12 жылдық білім беру жүйесінде сөзді есеп шығаруға үйрету


Жоспар
Кіріспе 3
1 тарау. 12 жылдық білім беруді жоспарлаудың тұжырымдамалық тәсілдері және бастауыш мектеп математикасындағы сөзді есептер
- 12 жылдық жалпы орта білім беретін мектепке көшудің болашағы
мен мазмұны 5
- 12 жылдық мектептің құрылымы мен бастауыш мектеп математика
пәнінің мазмұны 9
1. 3 Есептің адам өміріндегі рөлі және оның түрлері 15
1. 4 Сөзді есептердің мазмұнына қойылатын талаптар 19
2 тарау. 12 жылдық білім беру жүйесінде сөзді есеп шығаруға үйрету
2. 1 Сөзді есептерді шығарудың маңыздылығы мен міндеттері 21
2. 2 Есеппен және оның құрамымен таныстыру 25
2. 3 Есепті шешудің жалпы тәсілдерін үйрету 28
2. 4 Сөзді есептерді шығаруды үйретуді модельдеу 38
3 тарау. 12 жылдық білім беру жүйесінде сөзді есеп шығаруға үйрету нәтижесі
3. 1 Белгілі бір есеп түрін шығара алу білігін қалыптастыру 45
3. 2 Зерттеу жұмысы 48
Қорытынды 56
Қолданылған әдебиеттер 58
Қосымшалар
Кіріспе
Егеменді еліміз тәуелсіз мемлекет мәртебесін алып, қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы іске асу барысында, осы тұста өз жеткіншегін жан-жақты жетілген, парасатты азамат етіп тәрбиелеу, тиісті мамандық беру- кез келген мемлекеттің естен шығармайтын негізгі мақсаттарының бірі. Осыған орай білім мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім жүйесін дамыту - өмірдің өзі талап етіп отырған бүгінгі күннің объективті заңдылығы. Сондықтан еліміздің жалпы білім беретін мектептері 12 жылдық білім беру жүйесіне көшірілуде. Оқушылардың бәрі стандартты білім жоспарлары мен оқыған бір үлгідегі мектеп артта қалды.
Қазіргі қоғамның дамуы өмірге жан-жақты дайындалған, еңбек сүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, интеллектуалдық және адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді адамдарды тәрбиелеу қажеттігін алға тартып отыр. Осыған орай қазіргі кезеңде математика саласында да сан алуан өзгерістер болып жатыр. Қоғам ағымына сай ғылымның бұл саласында да күрделі өзгерістер болуда. Оқушыларды математика ғылыми негіздері туралы жүйелі білімдермен толық, сапалы да берік игеруге қажетті біліктіліктермен, дағдылармен қаруландыру сияқты математиканы оқытудың білімдік мақсаты одан да маңызды бола түседі.
Осы мақсаттарға жетудің бір жолы мектеп математика курсын оқытуда сөзді есеп шығаруға үйрету.
Диплом жұмысының тақырыбы : 12 жылдық білім беру кезінде бастауыш сынып оқушыларын сөзді есеп шығаруға үйрету.
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына сөзді есеп шығаруға үйретуде мұғалімнің іс-әрекетіндегі білім беру тәсілін меңгеру және сабақ үстіндегі оқушылардың оқу-танымдық білімдерін меңгеруді ұйымдастыру.
Міндеті:
- 12 жылдық білім беру жүйесінің ерекшеліктері және құрылымымен танысу;
- Сөзді есептер туралы түсінік беру;
- Сөзді есеп шығарудың маңыздылығын ашып көрсету;
- Сөзді есеп шығаруға үйрету жолдарын, кезеңдерін, әдіс-тәсілдерін анықтау.
Нысаны: 12 жылдық білім беру кезінде бастауыш сынып оқушыларын сөзді есеп шығаруға үйрету жолдары.
Пәні: сапалы білім қалыптастырудың методологиялық формалары.
Базасы: Петропавл қаласындағы Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейіндегі экспериментті 1 «а» сыныбы.
Өзектілігі: қазіргі заман талабы бастауыш мектеп оқушыларының білім алу қызметін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар баланың интеллектуалдық және адамгершілік тұрғыдан дамуын, жан-жақты мәдениетті, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан мен бұл тақырыпты өзекті деп есептеймін.
Гипотеза: бастауыш мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру барысында жұмыстың негізгі әдістері мен тәсілдерін жоспарлау.
Бұл диплом жұмысында сөзді есептер туралы толық мағлұматтар берілген. Бастауыш мектеп математикасында сөзді есептердің мазмұны қандай болуы керек, оған қандай талаптар қойылады деген сұрақтарға жауап алуға болады.
12 жылдық білім жүйесіне көшумен қатар жаңа педагогикалық технологиялар да енгізілуде. Осы жұмыста сөзді есепті шешудің әдіс-тәсілдері, сөзді есептерді модельдеу сияқты мәселелер қамтылған.
Бұл жұмыс бастауыш сынып мұғалімдерін математика курсының сөзді есеп шығаруға үйрету жолдарын оқыту әдістемесінің жаңа тәсілдерімен таныстыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ кәсіби білім, білік және дағдыларды өздіктерінен меңгеруге және жетілдіруге себеп болады.
І-тарау. 12 жылдық білім беруді жоспарлаудың тұжырымдамалық тәсілдері және бастауыш мектеп математикасындағы сөзді есептер
1. 1 12 жылдық жалпы орта білім беретін мектепке көшудің болашағы мен мазмұны
Бұл күндері елімізде жалпы орта білім беру ісін 12 жыл оқытуға көшіру мәселесі қолға алынып отыр. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 27 шілдесіндегі №839 қаулысымен «12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазналық кәсіпорны құрылды. Бұл орталық қазір іздену экспериментін жүргізіп, 12 жылдық оқуға көшудің оқу-нормативтік, методологиялық, оқу-әдістемелік негіздерін жасау үстінде.
12 жылдық оқу мерзіміне көшу жауапты жұмыс екені даусыз. Оны жүзеге асыру арқылы білім беру жүйесі жалпы әлемдік білім аймағына ене алады. Осындай деңгейде болу ұрпағымыздың жер шарының кез келген жеріне барып қалаған мамандығын игеруіне мүмкіндік береді.
Жекелеген оқушының қажеттіліктері мен мүдделері қоғам мүдделерімен сәйкес келмеуі мүмкін, сондықтан оқыту бағдарламалары жекелеген оқушылардың мүдделерімен және қажеттіліктерімен бірдей болуы және адамзаттық маңызға ие болуы тиіс. Оқу процесіндегі басымдықтарды өзгерту, пәндік-бағдарлы оқытудан баланың дамуына, оның мотивациялық, аясын, тәуелсіз ойлау стилін және жалпы оқу біліктерін қалыптастыруға бағытталған оқытуға көшу қажет. Мұның сабақ беруге ғана емес, жалпы танымдық, жалпы оқулық және жеке пәндік білімдерден басқа, іс-әрекет тәсілдерін, шығармашылық қызмет тәжірибесін, дүниеге, адамдарға, өзіне эмоциялық-құндылық тұрғысынан қарау тәжірибесін қамтуға тиіс бақылау жүйесіне де қатысы бар.
12 жылдық мектептің маңызды проблемасы, әсіресе, базистік оқу жоспары бөлігінде, мектепте білім берудің стандартын, әзірлеу болып табылады.
12 жылдық мектепке көшу білім беру процесін технологиялық деңгейге ауыстыруды көздейді. Бұл ретте жеке тұлғаға бағдарланған білім беру технологиялары, «ынтымақтастықта оқыту», жобалар әдісі, оқытудың әр деңгейлі топтық және қосарлы нысандары, шығармашылық «бойлау», сабақтарды эвристикалық жүргізу әдістері сияқты мектеп оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеретін оқытудың нәтижелі нысандары мен әдістері пайдалануы тиіс. Бұл нысандар, әдістер мен технологиялар оқушылардың қабілет-дарынын, олардың жеке қасиеттерін дамытуға ықпал ететін оқытудың сараланған тәсілін көздейді. Субъективтік ойлау арқылы оқытудың ақпараттық оқытумен салыстырғандағы басымдығын сақтай отырып, 12 жылдық мектеп оқушылардың бойында бұрынғы «бағдарламалық» түсініктердің орнына дүниенің көптеген субъективтік картиналарын қалыптастыруға, білім беру жағдайлары арқылы оқу міндеттерін оқушылардың өмірлік проблемаларының желісіне кіргізуге, оларды нақты және виртуалды дүниеде дұрыс бағдар ұстауға үйретуге тиіс.
Нәтижелі білім алу - адамның оқу-тәрбие процесінің барысында өзін іс жүзінде көрсетуі және оның жеке қызметінің нәтижесі. Осының арқасында сыртқы (обьективтік) және ішкі (субъективтік) білім өнімдері құралады. Оқушының оның мүмкіндіктері шегінде алған сыртқы өнімдері оның ішкі сапалық өсуі мен өзін іс жүзінде көрсету дәрежесін бір мезгілде қамтамасыз ете отырып, болмыстың әлеуметтік және мәдени нысандарын құрайды.
Нәтижелі білім берудің методологиясын әзірлеу- қазіргі қоғамдық өзгерістерге және 12 жылдық мектепке көшуге байланысты объективтік қажеттілік. Көптеген шешілмеген проблемаларға душар болып отырған қоғам, тікелей немесе жанама тұрғыда болсын, оларды шешу әдістерін адамдардың шығармашылық әлеуетінің, ең алдымен, мектеп оқушыларының ашылмаған қырларын пайдалану арқылы іздестіреді. Қазіргі адамнан таңдау кезінде ойланып-толғанып әрекет ету, алға дұрыс мақсат қоя білу және соған жету, кәсіби және өмірлік сынақтардан дұрыс жол табу талап етіледі. Сондықтан, болашақ 12 жылдық мектепке бұрынғының жетістіктеріне ғана емес, алдағы өркендеу жылдарына үміт артатын білім керек.
Қалыптасқан проблемаларды шешудің жолын біз кеңінен таралған «оқушыға білім беру» түсінігін өзгертуден көреміз. Дәстүрлі білім беруде оқушы алдымен «білім алады», содан кейін оны өмірде шығармашылықпен қолданады.
Зерттеу жетістіктері көрсеткендей, оқушы өз біліміне және белгілі бір қызмет технологиясына сүйене отырып, зерттеу саласындағы мақсатын іске асыруға қабілетті болады. Содан кейін оқушының іс-әрекетінің нәтижесінде алынған өнім (гипотеза, шығарма, нәрсе) соған ұқсас мәдени-тарихи мұралармен салыстырылады. Ең соңында осы алынған өнім қайтадан қорытылады, күрделендіріледі, иі қандырылады, сөйтіп, тағы да бір соны іс-әрекеттің қажеттілігін тудырады. Мұндай жағдайда оқушы білімі сөзсіз өсе түседі. Кейде осы өсім жалпы мәдени өсіммен бір мезгілде туады да, оқушы өзінен-өзі оның толық құқықты мүшесі ретінде мәдени-тарихи процестерге қатысуға мүмкіндік алады. Мұғалімнің бұл жердегі міндеті- оқушыға жалпы қабылданған адамзат жетістіктеріне сай келетін және соларды көбейтуге бағытталған өзіне тән білім ауқымын құруға және соны кеңейтуге көмектесуге. Бұл міндетті шешуге білім беру қызметін ұйымдастырудың айрықша методологиясы көмектеседі.
Жалпы орта білім беру жүйесін дамытудың әлемдік тәжірибесін зерделеу, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу тек 12 жылдық жалпы білім беретін мектептің жағдайында ғана мүмкін болатынын көрсетеді.
12 жылдық оқыту мерзіміндегі жалпы білім беретін мектеп оқушылардың оқу жүктемесі проблемасын шешуге ықпал етеді. 11 жылға есептелген жалпы білім беретін пәндер жөніндегі бағдарлама, 12 жылдық мектеп жағдайында 12 жыл ішінде меңгерілетін болады. Оқу материалдары мектеп сатылары мен білім беру деңгейлері арасында қайта бөлінеді. Орта және кәсіптік жоғары білім беретін оқу орындарының бірінші курстарында қайталап оқытылатын күрделі материалдар мектептің оқу бағдарламаларынан алынып тасталады. Бұл білім берудің сапасын арттыруға, оқушылардың денсаулығын жақсартуға, оқудан жалтаратын балалар санының азаюына, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың төмендеуіне ықпал етеді.
Жалпы орта білім берудің басты мақсаты- әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өзін-өзі тануға, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайын, жеке және қоғамдық мүдделерді үйлестіре білетін жан-жақты мәдениетті, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру.
Жалпы орта білім берудің міндеттері:
- негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге
және білім алуды жалғастыруға қажетті жағдайлар жасау;
- даралықты дамытуға жағдай жасау арқылы жеке тұлғаның интеллектін байыту;
- азаматтық пен патриотизмге, өз отаны - Қазақстан Республикасын сүюге, халықтық дәстүрлерді құрметтеуге, конституцияға және қоғамға қарсылықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу;
- республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттіліктерін, тұлғаның өзінің құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
- әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне бой ұру;
- қазақ халқының және республикадағы басқа да халықтардың тарихын, салттары мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
- оқыту, білімді ақпараттандыру технологияларын және халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығуды қамтамасыз ету.
1. 2 12 жылдық мектептің құрылымы мен бастауыш мектеп
математика пәнінің мазмұны
12 жылдық мектепке көшу жағдайында оның құрылымы туралы, мектепте білім берудің кезеңдері туралы мәселе туындайды.
Сөйтіп, дамыта оқытудың прогрессивтік идеялары оларды дұрыс іске асырмаудың нәтижесінде түбірімен жоққа шығарылды.
Соңғы жылдардағы демократиялық қайтақұрылымдарды қате түсіну жағдайды ушықтырып жіберді: бастауыш сыныптарда жаңа пәндерді орынсыз енгізу, апталық оқу жүктемесін ұлғайту, негізгі және орта мектептегі пән мұғалімдерінің пәндерді оқытуы оқытудың табиғилық принципін едәуір бұзуға әкеп соқтырды.
Жүргізілген зерттеулер, мектептердің жұмыс тәжірибиесі таяу болашақта бастауыш мектептегі бастауыш оқыту мерзімінің қысқармауына, ал оқу жасының төмендеуіне байланысты, керісінше, ұлғаюына негіз бола алады. Мұндай үрдістер барлық дамыған елдерде орын алып отыр.
Бастауыш оқыту мерзіміне осындай болжамды өзгерістер енгізу мектептің екінші сатысындағы білім берудің мазмұнына әсер етеді.
Қазақстанның жағдайында жалпы орта білім берудің ең қолайлы және оңтайлы құрылымы 4+6+2 болып табылады.
Жалпы орта білім берудің ұйымдық құрылымы оқытудың мақсаты мен міндеттерінің арасындағы байланысты, әрбір жас сатыларында оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуды олардың психологиялық, физиологиялық және жас ерекшеліктеріне қарай қамтамасыз етуге тиіс.
Мынадай жастық даму кезеңдері ғылыми негізделген:
- балалық кезең - 6-10 жас;
- жасөспірімдік кезең - 11-16 жас;
- бозбалалық кезең - 17-18 жас.
Ұсынылып отырған жалпы орта білім берудің 4+6+2 құрылымы көрсетілген жастық даму кезеңдеріне толығымен сәйкес келеді (1-сурет) .
12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады:
І саты- жалпы бастауыш білім беру (1-4-сыныптар-бастауыш мектеп) .
ІІ саты- негізгі орта білім беру (5-10-сыныптар-негізгі мектеп) .
ІІІ саты- жалпы орта білім беру (11-12-сыныптар-жоғарғы мектеп) .
Бастауыш мектепте оқудың ұзақтығы- 4 жыл. Бастауыш мектеп жалпы бастауыш білім беруді қамтамасыз етеді.
Бастауыш мектепке балалар 6 жастан бастап қабылданады. Алты жас - баланың ақыл-ойы дамуының және әлеуметтік дайындығының ең бір қолайлы (сензитивті) кезеңі. Осыны дұрыс пайдаланып, іске асырған жөн. Әйтпесе, баланың бойындағы қасиеттері толық көлемде ашылмай қалуы мүмкін.
Бастауыш мектептің басты міндеті - баланың қабілеттерін ашуды, жеке тұлғасын, оқуға деген ынтасын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оқу, жазу, санау, қарым-қатынас және ынтымақтастық дағдыларын меңгеруіне көмектесу.
Бастауыш мектеп баланың өзін іс жүзінде көрсету, мінез-құлық мәдениеті элементтерін меңгеру дағдыларын қалыптастырады.
Негізгі мектепте оқудың ұзақтығы - алты жыл. Негізгі мектеп негізгі жалпы білім беруді қамтамасыз етеді. Негізгі жалпы білім беру жалпы орта кәсіптік бастауыш және орта білім алудың базасы болып табылады.
Мектеп оқушыларының осы сатыдағы бейімділіктері мен қабілеттіліктерін дамыту таңдау бойынша оқу курстарын ашумен қамтамасыз етіледі.
Жасөспірімдік шақта тұлғаның қарқынды әлеуметтік дамуы адамгершілік нормаларының қалыптасуы басталады. Жасөспірім алдына маңызды мақсаттар қоя алады, оның бойында кәсіптік қызметтің әр түрлі салаларында көрінетін кәсіпке деген ықылас оянады.
Жоғарғы мектепте оқу мерзімінің ұзақтығы - екі жыл. Жоғарғы мектеп кәсіптік жоғары білім алу үшін базалық болып табылатын жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді. 16 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылардың бойында тұтас дүниетанымдық ұстанымдар, өз мақсаттарына жету жолдарын, өз болашағын жобалау қасиеттері қалыптасуы мүмкін. Бұл жаста қоғамдық өмірде өзін іс жүзінде көрсетуге ұмтылу, өзінің оқу, кәсіптік мүмкіндіктерін нақты бағалай білу және одан әрі білім алу мен кәсіптік өзін-өзі анықтаудың жолдарын белгілеу қабілеттері көрініс береді.
Оқушы жеке тұлғаға бағдарланған білім беру жүйесінің нақ ортасында тұр, бұл өз кезегінде педагогикалық процестің технологиясын ұқыптылықпен жасауды талап етеді. Онда әрбір оқушының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері барынша ескеріліп, оның әлеуеттік мүмкіндіктерінің ашылуына және дамуына жағдай жасалуға тиісті.
Егер дәстүрлі білім беру жүйесінде мұғалім оқулықпен бірге негізгі және неғұрлым білікті білім көзі, оның үстіне танымды бақылаушы субъект болатын болса, енді білім берудің жаңа парадигмасы бойынша мұғалім оқушылардың дербес белсенді танымдық қызметін ұйымдастырушы, білікті кеңесші және көмекші рөлінде бой көрсетеді. Бұл рөл дәстүрлі оқытудағыдан гөрі анағұрлым күрделі, сондықтан да мұғалімнен жоғары шеберлікті талап етеді.
12 жылдық мектепте жалпы білім беру процесін құрудың негізі осы мектеп түлегінің үлгілі бейнесі болуға тиісті. Бұл бейнені қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық тәсілі оқушының жеке қасиеттерінің жиынын анықтау болып табылады. Оларды дамыту шаралары білім беру қызметінің тиісті түрлерінің оларды орындауы барысында жоспарланады.
А. В. Хуторской 12 жылдық мектепті бітірушінің жеке қасиеттерінің үш тобын бөліп көрсетеді: креативтік, когнитивтік және ұйымдастырушылық-іскерлік / 10/.
Ұйымдастырушылық-іскерлік(методологиялық) қасиеттер:
- оқушының өзінің жеке ерекшеліктерін, мінезінің қырларын, әрбір оқу пәні мен сабақтың оңтайлы қарқыны мен нысанын білуі;
- белгілі бір оқу пәндері арқылы әрбір сабақтың мақсатын сезіну және түсіндіру, онда өзін қалай көрсетуді білу;
- жаңа немесе әлі қол жетпеген мақсаттың, оған жету бағдарламасының болуы, істі ақыр аяғына дейін жеткізуге деген табандылық, мақсатқа берілгендік; мақсатқа жетуді көздеу, мақсаткерлік; мақсатқа жетудегі табандылық;
- белгілі білім немесе қызмет саласында оқу мақсатын қоя білу, оған жетудің жоспарын жасау; белгіленген жоспарды өзінің жеке қасиеттеріне сүйеніп орындау; нәтижеге қол жеткізу және оны сезіну; оны сыныптастарының соған ұқсас нәтижелерімен салыстыру;
- іс-әрекет ережелерін, оның заңдар жүйесін қалыптастыра білудің шығармашылық нормасын жасау қабілеті, іс-әрекет нәтижелерін болжау; зертттелетін объектілердің мағынасын көре білу;
- өзіндік ұйымдастыру дағдылары: іс-әракетті жоспарлау, іс-әрекетті бағдарламалау, іс-әрекеттің кезеңдері мен тәсілдеріне түзетулер енгізу, іс-әрекеттің икемділігі мен вариативтілігі, іс-әрекеттің реттілігі.
Мысалы, креативтік қасиеттерді ғана дамыту оқушының жалпы білім алу
қозғалысын алға бастырмайды. Өйткені, ұйымдастырушылық-іскерлік негіздерді қалыптастырмаған жағдайда оның шығармашылығы шашыраңқы және ресімделмеген күйінде қалады.
Жүргізілген талдау жалпы білім беретін мектеп оқушысының жеке қасиеттерінің бірыңғай жалпы қабылданған біліктілігінің болмайтынын көрсетті. Әрбір ғалым өзінің зерттеулерінде ол қарайтын іс-әрекет түрлерінің мәнін неғұрлым толық көрсететін жеке қасиеттерге сүйенеді.
Жоғарыда көрсетілген оқушының жеке қасиетінің топтары болашақ 12 жылдық мектептің жалпы мақсаттарымен, мазмұнымен және технологияларымен бірге, оқушының жеке басын дамытудың динамикасына сәйкес құрылатын, оның жекелеген білім салаларын жобалау кезіндегі өлшемдердің бірі ретінде қызмет етеді.
Оқушының жеке білім алу қызметінің негізгі элементтері: іс-әрекеттің мағынасы (мен мұны не үшін істеймін) ; жеке мақсат қою(таңданарлық нәтиже) ; іс-әрекет жоспары; жоспарды жүзеге асыру; рефлексия (өзінің іс-әрекетін сезіну) ; бағалау; мақсатқа түзету енгізу немесе қайта белгілеу (25) .
Жеке басқа бағдарланған оқыту өзінің мәні бойынша оқушының интеллектуалдық даму деңгейін, оның осы пән бойынша дайындығын, қабілетін ескеріп, саралап оқыту тәсілін көздейді. Бұл тәсілді іске асыру үшін ең алдымен, педагогикалық технология саласындағы басымдықтарды белгілеп алу қажет. Педагогикалық инновациялар саласында әр түрлі бағыттардың арасында мыналар қойылған міндеттерге неғұрлым барабар болып табылады:
- «ынтымақтастықта оқыту»;
- жобалар әдісі;
- әр деңгейлі оқыту /21/.
Бұл технологиялар негізінен оқушыларды жеке және саралап оқыту мен тәрбиелеу тәсілін көздейді.
Бастауыш және негізгі мектептің сатыларында білім беруді саралау ісі әдістемелік тұрғыда шешіледі. Оқушыларға өздерінің бейімділіктері мен қабілеттеріне қарай әр түрлі пәндерді таңдау мүмкіндігі беріледі.
Математика - өз мазмұнында теріс емес бүтін сандар арифметикасын, шамалар және оларды өлшеуді, алгебра мен геометрия элементтерін қамтитын кіріктірілген оқу пәні.
Математиканы оқытудың негізгі мақсаты: оқушы тұлғасын, ойлаудың математикалық стилін, сезім мен ерік және интеллектуалдық қасиеттерді қалыптастыру және дамыту, сондай-ақ бастауыш мектептен кейінгі сыныптарда алгебра мен геометрияның жүйелі курстарын оқытудың практикалық негізін жасақтау.
Бірінші сынып математика бағдарламасы екі бөлімнен тұрады. Бағдарламаның бірінші бөлімінің мазмұны мектепке дейінгі кезеңде қоршаған дүниеден балалардың байқаған қарапайым түсініктерін жүйелеуге, терреңдетуге, кеңейтуге және математиканы оқытудың алғашқы сатысына қажетті, әрі баршаға тән мәре сипатындағы дайындықты қамтамасыз етуге ықпал жасайтын материалды қамтиды, ал оның екінші бөлімі - математикалық объектілердің тізімін, яғни қарапайым ұғымдар, іс-әрекет тәсілдерін және олардың құрылымдары мен ретін анықтайды.
Бағдарламаның « Таным әліппесі» - дайындық кезеңінің мазмұны басқа оқу пәндерімен пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, баланың ойын іс-әрекетінен оқу іс-әрекетіне көшуін іске асыруға, оқушы өмірі мен режиміне бейімделуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Басты мақсат: іс-әрекеттің субъектісі - тұлға қалыптастыруда және оны дамытуда нақты нәтижелерге жетумен бірге, математиканы оқытудың практикалық негізін жасау, яғни қарапайым түсініктер қалыптастыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz