Дене қасиеттерін қалыптастырып, дамытуда ең маңызды құрал ретінде спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын пайдалану



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 Шағын кешенді мектептерде денешынықтыру сабағын ұйымдастыру ... ... ... 6

1. Оқу жұмысын жоспарлау және денешынықтыру сабағын ұйымдастыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Cабақ ұйымдастырудың негізгі
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Сабақтың құрылымы және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2 Сыныптан тыс сабақ түрлерін ұйымдастыру
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.1 Сыныптан тыс уақытта спорт жарыстарын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... .19
2.2 Сабаққа дейінгі гимнастика, спорт сағаты мен сергіту минуттарын
өткізу әдістемелік және сабақ
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22

2.3 Жазғы тынығу лагерьлеріндегі дене тәрбиесінің маңызы, мақсаты
мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

2.4 Окушыларды дене тәрбиесінс кызыктыруға арналған насихаттық
тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.5 Бастауыш сынып жасындағы балалардың анатомиялық - физиологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..39
2.6 Қимыл-қозғалыс ойындарын жүргізу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... 44
3 Дене қасиеттерін қалыптастырып, дамытуда ең маңызды құрал ретінде
спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... 49
3.1 Ойындар - дене тәрбиесінің ерекше
түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
3.2 Қазақтың ұлттық ойындарының дене тәрбиесін дамыту құралы ретінде
қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54
3.3 Қазақтың ұлттық қимыл-қозғалыс және спорттық ойындарының оқушыларды
жан-жақты дамытуға тигізетін
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..58
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 62
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .64

Кіріспе

Өзекті мәселе. Кез келген қоғамның өсіп-өркендеуі, әлемдік өркениеттен
өзіндік орын алуы оның білім деңгейіне байланысты. Сондықтан Қазақстан өз
тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап білім беру ісін реформалауға
кірісті. "Білім туралы" заң қабылданып, жалпы білім беру жүйесіне
бағытталған тұжырымдамалар, мемлекеттік білім стандарты, бағдарламалар мен
төл оқулықтардың жазылуы - мектеп өміріне қатысты реформалардың жүріп
жатқандығының айқын куәсі.
Қазіргі өтпелі кезеңде республикамыз әлеуметтік - экономикалық
дағдарысты басынан кешіруде. Бұл дағдарыс білім беру жүйесіне, әсіресе,
ауыл мектептеріндегі білім жүйесіне кері әсерін тигізбей отырған жоқ.
Бұрынғы ірі шаруашылықтар ұсақ кооператив, фермерлік шаруа қожалықтарына
айналып кетуіне байланысты ауыл тұрғындары жұмыссыздыққа ұшырап, қалалы
жерлерге қоныс аударуда. Соның салдарынан орта мектептердің көпшілігі шағын
кешенді жинақталған мектептерге айналды.
Шағын кешенді мектеп дегеніміз - біріккен сынып құрамында аз санды
оқушылары бар жалпы білім беру мектебі. Бұндай мектептерде бала саны аз
болғандықтан толық бастауыш мектеп құру өзін-өзі ақтамайды. Шағын кешенді
мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер оқу жұмысын ұйымдастыруда үлкен
қиындықтарға кездеседі. Кешенді бір мектепте бір мұғалім бір мезгілде төрт
сыныптың оқушыларын оқытады және екі кешенді мектепте төрт сыныпқа екі
мұғалім сабақ жүргізеді. Мұндай мектептер аудан орталықтарынан қашық
болғандықтан, мұғалімдерге педагогикалық процесті ұйымдастыру мен жүйелі
кеңестер алу қиындық туғызады. Сондықтан шағын кешенді мектеп мұғалімдеріне
оқу-әдістемелік құралдар үлкен көмек көрсетеді. Бұл ұсынылып отырған
дипломдық жұмыс дене тәрбиесі сабақтарының теориялық мазмұны мен кейбір
дене жаттығуларының орындалу және сабақты ұйымдастыру әдістері толықтай
қарастырылған. Берілген сабақ жоспарлары бағдарламада көрсетілген дене
тәрбиесіне қажетті негізгі құралдар мен спорттық жаттығуларды: гимнастика,
жеңіл атлетика, қозғалыс және спорт ойындарын оқушыларға меңгертуді мақсат
етеді.
Сонымен бірге әр мектептің материалдық жағдайына қарай шаңғы және жүзу
сияқты оқушыларға аса пайдалы, қолданбалы спорт түрлерін меңгерту жолдары
да берілген.
Дипломдық құралының кұндылығы сол сабақтар барысында қажет болатын
әдістемелік нұсқаулар, жалпы дамыту жаттығуларына қойылатын талаптар,
лақтыру, секіру, тасымалдау, өрмелеу т.б. сияқты жаттығуларды үйрету және
оларды орындау барысында кездесетін қауіпсіздік ережелерін меңгеру,
дәрігерлік бақылау және қауіпті аурулардың алдын алу сияқты бөлімдер нақты
көрсетілген. Және де қозғалыс ойындарының жас ерекшеліктеріне байланысты
жіктелуі, ойындарды жүргізу әдістемесі, дене қабілеті мен жалпы дамыту,
лақтыру, секіру, жүгіру, дәлдікке бағытталған жаттығулар және "Президенттік
сынама" жүйесіндегі қозғалыс ойындарының түрлері нақты сипатталған.
Жергілікті мектептің орналасу және материалдық жағдайына байланысты пән
мұғалімі одан басқа да ойын түрлерін таңдап алуына болады.
Болашақ педагог, дене тәрбиесі пәні мұғалімінің өз мамандығының қыр-
сырын білуге, қажетті білім, білік, қимыл дағдыларын қалыптастыруын
көздейді.
Бұл дипломдық жұмыс, шағынк кешенді мектептердегі дене тәрбиесі пәні
мұғалімдерінің сабақты өз дәрежесінде өткізуіне мүмкіндік жасайды. Әрі оның
білімін, кәсіби шеберлігін шыңдауға көмектесетін тұстары да бар.
Сауықтыру шаралары ағзадағы физиологиялық өзгерістерді жақсарту мен
денені шынықтыруға бағытталған: бұған таңертеңгі бой жазу жаттығулары,
сабақ үстінде өткізілетін сергіту сәттері, үзіліс кезінде жасалатын
жаттығулар мен ойындар, сабақтан тыс уақыттағы жұмыс түрлері, дұрыс сымбат
қалыптастыруға, сондай-ақ дене шынықтыру мерекелерін ұйымдастырудың
түрлеріне де көп мән берілген.
Таңертеңгі бой жазу жаттығуларын оқушылар дене тәрбиесі сабағында
орындап үйреніп, оларды үйде өздігінше қайталап жаттығады. Бұған оқулықтағы
жалпы дамыту жаттығулары мен мұғалімнің өз қалауы бойынша іріктеп алған
жаттығулары пайдаланылады.
Димпломдық жұмыстың өз құрылымы, мазмұны, жүйесі, өзіндік бағыт-бағдары
бар. Өмір талабы мен бүгінгі күннің сұранысына сай ғылыми-әдістемелік
тұрғыда дайындалған, қазақ тілінде алғаш рет жазылған қажетті оқу құралы
деп қабылдаған жөн. Еңбек жоғарғы оқу орындарының студенттері мен дене
тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналып отыр.
Аталған көкейтесті мәселенің бүгінгі күн талабына сай келуі, оның
теориялық тұрғыдан зерттеп, өнделуі мен тіжңрибелік қажеттілігінің
жеткіліксіздігі зерттеу тақырыбын тандауға мүмкіндік жасады. Осыған орай,
ғылыми зерттеудің тақырыбы: Шағын кешенді мектептерде дене шынықтыру
сабағын өткізудіңң ерекшеліктері.
Зерттеу мақсаты- Қазіргі жағдайда оқушылардың жеткіншек және
жасөспірім кезеңіндегі шағын кешенді мектептерде дене тәрбиесі
тұжырымдамасың теориялық тұрғыдан негіздеу және тәжірибелік мақүлдау
әдістемелік ұсыныстар жасау.
Зерттеу обьектісі- Жалпы білім беретің және спорт мектептеріндегі
дене тәрбиесіне оқыту-тәрбиелеу ұрдесі.
Зерттеу пәні- Оқушылардың дене тәрбие жүйесі.
Зерттеу болжамы- Егер шағын кешенді мектептерде оқушылардың дене
тәрбиесі жүйесіңде дене жаттығуларының әркелкі түрлерің және құралдарың
тиімді пайдаланса, онда оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес негізделген
дәлелді мінез-қүлықты қалыптастыру арқылы оқушыларда дене және
адамгершілік қасиеттерің тәрбиелеуге белсенді түрде әсер етуге болады.
Зерттеудің басты идеясы- Қазақстан оқушыларының дене тәрбиесі
жүйесіңің жетілдіру негізі теориялық-әдістеменің айқындалуымен анықталады,
спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындар жеке адамның жан-жақты дамуының
құралы ретінде жинақталған жүйенің әсері негізінде іске асырылуы тиіс.
Зерттеулер бойынша қойылған мақсатқа жету төмендегі міндеттердің тиімді
шешімің табу арқылы іске асты:
1. Қазақстандағы дене тәрбиесінің педагогикалық жүйесің және
әлеуметтік даму негіздерің ашып көрсету;
2. Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай дене тәрбиесінің
ерекшеліктерін айқындау;
3. Әр түрлі елдердегі оқушылардың дене тәрбиесі жүйесіне талдау
жасау;
4. Спорттық және қимыл-қозғалыс ойындарың оқушылардың денесің
дамытудың маңызды құралы ретінде пайдаланудың қажеттілігің
теориялық түрде негіздеу.
5. Оқушылардың дене тәрбиесі әдістерің және концептуалды үлгісін
жасау және мақүлдау.
Зерттеудің әдіснамасы- жеке бастың маңызы туралы, оның дамуындағы өзара
байланыс теориясы мен тәжірибесі туралы қызметінің ролі, адамның қоғамдық
қарым-қатынастың обьектісі екндігі туралы, қоғамдағы дене тәрбиесі
процесінде болатың қауіпті және басқарылатың ара қатыныстар туралы.
Зерттеу әдістері- осы зерттеп отырған мәселеге байланысты, әдебиет
көздерің жинақтап, теориялық түрғыдан талдау, сонымең қатар эксперименттік
зерттеу барысында алынған мәліметтер, озат мектептердегі алдынғы қатарлы
дене тәрбиесі тәжірибелерің жинақтап, талдау және қорытындылау, арнайы
сауал-сүрақ, сүхбат, әнгіме, педагогикалық эксперимент, (дене тәрбиесі
сабағы барысында берілген жүктеменің қарқындылығы мен көлемін есепке алу,
педагогикалық және салыстырмалы бақылау сынамаларын:(Ф.А.Анфимовтың ойлау
жұмыс қаблеттілігің зерттеу әдісі, дененің жұмыс қаблеттілік сынамасы РWC
және математикалық статистика әдістері.

1 Шағын кешенді мектептерде денешынықтыру сабағын ұйымдастыру

1. Оқу жұмысын жоспарлау және денешынықтыру сабағын ұйымдастыру
ерекшеліктері

Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негізгі
міндеттері:
Өскелең ұрпақтың дене тәрбиесі - балалар тәрбиесі мен білімінің
ажырамас бөлігін құрайды және оқушылардың дене, рухани күштерін жан-жақты
дамытуға, қоғамдық пайдалы еңбек пен Отан қорғауға даярлауға бағытталған.
Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесінде денешынықтыру сабақтары маңызды орын
алады, олар мұғалімге бүкіл оқу жылына есептелген жалпы міндеттерді шешуге
мүмкіндік береді.
Бастауыш мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің жалпы міндеттеріне
ең алдымен, денсаулықты нығайту, қозғалыс қызметінің табиғи түрлеріне
үйрету, қимыл бейімділігіне баулу (жүру, жүгіру, секіру), дене бітімін
дұрыс қалыптастыру, жеке гигиена дағдысын тәрбиелеуді жатқызуға болады.
Дене тәрбиесі сабақтарында балалар биіктікке секіру, жылдам жүгіру, допты
алысқа, нысанаға лақтыру, алып жүру сияқты күрделі жаттығуларды жиі
орындайды. Аталған бұл жаттығуларды үнемі жетілдіріп отырған жағдайда
оқушылардың қимыл қозғалыс дағдылары нығаяды. Дене тәрбиесімен үнемі
шұғылдану барысында бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ерік-жігері
қалыптасып, адами қасиеттері жетіледі[1].
Мұғалім жалпы міндеттерден басқа әрбір сабағында әр сыныптың
бағдарламалық материалдарының талаптарына сәйкес нақты міндеттерді де
орындайды.
Жоспарлау қағидалары.
Бағдарламалық материалды жоспарлау - оқу жылы барысында жеке сабақтар
мен нақты міндеттерді шешудің негізі болып табылады. Мұғалім оқу жұмысын
жоспарлау кезінде қойылған міндеттерді орындауға қолданатын әдістемелік
құралдарды белгілейді.
Ол оқу жұмысын жоспарлау барысында төмендегі шарттарды есепке алуы
тиіс:
- оқушылардың денсаулық жағдайы, олардың жасы, дене бітімінің жетілу
деңгейі;
- ашық ауада және жабық үй-жайда сабақ өткізуді дұрыс жолға қою үшін
мектеп орналасқан аумақтың спорт алаңының талаптарға сай болуы;
- мектептің спорттық құрал-жабдықтары және дене тәрбиесіне байланысты
оқу құралдарының болуы.
Шағын кешенді мектеп мұғалімдері күрделі жағдайда жұмыс жасайды.
Мұғалімге әр түрлі жастағы, дене дайындықтары біркелкі емес және әр түрлі
оқу бағдарламаларымен сабақ жүргізуге тура келеді. Одан өзге, мектептің
көпшілігінде спорт залдары мен лайықталған жабық жайлар жоқ. Сондықтан
жұмысты материалдық - техникалық базаны дайындаудан бастау қажет.
Материалдық - техникалық база
Шағын кешенді мектептерде жүгіру жолдарын, биіктікке және ұзындыққа
секіру шұңқырларын, ойын және арнайы жасақталған қарапайым спорт алаңдарын
жасауға мүмкіндік мол. Сонымен бірге гимнастикалық қалашықтар салуға да
болады: тепе-теңдікке бөренелер, ағаштан гимнастикалық қабырғалар орнату,
өрмелеу үшін арқандар жасау т.б. Алаң жиегіне ағаштар мен гүлдер отырғызған
дұрыс.
Аланды жабдықтауға ата-аналар және демеушілермен бірге балалар да
қатыса алады. Олар ересектерге жүгіру жолдарын тегістеуге, белгілеуге, ойын
алаңын тазартуға, секіретін шұңқырларға кұм төгуге, ағаш - бұталар, гүлдер
отырғызуға бар ынтасымен көмектеседі. Қыста кардан таушық тұрғызуға,
шанамен және шаңғымен сырғанау орындарын жасауға да балалардың өздерін
қатыстырған жөн.
Шағын кешенді мектептерде шаңғымен сырғанауға арналған орындарды
оқушылар өздері таңдай алады. Шанамен сырғанауға да ауылдық жерлерде жақсы
жағдайлар бар.
Секіру құралдары, жіптер және кұм салынған қалталар, бөрене және
кубиктер, эстафеталық, гимнастикалық таяқшалар, жалаушалар, ойынға арналған
т.б. ұсақ заттарды мұғалімнің басшылығымен балалардың өздері мектеп
шеберханасында жасай алады.
Эстафета таяқшалары (ұзындығы 30 см және диаметрі 3 см) ағаштан
жасалады. Жалаушалар түрлі-түсті болғаны дұрыс, тік бұрышты не үшбұрышты
(15-22 см) жеңіл матадан немесе қағаздан дайындайды.
Ұзын секіргіштер (3,5 м) диаметрі 10 мм жіптен жасалады, қысқасы (1,5-1,8
м) диаметрі 6-8 см жіптен. Гимнастикалық таяқтарды (ұзындығы 80 см,
диаметрі 2,5-3 см) қайыңнан жасаған дұрыс (ұштары жұмырланады). Лақтыру
қалқандарын (1x1) жеңіл тақтайдан жасайды.
Жылдың жылы мезгілінде, атап айтқанда, күзде және көктемде ауылдың
бастауыш мектептерінде дене тәрбиесі сабағында қимыл-қозғалыс және ұлттық
ойындарды табиғат аясында өткізген дұрыс.
Шағын кешенді мектептерде спорттық сауықтыру жұмыстары дене тәрбиесі
сабақтарымен ғана шектелмейді. Сонымен бірге әр мектепте кез келген
жағдайда сабаққа дейінгі таңертеңгілік гимнастика, сергіту минуттары мен
сергіту сәттері, сонымен бірге сыныптан тыс жұмыстардың көптеген нысандарын
- "Ойын сағаттары", жаяу және шаңғы серуендері, шанамен сырғанау, қарапайым
спорттық жарыстар, басқа мектептермен спорт түрлері бойынша жолдастық
кездесулер, ұлттық қозғалыс ойындарынан "Көңілді жарыстар" сияқты т.б.
жарыстар өткізуге болады.
Дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігі мұғалімнің мүмкіндігін барынша
пайдалана білуіне және сабақтарды нақты жүргізіп, ұйымдастыруына
байланысты.
Шағын кешенді мектептерде дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру
ерекшеліктері
Шағын кешенді мектептерде оқитын балаларды дене тәрбиесіне баулу
жұмыстарының міндеттері, құралдары және нысандары басқа мектептермен бірдей
болады. Сабақты құру қағидалары, оларды өткізу әдісі, сондай-ақ оқу
жұмысының практикалық материалы барлық мектептерге ортақ болып табылады.
Шағын кешенді мектептерде дене тәрбиесіндегі оқу жұмысының ерекшелігі
сабақ өткізуге әр түрлі сыныптардың оқушыларын қатыстыру болып табылады.
Сондықтан мектепте дене тәрбиесі сабақтарын жүргізудің үш нұсқасын ұсынуға
болады.
Бірінші нұсқа - дене тәрбиесі сабақтары әр сыныпта бөлек жүргізіледі.
Бұл сыныптарда оқушылар саны көп болған жағдайда жүзеге асады.
Әр сыныппен бөлек сабақ жүргізудің кестесі жасалады, онда дене
шынықтыру сабағы кесте соңына қойылады. Сабақ кестесін осылай
ұйымдастырғанда дене шынықтыру сабағы үлкен нәтиже береді. Өйткені дене
дайындығы шамалас бір сыныптың оқушылары қимыл-қозғалыстарға, ойындарға,
дене жаттығуларына түгелдей қатыса алатын болады. Бір сыныпта оқушылар
санының аз болуы да мұғалімге дене жаттығуларын іріктеуге көп көңіл бөлуге
мүмкіндік береді.
Шағын кешенді мектептерде дене шынықтыру сабақтарын өткізуді
ұйымдастырудың осы әдісін қолдану ешқандай қиындық тудырмайды және
мектептерде жүргізілетін дене шынықтыру сабақтарынан ешқандай айырмашылығы
жоқ. Дене шынықтыру сабағын өткізу үшін әр сынып оқушыларының мектепке келу
уақытын өзгерткен дұрыс емес. Мектептегі сабақ кестесіне дене шынықтыруды
бірінші сабаққа қойған тиімсіз. Шағын кешенді мектептерде дене шынықтыру
сабағын сабақ кестесінің соңына қойған тиімді болады [2].
Екінші нұсқа - Дене шынықтыру сабақтары бірге өткізіледі. I сынып пен 2
сынып және 3, 4 сынып оқушылары біріктіріледі.
Бұл нұсқа, әрине, біріншіге қарағанда жақсы емес. Мұндайда мұғалім
сабақты жас ерекшеліктері әр түрлі, дене дамуы мен дайындығында елеулі
айырмасы бар оқушылармен сабақ жүргізуі тиіс. Сабақ әдістемесін күруда
айырмашылық болғанымен, жаттығуды орындауға оқушыларды ұйымдастыруда, екі
сынып оқушыларына оқу материалын шектеуде, таңдауда біршама қиындықтар
туады.
Бұл нұсқаның тиімді тұстары да бар, ал кейде оқушылардың жас мөлшері
мен денсаулық жағдайы мұғалімнің оқушыларды дене жаттығуларына толыққанды
үйрету мүмкіндігін шектейді.
Үшінші нұсқа — мектептің барлық оқушыларына бір мезгілде дене шынықтыру
сабақтарын өткізу. Бұл жағдайда мектеп шағын, оқушылардың жалпы саны аз,
мектепте бір мұғалім жұмыс жасап, мектептің бастауыш сыныптарының оқу
жоспарындағы барлық пәндердің сабақтарын өзі жүргізген кезде туындайды. Бұл
өте күрделі жағдай, өйткені сабақта жұмыс бір мезгілде бірнеше жас
шамасындағы балалармен, әр түрлі бағдарламалар бойынша жүргізіледі.
Алайда, мұндай жағдайда да дене шынықтыру сабақтарын толық мәнінде
жүргізу қажет. Материалдық база, оқушылар саны, сондай-ақ ауа райы
жағдайына қарай мұғалім сабақты бірден барлық оқушылармен немесе оларды екі
топқа бөліп жүргізе алады.
Бір топпен дене тәрбиесі сабағы жүргізіледі, ал екінші топпен қандай да
болмасын басқа сабақ, ол сабақта оқушылар көбіне мұғалімнің тапсырмасын өз
беттерімен орындайды. Мұндай сабақтар міндетті түрде кезектесуі тиіс.
Мұғалім сабақ өткізудің екі нұсқасын да қолдануы тиіс. Жоғарыда аталған
әдістің бір түрі ретінде дене тәрбиесінің бір сабағын екі сабаққа бөлу және
тиісінше басқа пәннің бір сабағын екі сабаққа (мысалы, сурет сабағы) бөлу
қолданылады. Оқушылар екі топқа бөлінеді: Бірі - дене тәрбиесімен
айналысады, екіншісі - басқа пәнмен өз бетімен мұғалімнің тапсырмасын
орындайды. Мұндай жағдайда әр пәннен сабақ 20-25 минут болады.
Бұл әдістің елеулі кемшіліктері де бар. Балаларды өте жақсы
ұйымдастырғанымен, сабақ уақыты толық болмайды. Мұғалім бірнеше минутты (5-
8 мин) сыныпта қалған оқушыларға өз бетімен жұмыс тапсырмасын түсіндіруге,
ал сабақтың аяғында тапсырманың орындалуын тексеруге бірнеше (3-5 мин)
минут жұмсайды. Сонымен, дене шынықтыру сабағының ұзақтығы 45 минутқа емес
35-38 минутқа тең. Ал 20-25 минуттық сабақтар дене жаттығуларының бірнеше
түрлерін өткізуді шектейді. Мұнда қажетті ұйымдастыру мәселелеріне -
қатарға тұрғызуға және сабақ өткізілетін орынға екінші топты апаруға елеулі
кедергі келеді.
Шағын кешенді мектептерде дене шынықтыру сабақтарын табысты өткізу үшін
төмендегідей қағидалар тұрақты сақталуы тиіс.
- оқушыларды кез келген сабаққа ұйымдастыру кезінде оқу материалы осы
сыныптың оқу бағдарламасына сай болуы;
- нақты жағдайларға қарай, сабақ жүргізудің әр түрлі әдістерін барынша
жан-жақты қолдану;
_ әр сынып оқушыларының жаттығуларын жас ерекшеліктеріне
сәйкестендіріп, іріктеу;
. бастауыш сынып оқушыларына үлгі ретінде жоғарғы сынып оқушыларының
жаттығу орындауы мен ойындағы тәжірибесін шебер пайдалану;
- барлық оқушылардың жаттығуларға, қимыл қозғалыстарға белсене
қатысуына зор көңіл бөлу;
- сабақ жүктемесін жаттығу, ойын дәрежесіне сай реттеп отыру;
- бағалау, бақылау жасап, қателіктерді дер кезінде түзеу қажет. Осы
аталған қағидалармен сабақ өткізудің әдістерін мұғалім дене шынықтыру
сабағында тиімді қолданған жағдайда оқушылардың қозғалыс дағдылары
қалыптасып, денсаулықтары нығайып, дене қабілеттері дамын, жетіледі.

1. Сабақты ұйымдастырудың негізгі әдістері

Шағын кешенді мектептердің бастауыш сыныптарында дене шынықтыру
сабақтарын өткізуде дене жаттығуларын орындау үшін оқушыларды
ұйымдастырудың бірнеше әдістері қолданылады. Бірнеше сынып оқушыларымен
бірдей, бірден сабақ өткізу барысында барынша сан алуан әдістер кеңінен
қолданылуы тиіс.
Сабақ жүргізу әдістерін мұғалім сабақтың міндеті мен мазмұнына қарай
таңдайды.
Жаппай (біркелкі) орындау әдісі бұл әдіс көп жағдайда сабақтың кіріспе
бөлімінде қолданылады. Бұл әдіс сапқа тұрғызуды, жүру және жүгіру
бағытындағы секіруді, би жаттығуларын, жалпы дамыту жаттығуларын, құралмен
және құралсыз дене бітімін қалыптастыру жаттығуларын, бір орында тұрып
секіруді, қысқа секіртпемен секіру, үлкен және кіші доптармен жаттығуды,
акробатикалық жаттығуларды, еденде тепе-теңдік сақтау жаттығуларын және
шаңғы жаттығуларын қамтиды.
Бұл әдістің кемшілігі оқушыларға ортақ жаттығулар өткізу қажеттілігі
мен 3-4 сынып оқушыларына жаңа жаттығулар үйрету мүмкіндіктерін шектейді.
1-2 сынып оқушыларының 3-4 сыныпқа еліктеулеріне жағдай туғызу үш ін
қатарға (сапқа) тұрғызуды қолданған дұрыс. Кішкентайлар артта бір қатарға
тұрады.
Лекте жүру және жүгіру жаттығуларын орындау кезінде екі нұсқаны
қолданған тиімді. Біріншісі - барлық оқушылар бір лекте жүреді (жүгіреді),
ал қозғалыс қарқынын мұғалім реттейді.
Екінші - үлкендер бөлек қарқынмен жүреді (жүгіреді), ал кішкентайлар
басқа жаттығулар орындайды.
Ашық тізбекте орындалатын жаттығуларда кішкентай балалар үлкендерден
кейін шахмат тәртібімен тұрады. Барлық балаларды ортак шеңберге тұрғызған
кезде де жаппай (бәрі бірдей) - орындау әдісін қолдануға болады. Бұл,
әсіресе, би жаттығуларын жүргізуге ыңғайлы.
Кезектесіп орындау әдісі - белгілі бір қашықтыққа жүгіру мен жүруді
кезектестіріп жаттығулар жүргізгенде, соның ішінде жылдамдыққа, биіктікке
және ұзындыққа секіру, шығу және түсу, доп беру, лақтыру және қағып алу,
акробатикалық жаттығулар, шаңғымен төмен түсу және жоғары шығу т.б. кеңінен
қолданылады. Шағын кешенді мектептерде кезектесіп орындау әдісінің ең жақсы
нұсқасы үш жүйе бойынша жүргізу болып табылады. Яғни, біріншіде - 3 сынып
оқушылары жаттығулар орындайды, екіншісінде - 2 сынып, үшіншісінде 1 сынып
оқушылары жаттығулар орындайды.
Кезектесіп орындау әдісінде барлық сыныптың оқушылары үзіліссіз
кезекпен жаттығулар орындайды. Бұл әдістің артықшылығы оқушылар өз
жолдастарының, сондай-ақ жоғарғы сынып оқушыларының да орындаған
жаттығуларын көре алады. Жаттығулар саны неғұрлым көп болса, сабақ
тығыздығы да жоғары болады. Кезектесіп жасау әдісінің тиімділігі -
мүмкіндігінше жаттығуларды топтауға және сабақтың тығыздығының жеткілікті
болуында. Кемшілігі - бастауыш сынып оқушыларына еліктейтін үлгінің
болмауы.
Әр түрлі нақты жағдайда кезектесіп орындау әдісінің екі түрін де
қолданған дұрыс. Сынып оқушыларына жаңа жаттығулар үйреткен кезде, үш
әдісті де қолданған тиімді. Екеуінде оқушылар үйренген жаттығуларын өз
бетімен орындайды, ал үшіншісінде - мұғалім оқушыларды жаңа жаттығумен
таныстырады. Кезектесіп орындау әдісі әр түрлі сынып оқушыларының бірнеше
жаттығуларды орындауында ойдағыдай қолданылады. Ең күрделі нұсқа - әр түрлі
сынып оқушылары түрліше жаттығуларды орындайды.
Ауыспалы әдіс - дене бітімін қалыптастыру жаттығуларын, акробатикалық
жаттығуларды, лақтыру жаттығуларын жүргізуде және тар бөлмеде сабақ
өткізіліп, оқу құралдары жеткіліксіз болғанда қолданылады. Мұндай жағдайда
барлық сыныптар бірдей тапсырма алады, бірақ оны кезекпен ауысып орындайды.
Ауыспалы әдісті негізгі екі нұсқа бойынша жүргізуге болады. 1 - барлық
оқушылар сынып бойынша ауысымдарға бөлінеді де, бірдей жаттығулар
орындайды. 2 - оқушылар сыныптарымен ауысымдарға бөлінеді, бірақ әр түрлі
жаттығулар орындайды. 1 - нұсқаның артықшылығы үлкендерге еліктеу
мүмкіндігі басым болса, ал 2 - нұсқада әр түрлі сынып оқушыларына
жаттығуларды іріктеу мүмкіндігі мол. Екі нұсқаны да жүйелі пайдаланған
дұрыс. Ауыспалы әдісте жаттығуларды орындағанда мысалы: 1 сынып оқушылары
нысанаға доп лақтырады, 2 сынып оқушылары допты жинайды, 3 сынып
лақтырғандардың қатесін белгілейді, ал 4 сынып оқушылары доп лақтырған 1
сынып оқушыларымен орын ауыстыруға дайындалады [3,4].
Топтық әдіс - шағын кешенді мектеп мұғалімдеріне барынша ыңғайлы, бірақ
мұғалімнен, оның көмекшісінен жақсы дайындықты талап етеді. Бұл әдіс
сабақтың негізгі бөлімін өткізгенде неғұрлым жиі қолданылады. Бұл әдістің
артықшылығы әртүрлі сынып оқушыларына жаттығулардың жеке түрлері бойынша
сабақ материалын саралауға, әр түрлі сыныптармен бірдей емес, әр түрлі
жаттығу түрлерін жүргізуге барынша кең мүмкіндік береді, сондай-ақ жаттығу
мөлшерін реттеу мүмкіндіктері мұғалімнің топтық әдіспен сабақ жүргізе
отырып, бір сынып оқушыларын жаңа материалдармен таныстыруға жағдай
жасайды, ал басқалары мұғалім көмекшілерінің басшылығымен өткен
жаттығуларды орындауды жетілдіруге мүмкіндік алады. Топтық әдісті
қолданудың міндетті шарты жаттығу түрлерін ұтымды кезектестіру болып
табылады. Дәлдікпен ерекшеленетін жаңа жаттығулар сабақтың негізгі
бөлімінің басында жүргізіледі. Едәуір толқу тудыратын, жүктемені көбейтуді
талап ететін жаттығулар сабақтың негізгі бөлімінің екінші жартысында
жүргізіледі.
Жеке әдіс - жекелеген оқушылар кәртішкелермен айналысқан кезде
қолданылады. Бұл әдіс мұғалімге үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс жасауға
көмектеседі.
Сабақ мазмұнын анықтау
Сабаққа дайындық кезінде сабақтың құрылымына (кіріспе, негізгі,
қорытынды бөліміне) сәйкес келетін бағдарламалық материалдарды іріктеу өте
маңызды. Бірінші негізгі бөлімге жаттығулар іріктеледі, өйткені онда
сабақтың міндеттері мен мақсаттарын жетекші шешеді, содан соң кіріспе және
қорытынды бөлімге назар аударады.
Бастауыш сыныптарға арналған "Дене тәрбиесі" пәні бағдарламасы
төмендегі бөлімдерден тұрады: теориялық мағлұматтар, гимнастика, қозғалыс
ойындары, шаңғы дайындығы (ауа райының жағдайына байланысты), жеңіл
атлетика. Әр бөлімге барлық сыныпқа арналған бірыңғай үлгідегі жаттығулар
мен ойындар кіргізген дұрыс. Бірақ оларды орындаудың мөлшері мен
күрделілігі әрқалай болып келеді. Сабаққа дайындалғанда мұғалім
бағдарламаға сәйкес материалдарды іріктейді және оны сыныптар бойынша
сұрыптайды [5,6].
Мысалы: бір кешенді мектепте гимнастика сабағында кіші доптармен
жаттығуларды төмендегідей ретте орындауға болады: 1 сынып оқушылары допты
жоғары лақтырады да, оны екі қолмен қағып алады (5-6 рет); 2 сынып
оқушылары допты жоғары лақтырады да, артқа қол шапалақтап қайта қағыналады
(6-8 рет); 3 сынып оқушылары допты жоғары лақтырып, бір қолмен кағады
немесе допты бір қолмен жоғары лақтырады да, допты еденге ұрып екінші
қолымен қағып алады (8-10 рет). Сабақтың негізгі бөліміне кез келген
жаттығуларды енгізуге (секірулер, кіші доппен жаттығулар, лақтырулар
т.с.с.) болады. Сабақтың бұл бөлімінде әдетте жаңа материалдар мен дәл
орындауды қажет ететін жаттығулар жүргізілетінін есепке алған жөн.
Жаттығуларды жүктемені біртіндеп өсіру қағидасы бойынша іріктеген
дұрыс, Мысалы: тепе-теңдік жаттығуларынан кейін жүгіру ойындарын өткізген
тиімді. Бір топтағы бұлшық еттерге ғана әсер ететін жаттығулар енгізген
дұрыс емес. Мысалы: тек секіру жаттығулары бағдарламаның кейбір
бөлімдерінде бірнеше сабақтар бойы кезекпен орындалады. Мәселен, ұзындыққа
секіру, нысанаға доп лақтыру 6-9 сабақ аралығында өтеді. Бағдарламалық
материалды өтудің мұндай жүйесі қозғала білуді және оған дағдылануды
қамтамасыз етеді.
Сабақтың негізгі бөліміне жалпы дамыту жаттығуларын да енгізуге болады.
Кешенді 6-8 жаттығу төмендегі тәртіппен жүргізіледі: бірінші жаттығү
тартылу, екінші - дене бітіміне, үшінші - отыру, төртінші - иілу, бесінші -
иық бұлшық еттерінің жұмысы, алтыншы - аяқты сермеу, жетінші - бір орында
секіру, сегізінші - бір орында жүру.
Әр түрлі жастағы оқушылармен бірлескен сабақтарға жаттығулар іріктеуде
жаттығудың күрделілігі мен қайталау санына, мөлшеріне елеулі көңіл
бөлінеді. Мұның шешуші маңызы бар. Өйткені қайталау саны мен күрделілігі
ұлғайған сайын жүктеме арта түседі. Жасына қарай оқушылардың секіру
жаттығулары 6-10 реттен 18-25 ретке дейін орындалады. Сабақ тығыздығын
ұлғайту үшін, шағын кешенді мектептерде бүкіл сынып оқушыларымен бір
мезгілде сабақ жүргізуде бірдей санақ бойынша орындалатын жаттығулар
іріктеледі. Мысалы: 1-2 сынып оқушылары бұрылу, бүгілу, аяқты алшақ қойып,
қолды бүгіп шынтақты еденге тигізу жаттығуларын орындаса. 3 сынып оқушылары
аяқты бірге қойып немесе аяқ пен қолдың қосымша қозғалыстары арқылы
жаттығулар орындайды.
Сабақ тығыздығын оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі үшін
пайдаланылатын карточка тапсырмалары, құралмен және құралсыз орындалатын
жаттығулар (қысқа және ұзын секіртпемен, кіші доптармен жаттығулар т.б.) да
арттырады.
Сабақтың кіріспе және қорытынды бөлімінің жаттығуларын негізгі бөлімнің
мазмұнына сай етіп таңдау қажет.
Сабақтың кіріспе бөлімінде сапқа тұрғызу, назар аудару, жүру, секіру
жалпы дамыту сияқты оқушыларды сергітіп, бағдарламаның күрделі түрлерін
орындауға дайындайтын жаттығулар жүргізіледі,
Қорытынды бөлімге екі-үш ойын енгізуге болады. Оларды таңдау мұғалімнің
өзіне байланысты. Жүгіру және лақтыру дағдысын нығайту қажет болса, онда
осы элементтерге сәйкес ойындар іріктеледі. Егер негізгі бөлімде секіру
жаттығулары көп болса, онда осы жаттығуларды қайталамайтын, оларды
толықтыратын ойындар іріктеледі.
Кейбір жаттығуларды сабақтың кез келген бөлімінде табысты қолдануға
болады. Мысалы: сапқа тұру элементтерін кіріспе белімде ғана емес, негізгі
және қорытынды бөлімдерде өткізуге болады. Жекелеген ойындар мен би
жаттығулары сабақтың үш бөлімінде де өткізіледі.
Мұғалім жоспарлаудың - шығармашылық үрдісін ешқашан естен шығармауы
тиіс. Жоспарға қолдағы мүмкіндіктерді ескеріп, әрдайым түзетулер енгізуге
болады.
Мұғалім сабақтың нақты міндеттерін айқындап, оқушылармен бірлесіп және
жеке жұмыс жасау үшін бағдарламаға сәйкес жаттығуларды іріктеп алғаннан
кейін сабақтың жоспарын құрады. Онда жаттығулардың қандай түрлері бойынша
білім, шеберлік және дене дайындықтарына тексеру жүргізіледі, қандай
жаттығулар өз бетімен жұмыс жасауға арналған, сабақ өткізу орны,оқу
құралдарының тізбесі, сабақ мазмұны жазылуы тиіс. Сабақ өткізілетін орын
жайлы мәселені шешкенде, алаңда басталған сабақ ауа райының өзгеруіне
байланысты мектеп ішіне ауысуы қажеттілігін ескеруі тиіс. Мұғалім ондай
жағдайда, сабақ өткізудің басқа нұсқасын қарастыруға дайын болуы керек.
Мысалы: биіктіктен секіруді, нысанаға доп лақтыруды, кішкентай доптармен
жаттығуларды, бұрылуды үйренуді сынып бөлмесінде өткізуге болады.

1.3 Сабақтың құрылымы және мазмұны

Дене шынықтыру сабағы барлық дені сау оқушылар үшін міндетті болып
табылады. Бір кешенді мектеп мұғалімдері сабақ өткізу үшін оқушыларды екі
топқа (бірінші топқа 1-2 сынып оқушылары, екіншісіне 3-4 сынып) немесе
төртке (сынып бойынша) бөледі. Бірінші және екінші топқа мұғалім өз бетімен
жұмыс жасауға тапсырма береді, келесі топпен өзі айналысады.
Төмендегідей нұсқаны да қолдануға болады:
3 сынып оқушылары екінші сабаққа келеді де, барлық оқушылармен келесі
үш сабақта бірге оқиды, сосын тек 3 сынып оқушыларына ғана дене тәрбиесі
сабағы өткізіледі. Бұл оқушыларға жаңа материалды үйренуге мүмкіндік
береді.
Екі кешенді мектепте бір мұғалім дене шынықтыру сабағында 1 және 2
сыныптарды, екіншісі 3-4 сыныптарды біріктіре алады. Бір мұғалім дене
шынықтыру және еңбек сабақтарын, ал екіншісі мысал ы: дене шынықтыру, эн
және сурет сабағын өткізуге маманданады.
Спорт нұсқаушыларын даярлау
Дене шынықтыру сабағын өткізу үшін шағын кешенді мектеп мұғалімдеріне 3-
4 сынып оқушыларынан (кемінде екі) спорт нұсқаушылары елеулі көмек
көрсетеді. Олар 1 және 2 сынып оқушыларына бұрыннан таныс жаттығуларды
орындап көрсете алады. Мұғалім спорт нұсқаушыларына кейбір жаттығуларды
орындау кезіндегі сақтық шараларын (жарақат алмауы) да тапсырады. Одан өзге
олардың міндетіне құрал-жабдықтарды дайындау, орналастыру және жинастыру
кіреді.
Мұғалім спорт нұсқаушыларының көмегіне сүйене отырып сабақ уақытын
барынша ұтымды пайдаланады. Өзі бір топпен (сыныппен) айналысады, екінші
топ спорт нұсқаушыларының бақылауымен өткен сабақтарды қайталайды. Өз
көмекшілерінің елгезектігін, белсенділігін көтермелей отырып, мұғалім
балалардың ұйымдастырушылық, жауапкершілік қасиеттерін де дамытады.
Спорт киімі. Дене шынықтыру сабақтарын мұғалім спорттық киіммен
жүргізуі қажет. Оқушылар спорт киімін дене тәрбиесі сабақтарында киеді.
Спорт залда және жылдың жылы мезгілінде алаңда оқушылар майка, шорты және
жеңіл спорттық аяқ киіммен, ал салқын кезде жаттығу киімі мен кроссовка
киеді. Қыста шаңғы сабағында шаңғы костюмін, пима немесе шаңғы бәтеңкесін
киюі қажет.
Мұғалім оқу жылы басталғанда оқушыларға спорт киімін киюді қатаң талап
етіп, киімді қоятын және сапқа тұратын орынды көрсетеді, одан кейін сол
талаптың орындалуын қадағалайды.
Сабақ орнын дайындау үзіліс кезінде басталады. Бөлме (сынып) мұқият
желдетіліп, тазалық жұмыстары жүргізілуі тиіс. Егер сабақ ашық ауада
жүргізілетін болса алаңды тазарту қажет, ал құрғақ ауа райында
ылғалдандырып, секіретін шұңқырдың топырағын босатып, басы артық заттарды
жинап, сондай-ақ құлаудан, қақтығысудан. жарақаттанудан оқушыларды сақтау
шараларын қарастыруы қажет.
Сабақтың кіріспе бөлімі. Оқушылар қоңырау соғылысымен сапқа тұруы тиіс.
Оқушылар залдың төрінде терезеге жауырынын беріп сапқа тұрғаны дұрыс.
Сабақты ашық аланда өткізген кезде оқушыларды алаңның жоғарғы жағына немесе
күнге бір қырынан тұрғызады. Осылай тұрған кезде оқушы мен мұғалім бірін-
бірі жақсы көреді.
Әдетте оқушылар бойларына қарай сапқа тұрады, алайда, шағын кешенді
мектепте дене шынықтыру сабағында сапқа тұрғызу сыныппен жүргізіледі: Оң
жақ канатта 3 сынып, содан кейін 2 және 1 сынып оқушылары тұрады. Мұндай
жағдайда мұғалімге гимнастикалық сапқа тұрғызу және сапты қайта құруды 3
сынып оқушыларының білімдерін пайдаланып жүргізген ыңғайлы.
Оқушылар өз бетімен сапқа тұруды үйренген кезде сапқа тұруды кезекші
жүргізіп, мұғалімге баяндайды. Баяндама төмендегідей жургізіледі: Кезекші
оқушыларды сапқа тұрғызып пәрмен береді. "Түзел! Тік тұр!" - және
оқушылардың пәрменді дұрыс орындағанын тексереді. Келесі бұйрық "Ретімен
санал!" оқушылар ретімен саналады, саптағы соңғы оқушы өзінің реттік
нөмірін айтады да "Санақ аяқталды!" деп хабарлайды. Кезекші мұғалімнің
алдына келіп, мұғалімнің атын әкесінің атымен атап, баяндама тапсырады:
Нұрғазы Мырзахметұлы! Дене шынықтыру сабағына қатысуға барлық сыныптан 16
оқушы сапқа тұрды, кезекші Берік Маханбетов. Сосын кезекші мұғаліммен қатар
тұрып, оқушыларға қарай бұрылады. Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі:
"Саламатсыздар ма, балалар (оқушылар)!" Оқушылар "Саламатсыз ба!" деп жауап
береді. Баяндаудан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың мақсатын түсіндіреді.
Бұл 2-3 минуттан кем болмауы тиіс. Баяндау және мұғаліммен сәлемдесу
міндетті түрде әрбір дене шынықтыру сабағында жүргізіледі. 3 сыныптың
барлық оқушылары баяндай білуі тиіс. Кезекшінің міндеті баянат берумен
шектелмейді. Ол бүкіл сабақ барысында мұғалімге көмектеседі (спорт құрал-
жабдықтарын әкеледі және қайта орнына апарады)
Сабақтың кіріспе бөлімі әдетте сыныптың барлық оқушыларымен
жүргізіледі. Олар бір мезгілде бір орында бұрылу, жүгіру, жүру жаттығуларын
орындай алады. Бір орында бұрылу. Мұғалімнің санауымен 1 сынып оқушылары
кезектесе адымдап, бұрылыс жасайды, 2 сынып оқушылары оңға және солға
кәдімгі бұрылыс, ал 3 сынып артқа бұрылады. Жүру. 1 сынып оқушылары денесін
тік ұстап еркін адымдап жүреді, 2 сынып оқушылары сол аяқпен адымдауға
назар аударады, 3 сынып оқушылары сол аяқтың әр адымына сай қолдарымен
қосымша қозғалыс жасайды. Жүгіру 1 және 2 сынып оқушылары жүгіргенде 40
метр жүрумен кезектестіреді, ал 3 сынып 60 метр.
Бірінші және екінші сынып оқушыларымен кіріспе бөліміндегі сабақты
бөлек жүргізу сирек болады. Мұндай жағдайда басқа сыныптар (көбіне 1 және 2
сынып) спорт нұсқаушыларымен бір орында бұрылу, ретімен санауды қайталау
т.с.с. айналысады [7,8].
Сабақтың негізгі бөлімі. 25-35 минутқа созылады. Бұл бөлімде құралмен
және құралсыз жалпы дамыту жаттығулары, лақтыру, тасымалдау, лақтыру,
биіктікке секіру, өрмелеу және асып түсу т.с. жаттығулар жүргізіледі.
Дұрыс орындалған жалпы дамыту жаттығулары бұлшық еттердің барлық
топтарына жан-жақты әсер етеді. Бұлшық етті дамытуға арналған барлық дене
жаттығулары дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ықпал етеді. Дене бітімінің
дұрыс қалыптасуына ең жақсы құралдар иық белдеуі, жауырын, шүйде бұлшық
еттеріне арналған және иілу жаттығулары болып табылады. Гимнастикалық
қабырғалардағы жаттығуларды, басына зат қойып, тепе-теңдік сақтауға
арналған жаттығуларды ұсынуға болады. Икемділік қабілетін дамытуға арналған
жаттығуларды бастауыш сыныптарда біртіндеп қолданған дұрыс. Кеуденің бұлшық
еттеріне арналған жаттығулар: кеудені алға және артқа ию, кеудені кезекпен
екі жаққа ию, дененің вертикаль осінен айнала бұрылу, т.б. жаттығулар өте
пайдалы.
Дұрыс дене бітімін қалыптастыруда іш бұлшық еттерінің маңызы өте зор.
Іш бұлшық еттерінің әлсіздігінің айқын белгісі - арқаның шеңбер секілді
иілуі. Мұндай жағдайда ең жақсы шынығу - кеүдені алға иіп, қолды еденге
тигізу т.с.с. Дене жаттығулары аяқталғаннан кейін тыныс алуды қалпына
келтіретін 2-3 жаттығу орындаған пайдалы.
Дене шынықтыру сабағындағы жаттығулардың барлығы бала үшін
физиологиялық жағынан өте пайдалы, өсіңкі сипаттағы кейбір жаттығуларды
көрсетуге, сақтандыру тапсырмаларын беруге болады.
Шағын кешенді мектептердегі гимнастика сабағында "денсаулық соқпағын"
пайдалану әдістемесі
Шағын кешенді мектептердің ашық спорт алаңындағы жүгіру жолында "Бекет'
деп аталатын 8 спорт құрал-жабдығы орналасады. Жол ойы-қыры аз орман ішінен
немесе ашық жерден өтеді. Бірінші бекет "денсаулық соқпағынан" 100-150 м
қашықтықта орналасуы тиіс. Бүкіл "денсаулық соқпағының" ұзындығы 800-1200 м
болуы керек.
"Денсаулық соқпағын" пайдаланудың ерекшелігі, одан мектепке дейінгі
біршама қашықтықты өту қажет. Сондықтан сабақтың дайындық бөлімі
төмендегідей ретте құрылады: жалпы сапқа тұрғызу, сабақтың міндеттерін
түсіндіру, тамыр соғу жиілігін анықтау, терең тыныс алу және демді шығару.
Аяқтың ұшымен, өкшемен, сыртқы жағымен жүру, қос аяқтап секіру. Жылдам
жүріп жүгіруге көшу. "Денсаулық соқпағына" дейінгі қашықтыққа қарай 1-2
минут жүгіру, сосын 1 минут жүру, қайта жүгіру ұсынылады. Сабақ
жүргізілетін жерде жалпы дамытатын жаттығулар өткізіледі.
Негізгі бөлім:
1. Бірінші кедергіге (100-150 м) баяу жүгіру.
2. Әртүрлі биіктіктегі бағандарға шығып, әрі-бері жүгіріп өту (1 топ).
2 топ оқушылары бұл жаттығуларды әртүрлі қосымша қозғалыстармен 2 рет
қайталайды (жүрелеп отыру, бұрылу т.с.с.).
Бірінші бекетте жаттығуларды орындап болғаннан кейін оқушылар келесі
бекетке ақырын адымдап, сосын баяу жүгіріп барады.
3. "Тербелісті бөрене" - мұнда жаттығуларды 2 топ оқушылары орындайды.
Бөренемен әрі-бері жүріп өту.
4. "Автодоңғалақ көпір". 1 топ оқушыларына көпірге жүгіріп шығып,
онымен жүріп өту, 2 топ оқушыларына - қолдарын әртүрлі жағдайда ұстап, әрі-
бері жүріп өту ұсынылады.
5. "Гимнастикалық саты". 1 топ қолдарымен асылып өтеді. 2 топ
қолдарымен екі рет 1-1,5 минут үзіліспен өтеді.
6. Арқа және іш бұлшық еттерін дамытуға арналған құрал.
1 топ оқушыларына арналған жаттығулар:
Б.к. (бастапқы қалып) - жуан бөренеге отыру, аяқ бірге. 6-10 рет алға
және артқа иілу.
Б.к.- бөренеге отыру. 4-6 рет аяқты тік көтеру.
Б.к.- бөренеге отыру. Екі аяқпен велосипед тебу қимылын орындау.
Б.к.- бөренеге екі қолды тіреу. 6-10 рет қолды бүгу және жазу.
2 топ оқушыларына арналған жаттығулар:
Б.к. (бастапқы қалып)- жуан бөренеге отыру, аяқ бірге. 10-14 рет алға
және артқа иілу.
Б.к.- бөренеге отыру. 8-12 рет аяқты тік көтеру.
Б.к.- бөренеге отыру. Екі аяқпен велосипед тебу қимылын орындау.
Б.к.- бөренеге екі қолды тіреу. 15-25 рет қолды бүгу және жазу.
7. "Шырғалаң". 1 топ әуелі адыммен, сосын 2 рет жүгіріп "шырғалаңнан"
өтеді; 2 топ екі рет жүгіріп, сосын авто доңғалақтармен жүгіреді.
8. Белтемірге тартылу. Ұлдар орындайды. 1 топ екі рет (таяп келу), 2
топ үш-төрт рет қайталап тартылу. Демалу үшін үзіліс 1-1,5 минут. Тартылу
саны ең жоғары қуаттың 60-80 пайызын құрайды. Мысалы, оқушы барлығы 6 рет
тартылады, онда ол әр таяп келгенде 4 рет тартылуы тиіс. Қыздар аяқтарын
жоғары көтеріп асылады, асылып тербеледі және секіріп түседі.
Негізгі бөлім: Қозғалыс ойындарын өткізумен аяқталады.
Қорытынды бөлім: Мектепке саппен кайту, баяу жүгіріп, жүруге ауысу.
Тыныс алу жаттығулары мен босаңсу жаттығуларын орындау. Тамыр соғу жиілігін
анықтау. Жуыну, сүртіну т.с.с. шағын кешенді мектептерде ашық спорт алаңын
пайдаланып гимнастика сабағын жүргізудің осы әдісін қолдану ешқандай
күрделі жаттығулар мен құрал-жабдықтарды қажет етпейді, қайта оқушылардың
дене тәрбиесі сабағына деген қызығушылығын арттырады. Жоғарыда көрсетілген
жаттығуларға қатысу арқылы бастауыш сынып оқушылары өздеріне қажетті білім
мен қозғалыс дағдыларын қалыптастырып, дене қабілеттерін дамытып
жетілдіреді [9,10].
10. Ойынға киетін спорт киімдері ауа-райы жағдайына қарай өзгеріп
отырады.
Шағын баскетбол ойынында:
1. Баскетбол қалқанының астында тұруға, отыруға болмайды.
2. Допты қағып аларда бас бармақты допқа қарсы бағыттауға болмайды.
3. Ойын ережелерін қатаң сақтау керек.
4. Ойыншылар ойын кезінде бір-бірін ұстауына, дөрекі қылықтар көрсетуге
жол бермеу керек.

