Ақша қаражаттарының есебі. Ақша қаражаттар есебін жүргізу ерекшеліктері.


Жоспар
Кіріспе . . . 3
1 Бөлім. Ақша қаражаттарының экономикалық мазмұны және оны жетілдіру жөніндегі ғалымдармен оқымыстылардың ой-пікірлері
1. 1. Ақша қаражаттардың сипаттамасы және есеп айырысу нысандары . . . 5
1. 2. Ғалымдар мен тәжірибешілер еңбектеріндегі ақша қаражаттарды жетілдіру жетістіктері . . . 7
2 Бөлім. Ақша қаражаттарының есебі.
2. 1. Кассадағы ақша қаражаттар есебі . . . 11
2. 2. Банктегі есеп шоттардағы ұлттық валюта
түріндегі ақша қаражаттар есебі . . . 18
3 Бөлім. Ақша қаражаттар есебін жүргізу ерекшеліктері.
3. 1. Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу . . . 31
3. 2. Вексельдер арқылы есеп айырысу . . . 34
3. 3. Төлем карточкаларының есебі . . . 41
Қорытынды . . . 51
Қолданылған әдебиеттер . . . 53
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субьектінің нарықтан іс-қимылын анықтап, бәсекелес-субъектіні айқындауға, сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.
Қазіргі заман бухгалтерлері - бухгалтерлік есеп ауқымында алған терең кәсіби білімі арқылы экономикалық талдау мен аудит дағдыларын игеруі, сондай-ақ өндіріс процестерін басқара білуі тиіс. Ол Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтары мен заңнамаларды есепке ала отырып. әр түрлі экономиканың шешімдер қабылдап. ұйымның келешектегі қызметін жоспарлай білуі тиіс.
Курстық жұмыс төмендегідей сұрақтарды қамтиды:
- Ақша қаражаттардың сипаты және есеп айырысу нысандары
- Ғалымдар мен тәжірибешілер еңбектеріндегі ақша қаражаттарды жетілдіру жетістіктерін
- Кәсіпорынның есеп қаржылық жұмысының ұйымдастырылуын
- Ақша қаражаттар есебінің маңызы мен міндеттерін
- Кассадағы ақша қаражаттар есебін
- Банктегі есеп шоттағы ұлттық валюта түріндегі ақша қаражаттар есебін
- Төлем тапсырмалары мен есеп айырысуын
- Вексельдер арқылы есеп айырысуын
- Төлем карточкаларының есебін.
Кассадағы ақшаның есебін жүргізу үшін кассир тағайындалады. Кассир материалды жауап беретін адам. Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу және аудару төлем тапсырманы ұсыну, чектерді беру, вексельдерді беру, төлем карточкасын пайдалану. Төлемдерін ұсыну әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Төлем тапсырмалары онда көрсетілген сомманы бейнефициаардың көмегімен ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк-алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанда белгіленген төлем құжаты вексель деп аталады.
Қазақстан әлемінің кез-келген нүктесінен автоматталған ақша аударымен жасау мақсатында төлем карточкаларын пайдаланады. Төлем карточкалары-бұл ақша қаражатына терминал және басқа да қондырғылар арқылы қол жеткізу, валютаны айырбастауға қолма-қол ақшаны жасауға мүмкіндік береді.
1 Бөлім. Ақша қаражаттарының экономикалық мазмұны және оны жетілдіру жөніндегі ғалымдармен оқымыстылардың ой-пікірлері.
1. 1. Ақша қаражаттардың сипаттамасы және есеп айырысу нысандары.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінін нормативтік құжаттарымен беліленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асп түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзегеасырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бұл банк мен клиенттер арасындағы келісім-шартгың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинактық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинак шоттары - бұл да банктік шоттар, бірак олар жеке және занды тұлғалар үшін, сондай-ақ занды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшінде ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың колда бары мен козғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сырткы экономикалық кызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер зандарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады. Кассаны түгелдеу кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілері де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес құнды)
Түгелдеу актісінде ақша қаржысының бар болуы түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәліметтерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіде оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі.
Кәсіпорын кассасында сақталатын құнды қағаздар мен ақша құжаттарын түгелдеу оларды парақтап қайта есептеу жолымен жүргізіледі. Тексеріс құжаттардың жекелеген түрлері бойынша актіде атауы, нөмірі, сериясы және нақтылы бағасы көрсетіліп жүргізіледі (қолда бар ақша қаржысын түгелдеудің актісі жоғарыда келтірілген) .
Жол үстіндегі ақша қаражаттарын түгелдеу осы шотта тұрған сомаларды: банк мекемелері, байланыс бөлімшелері берген квитанцияларының деректерімен бірге түсімді өткізу кезінде, банк инкоссарторларына түсімді өткізуге берілетін жолдама тізімдемесінің көшірмесін өткізу кезінде және т. с. с; бас кәсіпорынға аударылған сомалар бойынша немесе керісінше одан түскен сомалармен катар олардан мерзімі, тапсырманың нөмірі, сомасы және аударымды кабылдаған банк мекемесінің немесе байланыс бөлімшесінің атауы көрсетіліп, түскен мәлімдеме (авизо) деректерімен бірге салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.
Банктерде есеп айырысу (ағымдағы), валюталық және арнайы шоттарда тұрған ақша қаражаттарын тізімге алу, кәсіпорын бухгалтериясының деректері бойынша берілген деректермен салыстырып. тексеру арқылы жүзеге асырылады.
Ақша каражаттарын, құнды қағаздарды және қатаң есеп беру бланкілерін түгендеу олардың қалдыктарымен салыстыру аркылы жасалады.
Ақша қаражаттарының және құнды қағаздардың артык шыққан сомалары кіріске алынуға тиісті: ол кезде 1030, 1070, 1010, 1020 шоттарды дебеттеліп, 6160 шоты кредиттеледі.
Кем шыққан ақша қаражаттары мен құнды кағаздар етеуі үшін материалды жауапты тұлғаның есебіне шығарылады:
2180 шоты дебеттеліп, 1030, 1070, 1010, 1020 кредиттеледі.
Егер де кінәлі тұлғалар табылса, онда 2180 шоты кредиттеліп 2150 шоты дебеттеледі, яғнио 2180 шоты жабылады.
Егер де кінәлі тұлғалар табылмаса, онда кем шыққан сомасы 2180 кредитінен 7210 шоттың дебетіне есептен шығарылады.
1. 2. Ғалымдар мен тәжірибешілер еңбектеріндегі ақша қаражаттарды жетілдіру жетістіктері.
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Бірақ XVI ғасырдың басында (1516 ж. ) утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Моор өзінің "Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік құрылымы туралы алтын кітап" деген еңбегінде: "Алдау, ұрлау, тонау . . . кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сон-ымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардыи аландаушылыгы, қайғысы, қиыншылыктары және ұйкысы; түндері де ұмытылар еді. Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жойылар еді"'.
Ол аздай Т. Моор тағы былай деді: "Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекетгік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес" .
XIX г. Социал угопистері Прудон, Оуэн, Грен және басқалар ақшаға теріс көзқараста болды. Прудои тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан (1917) кейін, азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны жою сәті келеді, яғни тарихтын өзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда бола бастады. Керек десеңіз ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіп өнімдеріне тікелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, онын бәрі сәтсіз аяқталды. С. Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері -тредаларды, ал ағылшын экономисі Смит Фальтнер энергетикалық бірліктерді - энедаларды пайдалануды ұсынды.
Осыған байланысты К. Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдык дамудын ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм - ол қиял, сондыктан да ақша болған, олар бар және бола береді.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша - жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардын құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымснен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей экнивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К. Маркс айтқандай «Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғаммен берілген».
Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындау үшін ең бір лайық тауар болып қалып отыр . Біріншіден , ол ерекше табиғи сапаға ие:бөлінуі оңай: бұзылмайды, тот баспайды, тек қана "патша арағында" (2/3 тұзды және 1/3 азот қышқылында) ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соқтырады. Алтынды тұтыну жылдан-жылға өсуде. Ол әр түрлі салаларда пайдаланылады - электроникадан бастап зергелік істерге дейін, бірде өте жұқа қалындықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде кездеседі. Тек қана циферблаты 6 м диаметрдсгі Кремль курантына алтын жалату үшін 26 кг алтын жұмсалады, мұндағы алтын жалату қалындығы 3 мк. жуық. 4000 жылдардан бастап б. г. жэпс 1985 жылға дейін әлемдегі барлық ондірілген алтын 90 мын т. кұрады. XX гасырда 60 мың тоннадан астамы өндірілді, соның ішінде 30 мың тоннаға жуығы - екінші дүние жүзілік соғыстан кейін өндірілген.
Ресей XIX гасырдың 20-жылдарында алтын өндіруден бірінші орында болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндегі үлссі 40%-ды құрады.
Алтын өндіру қиын және капиталды көп қажет етеді. Сонымен, 1 кг алтын алу үшін 3000 м орта терендіктегі тау қыртыстарының 100 тоннасын қайта өндеуі қажет.
Алтынды ең коп өндіретін Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) алтын өндірушілердің еңбек ету жағдайы құлдардың өмірі сияқты: олар 40°С-ден жоғары температурада терең жер астыларында жұмыс істейді. Мұнан бұрын, ОАР-да әлемдік алтын өндірісінің 2/3-і өндірілсе, ал қазір 1/3-і ғана өндіріледі.
Алтынды өндіру дүниежүзінде апатты жағдайда құлдырауда. Қазақстанда 160 алтын кең орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс ісгеп тұр және олардың жылдық өнімі 1994 жылы 25 тонна алтынды құрады.
Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен бірге электронды-есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де қолданылады.
Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды. Бұныменен ежелгі уакыттарда ал-химиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздеңу мен сынақтар жүргізулсрі нәтижесінде нағыз алтынды мынадай құрамда алды: палладии 65%, индий - 35%. Электр кедергісі алтынның техннкалық құймасына жақын. Жаңа құйма қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі.
Құрамын өзгерте отырып (палладий - 55%, индий -45%) червоидық алтын алынды, бірак мұндай алтынды жасанды жасау бұл процестің тиімділігін көрсетпеді. Қазіргі ядорлык физика атомдардан күкірт және сынаптан алтын атомдарын алуға мүмкіндік берді. Бірақ жасанды алтынды жасау мүмкіндігі бұл процесті тиімді етпейді. Мұндай алтыннын өзіндік құны өте жоғары және бұл жолмен алынған металл табиғи алтынменен өзінің бағасының төмен болуына байланысты нарықта бәсекеге түсе алмайды. Сонымен қатар, жасанды алтын өнеркәсіпте, тіс салуда және зергелік бұйымдарды жасауда пайдаланылады, бірақ еш уақытта ол жалпыға бірдей эквивалент ретінде бола алмайды. "Ақша - зат емес, ол - қоғамдық катынас".
Олар шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келеді. Бұл дегсніміз, когамнан бөлінген адамдар үшін ақша керек еместігін білдіреді. Робинзон Крузоға олар керек болмаған. Батын бара жатқан кемеден құтқарылып алынған заттар оған адам аяғы баспайтын аралда кажет болган, ал ақшалар болса өзінің барлық құндылығын жоғалтгы.
Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық катсгория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні онын үш қасиетінін біреуімен көрініс табады.
- жалпыға тікелей айырбасталу;
- айырбас құнының дербес формасы;
- еңбектің сыртқы заттық өлшемі.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінін бар екендігін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мумкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыга тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір көңілді.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретіндс пайдалану тауарларды тікелей өткізуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру. бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлеттік бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктін несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т. б.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
Ғалым-экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей эквивалент рсетінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды жалгғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер, екслсгсп слдсрдің ішіпде алтын айналысы жоқ. Төлем, аііналыс жгже корлану кұралы болып, алтын белгілері -(қағаздай белгілері) қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бірақ та алтын дүниежүзілік ақша болып қалып огыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивалентті білдіреді
.
2 Бөлім. Ақша қаражаттарының есебі.
2. 1. Кассадағы ақша қаражаттар есебі.
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир - материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдықтолық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбекақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дар жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі 2310 «Кассадағы қолма-қол ақша» бөлімшесіні
активті жинақтаушы шоттарында:
1010 "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-кол акша" және 1020-Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол акша" шоттарында жүргізілед.
"Кассадагы ұлттық валюта түріндегі қолма-кол акшаның" есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі (24 БЕС) .
Кассаға акша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе занды түлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек (квитанция) (ордердін киынды бөлігі) беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир "Төлем таңбаларын аныктау тәртібін" басшылыкка алуға міндетті. Кассаға кабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен (цифрмен) жазылады. Толтырылған кассалық кіріс ордері төменде келтіріліп отыр.
Кесте 1
Кесте 2
Кесте 3
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұксат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені - жазумен, тиынды - сандармен көрсетеді. Толтырылған кассалық шыгыс ордері жоғарыда келтірілді.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: "Сенімхат бойынша" деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостка (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.
Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл әрі айкын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді.
Жалакы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі (ведомосы) бойынша таратылады, оның қас бетінде (титул) ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің тұсына мөртабан соғады немесе "Депозитке салынды" деп қолымен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: "Тізімдеме бойынша ақша таратқан (қолы) " деген жазу жазылады. Толтырылған төлем тізімдемесі 222 б. келтіріліп отыр. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz