12 жылдық мектепке 1 - сынып оқушыларын қабылдаудағы тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың нәтижесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Нормативтік құжаттар . . . 3

Кіріспе . . . 4

1 - тарау. 12 жылдық орта білім жүйесіне өтуге байланысты бастауыш сыныптарда білім беру ерекшеліктері

1. 1 12 жылдық орта білім беру жүйесінің педагогикалық-психологиялық негіздері . . . 9

1. 2 12 жылдық білім берудегі бастауыш сынып оқушыларының психологиялық даярлық ерекшеліктері . . . 13

1. 3 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшу жағдайында 1 - сыныптың оқу жетістіктерін бағалаудың психологиялық ерекшеліктері . . . 19

2 - тарау. 12 жылдық мектепке 1 - сынып оқушыларын қабылдаудағы тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың нәтижесі

2. 1 12 жылдық мектеп оқуға 1 - сынып оқушыларының психологиялық даярлығы мен оған ата-аналарды дайындау мәселесі . . . 25

2. 2 12 жылдық білім беру жағдайына көшуде 1-сынып оқушыларының мектепке психологиялық дайындығының тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижелері . . . 31

Қорытынды . . . 57

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 61

Қосымшалар

Нормативтік құжаттар:

  1. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы. Қазақстан - 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы: - Алматы: Білім, 2005. 233 б.
  2. Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасы. Заң актілернің жиынтығы. А. : ЮРИСТ, 2007-192 б.
  3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. //Қазақстан Жоғары Мектебі. - 2004-№1 - 5 - 17 б.

Кіріспе

Президентіміз Н. Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған Жолдауында "XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық" дей келе, кадрлар қорын жасақтаудың қажеттігін айтты. Сонымен қатар бұл мәселенің негізінің мектептен басталатынын, сондықтан да 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының мақсатында көрсетілгендей, білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу болып табылады[1] .

Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір өзектісі бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін, жастарға салалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа үлгідегі мектеп құру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12 жылдық, мерзімге өтуімен астасып жатыр.

Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде алыс-жақын шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне сүйенуде. 12 жылдық орта білімге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе емес. Бұл білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта қарауды, білімінің теориялық және әдістемелік тұстарынан жетілдіруді талап ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білімге көшу осыған байланысты жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз кезінде орындалуы және мұғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын оқулықтардың, оқу құралдарының педагогикалық, әдістемелік, психологиялық тұрғыдан негізделуін керек етеді[2] .

Орта білім жүйесін жаңарту мәселесі баланы алты жастан бастап мектеп жағдайында оқытып, тәрбиелеуді жүзеге асырғалы отыр. Бұл 12 жылдық орта білімге көшудің ең басты мәселелерінің бірі және біреңгейі. Себебі, бұрын балабақша жағдайында мектеп алды дайындығынан өтетін не отбасы жағдайында үйде дайындалатын ойын баласы енді мектепке келіп, партаға отырып, оқушылар қатарына өтпек. Әрине алты жастағы баланың мектепте оқуға физиологиялық, психологиялық тұрғыдан дайын екенін көптеген ғалымдар зерттеулер негізінде дәлелдеп отыр.

Орыстың алдыңғы қатарлы бала тәрбиесімен және оны дамыту жолдарымен айналысқан ғалымдары Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, Д. Б. Элькониндармен қатар қазақстандық педагог психологтар: В. К. Павленко, Қ. Т. Шериязданова, Б. Баймуратова зерттеулері бойынша баланың ең дамуға ыңғайлы да, қолайлы да кезеңі бес пен алты жастағы шақтары екендігі айқындалған. Мәселен, психолог А. А. Люблинскаяның пікірінше, алты жасар бала мектеп жағдайында оқуға дайын, себебі, ол қимыл-тірек қозғалысы жағынан саналы әрекет етеді. Ол үлкендер ұсынған тілек-талаптарды өздігінен орындай алады. Ойын барысында да ойлы әрекет ету арқылы өзінің не істегісі келетінін біліп, соны дұрыс атқаруға тырысады, өз әрекетінен белгілі дәрежеде қорытынды шығарады, ойлай, қиялдай біледі деп түйіндейді. Ал, Д. Б. Эльконин алты жастағы баланың ана тілінің дыбыстау жүйесін білетіндігін, есту, көру, қабілетінің жақсы дамығандығын, сөз қорының жеткіліктілігін, олармен әңгімелесуге, сұрақтарға жауап алуға толық мүмкіндік болатынын айтады. Сонымен қатар алты жастағы бала маңайындағы адамдардың, көңіл-күйіне ортақтаса алады. Белгілі дәрежеде өздерінің мінез-құлқын да басқара алады. Жақсы-жаман қылықтарды ажыратып, нені істеуге болатынын, нені істемеу керектігін де біледі. Міне, мұғалім сабақ берген кезде олардың осы сапаларына сүйенеді.

Физиологтар болса, алтыдағы баланың ми жасушаларының, құрылысының үлкен адамдарға ұқсас қалыптасқандығынан, олардың психологиялық және физиологиялық түрғыдан мектепте оқуына мол мүмкіндіп барлығын дәлелдейді.

Сонымен қатар, қазіргі таңда баланы апты жастан бастап мектеп жағдайында оқыту ата-анаға әлеуметтік жағынан да, моральдық тұрғыдан да біраз көмек қажет екені белгілі.

12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Себебі бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі кезеңде қаланады. Сонымен қатар кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дами бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұны мен оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес.

Осыны ескере отырып, 12 жылдық мектептің бастауыш буын бағдарламасында әр пән бойынша дайындық, кезеңі жеке қарастырылып, оған арнаулы сағат бөлініп, ерекше көрсетілді. Мұндағы мақсат психологиялық тұрғыдан мектепке жаңа келген алты жасар баланың ойын әрекетін жалғастыра отырып, біртіндеп оқу әрекетіне көшуін қамтамасыз ететін әдістерді қарастыру. Алты жасар бала үшін жаңа рөл оқушы, жаңа әрекет - оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай, қызығушылықпен араласып кетуіне, маңайымен қарым-қатынасының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін жете білуін керек етеді.

Сондықтан бағдарлама талаптары тек жеке пәндерден білім беріп қана қою емес, оқушылардың жалпы дамуына жол ашуға бағытталған.

Олардың қатарына:

- баланың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес оны тұлға ретінде үйлесімді (білім беру мен тәрбие) түрінде дамыту;

- оқу іс-әрекеттерінің негізгі компоненттерін меңгерту (оқу міндетін түсіну, оқу операцияларын орындау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі басқару, маңайымен дұрыс қарым-қатынаста болу т. б. ) [3]

- адам тұлғасына тән азаматтыққа, рухани және адамгершілік құндылықтарға, танымдық іс-әрекетке, өздігінен іс-әрекет жасауға оқуға және өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылу;

-баланың ойын, тілін, дыбыстық, есту, көру кеңістігін, математикалық аңғарымын, интелекті мен қарым-қатынас дағдыларын, яғни пәнді оқып үйренуге тілдік дайындығын дамыту;

- ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін (бақылау, салыстыру, талдау, жалпылау классификациялау) жадының, зейіннің, қабылдауының, ойлауының, қиялының дамуына байланысты танымдық процестерді меңгерту;

- интеллектуалдық, рухани адамгершілік , еңбек, эстетикалық және дене

тәрбиесі және шығармашылық, дағдыларын дамыту енеді.

Дайындық кезеңдегі материалдар алты жасар баланың жас ерекшелігіне, өмір тәжірибесінің көлеміне лайықты, олардың ой дүниесіне қызығушылық тудыратын мазмұнда және пәнаралық байланысты жүзеге асыра отырып, ойын әрекеттері барысында беріледі.

Бұдан әрі пәндердің негізгі бөлімі, яғни білім, білік, дағдыларын жетілдіретін, оқушылардың дамуын іс жүзінде қамтамасыз ететін мазмұнға көшеді.

Оқыту мазмұнын жетілдірудің психологиялық негізіне психолог ғалымдардың "Дамудың жақын аймағы", "Ақыл ой әрекеттерін кезең бойынша қалыптастыру". " Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларды дамыта оқыту" сияқты ғылыми теориялық қағидалары жатады.

Оқыту мазмұнын жетілдірудің дидактикалық негізіне оқытуды ұйымдастыруға тұлғалық бағдарлылық және шығармашылық іс-әрекет тұрғысынан балаға іс-әрекет субьектісі ретінде (әрекетінің себептерін, қызығушылығын, мақсаттарын т. б. ) қарап, оны қалыптастыру туралы теориялық қағидалар жатады[4] .

Зерттеу объектісі: 1 сынып оқушыларының мектепке психологиялық дайындық мәселесі.

Зерттеу пәні: 12 жылдық білім беру жүйесіне 1 - сынып оқушыларының психологиялық дайындықтары.

Зерттеу мақсаты: 12 жылдық білім беру жүйесінде 1 - сынып оқушыларының психологиялық дайындықтарын теориялық тұрғыдан негіздеу және оның ерекшеліктерін практика жүзінде қарастыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер 12 жылдық білім беру жүйесінде 1 - сынып оқушыларының психологиялық дайындықтары жоғары болса, онда 1 - сынып оқушыларының бейімделуі мен әрі қарай оқу процесінің дамуына жақсы ықпал қалыптасады.

Зерттеу міндеттері:

12 жылдық білім беру жүйесінде 1 - сынып оқушыларының психологиялық дайындықтары ғылыми-теориялық негіздерін нақтылау;

12 жылдық білім беру жүйесінде 1 - сынып оқушыларының психологиялық дайындықтарының педагогикалық шарттарын анықтау;

12 жылдық білім беру жүйесінде 1 - сынып оқушыларының психологиялық дайындықтарын тәжірибе-эксперименттік жолдармен тексеру және нәтижесін анықтау;

12 жылдық білім беру жүйесінде 1 - сынып оқушыларының психологиялық дайындықтары ғылыми-әдістемелік ұсыныстарын тәжірибеге ендіру.

Зерттеудің жетекші идеясы: 12 жылдық білім беру жүйесіндегі 1- сынып оқушыларының психологиясының қалыптасуы және дамуына байланысты жинақталып, зерделенген құнды іс-тәжірибелер болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі теориялық және практикалық мәселелерді шешуге алғышарт жасайды.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздемесі: таным теориясы адамдарды ең жоғары құндылық ретінде танитын тұлғалық бағдарлы білім беру тұжырымдамалары, ғылыми танымдағы теория мен практиканың бірлігі мен диалектикалық өзара әсері қағидасы, педагогиканың әдіснамасы мен зерттеу әдістерінің негізгі ережелері, білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы, ақпараттық үрдістерді білім беру жүйесіне енгізудегі танымдық процесстер, ақпараттық құзыреттіліктің мәні, оларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндіктері туралы теориялық тұжырымдар.

Зерттеу көздері: Зерттеу проблемасы бойынша педагогтардың, психологтардың білім туралы, таным, танымдық әрекет, психология, психологиялық дайындық туралы зерттеулер. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасында жалпыға міндетті орта білім беру тұжырымдамасы.

Зерттеу әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, педагогикалық басылымдар мен нормативтік құжаттарды, озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, жинақтау, салыстырмалы талдау, сұрақ, сауалнамалар мен тестілеу, тәжірибелік эксперимент жұмысын жүргізу, оның нәтижесін бағалау және қорытындылау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:

12 жылдық білім беру жүйесінде 1 - сынып оқушыларының психологиялық дайындықтарының теориялық негіздері нақтыланды;

«12 жылдық білім беру жүйесінде 1 - сынып оқушыларының психологиялық дайындықтары» ұғымына анықтама берілді және оның көрсеткіштері, кезеңдері мен деңгейлері ұсынылды;

12 жылдық білім беру жүйесінде 1 - сынып оқушыларының психологиялық дайындықтарының педагогикалық шарттары анықталып, тиімділігі дәлелденді.

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

Зерттеу нәтижелері мен қорытындылары бұл тақырып бойынша келекшекте жүргізілетін ғылыми ізденістерге негіз бола алады.

Қорғауға ұсынылады:

12 жылдық білім беру жүйесінде 1 - сынып оқушыларының психологиялық дайындықтарының ғылыми-теориялық негіздері;

12 жылдық білім беру жүйесінде 1 - сынып оқушыларының психологиялық дайындықтарының ғылыми-әдістемелік мазмұны мен тұжырымдамалық құрылымы;

12 жылдық білім беру жүйесінде 1 - сынып оқушыларының психологиялық дайындықтарының педагогикалық шарттары, көрсеткіштері, кезеңдері және деңгейлері мен талаптары.

Зерттеу нәтижесінің дәлелдігі мен негізділігі:

Қорытындылардың әдіснамалық және теориялық қағидалар арқылы дәлелденуімен, зерттеудің ғылыми ақпаратының мазмұнына сай болуымен, кешенді әдіс-тәсілдердің пайдалануымен, тәжірибелік эксперимент жұмысының жоспарлылығы және кезеңділігімен, ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігімен, сондай-ақ, зерттеу нәтижелерін тәжірибелік-эксперимент жұмысы арқылы тексеру және практикаға ендірумен қамтамасыз етілді.

1 - тарау. 12 жылдық орта білім жүйесіне өтуге байланысты бастауыш сыныптарда білім беру ерекшеліктері

1. 1 12 жылдық орта білім беру жүйесінің педагогикалық-психологиялық негіздері

Егемен елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізуде. Күн тәртібінде койылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді әлеуметтік деңгейге жеткізу үлкен орын алады.

Қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістерге сәйкес білім берудің қызметіне жаңаша қарау, әлемдік жинақталған тәжірибеге және кол жеткен табыстарға сын көзбсн қарап бағалау, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып оқыту мен тәрбиелеудің жаңа тиімді жолдарын табу - 12 жылдық білім беру мәселесі. Бүгінде осы бағыттағы білім беру ең негізгі міндеттердің бірі болып саналады.

Еуропа Кеңесінің, Декларациясына (1992) сәйкес дүниежүзілік практикада 12 жылдық жалпы орта білім берудің басым екені, оны әлемнің 216 елі мойындайтыны белгілі болды.

Қазақстан Лиссабон конвенциясына қол қойып, оны бекіткеннен кейін Еуропалық білім кеңістігіне ықпалдасудың құқықтық негізін қалады. Бұл жалпы орта білім беру деңгейінде мектептерде 12 жылдық оқытуға көшуді көздейді[5] .

12 жылдық оқытуға көшу Қазақстандық білім беру реформасының стратегиялык міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Ал оның мәнісі шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық моделді дамытуға. "жалпыға арналған білім" үлгісінен "таңдауы бойынша білім алу" үлгісіне сапалы көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне енуді жылдамдататын тетіктердің бірі осы жаңа бағдарлама бойынша мектеп жағдайында оқыту болып табылады. Қазақстандағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформалар жасауға себеп болғанда осы жаңа білім беру бағдарламасына көшу идеясы еді. Бұған бір дәлел Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі Тұжырымдамасының өмірге келуі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым қызметкерлерінің III съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: "Бүгінде 12 жылдық мектеп моделі анықталды, алайда оған көшу білім сапасының артуын өздігінен қамтамасыз етпейді, білім берудің мазмұнын қайта қарау талап етіледі және мұны бүгіннің өзінде жасау қажет" деп атап көрсетті. Мұның өзі білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын білдіреді. 12 жылдық білім берудің методологиялық негіздеріне орай, мектепте білім берудің мазмұндық жағын жаңартудың аса маңызды бағыттары мыналар болып табылады:

-мектспте білім берудің мазмұнын қазіргі қоғам қызметінің серпінді құрылымымен сәйкес келтіру;

-оқушыларды өз бетінше білім алуға және оны практикада қолдануға, оқытудың әр түрлі саласында өз мүмкіндіктерін тануға және жақсы қасиеттерін ашуға тәрбиелеу;

-әрбір жас кезеңіндегі негізгі психикалық жаңа құрылымдарды қалыптастыру төңірегіндегі оқу үрдісін жолға қою;

-оқушыларды танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде тарту, негізгі мотивациялық үрдістерді айқындайтын оқу ахуалдарын кеңінен қолдану[6] . .

Қазіргі мектептің білім мазмұнын ізгілендіру мен даралауға айқын бет бұру мынадай міндеттсрді жүктейді:

- оқушының жеке тұлға ретіңде және іс-әрекет субъектісі ретінде мақсатты, тұрақты және дәйекті дамуына жағдай жасау;

- оқушылардың белгілі бір білімді таңдауы мен меңгеруін, олардың оқу үрдісі кезінде таңдау мүмкіндіктері мен құқықтарын қамтамасыз ету;

- оқу-тәрбие үрдісінде ынтымақтастық педагогикасының ізгі қатынастарын орнықтыру;

- білім мазмұнын барынша ізгілендіруді камтамасыз ету;

- психологиялық білім берудің бастапқы негіздерін калыптастыру.

12 жылдық мектепке көшу жағдайында оның құрылымы оқытудың мақсаты мен міндеттерінің арасындағы байланысты, әрбір жас сатыларында оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуды олардың психологиялық, физиологиялық және жас ерекшеліктеріне қарай қамтамасыз етуге тиіс.

1 - саты - жалпы бастауыш білім беру (1-4сыныптар бастауыш мектеп)

2 - саты - негізгі орта білім беру (5-10сыныптар - негізгі мектеп)

3 - саты - жалпы орта білім беру (11- І2сыныптар - жоғарғы мектеп)

Бастауыш мектепте оқудың ұзақтығы - 4 жыл. Бастауыш мектеп жалпы бастауыш білім беруді қамтамасыз етеді және балалар 6 жастан бастап қабылданады. Алты жас баланың ақыл-ойының дамуының және әлеуметтік дайындығының ең бір қолайлы (сензитивті) кезеңі.

Осындай мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, іске асырмаса бала бойындағы қасиеттері толық көлемде ашылмай қалуы мүмкін.

Бастауыш мектептің басты міндеті баланың қабілеттерін ашуды, жеке тұлғасын, оқуға деген ынтасын қалыптастыруды камтамасыз ету, оқу, жазу, санау, қарым-қатынас және ынтымақтастық дағдыларын меңгеруіне көмектесу.

Бастауыш мектепте оқытудың басты мақсаттары мыналар:

1. Баланың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес, оны тұлға ретінде үйлесімді түрде дамыту, білім беру және тәрбиелеу.

2. Негізгі оқу әрекеттерін меңгерту және бақылау, өзіндік бақылауды жүзеге асыру.

3. Әр адамды азаматтық, рухани және адамгершілік, танымдық іс-әрекетке, өз бетімен оқуға және өзін-өзі тәрбиелеуге дайындау.

4. Білім беру мен тәрбиелеу мақсаттарына жету жолында оқу әрекеттерін игеру бастауыш мектептің негізгі міндетіне айналады.

Баланың дара тұлғасын барынша дамыту мынадай міңдеттерді шешуді талап етеді:

-патриоттық, адамзаттық позициялы, адамгершілік мұраттарды, баланы ертеңгі күнге емес, алдағы күнге бағдарлау арқылы оның ақыл-ойын тәрбиелеу;

-6-9 жастағы баланың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, қоғамның әлеуметтік талаптарына сәйкес білім алудың тәсілдерін игеру;

-алған білімін өмірдің түрлі жағдайыңда өз бетімен қолдануға қабілетті, оқу материалын салыстыруға, саралауға, қорытуға, одан әрі білім алуға және өз бетінше оқуға дайын баланың жалпы мәдениеттілігі мен білімдарлығын қалыптастыру;

-мектептің бастауыш сыныбында оқыйтын баланың өзіндік шығармашылық қабілетін дамыту.

Бастауыш білімнің мазмұны алған білімді шығармашылыктарын жүзеге асыру мүмкіндігіне бағытталған Оқушылардың шығармашылық қызметінің міндеттерін бағдарламаға енгізу, оның танымдық жағын күшейтіп сол арқылы алған білімі баланың өзіндік қызмет әрекетін нақтылай түседі[7] .

Білім мазмұнының жетекші әдіснамалық принциптері:

1. Интеграция принципі - ұқсас пәндерді ықпалдастыру, балалардың шаршамауына мүмкіндік беру;

2. Пәнаралық байланыстар принципі оқу пәнінін мазмұнын баяндауда әр түрлі пәндерді өзара байланыстыру;

3. Ғылымилық және жас ерекшеліктерін есепке алу принципі әдістемелік жүйені талдау, оқушылардың психологиялық, физиологиялық мүмкіндіктеріне байланысты дамуының жас ерекшеліктерін ескерту;

4. Бала тұлғасын дербес дамытуда оқыту мен тәрбиелеудің деңгейлік принципі - дара жаттығулар жүйесін жүзеге асыру негізінде түрлі деңгейлік және қарапайым тапсырмаларды шығармашылықпен шешу;

5. Оқуда ана тіліне сүйену принципі оқушылардың танымдық белсенділігін күшейту, ана тілге қабілетгілігін арттыру.

6. Нәтижелі шығармашылық принципі - білімді қалыптастыру процесінде баланың шығармашылық қабілетін дамыту.

Оқытудың тиімді және үйлесімді болуы оқушының танымдық дамуының табиғи логикасын ескергенде ғана мүмкін болмақ. Егер оқытуды мәдениет пен коғамның жеке адаммен жан - жақты байланысының ұдайы процесі ретінде алар болсақ, онда осы байланыстың негізгі жүйелері осы арқылы өтеді. Психологияда мынадай негізгі танымдық процестер бөле жара айтылады: түйсіну, қабылдау, зейін, ес, ойлау және сөйлеу, қиял. Үйлесімді өзара іс-әрекет және оқыту кезінде осы процестердің барлығын қалыптастыру тұлғаның тұтастай дамуына жағдай жасайды[8] .

Бастауыш мектеп жасы - баланың жеке тұлғасы мен оның ағзасының одан әрі дамуын айқындайтын өте маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл жастағы балалардьщ маңызды ерекшеліктері - олардың айналадағы өмірге: адамдарға, оқиғаларға, фактілерге қызығушылық танытуы болып табылады.

Олардың қоршаған ортадағы заттар туралы түсініктері бар, олар білуге қүштер, жаңа ақпаратты да жақсы қабылдайды. Осы ынта мен құштарлықты бастауыш сынып мұғалімі өшіріп алмай, оның әрі қарай дами түсуіне көп көңіл бөлуі керек.

Бұл кезде баланың өзін-өзі белсенді көрсетуі және оның барлық рухани және дене күшінің дамуы қатар жүреді. Баланың осындай барлық ерекшеліктері қолайлы факторлардың әсерімен, дұрыс та мақсатты педагогикалық ыкпалдың көмегімен туындайды және дамиды. Баланың табиғи мүмкіндіктерін ескерудің арқасында ғана осы жасқа лайықты оқытудың мазмұны мен әдістерін дұрыс анықтауға, баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білімге қызығушылық
12 жылдық білім беру жүйесі
Балалардың психологиялық дайындық компоненттері
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Жоғары сыныптарда оқушылардың мектепті бітіріп
Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару - бүгінгі күн талабы
Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі
Бейнелеу өнері мен дүниетану пәндерін кіріктіре оқыту негізінде бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру
Бастауыш сынып оқушыларының отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу құндылықтарын белгілеу
Шағын жинақталған мектеп оқушыларын кәсіпкерлікке баулудың педагогикалық шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz