ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ – ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІН ЗЕРТТЕУШІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

І тарау. ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ - ФОЛЬКЛОРТАНУШЫ

  1. Ел ескілігін жинаушы
  2. Ауыз әдебиетін зерттеуші

ІІ тарау. ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ - ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІН ЗЕРТТЕУШІ

2. 1. М. Қашқариден - Мағжанға дейін

2. 2. Махамбеттанудың негізін қалушы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеуде Алаш әдебиеттануның көрнекті өкілі Халел Досмұхамедұлының әдеби-зерттеу еңбектері қарастырылды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Алаш қайраткерлері қазақтың рухани дүниесін байытатын мәдени, әдеби құбылыстардың қай-қайсысына болса да баға беруге тырысып, өз заманынында қалың көпшілікке таныстырып отырды. Осындай ұлт үшін рухани мұраны насихаттаған үлкен шоғырды өз тарихымызда ең алдымен алашшылдар арасынан табамыз.

Алаш қозғалысы - белгілі бір кезеңді қамтыған саяси, тарихи, қоғамдық құбылыс қана емес, тұтас ұлттық өрлеуді тудырған орасан оқиға. Соның ішінде қайраткерлігімен де, қаламгерлігімен де ұлтына қызмет еткен Халел Досмұхамедұлы сияқты ұлы тұлғалардың орны айрықша. Халел Досмұхамедұлының әдеби мұрасын зерделеу - зерттеу өзектілігін тереңдете түседі.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Халел Досмұхамедұлының зерттеу еңбектері туралы Б. Кенжебаев, З. Қабдолов, Қ. Жұмалиев, Т. Кәкішев, Ж. Тілепов, А. Мектепов, Ғ. Әнесов, Б. Омаров, Қ. Тілешова, т. б. ғылыми еңбектер жазды.

Зерттеу нысаны. Х. Досмұхамедұлының ғылыми еңбектері мүмкіндігінше қамтылады. Зерттеу еңбегінің негізгі нысаны ретінде Х. Досмұхамедұлының 1991жылы жарық көрген «Аламан» атты зерттеу еңбегі мен 1998 жылғы «Таңдамалы» шығармалар жинағы алынды.

Зерттеу пәні. Зерттеу барысында Халел Досмұхамедұлының әдеби мұрасы нақтылы мәнде зерттеу пәні ретінде алынды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Х. Досмұхамедұлының зерттеу еңбектерін қазақ әдебиеттану ғылымының басты даму бағыттары аясында қарастыра отырып, оның сан-салалы ғылыми мұрасын ғылыми айналымға енгізу - зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады.

Осы мақсат жүзеге асуы үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:

- Х. Досмұхамедұлының көрнекті фольклор зерттеушісі екендігін айқындау;

- ауыз әдебиеті үлгілерін жинап-зерттеудегі еңбегін саралау;

- ғалымның зар заман әдебиетін жаңғыртуға қосқан үлесі жайлы жаңа байламдар жасау.

Зерттеу жұмысының жаңалығы. Зерттеу жұмысында Х. Досмұхамедұлының ауыз әдебиеті мен алаш әдебиеті саласындағы ғылыми еңбектері, зерттеу мақалалары алғаш рет зерттеу көзіне айналып отыр. Қазақтың бас ақыны Абай, «Ереуіл атқа ер салмай, еңку-еңку жер шалмай, ерлердің ісі бітер ме?» - деп ұран салған ержүрек ақыны Махамбет, халықтың зарынан туған көркем әдебиетке зар заман деп айдар таққан зарлы заманның Мұраты, шерлі Шерниязы, өзі ақын, өзі қажырлы Алмажан Азаматқызы, ел ішінде Балқы Базар атанып кеткен дүлдүл жырау Базар Оңдасынұлы жөнінде алғаш рет тұщымды да түбегейлі ойларын жүйелеп, ғалымның ғылыми мұрасының құндылығы айқындалады.

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негіздерін Қазақ әдебиеттану ғылымындағы А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Ә. Қоңыратбаев, З. Қабдолов, Х. Сүйіншәлиев, Қ. Жұмалиев, Ы. Т. Дүйсенбаев, Б. Кенжебаев, Ж. Кенжалин, Қ. Сақ, Ө. Әбдіманов, Т. Кәкішев, Д. Қамзабекұлы, Б. Омаров, М. Төлегенов, Ө. Күмісбаев, А. Қанафин, Е. Бертельс, Ә. Жиреншин сынды көрнекті ғалымдар мен әдебиеттанушылардың еңбектері жұмысқа теориялық және әдіснамалық негіз ретінде ұсынылды.

Зерттеу әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысын жазу барысында алға қойған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін тарихи-салыстырмалы, анализ, синтез, тарихи-хронологиялық, талдау әдістері қолданылды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Х. Досмұхамедұлының ғылыми-зерттеу еңбектерін зерттеу нәтижесінде төмендегідей ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді:

- Х. Досмұхамедұлы - қазақ әдебиетінің көкейтесті мәселелерін зерттеуде ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлттық әдебиеттану саласында құндылығы ұшан-теңіз еңбектер қалдырған ғалым;

- ғалымның қазақ фольклорына қатысты зерттеулері ауыз әдебиетіне қосылған қомақты үлес болып саналмақ;

- Х. Досмұхамедұлының зар заман әдебиетіне қатысты зерттеулері сол дәуірді едәуір тануға ықпал етеді.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Халел Досмұхамедұлы - Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап насихаттаушы, аудармашы.

1883 жылы сәуірдің 24 бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында дүниеге келген.

Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс-қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады.

Жасынан зерек Халел 1902 жылы Орал әскери реалдық училищесін үздік бітірді. 1903 жылы Санкт-Петербургтегі императорлық әскери медициналық академияға оқуға түседі. Халелдің студенттік кезеңі Ресейдегі саяси толқулармен тұстас келді. Мұның өзі жас жігіттің саяси көзқарастарының қалыптасуына игі әсер етті.

1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын медальмен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды. 1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды. 1913-1918 жылдары «Қазақ» газетінде «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік - сүзек», «Жұқпалы ауру хақында» сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. «Как бороться с чумой среди киргизского народа» (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды. Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласында облыстық, жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге атсалысты. Сәуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал облыстық қазақ съезінде Ж. Досмұхамедовпен бірге «Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері» атты жергілікті және облыстық деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бірауыздан дауыс берді. Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, І жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.

1917 жылы ІІ жалпы қазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі - Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер - халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В. И. Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И. В. Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді.

1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым - «Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін» жариялауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған «Алашорданың батыс бөлімшесі» деген ат берді. Осы кезеңде Халел Алашорданың атты әскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, «Еркін қазақ» газетін шығаруға көп еңбек сіңірді.

Алашорда таратылғаннан кейін басқа қазақ зиялылары секілді Халел де жаңа өкіметтің жұмысына тартылады. 1920 жылы 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты жанынан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушысы болды.

Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық емханасында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды. Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты. Халел Досмұхамедұлы бір өзі бірнеше қызметтер атқара жүріп, ұлттық мектептердің ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған жүйесін құруға, қазақ тіліндегі ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған ұлттық мектептерге ана тілінде оқулық жазу қажет болады. Осындай қажеттілік Халелді атқарып жүрген толып жатқан қоғамдық қызметтерін ана тіліндегі оқулықтар жазумен және оны шығару жұмыстарымен ұштастыра жүргізуге мәжбүр етті.

Алаш қозғалысы қалыптастырған зиялылардың ішінде Халел Досмұхамедұлының қайраткер ретінде де, қаламгер ретінде де орны ерекше. Ол сонау 1905 жылдан бастап Алаш қозғалысының басы-қасында жүрді. 1905 жылы Орал қаласында бес облыс өкілдері жиналған Қазақ конституциялық-демократиялық партия құру жиналысына қатысқан он сегіз жасар Халел ісімен де, сөзімен де туған халқына қызмет етіп өтті. Халел күрескерлік жолмен ел арасында жүріп, көнеден қалған мұраларды жинауға белсене кірісті. Оның осы саладағы еңбектері кейінгілерге дерек көзі ретінде мол пайдасын тигізді.

Халел - студент күннен-ақ ұлтшыл, жинаған білім қазынасын халыққа таратуды өзіне борыш санаған һәм сол пікірін іспен көрсете бастаған қазақтың үмітті ұлы еді[1, 45] .

Халқының жан саулығы мен тән саулығының шипагері бола білген Халел арнайы шақырумен Орынбор қаласында өткен Жалпы қазақ қырғыз съезіне қатысады. Осында қазақ қырғыз өлкелік автономиясы жарияланады, Алашорда өкіметі құрылады. Ол соған мүше болып сайланады.

Х. Досмұхамедовтың ғылыми ізденістермен тереңдеп шұғылдануына басты екі қызметі әсер етті. Біріншіден, қазақ-қырғыз білім комиссиясының, екіншіден, Мемлекеттік ғылыми кеңестің төрағасы болуы еді.

Ол қазақ әдебиеті мен мәдениеті үшін құнды бірқатар еңбектер тындырды. Халел Досмұхамедұлы қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі - сингармонизм заңын зерттеді. Ол «Қазақ халық әдебиеті. Қысқаша очерк», «Самарқан шаһарындағы «Тіллә-кәри» және «Ширдар» медреселерін салдырушы Жалаңтөс батырдың шежіресі», «Бұхарадағы Көгілташ медресесінің салынуы туралы әпсана», «Қазақ-қырғыз комиссиясынан», «Шернияз шешен», «Алаш не сөз», «Диуани лұғат ат-түрік», «Кенесарының соңғы күндері», «Қазақ әдебиетінің тарихы» сияқты т. б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды, «Тайманұлы Исатайдың қозғалысы туралы қысқаша мағлұмат», «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингормонизм заңы», «Мұрат ақынның сөздері» сияқты күні бүгінге дейін деректік мәнін жоймаған жинақтарын шығарды.

Халел Досмұхамедұлының қаламы жүйрік журналист болғанын қазақ тілінде шығып тұрған «Шолпан», «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Сәуле» сияқты газет журнал беттерінде жарияланған мақалаларынан айқын көруге болады. Ол сонымен бірге қазақ қырғыз білім комиссиясы жанынан «Сана» журналын шығарып, өзі соның редакторы болған.

Қазір біз тарихымызды зерттеп, тіліміздің, өнеріміздің рухани мұраларымыздың терең тамырын тануға кірістік. Белгілі ғалым, академик-жазушы З. Қабдолдың сөзімен айтқанда, шын мәнінде халқымыздың ояну дәуірі туғызған алыптардың қатарында жарық жұлдыздар шоғыры секілді Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқаев есімдерімен қатар Халел Досмұхамедұлы есімін атауы әмбебап ғалым Халел Досмұхамедұлына берілген әділ баға болып табылады. Бүгінде Халелтану бағытында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.

Халел Досмұхамедұлы - әдебиет зерттеушісі ретінде біраз еңбек сіңірген ғалым. Оның әдебиет зерттеушісі хақындағы қызметіне академик З. Қабдолов өте әділ баға берген: « . . . Данышпан Досмұхамедов мұнымен тынбайды, туған халқының даналығын тек оның өзіне ғана емес, өзге жұрттарға да анық таныту үшін, енді орыс тілінде «Казахская народная литература и ее содержание» («Қазақ халық әдебиеті») деген кітап жазып бастырады. Сөз өнері туралы тек осы кітабынан басқа ешнәрсе жазбаса да дәрігер Досмұхамедов тамаша әдебиет зерттеушісі ретінде тарихта қалған болар еді. Өйткені бұл кітап - қазақ әдебиетінің тегі (генезисі), қайнар көз жайында Халекең ашқан «Америка» [1, 53] .

Х. Досмұхамедұлы тарих саласында ХІХ ғасырдағы қазақ жеріндегі ұлт-азаттық қозғалыстарға алғашқыларының бірі болып ғылыми талдау жасады. Сонымен бірге Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы және Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ тарихындағы ең айтулы көтерілістердің тарихи маңызын, ерекшелігін, олардың бір-бірімен ұқсас тұстарын және айырмашылықтарын алғаш рет ғылыми деректерге сүйене отырып, сауатты талдау жасайды. «Тайманұлы Исатайдың қозғалысы турасында қысқаша мағлұмат» дейтін қысқа емес, ұзақ зерттеуі - әдеби-шығармашылық еңбектерінің шыңы.

Алашшылдар қазақ халқының болашағын таптық жікке бөлуден емес, ұлттық бірліктен көргенін, халықтың тұрмыс-тіршілігін басты назарға алғаны мәлім болды. Алашорданың қызметіне араласқаны - Халелдің өміріндегі ақтаңдақ емес, қайта оны төл халқының ұлы мақсатына жақын етіп көрсетеді. Қорыта айтқанда, Х. Досмұхамедұлы - халқына өзін арнаған ғылым адамы. Бойындағы күш-қуатын, сана-сезімін сарқа еңбек еткен. «Өз еліміздің өткен-кеткені туралы, басынан кешкен дәуірлері туралы . . . ата-бабаларымыздың істерімен танысып, кеткен жаңылыстарына күйініп, жақсылықтарына сүйініп ғибрат алмақ - адамға сана береді» [2, 51] , - деп, оның өзі айтқандай, алашшылдар мен тапшылдарды бөле-жармай, ендігі жерде қазақ халқының басынан өткен үлкен бір белесі, сабағы деп қабылдау керек.

Алаш қайраткерлері қазақтың рухани дүниесін байытатын мәдени, әдеби құбылыстардың қай-қайсысына болса да баға беруге тырысып, өз заманынында қалың көпшілікке таныстырып отырды. Осындай ұлт үшін рухани мұраны насихаттаған үлкен шоғырды өз тарихымызда ең алдымен алашшылдар арасынан табамыз. Алаш қозғалысы - тек қана белгілі бір кезеңді қамтыған саяси, тарихи, қоғамдық құбылыс емес, тұтас ұлттық өрлеуді тудырған орасан құбылыс. Соның ішінде қайраткерлігімен де, қаламгерлігімен де ұлтына қызмет еткен Халел Досмұхамедұлы сияқты ұлы тұлғалардың орны айрықша.

Халел Досмұхамедұлының соңында атын сақтап қалған кітаптары мен мерзімді баспасөз бетіндегі мақалалары бар. Олардың бүгінгі ғылыммен үндестігі қандай? «Халел Досмұхамедұлы - әдебиет зерттеушісі» деп аталатын диплом жұмысы тақырыбына сұраныс осыдан туып отыр.

Алға қойған проблемасы: ғалым Халел Досмұхамедұлының әдебиеттанудағы еңбегін зерделеп, орнын анықтау, қосқан үлесіне лайықты баға беру.

  • Халел Досмұхамедұлы - қазақ фольклорының жүйе кестесін жасаушы;
  • ол кестенің ерекшеліктерін анықтау. Қыз Жібек, Кенесары, Наурызбай жырларын ғылыми басылымдармен салыстыру, көлемдік ерекшеліктерін анықтау;
  • «Диуани лұғат ат түрк» еңбегін қазаққа алғаш таныстырушы;
  • Абай, Махамбет, Шернияз, Нысанбай, Мұрат ақындар туралы Халел пікірлерінің өміршеңдігін дәлелдеу;
  • Базар ақын мұрасын алғаш жариялаушы әрі таныстырушы[3, 25] .

1. 1 Ел ескілігін жинаушы.

Түс жору.

  1. Түс ж

Халел Досмұхамедұлының фольклорды жүйелеген кестесінде түс жору - өз алдына бөлек жанр. Халықтың арасындағы түске деген сенімге Ә. Диваев та ерекше көңіл аударған[4, 27] .

М. Әуезов: «Құртқаның өз басына арналған тілегі мен ойы жоқ. Сол Қобыландының өміріне тілеуі мен қызметін қосып жіберген жан». - деп жазады. - Сондықтан доспал айтудан басқа түс те көреді. Түсінде Қобыландыны тауып отырады[5, 72] .

«Қыз Жібек» жырына арнаған зерттеуінде «жырды ырым жырым, түс көру сияқты сезімдерге де мән беріледі», - дейді[5, 212] . Түстің этнографияға қатыстылығы - оның жоруы, ал фольклордағы қызметіне тоқталсақ, жалпы, қай халық болса да түске деген сенімнің күштілігін бастан кешкен. Бұл - түстің адам жанымен байланысты қабылдауында. Адамның «екінші мені» - жаны, жан денеден шығып, не істеп, не көрсе, сол түс болады деп есептелген. Түс фольклорлық шығарманың көп жанрына кіріккен. Батырлар жыры мен ертегілердегі түстің қызметіне тоқталып, айқындап көрмекпіз. Х. Досмұхамедұлы түс көру мен жорудың поэтикалық суреттемелері баршылық деп қабылдаған[2, 29] .

Түсті баяндау мен оны жору шығармаға тән композициялық құрылымға бағынады. Түсті баяндаудың басы - клише-формуламен орныққан.

  1. Бүгін мен түс көрдім,

Түсімде жаман іс көрдім.

(Қыдырбайұлы Қобыланды)

  1. Мен бір бүгін түс көрдім,

Түсімде жаман іс көрдім.

(Қыз Жібек)

  1. Азаматтар, жарандар,

Мен бір бүгін түс көрдім.

Жоруға болмас жалтарып,

Түсімде жаман іс көрдім.

(Алпамыс. Батырлар жыры, 2-том, 208-б. )

  1. Білдің, шеше, түс көрдім,

Ер қорқардай іс көрдім.

(Қарабек)

  1. Мен бір бүгін түс көрдім,

Көп қиындық іс көрдім.

(Алты жасар Алпамыс. Ертегілер, 4-том, 275-б. )

Оқиғаның бандалуы мен эпикалық пафостың бөлігінде көркемдеу тәсілдері молынан қолданылады. «Хабар түс көру түрінде болса, онда мотив-сөзде ауыстыру (метафора) мен астарлау (символ) айрықша қызмет атқарады. Кейбір жырларда түс көру ешбір астарлаусыз-ақ тура мағынасында суреттеледі. Бұл, әсіресе, батырдың болашақ қалыңдығын түсінде көріп, жолға шығуына байланысты» деген пікірді ғалым Ш. Ыбыраев жазады[6, 272-273] .

Көрген түсті баяндап, сосын сол түсті қайталау арқылы әр нәрсенің шешуі айтылады.

Күн батыстан көк бөрі

Қобыланды батыр болмасын.

Ойда жатқан отыз қой

Отыз төрең болмасын.

Қазы, мифти болмасын.

Немесе:

Отырған жері ой шұқыр,

Көпшікті ері болмасын.

Басқан жері май шұқыр,

Үзеңгісі болмасын.

(Қыдырбайұлы Қобыланды)

Батырлар жырында көрген түстің растығына сендіріп, онда айтылған ерлікті қайталап көрсету кездеседі. Түсті баяндаудың түйіні де, негізінен, клише-формулаға бағынады.

  1. Осы түсім жаман түс,

Осы айтқаным келмесін.

(Қыдырбайұлы Қобыланды)

  1. Бұл түс емес еді ғой

Көруге маған лайық.

(Қыз Жібек)

Батырлар жырында түс, негізінен, екі жағдайда көрінеді:

1. Бабалардың аян беруі;

2. Түс - хабаршы, болашақты болжауға қызмет етуі.

Ал халыққа тізесі батқан хандардың іс-әрекеттері әшкереленіп отырады. Мысалы, «Түс көрген патша», «Хан Шалқан» ертегілері. «Алты жасар Алпамыс» ертегісінде қалмақ ханның аузынан:

  • Мен бір бүгін түс көрдім.

Көп қиындық іс көрдім.

Заманым қағынды,

Қағынғандай не қылды?-

деп айтқызуы түстің идеологиялық қызметке тәсіл, әдіс болатынын көрсетеді.

Кейіпкерлерге байланысты қарастырсақ та, бұл ой ашыла түседі. Халыққа жағымсыз кейіпкердің түс көруі екі түрлі жағдайда беріледі. Бірі - ханның өзі, немесе, әйелі мен қызының түс көріп, батырдан қорқуы. Екіншісі - бай баласы түс көрсе де, оның жоруын іздеп, ол шықпайды. Көбіне тазша бала түсті сатып алып, не қиындық көрсе де, ақыры, бақытқа қол жеткізеді. Түстің жору сол - бақыт болып шығады. Бір қарағанда, тазша баланың бақытқа жетуіне оның өз ақылының аздық етуі мен белсенді әрекетнің жоқтығы көрінеді[7, 151] . Бірақ оның да қасында сенетін адамы - әйелі бар, түсті сатып алып, сәттіліктен, бақыттан ол да құр алақан қалмайды.

Халық өзі жақ болып отырған жағымды кейіпкерге түс арқылы алдағы қауіпті сапардан сақтандырып отырады. Мысалы, Айдос батырдың қалыңдығы Қарашаш түс көріп, «бұл сапар бармасын, барса өледі», - деп хабар береді. Бірақ Айдос оның сөзіне тоқтамайды. Ақыры, жау оғынан жаралы болып өледі. Қыз Жібектің сөзінде де осы жағы бар. Яғни, түс ғұрыптық фольклорда халықтың фаталистік сенімін де көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Х.Досмұхамедұлының сыншылдық-эстетикалық көзқарасы және әдеби мұрасы
Х. Досмұхамедұлының «Адамның тән тірлігі» және «Жануарлар» кітаптарына контент-анализ әдісі арқылы талдау жүргізу
Халел Досмұхамедұлының әдеби мұрасы
Халел Досмұхамедов ойларымен қандай үндес
ЗАР ЗАМАН ӨКІЛДЕРІНІҢ АЗАТТЫҚТЫ ЖЫРЛАУЫ
Халел Досмұхамедұлы және Алаш қозғалысы
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі
Қоғам және мемлекет қайраткері энциклопедист - ғалым, профессор Халел Досмұхамедұлының көптеген зерттеу еңбектерінің бірінде
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz