Мақал-мәтелдерді ағылшын тілі сабақтарында пайдалану


Мазмұны
Кіріспе3
I. Мақал-мәтелдер - халық ауыз әдебиетінің жанры6
I. 1 Мақал-мәтелдердің шығу тегі 6
I. 2 Мақал-мәтелге жалпы сипаттама, ортақ тұстары және айырмашылықтары 8
I. 3 Мақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі қағидалары 20
I. 4 Қазақ, орыс және ағылшын мақал-мәтелдерінің мағыналық ұқсастығы22
I. 5 Мәдениетаралық қарым-қатынас 25
II. Мақал-мәтелдерді ағылшын тілі сабақтарында пайдалану 29
II. 1 Мақал-мәтелдерді дыбыстардың айтылу дағдыларын дамытуда
қолдану 35
II. 2 Үш тілдегі мақал-мәтелдерді лексиканы оқытуда пайдалану37
II. 3 Үш тілдегі мақал-мәтелдерді грамматиканы оқытуда
пайдалану 39
Қорытынды 43
Қолданылған әдебиеттер тізімі 46
Тіркеме 48
Кіріспе
Соңғы 15 жылдағы еліміздегі халықаралық саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың дамуы мен нығаюы және республикамыздың халықаралық қоғамдастыққа енуі білім беру саясатына шет тілдерге байланысты көптеген өзгерістер әкелді. Қазіргі кездегі жаһандану, яғни әлемдік білім беру кеңістігіне ену процесі жүріп жатыр. Президентіміз Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру реформасын ұсынды. Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктерге сай осы заманғы білім беру жүйесі қажет. [1: 56] Яғни жоғары нәтижелерге жету үшін, біздің болашақ ұрпағымыз өте білімді, заман талабына сай жан-жақты дамыған, мәдениетті және тәрбилі болуы қажет. Ал жан-жақты дамыған тұлға тек берік біліммен қаруланып қана қоймай, қазіргі заман талабына сай бірнеше тілді меңгеруі тиіс.
Дипломдық жұмысың өзектілігі. ЮНЕСКО XXI ғасырды полилингвизм ғасыры деп атады. Біздің болашақ ұрпағымыз тек өз ана тілін, өз мәдениетін, салт-дәстүрлерін біліп қана қоймай, сонымен қатар бірнеше шетел тілін меңгеріп, басқа елдердің мәдениеті мен дәстүрлерімен таныс болуы тиіс. Ал шетел тілін жан-жақты меңгертуде, шетел тілінің лексикасымен таныстырып, меңгертуде оқу-тәрбие процесін қызықты, ұтымды және ыңғайлы қылу үшін, үш (қазақ, орыс, ағылшын) тілдегі мақал-мәтелдерді қолдануды ұсынамыз. Сондықтан да бұл жұмыс қазіргі уақытта ағылшын тілін оқытуда өзекті мәселелердің бірін құрайды.
Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, Республиканың, мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейіндегі коммуникацияда қолданылу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Өзара қарым-қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, ағылшын - қазақ қостілділігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл (язык посредник) ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі. Ал, шет тілін үйретуде және аударма жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік проблемалардың бірі - мақал-мәтелдер болып табылады. Оның себебін тілдің фразеологиялық паремиологиялық жүйесіндегі тұрақты тіркестердің ұлттық сипатының, ұлттық нақышының ерекшелігімен түсіндіруге болады. Тілдік бірліктердің тұтас мағынасын жете түсінбей, тіркес құрамындағы сыңарлар мәнін негізге ала отырьп аудару әртүрлі келеңсіз жағдайларға, "сәтсіздіктерге" ұшыратуы әбден мүмкін. Сондықтан мақал-мәтелдердің тіларалық семантикасын салғастыра зерттей отырып, оңдағы жалпы адамзаттық, жалпыхалықтық мәнділіктер мен заңдылықтарды және этностық, ерекшеліктерді, сондай-ақ ұлт, тіл, мәдениет жэне өркениеттің өзара сабақтастығын айқындау да аса өзекті мәселелер қатарына жатады.
Бұл жұмыста біз шетел тілін меңгертуде үш тілдегі мақал-мәтелдерді қолдануды ұсынамыз. Мақсатымыз - қазіргі заман талаптарына сай келетін, жаңа әдістемелерді қолдану арқылы ағылшын тілі сабақтарында мақал-мәтелдерді қолданудың әр түрлі әдістерімен таныстыру, оқу-тәрбие процесінде мақал-мәтелдердің маңыздылығы мен ұтымдылығын көрсету. Бұл жұмыс тек қана өзінің теориялық құндылығымен ғана пайдалы болып қана қоймай, сонымен қатар ағылшын тілі сабағындағы практикалық күнделікті міндеттерді шешуге көмектеседі деген үміттеміз.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Мақал-мәтелдерді үйрету барысында кездесетін дыбыстық қиыншылықтарды анықтау.
- Мақал-мәтелдерді оқытуда лексикалық қиындықтарды зерттеу.
- Ағылшын тілі сабағында грамматиканы меңгерудегі қиыншыл қтарды қарастыру.
Бұл дипомдық жұмыста зерттеу материалы болып әдеби шығармалар, мектеп қабырғасында оқытылатын оқу құралдары болып табылады.
Дипломдық жұмысының зерттеу әдіс-тәсілдері. Жұмыс барысында салыстырмалы, салғастырмалы, ғылыми талдаудың этнолингвистикалық, жүйелеу сияқты түрлері колданылды.
Дастан, хиссаларға қарағанда мақал-мәтелдердiң ерекше қасиетi көлемiнiң шағындығы, мазмұнының кеңдiгi, тiлiнiң өткiрлiгi, мағынасының тереңдiгi. Әрi ол барлық халыққа әсерлi, жалпы адамзатқа ортақ, көңiлге бөлекше қонымды, ұтымды келедi.
Тегiнде мақал-мәтелдер қай халықтың да жан-дүниесiнiң, мiнез-бiтiмiнiң, тыныс-тiршiлiгiнiң айнасы; ол сол халықтың сөздiк қорының байлығын танытып қана қоймайды, оның уақыт озған сайын құны артпаса арзымас қазына екенiн де сездiрер белгiсi. Кез-келген халықтың даналығы мен рухы сол халықтың мақал-мәтелдерiнде анық көрiнiс беретiнi ертеден мәлiм. Ал басқа тiлдегi мақал-мәтелдердi бiлiп, түсiну - бұл тiлдi жақсы меңгеруiне көмектесiп қана қоймай, сонымен қатар басқа халықтың ой-бейнесiн және мiнез-құлқын түсiнуiне көп үлес қосады, дәнекер болады. Мақал-мәтел, нақыл сөздер тілімізді байыта түсетін халықтың асыл қоры. Оның жұртшылық үшін пайдасы мен рөлі зор. Шетел тiлдi меңгертуде сол тiлдердегi нақыл сөздердi, мақал-мәтелдердi үйретiп, жаттатқызу арқылы оқушының практикалық дағдыларын қалыптастыру әдiсi белгiлi нәтижелердi көрсеттi.
Қай елдiң мақал-мәтелдерiн алмасақ та, барлығының ең басты ерекшелiгi - тәрбиелiк маңыздылығы. Ағылшын мақал-мәтелдердi үйрету негiзiнде бiз балаларды тек ағылшын және көп ғасырлық өмiрлiк тәжiрибесiмен, әлеуметтiк, этикалық және эстетикалық көзқарастары мен дүниетанымымен таныстырып қана қоймай, ең бастысы сол нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердiң тәрбиелiк мәнiн түсiндiрiп, сөздiк қорын байытамыз.
I. Мақал-мәтелдер - халық ауыз әдебиетінің жанры.
1. 1. Мақал-мәтелдердің шығу тегі.
Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзiмен бiрге жасалып, екшелiп, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетiнiң бай саласының бiрi - мақал-мәтелдер.
“Мақал-мәтел - сөз мәйегі”, “Мақал - сөздің мұнарасы” деп, қазақ халқы ауыз әдебиетінің асыл жанрына аса құнды баға берген.
Халық қашан да өскелең ұрпақты тәрбиелеудің мәнін, оның қиындығы мен қуанышын, одан шығатын нәтижені біліп отырған. Осы тұрғыдан алғанда Ауыз әдебиетіндегі шағын жанрлардың бірі - мақал-мәтелдер баланың ой-өрісін, дүниетанымын, қиялын, тілін дамытуда, тәлім-тәрбиесінде терең мән жатыр.
Мақал-мәтелдер - ұзақ жылдар бойы халықтың іс-тәжірибесінен түйінделген даналық жемісі. Мақал-мәтелдер - әр кезеңде ата-бабадан ұлағатты сөз, парасатты ой ретінде ұрпақтың еншілеген мол қазынасы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінінде халықтың өмір сүру барысындағы тәжірибесі, көңілге түйген ақылының кені жатыр.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мақал мен мәтелге мынандай түсіндірме берілген: мақал - үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз; мақал деп қысқа, образды, ұйқасты, тұжырымды нақыл сөзді айтамыз [2:89] . Мәтел - тұжырымды. Бейнелі әрі ықшам нақыл сөз.
Мақалдар - нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері, сөз мәйегі. Мақалдар, көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады, қара сөзбен, яғни шешендікпен айтылатын мақалдар да бар. Мақал, негізінен, екі бөлімнен ( көбінесе екі тармақтан) құралады. Бірінші бөлімде пайымдау (айтатын ойдың негізі), екінші бөлімде ой қорытындысы айтылады ( «Тазалық бар жерде денсаулық бар», «Чистота - залог здоровья», «If each would sweep before his own door, he should have a clean city») . Тура мағынада және ауыспалы мағынада қолданылатын мақалдарды, көбінесе халық шығарған. Жыраулар мен ақындар, ел басылары мен батырлар, зиялы адамдар шығарған мақалдар мен мәтелдер өте көп.
Мәтелдер, негізінен, тұжырым тұспалы өлеңде сыңар тармақты, қара сөзде нұсқалы сөз ретінде айтылады («Денсаулық - зор байлық», «Здоровье дороже богатства», «Good health is above wealth») . Мәтелдер тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында да қолданылады.
Жыраулар мен ақындар, ел басылары мен батырлар, зиялы адамдар шығарған мақалдар мен мәтелдер өте көп. «Досыңа достық - қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол». Бұл мақалдың авторы Абай Құнанбаев [3: 46] . Бұндай мысалдарды ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерден де келтіруге болады. «The wish is father to the thought» ойын ең бірінші рет Юлий Цезарь айтқан. Уақыт өте келе бұл мақалдарды халық қолдана бастады [4: 123] .
Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің шарықтау кезеңі Шекспир заманына тура келеді. Сонымен қатар Тәураттан енген мақал-мәтелдердің саны да көп. Мысалы, «You cannot serve God and mammon», «The spirit is willing, but the flesh is weak». Шекспирдің, яғни онымен айтылған мақалдар Тәураттан кейін екінші орында. Оның мақалдарының кейбіреулері түп нұсқасында сақталған. Мысалы, «Brevity is the soul of wit», «Sweet are the uses of adversity». Басқалары оның сөздерінің бейімделенуі болып табылады. Мысалы, «A rose by any other name would smell as sweet».
Яғни мақал-мәтелдердің қайнар көзі әдеби және халықтық болып табылады. Бұл мақал-мәтелдермен қатар ағылшын мақал-мәтелдерінің қайнар көздерінің бірі - басқа тілден келген мақал-мәтелдер. Бұнда да мақал-мәтелдердің шығу тегі туралы сұрақ күмән тудырады. Өйткені мақал ағылшын мақалы болудың алдында, латын, француз немесе неміс тілдерінде болса, бұл мақалдың бұрын басқа тілдерден енген болуы мүмкін. Мүмкін, бұл мақал жазылып алғаннан бұрын ағылшын болған шығар. Сондықтан да мақал-мәтелдің шығу тегіне байланысты мәліметтерге біз толығымен сенімді бола алмаймыз.
Кейбір басқа тілден енген мақал-мәтелдер Англияда толығымен ассимиляцияға түсті, бірақ көбі бұны істей алмады. “He gives twice who gives quickly” мақалының қандай латын мақалының негізінде пайда болғанын ойлап табу қиын емес, бірақ “Through hardship to the stars” мақалы оғаштау естіледі және де латын “Per aspera ad astra” мақалына қарағанда, мақалға да ұқсамайды. Бірақ басқа тілден енген мақал-мәтелдердің көбі түп нұсқасында сақталған.
Мысалы: Noblesse oblige.
In vino veritas.
Тәураттан енген мақал-мәтелдер де басқа тілден енген мақал-мәтелдер болып саналады, өйткені Тәурат ивриттан аударылған, оның дана ойлары ежелгі еврей қоғамының өмірін бейнелейді. Ертеде Тәурат өте көп оқылған еді, сондықтан да оның нақыл сөздерінің көбі қоғам санасына сіңгені сонша, тіпті қазіргі кезде кейбір мақал-мәтелдердің қайнар көзі Тәураттан деп те ешкім ойламас шығар. Соған қарамастан Көптеген ағылшын мақалдар толығымен Тәураттан алынған, мысалы:
You cannot serve God and mammon.
The spirit is willing, but the flesh is weak.
Әдеби шығармалардың көптеген сөздері кей-кезде мақалдар ретінде қолданылады, бірақ олар мақалға айналмайды немесе мақал мен цитатаның арасында жарты жолда қалады. Оларға мыналарды жатқза аламыз, мысалы:
The wages of sin is death (Romans) .
No man but a blockhead ever wrote except for money (Samuel Johnson) .
Солай мақал-мәтелдерге жылжу тән, олар әрқашанда қозғалыста. Оларға әрқашан ескіргендер де қосылады. Әрқашан жаңа мақалдар қосылып, біреулері ескіріп, қолданыстан шығады [ 5: 99] .
1. 2 Мақал-мәтелге жалпы сипаттама, ортақ тұстары және айырмашылықтары.
Мақал-мәтелдер - сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұтымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдерінде зерттелуіне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В. В. Виноградов, . Н. М. Шанский, В. Н. Телия, М. Чернышева, М. М. Копыленко, А. Б. Кунин, І. Кеңесбаев, Ә. Т. Қайдар, Б. Манасбаев т. б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.
Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А. В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзкарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды "коммуникативтік фразеологиялық бірліктер" деп атап, жеке қарауды ұсынады. Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін мақалдар тобын яғни, "all is well, that ends well" (сөзбе-сөз ауд. : сәтті аяқталған істің бәрі жақсы), "Appearances are deceptive" (сөзбе-сөз ауд. : келбет - алдамшы), "Better late than never" (сөзбе-сөз ауд. : ештен кеш жақсы) тәрізді оралымдарды фразеологиядан тыс, "фразеологиялык емес тұрақты құрылымдар" аясында қарастырды [8: 93] .
Осы жоғарыда аталған тұжырымға қарсы пікірді ұстанушы белгілі ғалымдар:Н. Н. Амосова, А. М. Бабкин, В. П. Жуков, М. Т. Тагиев, М. А. Филипповская, А. Н. Кожин т. б. Мақал-мәтелдерді фразеология саласынан тыс қарайтын ғалымдардың көпшілігі оларды ауыз әдебиетінің зерттеу нысаны қатарына жатқызады. Ал осы бағыттағы көлемді зерттеулерімен танымал ғалым Н. Н. Амосова "мақал-мәтелдерді фразеология қорына жатқызуға болмайды, олар мазмұны жағынан да, сөйлемде атқаратын қызметі тұрғысынан да фразеологиялық бірліктердің белгілеріне жауап бермейді" деген пікір ұсынады [9: 46] .
Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірліктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым Г. Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.
Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне
сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің
зерттелуі.
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау
барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі
кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы - XIX ғасырдың екінші
жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек
халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең - оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.
Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым - Ш. Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н. Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың
елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз эдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы. Алтынсарин, Ә. Диваев, В. Радлов, Ш. Ибрагимов, М. Терентьев, Я. Лютш, Ф. Катанов, В. В. Катаринский, П. М. Мелиоранский, Н. Н. Пантусов, А. Е. Алекгоров т. б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше.
Халық мұрасын жүйеге келтіру, насихаттауда зор үлес қосқан танымал ғалым - Ә. Диваев. Ғалым жинақталған материалдың барлық нұсқасын толық қамтуды көздей отырып, өз топтамаларын 1900-1927 жылдар аралығында "Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области", "Этнографические материалы" жинақтарының, "Туркестанские ведомости" газетінің басылымдарында жариялады. Сондай-ақ, "Киргизские пословицы, записанные в Копальском уезде Семиреченской области" деген топтамасын 1900 жылы Қазан қаласында жарияланған [10: 167] . Н. Н. Пантусовтың еңбегін де ерекше атап өткен жөн. Сөздік құрамның негізгі қаттауын құрайтын мақал-мәтелдерді жинақтау, жүйелеу, жариялау жұмыстары әр кезеңге орай жалғасын тапты.
Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне арналған іргелі монографиялық зерттеулер де, мақалалар да баршылық. Солардың ішінен ғалым Б. Шалабаев алғашқылардың бірі болып, аталмыш тұрақты тіркестер тобын арнайы қарастырып, олардың негізгі мағыналық топтарын, жанрлық ерекшеліктерін анықтады. М. Ғабдуллин өзінің "Қазақ халқының ауыз әдебиеті" [11: 83] . деген еңбегіңде қазақ халкының шаруашылығын, кәсібін, тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын мақал-мәтелдердің өмір танытқыштық мәні мен қызметін айқындаса, С. Нұрышев оларды даму тарихы тұрғысынан қарастырды.
Қазақ мақал-мәтелдеріне қатысты ерекше орны бар зерттеулердің бірі - Р. Сәрсенбаевтың "Қазақ мақал-мәтелдерінің лексика-семантикалық ерекшеліктері" атты кандидаттық диссертациясы [12:136] . Қазан революциясынан бұрын басылып шыққан жинақтарды өз еңбегінің негізі зерттеу материалы ретінде ала отырып, ғалым мақал-мәтелдердің құрамы мен құрылымын, жасалу жолдарын, лексика-семантикалық, стилдік ерекшеліктерін жан-жақты талдап таратады. Ал М. Әлімбаевтың "Өрнекті сөз- ортақ қазына" [13:97] деп аталған зерттеу жұмысы аударма мәселесіне арналған. Жұмыста зерттеушінің қазақ мақал-мәтелдерінің тілде қалыптасу тарихы, жасалу жолдары, тілде қолданылуы бір тілден екінші тілге аудару мәселесі, тәржімалаудың амал-тәсілдері жөнінде, кұнды пікірлері, теориялық және практикалық мәні зор ұсыныстары баяндалады. Еңбектің поэтикалық аудармаға бой ұру басымдылығына қарамастан, бұл - ғылымда өзіндік орны, елеулі үлесі бар еңбек. Б. Аламбаевтын "Халық даналығы" атты монографиялық еңбегі "Мақал-мәтелдер" және "Шешендік сөздер" деген өзара байланысты екі бөлімнен тұрады [14:141] . Жұмыс осы аталған тілдік бірліктердің жанрлық табиғатын, тәрбиелік мәнін, құрылымы мен әдеби-көркемдік ерекшеліктерін талдауға арналған. Сондай-ақ, мақал-мәтелдердің окказионалды өзгерістері, варианттылығы Ғ. Тұрабаеваның, құрамы мен құрылымы, компоненттерінің байланысу тәсілдері, синтаксистік белгілері, инверсиялануы С. Кенжемұратованың, фразеологиялық тұтастықтар мен мақал-мәтелдер ұласымдылығы, танымдық-прагматикалық аспектілері Д. Бегалықызының ғылыми зерттеулерінде баяндалған [15:101] .
Тіл-тілдегі паремиологиялық жүйені салыстыра-салғастыра зерттеуге арналған жұмыстар қатарының біртіндеп толығып келетіндігі байқалады. Мысалы, А. Нұрмахановтың зерттеуі түркі тілдеріндегі мақал-мәтелдердің жалпылығы мен кейбір өзгешіліктерін саралауға бағытталса, Ә. Мұқышева қазақ және неміс тілдеріндегі мақал-мәтелдерінің өзара сәйкес тұстары мен ерекше белгілерін, ұлттық, мәдени компоненттерін анықтайды. Зерттеу нысаны ретінде алынған тілдік бірліктердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері, қазақ және араб тілдеріндегі мақал-мәтелдердің жасалу жолдары, типологиялық универсалия және уникалия кұбылыстары А. Донбаеваның жұмысында қаралған.
Сонымен, қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелу тарихына шолу жасау барысында оның бес бағытта жүргізіліп келгендігі анықталды:
а) тілішілік, яғни бір тіл аясындағы зерттеулер; ә) туыс тілдерді салыстыра талдауға; б) әртектес тілдер бірліктерін салғастыра қарауға; в) этнолингвистикалық астарын ашуға және г) қолданбалы мақсатқа негізделген зерттеу жұмыстары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz