5 сыныпта қазақ тілін ізгілендіру технологиясы арқылы дамыта оқыту әдістемесі
5 сыныпта қазақ тілін ізгілендіру технологиясы арқылы дамыта оқыту
әдістемесі
МАЗМҰНЫ
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .3-6
ІІ. Негізгі бөлім:
І тарау
Қазақ тілін 5 сыныпта ізгілендіру технологиясы арқылы дамыта оқыту (туралы
шолу) ... ... ... ... ... ... ..7-33
1.1. Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендірудің технологиясы ... ... ... ... 8-24
1.2. Ізгілендіру ұстанымына негізделген оқу-тәрбие жұмысын жүргізу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...24-29
1.3. Қазақ тілін дамыта оқыту ұстанымдары ... ... ... ... ... ... ..30-32
ІІ тарау
5 сыныптағы қазақ тілі пәні бойынша фонетикадан дауысты дыбыстарды оқытуда
ізгілендіру технологиясын
енгізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..33-60
2.1. 5 сыныпта қазақ тілі пәнінің лексика тарауы бойынщша жинақталған
жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . .40-60
ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 60-61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62-63
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекетіміздің әлемдегі басқа
елдермен тең болуы әрі басқа елдер арасында өркениетті ел ретінде танылуы
үшін мектеп оқушысына саналы тәрбие, сапалы білім берудің маңызы зор.
Оқушыларға нәтижелі білім беру бүгінгі күннің талабы болып отыр.
Келешек ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесінің
ізгілік бағыт алуы, атап айтқанда, қазақ тілінен білім беруді
ізгілендірудің әдістемесін айқындап және оны ұтымды пайдалану – бүгінгі күн
талабынан туындап отырған күрделі мәселе.
Жеке тұлғаның сапалық көрсеткіштерінің бірі – ізгілік қасиеттердің
болуы. Білім беру жүйесінің, оның ішінде мектептің міндеті – сабақ беру
үрдісінде ізгілендіру идеясын жүзеге асыру. Бұдан орта білім беретін
мектептің негізгі міндеті білім беру мен дағды біліктерін қалыптастыру
болып келсе, қазіргі міндеті біршама күрделі: ойы ұшқыр, шығармашылық
қабілеті жоғары, өмірге икемді, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Қазіргі кезде білім берудің ең басты мәселесі – ұрпаққа қоғам
талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің жаңа ғылыми-
педагогикалық технологияларды меңгеруін қамтамасыз ету.
Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халыққа Жолдауында: Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар
негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім
алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім
беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге
шығу деп атап көрсетеді. Сондықтан келер ұрпаққа қоғам талабына сай білім
мен тәрбие беруде жаңа оқыту технологияларын зерттеу, оны білім саласына
сәйкестендіріп енгізу барысында оның ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеру – маңызды мәселелердің бірі.(1)
Бұл зерттеу тақырыбының өзектілігі де осында.
Жаңа педагогикалық технологияларды зерттеу барысында және оны мектеп
өміріне енгізуде В.П.Беспалько, Н.Ф.Талызина, Ш.А.Амонашвили, И.Я.Лернер
т.б. ғалымдардың еңбектері оқу жүйесіне игі ықпал етті.
Жалпы білім беру стратегиясының берік негізді болуы үшін мектеп
оқушылары өз бойына халқының тарихи өмірі мен терең тамырын, рухани және
адамгершілік қағидаларын, азаматтық, отансүйгіштік идеяларын, басқа
халықтарға деген ізгі көзқарастарын сіңіру қажет. Қазіргі мектеп өсіп келе
жатқан тұлғаны қандай бағытта дамытатындығы, жеке тұлғаның қабілетін жан-
жақты қалыптастыра отырып шығармашылық мүмкіншіліктерін ашуы елдің дамуы
мен өркендеуіне септігін тигізеді. Демек, ізгілікті, адамгершілігі мол,
саналы азамат тәрбиелеу – бүгінгі күн талабы.
Сонымен қатар, қазіргі уақыт сұранысына орай күн тәртібінде тұрған
мәселе – ғылымдар мен пәндердің тоғысуы нәтижесінде оқушыға ең қажетті де
пайдалы білім беру. Осы тұрғыдан келгенде жаңа ізгілендіру технологиясы тіл
білімі мен психология, педагогика ілімдерін бір арнаға біріктіреді. Бұл
қазақ тілін жаңаша, сапалы оқытуға тың жол ашады. Сондықтан бүгінгі таңда
жалпы педагогикалық технологияға ерекше көңіл бөлініп отырғаны белгілі.
Оның себебі: біріншіден, педагогика саласында іскерлік пен шеберліктің жаңа
жолын табуға деген қажеттілік туды; екіншіден, әдістеме ілімінде білім
беруде тиімділігі аз жолдардан бас тартуға бетбұрыс басталды; үшіншіден,
жаңа технология үлгілері арқылы әлемдегі тенденцияларға сәйкес дұрыс
нәтижеге жетуге болады.
Сабақ технологиясын жобалау – оқушы мен ұстаз арасындағы жаңа қарым-
қатынасты қалыптастырып, ізгілікті, адамгершілігі мол оқушыны тәрбиелей
отырып, оның пәнге деген қызығушылығын арттыруды, қажет білімді сапалы
түрде меңгертуді бір жүйеге келтіреді. Жаңа технологияның тиімділігі жеке
тұлғаның ізгілікті қасиеттермен даму диагностикасын қадағалай отырып,
оқулықтағы тапсырмаларды өмірмен байланыстырып беруден көрінеді.
Білім беру мен тәрбие жүйесінде оқушының оқу еңбегіндегі ой
дербестігін, оқу әрекетін жандандыра отырып, сөз өнерінің ерекшеліктерін
түсініп-тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын, жан дүниесі бай ұрпақ
тәрбиелеуде қазақ тілінің маңызы ерекше. Сондықтан қазақ тілін 5-сыныпта
ізгілендіру технологиясы арқылы дамыта оқытудың қажеттілігі – бүгінгі
күннің сұранысы.
Ізгілендіру технологиясы арқылы қазақ тілін оқытуда баланың
танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, бала жанына, жүрегіне жылылық ұялату
мақсат етіледі. Осы тұрғыдан келгенде, оқытуды ізгілендірудің маңызы өте
зор. Осы айтылғандар тақырыптың өзектілігін дәлелдей түседі және
ізгілендіру технологиясының зерттеу бағытын айқындайды.
Зерттеу нысаны: Қазақ мектебінің 5-сынып оқушыларына қазақ тілін
ізгілендіру технологиясы арқылы дамыта оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: қазақ мектебінде қазақ тілін ізгілендіру технологиясы
арқылы дамыта оқыту әдістемесі.
Зерттеудің мақсаты: 5-сыныптағы оқу материалдарын ізгілендіру
технологиясы арқылы оқытудың ғылыми-теориялық негізін айқындап, әдістемесін
ұсыну.
Зерттеудің міндеттері:
- 5 сыныптың бағдарламалық материалдарын ізгілендіру технологиясы
арқылы оқытудың әдістемелік негізін айқындауға септігін тигізу;
- ізгілендіру технологиясының мәні мен мазмұнын зерттеу;
- ізгілендіру технологиясы арқылы жасалған 5 сынып материалдарының
тапсырмалар, жаттығулар жүйесін құру;
- мектептегі жасалған тәжірибенің нәтижесінде ізгілендіру
технологиясын пайдаланудың тиімділігін дәлелдеу.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы Қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі
ғылыми тұжырымдар мен практикалық бағыттар, оқытудың озық, жаңа
технологиялары бойынша пікір-көзқарастар қорытыла отырып, сол технологияны
меңгеруді қамтамасыз ететін тапсырмалар жүйеленді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы 2 бөлімнен: кіріспе,
негізгі, қорытынды бөлімдер және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ҚАЗАҚ ТІЛІН 5 СЫНЫПТА ІЗГІЛЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТА ОҚЫТУ (
ТУРАЛЫ ШОЛУ)
1.1.ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІН ІЗГІЛЕНДІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кезде
білім берудегі мақсат – жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-
толғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында қоғамды ізгілендіру,
яғни адамдар арасында бір-бірін сыйлау, көмектесу, қамқорлық жасау сияқты
адамгершілік тәрбие негіздерін оқушының дүниетанымындағы басты құндылықтар
ретінде қалыптастыру қажеттілігі айтылған. Сондықтан жаңа технологияның
негізі саналатын ізгілендіру (гуманизациялау) мектептегі оқу үрдісін
жетілдірудің басты ұстанымы болып табылады.
Көптеген зерттеулерге қарағанда, гуманизмнің пәндерді меңгеруде
алатын орны ерекше. Гуманистік идеялар ұлы ойшылдар еңбегінде көрініс
тауып, кейін олардың гуманизм туралы пікірлері гуманистік педагогиканың
дамуына негіз болды.
Педагогикалық, психологиялық тұрғыдан гуманизм (ізгілік) адамдар
арасындағы қатынастардың сүйіспеншілікке негізделуі, адамның жеке тұлғалық
қасиеттерін құрметтеу, қамқорлық жасау, адамды сүйе білу деп анықталады.
Итальян халқының ұлы гуманисі Пикоделла Мирхандолла Жер бетінде адам
баласынан асқан ұлылық жоқ, ал адам баласында оның ақыл-ойы мен рухынан
асқан ұлылық жоқ деген (2). Оның философиялық көзқарастары адам баласын
ардақтап, оның ақыл-ойы мен рухын, абыройын жоғары сатыға көтеруге
бағытталған. Сондықтан адамгершілік тұрғыда білім беру ісіне қойылатын
талаптардың мән-мағынасы айрықша зор. Мұндай басты талаптардың біріншісі -
әлемдік руханияттардың ортақ мәселелерін бағдарлай білу десек, екіншісі –
адамның ұлтты болмыс-менталитеттік
ерекшеліктеріне қанық болу деп саралауға болар еді. Осы қос арнаны
біріктіріп, оқушылардың бойына сіңіру үшін мұғалім тұлғасында ерекше бір
қасиет болу керек: ол – балаға бар жан-тәнімен берілу және оны тұлға
ретінде қабылдап, құрметтеу.
В.А Сухомлинскийдің айтуы бойынша, нағыз мұғалім балаларды сүйетін,
өз пәнін жетік меңгерген, психология мен педагогиканы терең білуі тиіс.
Тәрбиелік, жоғары мәдениеттілік, өз пәніне, ең бастысы, балаға деген
сүйіспеншілік – мұғалімнен талап етілетін басты мәселе. Мұғалім мен
оқушының қарым-қатынасында балалардың мұғалімге деген жақсы көрушіліктен
барынша шалғай жатқан қорқыныш, сыйламау, жек көру сияқты сезімдерді бастан
кешіретіні жиі кездеседі. Бұл мұғалім мен оқушының жеке бастарының ара
қатысы мен оқыту әдістерінің сапасына байланысты. Педагогикалық жұмыста
барлық іс мұғалімнің оқытудың ең жақсы тәсілдерін табуында, балалармен
дұрыс сөйлесуінде екеніне ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің мына сөзі дәлел
бола алады: Педагогикалық іс - өте нәзік, қасиетті іс. Ол өте
сезімталдықты, балаға деген өлшеусіз сүйіспеншілікті, бала жанын бірден
танитын қырағылықты қажет етеді. Шәкірттерді сүйе білген оқытушы ғана
қатал, талапты, өнегелі, беделді тәрбиеші бола алады (3).
Сабақ жүргізу барысында мұғалімнің барлық оқушыға бірдей талап
қойып, олардың жеке қабілеттерін ескермеуі ұтымсыз екені айтылып келді.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушылар үшін бұл талап тиімсіз болды. Жалпы
білімді мұғалім береді де, оқушының өз бетімен ізденушілігіне жағдай
жасалмады. Жеке тұлғаның дамуы есепке алынбады. Сондықтан жас ұрпаққа білім
беруде және тәрбиелеуде оқушының белсенділігі мен қызығушылығын, өз бетімен
жұмыс істеу қабілетін арттыруда қазақ тілін оқытуды ізгілендірудің алатын
орны ерекше.
Ізгілендіру принциптері оқытудың әдіс-тәсілдеріне мынадай талаптар
қояды: мұғалімнің оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы; оқыту үрдісі
кезінде сабақтағы басты тұлға – білім беретін мұғалім емес, осы білімді
қызыға қабылдауға дайын оқушы екендігі; балалардың оқуға деген ынтасын
күшейту, өз дербестігін, белсенділігін дамыту; оқу-тәрбие жұмысын ұтымды
жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау.
Педагогика ғылымының докторы Б.Баймұханов жаңа технологияны, оның
ішінде ізгілендіру арқылы оқытудың негізгі ерекшеліктеріне тоқталған. Ол
Адами қарым-қатынастар оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерін белгілейтін
маңызды фактор болып табылады. Сондықтан жаңа технологияның негізі
саналатын ізгілендіру мен демократияландыру – мектептегі оқу үрдісін
жетілдірудің басты ұстанымдары деп көрсетеді. Сонымен қатар ғалым
ізгілендіру мен демократияландырудың негізгі ерекшеліктеріне тоқтала
кеткен:
Балаларға ізгілік тұрғысынан қарау дегеніміз:
- балаларға деген ұстаздық сүйіспеншілік, олардың тағдырына алаңдау;
- баланың болашағына, қабілетіне сену;
- ынтымақтастық, қарым-қатынас шеберлігі;
- тікелей қысым көрсетпеу;
- баланы ынталандыру;
- баланың кемшіліктеріне шыдамдылық көрсету.
Қарым-қатынастарды демократияландыру дегеніміз:
- мұғалім мен оқушының тең құқықта болуы;
- қателесу құқығы;
- өзіндік көзқарас құқығы;
- балалар құқықтарының конвенциясын сақтау;
- қарым-қатынас стилі, тыйым салмау – бағыт беру, басқармау –
бірігіп тең басқару, зорламау – ұйымдастыру, шектемеу – еркін
таңдау мүмкіндігін беру.
Ынтымақтастық педагогикасы – білім беруде көптеген жаңалықтарды
өмірге келтірген, оқушылармен, ата-аналармен қарым-қатынасты т.б. көптеген
жағдайларды қамтитын, аса бай педагогикалық қатынас. Бұл технологияның
атауын 80-жылдардағы жаңашыл педагогтар тобы ұсынды. Олардың жинақтаған іс-
тәжірибесінде қазіргі заман мектебінің ең жақсы дәстүрлері мен отандық және
шетелдік психологиялық-педагогикалық тәжірибе мен ғылымның жетістіктері
көрініс тапты. Қазақтың көрнекті ұстаздарының бірі, ағартушы-педагог
С.Көбеевтің ұстаздық қызметінде баламен ынтымақты қарым-қатынас туралы
айтылғаны мәлім. Тұтас технология ретінде ынтымақтастық педагогикасының
нақты үлгісі жоқ, реттеу-атқару жабдықтамасы қалыптаспаған. Ол жүздеген
мақалалар мен кітапшаларда шашыранды түрде беріліп келеді. Оның идеялары
барлық қазіргі заманғы педагогикалық технологияларға енгізілген. Ол
Қазақстан Республикасы орта білім тұжырымдамасының негізін құрайды.
Сондықтан ынтымақтастық педагогикасын ерекше түрдегі сіңімді технология
деп қарастыру керек, ол – жаңа педагогикалық ой-өрістің нышаны,
прогрессивті идеялардың қайнар көзі. Сондықтан қазіргі көптеген
педагогикалық технологияларға олардың құрамды бөлігі ретінде енеді.
Орта білім тұжырымдамасында ынтымақтастық ересектер мен балалардың
өзара түсіністігімен бекітілген, біріге даму әрекетінің идеясы ретінде
түсіндіріледі. Ынтымақтастық – оқушы мен ұстаздың бір-бірінің жан дүниесін
түсініп, ортақ іс-әрекеттің барысы мен нәтижесінде бірігіп талдауы. Қарым-
қатынас жүйесі ретінде ынтымақтастық сан алуан болғанмен, оның ішіндегі ең
маңыздысы – мұғалім – оқушы қатынасы. Оқытудың дәстүрлі түрі мұғалімге
педагогикалық үрдіс субьектісі, ал оқушыға – обьектісі ретінде қарауға
негізделген. Ынтымақтастық тұжырымдамасында оқушы өз оқуының субъектісі
деп қаралады. Сол себепті бір үрдістің екі субъектісі біріге, өзара достық
пен жолдастық тұрғысында, жасы үлкен тәжірибелісі жасы кіші тәжіриебесі аз,
бірақ жастық жалыны бар кішісіне түсінікпен қарап жұмыс істеуі тиіс. Оқушы
– оқушы қатынастарындағы ынтымақтастық мектептегі ұжымдар арасында
достастық, бірігіп жұмыс істеу, реніш-қайғыны бірге бөлісу, шығармашылық
одақта болу, біріге басқару сияқты әр алуан түрде жүзеге асады.
Ынтымақтастық педагогикасының шеңбері өте кең, ол мұғалім мен оқушы, оқушы
мен оқушы арасында ғана емес, мектеп әкімшілігі мен оқушылар, мұғалімдер,
оқушылар мен басқа сабақ бермейтін мұғалімдер, мұғалімдер мен мектеп
басшыларының көпшілікпен: ата-ана, қоғамдық және еңбек ұжымдары, тағы басқа
ара-қатынасында да орын алады. Ынтымақтастық педагогикасы негізінен: 1)
балаға тұлға ретінде ізгілікті қарым-қатынас; 2) белсенділікті арттыратын
және дамытатын дидактикалық кешен; 3) тәрбиелеу тұжырымдамасы; 4) ортаны
педагогикаландыру бағытында жүзеге асады.
Ізгілік бағыт мектептің назарын баланың жеке басының тұлға ретінде
дамуына, оның ашылмаған қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға, еркіндік пен
әділдікті, мейірім мен бақытты тілейтін ішкі жан дүниесіне үңіле білуге
аударады. Мектептің міндеті – осы ішкі мүмкіндіктер мен қабілеттерді
оятып, өміршең етіп, оларды тұлғаның толық және еркін дамуына пайдалану.
Ізгілікті бағыттың негізгі идеялары мынадай:
- оқушылармен ұнамды қарым-қатынас;
- қысым көрсетпей еркін оқыту;
- тірек идеясы;
- оқушылар еңбегін бағалау;
- таңдауға ерік беру;
- өзінің жұмысын талдай білу;
- өзіндік көзқарас;
- тұлғаны дамыту;
- тұлғаның жеке қасиеттерін ескеру;
- уақыттың көбін балаға арнау;
- өзін-өзі сыйлау идеясы;
- өз жұмысын реттеп, бағыттай білу идеясы;
- өз пікірін білдіру (қарсы тұру немесе тіл табысу) идеясы;
- жастар пәлсапасы;
- ойын – тұлғаны демократияландыру құралы.
Ынтымақтастық педагогикасының белсенділік туғызу және дамытуға
бағытталған дидактикалық кешені нені оқыту және қалай оқыту мәселелерін
шешуге бағытталған үрдіс қалыптастыруды: білім мазмұнын тұлғаны дамыту
құралы ретінде қарастыру; алдымен жалпылама білім, білік, дағдыға, ойлай
білуге үйрету, мектеп пәндерін кіріктіру (интеграция), оқудың жағымды
әсерін пайдалану, саралай және көпнұсқалы оқыту.
Ойлау механизмдерінде білім екі түрлі қызмет атқарады: жаңа білім
алу мақсатымен ойша өңделетін материал және ойлау әрекеттерін реттеуші.
Білімнің реттеушілік қызметі заттардың, құбылыстардың, идеялардың немесе
олардың қасиеттерінің арасындағы қарым-қатынастарды, себеп-салдар, уақыт-
кеңістік қатынастарын, тағы басқа зерттеуде байқалады. Оқу үрдісінде
білімнің реттеуші қызметі қалыптаспаған, өйткені қазіргі оқу фактілерді
еске сақтап, бұрыннан белгілі сұрақтарға бірыңғай жауаптар алуға
бағытталған. Бұдан шығатын қорытынды қоғамда жобалық педагогика – тұлғаның
бойында шығармашылық пен ойлау стилін қалыптастыратын тұрақты құрылымдар
жүйесі қажет. Мұндай ойлау стилінің негізгі ерекшелігі - кез келген
мәселені талдай білу, жүйелі байланыстарды, қайшылықтарды анықтау, олардың
дұрыс шешімін табу, осындай шешімдерді дамытудың мүмкін болатын жолдарын
болжау. Ойлау стилі осылай қалыптасқан тұлға технологиялардың үздіксіз
өзгерістеріне әрқашан дайын болумен қоса, өмірде кездесетін проблемалық
мәселелерді парасаттылықпен шешуге моральдық қанағат алады.
Қазіргі педагогиканың оқушылардың бойында шығармашылықпен қызмет ету
сапасын қалыптастыруға бағытталуы педагогикалық іс-әрекеттің ұстанымдарының
да өзгеруіне соқтырып отыр. Білім беру жүйесі қарекетінің мәні – сынып
жөнінде болатын іс-әрекетке тәуелді. Сондықтан мұғалім тек дайын білімді
беруші, жеткізуші емес, оқушының оқуына, дамуына көмектесуі, ол ақпарат
көзі емес, ойлау әрекетін ұйымдастырушы болуы тиіс.
Сонымен, оқытушының өзінің шығармашылықпен ойлау қабілеттері оқу
үрдісін қайта құрудың басты факторы болып табылады. Ол үшін мұғалім ойлау
әрекетінің негізі болып табылатын методологияны меңгерген, шығармашыл тұлға
болуы тиіс. Бірақ әзірге мұғалімнің педагогикалық үрдістегі ойлау әрекетін
кәсіби басқарушы ретіндегі әдістемелік те, психологиялық та дайындығы
жеткіліксіз.
Білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесінде оқу бағдарламалары,
негізінен, фактілерді жинап есте сақтауға, басқа да шығармашыл емес әрекет
түрлеріне құрылған. Сондықтан мектепте жақсы оқыған оқушылардың көпшілігі,
егер одан кейінгі оқуы немесе жұмысы одан шығармашылықты талап етсе, бұған
барынша қарсылық көрсетеді. Егер шығармашылық әрекетке білім беру курсының
басынан бастап, тіпті, мектепке дейінгі мекемеден бастап, баланың бүкіл
шығармашылық еңбек әрекетінде үйретіп, дем беріп отырса, мұндай
қайшылықтарды жоюға болады.
Қазіргі заманғы оқытудың жаңа технологиялары мамандарды қайта
даярлауға жұмсалатын қыруар қаржыны үнемдеп, кездесетін күйзеліс
жағдайларын жойып, өндіріс үшін жағымды, қалыпты психологиялық ахуал
қалыптастыру мүмкіндіктерін береді. Бұған қоса оқытудың жаңа технологиясы
тағы бір мемлекеттік маңызы бар міндет – жедел қарқынмен зерделік қорды
қайта жаңғыртады.
Шығармашыл тұлғалардың қасиеттерін зерттей келе, психологтар
шығармашылық қабілеттердің табиғаты жаратылыстану және гуманитарлық
бағыттар үшін бірдей екенін анықтады.
Еліміздің егемендік алуы нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық
салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан
демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы күнге дейінгі дағдарыстан
шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Бұған дейінгі дәстүрлі білім беру оқушыларға тек пәндік білім,
білік, дағдылардың белгілі жиынтығын меңгертуге ғана бағытталып, олардың
жеке басының дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінбеді.
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі
жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика
теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып
отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас,
өзгеше менталитет пайда болуда.
- Білім беру мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпараттарды
қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және
нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи
түсуде;
- Ақпараттың дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және
радио байланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып
орын беруде;
- Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына,
азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
- Мектеп, отбасы және қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі
бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
- Қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен
қолданылуына және ғылымның рөліне мән берілуде. Сөйтіп, оқытудың
технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы
негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:
- есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы
меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
- білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық
құрылым жүйесіне көшу;
- оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп,
саралап оқыту бағдарламасына өту.
Қазір республика оқу орындары педагогикалық ұжымдары ұсынып отырған
көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша
қызмет етуіне мүмкіндік алады.
Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы,
ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Сондықтан әр түрлі ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың
маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны
меңгеру мұғалімнің интеллектуальдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани,
азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі
әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына
көмектеседі.
Бір технологияның өзін әр түрлі мұғалім түрліше: орташа дәрежеде,
ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен іске асыруы мүмкін. Бұл
жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір
ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге оқушы әрекеті –оның
қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады. Әрине, нәтиже әр түрлі
болуы мүмкін, бірақ олардың бәрі де осы технологияның мәнін ашып, мақсатын
орындауға жақын болады.
Жоғары оқу орындарында оқу үрдісінде педагогикалық технологияны
қолданудың белгілі тәжірибесі қалыптасқан. Бұл - болашақ маманның кәсіптік
қызметінің негізі болатын контекстік оқыту технологиясы, болашақ маманның
кәсіптік шеберлігін меңгеруіне арналған іскерлік ойындар технологиясы т.б.
Ал, жалпы білім беретін мектептер үшін педагогикалық технология мынадай
төрт басты шартты қанағаттандыруы тиіс:
а) педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды
жоюы қажет;
ә) оқушының оқу танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын
оқу-тәрбие үрідісінің жобасына негізделуі қажет;
б) оқу мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның
меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды қажет етеді;
в) практикада оқу үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу – оқушының оқу-танымдық іс-
әрекетін басқарудың негізгі бір буыны. Осыған орай, жаңашыл ұстаздардың
еңбектеріне сүйене отырып, мектеп мұғалімдеріне оқыту үрдісінде төменгі
технологияларды қолдануды ұсынар едік:
- дидактикалық қағидаларды – ұстанымдарды, әдістерді, құрал, форма,
амал-тәсілдерді т.б. таңдау технологиясы;
- дидактиканың бірліктерді ірілендіру технологиясы;
- ЭВМ-ді пайдаланып оқыту технологиясы;
- даралап оқыту технологиясы.
Сабақ біздің заманымызда да оқытудың негізгі түрі ретінде қала
бермек, бірақ оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктері мүлде жойылған жоқ,
өзгеріп жаңаруда. Соңғы кездерде сабақ түрлерін жетілдірудің түрлі жолдары
пайда болып, оқыту үрдісін ғылыми тұрғыдан басқаруға, оқу технологияларын
қолдануға көңіл бөліне бастады. Соның айғағы соңғы жылдарда мерзімдік
баспасөз беттерінде оқытудың жаңа технологиясы туралы біршама мақалалар,
пікірлер жарияланып келеді.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгеру - өте күрделі де ұзақ
үрдіс. Кейде ол мұғаліммен оқытудың үйреншікті әдіс-тәсілдерінен арылуды
талап етеді. Сондықтан мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы
кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек.
Ізгілік бағыттың негізгі идеялары: оқушымен ұнамды қарым-қатынас;
қысым көрсетпей, еркін ұстау; оқушы еңбегін бағалау; тұлғаны дамыту;
өзіндік көзқарас; өзін-өзі сыйлау идеясы; өз пікірін білдіру; баланың
болашағына, қабілетіне сену; баланың кемшіліктеріне шыдамдылық көрсету;
баланы ынталандыру.
Жаңашыл ұстаз Ш.А.Амонашвилидің тәрбие туралы әдісінде балаға
сенімді көзбен қарап, оның бойындағы қасиеттерді көріп, соны үнемі арқау
етіп, жылы сөздерді жиі пайдалансақ, оқушы бойында жауапкершілік қасиет
қалыптасып, өзінің оқығанына мұғалімнің, достарының қуанатынына көзі жетіп,
өмірге деген қызығушылығы арта түсетіндігі айтылған.
Білім беруді ізгілендіру арқылы оқыту – мұғалімнің оқушымен
педагогикалық қарым-қатынасын жақсартуға мәдени кеңістік жасап, оқушының
субьект ретінде дамуы үшін тиімді әдістерді қолдана білуі.
Гуманизация - әлемдік білім жүйесін дамытудағы негізгі бағыт.
Қазіргі уақытта ғылыми-техникалық прогресстің және әлеуметтік көзқарастың
қарқынды дамуы кезінде әлемдегі халықтар бір-бірімен жақындасып, тығыз
байланыс жасауда. Сондықтан да, ізгілендіру мәселесі басты мәселе ретінде
қарастырылып, жалпы қоғамның мәдени дамуының негізгі мақсаттарын шешуде.
Ізгілендіру, гуманизация білім жүйесінің барлық саласынан терең орын алуы
қажет. Білім жүйесін жүйелі түрде гуманизациялау және гуманитаризациялау
келешекте қоғамның толық жаңаруына әсерін тигізеді деп ойын түйіндейді
ғалым А.Г.Ветошкин (1). Оқушылардың қоғамдық өмірмен байланысты көптеген
міндеттері бар.
Соңғы кезде айтып жүргендей, гуманизация тек гуманитарлық циклдағы
пәндердің құрылымын күшейту немесе мәдени-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды
жақсартумен шектелмеу керек. Барлық пәндерді оқыту барысында гуманитарлық
компоненті, құрылымы басты орын алуы керек.
Гуманизация мәселесі – жалпы білім беру саласында шешуді қажет
ететін мәселелердің бірі. Гуманизация және гуманитаризация білім жүйесін
мәдени және рухани қайта жаңғырту болып табылады. Бұл мұғалім мен оқушы
арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың орнығуына жол салады. Көбінесе,
оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынастары, нашар оқитын, жағдайы төмен
оқушыларға көзқарас, көп ұлттың балаларының бір-біріне көзқарасын
ізгілендіру жолдарын қарастыруымыз қажет. Экономикалық, саяси-мәдени қарым-
қатынас, жаратылыстану, математика, физика пәндері
және жалпы білім беру саласында қазіргі уақытта бірлесіп жұмыс істеуге
ұмтылыс бар.
Қазір жеке тұлғаны тәрбиелеу, дамыту басты мәселелердің бірі болып
отыр. Білім жүйесіндегі қайта құру жаңа философиялық, әдістемелік
болжамдарға келіп тоқталады:
- білім жүйесін гуманизациялау, гуманитаризациялау,
демократизациялау, оқушылардың денсаулығы мен жұмысын жаңаша ұйымдастыру –
адамгершілік, этика, қайырымдылық, шыншылдық, намыс, азаматтық борышты
сезінуге тәрбиелеу;
- білім беруде жеке тұлғаның гуманистік көзқарасын дұрыс
қалыптастыратын, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейтін теориялық және
әдістемелік құралдардың аздығы және қолданылып жүрген тәжірибелердің бір
жүйеге келтірілмегені байқалып отыр;
- қазіргі уақытта батыс философтары мен педагогтар жастарды
адамгершілікке тәрбиелейтін, өмірге жаңаша көзқарасын дамытатын Жаңа
этика негізін жазу керектігін алға тартып жүр. Сонымен бірге алдыңғы
қатарлы ойшылдар мектепте білімді, мәдениетті дамыту, мектепті мәдениет пен
білім орталығына айналдыру қажет деген пікір айтуда;
- екінші бағыт жасөспірімдердің қоршаған ортаға гуманистік
көзқарасын тәрбиелеу арқылы адамгершілік этикасын күнделікті өмірге енгізу
болып отыр.
Білім жүйесін ізгілендіру, гуманизациялау, гуманитаризациялау
мәселесі тек біздің республикамызда ғана туындап отырған жоқ. Мысалы, АҚШ,
Япония, Еуропа елдерінде көп жылдар бойы жеке тұлғаны тәрбиелеп, оған
сапалы білім беру және дамыту компоненті басты мәселе болып қарастырылуда.
Ғылыми-жаратылыстану ғылымының білім берудегі гуманитарлық бөлігі, жалпы
мәдениет оқушылардың табиғатты, қоғамды, қоршаған ортаны дұрыс түсінуіне
көмегін тигізеді, өндірістегі түрлі апаттар мен жаратылыстардың азаюына,
техникалық қауіп-қатердің азаюына көмегін тигізері анық.
В.С.Леднев білім мазмұны тұжырымдамасын мәдениеттендіруді, білім
беру жүйесінің мәдени өз бетінше дамуы, адамның күшінің нақты дамуына
көзқарасын төмендегідей тұжырымдады:
- әлемдік мәдениет тарихын білім мазмұнына енгізу арқылы оқушылардың
гуманистік көзқарасын дамыту;
- арнайы оқулықтар мен оқу әдістемелік кешенін адамтану негізінде
жазу (этика, психология т.б.);
- әлеуметтік гуманитарлық білімді ғылыми жаратылыс, математика,
физика білімінің мазмұнына енгізу.
Оқытуды табысты шешу үшін оның негізін және құрылымын біліп қою аз,
сол арқылы оны іске асыруды да білу қажет. Атап айтсақ:
• оқытуда жеке басты жан-жақты, әр қырынан дамытуға бағыттау;
• оқытудың белсенді-іскерлік сипаты;
• оқушының қажетті-мотвтік кеңістігі мен оқу-таным белсенділік
бірлігі;
• оқыту барысында оқушыға талап қоя отырып, олардың жеке басын
бағалай білу;
• оқыту барысында оқушылардың шығармашылық нышандарын демеп, соған
сүйене отырып, сол қасиеттерді дамыту;
• оқыту барысында оқушының жасы мен өзіндік жеке ерекшелігін есепке
алу;
• оқытуда ұжымды, сол ұжым арқылы оқушы белсенділігін сабақ
барысында көтеру;
• оқытуда мұғалімдердің, отбасының, көпшіліктің бірлігі мен
ынтымақтастығын бір талапқа бағыттау (4).
Егер мұғалім оқушының қажеттілік мотивін белсендіре алмаса, оның
білімді қажетсіну, белсенді қабылдау қабілетін де тудыра алмайды.
Оқытудың негізгі мақсаты жеке адамның білімін, танымын және
шығармашылық қабілетін дамыту. Оқытудың тәрбиелік функциясы – оның негізгі
мақсаты болып табылады. Тәрбие оқытудың ғылыми мазмұнына тәуелді. Сондай-
ақ, оқушылардың өзара және педагогтармен бірлесіп жасайтын оқу
әрекеттерінің маңызы жоғары. Егер ол ұйымдастыру жағынан дұрыс болған
жағдайда оқушыларға тәрбиелік ықпалы күшейе түседі. Бұл құбылыс оқыту
барысында іске асырылады да, сыныптың, мектептен тыс жұмыстарында жалғасын
тауып беки түседі.
Мектеп өмірін ізгілендіру және демократизациялауға байланысты
оқушының мүмкіндіктері барын айтуға болады:
• оқушының өзі (немесе ата-анасы) оқитын мектебін, білім мазмұнына
қарай оқытудың кәсіптік бағытын таңдайды;
• оқушы оқу барысында субьект ретінде қарастырылып, ол оқу
процесінің белсенді мүшесі болып, оның білімі жеке бағаланады;
• оқушы оқу процесін ұйымдастырушы болып және ол оқу процесін
жоспарлағанда, оқушы білімін бағалауда, сабақ беру барысында жеке тұлға
ретінде қарастырылады;
• мектепте оқушының өзінің икеміне қарай еркін, жедел дамуына,
талантын шыңдауға жағдай жасалуы керек;
• оқу процесінде оқушының белсенділігі, еңбегі мадақталып,
марапатталып отырады;
• оқушыны мектеп өміріндегі жұмыстарға белсенді араластырып,
ұсыныстарын қолдап отыру керек.
Жеке тұлғаның ізгілікпен қатынас жасауын қалыптастыру үшін барлық
мектептегі білім жүйесін жеке тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіндік
туғызатындай етіп құрылуы қажет. Ол үшін мектепте жеке тұлғаның жан
дүниесінің дамуына, адамгершілік, еркіндік, шыншылдық, мейірімділік,
бақытты болуына жағдай жасау керек.
М.Жұмабаев педагогикалық оқулығында ізгілендіру идеясын былайша
түсіндіреді: Адамға қалай да болса, қашан да болса пайда келтіретіндей ой
һәм іс ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу – адам
жаратылысының өзінде бар нәрсе. Кімде-кім өзін, туыстарын, өз елін сүйсе,
әсіресе бүкіл адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі деп атаймыз.
Адамның шын мағынасымен адам болуы үшін, өзін сүю, жақындарын сүюмен
қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт - деген (5). Демек, адамдар
арасындағы сүйіспеншілігі, бір-біріне деген сезімі, пейілі, ынтасы олардың
жақсы, ізгі қарым-қатынасы арқылы қалыптасады. Дұрыс қарым-қатынас
барысында дұрыс сөйлеу қабілеті мен мәдениеті де дамып отырады.
Қоғамды ізгілендіру ХІХ ғасырдың табалдырығындағы өркениетті дамудың
талабы, мұның өзі әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына
қол жеткізуіне байланысты болып отыр. Әрі бұл қатынастарды ұйымдастыруда
алдымен әлемнің тұтқасы - адам аса айшықтана көрінуі тиіс.Сондықтан әр
оқушыға ұлттық мәдениетті сақтай білетін, кез келген ортада белсенді жұмыс
істей алатын ақыл-ой иесі ретінде қарап, танымдық мәдениеті жоғары жеке
тұлғаны қалыптастыру ізгілендіру технологиясының негізгі арқауы болмақ.
Ш.А.Амонашвилидің оқу процесінің барлық саласында әр баланың жеке
басына құрметпен қарау керек деген пікірі ізгілендіре оқытуда басты
нысанға алынады. Әдіскер ғалым Ж.У.Кобдикова еңбегінде ізгілендіру мұғалім
мен оқушы қарым-қатынасынан көрінетінін айта келіп, оның негізгі міндеті -
әрбір тұлғаның жеке өзіндік құндылығын, оның қалыптасып дамуға деген
еркіндігін шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау, - деп, ізгілендіре
оқыту технологиясының маңыздылығын айқындайды (6). Осы мәселе төңірегінде
ғалым З.Т.Сейілова Білім беруді ізгілендіру – оқушының жеке бас
ерекшелігі, оның рухани дүниесі, қабілет, бейімділігі, қызығушылығы. Ол
оқушылардың мұғалім мен мектептің білім мен мәдениеттен алшақтауын жоюды
көздейді, - дейді. Демек, қалай болғанда да, соңғы жылдары ізгілендіру
технологиясы – ұстаз-педагогтардың назарын ерекше аударып отырған мәселе.
Ізгілендіре оқытудың түпкі мақсаты – білім алу барысында оқушының,
яғни жеке тұлғаның ерік-жігермен өмір сүруге бейімдейтін кез келген
жағдайлардан жол таба алатын, өз пікірін ұсына және қорғай алатын гуманист
азамат қалыптастыру. Ізгілікті бағыт мектептің назарын баланың тұлға
ретінде дамуына, оның ашылмаған қабілеттері мен жан-дүниесіне үңіле
білуге аударады. Мектептің міндеті – осы ішкі мүмкіндіктер мен
қабілеттерді оятып, өміршең ету.

саналатын ізгілендіру технологиясы мектептегі оқу үрдісін жетілдірудің
басты көрсеткіші болып саналады. Балаға деген ізгілік қатынас мына
мәселелерден көрінеді:
- балаға деген ұстаздық сүйіспеншілік;
- баланың болашағына сену;
- баланың еңбегін бағалай білу;
- баламен ынтымақты қарым-қатынаста болу;
- балаға қысым көрсетуден аулақ болу;
- баланың кемшілігіне шыдамдылық көрсету;
- балаға жан-жақты білім беру;
- баланы ұлттық негізде тәрбиелеу.
Ізгілендіру технологиясының басты бағыттары төмендегідей:
- оқыту кезінде сабақтағы басты тұлға оқушыға дербес тұлға ретінде
қарау;
- балалардың оқуға деген ынтасын күшейту, өз дербестігін,
белсенділігін дамыту;
- оқу-тәрбие жұмысын жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қабілетін
дер кезінде айқындау;
- баланың рухани дүниесіне көңіл бөлу;
- оқушының пікіріне ортақтаса білу;
- оның өзіне тән жеке қабілеттері мен ерекшеліктерін дұрыс қабылдау.
- Демек, ізгілендіру технологиясы арқылы оқыту дегеніміз – жаңа
заманға бейімделген интеллектуалды және рухани бағытта өзін-өзі
жетілдіре алатын білімді, білікті тұлға дайындау.
1.2. ІЗГІЛЕНДІРУ ҰСТАНЫМЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ ЖОЛДАРЫ
ХХІ ғасырдың басында мектептегі тәрбиелік іс-әрекет ерекше
көкейкестілікке ие болуда. Мұны бір жағынан, мәдениеттің ғаламдануы мен
кірігуінен, екінші жағынан, рухани жұтаңданудың үдеуінен деп түсінуге
болады. Сондықтан қазіргі кезде мектептің алдында білім беру-тәрбиелеу
процесін ізгілендіру проблемасы өткір қойылып отыр. Ізгілендіру қазіргі
мәдениеттің обьективті құбылысы бола отырып, жеке тұлғаны өз халқының
рухани қазынасы, ұлттық мәдениеті, игі дәстүрлері негізінде рухани-
адамгершілік тұрғыдан қалыптастыруды көздейді. Мектептің алдында тұрған
негізгі міндет оқушыға өзін-өзі тануға, өзінің ұлттық мәртебесіне ие болуға
және қайырымдылық пен адамшылықты бойына сіңірген маңызды тұлға болуға
көмектесу болып табылады.
Бұл міндеттің нәтижелі жүзеге асуы үшін қазіргі таңда Қазақстан
Республикасында білім беру мен тәрбиенің мазмұнын жаңарту мәселесі алға
қойылып, халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен
ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы
қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-
құлқын қалыптастыру көзделіп отыр. Мектептегі оқушылардың бойында халқымыз
ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, имандылық, инабаттылық,
мейірімділік, кішіпейілділік, ата-мекеніне, еліне деген сүйіспеншілік
сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып
табылады. Бұл проблеманың шешімін табу мұғалімнің осы саладан кәсіби
даярлығын жетілдіруді талап етеді.
Жоғары білімнің бүкіл мазмұнын ізгілендіру тұрғысынан реформалау,
яғни гуманизациялау және гуманитарландыру, тарихи сананы қалыптастыру
Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту
стратегиясының бірінші кезектегі міндеттері болып табылады (1). Осы
міндеттерге сәйкес соңғы жылдары мектеп оқушыларының іс-әрекетін
ізгілендіру жолға қойылып отыр.
Біздің ойымызша, ізгілендіру принципіне негізделген оқу-тәрбие
жұмысын жүргізуде оқушының ізгілендірілуі ерекше мәнге ие болады. Бұл жас
адамның, жеткіншектің тұлға ретінде қалыптасуында, өмірлік ұстанымын
айқындауда шешуші роль атқарады.
Мектепте адамгершілігі мен адамдық қасиеттері бар оқушыны
тәрбиелеуді жүзеге асыру нәтижесінде жоғары білікті маманға тән мынадай
сипаттамаларды қалыптастыруға көңіл бөлу керек:
- рухани-адамгершілік қасиеттер;
- тәрбиелену;
- шығармашылық дербестік;
- өзіндік сананың жоғары деңгейі;
- өз бетінше ақпаратты қабылдау және бағалау қабілеті;
- шешім қабылдау және сол үшін барлық жауапкершілікті мойнына ала
білу қабілеті;
- психологиялық-педагогикалық пәндерден сапалы білім;
- адамдарды, оның психикасын түсіне білу қабілеті.
Баланың өзін ізгі адам ретінде көрсетуіне жағдай жасап, өзгелерге
жақсылық, қайырымдылық жасау оның да қолынан келетінін ұғындырып отырған
жөн.
Ізгілік – адамның әдептілік, сыпайылығын, өнегелік, өзара
пайымдылығын білдіретін қасиет. Ізгілікке тәрбиелеудің маңызды
педагогикалық міндеттері оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық
сапалық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін адамгершілік нормасынан
ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.(7)
Адамгершілік тұрғыдан жетілуді айқындап беретін тәрбиенің өзегі
оқушылардың көзқарасы мен өзара қатынастарын қалыптастыру негізгі мәселе
болып табылады.
Мектеп жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне едәуір ықпал етіп, ол
белгілі бір жүйеде жүзеге асырылады. Мектептегі адамгершілік тәрбиесі
біздің өміріміздің тек осы кездегі талаптарын ғана емес, болашаққа да
бағытталуы тиіс. Сондықтан мектептегі адамгершілік тәрбиесі адамгершіліктің
барлық сатысын қамтитындай шеңберлі болуы тиіс және сынып жетекшісі немесе
педагог тәрбиенің баланың дамуына қандай игі әсер ететінін, тәрбие
әсерінен оқушы қалай өзгеретінін, адамгершілік кемелдің жаңа сатысына қалай
көтерілетінін жақсы білуі тиіс. Ол үшін адамгершілік сананы қалыптастыру
керек.
Адамның адамгершілік саналық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін
анықтайды. Адамгершілік сана адамгершілік сезімді тудырады.
Баланың сезіміне әсер ету – шексіз жұмыс және тәрбие жұмысының
күрделі саласы.
Оқушылардың сезіміне әсер етудің тәсілдерін анықтағанда, сезімді
тәрбиелеу, негізінен, баланың бұрынғы өз сезімдерін өзгерту және одан әрі
жетілдіру жолымен асырылатындығын ескерген жөн. Мысалы, мектеп қабырғасында
ата-бабаларымыздың, билеріміздің, хандар мен батырларымыздың халқы үшін,
ұлтарақтай жер үшін қан төккен ерен ерліктері туралы әсерлеп, көркемдеп
әңгімелеу бала сезіміне қатты әсер етіп, оның адамгершілік, елжандылық,
отансүйгіштік сияқты ізгі сезімдерін оятады. Сондықтан мұғалім ұжым өмірін
жарқын да сезімге бай етіп ұйымдастыра алса, мұның өзі Отан сүю, ұжым
алдындағы борышын өтеу сияқты жоғары адамгершілік сезімдерін қалыптастыруға
негіз болмақ. Сонымен бірге адамгершілік, әдептілік, қарым-қатынас
мәдениеті сияқты сыныптан тыс түрлі тәрбие сағаттары, диспуттар т.с.с. іс-
шаралар балалардың бойында бауырмашылдық, мейірімділік, сүйіспеншілік
сияқты ізгілік сезімдерін оятады.
Бала тәрбиесі – баршаға ортақ дегендей, мектеп ұжымынан бөлек ата-
ананың бала тәрбиесіндегі ролі ерекше, үйретері, берер тағылымы, үлгі-
өнегесі зор. Баланы ізгілікке тәрбиелеу өз өскен ортасында ата-анасы арқылы
беріледі. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің дегендей, ата-ана
отбасында баланы бауырмашылдыққа, мейірімділікке, сүйіспеншілікке, жақсы
ізгі мінез-құлықтарға тәрбиелеу керек. Мысалы, балада алғашқы күннен-ақ
адамға деген сүйіспеншілік сезімі болатынын М.Жұмабаев өз еңбегінде былай
суреттеп берген: Ананы сүю сезімі оянады. Ананы сүю деген анаға жауыздық
тілемей, ізгілік тілеу деген сөз. Бірақ ес білген соң туысқандық сезімі,
яғни араласып айналасында жүрген адамдарды сүю сезіміне алып барады. Бұл
сөздерде, ізгілік деген сөзді һәм мағынасы мынау екен: әр адамның өзін
сүюі, жауыздықтан безіп, ізгілікке ұмтылуы, туысқандарын сүюі, яғни оларға
жауыздық тілемей, ізгілік тілеуі, өз елін сүйіп, пайда келтіріп, зиян
келтірмеуі һәм басқаларға да зиян келтірткізбеу, ең негізінде бүкіл
адамзатты дос һәм бауыр көру керек. Міне, кімде-кім өзін сүйсе, әсіресе
бүкіл адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі деп атаймыз (8).
Олай болса, еліміздің болашағы жас ұрпақты елін, жерін сүйетін,
адамгершілігі мол ізгілікті жан ретінде тәрбиелеу үшін мектеп пен отбасы,
мұғалім мен ата-ана бірлесе әрекет етуі қажет-ақ.
Білім беруді ізгілендіру жеке тұлғаның дамуына және оқытуды
саралауға мүмкіндіктер туғызуға бағытталған. Бұл ұстаным білім берудің
мәдениет қалыптастырушы қызметінің жандануына мүмкіндік береді. Осындай
түрлендіру тұрғысынан алғанда қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық
өзгерістерді ескере келе, оқушыларды жеке тұлға ретінде дамыту, тәрбиелеу
бағытын анықтау; білім мазмұнын жаңарту; білім беруді ізгілендіруге сәйкес
оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелері маңызды болып табылады.
Осы заманғы білім берудің стратегиялық мақсаты өз жауапкершілігін
сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және әрекетінің шешімін таба білуге
қабілетті, барлық істе сауатты (іскер) тұлғаны тәрбиелеуді қамтамасыз ету
болып табылады. Жоғарыдағы мақсаттарға білім берудің Отандық және әлемдік
тәжірибелерінде қалыптасып, өз қызметін оң атқарып келе жатқан білім
мазмұнының негізгі құрылымын, жобасын жүзеге асыруда қолданылатын
педагогикалық технология арқылы жету көзделеді.
Осы орайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
1996 жылғы бұйрығымен Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында 1997-
2002 жылдарда жалпы орта білім беру мазмұны түзілді, білім стандарттары,
оқу бағдарламалары, барлық оқу пәндері бойынша жаңа буын оқулықтары мен ОӘК
жазылып, мектеп тәжірибесіне кезең-кезеңмен бірте-бірте енгізілуде. Олар
гуманитариландыру, дүниені біртұтас қабылдау, мәдени үйлесімділік,
өзгерімділік қағиаларды басшылыққа алып жасалды.
ҚР-да мемлекеттік білім беру саясаты Қазақстандағы білім беру
әлемдік білім кеңістігімен үйлесімде дамуын көздейді.
Соңғы онжылдықтан көптеген шетелдердегі білім беру жүйесінде
өзгерістер жүріп жатқаны байқалады. Білім беру философиясында дәстүрлі
жалпы сауаттылықтан жоғары қызметі бар білім парадигмасы жетекші бағытына
айналуда. Білім берудің бастауыш сатысы сол білімнің тәуелді негізі болуға
бағдар алып, оқытуды ақпараттандыруға, соған сәйкес жаңа технологияларға
баса көңіл бөлінуде. ЮНЕСКО тұжырымдамаларында көрсетілгендей, тәуелді
сауатсыздық өркениет көшінде жалпы адамзаттық қатер болып отырғаны барған
сайын айқындала түсуде. Ол ғылыми-практикалық ілгерілеудің жедел қарқынмен
дамуымен түсіндіріледі.
Халықаралық білім беру жүйесіне кірігу проблемасы өзгермелі
(жылжымалы) білім беруді күшейте отырып, тәуелді білім парадигмасына
ауысуда жаңа педагогикалық технологиялармен, инновациялық оқумен байытылу
арқылы іліктестірілген құрылымда жүзеге асады.
Қазіргі Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру
тәжірибелерін пайдалана ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz