Шығыстық ақын - шайырлардың қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы


КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«ТІЛ ПӘНДЕР» КАФЕДРАСЫ
ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛГЕН КҮНІ: «__»2007ж.
КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ: Жүсіпов А. Е.
Бейсенова Қарлығаш Теңесқызы
- ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ТАҚЫРЫБЫ: «Шығыстық ақын - шайырлардың қазақ
әдебиетіне жасаған ықпалы»
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ: филолог. ғ. к. Еркегүл Арыққара
Көкшетау қаласы, 2007 жыл
Мазмұны
Кiрiспе . . . 3 - 7
І. Шығыс шайырлары және шығыс әдебиеті дәстүрінде жазған қазақ ақындары. . . . 8
1. 1 Шығыс әдебиетінің белгілі өкілдері . . . 8 - 16
1. 2 Абай және шығыс әдебиеті . . . 17 - 42
1. 3 Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақов (Алтайский) . Оның дастаны . . . 43 - 47
II. Шығыс әдебиетiнің жанрлары. . . . 48
2. 1 Шығыс әдебиетiндегі өлең өлшемінің құрылу тәсілдері . . . 48 - 49
2. 2 Әл-Фарабидің «Өлең кітабы» . . . 50 - 54
2. 3 Дастандар - халық эпикалық поэзиясының алтын қазынасы . . . 55 - 64
ІІІ. Қорытынды сөз . . . 65 - 67
ІV. Сөздік . . . 68
V. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . . 69 - 70
К І Р І С П Е
Шығыс әдебиетінің классикалық үлгілері қазақ тілінде жасалған нұсқауларымен ежелден келе жатқан терең тамырлы қарым - қатынасы бар екені белгілі. Осы шығармаларды зерттеу, оларды сын көзімен сұрыптай отыру игілікті істердің бірі. Сондықтан шығыстық желіске жазылған туындыларды көпшілікке кең таныстырудың жөні бар. Көптеген дастан- хиқаялар, қисса-жырлар бірінде таза еркін махаббатты, жан дүниесінің пәктігін, ізгілікті, адамгершілікті, бостандықты армандаған жастарды, кейбірінде елдің намысын қорғаған, теңсіздікке қарсы шыққан, өнегелі азаматтарды суреттеген.
Шығыс әдебиетінің туыстас халықтар әдебиетіне жасаған ықпалы туралы әңгіме қозғаудың реті келіп тұр.
Осы шағын зерттеу жұмысымда шығыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің байланысын шығыстық шайырлардың желісі арқылы жазылған
шығармаларды талдау кезеңінде өзімнің ой- пікірлерімді білдіргенді жөн көрдім. Қазақ әдебиетінде шығыс әдебиетінің әсеріне берілген ақындардың ішінде Абайдың орыны ерекше болып тұр. Сол себептен тақырыпты ашқанда Абайдың шығармаларына көбірек тоқталдым. Шығыс эдебиетінің
зерттелмеген салалары көп. Бұл тақырып өте қызықты және маңызды.
Тағыда бір айтуға келетін жағдай: жалпы түркілік тілдің бір нұсқасы есебінде өз әдеби тілі, оның көркем әдебиет стилі, ғылыми стилі және іс қағаз стилі Алтын Орда дәуірінде қалыптаса бастаған еді. Алтын Орда дәуірінде бай әдебиет жасалды. Оған Құтб, Сайф Сарай, Әли, Сиди Ахмед, Рабғузи, Хусам Хатиб сияқты ақын-жазушылар, Әбу Хайан ибн Муханна сияқты ғалымдар ат салысқан. Біздің заманымызға жеткен жазба нұсқаулардың негізгілері: "Мұхабатнама", "Хұсрау мен Шырын" ( авторы - Низами, ал Құтб парсы тілінен түркі тіліне аударған), "Гүлистан би-т Турки" (авторы Сайф Сараи 1391 жылы парсы тілінен түркі тіліне аударған) дастандары. Алтын Орда ақындары Әли "Қисса Жүсіп", Хусам Қатиб "Жұм - жұма", Саид Ахмед "Тайшукнаме" шығармаларын жазған. Алайда бұлардың тілдік, стильдік поэтикалық ерекшеліктері жете зерттелген емес. Зайырлық мазмұндағы шығармаларымен қатар, Алтын Орда дәуірінде діні мазмұнды аудармалар да пайда болған. Тағы бір шығарма "Наһдж ул -Фарадис" деп аталады. Қазақша аудармасы - "Фарадис бейітіне апаратын жол" .
Авторы Махмұд ибн Әли. Еңбек Алтын Орданың астанасы - Сарай қаласында жарық көрген. Төрт жүз қырық төрт беттен тұратын бір қолжазбасы Стамбулда сақталады. Алтын Орда дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің қай- қайсысы да қыпшақ - оғыз тілінде жазылған. Қазақ тілі қыпшақ тілдерінің бір тармағы болып есептелетіндігін ескертсек, Алтын Орда дәуіріндегі әдебиетті де қазақ әдебиетіне ортақ мұра деп қарастыру әбден орынды. Сол себептен осы жұмыстың бір тарауы Құтбтың "Хұсрау мен Шырын " дастанына арналады.
Қыпшақ даласынан шыққан ұлы ғұламалардың бірі - Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ Әл- Фараби ( 870, Отырар қаласында туған) . Тарихи деректер бойынша жетпіске жуық тіл білген, жүз алпыс төрт трактат жазған. Ол әмбебап музыкант та болған. Әл- Фараби өзінің
"Риторика", "Поэзия өнері туралы", "Бақытқа жол сілтеу" деген еңбектерінде эстетикалық мәселелерге қоңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық туралы ұғымдарының негізін дәлелдеп берді. Қазіргі кезде Алматыда фарабитану орталығы құрылған. Әл - Фарабидің мұрасын аудару, зерттеу, насихаттау жұмыстары жаңа, тың бағыттар бойынша жүргізіледі.
Қазақ әдебиетінің өлең жазу саласында ұлы ғұламаның еңбектерінің негізгі қағидалары қолданған. Әсіресе, Әл - Фарабидің философиялық ой пікірлерінің ықпалы Абайдың шығармаларында белгіленген. Жазба әдебиетінің қазақ топырағында жаңаша үлгіде өркендеп кемеліне келген тұсы - Абайдың әдеби шығармашылығы.
Абайдың көркемдік дәстүрлері ХХ ғасырдың бас кезінде Шәкәрім Құдайбердіұлы жалғастырған. Әкесінен жастай жетім қалып, немере ағасы Абай Құнанбайұлының қолында тәрбиеленген. Бұл жағдай Шәкәрімнің дүниеге көзқарасының қалыптасуына, ақындық шеберлігінің шындалуына зор әсер етті. Абайдың реалистік дәстүрлерін жалғастырып, этикалық жанрдың дамуына үлкен үлес қосқан Шәкәрім Құдайбердіұлы Физулидің "Ләйлі - Мәжнүн" дастанын Назира үлгісімен жырлады.
Шығыстың көп ақындарының шығармаларына ғашықтық дастандар өзек болған. Дастандардың сюжетін арқау еткен қазақ ақындарын атау керек. Сондықтан Ж. Шайхысламұлы, Ш. Жәңгірұлы, Т. Ізтлеуұлы туралы әңгімеледік. Шығыстың әйгілі шығармаларын насихаттаған әдебиетшілер кітаби ақындар деп аталған. Оған Шығыс дәстүріне таза еліктеп қана қоймай, өз ортасының, уақытының әдеби эстетикалық талғам - тілектерін де ескерген.
Шығыстану саласында зерттелмеген мәселелер көп. Әли күнге дейін зерттеушілер шығыстық эпостық жанрлардың ерекшеліктерін толық айқындаған жоқ. Бірақ қазақ халқының атақты ақындары шығыстық бай әдебиетінің желісімен жазса да, олардың шығармалары өзіндік көзқарасын көрсете алған. Сондықтан қазақ ақындарының дастандары өзгеше түрде жасалған. Шығыс әдебиетінің ықпалымен ХII- ХV ғ. Қыпшақ даласындағы түркі халықтарының әдебиеті мен мәдениеті мүлдем жаңа сапалық дәрежеге көтерілді.
Шығыс "адамы едім", "мұсылман едім" әр уақытта да Абай терең, даналықпен толғайтын ақындардың өзі болған. Сыртқы өмірдің у қосып тартып жатқан сыбағасы бар. Өз ішінде, қалыптанып толған сыншы ақылдың, бұны табынан ұзатып әкететін жалғыздығы бар.
Абай өлеңді өз жүрегінің тынысы сияқты қылып алған. Орыс, шығыс ақындардың өлеңдерін қазақшаға аударса, барлығын да өз жүрегіне түсінікті, өз халіне жанасатын, өзінің әлеуметтік мұң-арманына тапкелетін және қиялына үйлесетін, ерекше бір жақындығы болғандықтан аударады. Аудармалар ақынның өз жүрегінен толқып шыққан қайғылы шердің бір айнасы, тынысы болады.
Кезі келгенде айта кету керек, Абайдан қалған аудармалар тегіс бірдей емес. Кейбірін, мысалы, Крылов мысалдарының көп жерін немесе Лермонтов өлеңдерінің бірқатарын ақын дәл аударады. Сонымен қатар сол Крылов, Лермонтовтың және әсіресі Пушкиннің "Евгений Онегинін" әдейі бір кең толғаумен өзінше еркін жырлап жеткізеді. Ол аударма ғана емес. Европа, Шығыс әдебиет тарихында көп ғасырлар бойында тәжірибеде болған сарын қосу сияқты бір жол . Алдынғы ақын сезіміне, әңгімесіне, ой толғауына сүйсіне отырып, өз ішінде де соған үндес коғамдық сыр шығарып, қосыла күңіреніп, қатар шабыттанып кетеді. Бұл түрдегі сезім ойларды өзгерте жырлауы әдейі істелетін, өзіндік тумаларға жақын боп шығады.
Сондықтан бұл алуандас ақындық еңбегінің кейбіреулерін құр аударма деп қарамай, Пушкин, Лермонтов, Байрон сарынымен жазылған шығармалар деп тану керек.
Абай айтуынан тараған осындайлық жаңа, соңгы әңгімелерлің ішінде өз уақытында жаңа болған "Мың бір түн", "Шаһнама", "Бақтажар", "Ләйлім-Мәжнүн", "Қөрұғлы сүлтан" сияқтылардан басқа, орыс пен европаның да талай романдары болады. Абайдың айтқанынан тараған А. Дюманың "Үш мушкетері", "Он жылдан соңғысы", "Король қатын Маргосы", Лесаждың "Ақсақ французы" ("Хромой бес"), онан соң Америка, Африка жабайылары ортасында күн кешкен "Жәһанкездер " жайындағы романдар да көп айтылатын болған. Абай тәрбиесінің тағы бір ерекшілігі өзін шығыс "адамы едім", "мұсылман едім" деп, дін тұсауына бағындырмаған.
Шығыс халықтары әдебиеттерiнiң өзара байланысы және бiр-бiрiне жасаған игi әсерi әр түрлi. Солардың бiрi - көркем шығармалардың адамгершiлiк мазмұн-мағынасын, оқиға желiсiн, жазу - өрнек тәсiлдерiн түсiне, өрбiте, өсiре қабылдау болып табылады. Соның айқын дәлелi ретiнде Рудаки, Фирдоуси, Низами, Физули, Новаи, Саади, Хафиз, Жәми шығармаларын қазақ ақындары өзiнше дамыта жырлап, тыңнан толғап, «нәзира» дәстүрiмен, халық арасына таратқан нұсқаларын айтуымыз ләзiм. Атақты Абайдың өзi шығыстық желiске «Масғұт», «Ескендiр», «Әзiм» дастандарын жазған болатын. Шығыстық «жетi жұлдызының» бiрi - Фирдоусидiң жер жүзi мәдениетiнiң алтын қорына, асыл қазынасына айналған «Шаһ-наменiң» қазақ арасына тарау жолы әрi ұзақ әрi қызық емес пе? Сондай-ақ, араб, парсы, Үндi аңыз-ертегiлерiнен келген «Мың бiр түн», «Тоты-наме», «Жүсiп-Зылиха», «Сейфүлмәлiк», «Атымтай жомарт», «Мұңлық-Зарлық», «Бозжiгiт», «Шәкiр-Шәкiрат», «Иранғайып шаһ Ғаббас» сияқты лирикалық, батырлық, ғашықтық дастандардың, хикаялардың қазақ топырағында қайта түлеп, жаңарып, бай ауыз әдебиетiмiзбен тамырласып, тоғысуы да жоғарыда түйiндеген пiкiрiмiзге дәлел.
Қазақ әдебиетiне әсер-ықпалын тигiзiп, оның өсiп-өркендеуiне елеулi үлес қосқан шығыс әдебиетiмен байланысты зерттеу - игiлiктi мiндеттерiмiздiң бiрi.
Шығыс елдерiнен келген туындылардың көпшiлiгi әлi күнге дейiн жарық көрмей, жөндi зерттелмей келдi. Ендiгi жерде бұл саладағы көптеген нұсқаларды терең зерттей отырып, олардың көркем де құнды үлгiлерiн жариялап, халқымыздың асыл қазынасына айналдыру керектiгi бұрыннан ақ айтылып келе жатқан болатын.
О басында Дештi Қыпшақта кең тараған, кейiн қазақ, башқұрт, татар, өзбек халықтарына мирас болып қалған, сюжетi шығыс халықтарының көбiне ортақ дастандардың бiрi - «Бозжiгiт». Жырдың қазақ арасына өте көп жайылған және ең көне нұсқасы - 1842 жылы жазылып алынып, 1870 жылы академик В. В. Радловтың жинағында жарияланған. Мұнан кейiн «Бозжiгiт» он үш-он төрт рет жеке кiтап болып басылып шыққан. Шығыс зерттеушiсi, ғалым Н. Ф. Катановтың қазақ кiтаптары жайында сол кездiң өзiнде жариялаған бiр мақаласында «Бозжiгiт» дастанының 1896 жылғы басылымы 10 мың дана болып шыққаны хабарланады.
Қазақ фольклорын жинаушы А. В. Васильев «Бозжiгiт» жырын «Дала уалаяты газетiнде», «Тургайская газетада» бастырып, 1901 жылы орыс, қазақ тiлдерiнде қатар жариялады.
І. Шығыс шайырлары және шығыс әдебиеті дәстүріндегі жазған қазақ ақындары
1. 1 Шығыс әдебиетінің белгілі өкілдері
Шығыс классикалық әдебиетiнiң ғажайып үлгiлерi XIII-XV ғасырларда ұлан-ғайыр қыпшақ даласына кеңiнен тараған едi. Фирдоуси, Низами, Сағди сияқты есiмдерi әлемге мәшһүр Шығыс ақындарының шығармаларын Алтын Орда, орта азия түркiлерiнiң сол кездегi әдеби тiлiне көптеп аудара бастады.
Әдеби үлгiлердiң тақырыптық, идеялық сарындары жағынан болсын, оқиғаны суреттеуi, түрлi ақындық тәсiлдерi, көркемдiк ерекшелiктерi жөнiнен болсын, қазақ халқының ауыз әдебиет нұсқаларымен орайласып, үйлесiп келетiндерi аз емес. Бұл дастан, жыр-хикаялардың бiрiнде еркiн махаббатты, жан дүниесiнiң пәктiгiн, тазалығын, iзгiлiктi, адамгершiлiктi, бас бостандығын аңсаған жастар бейнесi суреттелсе, кейбiрiнде ескi әдет-ғұрып салтсанадан туған қайғы-қасiреттi, теңсiздiктi, күйiнiш-сүйiнiштi суреттеу бар. Бұлардың жақсы да таңдаулы үлгiлерi қазақ әдебиетiнде дастан мен оқиғалы хакаялар түрiнiң дамуына әсерiн тигiзгенi айқын. Әйтсе де олардың бәрi бiрдей идеялық көркемдiк жағынан бағалы тың туынды дәрежесiне көтерiле алған жоқ.
Дүние жүзiне мол танылған шығыстық классикалық әдебиет үлгiлерiнiң қазақ тiлiнде жасалған нұсқаларынан қазақ әдебиетiнiң туыстас халықтар әдебиетiмен тарихи тамырлас байланысын, ежелден келе жатқан терең тамырлы қарым-қатынастарын байқаймыз. Ендеше осы нұсқалардың озығын саралап зерттеу, сын көзiмен сұрыптай отырып, бүгiнгi заман тiлегiне жарайтындарын жиi жариялап отыру алдымызда тұрған игiлiктi iстердiң бiрi. Осыған орай көп жылдар бойына назардан тыс қалып келген шығыстық желiске жазылған туындылардың таңдаулыларын оқырман жұртшылыққа таныстыруды жөн көрдiк.
Жинақтағы араб-парсы сөздерiнiң мағыналарын ашуға ғылыми қызметкер Бақытжан Әзiбаева қатысты.
Ілияс Жүсіпұлы Низами. 1141 жылы Ғанжі-Шәй өзенінің жағасында Бұрыңғы деген жерде Әзербайжан халқының кемеңгер ойшылы, ұлы ақын дүниеге келді. Низами өмір сүрген орта өзара феодалдық соғыс жорықтары мол бір ел мен екінші ел қантөгіс қырғынға белшесінен батып, түріктердің үстемдігі мен жорықтарына араб халықтарының Иран шаһының сап құрғанына Фарһадтың таза махаббатын қарсы қояды. Низамидің «Хұсрау мен Шырын» дастаны гуманистік рухында жазылған.
Низамидiң басты мақсаты - Хұсраудың қайта тәрбиеленiп, жақсы адам, әдiл патша болуын сипаттап көрсету едi. Құтб автордың осы түпкi ойын дұрыс түсiнiп, Хұсраудың психологиялық тұрғыдан қыпшақ даласына лайықты образын сөз зергерлерiне ғана тән ғажайып шеберлiкпен жасап шыққан.
Дастандағы Фархад бейнесi ерекше назар аудартады. Фархад - еңбекқор адам, ғалым, данышпан. Дастанда Фархад арұылы нғыз ғашық адамның бейнесi жасалған. Оның Шырынға деген шынайы сүйiспеншiлiгi жiгiттiң жiгерiне жiгер, күшне күш қосып, оны ерлiк iстерге шабыттандырады.
Фархадтың өлiмi оның жеңiлгенi емес, жеке басының трагедиясы болып табылады. Ал Хұсраудың жеңiсi оның дәрменсiздiгi мен рухани жеңiлiске ұшырауының белгiсi едi.
Патша тағы мен тәжi үшiн, мансап пен алтын үшiн өз әкесiн өлтiрген шаһзадалар тарихта көп болған. Мұндай жиiркенiштi, қанды оқиғалар Алтын Орданы билеген Жошы хан ұрпақтары арасында да кезiнде етек алған едi. Адамдық қасиеттен жұрдай боған осындай жауыздардың типтiк бейнесi дастанда Шеруя бейнесi арқылы көрiнедi.
Ол әкесiн өлтiрiп, патша тағына отырады. Бiрақ мемлекет iстерi, халық жағдайы оны қызықтырмайды. Шынайы сүйiспеншiлiк сезiмi де оған жат, түсiнiксiз нәрсе болып көрiнедi. Сөйте тұрып, Шеруя өзiнiң өгей шешесiне «ғашық» болады. Шеруя бастаған залымдардың кесiрiнен бүкiл ел күйзелiске ұшырайды. Ақырында Шырын да, Хұсрау да қайғылы қазаға душар болады.
Сөйтiп, Құтбтың қыпшақ-оғыз тiлiне аударған «Хұсрау - Шырын» дастаны ұлы Низамидiң прогрессивтi ой-пiкiрлерiн бiлдiре отырып, сонымен бiрге XIV ғасырдағы Алтын Орда мемлекетiнiң iшкi және сыртқы қоғамдық-әлеуметтiк мәселелерiн де зор шеберлiкпен ашып көрсетедi.
Бұл дастанда дiни-мистикалық әдеби шығармаларға қарсы бағытталған осы өмiрдiң нақты шындығы бейнеленедi. Ақын адамгершiлiкке, әдiлдiкке, ынсапты болуға, туған жердi туған анаңдай жақсы көруге, қара бастың қамынан гөрi халық мүддесiн қашанда жоғары қоя бiлуге, өнер-бiлiмдi игеруге, махаббатқа адал болуға үндейдi.
«Хұсрау-Шырын» дастаны қазақтың лиро-эпостық жырларымен сарындас, үндес, соларға мейлiнше жақын болып келедi. Мұны Құтб дастанының идеясы мен мазмұны, композициялық құрылысы мен баяндау тәсiлдерi, көрiктеу құралдары, т. б. толық дәлелдейдi.
Шығыс ақындарынан әзербайжанның атақты классигi Низами ғана өзiнiң «ескендiр-намасында» жаңағы бұған дейiн жеткен екi тарау аңыздарды терiске шығарады. Ол тарихи шындық бойынша Филикустың (Филипптiң) өз баласы етiп жырлайды. Ескендiрдi, соңғы тапқан деректерiмiзге қарағанда, Абай Ескендiр жайындағы аңызды, түгелiмен сол Низамидiң «Ескендiрнамасынан» алған.
Азербайжан ұлы классигiнiң ең зор поэмасы - «Ескендiрнама» сансыз көп оқиғалардан, көп тарау, бөлiмдерден құрылған аса бай мазмұнды дастан. Ескендiрдiң жоғарыдағы Даримен соғысқаны, онан соң азербайжан патша әйелi - Нушабемен кездескенi, Ескендiр мен Хақан әңгiмесi, қытай, торан өлкелерiнде жүрген сапарлары және терiстiк өлкедегi бiр ғажайып бақыт, молшылық, әдiлет орнатқан елдiкке ұшырасуы - бәрi де Низамиде мол баян етiледi. Кейiн Ескендiр терiстiк сапарына барып, Яжуждерге қарсы қорған соғады. Осы алуандас толып жатқан шытырман оқиғалы, күрделi сюжеттер тарайды. «Ескендiрнаманың» тағы бiрнеше тараулары сол Ескендiрдiң түн тарпына шеккен сапарына арналады. Ол сапарға Ескендiр Әбулхаят суын (мәңгi тiрлiк беретiн суды) iздеп барады.
Түн дүниесiнде, ұзақ қаранғылық сапарында, сан қиыншылықтар ортасында қалың қолмен жүрген Ескендiрдi бастаушы Хызыр болады. Бұлар iздеген Әбулхаят суын Хызыр жалғыз тауып, өзi iшiп, жуынып алады. Астындағы ақ боз атын да әрi суарып, әрi суға шомылдырады. Бiрақ, ғажайып су ендi Ескендiрге бiлдiрмек болғанында, ғайып боп жоғалып кетедi. Сөйтiп, бар мұсылман аңыздарындағы мәңгi тiрлiк алған Хызырдың жәйiн Низами өз поэмасында осылайша әңгiмелеп дәлелдейдi.
Сол түн тарапта жүргенде, кезу үстiндегi Ескендiрге сыры, жәйi мәлiмсiз бiр жас кездеседi. Ол жас перiште деп айтылады. Сол жан Ескендiрге өзгеше сыры бар кiшкентай тас бередi. «Кейiн ойлансан, осы тастан көп сыр көресiң, ой табасың», - дейдi. Түн тарапынан Ескендiрдiң барлық серiктерi неше алуан қымбат, асыл тастар алып қайтады. Ескендiрдiң алғаны - жаңағы титтей тас. Кейiн Ескендiр өзiнiң ойшылдарымен бiрге отырып, сол тасты сарапқа салады. Тас таразыға түскенде, барлық өзге асылдың барлығын баса бередi. Оның салмағына қарсы қандай қазына үйсе де бәрібір келмейдi. Осы күйге қайран Ескендiрдiң қасына Хызыр келiп бiр уыс топырақты кiшкене тастың үстiне тастай бергенде, тас жағы жеңiлдеп, аспанға көтерiледi. Сонда Ескендiр өзгеден бұрын өзi ойшылдық танытып, «топырақтан бiткен - топырақтан ғана тойым табады» деп, терең байлау жасайды.
Мiне бiздiң бiлуiмiзше Абай пайдаланып отырған сюжет Низами жазған «Ескендiрнаманың» осы тұсынан алынған. Бiрақ, Абай дастанның бiлетiндерге мәлiм, жаңағы әңгiменiң желiсiн Абай өзiнше өзгертiп, өсiрiп алған.
Низамидің бір күрделі шығармасы 1188 жылы аяқталған. Ол - «Ләйлі - Мәжнүн» дастаны. Сюжеті - бұрыңғы араб тарихшыларының Иран, Орта Азия халықтарының кітаптары мен аңыз-әңгімелерінде көп айтылып, көп тараған. Низами ол әңгімелерді дамытып, өзінше дастан жасаған. Низамидің «Ләйлі - Мәжнүнін» қазақ ақыны Қасым Аманжолов аударып, «Ләйлі - Мәжнүнің хатынан үзінді» деп атаған.
Үш бу хатқа салдым өрнек,
Тіктім кесте шім жібектен.
Салдым өрнек оқып көр деп.
«Шым жүректен» - жан жүректен.
Уа, серігім, ізгі досым,
Уа, сақтаушым жанның сырын,
Жұбанышым, көңіл хошым.
Ақын ежелгі Шығыс поэзиясындағы бір философиялық қағидадан аса алмайды. Махаббаттың азабын тартуға болады, бірақ қосылып, тағдыр жазу қиын, - деп ой түйеді. Бұл дастанда ізгілік, адамгершілік, әділдік туралы айту елеулі орын алады.
Низамидің есімі қазақ халқына толық таныс. Ақынның терең ойшылдығы, асқан шебер ақындық шабыты оның шығармаларынан көрініп тұр.
Абай жастардың алдында тұрған зор мiндет - ғылым үйрену жөнiнде айта келiп: «Тегiнде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мiнез деген нәрселерімен озады. Одан басқа нәрселермен оздым демектiң бәрi де ақымақтық», - деп жастарға ұлы адамдарға елiктеу керектiгiн айтып, өзiнiң «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңiнде:
Мұны жазған құл - бiлген құл,
Ғұламаһи Дауани,
Солай дептi ол шыншыл.
Сөзiн оқы және ойла,
Тез үйренiп, тез жойма.
Жас уақытта көңiл гүл,
- деп аяқталады.
Осындағы ғұламаһи Дауани кiм? Бұл Шығыстың ХV-ғасырда өмiр сүрген ұлы ойшылы. Оның толық аты - Жалаладдин Мұхаммед ибн Асьад ас-Сиддиқии- ад-Даввони.
Жалаладдин Дауани туралы мәлiметтерге сүйiнсек, оның шығармалары мен өмiр тарихи тек көне кiтаптарда ғана кездеседi. Дегенмен, Батыс және Шығыс ғалымдары ол туралы түйiндi пiкiрлер айтқаны белгiлi.
Жалаладдин Дауани Иран жерiндегi Казарун аймағының Даввон Қыстағында 1427-жылы дүниеге келген. Дауани философияда Фараби мен Әли ибн Синаның, Насриддин Туси мен Ибн Мискавейтхтiң көзқарастырын қолдап, одан әрi дамытып, бiрнеше трактаттарды дүниеге келтiредi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz