Жеке тұлғаның бағыт-бағдарының тәрбиелік мәні. Оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбиенің дамуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1. Тарау. “Жеке тұлғаның бағыт-бағдарының тәрбиелік мәні “

1. 1 Педагогика ғылымындағы тәрбие теориясы туралы ой пікірлер . . . 7

  1. Тәрбие теориясының мәнін ашу . . . 18
  2. Оқу-тәрбие үрдісіндегі белсенділіктің мәні . . . 29

2. Тарау. Оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбиенің дамуы.

  1. Тәрбиенің жаңа формалары . . . 39

2. 2 А. С. Макаренко идеясымен тәрбиенің жаңа формаларын.

Іс-тәжірибе үрдісінде байланыстырудың әдіс-тәсілдері . . . 54

Қорытынды . . . 58

Қолданылған әдебиеттер . . . 60

Сілтеме жасалған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі .

Бүгінгі жас ұрпақ-қоғамның болашақ қайраткері, еліміздің тірегі. Кемел келешектің де кілті өсіп келе жатқан осы мектеп оқушыларының қолында.

Адамзат тарихында Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ұлы Әбу Насыр әл-Фарабидің “Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек,

тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі” дегенін біз, ұстаздар әрқашанда жадымызда ұстауымыз керек.

Жұмабаев Мағжан “Тәрбиелеу-адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру” десе, ”тәрбие дегеніміз өзі, ең ал-дымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту, сезімді тәрбиелеу, яғни,

баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық қасиеттер

ден қуаныш табуға баулу деген сөз”деп жазды Назарбаева Сара Алпысқызы өзінің “Ұстаздан ұлағат”кітабында. Бала тәрбиесі-ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрде-лі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы мектеппен байланысады, бала тәрбиелене отырып білім алады. Мектептің міндеті-барлық тәрбие сатылары мен салаларына байланысты ата-аналардың, ұстаз тәрбиешілердің шығармашылық ізденістерін пайдалана отырып нақты жүйе жасау. ”Мектептің тәрбие жүйесі”дегеніміз-мектептегі, сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін тәрбие жұмысы, өткі

зілетін іс-шаралар.

“Ұлылықтың алдында -ұстаз тұрар” демекші, біздің бүгінгі басты мақсат-тымыз-“Қазақстан-2030”бағдарламасына сәйкес сауаттыда салауатты

ұрпақ тәрбиелеп, өркениетті ел қатарына қосу.

Тәрбие әрқашан да қоғам мүддесіне сай ұйымдастырылған. Оның мақсаты мен міндеті қоғамдық дамудың қажетіне сәйкестенген.

ҚР-ның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Біз жеткіншек ұрпақты бос белбеу тіршілікке емес, басқалармен бірдей бағын сынайтын нартәуекел мен іскерлікке тәрбиелеуіміз ләзім” деген сөзін басшылыққа ала отырып, мектебіміздің оқушыларын жастайынан қоғамдық істерге бейім

өнер мен спортқа, білімге, өнегелі өсиетке тәрбиелейтін, өз жұмыстарын өздері талдап, өз ісінің мақсатын өзі белгілеп, өзі жоспарлайтын, өзі ұйымдастырып, шешім қабылдай алатын, заман талабына байланысты тың

мәселелерді шеше білетін оқушылардың”Болашақ” атты өзін-өзі басқару балалар ұйымының жұмысы үш жылдан бері қанат жаюда. Оның жұмысы мектептегі барлық оқу-тәрбие үрдісімен тығыз байланыста жүргізілуде.

Балалар мен жеткіншектерге потриоттық тәрбие беру жүйесінің бөлінбейтін құрамдас бір бөлігі болып табылатын балалар ұйымы өскелең ұрпақты тәрбиелеудің қоғамның алға қойып отырған жалпы мақсаты мен міндетітерін орындауға белсене қатысады.

Балалар ұйымы оқушылардың терең де тиянақты білім үшін күресіне, саяси идеялық, еңбек, адамгершіл, эстетикалық және дене тәрбиелеріне қатыса отырып жалпы білім беретін мектепке оқушыларды жан-жақты дайындауға көмектеседі.

Жан-жақты жетілген жеке адамның және жаңа қоғамның белсенді құрылысшының қалыптасуы жалпы білім беретін мектеп пен балалар ұйымының ортақ және біріңғай мақсаты болып табылады.

Балаларұйымы жас ұрпақтың ұлттық тәрбие жүйесінде еліміздегі жас ұрпақтарды біріктіретін қоғамдық-саяси ұйым ретінде белгілі орын алады.

Балалар ұйымы жас ұрпақтың ұлттық тәрбие жүйесінде еліміздегі жас ұрпақтарды біріктіретін қоғамдық-саяси ұйым ретінде белгілі орын алады.

Балалар ұйымы оқушылардың ғылым мен техникаға ынтасын білім құмарлығы мен творчествосын дамыта және мектеп білімдерін дружина мен отрдтың қоғамға пайдалы істеріне қолдана отырып, мектепке оларды”білім еліне”кіргізуге көмектесуге міндетті. Мектепте білімге құштарлық, өзіндік жеке білімге табыну, оқуда жолдастық, әрбір мектеп баласының оқу табыстары жөнінде қамқорлық, жалқаулар мен жетесіздерге, мектеп тәртібін оқушыларға төзбестік жағдайын жасау әрбір дружинаның міндеті болып табылады. Оқушылардың терең де тыңғылықты білім алуына және әрбір топпен бірлестіктердің, әрбір дружинаның балалар ұйымы алдында жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу-міне, балалар ұжымының күресінң мәні осында. Өоғамдық пайдалы нақтылы қызметте жас ұландардың белсенді позициясы қалыптасады. Мектеп оқушысының белсенді позициясын дамытуда тәлімгер мен педагог әрбір жеке ұланның ісі мен қылығын бағалап отыратын балалар ұйымының қоғамдық пікіріне сүйенеді.

Белсенді позицияның қалыптасуы балалар ұйымына мүшелікке ерікті кіру және істеріне белсене араласу үрдісінің іс жүзінде жүзеге асуының негізі болып табылады.

Балалар ұйымы жұмысының нақтылы практикасы, республикалық және жергілікті балалар ұйымдары дружиналары менбірлестіктердің озық тәжірибелерін талдау және қорыту арқылы, сондай-ақ жас ұландардың тәрбие процесін арнайы эксперименталды зерттеулердің көмегімен оқып үйретіледі. Балалар ұйымы жұмысын оқып үйрену кездерінде-баспасөзматериалдары:газет, журнал, кітаптар, архив документтері менғылыми зерттеулер де орын алады.

. Жас ұрпақты тәрбиелеу -еліміздің болашақ тарихын тәрбиелеу деген сөз.

Біздің Республикамыздағы пионерлер мен балалар ұйымының Одағы-ерікті, өзін-өзі басқаратын қоғамдық, көп ұлтты балалардың, жеткіншектердің және үлкендердің ұйымы . Олардың мақсаты:қоршаған дүниені тану және жақсарту үшін әрбір пионерге көмектесу, өз Отанының қадірлі азаматы етіп өсіру. Ұраны: “Отан үшін жақсылық және әділдік”

Ұландарды өнегелі үлгіге тәрбиелеу жұмысында өз халқының тамаша өкілдерінің адамгершілік бейнесінің байлығы ашылады, олардан үлгі алуға ұмтылу пайда болады.

Ұландардың қызметі мен қарым-қатынасына жолдастарының үлгі ықпалыда маңызды. Сыртқы мінез -құлық ерекшеліктері қабылданады, адамгершілікті бағалау, пікірлесу, сүйікті істер, бейімділік пен талғам, қызығулардың өзара тоғысулары болады.

Ғылыми апараты.

Зерттеу обьектісі: Тәрбиенің жаңа формаларын қолдана отырып

Оқушылардың белсенділігін арттыру.

Зерттеу пәні: Ұлттық тәрбие мұраларды қолдану арқылы бала

санасына ұлтжандылық негіздерін қалыптастыру

жолдары, түрлері.

Ғылыми болжам :Егер тәрбиенің жаңа формаларын, озық үлгіле-

рін тәрбие үрдісінде жүйелі қолданса, онда оқушы ның сана сезімін жетілдіріп, адами қасиеттерді

бойына сіңірген тәрбиелі тұлға қалыптастыруға

болар еді.

Міндеті : Оқушыларға жан-жақты тәрбие беру барысында жаңа

Формаларға талдау жасау.

Оқушылардың тәрбие деңгейін анықтау.

Жаңа формаларды жетілдіру үшін ғылыми теориялық

әдебиеттерді талдау.

Мақсаты : Оқушыларға жан-жақты тәрбие беру үшін тәрбие маңы-

зын ашу.

Әдістері :Тестер, сауалнамалар, эксперименттер жүргізу.

1 Тарау. Жеке тұлғаның бағыт-бағдарының тәрбиелік мәні.

1. 1 Педагогика ғылымындағы тәрбие теориясы туралы ой-пікірлер.

Тәрбие анықтамасына шолу жасалып, ғалымдардың осы мәселе төңіріндегі ой-пікірлері зерделенеді.

Тәрбие-педагогикалық үрдістің өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін құрамдас бөлігі. К. Д. Ушинский “Адамға тәрбие беру әдістері”

Атты іргелі еңбегінде”Тәрбие беру өнері жұрттың бәріне дерлік таныс және түсінікті іс, ал кейбіреулерге тіпті оңай іс болып, көрінетін ерекшелігі бар-бұл, адамның онымен теориялық немесе практикалық таныстығы неғұрлым азырақ болған сайын соғұрлым түсініктірек және оңайырақ болып көрінеді

Жұрттық барлығы дерлік тәрбие беру төзімділікті талап ететінін мойындайды”.

Дұрыс тәрбие-балаға өмір бойы азық. Тәрбие жұмысының мақсаты бала-ның жеке тұлғасының даму үрдісін басқару міндеттерін анықтайды. Тұл-ғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күйін, болашағын болжау, оны

Жобалаудың да маңызы ерекше. А. С. Макаренко адамдағы жақсы қасиет әркезде оны жобалау арқылы келетіндігіне үнемі назараударған. Сол се-кілді В. А. Сухомлинский де “тәрбиені ғылыми тұрғыда алдын-ала болжамау

Онда ол қарапайым көрініске; тәрбиеші-сауатсыз күтушіге, педагогика-бал-герлікке айналар еді”-дейді.

Педагогика ғылымында тәрбие жұмысының мақсатын анықтау негізгі мәселенің бірі. Себебі, қандай да болмасын әрекеттің түрі, мақсатқа сәйкес туындайды. Мақсат болмаса, әрекетте болмайды. Сондықтан, мақсат тәрбие

жұмысының принципін, мазмұны мен формалары және әдістерін анықтай-

ды.

Тәрбие мақсаты-бұл басты күш-жігер бағытталатын болашақ. Кез-келген тәрбие ұсақ актілерден бастап кең тарапты мемлекеттік бағдарламаларға дейін-әр қашан мақсатты бағытталған, мақсатсыз ешнәрсеге ұмтылмайтын тәрбие болмайды. Мақсатқа тәрбиенің мазмұны, ұйымдастырылуы, форма-лары мен әдістері түгел дерлік бағынады. Сонымен тәрбие мақсаты-бұл идеял тәрбиеленуші туралы көзқарас. Идеял туралы мұндай көзқарас тәрбиешіні әрекетке итермелеп, тәрбие мақсаты, мазмұны мен амалдарын алдын-ала анықтайды. Мұнда тәрбиелік нәтижесі оқушының білімі, білігі, олардың дене, адамгершілік дамуы- жек және ағымдық мақсаттармен со-

нымен қатар соңғы мақсатпен -идеял бала бейнесімен салыстырылады.

Тәрбие мақсаты-мейілінше тәрбиелік күш-қуатқа ие болатын өзара әрекетті ұйымдастыру. Мақсат тәрбиенің жалпы ұмтылысын қарастырады.

Мақсат кез-келген тәрбиелік жүйенің анықтаушы сипаттамасы.

Тәрбие мақсаты қозғалмалы, өзгермелі және нақты тарихи сипатқа ие. Өйткені тәрбие мақсаты стихиялы түрде, не жекелеген біреулердің тіле-гінен тумайды, қоғам қажеттілігінен шығады. Тәрбие мақсатын анықтау тура

лы пікірталастар сонау ежелгі дәуірден жалғасып келеді. Мәселен, ежелгі ой

шылдар тәрбие мақсаты қасиеттер қалыптастыру болуы қажет деп есептеген. Платон, Аристотель ақыл-ой, ерік-жігер, сезім қалыптастыруды қуаттады. Ж. Ж. Руссо тәрбие мақсатыадамның күші мен қабілетін үйлесімді дамыту болуы тиіс деп түсінді. Л. С. Выготский пікірінше, тәрбие мақсаты бұл жағымды қызығушылықтарды ояту және жағымсызын ығыстыру.

Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оның жан-

жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету.

Тәрбиелік жүйе ұғымы педагогикалық термонологияда салыстырмалы түрде жаңа болып саналады. Мектептің тәрбиелік жүйесін зерттеген ғалымдар В. А Караковский, Л. Н. Новикованың пікірінше, тәрбие жұмысы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе шегінде жүзеге асқанда ғана жемісті болады дейді. В. А. Караковскийдің пікірінше, тәрбиелік жүйе ұғымы педагогикалық әрекеттің неғұрлым іргелі факторларының бірін:мектепті өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі ұйымдастыру жүзеге асатын өзіндік қызмет ету және даму логикасы бар, әлеуметтік тұтас ағза ретінде бейнелейді.

С. Т. Щатский жүйесі. ”Сетлемент” колониясында балалардың әр жақты дамуына жағдай туғызу мақсатын көздеп Москваның Марьиной Рощесінде құрған. 1919 -1931 жылы ол Калуга губерниясында жаңадан “Бодрость”

Деген колония-мектеп ашты. Алғашқы колониясында ол бала дамуына әлеу

меттік ортаның әсерін зерттеуді мақсат етпесе, кейінгі жылдары оныда есепке алып, маңызды факторлардың бірі деп есептеді. Оның тәжірибелік станциясына балабақша, бастауыш және орта мектеп, интернат, клубтық мекемелер енді. Осы тәжірибелік станциядағы әрекеттің соңғы кезеңінде қоғамдық қатынастардың өзгеруіне мектептің қатысуына ерекше мән берді.

Бірақ оның балалар колхозын құру идеясы зор қарсылыққа ұшырады . Сол себептен, теориялық тұрғыда ойластырылған тәрбие құралдары бұзғандықтан, тәрбие жүйесі көп ұзамай күйреуге душар болды. М. М. Питра к жүйесі”еңбек мектебінде”практикалық өмірге енді. Ғалым

1919жылдан бастап Москваның Лепешинский атындағы тәжірибелік мектепте жұмыс істеп, өз идеясын жүзеге асырады. Нәтижесінде келесі жүйені ұсынды:

  • Педагогикалық әрекеттің негізінде-балаларды қоршаған ортамен таныстыру және адамдардың еңбек әрекетін зерттеуге негізделген авторлық бағдарлама жасау.
  • өндірісті әлеуметтік ағза ретінде зерттеу; оқу мотивизациясын қа

лыптастыру, оқыту үрдісін балалардың әсері мен бақылауының негізінде ұйымдастыру;

  • ұжым өмірін өзін-өзі басқару ұстанымына негіздеп ұйымдастыру

Осындай міндеттерді жүзеге асырған бұл жүйе де өз кезеңі үшін жаңалық әрі тәрбиелік мәнділігімен құнды болды.

А. С. Макаренко жүйесі -бұл тұлғаны ұжымда тұлғалық және ұжымдық факторлар негізінде тәрбиелеу жүйесі болды. А. С. Макаренко-адамға деген

Құрметті және оған деген талапты мейлінше күшейту керек деген ұстамды ұстанды. Ол тек шығармашыл адамды емес, сонымен қатар бақытты адамды тәрбиелеу керек деп есептеді. Ол тәрбие жүйесінде келесі шарттар

дың сақталуын талап етті:

  • мақсат тәрбиеленуші бойында қызығушылық пен құлшыныс тудыру керек;
  • тәрбиеші тәрбиеленушінің мақсатқа жетуіне шынайы қызығушылық білдіруі қажет;
  • тәрбие еңбек үрдісінде жүзеге асатындықтан, онда міндетті түр-

де жарыс болуы әрі жарыс тең дәрежелі болуы шарт;

  • мақсаттың тәрбиеленушіге түсінікті және шамасы жетерліктей сонымен бірге еңбектенуін қажет ететіндей болуы тиіс.

Сондай-ақ А. С. Макаренко ұжымның даму кезеңдерін төмендегідей жіктеді:

  • ұжымда бірден емес, кезең-кезеңмен өзара талапшылдықты тәрбиелеу;
  • ұжымды басқарудың демократиялық органын қалыптастыру;
  • ауызбіршілік пен бірлікті, қоғамдық сананы қалыптастыру;
  • ұжым дәстүрлерін қалыптастыру, адам дарынын көрсету.

В. А. Сухомлинский жүйесі 50 жылдардың соңы мен 60 жылдардың басын

да қалыптасты. Ол Украинадағы Павлишев мектебінде жүзеге асты.

Автор өзінің тәрбиелік жүйесінде жеке бастық амал тұрғысынан келуге жетекші орын берді. Сонымен қатароның жүйесінде жалпы азаматтық құндылықтар менізгілік мұраттарға кеңінен мән берілді. Ол оқушыларды әдемілікті өз қолымен жасауға, сұлулықты сезінуге, құрметтеуге, шығар- машылыққа ұмтылуға тәрбиелеуді көздеді. . Павлишев мектебі жүйесінде халық дәстүрлеріне едәуір көңіл бөлінді.

Сонымен бірге Сухомлинский мектеп пен отбасының өзара тығыз байла- ныста болуына ерекше мән бере білді. Сол мақсатпен “Ата-аналар

мектебін” құрып, онда “Аналар дидактикасы”атты дәріс жүргізді. Көптеген ата-аналар мектептегі үйірме және балалар бірлестігіне жетекшілік жасады. Оның тәрбие жүйесінде азаматтық пен елжандылық басымдық танытқан құндылықтар қатарында болды. Сол себептен жүйе солкезеңдегі әлеуметтік тапсырысты қанағаттандырған жүйелер қатарында болды.

В. А. Караковский жүйесі-бұл Москваның №825-мектебінде іске асқан тәрбиелік жүйе. Бұл жүйенің мәні-тәрбиелік ықпалдарды кіріктіру, шығармашылық, ғылыми ізденіске жол ашу болды. Оның басты көрінісі жыл сайын көктемгі демалыс кезінде бұрынғы түлектері, мұғалімдер, оқушылар бірлесіп өткізетін коммунарлық жиыны болды. Жиында үш күн бойы бұл ұжым коммунадағыдай бірлесіп ойындар өткізеді, қызықты жұмыстарды орындайды, араласады. Жүйе тек қана өзін-

өзі реттеуші ғана емес, ғылыми басқарылды да. Жылда оқушылар өзгеретін

діктен, мұнда да соған сәйкес мақсаттар, міндеттер өзгеріп, жаңарып отырады әрі ол үздіксіз ізденісті талап етті. Сондықтан жүйе әрқашан бүгінгі

күнге дейін даму, жаңару үстінде болып келеді. Сонымен тәрбиелік жүйе дегеніміз-тұлғаның рухани -адамгершілік, шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін әлеуметтік шындық құрауыштарының жиынтығы. Қазіргі мектеп тәжірибесінде көбіне екі жүйе:оқушылардың оқу әрекеті мен мұға -лімдердің әдістемелік жұмыстарын қамтитын дидактикалық жүйе және

оқудан тыс тәрбиелік іс-шаралар деп түсінілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі жүзеге асырылады.

Тәрбие жүйесінің өзегі тәрбиелеуші ұжым болып табылады. Бұл педаго-

гикалық және оқушылар ұжымының өзінше өзгеше бірлігі. Сондай-ақ педа- гогикалық ұжым-басқарушы ішкі жүйе, ал оқушылар ұжымы-басқарылатын жүйе.

Тәрбие формасы - бұл тәрбие үрдісінің сыртқы көрінісі. Мазмұн және форма бір - бірімен тығыз байланысты, яғни мазмұн өзгерісі форма өзгерісіне әкеліп соғады. Мазмұн қалыптасады немесе формаланады, форма мазмұнмен толығады. Тәрбие үрдісінде қамтылған адам санына қарай тәрбие формалары жеке, жағын топтық, ұжымдық және бұқаралық болып бөлінеді. Ұжымдағы тәрбиеленушілер саны 5-7 - ден 25-40- дейін болса, бұқаралық формада оның шегі болмайды. Тәрбие үрдісінің мәнділігі оны ұйымдастырудың формасына байланысты. Тәрбиеленушілер саны тәрбие жұмысының мазмұнына және оны басқаруға әсерін тигізеді. Тәрбиеленушілер саны көбейген сайын тәрбие сапасы нашарлайды. Тәрбиелеуде жеке және шағын топтық формалар дұрыс. Бұл тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары өте жылдам және мақсатты бағдарлауға, жағдайдың өзгеруіне қарай педогогикалық амалдарды өзгертуге ыңғайлы. Қазіргі жүйелердің көпшілігі тәрбиенің ұжымдық формасын пайдалануға көшті.

Мектеп тәрбиесін ұйымдастырудың топтық формасы ұжымдық деп аталады. Тек ұжымда ғана тұлға өзінің жан - жақты даму мүмкіншілігіне ие, сонымен бірге тек ұжымда ғана жекелей еркіндік болуы мүмкін. Ұжымдық рухта тәрбиелеу педагогикалық тәрбие мақсатындағы негізгі принцип. Бұл мақсатқа жетудің жолдары мен формалары ұжымға байланысты. Кеңес мектебі әлемде бірінші болып, жеке тұлғаға бағдарланған тәрбиеден бас тартып тәрбие іс-әрекетінің негізіне ұжымды қалады. Сөйтіп, тәрбие тәжірибесі мен теориясының дамуына деген көз-қараста үлкен қадам жасады. Ұжым тәрбиелік талпыныстар орталығына айналды. Оны қалыптастыру мектептің негізгі міндеті ретінде қабылданды. Жаңа қойылған мақсаттар кіші және үлкен мәселелерді теориялық үйлестіру мен талдауды қажет етті. Оларды шешуге А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, И. П. Иванов және т. б. атақты педагогтар күш жұмсады.

А. С. Макаренко тағылымы ұжымды сатылы қалытастырудың технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді: қозғалыс-ұжымның өмір сүру формасы: тоқтау-оның жойылу формасы. Ұжым болу үшін, топ сапалы тіктелу жолынан өтуі қажет. Осы жолда А. С. Макаренко бірнеше сатыларды белгілейді. Бірінші сатысы ұжымның құрылуы. Бұл кезеңде ұжым педагог тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді, мұның өзі ұйымдасқан, белгіленген топты ұжымға айналдыруға талпыну, яғни оқушылардың ұжымға қатынасы бірлескен іс-әрекет мазмұнымен, мақсат-міндеттерімен анықталады. Ұжым белсенділері анықталып, тәрбиеленушілер жалпы мақсатқа, іс-әрекетке және ұжымдық бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады. Екінші сатыда белсенділердің ықпалы арта түседі. Егер белсенділер ұжым қажеттілігін дұрыс түсінсе, онда олар педагогтың сенімді көмекшілеріне айналады. Бұл кезеңде белсенділер жұмысына педагог көп көңіл бөлуі керек. Екінші кезең ұжым құрылымының тұрақтауы мен сипатталады. Бұл сатыда өзін-өзі ұйымдастыру және өзін -өзі реттеу механизмдері іске қосыла бастайды. Үшінші және одан кейінгі сатылар ұжымының кемелденуі. Алдыңғы даму сатыларында қол жеткізген қасиеттер киелі тұлғалық ерекшеліктерді топтастырады: жолдастарына қарағанда өзіне жоғары талап қоюы, көз - қарастарының, әдеттерінің, әрекет - қылықтарының тұрақтануы. Егер ұжым осы сатыға жетсе, онда толыққанды, адамгершілікті тұлға қалыптастыру үстінде деген сөз. Жалпы тәжірибе, болған оқиғаны бірдей бағалай білуі- үшінші сатыдағы ұжымның ең негізгі белгісі.

И. П. Ивановтың ұжымдық- творчествалық тәрбие методикасы А. С. Макаренканың идеяларын қазіргі жағдайларға сай дамытып, ұжымдықты қалыптастырудың, пионер және комсомол ұйымдарындағы оқушылардың өмірін жетілдірудің, балалардың қоғамдық игілікке деген жекелей және ұжымдық қамқорлықтарын арттырудың жолдарын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ы. Алтынсариннің педагогикалық қызметінің өмірлік құндылықтары
Ақын жазушылар шығармашылығындағы рухани адамгершілік
Жеке тұлғаның даралық ерекшеліктері
Колледж студенттерінің танымдық іс-әрекетін дамытудағы оқу үрдісіндегі белсенді педагогикалық-психологиялық құралдардың әсері
Оқушылардың білімге құндылық бағдарын қалыптастырудың теориялық негіздері
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың ғылыми-педагогикалық негіздері
Адамгершілік тәрбиесі арқылы балаларды рухани тәрбиенің негізі қаланад
Қазіргі кездегі студенттер тұлғасының дамуы
Сынып жетекшісінің маңыздылығы
Бастауыш сынып оқушылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz