Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Этнопедагогика ғылымының зерттелуіне шолу немесе ғылымның қалыптасуы
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 5
2. Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихы ... ... . 8
1. Ежелгі дәуірдегі тәлім-тәрбиелік
ойлар ... ... ... ... ... ... ... .. .. 8
2. Қазақ мемлекеті қалыптасқан ХҮ-ХІХ ғасырлардағы
ұлттық-педагогикалық
ойлар ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 10
3. Қазақстандағы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың
басындағы этнопедагогикалық
ойлар ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 18
4. Кейінгі дәуірдегі этнопедагогикалық ойлардың дамуы ... .. 30

2.3    Мектептегі ұлттық тәрбие жұмысын дамыту жолдары ... ... ... ... ..
37

ііі.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 41

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..
44

І. КІРІСПЕ
Қай заманда, қандай қоғамда болсын, алдында тұрған зор міндеттердің
бірі – болашақ ұрпағын тәрбиелеу. Жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мен
мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуді әр халықтың салт-дәстүрі мен
дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге
асыруға болады. Басқа халықтар сияқты қазақ елінің де ұрпақ тәрбиелеуде мол
тәжірибесі, жиған-тергені, озық ойлары мен өзіндік ерекшеліктері бар.
Осындай мол мұраның дәнегін мәпелеп екпейінше жастарды ізгілік пен
парасаттылыққа тәрбиелеу мүмкін емес.
Зерттеу тақырыбы. Этнопедагогика ғылымының қалыптасу, даму тарихы.
Зерттеу обьектісі. Зерттеу жұмысының арқауы, өзегі – халықтық
педагогикаға негізделген ғалымдар ойлары, еңбектері, пікірлері.
Зерттеу пәні. Халықтық педагогика туралы теориялық тұжырымдамаларды
практикамен ұштастыру.
Зерттеу проблемасы. Халықтың жазбаша жазылмаған, бірақ ұрпақ есінде
мәңгілікке сақталып, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауызша жалғасып келген
нақыл-өсиет, өнеге-қағида болып таралып келген тәлім-тәрбие тағылымының бай
мұрасы бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика -
отбасылық тәрбиеден басталып, ел-жұрт, ауыл-аймақ, тіпті бүкілхалықтық
қарым-қатынастан берік орын алған тәлім-тәрбиенің түрі. Ендеше, халық
педагогикасы қоғам дамуының барлық сатыларынан өтіп, тәжірибеде жүйеленіп,
ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше, ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі,
алтын діңгегі болып келгені даусыз. Міне, сол себептен де халық
педагогикасы мен ғылыми педагогиканың өзара сабақтастығы және ұстанымдық-
идеялық үндестігі туындайды. Сонымен қатар, халықтың өз тарихы
болғандықтан, оның этникалық тұрғыдан дамуы бірге сабақтасып жүреді. Осы
тұрғыдан үнемі зерттеудің мәні зор. Тақырыптың өзектілігі де – осында.
Зерттеу мақсаты. Әр халықтың қалыптасу, даму тарихында сол халықтың
зиялы қауымы шешуші рөл атқарса, ал бүкіл бір мемлекеттің дамуында
этностардың өзара байланысының мәні зор. Әр этностың өзіне тән материалдық
мәдени байлықтары және олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Археологтар
тапқан мәдени қазба ескерткіштер көмегімен этностар мәдениетінің гүлденуін
немесе құлдырауын анық аңғаруға болады. Этнологиялық, этнографиялық тұрғыда
қарастырылған зерттеулерге сүйене отырып, этностар мәдениеті жөнінде
бүгінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие беруге болады. Сондай зерттеу қорытындылары
арқылы әр ұлттың мәдениетіндегі, салт-дәстүріндегі ерекшеліктерді айқын
байқау қиын емес. Ал ұлт мәдениеті арқылы келер ұрпақты жан-жақты дамыту
мен тәрбиелеу ісі – этнопедагогика ғылымының негізгі мақсаты.
Зерттеу міндеті. Халықтық педагогика – тәлім-тәрбиелік ой-пікірдің
бастауы, халықтың рухани мұрасы.
Этнопедагогика – халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін
қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
Ендеше, бұл ғылымның да ғылым болып қалыптасу, даму тарихы бар. Осы
мәселе тұрғысынан зерттеп-зерделеу біздің курстық жұмысымыздың негізгі
міндеті болмақ. Осы орайда тәрбие мен білім беруде этнопедагогика
элементтерін мүмкіндігінше өмірде өз керегіне жарата білген ұлтымыздың
зиялы қауымы, ағартушыларымыздың еңбектерін қарастырып, ой-пікірлерін бір
арнаға тоғыстыру міндеті көзделіп отыр.
Зерттеу болжамы. Шағын зерттеу жұмысымыздағы келтірілген ой-пікірлер
мен ұсыныстар (практикалық тұрғыдағы) келешекте ұлтттық мүддеміздің жоғары
деңгейге көтерілуіне тамшыдай болса да үлес береді деп сенеміз.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. ЭТНОПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ
ЗЕРТТЕЛУІНЕ ШОЛУ
Этнопедагогика – халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін
қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
Г.Волков, К.Қожахметовалардың басқаруымен жарық көрген Қазақстан
халқының этнопедагогикасы авторлар ұжымы еңбегінде Біз этнопедагогиканы
педагогикалық ғылымдардың құрамдас бөлігі ретінде қарастырамыз. Ол
этнография, этнофилософия, этникалық мәдениет және этнопсихология
ғылымдарының тоғысында қалыптасқан педагогика ғылымының бір саласы.
Этнопедагогиканың зерттеу пәні отбасы өмірінде және білім беру
мекемелеріндегі үздіксіз іске асатын этникалық тәрбие жүйесі болып
табылады деп көрсетеді (1).
Сонымен қатар ғалымдар этникалық деген ұғымды айтқанда оқыту мен
тәрбие саласындағы этникалық сананы, ұлттық психикалық ерекшелігін,
мәдениеті, тілі мен дәстүріндегі өзіндік ерекшеліктерді есепке алу деп
түсіндіреді. Демек, қазақ этнопедагогикасы ғылым саласында қазақ этносының
тарихи дамуы сатысында оның наным-сенім, мәдениет, тілі, әдет-ғұрпы, салт-
дәстүрі әсерінен қалыптасқан, қазақтың этникалық тәрбие ерекшеліктерін
зерттеу деп түсінуіміз керек екен. Осындай байланыс тұрғысында білім беру
үрдісі күрделі тарихи және этнопедагогикалық құбылыс ретінде қарастырылады.
Ол тарихи, әлеуметтік, психологиялық, этномәдениеттік құбылыстар бірлігі,
оқушы тұлғасының қалыптасуы, өз этносы және өзіндік ұлттық ерекшеліктері
негізінде әлемді қабылдауы болып табылады.
Ең бастысы, халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелері мен
заңдылықтарының қалыптасуына бастау бұлақ болған. Демек, қай ғылымның
болсын, логикалық құрылымымен бірге тұрақты ғылыми терминдері болатыны
сияқты этнопедагогиканың да белгілі терминдері бар.
1. Г.Волков, К..Қожахметова. Қазақстан халқының этнопедагогикасы. – 58-б.
Олар – шәкірт, ұстаз, оқыту, тәрбие беру, өзін-өзі тәрбиелеу,
қайта тәрбиелеу, үлгі-өнеге көрсету, ақыл-өсиет айту, әдеттендіру,
жаттықтыру және т.б. Ал тәрбие түрлеріне мыналар кіреді: дене, еңбек,
экономикалық, ақыл-ой, әсемдік, экологиялық, адамгершілік, ерлікке,
ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұл және қыз тәрбиесі.
Профессор С.Қалиев қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктерін
ғылыми тұрғыда зерттеп анықтауда П.Плеханов ұсынған төмендегідей
әдіснамалық қағидаларды басшылыққа алған жөн деп есептейді. Олар мына
төмендегілер:
- идеялардың (ой-пікірлердің) жалпы қоғамның әлеуметтік даму
үрдісіне тәуелді екендігін анықтау;
- ғылымның, әлеуметтік психологияның, әдебиеттің, өнердің
даму тарихын қоғамның даму үрдісімен ұштастыра қарастыру;
- тарихтың әр кезінде ғылымның даму барысы біркелкі
болмайтынын және әр елдің саяси, экономикалық, кәсіби,
мәдени, психологиялық өзіндік ерекшелігінің бар екенін
ескеру.
Сонымен бірге ғалым бұл талаптармен қатар тарихи-педагогикалық
зерттеулерге қойылатын маңызды әдіснамалық талаптардың бірі: деректердің
барлық түрін кешенді пайдалану, солар арқылы бір-бірін тексеру, толықтыру,
барлық деректерді салыстыра отырып жинақтау, оларды зерттеуде шектес
ғылымдардың (антропология, тарих, этнология, фольклористика, логика,
психология, социология, археология) зерттеу әдістер жиынтығын кешенді түрде
пайдалану, деректерді талдап, педагогикалық тұрғыда түсіндіру қажет екенін
атап көрсетеді (1).
Этнос гректің – etnos – тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Ғылымда
халық терминінің орнына этнос термині орынды қолданыла
1. С.Қалиев. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.
А., Рауан, 1998.
бастады. Сондай-ақ, біз ғылыми-педагогикалық еңбектерді зерделей келе,
этнос ұғымына ең алғаш ғылыми дәйекті анықтама берген тарихшы ғалым
Л.Гумилев екеніне көз жеткіздік. Л.Гумилев соңғы уақытқа дейінгі этнос
ұғымына берілген әр түрлі анықтама-түсініктердің болғанын айта келіп,
оларды төмендегідей алты топқа жіктейді.
Біреулер этнос дегеніміз – шығу тегі бір халықтар десе, келесі бір
ғалымдар этнос – тілдің бірлігіне негізделген мәдениеттің тууы дейді.
Үшіншілері этнос – бір-біріне ұқсас адамдар тобы десе, төртіншілері
этнос – сана-сезімдері бір адамдар тобы дейді. Ал бесіншілері этнос –
белгілі бір қоғамдық формациядағы адамдардың шартты түрде топтасқан тобы
десе, алтыншылары этнос – табиғаттың сыйы, этнос - әлеуметтік категория
деп жіктеп береді.
Сондай-ақ Л.Гумилев осындай түрлі көзқарастарды зерттеп, қорыта
келе, олардың ішінен үш түрлі көзқарасты бөліп қарастыруды ұсынады. Олар:
- В.Анучкин бастаған ғалымдар тобының бірыңғай географиялық
жағдайда этнос мүшелерінің бірлесіп еңбек етуі олардың
табиғи тіршілік заңдылығын туғызды деп қарауы;
- С.Токарев, А.Агеев, И.Козлов сияқты тарихшылар мен
этнографтардың этносты адам баласының әлеуметтік
бірлестігінен туған феномен деп есептеуі;
- Л.Гумилев, М.Артамонов бастаған үшінші ғалымдар тобының
адамның шығу тегін зерттеу үрдісінде материяның қоғамдық
және табиғи-диалектикалық даму заңдылықтарын, механикалық,
физикалық, химиялық, биологиялық қозғалу формасы мен
қоғамдық-формациялық даму өзгерістерін кешенді түрде алып
қарастырған жөн деген көзқарастары (1).
Профессор С.Қалиев өзінің Қазақ этнопедагогикасының теориялық
1. Гумилев Л. Как возникают и исчезают народы? Л., 1984.
негіздері мен тарихы еңбегінде этностар тарихын зерттеудің ғылыми-
әдіснамалық негіздері мен қазақ этнопедагогикасының туу тарихы мен бүгінгі
күнгі өзекті мәселелеріне жан-жақты ғылыми-педагогикалық тұрғыда терең
талдау жасаған. Және ол еңбекте қазақ атауының этимологиялық мәніне
тоқтала отырып, халық тәлімінің тарихи кезеңдерін шартты түрде 8 кезеңге
бөліп қарастырған дұрыс деген пікір білдірген.
Мәселен, алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие. Мұнда тәрбие жас
пен жыныс ерекшеліктеріне қарай қоғамдық сипатқа ие болды.
Екінші кезеңді сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгердік
тәрбие дәстүрлері кезеңі деп атаған. Онда өз ұрпақтарын ерлікке және
қолөнер еңбегіне тәрбиелеуге басымдық танытқан.
Үшінші кезең – Ұлы Түркі қағанаты және оның тәлімдік-танымдық
мұрагерлері, бұл кезең 6-9 ғғ. қамтиды деп көрсеткен.
Төртінші кезең – Араб-шығыс мәдениетініңқазақ даласына тарауы, орта
ғасыр оқымыстыларының тәлімгерлік ой-пікірлері деп топтап, бұл 10-15 ғғ.
қамтиды делінген.
Бесінші кезең – Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім-тәрбие, яғни
жыраулар поэзиясындағы тәлімдік ойлар.
Алтыншы кезең – Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт-
азаттық қозғалыстар және ағартушылық-демократиялық идеялардың өркен жаюы.
Жетінші кезең – Кеңестік дәуірдегі қазақ педагогикасының ғылым
ретінде дамып қалыптасуы.
Сегізінші кезең – егеменді Қазақстан Республикасында ұлттық тәлім-
тәрбиенің қайта жандануы (1).
Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық мәселелерін сөз етпес
бұрын біз, алдымен, этнопедагогикалық түсініктерге берілген анықтамаларға
тоқталып, олардың ара-жігін анықтап алуды жөн көрдік.
1. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.
Алматы, Рауан, 1998.
Өйткені, ұлттық тәлім-тәрбие туралы әңгіме қозғағанда халықтық
педагогика деп көп айтамыз. Ал осы халықтық педагогика дегеніміз не, ол
этнопедагогикамен синоним ұғым ба, әлдеқандай айырмашылық бар ма? Осыған
тоқталып көрейік. Педагогикалық энциклопедияға жүгінсек, онда халық
педагогикасы деген ұғымды зерттеушілер бір-біріне қарама-қайшы төрт
тұрғыдан қарастырып жүр. Олар: 1) халықтың санасына тән рухани құбылыс
(феномен); 2) әр халықтың педагогикалық тәжірибесі; 3) халықтың
педагогикалық ойлары мен іс-әрекетінің бірлігі; 4) халық тәрбиесі туралы
ғылым. Халық педагогикасы дегеніміз – ұлттар мен ұлыстардың әлденеше
ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен
дәстүрлерінің, мәдени ойлау үрдісінің эмпирикалық негіздегі озық
үлгілерінің жиынтығы. Халық педагогикасының негізгі түйіні – еңбек тәрбиесі
және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді жас ұрпақтың бойына дарытып,
адамгершілік, имандылық рухында тәрбие беру деп жазылған (1).
Белгілі ғалым Е.Христова өзінің Об уточнении понятийного аппарата
этнопедагогики деген мақаласында халық педагогикасын – халықтың таптық,
педагогикалық санасы деп, ал дәстүрлі педагогиканы – белгілі ұлттық
педагогиканың санасы ретінде қарастырған орынды деген пікір айтады (2).
Г.Виноградов пікірінше, халық педагогикасын педагогикалық теория емес,
педагогикалық практика, халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесі ретінде
қарастырған жөн (2).
Этнопедагогика ұғымына тұңғыш рет дәйекті, ғылыми анықтама берген
ғалым Г.Волков Халық педагогикасы – халықтың ауыз әдебиетінде, салт-
дәстүрлерінде, ырымдарында, балалар ойындары мен ойыншықтарында мәңгі
қалған педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің
1. Педагогическая энциклопедия. М., 1-4т. 1966-1968.
2. Очерки истории школы и педагогические мысли народов СССР с
древнейших времен до конца ХҮІІІ в. М., 1989.
жиынтығы... Халық педагогикасы – халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру
үшін пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, әдіс-
құралдардың, тәсілдердің жиынтығы мен өзара байланысы дейді (1).
Халық педагогикасы тәрбиені еңбек пен өнерге негіздей жүргізді. Тек
бертін келе ғана оқу-білім дамып, ғылым мен техника өрістей бастаған
кезеңде ғылыми педагогика дүниеге келді.
Қорыта келгенде, этнос ұғымына мынадай анықтама берер едік: Этнос –
белгілі бір уақыт аралығында қалыптасқан тілі, ділі, діні, мәдениеті, әдет-
ғұрпы бар ұлт, халық.

2..2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихы қазақтың жазу
мәдениеті негіздерімен байланысты (руна жазуы, кириллица жазуы). Ұлттық
(этностық) тәлім-тәрбие негіздері ежелгі тас жазуынан көрінеді.
Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихын мына
төмендегіше жүйелеп көрсетуге болады:
1. Ежелгі дәуірдегі тәлім-тәрбиелік ойлар. Бұл дәуірдегі ағартушылық
негіздер – қазақ халқының ұлт-тайпаларының ерте кездегі жалпы түркі тектес
ру-тайпалармен бірге жасаған тәлім-тәрбиелік нұсқалары: жазбаша қалдырған
өсиет-өнегелері.
2. Қазақ мемлекеті қалыптасқан ХҮ-ХІХ ғасырлардағы ұлттық-
педагогикалық ойлар.
3. Қазақстандағы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы
этнопедагогикалық ойлар.
4. Кейінгі дәуірдегі этнопедагогикалық ойлардың дамуы.

2.2.1. Ежелгі дәуірдегі тәлім-тәрбиелік ойлар
Ежелгі дәстүрдегі қазақтың ағартушылық негіздерін сөз еткенде ҮІ-ІХ
ғасырдағы көне түркі ескерткіштерін, яғни Орхон жазба ескерткіштерін –
Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жазбалары, Оғызнаме дастаны, Қорқыт
ата кітабы, Әбу Насыр әл-Фарабидің педагогикалық еңбектерін атап, ол
негіздердің мәнін ашуға міндеттіміз.
Қазақ жерінде Х-ХІІ ғасыр арасында өркениеттік серпіліс болып, ірі
қалалардың саны көбейіп, сол қалалардағы ағартушылық іс-әрекеттер мен ой-
мақсаттардың алтын қазынасы ретінде Жүсіп Баласағұнидің Құтадғу біліг
(Құтты білік), Қожа Ахмет Иассауидің Диуани Хикмат (Даналық кітабы),
Ахмет Иүгінекидің Хибатул - халайық (Ақиқат сыйы) және бүкіл түркі
халықтарының тілін зерттеп, сөздігін жасаған Махмұт Қашғаридің Диуани
Лұғат ат-түрк (Түркі тілдерінің сөздігі) сияқты ұстаздық еңбектер пайда
болды.
ХІІІ-ХІҮ ғасырда – Кодекс Куманикус (Қыпшақ тілінің сөздігі)
және Хайдар Дулатидің Тарих-и Рашиди, Қадырғали Жалайырдың Жамиғат -
тауарих, Зихириддин Бабырдың Бабырнаме шығармалары мен жыраулар
поэзиясының тарихтану және ағартушылық, тәрбиелік мәні зор болды.
Мәселен, Күлтегін жазуының авторы – Иоллығ-тегін Түрік қағанатының
бұрынғы дәстүрін өз замандастарына тәлімдік мұрат етіп көрсетіп, Күлтегін
қағанның елді ел еткен ерлігі мен даналығын болашақ ұрпаққа үлгі етеді.
Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк жырларында тәрбиелік мәні зор қанатты
сөздер, мақал-мәтелдер жиі қолданылады. Мысалы: Жұқаны бүктеу - оңай,
Жіңішкені үзу - оңай, Қара арғымақ арыса, қарға адым жер мұң болар,
Есіл көзден нұр тайса, бір көруге зар болар, Өлімнен ұят күшті т.б.
Жырдағы уағыз, өсиет, нақыл сөздер халықтық педагогиканың қастерлі
тәрбиелік құралы ретінде ауыз әдебиетіне сіңісіп кеткен.
Сол сияқты Қорқыт атаның Қорқыт ата кітабы мұрасы дүние жүзіне
таралған. Осы еңбекте айтылған нақыл сөздер, тәрбиелік мәні зор сөздер
бүгінге дейін жетіп, әлі күнге халық аузында сақталып келеді. Қорқыт ата
кітабындағы батырлық жырлар арқылы ақын жастарды ерлікке тәрбиелейді
(Бәмсі-Байрақ жыры, т.б.). Кітаптағы Ат тұяқты келеді, ақын тілді
келеді, Есекке қанша жүген салғанмен ат болмас, Анасыз қыз ақылға
жарымас, әкесіз ұл сыйға жарымас, Тәкаппарды тәңір сүймес, Өтірік сөз
өрге баспайдыт.б. мақалдары арқылы оқушыны адамгершілікке, әдептілікке,
имандылыққа тәрбиелейді. Атақты жырау, ұлы күйші оғыз-қыпшақ елінің
данышпан ақылгөйі Қорқыт ата өзінің жырлары арқылы ұрпақтарын алаауыздықтан
аулақ болуға, еңбекті құрметтеуге, ерліктің қадірін білуге, батырлыққа
бейімдейді.
Дүниетанымдық, тәлім-тәрбиелік мәні зор ұлттық (этностық)
педагогикамыздың бастауы болып табылатын Қорқыт атаның жырлары мен өсиет
сөздері, күйлері мен аңыз-әңгімелері жалпы адамзаттық тәрбие ұлағаттарына
үлкен үлес болып қосылады. Қорқыт ата – халық ұстазы. Әулие атамыздың асыл
мұраларын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, қасиетті еңбегінің қадірін арттырып,
қастерлей береміз. Өйткені, ол этностық (ұлттық) тәлім-тәрбиенің алтын
бастауы деп білеміз.
Ал, ғылыми бағыттың бастаушысы Әл Фараби де - тәрбие мәселесі туралы
сөз етіп кеткен ғалымдардың бірі. Ол еңбегінде: ...Тәрбиелеу дегеніміз –
халықтардың бойына білімге негізделген этикалық игіліктер мен өнерлерді
дарыту деген сөз. Адамның өз ожданы алдында адал, шыншыл болуы адал, өзіне-
өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізетті болуынан ғана туады. Адамның
әуелден тоқымашы... болып тумайтыны сияқты қайырымдылық пен жаман қылық та
әуел бастан жаратылысынан дарымайды. ...Сөз жүзінде емес, мінез-құлықты іс
жүзінде шыңдау арқылы іске асыруға болады, - деп көрсетеді.
Сол сияқты түркі ғалымы Махмұд Қашғари түркі тіл ғылымының негізін
қалаумен қатар, халық педагогикасының тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, оның
мәйектерін кейінгі ұрпаққа кітап беттерінде қалдырған ғұламаның ағартушылық
ойлары, еңбектері ұшан-теңіз болуы мүмкін, ал бізге жеткен бір кітабының
өзі (Диуани лұғат ат-түрк) – біздің халықтың ұлттық тәлім-тәрбиесінің
арғы тегін көрсететін құнды дүние. Оның тәлім-тәрбиелік маңызы арта береді.

Бұдан басқа түркі тілдес халықтардың ойшылдары Жүсіп Баласағұни
(Құтадғу біліг), Ахмет Иүгінеки (Ақиқат сыйы), Ахмет Иассауи (Диуани
хикмат) т.с.с. өз еңбектерінде тәлім-тәрбие мәселесін тілге тиек етіп
кеткен. Бұдан біз қай уақытта болмасын, халық, ұлт болып қалыптасқаннан
кейін оның тәрбиесі алдыңғы орында тұратындығын байқаймыз.

2.2.2. Қазақ мемлекеті қалыптасқан ХҮ-ХІХ ғасырлардағы ұлттық-
педагогикалық ойлар

Шоқан Уәлиханов (1835 – 1865) қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-
ғұрыптарының, фольклорлық шығармаларының шығу тарихы мен тәлімдік мәнін
тұңғыш рет зерттеп, ғылыми еңбек жазған, қазақ мәдениетін орыс, батыс
ғалымдарына танытуда ерекше еңбек еткен тұңғыш ғалым болды. Қысқа өмірінде
ғылымның әр саласынан қалдырған еңбектерінің маңызы ерекше.
Жастайынан еуропаша білім алып өскен Ш.Уәлихановтың қазақ халқының
салт-дәстүрлері мен мәдениетін, тарихын жетік білуіне әжесі Айғаным
(Шыңғыстың шешесі, Уәлидің тоқалы) себепші болған. Шоқан он жасына дейін
өзінің туған ауылында әжесі Айғаным мен әкесі – аға сұлтан Шыңғыстың
тәрбиесінде болады. Уәли, Шыңғыс ауылдары қазақтың ақын-әнші, сал-сері,
өлеңші-жыршы, күйші, бақсы-балгер, құсбегі-саяткер сияқты өнер қуған
қауымның жиі жиналып, өнер сайысына түсетін ортасы болған. Орынбай, Жанақ,
Шөже, Нысанбай сияқты айтыс ақындары, Біржан, Ақан, Үкілі Ыбырай сияқты
жезтаңдай әнші-ақындар, Тәттімбет, Тоқа, Қанқожа сияқты күйші-композиторлар
Абылай тұқымының маңына үйіріліп, өз өнерлерін дүйім жұртқа жайған. Міне,
осындай той-думан, өлең-жыр, аңыз-ертегі, айтыс өнерінің ортасында өскен
Шоқанның қазақтың салт-дәстүрлері мен өлең-жырларын жетік біліп, зейін қоя
зерттеуі табиғи заңды құбылыс.
Қазақтың халық поэзиясы мен ертегілерінің, аңыз-әңгімелерінің
нұсқаларын жинау жөнінде Шыңғысқа өтініш айтып, сібір қазақтарының
Шекаралық комиссиясының сол тұстағы бастығы полковник Ладыженскийдің атынан
жазған декабрист В.И.Штейнгельдің хаты біздің күндерімізге дейін сақталған.
Ладыженскийдің өтінішін орындау ниетімен Шыңғыс әйгілі ақындар мен
жыршыларды талай рет өз үйіне шақыртып, қазақтың өлең-жырлары мен аңыздарын
Шоқанға жаздырып алып, Омбыға жіберіп отырған.
Шоқанның ғылымға ден қоюына әкесінің орыс интеллигенциясының
өкілдерімен тығыз байланыста болуы үлкен әсер етеді. Академик А.И.Шренк,
Сібір қазақтарының облыстық басқармасында қызмет істеген декабристер
С.М.Семенов, В.И.Штейнгель, Н.В.Басаргин және Қазан университетінің
студенттері С.Сотников, Н.Ф.Костылецкий, Т.Сейфуллин сияқты көптеген жоғары
білімді адамдар Шыңғыстың аулында талай болған. Шыңғыс Қазақстанда зерттеу
жұмыстарын жүргізген орыс ғалымдары үшін түрлі мәліметтер жинап, дайындау
жұмысына баласы Шоқанды да қатыстырып отырған.
1847 жылдың күзінде он екі жасар Шоқан туған елінен тұңғыш рет ұзақ
сапар шегіп, әкесімен бірге Омбыға оқуға келеді. Шыңғыс өзінің орыс
достарының көмегімен баласын Сібірдің сол кездегі ең жақсы оқу орны деп
саналған Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді.
Шоқан Омбыдағы Кадет корпусында оқып, еуропаша білім алып жүрген
кездің өзінде қазақ-қырғыз елдерінің әдебиеті мен мәдениетінен, салт-
дәстүрлерінен қол үзбеген.
Жазғы демалыс кездерінде Шоқан туған ауылы Сырымбетке баратын. Онда
Шоқанның қызықтайтыны сол баяғы құс салып, аң аулау болады. Корпусқа
қайтқаннан кейін Шоқан өзінің көрген-білгендерін Г.Н.Потанинге баяндайтын.
Кадет корпусының соңғы курстарында оқып жүргенде қырғыз даласының
географиясы мен этнографиясын зерттеу менің сүйікті кәсібіме айналды және
Шоқан өзінің әңгімелерімен менің дәптерлерімді толтыруыма көмектесіп жүрді.
Біз қазақтардың сұңқар салып, саяттық құру салтын дәптерге толық жазып
алдық. Шоқан қырғыздардың қызық көретін бұл салтымен бала кезінен-ақ
шұғылданған болуы керек, өйткені ол сұңқарды қалай баптап күтудің әдісін
және қырғыздардың жалпы аңшылық кәсібін өте жақсы білетін. Ол айтып
отыратын да, мен жазып отыратынмын, содан кейін ол сұңқардың томағасы мен
тұғырының, дауылпаз бен оқ-дәрі салатын құтының, мылтық пен тағы
басқаларының суреттерін салып, менің жазбамды толықтыра түсетін, - деп
жазады Г.Н.Потанин.
Шоқан кадет корпусын 1853 жылы 18 жасында бітіріп, армиялық атты
әскерлердің корнет деген офицер атағын алып шығады да, Батыс Сібір мен
Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарын басқарып отырған генерал Гасфорттың
адьюданты болып тағайындалады. Сонымен қатар Шоқанға төтенше тапсырмаларды
орындайтын офицер қызметі де жүктеледі.
Жергілікті халықтың арасынан шыққан білімді адамдарға патша
әкімшілігі өте зәру еді. Бұл жөнінде Шоқан Уәлиханов таптырмайтын адам
болды. Жастығына қарамастан (18 жас) ол қазақ халқының тұрмысын, әдет-
ғұрпын, рухани және материалдық байлығын тамаша білетін, бірнеше шығыс
тілдерін меңгерген. Аталған себептер арқасында Шоқан қазақ сахарасы мен
Орта Азияны зерттеу жұмыстарына тартылды.
1854-1856 жылдары Шоқан Ұлы жүз қазақтарының және қырғыздың бұғы,
сарыбағыш және солты руларының географиясын, тарихын, әдет-ғұрпын, халық
поэзиясын күш салып зерттей бастайды.
1856-1857 жылдары қытайдың Жоңғария даласына саяхатқа барады. Ол өз
халқының тарихын, мәдениетін, ауыз әдебиетін, діни көзқарасын терең
зерттеп, оны орыс, батыс зиялыларына таныстыруды мақсат етті. Ол Шығыс
халықтарының, оның ішінде қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, діни
наным-сенімдерін, фольклорлық шығармаларының шығу тарихы мен өзіндік
ерекшеліктерін зерттеуге арнап Сібір қарамағындағы қазақтардың сот
реформасы туралы запискасы, Жоңғария очерктері, Қырғыздың Манас жыры
туралы, Шаман дінінің қазақтар арасындағы қалдығы, т.б. деген еңбектерін
жазды.
Шоқан өзінің Сібір қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы
деген еңбегінде орыс чиновниктері ұсынған сот реформасының жобасы қазақ
өміріне сай келе бермейтінін, себебі ол қарапайым халықтың ғасырлар бойы
қалыптасқан ел билеу жобасына, әсіресе құн төлеу, барымта сияқты өзіндік
ұлттық ерекшелігі бар даулы мәселелерді шешудің ерекшелігіне сай келе
бермейтінін жазады. Шоқан қазақтар арасындағы дау-жанжалды өз араларынан
белгіленіп қойылған, сол ұлттың салт-дәстүрін, ел билеу заңын жақсы білетін
билерге шешкізу керек, тек кісі өлтіру, ел тонау сияқты өрескел қылмыстарды
ғана округтік ресми сотқа қарату керек дейді. Ол қазақ әкімдерін жоғарыдан
тағайындау арқылы емес, халықтың өзі сайлап қоюы керек, тек сөйтсек қана
әкімдердің халық алдындағы жауапкершілігі күшейеді деп қарады. Шоқанның
қазақ даласындағы ел билеу мәселесін демократиялық жолмен шешуді ұсынуы
және заң жобаларын ұлттық психология мен қоғамдық қалыптасқан дәстүрге
негіздей отырып қабылдауды талап етуі, оның ұлттық дәстүр мен салт-сананы
ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттеп қарастырған білгір этнограф, тарихшы ғалым
екендігіне толық айғақ бола алады.
Оның шығыс халықтарының әдебиеті мен мәдениеті, тілі мен діні, наным-
сенімдері туралы тебірене жазған еңбегінің бірі – Жоңғария очерктері.
Шоқан осы еңбегінде ұйғыр, қытай, дүнген, қазақ, қырғыз халықтарының салт-
дәстүріне, мәдени ескерткіштеріне, діни көзқарастарына тоқталады.
Шоқан 1858 жылы Қашқарияға бару сапарында Ыстықкөл бойындағы қырғыз
ауылдарын аралай жүріп, Манас жырын жазып алып, орысшаға аударып, европа
ғалымдарына ұсынуды мақсат еткенін айтады. Манас жырында кездесетін
қырғыз халқының ұлттық ойындары, жол-жоралары, сый-сияпат қазақ халқында
да бар. Қатар отырған екі ұлт та өзінің ежелгі салт-дәстүрлерін марапаттау
арқылы бүкіл қауымға, келер ұрпаққа үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие беріп келген
деп пайымдау жасайды.
Өзінің Шаман дінінің қазақтар арасындағы қалдығы деген еңбегінде
қазақтар арасында шаман дінінің ислам дінімен қатар өмір сүріп келе
жатқанына назар аударады. Қазақтар арасында аруаққа сыйынушылықтың күшті
екенін, олардың қысылған кезде өзінің әулиелеріне сыйынып, ата-бабаларының
аруағын шақыратынын, сәті түскен істің бәрін аруақтың қолдап жебеуінен деп
қарайтынын, өлген адамның басына зират салу, мал сойып, тасаттық беру
дәстүрлерінің бәрі аруақты қастерлеуден туған ырымдар екеніне тоқталады.
Шоқан қазақ арасындағы наным-сенімнің кең жайылу сыры діншілдікке
байланысты екенін айта келіп, жақсы баласы, жүйрік аты, тазысы өлсе, қыран
бүркіті ұшып кетсе, мылтығы бұзылса – осының барлығы біреулердің
сұқтануынан, тіл-көз тиюінен деп қарайтынын, ал одан сақтанудың жолы бой
тұмар тағып жүру, садақа беру, әулиелерге жалбарыну, т.б. байланысты деп
қараған дейді.
Шоқанның қазақтың салт-дәстүрлері мен діни наным-сенімдерін зерттеу
еңбектерінің құндылығы: біріншіден, ғылыми ауқымының кеңдігімен көзге
түседі. Ол ХҮІІ – ХІХ ғ.ғ. аралығында өмір сүріп, бүкіл Шығыс халықтарының
мәдени мұралары туралы еңбек жазып, пікір айтқан Марко Поло, Бабыр, Рашиди,
Махмуд Хайдари, Мейндорф, Левшин т.б. батыс, шығыс ғалымдарының еңбектерін
оқып, салыстыра отырып, тарихи шындықтың бетін ашуға тырысты. Екіншіден,
Шоқан қазақ мәдениетін көрші өзбек, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ, монғол,
қытай, татар халықтарының мәдениеттерімен байланыстыра қарастырып, олардың
бір-
біріне тигізетін игі әсерін жан-жақты сөз етеді. Үшіншіден, Шоқан көне
тарихи мұраларға сын көзбен қарап бағалаған. Салт-дәстүрлер мен фольклорлық
шығармалардың тәлімдік мәніне баса көңіл бөліп, оны халыққа оқу-білім беру
ісімен байланыстыра зерттеген (1).
Қазақтың ұлы педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсарин (1841 –
1889) өзінің біраз еңбектерін қазақ халқының салт-дәстүрлерінің
ерекшеліктерін зерттеп, этнографиялық очерктер жазуға арнаған.
Ол 1870 жылы Россия география қоғамының Орынбор өлкетану бөлімшесінің
тапсыруы бойынша Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және
оған ас беру дәстүрлерінің очерктері, Орынбор ведомствосы қазақтарының
құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очерктері атты атты екі
еңбегін жазып тапсырды. Бұл еңбектер орыс зиялы қауымына қазақ қоғамының әр
алуан тұрмыс-салт ерекшеліктері туралы түсінік береді.
Ыбырай қазақтардың өлген адамды жерлеу дәстүрін сөз еткенде мұсылман
елінің шариғат заңы бойынша, өлген адамды қалай арулап жуып, о дүниеге
шығарып салу рәсімін жан-жақты баяндауға тырысқан. Аңқау елге арамза
молда дегендей, дүмше молдалардың өлген адамның күнәсін сатып алу
дегенді ойлап тауып, артында қалған мал-мүлкін талан-таражға салатынын
айыптайды.
Сондай-ақ бұл еңбекте жоқтау, көңіл айту, жаназа шығару, бата жасау
т.б. дәстүрлер сөз болады.
Қазақтың өлген адамды жөнелтудегі ескі салт-дәстүрлері мен ырымдарын
бүгінгі жастарға білдіруде бұл еңбектің білімділік, этнографиялық
құндылығының зор екендігінде дау жоқ. Орынбор ведомствосы қазақтарының
құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі атты еңбегінде
қазақтың өзара қоғамдық қарым-қатынасы әдет-ғұрыптар бойынша реттеліп
келген кезде, абақты, түрмесі
жоқ заманда, ағайын-ауыл, ру араларындағы дау-жанжалды ақ білектің күшімен,
ақ найзаның ұшымен шешуде, ағайын-жұрттың, құда-жекжаттың көп болуының
үлкен ролі болғанын айта келіп, малды, бай адамдардың өздеріндей мал басы
көп, жан-жақты, ел ішінде беделді адамдармен құда болуды көздегенін,
ондайда тіпті бала тумай жатып, әйелдері екіқабат болғаннан көңіл қосып,
құда болу салт-дәстүрінің мән-мағынасын талдайды.
Баласына қалың беріп, құда болғысы келген адамның ел аралап, қызы
ұнаған үйдің керегесіне қамшысын қыстырып кететінін, ол құдалықтың бастапқы
белгісі екендігін, мұнан кейін көп кешікпей елші жіберіп, қыздың әке-
шешесінен ризашылық сұрайтынын, құдалар келіп қалыңмалға келісім
жасайтынын, қалыңмалдың мөлшері қыздың жасауы мен әке-шешесінің әл-ауқатына
байланысты қырық жеті немесе отыз жеті қара мал болатынын, ал кедей адамдар
құда болғанда ірілі-уақты жиырма жеті, он жеті мал беретінін сөз етеді.
Автор қазақтың құдасын құдайдай сыйлай отырып, олардың алдарынан
арқан тарту, беттеріне ұн жағу, шапандарының етектерін сырмаққа тігіп қою,
құдаларға киіт кигізу салттарын әңгімелейді.
Күйеу қайындап барғанда орындалатын желі аттар, ит ырылдатар,
кемпір өлді, отқа салар, қол ұстатар, шаш сипатар, т.б.
құдашаларға, жеңгелерге үлестіретін кәделер түгел сөз болады.
Қазақ ауылында қыз ұзату мен келін түсіру дәстүрлерімен байланысты
ұлттық ойындар, ән-жырлар, күйеу мен қалыңдықты таныстыруға арналған Жар-
жар, Беташар, Айт келін сияқты тұрмыс-салт жырлары мен ақындар
айтысының мән-мағынасы да назардан тыс қалмаған.
Ыбырайдың қазақтың салт-дәстүрін зерттеудегі мақсаты дәстүрлердің
озығы мен тозығын ғылыми түрде талдап, өзінің көзқарасын білдіре отырып,
мән-мағынасын ашу, озық дәстүрді тәрбиенің құралы ету
еді. Сонымен бірге қазақтың мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі жөнінде орыс
чиновниктері ойлағандай қазақтардың ұры, тағы, жабайы, көшпелі,
мәдениетсіз халық емес, өзіндік мәдениеті, өнері бар халық екенін дәлелдеу
үшін қазақтың салт-дәстүрін арнайы зерттеп, очерк жазған.
Ыбырай Алтынсариннің өмірлік мақсатпен жазған тағы бір еңбегі
Мұсылманшылық тұтқасы деп аталады. Бұл еңбекті жазуға өз заманының екі
жағдайы себепші болды. Біріншісі: Ыбырай ашқан мектептерде міндетті түрде
дін сабағы өтуге тиіс еді. Бұл талапты орындауда Ыбырай ағартушылық
бағытынан жаңылмай, ислам дінінің мән-мақсатын таныстыра отырып, негізінен
адамгершілік тәрбиесі мәселесіне баса ден қойған. Екінші жағдай: сол
кездегі енді орныға бастаған жазба мәдениетімізге араб, парсы сөздерінің
енуі елінің ертеңін ойлаған Ыбырай сияқты азаматты бейтарап қалдыра алмады.
Ыбырайдың өзі Мұсылманшылықтың тұтқасы еңбегін жазудағы мақсаты
жөнінде былай дейді: ...біріншіден, қазақ жастарының дін жөніндегі
түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін, ал екіншіден, қазақтың жазба
тілінде татар тілі орынсыз етек алуына жол бермеу үшін мен соңғы кезде
Мұхамбет шариғатын үйрене бастап, осы оқу құралын құрастыруға кірістім.
Бұл кітап үш бөлімнен тұрады. Біріншісі – иман туралы, екіншісі –
намаз туралы, үшіншісі – жақсылық-жамандық мінездер туралы. Үйренушілерге
қашанда иман мен діннің мәнісін осы ретпен үйрету керек. Бұлай үйретпей,
мәселен, иманнан бұрын намаз, ораза мәнісін үйретсе, үйретуші кісі күнаһар
болар, - дейді.
Ыбырай діннің мәнін жастарға ұғынықты тілмен түсіндіреді:
Мұсылманның мұсылман аталуы құр мұсылман киімін киіп, мұсылман арасында
жүргеннен емес. Әуелі иманды болып, ол иман деген не екеніне түсініп,
түсінген соң сол иман ішіндегі сөздерді шын көңілмен дұрыс деп білген
кісіні мұсылман деп атайды. Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы
жоқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігін көңілі
дұрыстамаса, ол намаз болып табылмайды.
Кітаптың үшінші бөлімінде Ы.Алтынсарин аят пен хадисте білдірілген
жақсы-жаман мінездерді сипаттайды. Жаман мінездер алпыс түрлі, бірақ сол
алпыс түрлі мінездің шығатын түп асылы жеті түрлі мінезден. Олар:
1. Куфр – дінге сенбеу, дінсіздік.
2. Бидғат – діннен бөлек өз ойынан шығарған уағыз, шариғат.
3. Кубр – менмендік, өзімшілдік.
4. Рия – мақтану, өзін-өзі көрсету.
5. Хасад – қыхғаншақтық, күншілдік.
6. Бухл – сараңдық.
7. Исраф – дүние шашқыштық, ысырапшылдық.
Осыларға қарсы жақсы мінез жетпіз сегіз түрлі. Олардың шығатын түп
асылы тағы да жеті түрлі мінезден болса керек. Олар:
1. Иман – дінге сену.
2. Самғия – әділдік.
3. Ихлас – адалдақ, ақ көңілділік.
4. Тауадуғ – сыпайылық, момындық, шын берілгендік.
5. Насихат – адал ниетпен берілген кеңес, өсиет.
6. Сахауат – жомарттық, кең пейілділік, қайырымдылық.
7. Машруғ – малды орынды, дұрыс жұмсау.
Халқы үшін жар құлағы жастыққа тимей, оқу-ағарту жолында аянбай еңбек
еткен Ы.Алтынсариннің ғылыми және әдеби мұраларының бүгінгі жастарға берер
ғибраты мол, асыл мұра екені даусыз.
Қазақ ауыз әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың (1845 – 1904)
ең алғаш нәр алған бастау бұлағы бірінші – қазақтың бай қазынасы – ауыз
әдебиетінің асыл үлгілері болса, екінші - Физули, Фирдауси, Низами, Науаи,
Сағди, Қожа Хафиз сияқты шығыс класиктерінің шығармалары, үшінші – орыстың
Пушкин, Лермонтов, Толстой, Крылов, батыстың Гете, Байрон, Шекспир, Шиллер
сияқты классик жазушыларының әдеби мұраларынан үлгі-өнеге алды.
Абай қазақ пен шығыс әдебиетінің асыл үлгілерін әжесі Зереден, халық
ақындары Шөже, Байкөкше, Балталардан естіп, жадында сақтап өссе, қазақтың
шешендік сөздерін әкесі Құнанбайдың, аталары Өскенбай мен Кеңгірбайдың
өсиет-үлгі сөздерінен үйреніп ер жтті.
Абайдың қай шығармасын алсақ та ел тағдыры, шаруашылық кәсібі, тұрмыс-
тіршілігі табиғатпен тығыз байланыста суреттеліп, жастарды еңбекке,
талапқа, өнер-білімді меңгеруге шақырып, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге беруге
бағыттайды. Мысалы, Ескілік киімі деген өлеңінде:
Ойланып ойға кеттім жүз жылғы өткен,
Тон қабаттап, кигенім – шидем шекпен,
Жейде-дамбал ақсаңнан, жарғақ шалбар,
Жырық балақ матамен әдіптеткен.
Мықшима аяғымда былғары етік,
Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп,
Үлкен кісе жанымда жез салдырған,
Шақпағым, дәндәкуім жарқ-жұрқ етіп,
Күләпәра басымда, пұшпақ тымақ, -
деп, ертедегі қазақ жігітінің киген киімі, сауыт-сайманы, ер-тұрманы, оның
жасалу ерекшелігі түп-түгел үш ауыз өлең жолына сыйғызылып шебер суреттеліп
отыр.
Жаздыгүні шілде болғанда, Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай,
Жазғытұры, Қыс, Күз атты өлеңдерінде ақын жылдың төрт мезгіліндегі
табиғат бейнесін суреттеумен бірге, оны қазақ ауылының
өмірімен, салт-дәстүрімен (көшіп келіп қонған көрші ауылдың бір-біріне
ерулік беруі, мылтық атып, құс салып, үйрек-қаз ілдіруі, күйеу келу, кәрі
құдамен қарым-қатынас, ұлттық киімдердің сән-салтанаты, күзеуге қону, шуда
жібін дайындап, үйін жамап, тонын илеп, шекпен тоқып, қысқа даярлану т.б.)
тығыз байланыста қарастырады.
Қазақ халқының ежелгі кәсібінің бірі аңшылық болған. Ұлы ақын
Қансонарда шығады бүркітші аңға атты өлеңінде аңшылық өнердің өзіндік
ерекшеліктерін шебер суреттейді. Қазақ халқының аң аулау кәсібімен бірге
аңды аңшының жанындағы жасы үлкенге байлауы, тарту ету дәстүрі дәріптеледі.
Абай қазақтың салт-дәстүрлерін сөз қылғанда белгілі мақсат көздеген.
Дәстүрлердің озығын дәріптеп, дәурені өткен тозығын үнемі айыптап отырған.
Мысалы, Асқа, тойға баратұғын деген он ауыз өлеңінде қазақтың қыз
айттыруы, ел шетіне жау шапты дегенде ел намысын қорғауға аттанған ердің
қапыда жау қолынан қаза табуы, оң жақта отырған қалыңдықтың зар еңіреп
жесір қалуы, адал махаббаттың
иесі арудың сүйген жарының қазасына шыдай алмай өлуі жырланады.
Абай қазақтың ескі салт-дәстүрін таңдамай, талғамай ала беруге қарсы
шығады. Әсіресе, ол адамның арын ақшамен, мал-мүлікпен өлшейтін, әйелді
малға сатып алу сияқты ескі салт-дәстүрге қарсы шығады.
Кәрі, жас дәурені өткен тату емес,
Епке көнер ет жүрек сату емес,
Кімде-кім үлкен болса екі мүшел,
Мал беріп алғанменен қатыны емес, -
деп, әйел басын саудаға салуға мүлде қарсы болады. Сондай-ақ ақынның
Біреудің кісісі өлсе қаралы ол атты өлеңінде:
Туғанда дүние есігін ашады өлең
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен
Ойлаңдаршы бос қақпай елең-селең, -
деп, адам өміріндегі өлеңнің алар орнына философиялық терең ой топшылауын
жасайды. Қазақтың салт-дәстүрлері: күйеу келу, қыз ұзату, қызбен танысу,
жар-жар, беташар, қынаменде, шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу т.б. ойын-
сауықтардың сәні өлең-жырсыз келген емес, тіпті адамды о дүниеге аттандырып
салуы да естірту, жоқтау айту сияқты өлең-жырмен жалғасады. Олай болса,
адам өмірге өлеңмен келіп, өлең-жырмен кетеді, өлең адамның өмірлік серігі,
досы деген ойды топшылап отыр. Бұл Абайдың ескілікті дәріптеуі емес, қайта
халықтық педагогикаға үлкен мән беріп, оның озық үлгілерін насихаттап,
тәлім-тәрбиелік мән-мағынасына философиялық ой түйінімен топшылап қарауы.
1880-1890 жылдары Абай кемелденіп, ақыл-ой парасаты толыға түседі.
Семей қаласындағы санақ (статистикалық) комитетінің секретары болған
Миколкин 1882 жылы 6 июльде орыстың географиялық қоғамының Батыс-Сібір
бөліміне хат жолдап, өзіне тапсырылған қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларын жинай
алмайтындығын мойындап, мынандай мазмұнда хат жазады: ... к крайнему моему
сожалению, я не могу оказать содействие отделу по сбору местных киркизских
сказок по незнанию киргизского языка, так и по недостатку времени. Полагаю,
что в этом отношении для отдела мог бы быть полезен Ибрагим Кунанбаевич
Ускенбаев (управитель Мукурской волости Семипалатинского уезда), весьма
развитый киргиз, умеющий притом писать по русски достаточно связно.
Мазмұнын қазақшаға аударсақ, былай болар еді: ... мен қаншама ынталы
болсам да уақытымның тарлығынан, қазақ тілін білмейтіндігімнен жергілікті
қазақтардың ертегілерін жинап беруге көмек жасай алатын емеспін. Бұл іске,
бөлімнің жұмысына Семей уезі, Мұқыр болысының управителі Ибраһим
Құнанбайұлы Өскенбаевты тартса, пайдасы тие ме деп есептеймін. Өйткені ол
ерекше дарынды және сонымен бірге орысша шебер байланыстырып жаза алатын
адам. Бұл деректен Абайдың білімі, орысша сауаттылығы жағынан географияляқ
қоғамның адамдарына танымал болғандығын көреміз.
1885 жылдары Абай қазақ елінің әдет-салтын жете зерттей отырып, заң
ережелерін жасауға белсене қатысады. Қазақтар үшін жасалған бұл заң-ереже
1886 жылы генерал-губернатордың бұйрығымен Қазан қаласында басылып шығады.
Заң-ереженің кейбір баптарымен таныстыра кетейік:
28-бап: Барымташыға һәм ұрыға өлсе, құн жоқ.
47-бап: Байы өлген жесір қатын сүйсе байының бір туысқан бауырына,
яки бір ағайынына тиеді. Егерде сүймесе, ықтияры өзінде.
Абайдың қатынасымен, басшылығымен жасалған бұл заң ережесі қай
жағынан болса да, бұрынғы қолданылып келе жатқан әдет-заң жоралғылардан
әлдеқайда демократтық жағынан көзге түседі. Билер соты жауапкер адамның
қатысуынсыз сыртынан шешкеніне Абай қарсы болады.
Сексенінші жылдары Абай саяси қылмыскер деп есептеліп, патша
өкіметінен қуғын көріп, Семей қаласына келген әртүрлі ұлттардың өкілдерімен
жақын қарым-қытынаста болады. Олар: С:С:Гросс, А.А.Леонтьев,
Н.И.Долгополов, П.Д.Лобановский, А.Блек, Н.Я.Коншин еді.
Северин Гросс право ғылымы маманы болғандықтан, Қазақтың әдепкі
заңдары туралы материал жинап, зерттейді. Гросс пен Абайдың кездесуі осы
себептен болса керек. Өйткені Абайдың өзі де қазақ елінің әдет-салтын жете
зерттеген.
Саяси қылмыскер Долгополов Семей қаласында өлкетану музейін
ұйымдастырады. Музейді нығайтуға Абайдан көмек сұрайды. Абай берген 60-тан
астам қазақтың этнографиялық заттарын 1885-1886 жылдары қаладағы музейге
әкеліп тапсырады.
Павел Дмитриевич Лобановский өзінің айдау жазасын Өскемен жақта өтеп
жүргенде, 1884 жылы август айында Семейге ауыстырылады. Қалаға келісімен-
ақ, өз достарының айтуымен Абаймен танысады. Сөйтіп Лобановский қарындашпен
Абайдың портретін салады және портретке: Семей уезі, Шыңғыс болысының
қазағы. Қазақ даласына ерекше белгілі Құнанбай Өскенбаевтың баласы. Өзі де
жеткілікті мөлшерде белгілі адам, өз халқының әдет-ғұрпының білгірі,
қазақтар арасында үлкен ықпал иесі. 45 жаста, - деп түсініктеме жазған.
1887 жылы бұл портрет Сібір-Орал ғылыми-өндірістік көрмесіне қатысады.
Бұл деректер Абайдың өз халқының әдет-ғұрпын жете білетін адам екенін
білдіреді (1).

2.2.3. Қазақстандағы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы
этнопедагогикалық ойлар.
Әрі ақын, әрі журналист, әрі ағартушы-педагог Сұлтанмахмұт Торайғыров
(1893 – 1920) аз жасаған өмірінде артына мол мұра қалдырып, бар өмірін
халық ағарту ісіне арнаған.
Сұлтанмахмұт 1912 – 1913 жылдары Троицк қаласына келіп, әуелі
медреседе оқып, кейін Айқап журналының редакциясында істеп жүрген кезден
бастап жазған шығармаларында оның ағартушылық көзқарасы айқын көрінеді. Ол
Абай мен Ыбырайдың осы саладағы ойларын дамыта отырып, өнер мен білім
жолына үгіттейді. Оқудың пайдасын айтып, мәдениетті елдердің тіршілігін
үлгі етті. Ақынның Оқып жүрген жастарға,Талаптарға, Оқудағы мақсат
не?, Анау-мынау сияқты өлеңдері, негізінен осы тақырыпқа арналған.
Өлең және айтушылар деген мақаласында қазақ халқының жаратылысында
әнқұмар халық екенін, әннің көңілдің күйін келтіріп, бойын балқытып,
шаттыққа бөлейтін, рухани өсуіне әсер ететін күшті құрал екенін айта келеді
де, Молдалар, жас балаларды ән үйренуге қызықтырыңыздар! Ән үйрету – үлкен
өнер үйрету, оны еріккеннің ермегі
демей, тәрбиенің күшті құралы деп қарайық. Қазақтың әні кетсе, әдебиеті
жесір қалады, сәні кетеді, сәні кетсе, жаны етеді. Қазақты жансыз ағаш
қылып отқа жаққыларың келмесе, әнді сақтаудың қамын қылыңдар, -дейді.
Сұлтанмахмұт – тіл тазалығы үшін күрескен ақын. Ол өзінің 1913 жылы
Айқап журналында жарияланған Қазақ тіліндегі өлең кітаптар жайынан атты
мақаласында сол кездегі шығып жатқан өлең кітаптардың көпшілігінде татар
тілі аралас, түсініксіз діни сөздердің жиі кездесетінін немесе орынды,
орынсыз орыс сөздерін тықпалап, тіл шұбарлаудың етек алғанын сынайды.
Жастардың рухани азығы - әдеби кітаптардың тілінің таза, түсінікті болуын
талап етеді.
Сұлтанмахмұттың Қамар сұлу романы қазақ әйелінің теңсіздік күнін
көрсетуге құрылғанымен, сол оқиғаға байланысты бүкіл қазақ қоғамының
тіршілік-тынысы, ұғым-нанымы, салт-санасы терең бейнеленеді, ескі ауылды
құрт аурудай жайлап есеңгіреткен, тоздырып бара жатқан әдет-ғұрыптың
кертартпа жақтарын әшкерелейді.
Белгілі ғалым, этнограф, әдеби мұраларды жинаушы және зерттеуші
Әбубәкір Диваев (1855 - 1933) 1833 жылдан бастап, үздіксіз елу жыл бойы
Орта Азия, Сырдария, Түркістан далаларында қазақ, қырғыз, өзбек
халықтарының ауыз әдебиетін жинап бастыру, зерттеу ісімен айналысады.
Ә.Диваевтың ең алғаш қолына алып, фольклорлық мұраны жинауы мақал-
мәтелдер, тұрмыс-салт жырлары, т.б. ауыз әдебиетінің үлгілерінен басталған.
Әбубәкір мақал-мәтелдердің табиғатын жете танып, қазақ халқының өмірін жан-
жақты көрсете аларлықтай үлгілерін жинастырған, 1900 жылы жеке кітапша
етіп, бастырып шығарған.
Ә.Диваев ауыз әдебиетінің үлкенді-кішілі жанрларын жинап, ретке
келтіріп, орысшаға аударып, түсініктемелерін жазып, жариялауға асыққан.
Ол қай жанрды жинаса да, қазақтың тұрмыс халінен, әдет-ғұрпынан,
тарихы мен күнкөріс кәсібінен мағлұмат берердей үлгілерін таңдап, талғап,
сұрыптап, баспаға ұсынуды кәсіп еткен.
Ертегілер, батырлар жыры және тұрмыс-салт жырларының шығу тарихына,
онда ұлттық салт-дәстүрлердің кеңінен орын алуына, айтыс өнерінің өзіндік
ерекшеліктеріне талдау жасайды. Оларды орыс, украин, өзбек, т.б. ұлт
дастандарымен салыстыра зерттейді. Олардың ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын ашып көрсетеді.
Ә.Диваев ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырушы ғана емес, оның шығу
тегін, өзіндік ерекшеліктері мен ұлтаралық мәдени байланыстарын ашуға күш
жұмсаған білгір зерттеуші еді. Оның қазақ өлеңдерінің теориялық
мәселелеріне байланысты халық арасына мол тараған түрлерін талдай отырып,
пікір айтуы, әсіресе, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін сабақта қолдану
Оқу процесінің мəн-мағынлары
Қазіргі кезде педагогика ғылымы әлеуметтік-мәдени өзгерістер
Этнопедагогикадағы әдістері мен тәсілдері
ЭТНОПЕДАГОГИКА пәнінің лекция жинағы
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Этнопедагогика пәнінен дәрістер кешені
Этнопедагогика пәнінің лекция курсы
Пәндер