2 Сыныптан тыс сабақ түрлерін ұйымдастыру түрлері

Бастауыш мектепте оқу - тәрбие жұмысының тиімділігінің артуы сыныптан
тыс сабақтарға елеулі көңіл бөлуге байланысты. Жаңа бағдарламалар балаларға
аса жоғары талаптар қояды. Ой еңбегі, жазу сабақтары балаларды шаршатады.
Оқушылардың сабақ кестесін ерттеу, шаршауды болдырмаудың жақсы әдісі, ой
және дене қызметін кезектестіру екенін көрсетті. П.Ф.Лесгафт атап еткендей,
"Ой және дене тәрбиесінен білім беру өзара тығыз байланысты, олар мектептің
біртұтас ажырамайтын міндетін құрауы тиіс"
Дене тәрбиесінен сыныптан тыс сабақтар төмендегідегі міндеттерді
шешеді:
- дене тәрбиесі сабақтарында алған білімді жетілдіру, кеңейту және
тереңдету. аса маңызды қозғалыс дағдыларын қалыптастыру;
- денені шыңдауға ұтымды ықпал ету, денсаулықты нығайту және шынықтыру,
дұрыс мүсінді қалыптастыру, дұрыс тыныс алу;
- ұйымдасқан ойын-сауықты және белсенді демалысты қамтамасыз ту, спорт
үйірмелеріне жүйелі қатысу;
- бастамашылдықты, белсенділікті ұйымдастыру және оқушының шығармашылық
қабілеттерін дамыту;
- саналы тәртіпке, ұжымшылдыққа, достыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларымен қозғалыс шындарын
өткізуге, гимнастика, жеңіл атлетика, шаңғы, жүзумен шұғылдануға болады.
Сабақтар дене тәрбиесінің оқу бағдарламасы егізінде құрылады, қосымша
материалдарды мұғалім "Бастауыш мектеп","Мектептегі денешынықтыру
"Қазақстан мектебі", ''Шағын кешенді мектеп" т.б. журналдардан және әртүрлі
оқу әдістемелік құралдардан алады. Спорт түрлерінен үйірмелер ұйымдастырып,
4 сынып оқушыларын "Президенттік сынама" талаптарын тапсыруға дайындауға,
денешынықтыру мерекелерін, денсаулық күндерін, спорт түрлерінен жарыстар,
серуендер және туристік жорықтар, ойын сағаттарын т.с.с. өткізуге болады.
Шағын кешенді мектеп мұғалімдерінің жанында керек кезде білікті кеңес
алатын мамандар жоқ болғандықтан жалғыз өзі жұмыс істейді. Сондықтан бүкіл
ұйымдастыру жұмысын өз бетімен жүргізуге тура келеді.
Ең алдымен белсенді ұжым құру керек. Оған осы елді мекенде тұратын,
мектепті бітірген түлектер кіреді. Шаңғы және жаяу серуен жүргізе алатын,
жарыстарға төреші бола алатын ата-аналар, жергілікті жас мамандар,
дәрігерлер. агрономдар, инженерлер кіре алады.
Шағын кешенді мектепке әдетте жақын маңдағы орта мектептер демеушілік
жасайды. Спорт алаңын жабдықтау, спорт құрал-жабдықтарын дайындау мен
жөндеуге, материалдық спорттық базаны жақсартуда демеушілер көмегіне
сүйенген дұрыс.
Сыныптан тыс сабақтарды жоспарлауда материалдық базаны, мектептің
спорттық құрал-жабдықтарын, ауа райы жағдайын, оқушылардың дене дайындығын,
демеушілік көмекті т.с.с. есепке алып жүргізу қажет. Жалпы мектеп
жоспарында дене тәрбиесінің сыныптан тыс сабақтарының бүкіл нұсқаулары
қарастырылады, атқарылатын іс-шаралар мазмұны, өткізетін орны және
мерзімдері. жауапты адамдар көрсетіледі. Жоспарлау және есеп жүргізудің
негізгі құжаттары - денешынықтыру - көпшілік жұмыс жоспары. өткізілетін іс-
шаралардың күнделігі, спорт үйірмесі сабақтарының журналы т.б.
Дене тәрбиесіне қызығушылықты дамытуда оқушылар арасында денешынықтыру
мен спортты ұйымшылдықпен насихаттау үлкен рөл атқарады. Насихат
жұмыстарының түрлері сан алуан: спорт тақырыбындағы газет-жорналдар, сурет
сөрелерін дайындау (Сен білесің бе? Олимпиада жеңімпаздары - жерлестеріміз,
т.б.), қызықты әңгімелер, хабарламалар, "Жас спортшыға кеңестер" т.б.

2.1 Сыныптан тыс уақытта спорт жарыстарын ұйымдастыру

Сыныптан тыс жұмыстар сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын дене
жаттығулары жүйесінен құралады. Мектептен және сыныптан тыс уақытта
спорттық сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру кезіндегі қиындықтар, мысалы,
мектепішілік жарыстар өткізу, олардың жеңімпазын анықтау, аудандық
жарыстарға команда дайындау немесе сыныпта оқушылар саны аз болған жағдайда
жекелей біріншіліктерді еткізу барысында туындайды. Әрбір оқушы жарыста
өзінің жеке төзімділік, шапшаңдық, кептілік, күш сияқты дене қабілеттерін
дамытып, оны ойын барысында сынағысы келеді. Бұл сыныптан тыс жұмыстар
денешынықтыру мен спортты насихаттауға, оқушыларды бос уақыттарын тиімді
пайдалануға, адамгершілік, ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеуге
қалыптастырады [11,12].
Мектеп оқушыларының дене тәрбиесіне деген белсенділігін арттыру спорт
түрлерінен жарыстарды ұйымдастыру болып қабылады. Көбінесе жарыстар
мектепішілік немесе көрші мектеп командаларымен жолдастық кездесу түрінде
өткізіледі. Жарыста жоспарланатын жаттығу түрлері мектеп бағдарламасына
сәйкес болуы иіс. Шағын кешенді ауыл мектептерінде денешынықтыру пәнінің
мұғалімдері, әсіресе "Көңілді сөре" мен спорт түрлерінен жарыстар
ұйымдастырып жүргізу барысында көптеген қиындықтарға кездеседі, егер
мектепте 5-9 сыныптарда барлығы 20-30 оқушы болса, "Көңілді өре" және
футболдан (басқа да спорт түрлерінен) жарыстарды өткізу проблемалық жағдай
туғызады.
Шағын кешенді ауыл мектептерінде сыныптан тыс жұмыстардың
ұйымдастырылуы мен мазмұны пәнді терең оқыту, оқушылардың белсенділігін
және спортқа қызығушылығын арттыру сияқты алаптарды қанағаттандыруы тиіс.
Шағын кешенді ауыл мектептерінде ене тәрбиесінен өткізілетін сыныптан тыс
жұмыстарын ең қызықтысы спорт түрлерінен жарыстар өткізу. Оқушылар
жарыстарды сыға күтеді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРЫП, ДАМЫТУДА ЕҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ СПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚИМЫЛ- ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫН ПАЙДАЛАНУ
Оқушыларды өмірлік маңызды қозғалыс біліктері мен дағдыларын үйрету
Эстетикалық және дене тәрбиесі істері
Жасөспірімдердің қимыл-қозғалыс дағдыларын қазақтың ұлттық ойындары арқылы дамыту
Казақ спорт және туризм академиясы
Ұлттық спорт түрлеріндегі ойын жаттығуларының маңызы
Дене тәрбиесі пәнінде ойын арқылы оқушылардың белсенділігін дамыту
Дене тәрбиесі ерекшеліктерін анықтау
Оқушылардың дене тәрбиесін қозғалыс-қимыл жаттығулары арқылы ұйымдастыру ерекшеліктері
Дене тәрбиесінің оқыту мәселелері
Пәндер