ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАМЫТУДЫҢ САРАПТАМАСЫ


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1. ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ, АҚША АУДАРУ МЕН ТӨЛЕМДЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІ 6
- Төлем жүйесінің мәні 6
- Төлем жүйелерін құрудың (құрылысының) халықаралық стандарттары
(негізгі принциптері) 11
1. 3 Төлем жүйелерінің қызмет етуінің шетелдік тәжірибесі
(Австрия, Нидерланды) 13
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАМЫТУДЫҢ САРАПТАМАСЫ 19
- Қазақстандағы төлем жүйесінің дамуының қысқаша тарихи жағдайы 19
- Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қазіргі жағдайы 21
- Қазақстан Республикасының төлем жүйесінде мониторинг жүргізу 28
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының эканомикасының қарқынды дамуының нәтижесінде, шетелдік инвеститцияның көлемінің артуының, ақша айналымының ұлғаюының және эканомика агенттерінің кәсіби белсенділігінің жоғарылауының нәтижесінде ақша айналымын тиімді ұйымдастыру сөйтіп төлем жүйесінің қызмет етуінің жаңа денгейге көтерілу қажеттігі курстық жұмысымның өзектілігін айқындайды.
Осы курстық жұмысын жазу барысында алға қойылған мақсатым - Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі төлем жүйесінің негізгі құрылымдарын талап - сараптау; төлем жүйесі ұғымының маңызы мен мәнін ашу және еліміздегі болашақта жүзеге асырылатын төлем жүйесінің дамуының жоспарларын анықтау.
Осы үдеуден шығу үшін мынадай мақсаттар қойылады:
- Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің қалыптасуы мен дамуын зерттеу;
- Қазақстан Республикасындағы төлем жүйесінің құқықтық аспектілерін анықтау;
- төлем жүйесін ұйымдастырудағы орталық банктер қызметіне баға беру;
- төлем жүйесін тәуекелдікпен басқару әдісін қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасында төлемнің пайда болу механизмдерінің мәнін.
- төлем жүйесі өзіне материалдық және қаржылық активтерді иеленетін экономикалық субъектілерді қабылдай отырып, өз кезегінде міндетті есеп механизмдердің жиынтығын ұсына алады. Әдетте мұндай міндеттемелер ақша аударылымы есебінен, не қолма-қол қаржы түрінде немесе коммерциялық банктер иелігіндегі депозиттер негізінде жойылады.
Сонымен қатар, экономикалық көзқараспен қарайтын болсақ, егер де әрбір шаруашылық белсенділіктегі тұлға үй көлеміндегі төлем қарыздарына мүмкіндігінше төлей алатын болса, онда бұл тиімсіз деп табылады.
Осы себепке байланысты материалдық өндіріс саласындағы экономикалық агенттер әдетте түсімдер арасындағы шығындар мен уақытша өзгерістер кезінде ақшамен төленетін тұтынысты өтеу үшін несие беретін банктер сияқты несиелік мекемелері ұсынатын төлем қызметін пайдаланады. Банктер өз кезегінде талап еткен функцияларды орындау үшін, олар банкаралық нарық қызметін, ал жекелеген жағдайларда уақытша өзгерістер кезіндегі төлем мен ақша түсірілімдерін есептік операцияларды, олардың өтем ақысын жабу үшін орталық банктердің қысқа мерзімге берілетін қаржысын пайдаланады.
Төлем жүйесінің өзі және оның құралдары шаруашылық субъектілердің маңызды бөлігі болып табылуы керек, ал бұл дегеніміз өз кезегінде төлем жүйесіне деген маңызды принциптік сенімді білдіреді. Төлем жүйесіндегі иеленуші белгілерінің осы немесе өзге де жағымдылығы жүйеге қатысушылар белсенділігінің қаржылық және техникалық аспектілеріне қатысты қандай да бір деңгейдегі сенімі болып табылады.
Нарықтық экономика адамдар, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер арасыедағы әртүрлі операциялармен соған сәйкес олардың келісімдерінің күрделі байланысымен сипатталады. Сенімділік пен өз уақытында төлемді өтеу және оны есепке алу “уақыттық бағаға” тән сипаттарға ие бола алатын ақша құндылығымен үлкен маңызға ие бола алады, оған қоса, мақсатсыз немесе күтпеген жерде төлемді анықталмаған деңгейге дейін көтеріліп кетуі соған қатысты кідірістің негізінде төлем өтеле ме жоқ па осы жүйеге қатысушыларды ұстап тұра ала ма, олардың жалпы тәуекелділігін арттыра алуымен байланысты.
Соңғы жылдары төлем жүйесіндегі белсенділікті жобалау, басқару мен бақылауға қатысты мәселелері Еуропа мен Солтүстік Американың, сондай- ақ экономикасы қарқында дамыған елдерінде қызу саяси пікір таласқа айналды. Ерте жоспарлы орталықтандыруды жаңартуға қатысты мәселеге, сонымен бірге социалистік нарықтық экономикадағы Орталық және Шығыс Еуропамен бұрынғы Кеңестер Одағы елдері де көңіл бөлуде. Нарықтық реформаны жүргізу тәжірибесі көрсеткендей, жекелеген тұлғалар мен фирмалардың қаржысын қауіпсіз және тиімді аударуға деген олардың тұтынысын қанағаттандыратын қолма-қол төлем жүйесі нарықтық экономика даңғылына сәтті өтуге қажетті инфрақұрылыстың маңызды бөлшегі болып табылады.
Мен таңдап алған курстық жұмысым нарықтық экономикаға өту кезегіндегі қазіргі заманғы нарықтық экономикадағы төлем жүйесі көкейкесті болып табылады. Тек халық сенімін пайдаланып тиімсіз жұмыстейтін қаржы жүйесі өзінің сенімділігімен тұрақтылығы арқасында экономиканың шынайы секторында қалыпты қызмет атқара алмауы мүмкін. Тиімсіз әрбір қарапайым қаржылық операцияларды іске асыруға төлем жүйесі еш сенімділік танытпаса, онда ол ешкім сенбейтін күрделі іске айналады, осыған орай қолма-қол әрбір сенімді, тиімді, еш шығынсыз және қауіпсіз төлем жүйесімен оны іске асыратын қаржы ұғымы мемлекетпен жеке тұлғалар өнемі назар аударатын сала болып табылады.
Курстық жұмысын жазу барысында теориялық-әдістемелік база ретінде отандық және шетелдік жетекші экономистердің, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің жиынтығы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің төлем жүйеісі саласындағы, нормативтік - хұқықтық актілері, төлем жүйесіне қатысты семинарлар мен жыл сайын Венада (Австрия) Халықаралық Валюта Қорының ұйымдастыруымен өтетін конференцияның материалдары пайдаланылды.
Жұмыстың методикалық негіздері: Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілері ( заңдар, Қазақстан Республикасының Жарлығы және Қазақстанреспубликасы Министірлер кабинетінің ережелері), сондай-ақ «Қазақстанның Бағалы қағаздар Нарығы», «Қазақстан Банкілер», «Экономикалық шолу», «2000-2006 жылдардағы Альпари» журналдарының жарияланымдары.
Жұмыстың құрылымы алға қойылған міндеттерге сәйкес жасалған. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайданылған әдебиеттер тізімінен құрылған.
1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ АҚША АУДАРУ МЕН ТӨЛЕМДЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІ
1. 1 Төлем жүйесінің мәні
Төлем жүйесі экономиканың банк секторы мен қаржы нарығында басты орынды алатындықтан, төлем жүйесінің сенімді және дұрыс жүзеге асырылуы экономикалық процестің қатысушыларының ғана емес, сонымен бірге ресми тұлғалардың, оның ішінде орталық банк өкілдерінің де міндеті. Тұрақты төлем жүйесінің принциптерін жүзеге асыруды қамтамасыз етудің бірден бір жолы - коммерциялық банктерге үнемі бақылау жүргізіп отыру. Бұл процесс барысында орталық банк пен қадағалау функциясы жүктелген басқа да мемлекеттік мекемелер банктер қызметінің қаншалықты тұрақты және сенімді екенін тексереді. Орталық банк коммерциялық банктерді төлем жүйесі ауқымында пайда болуы мүмкін тәуекелдерді анықтауға және бақылап отыруға міндеттейді.
Заң шығарушы база- кез келген төлем жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі. Төлем жүйесі тұтастай заңдарға, ережелерге және стандарттарға негізделеді және төлем жүйесінің барлық компоненттері заңнамаға сай құралады. Реттеуші заңнамалардағы кез келген өзгерістер төлем жүйесінің басқа да құрамдас бөліктеріне әсерін тигізеді. Заң шығарушы база төлем жүйесіне қатысушы барлық тараптардың құқықтары мен міндеттерін нақты анықтауы тиіс.
Төлем жүйесінің дамуы оның нормативтік базасының үнемі жетіліп, жаңарып отыруын талап етеді.
- төлем жүйесінің қатысушылары (тұтынушылары) .
Ең алдымен төлем жүйесіне қатысушыларды, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтап алу қажет. Әдетте, бұл орталық банктің нормативті - құқықтық актілерінде көрініс табады. Тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ шарттармен де анықталады.
Төлем құралдарын екі топқа бөлуге болады:
- кредиттік (несиелік) құралдар.
- дебеттік құралдар.
Несиелік құралға төлем тапсырмасы жатады. Несиелік аударымды жүзеге асыру үшін ақша аударушы тұлға өз банкісіне оның есеп шотынан ақша қаражаттарын алып, оны ақша алушы тұлғаның банкісіне аударуға тапсырма береді.
Төлемдік карточкалары кредиттік және дебеттік болып екіге бөлінеді. Сонымен бірге дебеттік- кредиттік карточкалар да пайдаланылады, олар дебеттік карточканың да, кредиттік карточканың да қызметін қатар атқарады. Кредиттік карточка оның иесіне несиеге берілген сома шегінде ғана төлемдер жүргізуге мүмкіндік береді. Ал, несие сомасы нақты бір мерзім өткеннен кейін өтелуі тиіс және берілген несие бойынша кредиттік карточканың иесі сыйақы төлейді.
Ал, кредиттік карточкаға қарағанда дебеттік карточканың иесі тек шотта бар ақша қалдығы шегінде ғана пайдалана алады.
Дебеттік - несиелік карточка осы екі жағдайды да қамтиды. Егер есепте ақша бітсе, банк автоматты түрде оған несие береді.
Соңғы жылдары төлем карточкалары өте көп қолданылып келеді, себебі бұл құралды қолдану өте ыңғайлы және ол бойынша операцияларды жүргізу қауіпсіз. Сонымен бірге төлем карточкасы бөлшек сауда нарығында төлемдерді жүргізуде өте ыңғайлы болып табылады. [2, 36 бет] .
Кез-келген төлем карточкасы өзінің шығарған төлем жүйесі шеңберінде ғана қолданылады. Мысалы: VІSA белгісі бар карточка тек VІSA төлем жүйесінде ғана қолданылады.
Сонымен қатар, банк тәжірибесінде магниттік жолақшасы және микропроцессоры бар карточкалар қолданыс тапқан. Қазіргі кезде магнит жолақшасы бар карточкалардан гөрі микропроцессоры бар карточкалар көп қолданылады, себебі бұл сенімді, қауіпсіз және функционалды болып табылады. .
Микропроцессорлы технологиялардың дамуымен дүние жүзінде электронды ақша қолданатын түрлі төлем жүйелері енгізіле бастады.
Электронды технологияны белсенді колдануға карамастан, жүйелердің көбінде төлем нұсқауларын бастапқыда тіркеу қағаздық құжаттармен жүзеге асады. Бұны қалыптасқан дәстүрлер мен заңдар талап етеді. Әзірше қатысушылардың аз бөлігі ғана қарапайым жұмыс пен даудың шешілуі кезінде кағаздан бас тартуға дайын. Қағаздық құжат төлем өткізудің банкаралық тәртібінде, атап айтқанда банкінің корреснопдеінтік есепшоты бойынша үзінді көшірме немесе клиенттср үшін есеп айырысудың ең соңғы сатысында жүргізілген төлемдердің тізімі басылып жатқанда қолданылады. Мысалы, қағаздық құжат негізінде Ресей банкі жүйесінднгі есепшоттар, карточкалық жүйедегі слиптер, чектер. Western Union және Ресей Жинақ банкінің жүйелері бойынша есепшот ашпай-ақ ақша аударуға арыздар, банкілерде халықаралық есепшоттар бойынша қызмет көрсететін төлемдер жүзеге асуда. Төлемнің қағаздық құжат арқылы жүзеге асқандығы туралы акцепті клиент Ресей банкінің төлем жүйесі арқылы банкомат квитаициясы ретінде алады.
Құжаттарды екі қағаздық құжатпен қатар жүргізу тек тасымалдаушы жүйелерде ғана жүзеге асады. Қағаздық кұжаттардың өзгеруі нәтижесінде қайта енгізілген технологияларда ақаулықтар пайда болып, жаңа жұмыс жағдайында психологиялық қолайсыздық туындауы мүмкін. Мұндай қатар жұмыс жүргізу 2000 жылға дейін Ресей банкі арқылы есеп айырысуға тән болды. Қағаз-электронды құжат айналымындағы өтпелі жүйелерде ұсталған біраз шығындар қағаздық құжат өзгерген кезде пайда болған.
Қағаз құжат айналымынан электронды айналымға өту белгілі бір капитал салымдары мен қазіргі таңдағы қолданыстағы жүйеден толығымен бас тартуды талап етеді. Қағаз құжат айналымының, әсіресе оның бастапқы және соңғы сатысында сақталуы консервативті клиентерге тиімді. Дәстүрлі төлем жүйесіне сұраныс болып, жаңа капитал салымдарын қажет етпесе оларды бұзудың қажеті жоқ. Бірақ алдағы уақытта толем жүйесі толығымен электронды құжат айналымына көшеді.
Жоғарыда төлеушінің төлем нұсқауы мен акцептісін нақты тіркеуге кажет клиенттердің төлем құжаттары қарастырылды. Банк-клиент қарым-қатынасынан басқа корреспонденттік шот бойынша төлемді жүзеге асырудың банкаралық қатынастары бар. Банк аралық корреспонденттік катынасқа төлемші-банк акцептісі мен нақты нұсқау және соған сәйкес төлем құжаттарының кажеттігі туындайды.
Банкаралық төлем құжапарыныц ішінде өте кең таралған түрі Ресей банкі арқылы есеп айырысудың төлем дер тізімі мен банкаралық төлем тапсырмаларын жүзеге асыратын карточкалық төлемдер тізімі. Банкаралық төлем құжаттарын мен корреспонденттік шоттағы көшірмемен шатастыруға болмайды. Банк-клиент қатынасындағыдай төлем құжаты төлем өткізуге негіз болады, ал корреспонденттік шоттағы көшірме - оны өткізудсгі есеп беру болып табылады.
Ресей банкі арқылы есеп айырысу тізімінде барлық клиенттер төлемнің реквизиттрі матрица жолдары түрінде, сонымен қатар электронды көмекші - ақпарат құжаттарының реквизиттері көрсетілген.
Тізілімнің көз мөлшерін оны қағаздық құжатқа басқан кезде немесе компБютер экранынан көруге болады. Тізідімнің форматы клиенттің төлем тапсырысына ұқсас. Тізілімнің мазмұны клиентке түсініксіз әрі мәнсіз болып көрінуі мүмкін, ал банк программистеріне қарапайым әрі түсінікті.
Тізілім тек қатысушы-банкінің акцептісін ғана қамтиды. Дәл осы банк клиенттің төлем нұсқауларының орындалуына жүйе алдында жауап береді. Бұл тізілім формасын, оның реквизиттерінің құрамы мен өңдеуін біршама жеңілдетеді.
Дәстүрлі жүйелердің көбінде тізілімдер мен корреснонденттік шот есеп көшірмелерін айырбастау тәжірибеленуде. Көшірме көзбен қарап бақылау үшін ыңғайсыз, әрі үлкен болмауы үшін оған әдетте, төлемнің тек қосымша сомасын қояды. Көшірмені нақтылау үшін, оған қосымша ретінде клиенттің есепшоты арқылы төлемді жүзеге асыруға арналған толық құрамды реквизиттері бар төлемдер тізілімі қойылады.
Карточкалық төлем жүйесінде төлемдер осылайша жүзеге асырылады, мұнда тізілім процессинтілік компания арқылы өтеді, ал банк арқылы осы компапияның бұйрығы бойынша бір төлеммен тек есеп айырысудың жалпы сальдосы ғана аударылады. Жеке зерттеу клиент негізінде дәстүрлі төлем жүйесінде қарастырылады. Мысалы, Ресей банкінің төлем жүйесінде 1990 жылдардың соңына дейін тізілім мен көшірме жеке өңделіп, жеке беріліп келді.
Жалпы есеп айырысудың қазіргі замандағы жаңа жүйесінде тізілім мен көшірмені коррспонденттік шот бойынша байланыстырады. Мұнда әр төлем жеке-жеке банкіге түскеннен кейін өткізіледі, сондықтан да төлемдер клирингілік жүйедегідей іс-әрекет жүзе асқан күннің соңына дейін жинақталмайды.
Тізілімді толығымен қалыптастырудың ешқандай мәні жоқ, себебі минут сайын бұл екі құжатты бөліп тұратындай соншалықты көп төлемдер жиналмайды. Көзбен қарап бақылау үшін де бұл екі құжатты бөлудің қажеті жоқ, себебі жүйе осы бақылау әрекеттерінің барлығын қосқанда толығымен автоматтандырылған. Қүжаи айналымын көшіруді жою төлемді жүзеге асыруда кететін уақытты қысқартуға және электронды құрылғылардағы ауыртпалық азайтуға әкеледі.
Бұл жүйеде төлемші-банкінің тізілімі болашақ көшірменің бейнесі болады. Жүйсінің есеп банкі тізілімді өңдеу төлем жургізгеннен кейін, тізілімге төлемді өткізу туралы белгі қойып, сонымен қатар тускен төлемдерге жаңа жолдар арнайды. Клиент төлемдерінің барлық реквизиттері бірыңғай деректер қорында сақталып, бірыңғай электронды қужат айналымында өңделеді Корреспонденттік шот бойынша кошірме толық форматты болып табылады, ол клиенттердің есепшоттары бойынша тез жүргізуге арналған төлемдердің барлық реквизиттерін қамтиды.
Клиенттердің әр түрлі төлем құжаттарын саралау нәтижесі дәстүрлі төлем құжаттарын электронды құрылғылар көмегімен іске асыруға мумкіндік береді.
Банкаралық корреспонденттік қатынастарда берілетін ақпарат көлемі, соның ішінде төлем саны мен әр төлем реквизиті электронды құрылғы арқылы клиенттен алынатын ақпараттан бірнеше есе көп. Банкаралық есеп айырысудағы ақаулар, бұзылулар мен кідірістердің салдары қиындыктарға әкеледі.
Банкаралық төлем нүеқаулары авгомапы іурде клиеіптердің нмем қужаггарыныц электронды түрі негізінде жүзеге асады. Қорларында көрсетілгендей, банкаралык төлем құжатының электронды түрі клиенттерге, тіпті қарапайым банк қызметкерлеріне де түсініксіз болуы мумкін. Бұл түр клиенттің төлем нұсқауы расталған арнайы электронды құрылғысынан алынған электронды хабарлама сияқты түсініксіз болады.
Сондықтан, ыңғайлылық тұрғысынан алғанда, маман емес адам үшін төлем құжатын көзге елестетіп түсіну тұрғысынан алғанда, төлемнің банкаралық тізілімі, мысалы банкомат арқылы арқылы клиенттің төлем нұсқауы сияқты үйреншікті емес электронды форма алады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу принціпінің бірі - банкілік шоттың міндетті түрде болуы, онда барлық қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша қалдықтары саналады. Төлем жүйелерінің көбі төлеуші мен алушының банкілік шотының, есеп айырысуға қатысушы екі жақтың банкаралық байланыстырма есепшотының болуын талап етеді. Бірақ кейбір бөлшек төлем жүйелерінде ережеден ауытқушылық кездеседі, қай жағдайда оларда төлеушінің немесе алушының есепшоты болмайды. Western Union жедел ақша аудару жүйесі, пошталық аударулар, Ресей Жинақ банкінің коммуналдық төлем жүйесі, электронды қолма-қол акшаға негізделген алдын ала төленген карталар мен жүйелер клиенттің банкілік есеіпшотын қажет етпейді.
Western Union жүйесі арқылы ақша аудару «есеп ашпай ақша аудару» деп аталады. Төлеуші ақша аударуға арыз жазып, банкіге ақша енгізуі керек (қолма-қол немесе картамен) . Ақша аудару үшін жазылған арызда алушының тұрғылықты орны мен сәйкестендіруінің барлық реквизиттері көрсетіледі. Клиент үшін банк оның өкілі болып табылады. Осылайша көрсетілген жүйе тек қана банкінің корреспонденттік шоттарын кажет етеді де, клиенттердің есепшотын қажет етпейді.
Ұксас технология бойынша пошталық ақша аудару Ресей поштасы арқылы жүзеге асады. Төлеуші поштада ақша аударуга арыз толтырады да қажетті соманы қолма-қол енгізеді. Төлем құжаты байланысты пошта капалы бойынша алушының бөліміне жеткізіледі де, ол жерде оған қолма-қол ақша беріледі. Егер байланыстың нақты бөлімі үшін аударылатын ақша сомасы мен берілетін сома тең болса, онда қолма-қол ақша ешқайда инкассоланбай басқа клиентке беріледі. Шонтта кассасын толықтыру немесе артық шыққандарды беру байланыс бөлімінің қарапайым банкілік шотынан жүзеге асады. Ресей поштасы мен Western Union арасындагы тек технологиялық айырмашылық қана бар. Western Union жүйесі жаңартпауға бейім, сондықтан да ақша аудару тез, әрі арзан болады, бірақ екеуінде де ақша аударудың мәні бір.
Ресей Жинақ банкісінің коммуналдық төлемдер жүйесі төлеушінің есепшотын емес, алушының есепшотын талап етеді. Төлеуші сонымен қатар ақша аудару үшін жазылатын арызға ұқсас қағазды толтырады, онда ол өзінің реквизиттерін, банкілік шоты мен төлемін толығымен көрсетеді. Коммуналдық мекеметте кызмет көрсету орнына байланысты, төлемдер Ресей Жинақ банкінің филиалдарындағы корреспонденттік шоты немесе Ресей банкінің корреспонденттік есепшоты бойынша жүзеге асады. Төлем алушының банкілік есепшотына төленеді. Коммуналдық төлемдерді алушы ретіндс әдетте бірнеше компаниялар болса, ал төлеушілер бірнеше мыңдаған адам болады. Сондықтан төлемді алуда төлеушіден банкілік есепшот талан етілмейді. Бірақ көптеген төлемдер түсетін коммуналдық шаруашылық мекемелерінде банкілік есепшоттың болуы міндетті.
Банкілік шоттағы төлем жүйелерінің көпшілгінде бұл шарттар есеп айырысуға катысушылардың төлемін тез тарату үшін банктер мен клиенттердің төлем туралы түсінігі мен тиімді есебі үшін кажет. Мұндай төлем жүйелерінде клиенттер өте көп, олардың әрқайсысы қысқа мерзім ішінде көптегеп төлемдерді жүзеге асырады, сондықтан да банкілік шот төлемді тез жүзеге асырудың ең негізгі шарты болып табылады.
Қарапайым төлем жүйесі мен құжат айналымы үшін банкілік шотта төлем құжаты бірліктік тіркеу болса, банктілік есепшотсыз төлем жүйесі үшін - тек төлем құжаты болып табылады. Соңғы жағдайда төлем құжаты алушы мен төлеушінің бірегей сәйкестендіруі үшін қажетті барлық реквизиттерді қамтиды.
Банкілік есепшоттың қажеттігі туралы мәселені қарастырғанда оның ашылуы мен жабылуында ұсталған шығындар туралы айтуға болады. Мысалы, көптеген төлем жүйелерінде есепшоттар ашу банк мекемесіне арнайы баруды, көптеген құжаттар толтыруды, банкінің қамтамасыз етуі мен олардың сақталуын талап етеді. Ресей банкінде және шет елде жеке шот ашу үшін банкіге арнайы бару керек. Шот ашу үшін құжаттарды поштамен жіберуге болады. Төлем құжаттарын жөндеуде банкіге арнайы бару төлем жүйелерінде көрсетілген, бірақ есепшот ашудың ең басында банкіге бару міндетті болып табылады.
Әрине аз ақшамен жұмыс істейтін бөлшек төлемдер жүйесі жеке есепшотты өздерінің интернет-порталы арқылы ашады, бірақ есеп айырысуды, технологиялық жетілдіру барысы дәл осы бағытта келе жатыр.
Қолма-қол акшасыз есеп айырысу принциптерінің бәрі төлемді жүзеге асырудағы төлеуші акцептісінің қажеттігін анықтайды. Тәжірибе жүзінеде бұл төлем құжатына төлеушінің қол қоюын білдіреді. Төлеушінің бұл қолы төлеммен келісетіндігін, сонымен қатар төлем құжаттың барлық реквизиттерінің дұрыстығын білдіреді.
1. 2 Төлем жүйелерін құрудың (құрылысының) халықаралық стандарттары (негізгі принциптері)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz