Бірінші сынып оқушысының физиологиялық негіздері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе . . . 2

І. Бөлім

Педагогикалық - психологияның оқыту нұсқасының әдістемесі және мақсаты . . . 5

  1. Педагогикалық -психологияның әдістері . . . 5
  2. Алтыжасарлардың дене дамуының шамасы . . . 17
  3. Мектепке баланың психикалық дайындығы . . . 18

ІІ. Бөлім

Бірінші сынып оқушысының физиологиялық негіздері . . . 26

  1. Бірінші сынып оқушысының мектеп өміріне үйренуі . . . 26
  2. Бірінші сынып оқушысының дамуындағы ойындардың маңызы . . . 30
  3. Төменгі мектеп жасындағы психологиялық жаңа мінез - құлық көріністері . . . 32

ІІІ. Бөлім

Бірінші сынып оқушысын жеке тұлға ретінде қалыптастыру . . . 42

3. 1. Бірінші сынып оқушысын жеке тұлға ретінде қалыптастыру

және сабақты ұйымдастыру тәртібі . . . 42

3. 2. Сабақты ұйымдастыру . . . 47

3. 3. Мұғалім - бірінші сынып оқушысының мектеп өміріндегі ең негізгі

тұлға . . . 48

3. 4. Бірінші сынып оқушыларының арасындағы тіл дамыту жұмысы және

сабақты өткізу кезеңі . . . 52

3. 5. Тәжірибе сабақтар және психожаттығулар . . . 62

Қорытынды . . . 76

Кіріспе

Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел қожасы-жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысы болмақ. Ендеше саналы, сауатты, ұғымды, халқымыздың барлық дәстүріне де, әлем мәдениетіне де қанық, ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу бізге сеніп тапсырылып отыр.

Бүгінгі Қазақстан жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда. Үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалылық, жөні бөлек көзғарастарды, жұмыстың жоғарғы сапасын және кәсібилікті талап етеді.

Ертеден қазақ халқы балаларын дәстүр бойынша бес-алты жасында аузы дуалы шешендердің, ел бастаған көсемдердің, даналардың, мергендердің, батырлардың соңынан ерте білген.

Онысы балам халық дәстүрін, жол-жоралғысын көңілге тоқып өссін дегені болу керек. Сондықтан да мектепте балаларға білім беруде ұлттық тәрбие дәстүрлерін басшылыққа алу- басты міндет

Мағжан Жұмабаевтың педагогикасында « жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда адам баласы туғанда өте әлсіз, зағип, осал болып туады. Малдың төлі туа сала сақталады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам туғанда іңгәләған айғайы мол бір кесек ет. Ақылы, есі жоқ, денесі тым әлсіз. Өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан. Мінекей, адам баласы, осылай өте әлсіз боп туып, аса сараң өсетіндігінен, оның денесіне, жанына азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей . яғни оны тәрбие қылмай болмайды » деп, тәрбиені дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық һам құлық тәрбиесі деп төртке бөледі.

Мектепте сабақты қызықты етіп өткізу үшін халық педагогикасына сүйенген дұрыс. Халықта « Баланды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме» деген мақал бар. Сабақтың қызық, әсерлі өтуіне дамыта оқыту жүйесі көмектеседі.

Қазақ бәйгеге шауып, ат қосарда алдымен атын баптайды емес пе? Соған орй жетіге толған бала күзде мектепке баратын болғандықтан, бала бақшаның соңғы жылы, негізінен, мектепке әзірлік жұмысын жүргізеді. Болашақ оқушыларды кез-келген тақырыпта ойларын еркін айта алатындай етіп үйрету қажет. Баланың ойын дамытып, болашақта армандауға, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу жүзеге асырылады.

Қазақстан президентінің 2030-шы жылға арналған бағдарламасында барлық саланың жаңаруы туралы мәселелер, оның ішінде білім саласы барысындағы жағдайлар атап көрсеткен.

Мектепалды дайындық, баланың оқу мәселесінің жақсы жағдайда болуына байланысты. Жаңа ұлттық білім үлгісі, мектепке дейінгі жастағы баланың, жеке басын тәрбиелеуде, тәрбиенің мазмұны, ізгілендіру, жекелендіру және жаңа педагогикалық дамудың әлеуметтік бағытының түбегейлі өзгеруін талап етеді.

Баланың жеке басының рухани- бай мүмкіндіктерін, отандық және дүниежүзілік мәдениет арқылы, қазақ халқының дәстүрімен, қол өнерімен және әдеп-ғұрыптарымен тыныстыруда баланың еліне, отанына сүйіспеншілігін дамыту.

1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ОҚЫТУ НҰСҚАСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ.

1. 1. ПЕДАГОГИКА - ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ

Адамның дамуы ең алдымен, әлеуметтік тәжірибені игеруден басталады. Бұл процесс, адамның дүниеге келген күнінен бастап өмір бойы жалғасады. Мектепке дейінгі бала ойын түрлері тағы басқа көп нәрсені игереді. Мұндай игеру ойын әрекеттерін игерумен қатар жүреді.

Бала мектепке келген кезде, ол әр түрлі әрекеттерді үйренеді, өйткені бұл әрекеттер әлеуметтік тәжірибені меңгерудің мақсаты болады. Бұл әрекеттің ерекшелігі, мұғалімдердің көмегімен іске асады. Бұл әдістің түрі-оқыту деп аталады.

Педагогикалық психология оқыту процесінің құрылымын, мінездемесін, заңдылығын оқытады. Педагогикалық психология жас еркшелігімен жеке тұлғалық ерекшелігін зерттейді. Дамыта оқутудың шарты негізгі орын алады. Оқыту процесінде адам немесе жеке тұлға тек қана интеллектуалды тәжірибені алып қоймайды, сонымен қатар: адамгершілік, эстетикалық т. б. түрлерін меңгереді. Меңгерудуң бұл түрлері айтылған кездерде процесс тәрбие деп аталады.

Педагогика -психологияның негізгі бақылау орны бір ғана тұлға болады. Бірақ оқытудың орны, яғни зерттеу пәні теорияға бағынышты. Бихевиоризм оқыту пәнінің стимулы реакцияларын шектейді, яғни оқыту әрекеттері жеке элементтерден тұрады.

Мектепке алғаш келген балалар ұстазы не айтса, соны орындауға әзір тұрады. Мектептің ішкі және сыртқы көріністері оларға өте қызық болып көрінеді. Мектепішілік экскурсиялардың өзінен балдырғандардың бойында белгілі бір тәртіп қалыптаса бастайды. Осылайша, шәкірттерді саналы тәртіпке тәрбиелеудің, мінез-құлық мәдениетіне жетелеудің ірге тасы бастауыш кластарда қаланады.

Сондықтан әр бір ұстаз өз білімін, мәдени дәрежесін үнемі жетілдіріп, шәкірттерінің ерешектерін ескеріп, оларды жан-жақты бақылап, белгілі ережелердің қалай орын алатынын қадағалауы керек.

Бұл орайда оқушыларға берілетін педагогикалық мінездемелер олармен көп көмек береді. Мұғалім әр уақытта қандай бағытта жұмыс істеуді ойланады.

Жас ұландарды саналы тәртіпке тәрбиелеу ісі оларға жүйелі және сапалы білім берумен ұштастырылады. Бұл жұмыс процессінде өрістетіледі. Шәкірттердің сабаққа белсене қатысуы, оған ден қоюы мұғалімнің методикалық әдістерді түрлендіріп, қолдана білуіне байланысты. Сабақты бүгінгі өмірмен, тұрмыспен, тәжірибемен сабақтастырып өткізсе нұр үстіне нұр.

Жас ұрпақты саналы тәртіпке тәрбиелеуде және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны ерекше.

Жас ұрпақтың мінез-құлқын, тәртібін дұрыс қалыптастыру- ұстаздар коллективі үшін ең басты міндет. Сондықтан, бала тәрбиесіне сергек қарадық.

Адам өз ісінің нәтижесін көру үшін алдына бір мақсат қойып, тиімді әдістерді пайдалана білу керек. Балаларды да өз істерінің нәтижесін сезіне білуге үйреткен жөн. Осы тұста еңбектің негізгі элементтерін қамтитын ойын ойнаудың маңызы зор. Себебі ойын- баланы еңбекке тәрбиелеудің алғашқы баспалдағы. Ойын арқылы еңбектену балаларды қызықтырады, көңілін шарықтатады.

Егемен еліміздің тірегі -білімді ұрпақ. Білім бастауы- бастауыш мектепте берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әр-түрлі дамытып, келбетін сомдауға үлесқосады. Баламен тіл табысып, шәкірттер нағыз тіршіліктің тынысын сезіне алады.

Ұлы Абай айтқандай, біліммен теңесе алады. Біздің егеменді еліміздің мәртебесін көкке көтеретін, экономикасын, ішкі және сыртқы саясатын дамытатын тек қана жастар. Жан-жақты сауатты жеке адамның дамуы үшін кең мүмкіндіктер беріледі. Мектеп өмірі балаларға жаңа әлемді ашып береді. Бұл тұрғыда бастауыш мектептің негізгі міндеттері- баланың жеке басының ағашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін ашып дамыту. Оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыру.

Оқу - мектепжасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен өздігінен оқуына тығыз байланысты.

Баланың оқу әрекеті- күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін керек етеді. Баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Баланың ақы-ой әрекеті, оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т. б. психикалық үрдістермен байланысты іске асырылып отырады. Оқушының өздігінен оқуы жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыруы керек. Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аударған жөн. Ең алдымен баланың өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек. Егер бала әрбір жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже (жаңа білім, дағды) беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысы мақсат -міндеттеріне сай болса, онда бала өз жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға, өзін-өзі басқаруға дағдыланады.

Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлардың жалпы амал-тәсілдерін меңгерту. Осыған орай, балалардың ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі олардың оқу-әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады.

Оқу әрекетінің белгілі құрылымы мыналар:

1. Оқу міндеттері (немесе тапсырмалар) .

2. Оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тасымалдары) .

3. Бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалапғалап, тексеріп отыруы) .

4. Бағалау (мұғалімнің жеке оқушының өзіне-өзі берген бағасы) .

Осындай күрделі әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады. Ойлау - баланың таным әрекетінің ең жоғарғы түрі. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстырады, заңдылықтарды ұғады. Ойлау, сөйлеу әрекеті арқылы іске асады.

Ойлау- нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау- белгілі міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Баланың ойлау әрекеті өзінен-өзі қалыптаспайды. Олардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізуге қажет. Ойлауүрдісі өзіне тән логикалық адамдардан (операциялардан) тұрады: анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, жалпылау, тұжырымдау.

Балаларды тәрбиелей оқыта отырып зерттеу немесе зерттей отырып тәрбиелеу, оқыту дегеніміз толыққанды педагогикалық ізденіс пен бала психологиясын тану жолдарының түйісуі, бірлігі, күрделі процесстің бөлінбес екі жағы болып табылады. Сондықтан оқу процесінің қандай мәселесі болмасын, ол бала психологиясына негізделмесе, оны ескермесе, жай ғана құрғақ сөз күйінде қалып қояды. Қанша әдемі айтылса да, іс жүзінде ешқандай нәтиже бере алмайды. Соның нәтижесінде өмірге самарқау қарайтын, өмірлік ұстанымы қалыптаспаған, өз болашағын айқын бағдарлай алмайтын енжар мектеп түлектері шықты. Оқушының психологиясы ескерілмеген жерде оқытудың әдіс-тәсілдері қанша құбылтып түрлендіру де, сабақ үстінде қолданған сан алуан көрнекіліктер де жай жасанды дүниеге айналады. Сондықтан кез келген пәнді оқыту әдістемелерінде ең әуелі оның осы жағына көңіл бөлінуі қажет.

Оқушының мотивациялық деңгейін зерттеу дегеніміз мұғалім көзге түскен нәрселерін үстірт тізбелеу емес, оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасу заңдылықтарының тереңіне енуі, оны дамушы әрекет субъектісі деп тану. Мотивация қалыптастыру мұғалімнің оқушыға деген ішкі қозғаушы күштерінің пайда болуына жағдай жасау, өз әрекетінің мәніне түсінуіне бағыт беру, саналы білім мен тәрбиенің көзін тануға ұмтылысын тудыру.

Сонымен оқу мотивтерінің мәні оның оқу әрекетіндегі басты бағыт беруінде. Оның қандай түрлері, топтары бар деген мәселеге келсек, оқу әрекетіндегі мотивтердің екі үлкен тобы бар деген алғаш ғылыми негіздеуші Л. И. Божович олардың өзара бірлігі мен айырмашылықтарын да ажыратып берді. Танымдылық мотивтерде оқушы белсенділігі өзі үйреніп отырған объектіге бағытталса, әлеуметтік мотивтер оқушы белсенділігінің басқа адамдармен қарым-қатынасы негізінде пайда болып қалыптасады.

Танымдық мотивтерге қызығушылық, қажеттік, мұрат (идеал), мақсат, мазмұнымен оның орындалу процесімен байланыста бола отырып, оқушыны жаңаны тануға, оқу еңбегінде саналы әрекет жасауға, кездескен қиындықтарды жеңуге ұмтылдырады, танымдық белсенділігін арттырады.

Әлеуметтік мотивтерге сол танымдық мотивтердің қалыптасуына ерекше әсер ететін оқушының өз міндетіне жауапкершілігі, ұжымда өз орнын анықтауға ұмтылысы, болашақ мамандығына жетуге деген ниеті, мұғалімнің, ата-ананың, қоғам алдындағы борыш сезімдері, т. б. жатады. Мотивтердің бұл екі тобы - бірін-бірі толықтырып, өзара алмасып отыратын ішкі импульстер.

Әрбір пәннің оқыту әдістемесінде оқу мотивтерін қалыптастыруға негіз болатын факторлар сол пәннің өз табиғатынан іздестірілуі шарт. Мысалы: ана тілін оқытуда балаға ең әуелі, тілдің танымдық мәнін, білімдік негізін, практикалық маңызын түсіндіру арқылы оқушының тілге деген саналы көзқарасы қалыптасады, оның күнделік тіршіліктегі ғана емес, өмірлік, дүниетанымдық маңызы ұғындырылады. Ол үшін оқу процесінде мұғалім төмендегідей үш жағдайға, бірінші сабақта шебер ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстарды орынды, жүйелі қолдануға; түсінікке негізделген педагогикалық басшылық жасауға, үшінші, сабақтың өтуіне жайлы, қалыпты атмосфера орнықтыруға баса көңіл аударуға тиіс. Бірінші жағдайда оқушы еңбегі сабақтың теориялық жағын игеруге, сол пән бойынша берілетін практикалық іскерлік дағдыларды меңгеруге бағытталады. Оқу материалын оқып үйренуде оқушы белсенділігін арттыруға негіз болатын танымдық әрекеттердің оқушының жас ерекшеліктеріне сай болуын қадағалау, олардың дамытушылық сипатына, баланың шығармашылық қабілетін қалыптастыруға қаншалықты әсер ететініне назар аудару жемісті еңбек болып табылады. Оқытудың проблемалық сипатта жүргізіліп, көбіне оқушылардың өзіндік жұмыстарына, ізденісіне жол ашылуы, ірі тілдік құбылысқа аналитикалық, синтетикалық талдау жасауға көп орын берілуі де сабақтың нәтижелігіне ықпал етеді.

Ал, оқушының пәнге көзқарасына, сабаққа ықыласын аударуда мұғалімнің жеке басының әсері мол. Онда мұғалімнің сыртқы бейнесі, өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәнерімен қатар сабақ үстінде оқушыларды бір мақсатқа жұмылдырып, олардың әрқайсысының жеке ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар беру, оқу процесінің барлық кезеңдеріне сай жұмыс түрлерін екшей білу, сабақ үстінде қажетті ұшырастыру шеберлігі де ескеріледі. Мұғалімнің негізгі міндеті- оқулықтардағы дайын материалдарды жалаң информация түрінде бірді-екілі мысалдармен түсіндіріп, кезекті жаттығуларды бастырмалата орындату емес, оқушыларды оқу әрекетінде оның әрекет субъектісі деңгейіне көтерілуіне жағдай жасау, тапсырмаларды шешудің әр-түрлі жолдарын табуына, кездескен қиындықтарды жеңе білуге бағыт-бағдар беру. Үшінші мәселе оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруда, оның саналы әрекетін ұйымдастыруда әлеуметтік мотивтердің қандай дәрәжеде ескерілуіне тәуелді. Мұнда оқушының айналасымен қарым-қатынасы, өзара түсінісуі, сенімі, пікір алысуы, ұжымдағы өз орнын анықтауға ұмтылысы т. б. ескеріледі.

Жалпы алғанда, оқу мотивтері баланың өмірлік позициясын нығайту, адамгершілік қасиеттерін дамытуға негіз болады да, оқушының танымдық әрекетінің ең маңызды факторларының біріне айналады. Сапалы білім мен саналы көзқарастың бірлігі де осы жолдан туындап отырады.

Педагогика ғылымының әр саласында қолданатын әдіс -тәсілдерде психология ғылымын қолданады. Негізгі әдіс - бақылау және эксперимент.

Бақылау - есте көру жолдарының оқыту орнымен тікелей қатынас жолдарын жинақтайтын әдістердің бірі. Бұл әдістің ерекшелігі: зертеуші осы әдісті пайдаланғанда зерттелушіге тікелей әсер етпейді, оның қызығушылығын тудырмайды, қайта осы әсерлердің өздігінен пайда болуын бағдарлайды .

Бақылау әдісінің негізгі мінездемесі мақсаттылық, жоспарлаулық болып бөлінеді. Бақылау, ойы бар процедураларының жолдарын көрсететін арнаулы әдістеме көмегімен жүзеге асады.

Оның негізгі кезеңдері:

а) Бақылайтын ситуация мен бақыланатын ортаны таңдап алу.

ә) Бақылау бағдарламасы.

Негізінде бақылаудың екі мақсатын көрсетуге болады. Ізденіс зерттеуінде негізгі мақсат қадағаланатын орын жайында барынша ақпарат жи нау болады. Мысалы: 6 жасар балалардың мектепке келгенде өзін ұстауы, сабақта, қоңырау кезінде, үйіндегі ата- анамен, мұғалімдермен қатынасы, оқушылармен қатынасы жайлы мағлуматтарды тіркеу және т. б. Мұндай ақпарат жинау арқылы зерттеу жүргізуді қажет ететін мәселелерді анықтауға мүмкіндігін береді.

Кейбір жағдайларда бақылау таңдаулы түрде жүргізіледі. Атақты швейцар зерттеушісі Ж. Пиаже балалардың ой-өрісін зерттегенде екі заттан бір затты алу ойынын бақылаған. Бұл баланың заттар арасындағы қатынасын қалыптастырған.

б) Алынған ақпараттың негізгі қимылдарын байқаушы өзі жасайды:

Оның қатысуынан бақыланушы адам өзгеше мінез көрсетуі мүмкін.

Бұл мәселенің екі жолы бар:

а) Байқаушы бақыланатын орнында ұжымның үйреншікті адамы болуы керек.

ә) Сырттай бақылау жолы. Бұл жол баланың адамгершілігін шектейді. Психологиялық бақылаудың мазмұны психология пәнімен байланысты. Егер бұл әдісті бихевиорист қолданса, бақылау бағдарламасында баланың сыртқы реакциясын байқайды .

Бақылау әдісін тек зерттегенде ғана емес, сонымен практикалық, педагогикалық іс-әрекетте қолдануға болады. Мұғалім баланың тәртібін бақылауға түрлі тапсырмаларды орындалуын бақылай отырып бір қорытындыға келеді.

Сол қорытындыны өзінің бақылау қорытындысына қарай баланы ішкі дүниесінің ерекшеліктері туралы дәлелдеп айту мүмкін емес.

Эксперимент - психологиялық зерттеуінде ең жоғарғы орын алады. Оның бақылаудан айырмашылығы мынадай мәселеде:Экспериментатор зерттейтін ортасында зерттеу гипотезасымен белгіленеді.

Мысалы: зерттеуші осындай қарастырса оқушы өзінің қателерін білсе, тек сонда ғана білім білім жүйесі жоғарғы дәрежеге жетеді. Бұл гипотезаны тексеру үшін оқушыларды екі топқа бөледі. Екі топта оқушылар бірдей тапсырма алады. Мысалы: «В» әрпінің бас әріпін жазу. Бірінші топқа экспериментатор «В» әріпінің элементтерінің дұрыс жазылуын айтып көрсетеді. Ал екінші топқа экспериментатор осы әріптің дұрыс жазылуын, үлгіден ауытқымай жазу керектігін ескертіп қана айтады.

Эксперименттің екі түрі қарастырылады.

1. Лабораториялық.

2. Нақты түрі.

Лабораториялық экспериментте сыныптан тыс уақытта зерттеу жеке және ұжымдық эксперимент түрін қолдануға болады. Эксперименттегі нақты түріндегі зерттеуінде жазуға үйретуде қатар екі бірінші сыныпты алуға болады.

Соңғы он жылдан бері еліміздің білім беру, қоғамдық саяси өміріндегі болған өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне деэксперимент көптеген жаңалықтар еңгізіп, жаңа леп әкелді. Сонымен, мектептің қай түрі болсын, бала қандай талантты болса да, оқушы алғаш мектепке келгенде, онда оқу әрекетінің нышаны да болмайды. Ол әріпті танып, оқи, жаза білу ғана емес. Бұл - В. В. Давыдов, Б. Д. Эльконин сияқты белгілі психологтардың бастауыш мектептегі зерттеулерінде дәлелденген мәселе.

Дамыта оқыту деп- мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқыту. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс. Жүйенің басты мақсаттарының бірі- баланы оқыта отырып, жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Дамыта оқыту нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасалады. Бұл жүйенің мақсаттары баланың өзінің белсенділігіне байланысты болғандықтан, жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік- зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарға ұсынылады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа жағдайды шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей ахуалға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда үш құрамдас бөліктерден тұратын болады:

  1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
  2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
  3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының дамуындағы оқу-әрекетінің ролі
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының эмоциясының ерекшеліктерін зерттеу
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың әлеуметтік - психологиялық бейімделу ерекшеліктері
Бастауыш мектеп оқушыларының мотивациясының теориялық негіздері
Зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті
Жоғарғы сынып оқушылары
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың психикалық ерекшеліктерінің педагогикалық мәселелерін теориялық және әдістемелік тұрғыда негіздеу
Оқушыларының оқу іс-әрекетінің мотивтерін қалыптастыру
Эмоция және оның балалық шақта дамуы.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz