ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚОЛДАНУ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

І-тарау. Физика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану

1. 1. Физика пәнін жеке оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялар

1. 2. Жаңа ақпараттық технологияларды физика сабағында пайдаланып, оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру

1. 3. Компьютерлік оқыту мәселелері

ІІ-тарау. Физиканы оқытуда электрондық оқулықты қолдану

  1. Электронды оқулықтар туралы жалпы мәліметтер
  2. Физика пәні бойынша электрондық оқулықтардың талдау мазмұны. Физиканы оқытуда олардың әдістемелік қолдану тәсілдері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жұмыстың негізгі мақсаты - физиканы компьютер көмегімен жеке оқытуда тәжірибелік зерттеме тәсілдерін талдау мен дәйектеме беру.

Зерттеу маңыздылығы - физика пәнін оқыту үрдісіне компьютерлік технологияларды енгізе отырып, физиканы жекелей оқытудағы алғышарттарды құру болып табылады.

Жұмысты орындау барысында келесі міндеттер қойылды:

  1. Оқу еңбегін рационалды ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру;
  2. Оқытылатын пәнге қызығушылықты қалыптастыру;
  3. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін дамыту;
  4. Өз бетімен жұмыс істеудің арқасында осы дағдыларды кеңейтіп және алған білімдерін дұрыс пайдалануды қалыптастыру.

Қоғамның қазіргі заманғы даму деңгейі, жоғары білімді мамандарды, еркін ойлайтын, шығармашыл кәсіби адамдарды талап етеді. Бұл қазіргі заманғы педагогиканың алдына бәсекеге қабілетті тұлғаны, дамыту тәсілдерін қалыптастыруға міндет қояды. Соңғы он жылдықта бұл міндеттер үлкен табыстармен, зерттеме мен әр түрлі педагогикалық технологияларды білім беру үрдісіне енгізу арқылы шешіледі.

Педагогикалық технология - бұл ғылыми дәйектемелік таңдау сипаттамасы (оқушы мен оқытушының өзара қарым-қатынасын ұйымдастыратын үрдісіне), оқытушының ұйымдастырған іс-әрекетінің оқушымен өзара қарым-қатынасы, қоршаған нақтылықтың субъекті ретінде тұлғаның барынша дамытудың мақсатында әсер етуі. Тұлғаны тәрбиелеуде мақсатты процесі оның ақпараттандырылуы және әлеуметтендірілуі, өзгерту тәсілдері оның дамытылуында және өзін дамыту педагогикалық жүйелерде жүзеге асырылады. Бірақ та көптеген адамдар осы уақытқа дейін, ақпараттық технологияның білімнің дегуманизациялануына әкеп соқтыратынына үрейленеді. Алайда, компьютерлендірілген қоғамның арқасының табалдырығында жалпы және білім жүйесінде жекелей алғанда тұрғандарды алсақ, олар студенттердің қандай қуанышқа кенелетінін, достық хабарламалармен мұхиттар арқылы алмасатынын көріп, былай деуге болады: технология, керісінше білім беру ортасын гуманизациялауға қабілетті. Әрқашанда оқуға мәжбүр етіп, ол бұл оқыту үрдісін тек қана рақатқа айналдырып, бірден тәжірибелік нәтижелерді сезінуге болады.

Электроника мен оптикалық сақтау тәсілдері мен беру, өңдеу және ақпаратты көрсету мүмкіндіктері кең әрі тиімді компьютерді физика пәнін оқыту үрдісінде пайдалануға зор мүмкіндік береді.

Есептеуіш техниканың мүмкіндіктерін сабақтарда пайдалану, оқытудың тиімділігін арттыруға, оқушылардың білімінің бағасы мен сапасын жақсартуға, оқушыларға көмек беру уақытын көбейтуге мүмкіндіктер береді. Әрбір оқушы оқытудың жекелей ырғағына, оқытылатын материалдың берілген тереңділігіне, өзіне керекті көмектің деңгейіне еріп отырады.

Студенттер мен оқытушылардың еңбегін парасаттандыру мен шығармашылық қабілеттерінің компьютерлік қолдау, элиталық білім беру арқылы қызметкерлерді жоғары кәсіби дайындыққа дайындау, ақпараттың жемісті дамытылуынан білім беру жүйесі жақсы нәтижеге жетеді.

Жоғары білімді ақпараттандыру - бұл жиынтық шараларын іске асыру, мамандарды жоғары деңгейде дамытуға бағытталған, есептеуіш техникамен компьютерлік технологияларды оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарында, оқыту үрдісін басқарғанда осы саланы кеңейту жолы арқылы тиімді пайдалану.

Ақпараттандыру - студенттерге шығармашылық ойлауда оның ынталандыруына қосымша мүмкіндіктер қалыптастырады, өз бетімен жұмыс істеу маңыздылығын жеделдетеді, сонымен қатар өз бетімен жұмыс істеудің бақылауы мен өзін бақылауы жеңілдетіледі. Оқытушының жеке жұмысының деңгейі жоғарылайды, оқыту жұмысында интеллектуалды және қол жұмысы құраушыларының арасындағы байланыс өзгереді.

Қазіргі уақытта адамзат үшін өзекті мәселе болып, ашық қоғамның, яғни “шекарасыз қоғамның” құрылуы болып саналады. Білім беру жүйесінің шыңдай түсуінің ашықтық пен еріктілік ұстанымдарына сүйене отырып, оның маңызды шартының қалыптастырылуы мойындалады. Ашық та еркін білім беру бірыңғай білім беру кеңістігін құрылуын ұйғарып, сонымен қатар барлық білім беру үрдісінің қатысушыларына ақпараттандыру мен білім беру ресурстарына, әрбір оқытылушыға барынша өзінің тұлғалық сапасын дамытуға тең мүмкіндіктер ұсыну. Әсіресе, бұл басқарушы білім беру ошақтарынан қашықта орналасқан аудандар үшін өзекті болып саналады. Білім беруде парадигманың ауысуы жетілдірудің негізінде педагогикалық технологияларды педагогикалық жүйелерде білім берудің жаңа үлгісін құрудың қажеттілігін тудырады. Дүниежүзілік және қазақстандық білім беру жүйелерінде қазіргі уақытта, желілік ақпараттық технологиялардың негізінде интегралданған білім беру жүйелерінің құрылуына беталыс пайда болуда.

Ашық білім беру идеяларын іске асыру үшін жаңа үйлесім мен инновацияланған білім беру технологиялары қажет, Әсіресе бұл жүйеде қашықтан оқыту, “виртуалды” оқыту түрлеріне оқушылардың өз бетімен және жекеленген жұмыстарына орын бөледі.

Берілген жұмыста физиканы оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану қарастырылады.

Электронды және оптикалық ақпаратты сақтау, беру, өңдеу және көрсету тәсілдері, физика пәнін оқытуда компьютерлік тәсілдерді тиімді әрі кең пайдалануға мүмкіндіктер береді. Есептеуіш техника оның іргелі негізі - физика болып саналады. Оның сабақ беруде құрал ретінде ғана емес, сонымен қатар физикалық процесттер мен құбылыстарды үлгілеушісі және қазіргі көрнекілік құралы ретінде, лабораториялық жұмыстардың математикалық өңделу нәтижесінде, оқушының өзін бақылау және қадағалауында кең қолданыс табуда.

Мен есептеуіш техниканы пайдалану технологиясын сабақтарда дайын физикаға байланысты бағдарламаларды пайдалана отырып құрдым. Одан басқа оқушылардың көмегімен құрылған бақылау жұмыстары, физикалық диктантар, лабораториялық жұмыстар мен тағы басқа оқу бағдарламаларын, сонымен қатар компьютердің басқа да мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сыныптан тыс жұмыстарда компьютерді пайдаланып, оқушылармен бірігіп физика және астрономия бойынша бағдарламалар құрдым. Бұл бағдарламалар оқыту үрдісінде көптеген жеңіл амал-тәсілдер мен жаңа ойлар ойлап табуға әкелді.

Қазіргі уақытта көптеген білім ошақтарында кеңінен телекоммуникациялық викториналарды, басқатырғыштарды қолданады. Бұл дегеніміз топтық-жарыстық сұрақ-жауап ойыны, әр түрлі мектептер мен қалалардағы оқушылар тобы арасында электрондық пошта байланысын пайдалана отырып жүзеге асырылады. Жарыстың қатысушылары өзінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге жақсы мүмкіндіктері бар, себебі оларға берілген міндеттер зерттеу мінезіне ие болады. Осы мүмкіндікті біз де пайдаланамыз: бұл викторина үшін топ құрамыз, оның дайындығы сынып үшін ғана емес, мектеп өміріне қызықты іс-шара болып табылады. Топтың жұмысын ғылыми-зертеу тобының шығармашылық жұмысына жақындата отырып, теориялық және эксперименталды есептерді шешуге таңдауда ерік беріледі. Соңғы шешулер әдетте бірлесе, “ми шабуылы” арқылы өтеді, сонда оқушылар өзін белсенді ұстап және жарыс қызықты, тартымды өтеді. Бұл бағыттағы жұмыс мектептегі физиканы оқытудың барлық деңгейін қамтиды, ол біздің мектепте жетінші сыныптан тоғызыншы сыныпқа дейін (негізгі мектеп) . Бұл әр жыл сайын өзгеріп отырады, мысалы сегізінші сынып тоғызыншы сыныппен құралас топтары, жетінші-сегізінші қазақ топтары және аралас сыныптарды бірлестіре отырып жүргіземін.

Тағы да бір жаңа ақпараттық технологияның түрін қолдану, ол - қашықтан ақыл-кеңес беру орталығының ашылуы, “интернет әлемі”. Бұл жүйеде оқушының әр түрлі жас ерекшеліктеріне және барлық оқытылу деңгейлеріне қарай көптеген қызықтыратын, ойландыратын сұрақтарға бірдей әрі нақты жауаптар алуына, оқушылардың ой-өрісін, коммуникативтік қатынас қабілеттерін кеңейтіп, дамытуға үлесі зор. Ал, менде оқушыларды қызықтыруға арналған әр түрлі таныту материалдарды байытуға мүмкіндік тудырылады. Сұрақтар мен жауаптар тізімін біз ақпарат стендінде орналастырып, оны үнемі толтырып, жаңартып отырамыз. Көптеген ақпаратпен оқушылар физика кабинетінде (қағаз түрінде) және информатика кабинетінде (электронды түрде) таныса алады. Бірақ, мұндай мүмкіндіктер біздің мектепте қарастырылмаған.

Сонымен қатар, дарынды оқушылармен жекелей оқыту жұмысы жетілдірілген. Бұл сабақтарда шығармашылық, зерттеу міндетерін шешуге, өздік эксперимент жұмыстарын жасауға бағытталған.

І-тарау. Физика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану

1. 1. Физика пәнін жеке оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялар

Қазіргі әлемде ақпараттық технологиялар прироритетті білім беру мақсаттарында жетістіктін негізгі құралы болуда. Оқыту үрдісінде жаңа ақпаратық технологиялар қазіргі кезде тікелей компьютердің қолдануымен байланысты. Компьютер - оқытудың әмбебап құралы болып саналады. Ол оқушының білімін, шеберлік пен дағдылығын ғана емес, сонымен қатар оқушының тұлғасын қалыптастырады, оның қызықтыратын мүддесін қанағатандырады. Жалпы білім беру ошақтары мен жоғары білім беру мекемелерінде ақпараттық технологияларды пайдалану, оқытушы мен оқушы рөлдерін және олардың қарым-қатынастарын түбегейлі өзгертеді. Оқытушы өзінің оқушыларының, студенттерінің алдында бастапқы ақпарат арнасы, бастамасы ретінде болады. Қай жерден берілген, керекті ақпаратты алуға болады деген сұрақ, сұрақпен алмасады, қандай түрде және қандай көлемде оқушы ақпаратты қабылдап, оны меңгере алады. Жаңа ақпаратық технологияларды қолдану өзара байланыс табиғатына көптеген өзгерістер енгізеді, бұл оқытушы мен оқушының арасында, оқушы мен оқушының сонымен қатар, мұғалім рөлінің оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынасы өзгереді. Жаңа ақпараттық технология құралдары оқытушы мен оқушының өз бетімен және бірлесе отырып шығармашылық жұмыстарын өркендетуде шектеусіз мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді. Мұғалім өзінің оқушыларының өнімді жұмысының бірге қатысушысына айналады. Енді оның негізгі мақсаты - оқушылардың тұлғасын дамытуға бағыттау, шығармашылық ізденісті қолдау және олардың топтасқан жұмысын ұйымдастыру. Ақпараттық технологияларын оқыту үрдісінде қолданғанда жалпы дидактикалық міндеттерді іске асырып, оны алдына қоя білу:

  • Оқу еңбегін рационалды ұйымдастыру дағдыларын өндіру;
  • Оқытылатын пәнге қызығушылықты қалыптастыру;
  • Ақыл-ой жұмысының жалпыламалық әдістерін мақсатты түрде қалыптастыру;
  • Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауын дамыту;
  • Оқушылардың шығармашылық жұмысын түрлендіруге дайындау;
  • Алынған білімді пайдалануды өндіре білу және өз бетімен оқытудың арқасында бұл білімді кеңейту.

Оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану, оның маңызды оқыту ұстанымын - жеке ұстанымын анықтайды. Әрбір оқушы жекеше оқыту ырғағына, атап айтқанда өзіне қажетті көмектін деңгейіне, жұмыс қарқынына оқытылатын материалдың берілген тереңділігіне ереді. Оқыту үрдісінің бүтінділігі бұл жағдайда өзгермейді. Жекелей оқыту арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен оның дифференциясына көшу жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану кезінде оқушылардың себепті өзгерістері болады.

Білім беру үрдісінде ақпараттық технологияларды жөнді пайдалануы, оның көмегімен дидактикалық ұстанымдар жетілдіріледі, ғылыми қол жетуі, көрнекілік, саналы және белсенділігі, жекелей оқытылуға жақындалу қалыптасады. Жаңа ақпараттық технологияларды сәтті пайдалануда әртүрлі әдіс-тәсілдер, түрлер және оқыту құралдары байланыстырылады.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып оқыту - бұл қажеттілікке сай оқытушыны алмастыруға болады, яғни тәуелсіз болудың оқыту тәсілі.

Оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолданудан нәтижелі әсердің алынуы бұл ақпараттық және көрсету бағдарламалары, компьютермен оқушының жұмысын интерактивті тәртібін қамтамасыз ететін үлгілеуші бағдарламалар, білімділік деңгей диагностикасына арналған эксперттік жүйелер. Интернет желісінің ақпараттық ресурстарына жолдың ашықтылығы[1] .

Қазіргі білім беруде екі түрлі оқыту түрін бөліп көрсетуге болады: тізбектелген, қатаң белгіленген (сызықтық) оқытылу және сызықтық емес (тізбектелмеген) жеке бағдарлық оқыту.

Ең қызықты және кемелді болып сызықтық емес, тұлғалық-бағдарлық оқытылу болып табылады, оның өзі ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың арқасында, оған мүмкіндік ашылды.

Математикалық-жаратылыстану кезеңінің пәндер курстары бойынша оқыту үрдісін сызықтық емес білім үлгілері мен сызықтық емес құралдар, технологиялармен оқытуда едәуір жетілдіріле түседі.

Есептерді шеше алатын шеберлікті көрсету үшін әдетте декларативті білімді яғни, деректер туралы білім, құбылыстар мен заңдылықтар, процедуралық білімдерді айыру қажет. Процедуралық білімдер декларативтік негізінде интенсивті тәжірибе жолында пайда болды. Осы білімге ие болған жоғары мамандандырылған эксперттерді осы қасиетпен басқалардан айыруға болады.

Декларативті білімге компьютерлік жүйелерді оқыту қазіргі гипермәтін мен мультимедиа технологияларының арқасында жоғарғы мүлтіксіздік деңгейіне бұрын жетті. Әсіресе, білімнің екінші түрін берумен үлкен қиындықтар байланысқан (себебі, бұл ортада есептерді шығаруды үйрету үшін) маманның процедуралық біліміне сүйене отырып, оған есептерді шығарып үйретуге болатын орта қажет. Яғни, қарастырылып отырған пәндік саласының, есептерді, міндеттерді шығаратын үрдістің үлгісі құрылуы керек. Осы сияқты үлгілерді типтік алгебра мен геометрия салалары бойынша құру мәселе емес, себебі бұл берілген жағдайда математик-эксперт анық оның тамаша стратегиясын қалыптастыра алады, осы құрылған жоспар бойынша оқушы нақты шешімге келе алады немесе көптеген толық жетілмеген білім салаларымен жұмыс істеуге тура келеді.

Берілген жағдай дәстүрлі алгоритмдік деректерді өңдеу әдістері негізіне де білім бірлігінің жиынтығы - білімдер базасы әдісін құра және қолдана отыруға әкелді. Бұл өз алдына мәселелері бар салалар мен олардың байланысы, объектілерінің іс-әрекеті және де анықталмағандықпен осы әрекеттердің орындалуын көрсетеді.

Жасанды зердені зерттеу барысында соңғы 10-15 жыл ағымында өз алдына экспертті жүйелер бағыты қалыптасты (жиналған білім деректерінің негіздемесіне сүйене отырып) . Эксперттік жүйелердің тағайындалуы, өте қиын есептерді жиналған білім деректерінің негіздемесінен тұжырымдалады. Бұл орайда қарастырылатын мәселесі бар саланың жұмысы айқындалады. Осы эксперттік жүйелерді қолданудың оң қасиеті болып әртүрлі жағдайларда шешімдер қабылдау мүмкіндігі, бұл жағдайларда оның алгоритімі алдын-ала белгісіз және пайымдаулар тізбегі түріндегі берілген деректер бойынша қалыптасады.

Соңғы жиырма жылда білім беру саласы үшін интеллектуалды жүйелер облысындағы мамандар эксперттік жүйелерді құру мен пайдалану аймағында белсенді зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Жаңа экспертті жүйелер тобы - экспертті оқыту жүйелері пайда болды.

Экспертті оқыту жүйе дегеніміз бұл - қандай да бір пәндік облысы бойынша эксперт білімі негізінде педагогикалық мақсаттың іске асырылуы, үйретудің басқару мен үйрету диагностикасын іске асырып, сонымен қатар эксперттердің (пәндік-маман, әдіскерлер, психолог-мамандар) мінез-құлқын, жүріс-тұрысын айқындап көрсетеді. Экспертті оқыту жүйенің эксперттілігінің негізі оның оқыту әдістемесінде, соның арқасында ол оқытушыларға оқытуға, оқушыларға оқуға көмектеседі.

Бірақ та, осы уақытқа дейін жасалынған көптеген жүйелерді оқушымен шектелген қарым-қатынас әдістерін ұйымдастырған, сонымен қатар өзінің жұмысын түсіндіру барысы бар жүйелер жетілдірілмеген. Оқыту үрдісіндегі пайдаланатын бағдарламаның педагогикалық құралдарды эксперттік үйрету жүйелерінде пайда болған оқу саласына арналған жаңа буындағы бағдарламаның құралдары пайда болуына орай, оларды ұғындыру қажет болды, бірақ нақты түсінік берілген жоқ. Эксперттік оқыту жүйесінің архитектурасы екі негізгі компонентті ерекшелейді:

  1. Білім базасы (білім бірлігін сақтайтын орын) ;
  2. Интеллектуалдық интерфейстен, алынатын нәтижелердің түсініктемелері мен алынатын білімнен, шешімді шығарушы механизмнен тұратын білімнің бағдарламалық өңдеу құралы.

Оқушы мен экспертті оқыту жүйелер арасындағы деректермен алмасуын интеллектуалды интерфейстің бағдарламасы орындайды. Сонымен қатар, ол оқушының хабарламасын қабылдап, оны білім базасын бейнелеу түріне түрлендіріп, керісінше ішкі нәтиже бейнесін оқушы пішініне түрлендіріп, керекті жад тасуышына хабарды береді. Экспертті оқыту жүйесі мен оқушы арасындағы қатынас диалогын ұйымдастырудың маңызды талабы оның табиғилығында. Есептерді шығарғанда маңыздысы оның тізбектелуінде, профессионалды терминдерде оқушы бейнесімен және оқушының көрінісімен сәйкес болып оның профессионалды терминдерде жүргізілуі.

Үйрету саласында жұмыс істейтіндерге түсіндірме жүйелерінің жақсы дамытылуы экспертті оқыту жүйелері үшін де өте маңызды болып табылады. Бұнда экспертті оқыту жүйелерін оқыту үрдісінде “мұғалімнің” белсенді рөлін ғана емес, сонымен қатар жүйенің ішінде болатын ішкі процесттерді қолданбалы облысты үлгілеудің көмегімен зерттейтін, анықтамалықтың рөлін де атқарады. Жетілдірілген түсіндіру жүйесі екі компоненттен тұрады: белсенді, оқу үрдісі барысында беретін ақпараттық хабарлар жиындарын, нақты шешімі бар есеп жолынан тәуелді болатын, толығымен жүйенің анықталуымен; оқушының бағдарлық іс-әрекетінің әрекетсіздігі, енжарлығы (түсіндіру жүйесінің негізгі компоненті) .

Түсіндіру жүйесінің белсенді компоненті болып ашық, жүйеден алынған нәтижелер мен әрекеттермен еретін түсіндірме болып табылады. Түсіндірме жүйесінің әрекетсіз компоненті болып - білімнің негіздемесіне сай, тек қана жүйеге тән, ақпараттық қолдаудың сапалы жаңа түрі. Бұл компоненттің оқушымен шақырылатын жетілдірілген көмек жүйесінен басқа, есепті шығару барысының түсіндіру жүйесі бар.

Жетілген түсіндіру жүйесінің маңызды ерекшелігі болып, оқушымен қарым-қатынаста табиғи тілді қолдауында. “Мәзір” жүйесін кең түрде пайдалануы ақпаратты дифференциалдап қана қоймай, жетілдірілген экспертті оқыту жүйелері оқушы дайындығының деңгейі мен оның психологиялық портретін қалыптастырады.

Бірақ та оқушыны есептің толық шығарылуы көптеген керек емес бөлшектері әрқашан оны қызықтыра бермейді. Бұл жағдайда, жүйе тізбектен тек қана қажетті сәттерді, олардың маңыздылығы мен оқушының білім деңгейін есепке алуға тиісті. Ол үшін оқушының білім және ниет үлгісін білім базасында қолдау болу керек. Егер де оқушы берілген жауапты түсінбеуін әрі қарай жалғастырса, онда жүйе қандай да бір білім фрагментінің, қолданған үлгінің негізінде білім мәселелерін толық мағынасын ашуға үйрету қажет.

Экспертті оқыту жүйесінің жасалушы және пайдаланушының негізгі ұстанымы болып өзін үйретуші және өзін танытушы конструктивті оқыту үрдісі алынған.

Өзін таныту және өзін оқытуды қолдануда конструктивті оқыту үрдісін экспертті оқыту жүйесін жетілдіру мен қолданудың негізгі ұстанымына алынған, ол субъектіні оқытудың қызметтік үйлесімін жарастыра отырып, экспертті оқыту жүйесінің жетілдірілуімен және өзара тоғысу әсерінің экспертті оқыту жүйесінің оқытудың өзін-өзі таныту және өзін оқытуды жетілдіру негізінде болады. Ұсынылған кестенің негізгі айыратын сәттері болып:

  1. Оқушының мүмкіндігі бойынша тірегі;
  2. Оқыту барысының басқаруымен білім базасын құрғандағы эксперттік және тану әдістерін кең түрде пайдалануы;
  3. Білім бақылауы мен оқытудың әр түрлі сатысындағы қызметтік үйлесуін пайдаланып, оқушының өзі педагог рөлінің орнын баса алады, ұсынылатын тапсырмалар конструктивтік мінез-құлыққа ие болады, оқыту үрдісі рекурсивті болып табылады. Оқыту барысында ізденім элементтері енгізілген, яғни егер ақпарат толық және анықталмағандық шартында шешімді қабылдау керек болса, онда мүмкін оқыту үрдісін сол кесте бойынша тереңдетуі қажет.

Экспертті оқыту жүйесінде құралатын есептің сапалы шешілуі үшін білімді толық бірлескен жүйеге қабылдап, құрамалау үшін, кемінде оның үш типі болуы тиісті: пәндік саланы зерделеу туралы, оқыту стратегиясы мен педагогикалық әдістері туралы (педагогика саласы), тұлғаның психологиялық ерекшелігі туралы, қызметтің таным, ойлау сипаттамалары (психология саласы) .

Білім алуды ұйымдастырудың үрдісін пайдалану үшін репертуарлық тор әдістемесін ұсынуға болады, экспертті оқыту жүйесінде пайдаланылатын қиын құрылымды білімнің бірлескен табиғатын анықтауға мүмкіндік береді. Оқушының пәндік, әдістемелік-педагогикалық, психологиялық даралығын ескереді. Танымдық қызметтің себебімен басқаруға, берілген және айқындалған элементтер мен құрылымды пайдалану мүмкін болады.

Осы әдіс түрін пайдалану ұстаздың профессионалды қызмет тәжірибесін студентке беруге мүмкіндік туғызады. Бұл жеке тәжірибе түсінік беретін ақпаратта райланып, оқытушының құрылымына салыстырмалы түрде оңай бөлшектеніп, құрмаласады, ол көбінесе жақсы жетілдірілген амал-тәсілдердің көмегімен автоматты түрде анықталады. Әрбір студенттің жеке-дара оқытылуы - тәсілдің мағынасында негізі қаланған, сонымен қатар, әрбір студент өзіне қажет деген стратегияға сәйкес пәндік саланы зерттеуде тұжырымдалады.

Экспертті оқыту жүйесінің басты жетілдіру мақсаты болып, оқытушы білімінің деңгейін салыстырғандағы студенттің ағымдағы білім деңгейінің бағалануы саналады. Екі торлар тобын салыстыру оқытушы мен оқушы көріністері арасындағы айырымды бағалауға мүмкіндік береді.

Экспертті оқыту жүйесінің технологиясына негізделген физикалық компьютерлік бағдарламалар, білім беру үрдісінде көп таралған. Қазіргі кезеңде жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың жаңа сатылары жоспарлануда. Ұсынылатын концепциясының негізінде келесі ережелер кірістірілген:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
Физика курсының электр тогы бөлімін мультимедиа технологиясы негізінде оқыту әдістемесі
Физика сабағында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі
Физика оқыту үдерісінде электрондық оқулықтарды пайдаланудың теориялық негіздері
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар туралы жалпы түсінік
СҰЙЫҚТАРДЫҢ ҚАСИЕТІН ОҚЫТУ
Статистикалық физика.Физикалық кинетика негіздері оқулығы бойынша электрондық оқулық құру тақырыбын
Гуманитарлық бейіндегі сыныптарда физиканы оқытуда оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
Физиканы оқытуда физикалық құбылыстардың виртуальді нобайларын қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz