Ян Амос Коменский - Еуропа педагогикасының негізін салушы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
:
Кіріспе:
3:
: 1
Кіріспе: Педагогика ғылымы туралы түсінік
3: 5
: 1. 1
Кіріспе: Педагогика нысаны, пəні жəне қызметтер
3: 5
: 1. 2
Кіріспе: Педагогиканың шығуы және дамуы, педагогикалық ғылымдар жүйесі
3: 9
: 1. 3
Кіріспе:

Педагогика ғылымының салалары, педагогикалық зерттеу әдістері

және оның басқа ғылымдармен байланысы

3: 14
:
Кіріспе:
3:
: 2
Кіріспе: Ян Амос Коменский - Еуропа педагогикасының негізін салушы
3: 23
: 2. 1
Кіріспе: Я. А. Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері
3: 23
: 2. 2
Кіріспе: Я. А. Коменскийдің көзқарасының қалыптастыруы педагогикалық теориясының маңызы
3: 25
: 2. 3
Кіріспе: Я. А. Коменскийдің тәрбие, оқыту теориясы туралы
3: 27
:
Кіріспе:
3:
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 34
:
Кіріспе:
3:
:
Кіріспе: Пайдаланған әдебиеттертізімі
3: 35

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: XVII ғасырда педагогика статус алып, өзінше ғылым болып бөлініп шыққаннан кейін Чехияның ұлы педагогі Я. А. Коменскийдің (1592-1670) беделі және еңбектерімен әрі қарай бекіп, дами түсті. Осы кезден бастап Коменскийдің теориялық ой-пікірлері педагогиканы дамытып, ол күні бүгінге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Содан бастап, ол дүниежүзілік аренаға шығып педагогикаға әлем жұртшылығының назарын аударды, қолдау тапты.

Коменскийдің педагогика туралы алғашқы еңбегі 1630 жылы отбасында тәрбиелейтін аналар мен бала күтетін адамдарға арналды.

Педагогика бұл - адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б. э. б. 2, 5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни термин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан.

Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады.

Коменский тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту оқудың ең басты міндеті - деп есептеді. Тәрбиенің рөлін жоғары бағалаған педагог «Адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады», «Адам болу үшін ол білім алуы тиіс», «Білімділер нағыз адам» - деді. «Iлім -нравтылықтың спутнигі» - деді педагог. Оның жүйесінің негізі - ақыл-ой, нравтық, діни тәрбиені жүзеге асыру. Оның айтуынша, ақыл-ой тәрбиесі ақылды еңбектің жемісі. Коменский білім алу тек жастардың ғана міндеті емес, барлық адам оқуы, үйренуі қажет - деді.

Коменский мектепке арнап бірнеше оқулықтар жазды, оның мақсаты балаларға өмірдің тұтас картинасын беру. Оның ғылыми еңбектері, оны бүкіл Еуропаға және жер жүзіне танытты. Ол іс жүзінде оқуды ғылымға айнал-дырды. Оның педагогикалық әдістері революциялық маңыз алды. Оқуды түбегейлі өзгертті.

Коменский педагогика тарихында аса көрнекті орын алды. Оны ғылыми, теориялық маңызын жоғалтқан жоқ. Оның принциптері, әдістері мен әдістемеліктері, оқыту формалары, мысалы, сынып-сабақ жүйесі - педагогиканың теориялық негізі болып сақталып қалды.

Зерттеу тақырыбының мақсаты: Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндау.

Зерттеу тақырыбының міндеті:

1. Коменскиий туралы мәліметтер жинау

2. Коменскийдің педагогикалық жүйесін зерттеу

3. Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызын зерттеу

Зерттеу тақырыбының обьектісі: Оқытушы мен оқушы.

Зерттеу тақырыбының пәні: Коменский педагогика ғылымының негізін салушы

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде,

зерттеу мақсаты, зерттеу міндеттері, зерттеу обьектісі, зерттеу пәні. Бірінші бөлім «Педагогика ғылымы туралы түсінік», - деп аталады. Бұнда жалпы педагогика туралы және де педагогика ұғымындағы тәрбие әдістері мен қызметтері жайында айтылады. «Ян Амос Коменский - Еуропа педагогикасының негізін салушы» атты екінші бөлімде Амос Ян Коменскийдің педагогикалық зерттеулері жөнінде мәліметтер беріледі. Қорытындыда зерттеу проблемасы бойынша жасалған тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

1 ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКымы туралы түсінік

1. 1Педагогика нысаны, пəні жəне қызметтер

Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты.

Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педгогика пәнін толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.

Әрбір ғылымның өзіне тән зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады.

Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз. Педагогикалық ұғымдардың бірі - тәрбие. Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.

Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.

"Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолданудың тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар. Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс. Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады.

Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндіруішілер де бар. Бұл жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.

Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі. Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци [ 1 ] . Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.

Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс:

1. Оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлік, дағдыға үйретеді.

2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады.

Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нетижесі емес, оның; білім алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар, т. б. ықпал жасайды.

Сонымен бірге адамның "жетілуі", "даму", "өзін-өзі тәрбиелеу" ұғымдары да педагогиканың зерттейтін меселелері саласын толықтырады.

Жеке адамның дамуы - бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуіні рөл атқарады.

Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы зор. өзін-өзі тәрбиелеу - адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.

Негізгі педагогикалық, ұғымдар - тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі теуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.

Білім, білімдену процесі тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия, əлеуметтану, жантану, экономика жəне де басқа ғылымдар шұғылданады. Мысалы, экономист білім жүйесінде өндірілген «еңбек ресурстарының» шынайы мүмкіндіктер деңгейін анықтай отырып, олардың дайындығына жұмсалатын қаржы мөлшерін белгілеуге тырысады.

Социолог өз міндетіне орай білім жүйесінде дайындықтан өткен адамдардың əлеуметтік ортаға икемдесу қабілеттері мен ғылыми-техникалық үдеріске жəне əлеуметтік өзгерістер жолында ықпал ету мүмкіндіктерін білгісі келеді.

Философ, өз кезегінде, ауқымдылау бағдарын негізге ала отырып, білім саласының жалпы міндеттері мен мақсаттары жөніндегі сұрақтарға жауап іздестіреді: Білімнің бүгінгі жайы қалай? Ол келешекте қандай болмақ? Психолог білімді педагогикалық үдеріс ретінде қарастыра отырып, оның психологиялық қырларына назар аударады. Саясаткер қоғам дамуының нақты кезеңіндегі мемлекеттік білім саясатының тиімділік деңгейін тануға ұмтылады т. с. с.

Əлеуметтік құбылыс болған білімді зерттеудегі əртүрлі ғылымдардың қосқан үлесі, əлбетте, құнды да қажетті, бірақ олардың бəрі де адамның күнделікті өсу жəне даму процестерімен байланысқан білімнің мəндік астарын жəне сол даму процесіндегі педагог пен оқушы ықпалдастығы мен оған сəйкес жүйелік құрылымдарды назардан тыс қалдырады. Солай болуы заңды да, себебі аталған проблемалардың баршасы арнайы ғылым - педагогиканың зерттеу нысандары.

Осыдан, педагогиканың пəні - арнайы əлеуметтік мекемелерде (институттарда) : отбасы, білім беру жəне мəдени-тəрбие орындарында -мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білім саласы. Бұл тұрғыдан педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі жəне құралы болған педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады. Осы негізде педагогика тəлім-тəрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен технологиясын, педагог іс-əрекетін (педагогикалық қызметті) жəне оқушылардың əрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен əдістерін əрі олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап отыратын қарым-қатынас, ықпалдастық стратегиялары мен тəсілдерін нақтылап, ашып отырады.

Педагогика ғылымының қызметтері. Дербес ғылым ретінде танылған педагогиканың қызметтері оның жоғарыда аталған пəндік сипаттарымен сабақтас, яғни табиғи бірлікте іске асырылуы қажет теориялық жəне технологиялық міндеттер.

Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:

- сипаттау немесе түсіндіру - озат əрі жаңашыл педагогикалық тəжірибені зерттеу;

- анықтау (диагностикалық) - педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс-əрекеттерінің нəтижелілігі немесе тиімділігін жəне оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу;

- болжау (прогноздау) - барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу жəне оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.

Теориялық қызметтің болжау, болжастыру деңгейі педагогикалық құбылыстардың мəнін ашу, педагогикалық процестің түп - төркінінде орын алатын құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуы мүмкін ықтималды өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сынды іс-əрекеттермен байланысты. Осы деңгейде анықталған деректерге орай оқу жəне тəрбие теориясы анықталып, білім беру практикасына жетекші рол атқарушы озық педагогикалық жүйе моделі құрылады.

Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:

- жобалау (проекттеу) - педагогикалық іс - əрекет пен оның мазмұны əрі сипатын қалыптастыру жəне реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды қамтыған қажетті əдістемелік материалдарды (оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар) жасауға байланысты;

- жаңалау - тəрбие жəне білім беру тəжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне енгізе, пайдалану;

- ықпал таныту (рефлексивтік) жəне реттеу - түзетулер енгізу (коррекциялық) - ғылыми зерттеу нəтижелерінің оқу - тəрбие ісіне болған əсер-ықпалын бағалау жəне одан соңғы ғылыми теория мен тəжірибелік іс-əрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу-түзетулерді іске асыру.

Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған əлеуметтену процесінде адам тұлғалық кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның əлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты процестерді де қамтиды. Дегенмен, аталған процестерге байланысты міндеттердің шешімі бірде мүдделі, жүйеленген болып, бүкіл қоғам, сол үшін арнайы ұйымдастырылған мекемелердің қолдауымен жəне жеке адамның ынта-ықыласына негізделсе, кейде кездейсоқ келеді. Ал осы əлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару процесі білім (образование) деп аталады. Білім мəні - əр адамның өте күрделі өзіндік басқару жүйесінің тиімділігін көтеру жəне оны жоғары моральдық жəне азаматтық мұраттар рухында тəрбиелеу.

Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т. б. ) қабылданары сөзсіз.

Ендігі ғалымдар тобы педагогиканың басқа ғылым салаларынан (психология, жаратылыстану, əлеуметтану жəне т. б. ) алынған білімдерді жанама түрде пайдаланып, оқу жəне тəрбие аймағында туындайтын мəселелерді шешуге икемдестірілген қолданбалы пəн рөлін таңдады. Бұлай болғанда педагогикалық практиканың іске асуы мен өзгерістеріне тұғырлы тірек болар тұтастай теориялық негіз қалыптасуы мүмкін емес. Мұндай педагогика мазмұны педагогикалық құбылыстардың жеке тақырыптары жөніндегі кездейсоқ, жүйеленбеген, байланыссыз деректер жиынтығы күйінде көрінері екінің біріне аян.

Қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға үшінші ғылыми тұжырым өз тиімділігімен танылып отыр: педагогика- өзіндік нысаны мен зерт-теу пəніне ие салыстырмалы дербес білім саласы.

Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі жөнінде батыл ой ұсынған ғалым жəне практик А. С. Макаренко [ 2 ] болды. Оның пікірі: көпшілік педагогика нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс емес. Ғылыми педагогика зерттеулерінің объектісі- бұл «педагогикалық дерек (құбылыс) ».

Дегенмен, бала, адам да зерттеуші назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам жөніндегі ғылымдардың бірі болғандықтан, педагогика аталған объекттердің тұлғалық дамуы мен қалыптасуына мақсатты бағдарланған саналы іс-əрекеттер аймағын зерттейді. Осыдан, педагогика өз нысаны ретінде тек өкілі (индивид) не оның психикасын қарастырмай (бұлар психология объекті), оның дамуына байланысты педагогикалық-тəрбие құбылыстар жүйесін зерттеуге алады. Сондықтан да педагогика нысаны деп қоғамның мақсатты бағдарланған іс-əрекеттері үдерісінде дара адам дамуына себепкер болған болмыс құбылыстарын айтамыз. Бұл құбылыстар педагогика ғылымында білімдену (образование) атамасымен белгіленіп, педагогика шұғылданатын шынайы дүниенің бір бөлігін танытады.

1. 2 Педагогиканың шығуы және дамуы, педагогикалық ғылымдар жүйесі

XVII ғасырда педагогика статус алып, өзінше ғылым болып бөлініп шыққаннан кейін Чехияның ұлы педагогі Я. А. Коменскийдің [ 3 ] (1592-1670) беделі және еңбектерімен әрі қарай бекіп, дами түсті. Осы кезден бастап Коменскийдің теориялық ой-пікірлері педагогиканы дамытып, ол күні бүгінге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Содан бастап, ол дүниежүзілік аренаға шығып педагогикаға әлем жұртшылығының назарын аударды, қолдау тапты. Коменский дәуірі Еуропада буржуазиялық формацияның үстемдік етіп тұрған кезі болатын, ол соған соқтығысып өзінің философ-гуманист, қоғам-қайраткері, аса көрнекті педагог екенін таныта білді.

Педагогиканың іргетасы - философия, дəлірек айтсақ, тəрбие проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тəрбие философиясы тармағы. Тəрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тəрбиелік практикада əртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия - педагогикаға танымның жалпы бағыт - бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің əдіс - тəсілдерін көрсетеді. Сондықтан да, философияны оның біртұтас жəне жүйелік, құрылымдық талдау əдістерімен бірге педагогиканың əдіснамалық негізі деп атау қабылданған.

Қоғамдық құбылыс ретінде тəрбие дамуы мен педагогикалық білімдердің өткен жолын педагогика тарихы зерттейді. Өткенді түсіне отырып, болашаққа көз тігеміз. Бастан кешіргенді зерттеу жəне оны бүгінгімен салыстыру осы заманғы құбылыстардың негізгі даму кезеңдерін нақтылаумен бірге бұрынғы қателерді қайталаудан сақтандырады. Педагогика жүйесі келесі салаларды қамтиды: жалпы педагогика; жас кезеңдер педагогикасы; əлеуметтік педагогика; арнайы педагогика.

Жалпы педагогика - адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тəрбиелік мекемелердегі оқу-тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пəн. Қалыптасқан дəстүр бойынша жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады. 1) оқу-тəрбие процесінің негіздері; 2) дидактика (оқу теориясы) ; 3) тəрбие теориясы; 4) мектеп тану. Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тəрбие іс-əрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие заңдылықтарын зерттейді. Бүгінгі күнде жас кезеңдер педагогикасы орта білім берудің барша жүйесін қамтиды. əрқилы жас топтарында немесе оқу-тəрбие мекемелеріндегі тəрбие айырмашылықтарын танытушы дербес педагогикалық салалар пайда болуда. Олардың ішінде қазіргі күнде өз алдына пəн ретінде оқылатындары - мектепке дейінгі педагогика, кəсіби техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы жəне т. б.

Ғылыми пəндер ішінде ересектердің педагогикалық проблемаларымен айналысып, қарқынды даму жолына түскен - жоғары мектеп педагогикасы. Оның міндеттері- барша деңгейдегі ресми, ресми емес тіркелген жоғарғы оқу орындарында жүріп жатқан оқу-тəрбие процесінің заңдылықтарын ашып беру, қазіргі ауыспалы кезеңде жоғары білім алудың арнайы проблемаларын зерттеу, жоғары технологиялық жəне компьютерлік оқу жүйелерінің принциптерімен таныстыру. Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек педагогикасымен тығыз байланыста мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының əртүрлі салаларында қызмет етіп жатқан жұмысшылардың қайта мамандану, егделік жасқа келгенде жаңа білімдерді, жаңа кəсіпті игеру мəселелерімен шұғылданады. Арнайы жағдайларда өтетін тəрбие процестер ерекшелігін əскери педагогика зерттейді.

Əлеуметтік педагогика ауқымында отбасы педагогикасы, мəжбүрлі тəрбие (первентив) педагогикасы, алдын алу (профилактикалық) педагогикасы дамуда.

Өз дамуында əрқилы мүшелік бұзылыстар мен ауытқуларға ұшыраған адамдар арнайы педагогика аймағында зерттеледі. Есітпейтіндер мен мылқаулар оқуы жəне тəрбиесімен сурдопедагогика, зағиптар- тифлопедагогика, ақыл-есі кемдер- олигофренопедагогика шұғылданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың жаңа әдісінің қажеттілігі
XVII – XVIII ғасырлардағы демократиялық педагогиканың дамуы
ХVІІ-ХVІІІ ғғ. батыс педагогикасының дамуы
ХҮІІ-ХУШ ғғ. батыс педагогикасының дамуы
Оқыту теориясы туралы
Ян Амос Коменский
Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы
Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде
Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
Ян Амос Коменскийдің ізгілік педагогикасындағы рухани құндылықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz