Шығарма жазуға дайындау жолдары мен әдістері. Көркем шығармамен жұмыста оқушы шеберлігін шыңдау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. Шығарма және оның түрлері
1.4 Шығарма жазуға дайындау жолдары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Көркем шығармамен жұмыста оқушы шеберлігін
шыңдау ... ... ... ... ... ... .5
1.3 Шығармаға жоспар құру және жазуға
үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..8

II. Шығармаға қойылатын талаптар
2.1Оқушылардың іс-әрекетіне байланысты
шығарма,т.б ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2. Оқушылардың шығармадан жіберген қателерін
түзету ... ... ... ... ... ... ... . 18

ІІІ. Қорытынды бөлім
Шығарма-тіл дамыту жұмыстарының ішінде пәрменді жұмыс түрі ... ... ... ...23
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..26

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда оқытылатын пәндер балалардың
болашағы, таңдайтын мамандығына қарай бағытталуда, яғни мақсаты білім беру
ісіне ерекше назар аударылуда. Жеке тұлға, дарынды шығармашылық тұлға
қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып
отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру – жеке
тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер. Осы шығарма жазу неге керек?
Қалайда жаздыру керек пе? деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
Шығарма дегеніміз – оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өзінің
таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі,
әдеби тіл қалыбында бере білуге машықтандыратын жазбаша тәжірибелік
жұмыстың бірі.
Курстық жұмыстың міндеттері. Қазақ әдебиеті пәндерінен шығарма
жаздырудың мақсаты мен міндеті осы мазмұннан туындамақ.
1.Шығармадан баланың тілдік мәдениеті, сөздік қоры, теориялық білімі,
әдеби ұғым - түсінігі,жазуға икемі мен ойлау деңгейі байқалады.
2.Шығарма – оқушының жеке тұлға ретінде өзін көрсете алуының белгісі,
дағдылы жұмыстың көрінісі. Оқушының ауызша сөз саптауын қалыптастыруды
біз қиын дейміз, ал ойын жазбаша түсіруге қалыптастыру одан да қиын. Олай
болса, бұл – жүйелі түрде жүріп отыратын ұзақ үдерістің түпкі нәтижесі.
Курстық жұмыстың маңызы. Нәтиже қай жұмыста да нәтижелілігімен бағалы.
Алдындағы оқушысы ақ қағазға өз ойын, көзқарасын, пікірталасында туған
шешімін түсіріп, тіпті өзіндік стиль айшығын танытып жатса, мұғалім
жұмысының шынымен нәтижесі болғаны ғой. Жас ұрпаққа білім беруде олардың
пәнге деген көзқарасын қалыптастыру үлкен рөл атқарады. Мұғалімнің
педагогтік шеберлігі еңбегін айқындайтын, оқушының әдебиеттік ұғымын,
білімін байқайтын, сынайтын көрсеткіш.

I. Шығарма және оның түрлері.
1.1 Шығарма жазуға дайындау жолдары мен әдістері.
Мектептегі шығарма жұмысы оқушының дүниеге көзқарасын қалыптастыруда
игі ықпал ететіні сөзсіз. Олай болса шығарманың негізгі мақсаты – осы.
Мектепте шығарма жазу жұмысының қай түрі болса да өте күрделі ой еңбегі,
шығармашылық іс. Оқушының ақыл - ой қабілетін дамытып, белсенділігін
арттыруда шығарма жұмысы орасан зор міндет атқарады. Сондықтан мұндай
күрделі ақыл - ой еңбегін шығармашылық немесе шығармашылық емес деп
атау ыңғайсыз.
Шығарманың өзін бірнеше топқа бөлуге болады:

1.Оқушының өз тәжірибесіне, алған әсеріне байланысты.
2.Еркін тақырыпқа жазылған шығарма.
3.Әдеби тақырыпқа жазылған шығарма.
Сонда оқушының өмірден көрген, бақылаған өз тәжірибесі, өз өміріне
байланысты, осы негізде жазған шығармалары бірыңғай жүйеленеді.
Шығармашылық талапты орындау, оқушының алған тақырыпты толық меңгеріп, оған
қажетті материалдарды саралап, тақырыпқа тікелей байланысы жоқ жанама
мәселелерден аулақ болу жазу жұмысының тиімділігін арттырудың айғағы екенін
мектеп тәжірибелерінен көруге болады. Жоғары сыныптағы шығарма жұмыстарының
шығармашылық толғаныспен жазылуы үшін ең алдымен жазу жұмысының теориялық
негіздерін білу шарт. Сондықтан шығарманың құрылысына назар аударғаны мына
сызба жүйені есте сақтау керек:
1. Әңгіме түріндегі шығармалардың сызбасы
I. Кіріспе (экспозиция)
II.Негізгі бөлім:
а)оқиғаның байланысы
ә) оқиға шиеленісінің жеткен жері
б)шешілуі
III. Қорытынды (эпилог)

2. Талдау түріндегі шығармалардың сызбасы
I. Кіріспе (тақырыпқа жүктелетін міндет)
II. Негізгі бөлім:
а) Тақырып көтерген мәселе
в) Ұсынылған дәлелдер
с) Дәйексөз түріндегі мысалдар
д) Өзіндік ойлар
III. Қорытынды (эпилог)
Әрине, оқушы шығармасында осы схеманы орындау мүмкін емес. Бірақ
шығарманы талдай білу үшін осы жолдарды білу қажет деп ойлаймын. Шығарма
жазу үшін оқушы мынаны білген жөн:
1. Шығарманың тақырыбын әбден ойлап алып жазу керек.
2. Жоспар тақырыпқа сай, нақты жасалынуы тиіс.
3. Эпиграф тақырып пен негізгі идеяны ашуға сәйкес алынуы керек.
4. Тақырыпқа байланысты материалды іріктеген кезде ең негізгісін алу
қажет.
5. Шығарманың реті мен жүйесін сақтау және тақырыптан ауытқымау керек.
6.Айтатын негізгі пікірлері шығарманың негізгі бөлімінде болатынын есте
сақтау керек.
7. Келтірілетін мысалдар, салыстырулар негізгі пікірге байланысты болу
керек.
8. Қорытынды ой негізгі пікірлердің төңірегінде жазылуы және айтылатын
ой айқын, сөйлем орамды, түсінікті болуы қажет.
9. Әр сөйлемді дәптерге жазар алдында стильдік қате жібермеуді ойлау
керек.
10. Ұмытып кетпес үшін байқаған емлелік қателер мен тыныс белгілерін
бірден қойып, сауатты жазуға, дәптердің сыртқы көрінісіне мән беру керек.

1.2 Көркем шығармамен жұмыста оқушы шеберлігін шыңдау.

Мектепте оқушылар жазатын шығарманың анықтамасын беріп,оның көркем
шығармадан айырмашылығын ашып көрсеткен белгілі әдіскер С.Жиенбаев еді.
Шығарма деп-оқушы өз жанынан шығарып жазғанды айтамыз.Мектепте сабақ
ретінде жазылатын шығарма мен кәдімгі көркем шығарма жазудың айырмашылығы
бар,оқушыға шығарма жаздырғанда, белгілі бір тақырып беріледі.Сол тақырыпты
ол өзі (өз бетімен)мазмұндап береді,онда айтылған мәселелерді қалай
түсінетінін көрсетеді...Мектеп баласына жаздыратын шығарма толық мағынада
авторлық шығармадегенге келіңкіремейді...
Мектеп баласына жазуға берілетін тақырыпта негізінде сабақта
тексеріліп,әңгімеленген мәселелердің көлемінен алыс кетпеуге тиіс.Олар
сабақта айтылған түсініктерді,талдауларды дұрыс қайталап айтып бере
алса,сол жарайды.Олай болса,мектепте сабақ ретінде жүргізілетін шығармалар
толық мағынасында ойдан шығарылып жазатын еңбек емес.Ал оның шығарма деп
аталатын себебі:мұнда бала,бір жағынан,мектепте оқыған сабақтарына сүйене
тұрса да,сонымен қатар материалдарды өзінше жоспарлап,өз білгенінше
мазмұндайды,-дейді ол.
Осы кездерде бастауыш мектептің 1-2-сыныптарындағы ана тілі
әдістемесімен шұғылданған Ә.Сәдуақасов та оқушылардың тілін дамыту үшін,
Оқу кітабының оқылып өткен материалдарынан үзінділерді көшіріп
жаздыру,кішкене сөйлемдер және әңгімелер бойынша диктант жаздыру керек,-
деген пікірде болған.
3-4-сыныптарда сурет,көрген-білгендері және экскурсия материалдары
бойынша шығарма жазуға болатынын алғаш рет көрсеткен әдіскер-Ғ.Бегалиев.
Ғ.Бегалиевтің еңбектерінде әр сыныпта жүргізілетін шығармалардың нақты
көлемі мен жүйесі көрсетілмегенімен,кезінде бастауыш мектептің 3-4-
сыныптарында шығарма жаздыру қажеттігі жөнінде мәселе көтереді.Ғ.Бегалиев
шығарма мен мазмұндама жұмыстарына өзінен бұрынғы әдістемелік әдебиеттерде
берілген анықтамаларды басшылыққа алып отырмағандықтан,бұл екі жұмыстың
межесін ажыратпай,шығарманы мазмұндама және мазмұндаманы шығарма деп
араластыра көрсеткенімен (мысалы,оқып шыққан мәтін үлгісімен оқушылардың
ойларынан шығарып жазатын жұмыстарын мазмұндамаға жатқызады),шығарманы
түрлендіре жүргізудің кішкене балалардың тілін ұстартудағы маңызын айтқан
бірден-бір әдіскер болды.
Жоғары сыныптарда шығарма жаздыру әдістемесін зерттеуші Е.Дайрабаев
шығарма мен мазмұндаманың айырмашылығын айқын ашып көрсетті: Шығарма
дегеніміз-белгілі бір тақырып бойынша өз ойын жоспарлы түрде
баяндау.Шығармада оқушының өзі туралы,өнер жөнінде,оқыған немесе талдаған
әдеби туынды жайындағы ойлары баяндалады.Оқушы тиісті тақырып бойынша
мәтінді өзінше құрап,өзінше жазады.
Шығармаға берілген бұл анықтамалар дұрыс: шығарматерминін бастауыш
мектеп балаларының жұмыстарына қолданғанда,оқушылардың өмірде өз көрген-
білгендерін белгілі бір тақырып маңайында түсінікті түрде әңгімелеп
берулерін айтамыз.
Соңғы жылдары республикамыздағы тәжірибелі мұғалімдердің пікірлеріне
зер сала қарағанда,бастауыш мектептерде мұғалімдер шығарманы суретті
пайдалана отырып жаздыру,оқушылардың көрген-білгені бойынша,дидактикалық
материалдарды пайдаланып жаздыру,т.с.с.атап жүр.
Ал шындығына келсек,суретті пайдаланып жаздыру да оқушылардың көрген-
білгеніне жатады,өйткені олар суретті де көреді,дидактикалық материалдардың
өзі-оқушыларға таратылып берілетін суреттер;сондықтан шығарманы суретті
пайдаланатын, дидактикалық материалдарды пайдаланатын деп жіктеу ыңғайсыз
сияқты.
Е.Дайрабаеваның оқушы өміріне байланысты шығарма,өнер туралы
шығарма,әдеби туындылар жайындағы шығармадегендей жіктеудің де қолайсыз
жағы бар.Өйткені шығарма жазылатын тақырыптардың оқушы өміріне байланыссызы
жоқ;оқылған материалдар болсын,өнер туралы болсын,барлығы да оқушы өміріне
байланысты тақырыптар.
Сондай-ақ М.Л.Закожурникова жыл маусымы сипатындағы және балалардың
еңбек дағдысын көрсететін тақырыптар;табиғат және қоғамдық сипаттағы
тақырыптар деген сияқты жіктеген.Мұнда маусымның өзі табиғат сипатындағы
материалдарға жататындықтан,оны бөлшектеудің қажеті жоқ және балалардың
еңбек дағдысымен қатар,түрлі ойын-әрекеттеріне байланысты оқиғалар бойынша
да шығарма жаздыруға болады деп есептейміз.
Сонымен біз бастауыш сыныптарда бірнеше жыл бойы жүргізген байқау
жұмыстарының қорытындысына балалардың жазған шығармаларын мынадай топқа
жіктеуге болады деп санаймыз:
1. Балалардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты;
2. Экскурсияда көргендеріне,сурет,кино,қуыршақ театрының
спектакльдері,т.б. байланысты;
3. Оқушының іс-әрекеттеріне (оқу, ойын, еңбек) байланысты тақырыптар.
Жоғарыда көрсетілгендей, шығарманы бастауыш сыныптарда жүйелі түрде
жүргізу-жүргізбеу мәселесі анықталмағандықтан, әдістемелік еңбектерде де,
бағдарламаларда да оқушылардың жазатын шығармаларының көлемі
көрсетілмеген.Шығармада оқушылар өз ойларын қандай көлемде көрсетуіне
ерікті бола тұрғанымен, олардың жазған шығармаларындағы қолданған сөздері
мен сөйлемдерінің орта есебін шығара отырып,әр сыныптағы шығарма көлемінің
шамасын белгіледік. Оқушылардың жазған шығармаларының көлемі шамамен:1-
сыныпта 20-30 сөз;2-сыныпта 30-60 сөз;3-сыныпта 60-тан 130-ға дейін;4-
сыныпта 110-180-ге дейін барады.
Оқушылардың оқыған,естіген әңгімелеріне байланысты шығарма.
Бастауыш сынып оқушыларының сөйлемді дұрыс құрау дағдысын
қалыптастыруда оларды үйде немесе сыныпта оқыған шығармалары мен
үлкендерден естіген ертегі,әңгімелері бойынша сөйлетіп үйретудің пайдасы
зор.Мұндай жұмыс үстінде балалар оқыған яки естіген әңгімелерінен есте
қалған сөздерін пайдаланып,оларды өз ойын білдіру қажетіне жұмсауға
әдеттеніп,бойына сіңіреді.Шығарманың бұл түрінің білімдік,тәрбиелік мәні де
зор.Мұндағы ұтымды мәселенің бір ұшы бала өзін қоршаған айналаға сын
көзімен қарап,жақсы мен жаманды,еңбекқор мен керенауды,іскер мен
кертартпаны,кішіпейілділік пен дөрекілікті байқайды;бұлар жөнінде өз
сөзімен білдіреді.
Бұл жұмысты мұғалім алдан ала жан-жақты ойластырып,дұрыс ұйымдастыра
білуі қажет. Бұларды сөйлеткенде, олардың сөйлемдері қысқы-қысқа,жүйелі
құрылуына назар аударған жөн,сонымен қатар оқушылардың айтып отырған
әңгімелерінен үйренген жаңа сөздерін кірістіре сөйлеуін мұқият қадағалап,
кейін осы сөздерді шығарма жазғанда да қолдануларына жағдай жасау керек. Ол
үшін мұғалім жетекші сұрақ қойып отырады.
Сұраққа жауап беру арқылы оқушылар естіген,оқыған әңгімелерінің
мазмұнын өз сөздерімен айтып үйренеді және ол әңгімедегі сөздерге
еліктеп,тілдің көркемдік кестесін пайдаланып, ойларын еркін білдіруге
әдеттенеді.
Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың оқыған,яғни естіген
әңгімелерінің мазмұны бойынша шығарма жаздыруды түрліше ұйымдастырып жүр:
1.Оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелерінің мазмұнын сақтай
отырып,өз сөздерімен еркін шығарма құрайды.
2.Оқыған яки естіген әңгімелерінің үлгісіне еліктеп,өздері ойдан
шығарып айтады,жазады.
Дұрыс ұйымдастырылса, бұл жұмыстың екеуінің де пайдасы мол.Бірінде
әңгіменін мазмұнын сақтай отырып жазған шығармада оқушылар әңгімедегі
оқиғаға, құбылыстарға өз білгендерін қосып,одан алған әсерлерін
білдіреді.Бұл оқушының шығармашылық қиялын дамытады және оны кітап сөзінен
өнеге алып,ойын жүйелі баяндауға төселдіреді.
Шығарманың бұл түрлерін Сендер мынадай әңгіме оқыдыңдар,сол
бойынша шығарма жазыңдардеген сияқты қысқа нұсқау беру арқылы
ұйымдастыруға болмайды. Бұл жұмыста мұғалімнің үлкен шеберлікпен, дұрыс
басшылық етуі тиіс. Оқушылар тіпті өздері жақсы білетін әңгімелерінің
мазмұнын да бірден өз сөздерімен жазып бере алмайды. Сондықтан алғашқы
кезде оқыған мәтіндердің мазмұны мұғалімнің көмегімен әңгімеленеді де,кейін
балалардың өздері айтып та,жазып та бере алатын болады.Мысалы,1-сыныптың(үш
жылдыққа арналған) Ана тілінен Жаңбырөлеңін оқып,соның негізінде
Жаңбырдың пайдасытақырыбына шығарма жаздыру керек болса,балалардың жаңбыр
жөнінде естігендері, көргендері, яғни не білетіндері сұралады. Егер балалар
білетіндерін өздіктерінен айта алмаса:
1.Жаңбыр жауарда аспанды не басады?
2.Жаңбыр көр жауса,егін қалай өседі?
3.Жаңбыр көп жауса,арықтың суы қайтеді?
4.Жаңбырдан кейін шаң-тозаң қайтеді?сияқты сұраулар қойылып,әңгіме
өткізіледі. Сұрақ-жауап арқылы әңгімелесіп болған соң,1-2 оқушы жаңбырдың
пайдасын түгел көргенін,білетінін (найзағай жарқылдау,күн күркіреу, дауыл
тұру,т.б.), қиялын, әсерін қысылмай,еркін айтып беруге тиіс.Сонан соң
айтылған әңгімеден 4-5 сөйлемдік шығарма құрастырып, дәптерлеріне
жазады.Шығарманы да балалар бастапқы кезде жаза алмайды,сондықтан тақтаға
мына сияқты сұрақтар жазылады да,оқушылар сол сұрақтарға жауап қайтарады.
1.Аспанды не басты?
2.Не жауды?
3.Жаңбыр қалай жауды?
4.Жаңбырдан кейін шөп,егін қалай өседі?
5.Жаңбырдан кейін ауа қандай болады?
Оқушылар сұрақтарға жауапты әуелі ауызша құрайды.Олардың айтқан әрбір
жауабы талқыланады. Сол жауаптардың ішінен ең тәуірі алынады. Сұрақтарға
берілген жеке-жеке жауаптар толық тағы бір қайталанады.Сонан соң балалар
шығарма жазуға кіріседі.

1.3 Шығармаға жоспар құру және жазуға үйрету.

Жоспар – шығарма айнасы. Тақырыпқа сай жоспар құру, жоспарға сәйкес
шығарма жаза білу, жоспарда көрсетілген тақырыпшаларды аша білу –
оқушыларға үлкен сын. Кейде оқушылардың жоспары тақырыпты мүлде ашпайды,
оған еш қатысы жоқ болып шығады. Кей жағдайда шығармаларының мазмұны
жоспарға мүлде қатыссыз болып шығады.
Тақырып, жоспар, шығарма – бұл үшеуі бірімен - бірге біріктіріліп
тұратын өзектес мәселелер. Оқушыларға мазмұндамадан гөрі шығарма жазып
үйрету шәкірттеріміздің өзінше еңбек етіп, еркінше талаптануына, өз
пікірін, ойын сарапқа салуына әсерін тигізері сөзсіз. Талаптыға нұр жауар
деген халқымыз, өзінше талаптанғысы келген әрбір шәкірттерімізге жол -
жоба, бағыт беру, ұшқыр қиялдарымен биікке самғай беруіне тілектес болып
қалу әрбір ұстаздың борышы болғандықтан жұмысымызды осы абыройлы міндет
тұрғысынан көрсетуді мақсат тұтып келеміз. Ұстаз бен оқушы арасындағы
осындай шығармашылық байланыстың тұрақтылығы ғана табысты жетістікке жол
салады.
Шығармаға дайындау:
1. Сөз үйрету
*Сөздің мағынасын білдіру
*Сөздерді таңдай білу
*Әр шығарманың әр бөліміне лайықты сөздер қолданысын меңгеру
2. Ой тастау
*Сөзден идея тудыру
*Идеяны түсіндіру
*Идея мен тақырып байланысын білу
Шығармаға қойылар талап әр түрлі, тіпті көп болуы мүмкін, бірақ мақсат –
біреу: негізгі тақырып не, соны басты тақырып ету керек. Жоспарлау соның
айналасында ғана болу керек.
Қазіргі кезде мектептегі тәжірибеге қарасақ, оқушылардың шығарма
жұмысын тексерудің екі түрі бар.
1. Оқушы шығармасындағы кемшіліктерді мұғалім өзі түзетеді.
2. Мұғалімнің басшылығымен оқушының өзіне тексерту.
Күнделікті тәжірибеден қарап отырсақ мұғалімдер қазір осы екі жолды қатар
пайдаланады. Шығарма жұмысын тексеру кезіндегі олқылықтар емтихан кезінде
өте жиі кездеседі. Шығарма жұмысын тексергенде қателердің түрі шартты
белгілер арқылы көрсету дұрыс деп ойлаймын. Мұның өзіндік жүйесі бар.
- Емле қатесі белгіленеді.
V – Тыныс белгісінен кеткен қате.
Z – Абзац керек деген белгі.
Z – Артық қойылған абзац.
? – күмәнді, екі ұшты, осы сөйлемді ойлан деген белгі.
?! – Пікірді немесе фактіні бұрмалаудан кеткен кемшілік.
! – Осы жерге ерекше көңіл аудар.
- Сөз қалдырып кетсе, түсініксіз сөйлемдерді белгілейді.
- Стильдік жағынан дұрыс құрылмаған, жөндеп жаз деген белгі.
- Ауыстыруды керек ететін, бірнеше қайталанған сөздер мен сөйлемдер.
Әрине, осы белгілерді қойып, оқушының дәптерін қайтаруға болмайды,
мұғалім осы шығарма жөнінде рецензия жазып қайтарса, бұл белгілердің
оқушыға беретін әсері өте мол. Сондықтан шығармадағы кемшіліктерді жою
үшін, оқушылардың осы шартты белгілерді білгені дұрыс болар еді. Сонда ол
оқушының ойында мәңгі қалады деп ойлаймын. Бұл шартты белгілер де мұғалімге
өте қолайлы. Себебі ол мұғалімнің уақытын үнемдейді.
Шығармадағы кемшіліктерді жазып көрсеткеннен шартты белгіні қоя салу
мұғалім үшін де жеңіл. Енді осы шығарманы мұғалім тексергенде нені еске алу
керектігіне назар аударайықшы.

1. Дәптердің сыртқы көрінісіне назар аудару керек.
а) тазалығы
ә) әріптердің дұрыстығы
2. Логикалық жағынан
а) тақырып пен идеяның ашылуын;
ә) пікірдің молдығын;
б) дәлелдің дұрыстығы;
3. Пікірдің жүйелігі
а) жоспардың жүзеге асуы;
ә) әрбір бөлімнің мөлшері
4. Грамматикалық сауаттылығы
а) емлелік жағынан
ә) синтаксистік жағынан
5. Стилі
а) сөйлемдердің дұрыстығы
ә) көркемдігі
Міне, осы қатемен жұмысты да үнемі оқушыларға ескертіп отырған жөн.
Осы айтылғандарды басшылыққа алғанда шығарма жұмысы ойдағыдай болады.Жүйелі
алынған білім оқушының да, мұғалімнің де үздіксіз енбегін көрсетеді.
Енді осы жұмысқа баланы қалай дайындап әкелу керек?
Алдымен оқушы сабаққа қызығу керек. Әсіресе әдебиет сабағының кіріспе
және қорытынды кезінде оқушы белсенділігі басымырақ болатын жұмыстар
ұйымдастырған жөн.
1.Баланы жұмбақ, ребус шешуге үйрету керек, оның да өзіндік құпия
кілті бар жұмыс.
2.Бір дыбыстан басталатын сөздерден тұратын сөйлемдер жасырын беруге
болады.
3.Шағын әңгімеден мазмұнды, идеяны, тақырыпты таптыру,ойланту.
4.Кейіпкер туралы ой қозғау, өзіндік пікірін қалыптастыру, өз
көзқарасын айқындауға, қорғай білуге үйрету арқылы жазу жұмысына
төселдіруге болады. Дегенмен мынаны да ескерген жөн. Әуелі баланы
мазмұндама жазуға үйрету керек.
- Кей бала тыңдаған мазмұныны сол күйінде қағазға түсіре алады.
- Кей бала мазмұнды тұтас бере алмайды, жекелеген бөлімдерін нақты, әдемі
береді, ал кейбір жерлерін аттата, шалағайлау жазуы мүмкін.
- Кей бала тіпті мазмұнды есіне сақтай алмайды, не жүйелі жеткізе алмайды,
не сөйлем құрай алмайды.
- Кейбір бала мазмұндаманың өзін түрлендіре, әсерлендіре, тіпті кейде
өз ойын, пікірін қосып та жазуы мүмкін. Міне, бұл – шығарма жаза аларлық
қабілетін танытқан бала.
Енді сіздің жұмысыңыз екі түрлі бағыт алады.
1) жаза алмайтын баланы жаза білуге жеткізу;
2) жақсы жазатын баланы әңгімелеуге, шағын мәтін құрастыруға,
шығармаға пікір жазуға баулу;
Мазмұнын білген бала өз бетінше әңгіме құрай алады. Әңгіме жазған бала
шығарма жаза алады деген сөз.
Іс-тәжірибемен байланысы:
Көкшетау қаласының №10 орта мектебіндегі 4 а сынып оқушыларына
қазақ тілі пәнінен өткізілген сабақ жоспары.
Сабақ тақырыбы:Торғай.Шығарма.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың шығармашылық білімін нығайту,сөздік қорын көбейтіп,оқуға
үйрету.
2.Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,ойлау қабілетін дамыту.
3.Жанашырлыққа,жақсы қасиеттерге баулыту.
Сабақтың әдістері:қайталау,сұрақ-жауап,жатты ғулар.
Сабақтың көрнекілігі:керекті сөздер.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезең.2.Үй тапсырмасын тексеру.3.Жаңа
сабақ.
Жазбаша жұмыс:
Жоспар: 1) Аңшы итінің сезгіштігі. 2) Балапанның қиын жағдайға
ұшырауы. 3) Торғайдың аналық қасиеті.
Торғай.
Бақша арасындағы жолмен аңнан келемін.Итім жүгіріп бара жатқан.Ол
кенет жүрісін тежеп,құстың иісін сезгендей бұға бастады.Мен ілгері жол
бойына қарадым.Торғайдың ақ үрпек балапанын көрдім.Ол ұясынан құлап
түсіпті.Ит балапанға ептеп жақындай бергенде,кенет қара тамақ үлкен торғай
ағаш басынан зу етіп иттің дәл қасына кеп қонды.Ол жан ұшырып,өзінің
балапаны үшін ажалға қарсы ұмтылды.Ол балапанын өз денесімен бүркемек
болды.Титтей денесі қорыққанынан дірілдеп,даусы шыр-шыр етеді.Ол балапаны
үшін өзін-өзі құрбан еткелі безектеп жүр.Мен итімді тез өзіме
шақырдым.Кішкене ғана торғайдың ұлы аналық күші мені таң қалдырды.Мен
жөніме кеттім.(102 сөз)
Үйге тапсырма.

II. Шығармаға қойылатын талаптар

2.1 Оқушылардың іс-әрекетіне байланысты шығарма,т.б.

Шығарма жазуға қойылатын негізгі талаптар:
• Тақырыпты оқушының өз ойы және өз сөзі арқылы толық аша білуі; •
Жазып отырған тақырыптан алшақтамай,оның мазмұнын нақтыашуға
талпыну.Шығарманы 5 сыныптан бастап жазады, бірақ 5,6 –сыныптарда үйрету
шығарма болып саналады.
5,6 – сыныптарда жоспар беріледі.
Шығарманың екі бағасы болады: екеуі де бір пәнге қойылады.
Мазмұндама мен шығармаға екі баға қойылады:
1-шісі:жұмысының мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл байлығы үшін;
2-шісі: грамматикалық сауаттылығы үшін;
Әдебиеттен:
Тоқсан сайын шағын шығарма – 1-2 аптада бір рет:
- пікір жазу;
- хабарлама;
-мазмұндама;
-эссе;
- мәтінмен жұмыс;
Ескерту: осы жұмыстың біреуін ғана алу керек.
Шығарма нормалары.

Сыныбы Саны Сыныпта Үйде
5 4 3 1
6 4 2 2
7 4 2 2
8 6 3 3
9 7 4 3
10 8 4 4
11 9 5 4

Бағалау нормалары
5 10 10 01
4 33 24 15
3 65 56 38
2 95 89

Жазба жұмыстарына қойылатын негізгі талаптар.
Тіл қай елде, қандай қоғамдық құрылыста болмасын қатынас құралы
керек десеңіз тіршілік құралы болып келеді.Отбасынан бастап, тілдің
қоғамдағы қызметі туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ.Ал атам заманнан
қазақ қоғамындағы тілдің орны, атқарған қызметі ерекше болғаны баршаға
аян.Бабаларымыздың Өнер алды – қызыл тіл, Бас кеспек болса да тіл кеспек
жоқ деген даналық сөздерінің өзі көп нәрсе аңғартса керек.
Рухани бай, жан – жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты
қасиеттердің бірі тіл байлығы дер едік, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі
көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы оөйлей білетін, Абайша сілтегенде
жүоекке жылы тиетін, айнасы теп – тегіс жұмыр келетін сөз құдіретін
игерген адамдарда да тұлғалық қасиет қалыптасады.Мектептегі тіл дамыту
жұмыстарының ең тиімді жолдары пәнаралық байланысқа иек арту болып
табылады.Соның ішінде әдебиет пәні мен қазақ тілі пәндеріндегі тіл дамыту
жұмыстарын жеке дара қарастырмай, үнемі, жүйелі түрде,бірлікте,бір мақсатта
жүргізіп отырған нәтижелі,жемісті болмақ.Тіл байлығының ұғымы кең.Әр пәннің
өз тілі, оған қойылатын өз талаптары бар.Ал қазақ тілі мен әдебиетіндегі
тіл дамыту жұмыстарын мынадай мақсаттар негізінде жүргізуге болады:
а аз сөзге терең мағына сыйғызу нақтылық, дәлдік;
ә ойын бейнелі, көркем айшықты да шешен оралымды пайдалана отырып жеткізу
ауызша да, жазбаша да;
б ауызекі сөйлеу тіліндегі
мәнерлік, айқындық, нақтылық, жүйелілік, еркіндік;
в жазба тілдеріндегі жатықтық,сөздерді түрлендіре пайдалану,сауаттылық,
жазу мәдениетіне қойылатын талаптарды меңгеру,қазақ әдебиеттен алған
білімдерін қазақ тілі сабақтарында, қазақ тілінен білімдерін әдебиетте
пайдалана білу. Арнайы нұсқау:
1.Бірінші беттің ортасына жұмыс иесінің аты-жөні жазылады.
2.Екінші бетке екі жол төменірек ашық және айқын етіп тақырып жазылады.Егер
тақырып үзінді болып келсе, онда оның астына автордың аты жазылады.
3.Тақырыптан екі жол төменірек шығарманың жоспары жазылады.
Сонда оқушының өмірден көрген, бақылаған өз тәжірибесі, өз байланысты, осы
негізде жазған шығармалары бірыңғай жүйеленеді.
Шығармашылық талапты орындау, оқушының алған тақырыпты толық меңгеріп, оған
қажетті материалдарды саралап, тақырыпқа тікелей байланысы жоқ жанама
мәселелерден аулақ болу жазу жұмысының тиімділігін арттырудың айғағы екенін
мектеп тәжірибелерінен көруге болады.Жоғары сыныптағы шығарма жұмыстарының
шығармашылық толғаныспен жазылуы үшін ең алдымен жазу жұмысының теориялық
негіздерін білу шарт.
Шығарманы рәсімдеуге қойылатын талаптар.
1.Шығарма тақырыбы тырнақшаға алынбайды.Тақырыпқа цитата алынғанда ғана
тырнақша қойылады.
2.Эпиграф парақтың оң жағына тырнақшаға алынбай жазылады.Эпиграфқа алынған
жолдардың авторының фамилиясы эпиграфтың астына жақшаға алынбай
жазылады. Қай шығармадан алынғанын көрсеткен жағдайда, шығарманың аты
тырнақшаға алынып, автордың фамилиясынан кейін үтір қойылып жазылады.
3. Жоспар сөзі бар болса, эпиграфтың астына,эпиграф болмаса шығарма
тақырыбынан кейін жол ортасына жазылады. Жоспар сөзінен кейін нүкте
қойылады.
4. Жоспар үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды.Әрбір
бөлім рим цифрымен белгіленеді, онан кейін нүкте немесе жақша
қойылмайды.Негізгі бөлім араб араб цифрларымен (жақшаға алынбай)
белгіленген кемінде үш тармақтан тұрады.Әр тармақтың атынан соң нүкте
қойылады.Егер шығарма көлемді болса, жоспардың кіріспе, қорытынды бөлімдері
де тармақтарға бөлінеді.
5. Шығарма бөлімдерінің, тармақтарының атауларынан кейін нүкте
қойылады.Келесі атау бас әріппен жазылады.Егер тармақ тармақшаларға
бөлінсе, тармақшаның алдынан кос нүкте, соңынан нүктелі үтір қойылады.Бұл
жағдайда тармақша атауы кішкене әріппен жазылады.
Соңғы тармақшаның атауынан кейін нүкте қойылып, келесі тармақ не бөлім
атауы бас әріппен басталып жазылады.
6.Шығарма бөлімнің, тармақтарының атаулары аз сөзге көп мағына сыйғызуы,
мазмұны ауқымды болуы қажет.Мәселен, Абайдың табиғат лирикасы деген
шығарма тақырыбына ұқсас жалпылама атау жоспардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ музыка пәні мұғалімдерін негізгі музыкалық аспапқа даярлауда өзбетінше жұмыстарының түрлері мен мазмұны
Бастауыш мектепте шығарманы қабылдау деңгейлерін анықтау
«Тіл сабақтарындағы сөздік жұмысы»
ОҚЫТУ ОРЫС ТІЛІНДЕГІ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ЖАҢАША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ әдебиеті сабақтарындағы қолданылатын әдіс-тәсілдерінің жалпы сипаты мен ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі баланың көркем шығарма тілін дамыту
Жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері
Сырнай - тілшелі сарнамалы аспап
Қазақ әдебиеті әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Пәндер