымдары мәндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл
болардай қатқыл ғылыми жоба. әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына
адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау,
қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі
проблемалар.
Технология – қандай да бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын әдіс-
тәсілдердің жиынтығы (түсіндірме сөздігі).
Педагогикалық технология – оқытудың түрлерінің, әдіс-тәсілдерінің арнайы
құрамын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқамалардың жиынтығы; ол
педагогикалық үрдістің ұйымдастырылған әдістемелік құралы (Б.Т.Лихачев).
Педагогикалық технология – оқу үрдісін іске асырудың мазмұнды құралы
(В.П.Беспалько).
Педагогикалық технология – оқытудың жоспарланған нәтижелерге жету
үрдісінің сипаттамасы (И.П.Волков).
Технология – өнер, шеберлік, дағды, өңдеу әдістерінің жиынтығы, күйдің
өзгеруі (В.М.Шепель).

Оқыту технологиясы – дидактикалық жүйенің құрамдас процессуалды бөлімі.
(М.Чошанов).
Педагогикалық технология – оқытушы мен оқушы үшін ыңғайлы шарттарды сөзсіз
қамтамасыз ететіндей оқу үрдісін жобалауда, ұйымдастыруда және жүргізуде
бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің барлық жағынан ойластырылған үлгісі
(В.М.Монахов).
Педагогикалық технология – бүкіл оқу үрдісін бағалаудың жүйелі әдісі және
білімді адами және техникалық ресурстарды ескере отырып игеру және білім
берудің ең тиімді әдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымақтастығы
(ЮНЕСКО).
Педагогикалық технология педагогикалық мақсаттарға жетуде қолданылатын
барлық тұлғалық, аспаптық, әдіснамалық құралдардың жүйеленген жиынын және
жұмыс істеу ретін білдіреді (М.В.Кларин).
Білім беру технологиясы – оқытудың жоспарланған нәтижелерін, оқушылардың
ағымдағы жағдайына диагностика жасау құралдарын, оқытудың көптеген
үлгілерін және берілген нақты жағдайда оқытудың ыңғайлы үлгілерін таңдау
белгілерін көрсететін жүйе.
Технология — өнім алу үшін керекті материалдарды өндеу әдістері мен өнім
шыгаруға керекті жүйелі процесс. Кез келген технологияның (өндірістік,
әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған жету.
Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы
анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, ондаөндірістік
және әлеуметтік саладағыпроцестер "технология" деген атауға ие болады.
Технологияның артықшылықтары: Әдістемеге қарағанда технологияның
артықшылықтары көп.
Біріншіден, технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі
педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Тсхнологияда мақсат
негізгі болғандықтан, оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.
Екіншіден, мақсат диагностикаға сүйеніп қойылғандықтан, оған жету
үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі.
Үшіншіден, мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.
Төртіншіден, әдістемеде сабақ жоспарлары - мұғалімнің жоспары, оқыту
процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс-
әрекетінің түрлері және мазмұны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша
әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше жасайды, демек сабақта оқушылардың іс-
әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.

Өндірістік және әлеуметтік технологиялардың айырмашылықтары.
Технологиялар өндірістік және әлеуметтік деп екіге болінеді.
Өндірістікке
Табиғи шикізаттарды (мұнай, ағаш, т.б.) өңдеу технологиясы немесе
одан
алынған өнімдер жатады.
Әлеуметтік технологияда адаммен жұмыс істеліп, оның басты бір немесе
бірнеше қасиеттері өзгертіледі. Әлеуметтік технологияға оқушыларды оқыту
технологиясын жатқызуға болады. Әлеуметтік технологияның өндірістік
технологиядан көп айырмашылығы бар. Басты айырмашылығы - өндірістік
технологияның нақты жүйелі операциялардан тұруында. Бір жерде өзгеріс
болса, іс-қимылдардың орындары алмастырылып, нәтиже төмендейді.
Әлеуметтік технологияда түрлі шараларды іріктеу жақсы нәтиженің кепілі
емес, себебі адамға одан басқа да жағдайлар әсер етеді. Сондықтан
әлеуметтік технологияға нақты іріктелген процестердің жүйесі деп анықтама
беруге болмайды. Әлеуметтік технологияда кері байланыс орасан зор рөл
атқарады. Мұғалім оқушылардың дайындық деңгейлерін қайта-қайта тексеріп,
оқу материалын меңгермейтіндермен қосымша жұмыс істеп, стандартты
меңгертеді. Сонымен біз жаңа материалды түсіндіру мен бекітудің
қайталанатындығын байқаймыз. Бірақ оқушылардың бәрі емес, тек оқу
материалын шала түсінгендер
ғана қайталайды.
Оқушылар дұрыс түсінбеген тақырыптар да қайталанады. Сонымен
әлеуметтік технология әдістеменің кемшіліктерін түзете алады. Әлеуметтік
технологияны ұйымдастыру және жүзеге асыру өндірістік технологияға
қарағанда қиындау. Бірақ екі технология негізінен бір-біріне жақын. Екеуі
де технологияны ұйымдастырушыға белгілі өнім береді. Сондықтан "Әлеуметтік
технология" ұғымын "Өндірістік технология" ұғымымен қатар қолдануға болады.
Әлеуметтік технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оның
жүйесінің онша қатаң еместігі, кері байланыстың (нашар жерді анықтау және
сол жерде қосымша
жұмыстар істеу) болуында.
Қазіргі мектептің ірі кемшілігі мақсаттың жалпылама қойылуы. Түпкі
мақсат - адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту. Бірақ мақсаттың оқыту
мазмұнын іріктеуге, педагогикалық процесті құруға ықпалы әлі де
жеткіліксіз.
Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп "Мақсатқа жеттік пе?"-
деген сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада "диагностика
арқылы анықталған мақсат" дейді. Технологияның мақсаты - оқыту мен тәрбие
үрдістерінде әр түрлі педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдерін
тиімді пайдаланып, оқу-тәрбие сапасын арттыру. Диагностика арқылы
оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлері және қабілеті анықталады,
нәтижесінде оқушыға тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі
жоспарланады.

Технологияның кезеңдері:
• Оқытудық мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;
• Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;
• Диагностика негізінде оқытудың жаңа мақсатын қою.

Технологияда оқушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, анық
суреттеледі.
Тексеру құралдары арқылы оқушының сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері,
даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы деңгейімен
салыстырылады, жаңа мақсат қойылады.
Сонымен, мақсат анық болмаса, оқу процесінің жетілдірілуіне кедергі
жасалады.
Бүгінде педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда.
• қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін
технология дейді.
• нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В.В.Давыдов технологиясы,
дамыта оқыту технологиялары, т.б.)
• қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы
және жүйесі технология деп аталады.
Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық
енгізбейді. Екінші анықтамада бір сөз екінші сөзбен алмастырылған. Бұрын
В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занков, т.б. әдістемесі десе, қазір
технологиясы дейді.
Екінші анықтамада "технология" ұғымы өндіріс саласынан педагогикаға
алғаш енген кездегі мағынасын жоғалтады.
Сондықтан үшінші анықтама дұрыс, себебі ол өндірістік технология ұғымына
жақын. Технология дегеніміз - өндірістік процесті және оның тәсілдерін
ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технологияны педагогикада қолдану шекарасы бар,
себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін
бе? "Білім - оқыту мен тәрбие" - деген анықтамаға сүйенсек, онда мүмкін
емес. Оқыту мақсаты - оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс-әрекет
тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оқай
тексеруге болады. Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін.
Тәрбиеде жағдай басқаша. Бұл салада технологиялық жоба арқылы керекті
қасиеттерді алу мүмкін емес деген пікірлер бар. Себебі адамға неше түрлі
жағдайлар әсер етеді. Сонымен тәрбие процесінде бір сапаны қалыптастыруды
мақсат етіп, оның технологиясын жасау мүмкін емес. Ол технологияны
тексеретін
нақты құралдар жоқ.
Оқыту технологиясының ерекшеліктері:
• түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру.
• үлгермеушілерді анықтау және іріктеу.
• олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан
кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру.
• оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау.
Оқыту процесіндегі технологиялық процесс
1. Диагностикалық құралдар арқылы оқушылардың білім, біліктілік дағдыларын
анықтап, содан кейін оларды білімдеріне қарай саралап оқытамыз.
2. Оқу материалын меңгерту және бекіту үшін танымдық іс-әрекетті
ұйымдастыру.
Бұл бөлік педагогикада жақсы зерттелген, оған бұрын жасалған алуан түрлі
оқыту әдістемелері кіреді. Бүгінгі танда бастауыш мектептерде дәстүрлі
Л.В.Занков жәнеД.Б.Эльконин, В.В.Давыдов әдістемелері қолданылады.
3. Материалды меңгерудің сапасын бақылау.
Егер әдістемелерде оқушылардың білімді меңгеріп және бекітуі үшін
оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға баса назар аударылса,
технологияда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және оның нәтижесін тексеру
қатар жүреді. Бұлар өзара байланысты. Олардың біреуіне жете көңіл бөлмеу,
педагогикалық жүйені бұзады. Білім сапасын тексеруді жеке алып қарау оны
жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Оқушылар материалды қаншалықты
деңгейде меңгергені анықталып, атқарылатын жұмыстар белгіленеді. Мұғалім
оқу материалын бекіте алады, бірақ оны меңгермеген жеке оқушылармен оқу
жұмыстары ұйымдастырылады. Ал оқу материалын сыныптың көбі меңгермесе, онда
өткен материалды бекітумен қатар оны меңгермеу себептері анықталады. Ол
үшін диагностикалық құралдар (тест, бақылау жұмыстары, сұхбат, әңгімелесу)
қолданылады.
4. Топпен немесе жеке оқушылармен қосымша жұмыс істеудің, тәсілдері мен
әдістерін таңдау. Мұндай әдістер жеке пән әдістемелерінде жазылған.
5. Оқушылардың үлгермеу себептерін анықтау. Технологияның бұл бөлігі әлі
толық зерттелмеген. Шет тілі, әдебиет, физика, химия пәндері бойынша
жекелеген сыныптар үшін тестілер жасалған. Тапсырмалар арқылы оқушылардың
біліміндегі кемшіліктер анықталады, оны жойғанда ғана келесі бөлікке өтуге
болады.
6. Сыныптың барлық оқушыларының білімі мен тәрбиесіндегі кемшіліктерді
жоятын әдістемелерді таңдау.
Бұл бөлікте барлық сынып оқушыларының меңгермеген тақырыптарын түсіндіру
үшін мұғалім сабақ жоспарларының алуан түрлі варианттарын қолданады.
Мұғалім бұрынғы сыныптарда оқылған, бірақ қазір ұмытылған материалдарды
жаңа тақырыптармен байланыстырады.
Сонымен технология әдістемеден өзге, себебі ол оқушылардың материалды
меңгеру іс-әрекетін басқарады, олардың үлгермеу себептерін анықтауға ерекше
назар аударады. Технологияға білімді сапалы түрде меңгеру процесін басқару
және білім сапасын тексеру блоктары, кері байланыс жүйесі енеді. Кері
байланысты мұқият түрде жан-жақты жасау керек. Ең бастысы, оқу материалын
оқушының меңгеруі. Педагогика ғылымында білім сапасы бірінші орынға шығады.
Оны көтеру педагогика мен психология ғылымдары алдында тұрған маңызды
міндет.
Оқу материалын меңгеру заңдылықтары. Оқушы кез келген оқу тапсырмаларын
бұрынғы меңгерген ақпараттарына сүйеніп орындайды. Бала оқу іс-әрекетінің
тиімділігі оның жеке тәжірибесіне байланысты. Баланың өз біліміне сүйеніп
жасайтын іс-әрекетін репродуктивтік, өткен тәжірибеге сүйеніп жаңа онімдер
жасауын продуктивтік іс-әрекет дейді.
Іс-әрекетке үйрену репродуктивтік іс-әрекеттен басталады. Бала ереже,
алгоритмдерді қолданып жаттығулар жазады, есептер шығарады, мәтіннен
түсінгенін айтады, бірсөзбен айтқанда, дайын білімдерге ештеңе қоспайды.
Өз бетімен ізденіп, біліміне білім қосса, оқушының репродуктивтік іс-
әрекеті продуктивтік (өнімді) іс-әрекетке айналады. Оқушылар білетіндерін
бір-бірімен салыстырып өздері үшін жаңалық ашады. Осы аталған екі іс-әрекет
түрлері оқушының материалды түсінуіне мүмкіндік жасайды. Түсініктің 4
деңгейін В.П.Беспалько зерттеген. Енді оларға тоқталайық.
I деңгей (оқушылық) - репродуктивтік іс-әрекеттің ең қарапайым деңгейі.
Оқушы бұрынғы білімдеріне сүйеніп, түрлі тапсырмалар орындайды, бұрынғы
тақырыптың мазмұнын өзгертпей пысықтайды. Оқушы үлгі бойынша есептер
шығарып, жаттығулар жазады.
II деңгей (алгоритмдік) - репродуктивтік іс-әрекеттің күрделі түрі.
Оқушылар алгоритм бойынша түрлі тапсырмалар орындайды. Мысалы, мұғалім
құбылыстарды оқушылардың қалай түсінгенін мынадай жоспармен анықтайды:

• Құбылыстың сыртқы белгілері.
• Ол өткен кездегі жағдай.
• Құбылыс мәні, оның өту механизімі (құбылысты ғылыми теорияларға сүйеніп
талдау).
• Осы құбылыстың басқа құбылыспен байланысы.
• Құбылысқа сандық тұрғыдан сипаттама беру.
• Құбылыстың зиянды ықпалдарының алдын алу тәсілдері.
Тәжірибені жасау жоспары:
• Тәжірибенің мақсатын тұжырымдау.
• Тәжірибені жасар алдында гипотезалар ұсыну. Тәжірибені өткізуге керекті
жағдайларды анықтау.
• Тәжірибе үшін жабдықтарды және материалдарды анықтау және іріктеу.
• Тәжірибені жоспарлау.
• Тәжірибе нәтижелерін шығаратын тәсілдерді анықтау.
• Тәжірибені өткізу, бақылау, нәтижелерін анықтау.
• Нәтижелерді математикалық тәсілмен өңдеу.
• Алынған нәтижелерді талдау.
• Тәжірибеден қорытынды жасау.
III деңгей (эвристикалық)
Эвристика - грек сөзі - іздеп табамын, ашамын деген мағынаны білдіреді.
Эвристикалық оқыту мақсаты - оқушыға барлық оқу пәндері бойынша білімдік
өнімдер жасату, мәселелерді өз бетімен шешуге үйрету.

IV деңгей (шығармашылық)
Шығармапіылық жұмыстардың түрлері. Оқу пәндерінде қорғалатын білімдік
німдердің үш түрі бар.
Дәстүрлі оқу курстары бойынша жасалатын пәндік өнімдер: Шығарма, ертегі,
құрастырылған есеп, тұжырымдалған ұғым, (феже немесе заңдылық, бұйымдар,
белгі, таңба, ойын, викторина, өойылым, сценарий, газеттің мазмұны.
Пәнаралық және пәннен тыс өнімдер - бір пән шеңберінен шығатын іргелі
білімдік объектілерді зерттеу нәтижелері.
Методологиялық өнімдер (талдау тәсілдері, құрастырылған сұрақтар,
тұжырымдалған жорамалдар; жауаптарды іздеу тех-нологиясы, өздік жұмысының
жоспары, жұмыстың мақсатын анықтау, жеке білімдік бағдарламалар, оқу іс-
әрекетін талдау, өзіне-өзі баға беру, пікірлер, сын-пікірлер жазу).
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарының нысандары:
• зерттеушілік (эксперимент, тәжірибе өткізу, ғылыми мәселені өзінің
шешуі, теореманы дәлелдеу);
• шығарма (тақпақ, ертегі, есептер, очерктер, трактаттар).
• көркемөнер шығармалары (бейнелеу өнері, сызба, кескіндеме, ән, саз, би,
кесте тігу, суретке түсіру, композиция, көрме);
• техникалық шығарма (бұйым, үлгі, макет, сызба, фигура, компьютерлік
бағдарлама).
• көрермендерге арналған шығармалар(концерт, қойылым, жарыс, шағын
көрініс);
• педагогикалық шығармалар (мұғалімнің орнына сабақ беру, сөзжұмбақ жасау,
ойын, викторина).
• методологиялық шығарма (тақырыптың жоспарын жасау, оқушыларға арналған
тесті сұрақтарын құрастыру, өзін-өзі талдап жазған күнделік жүргізу.
Оқыту технологиясы:
• Оқушының білімділік, білік, дағдыларын диагностикалық құралдар арқылы
анықтау.
• Оқыту процесінің тиімділігін (пайдалылығын) объективтік әдістер арқылы
тексеру.
• Оқу материалының 70% -ын оқушыға меңгерту.
Негізгі талап — оқыту процесі арқылы оқушыға білімді меңгерту.

ІІ. Оқушы белсенділігін арттыру негізіндегі педагогикалық технологиялар
ІІ.1. Ойын технологиясы
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік
құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы
зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық
және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен
туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-
саяси маңыз берілген. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда
мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан.
Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері - мұғалімнің түсіндіріп отырған
материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы
меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас
ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп,
тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын
арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі,
шығармашылығы дамиды.
Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен
қатысуын қамтамасыз ету.
Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың
тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік
факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де
білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.
Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін
педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын
біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының
қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған
педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері
оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен
жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ барысында ойын әдістері мен
жағдайларын өткізу мынадай негізгі бағыттарда жүргізіледі:
Сабақ процесінде пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуге
болады.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу– тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ.
Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы
дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз
түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру.
Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру
қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы,
дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы
топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-
келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі
ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен
орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі -
дидактикалық ойындар.
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді
қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі
заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын
сюжетін құрастырады.
Бастауыш сыныптардың тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты
түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да
пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан
мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге
тырысуы қажет.
Ойындар оқушылардың ой - өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар,
үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер
етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен
қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын
ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада
қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста
жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.

ОЙЫН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ НЕНІ МЕҢГЕРЕДІ
1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді
өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап
етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда
күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде
оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек
әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды
іріктей білуге үйренеді.

Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ
маңызды ор Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары.
Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы,
бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары
отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша
материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға
болады.
Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру
жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін
пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында
пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен
мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі.
Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың
сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.
Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.
Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен
жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн. Ойыннан басталады,-
десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін
арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын тәсілі - ойын.
Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену,
екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін
жинақтауға көмектеседі. Ойынның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары
сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға,
шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушы қызметін белсендіру негізіндегі педагогикалық технологиялар
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
Инновациялық-компьютерлік технологияны қолдану арқылы экономикалық білім берудің педагогикалық алғышарттары
Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы
Жаңа технологияны пайдалану – сапалы білім көзі
Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық-әдіснамалық негіздері
Оқытудың педагогикалық технологиялары
Арнайы білім беру қызметінің қазіргі жүйесі
Визуалдық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру жолдары
Сын тұрғысынан ойлау технологиясына сипаттама
Пәндер