Ақмола облысы аумағына халықтарды депортациялау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Зерттелген тақырыптың өзектілігі . Еліміз егемендікке жеткеннен кейінгі уақытта, қазақ елінің жүріп өткен жолы мен тарихын жаңаша көзқарас тұрғысынан жазу уақыттың қойған талабы болды. Отандық тарихтың өткен кезеңдеріндегі шындығы бұрмаланып, ақиқаты айтылмай келген оқиғалары мен құбылыстарын ой елегінен өткізуге деген қажеттілік туындады. Қазақстан тарих ғылымының әр саласы бойынша шынайы зерттеулер жүргізіле бастады. Осындай тарих ғылымының бір саласы саналатын тарихи демография бағытында да, республика халқы жайында зерттеулер жүргізіліп, бірқатар еңбектер жарық көрді. Республикамыздағы демографиялық ахуалдың астары өткен кезеңдермен тығыз байланыста жатқандығы жайында нақты мғліметтер мен тұжырымдамалар көпшілік назарына ұсыныла бастады. Тарихи демография саласына одан әрі серпін бере түсу үшін ендігі жерде белгілі бір кезеңдер аралығындағы халық санының динамикасындағы өзгерістерге, көші-қон процестерінің ауқымына және олардың жекелеген аймақтардағы ерекшеліктеріне баса назар аударған абзал. Сонымен қатар, бұл мәселелердің ғылыми әдебиеттерде көрініс табу деңгейіне тарихнамалық талдау да жасау қажет. Өйткені мұндай талдау тарихи процестердің негізгі желісін, оның елеулі құбылыстарын ғылыми тұрғыда дұрыс көрсетуге және көкейкесті проблемаларын белгілеп, зерделеу үшін тарихи таным тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.
Тарихи демография саласындағы өзекті мәселелердің бірі - Кеңестік дәуірде қазақ жеріндегі көші-қон процестері өзіндік ерекшеліктерімен дараланған, ол биліктің жүзеге асырған саяси, әлеуметтік-экономикалық іс-шараларымен тығыз байланыста жүрді. 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін орын алған азамат соғысы, жер-су реформасы, күштеп ұжымдастыру, қуғын-сүргін, күштеп қоныс аудару, Ұлы Отан соғысы кезіндегі мобилизация мен эвакуация, депортация, соғыстан кейінгі демобилизация, халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы шаралар, күштеп қоныс аударғандарды кері қайтару, тың және тыңайған жерлерді игеру секілді тағы басқа оқиғалар мен ахуалдар ішкі және сыртқы көші-қон процестеріне тікелей ықпал етті. Өз кезегінде кеңестік дәуірдегі көші-қон процестері Қазақстан халқының ұлттық құрамындағы ара салмаққа күрделі өзгеріс ала келді. Міне, осы мәселе отандық тарих ғылымында ұлттық мүдде тұрғысынан объективті тұрғыда зерттеуді қажет ететіндігі ешқандай күмән туғызбайды.
Көші-қон процестері бұрын да зерттеушілердің назарына ілікпей қалған жоқ. Бұл мәселе кеңес дәуірінде де, қазіргі кезде де және шетелдік ғалымдар тарапынан да әрқилы бағаланып келді. Әрбір кезеңге тән тарихи концепцияларды талдау және ғылыми еңбектердің деректік негізіне баға беру отандық тарих ғылымының басты мақсаттарының біріне айналды. Бұл көші-қон процестерінің тарихнамасын арнайы қарастырудың өзі ғылыми маңызға ие екендігін аңғартады. Осының бәрі біздің зерттеуіміздің өзекті, әрі ғылыми сұранысқа ие тақырыпқа арналғандығын байқатады.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Тарихнамаға келетін болсақ, ол аса бай емес. Ондаған жылдар бойы, Қазақстан тарихын құраушылар кейбір мәселелер мен жайттарды үкіметке түсінікті болу үшін бұрмалап жазып келді. Мұрағат құжаттарының нақты фактілерді жарыққа шығаратын негізіг бөлігі зерттеушілер үшін қол жетімсіз болды немесе бұл құжаттарды мүлдем «аса құпия құжаттарға» жатқызған болатын. «Кеңес үкіметіне зардабын тигізетін құжаттарға», неміс және поляк халықтарын Солтүстік Қазақстанға күшпен қоныс аудару туралы мұрағат құжаттары да бар. 30-шы жылдардың басы мен 50-ші жылдардың аяғында поляк және т. б. депортацияланған халықтар «антисоветтік элемент» категориясын жатқызылды. Тек 90-шы жылдардың басында елдің қоғамдық өмірінің өзгеруіне байланысты тарих ғылымында тарихнама қоры кеңейтіле бастады. Мұрағат құжаттарды құпиясыз етуіне байланысты, зерттеушілерге жаңа құжаттардың беттері ашыла бастады.

КСРО-ға депортацияланған халықтарды жазалау серіктестіктерінің тарихи құбылыс ретінде зерттеу үшін көптеген ғылыми жобаларды, мақалалар мен басылымдарды қарап, зерттеуге тура келді.

КСРО депортацияланған халықтардың тарихын зерттеуге ең бірінші болып Некрыч А. М. «Наказанные годы» [2] . бастады. Осы мәселені шешуге ат салысқан Земсков В. Н. «Спецпереселенцы (1930-1959жж. ) [3] , «Заключенные, спецпоселенцы и высланные (статистико -георгафический аспект) » [4] . 30-40-шы жылдардағы депортация жайлы мұрағат құжаттарының негізінде жазылған Н. Ф. Бугайдың «И. Сталин - Л. Берия: надо их депортировать» [5] атты еңбегінде көп мол дерек алуға болады. Қазақстандық ғалымдардың арасынан бұл өзекті мәселе жайлы жазған Алдажуманова К. С. «Депортированные народы - преступление тоталитарного режима» [6] атты еңбегімен белгілі, Садықов М. К. «Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы» [7], академик Қозыбаев М. К. «Историография Казахстана: уроки истории» [8], «Принудительный труд в СССР» [9] . Бұл еңбектедің барлығында депортация бұл тоталитарлық жүйенің қылмысы ретінде баға береді.

Бүгінгі таңда депортацияланған халықтардың ішінен тарихнамасы жақсы дамыған Қазақстанның корей халықтарының тарихы орын алып отыр. Қаралып отырған мәселенің әр түрлі аспектілеріне өздерінің еңбектерін мына авторлар арнады: Хва К. С. «Очерки по истории советских корейцев» [10], Кан Г. В. «История корейцев Казахстана» [11], Ан Р. К. «Социально -экономическое развитие корейцев (1937-2003) » [12] . Сонымен қатар аз да болса неміс халқының Қазақстанға депортацияланған тарихы зерттелген. Олар Булгарт Л. А. «Немцы в Восточном Казахстане в 1941-1955 гг. : депортация и жизнь в условиях спецпоселения» [13], Айсфельд А. «Депортация, спецпоселения, трудовая армия» [14] Бельгер Г. «Манкуртизация: истоки и последствия» [15] еңбектерінде көрініс табады. 90-шы жылдардың ортасына қарай мұрағат құжаттарының ашылуына байланысты Қазақстан Республикасының Президентінің Мұрағаты Қазастанға неміс және поляк халықтарының депортациялануы туралы екі жинақ басып шығарды. Қазақстан территориясына халықтарды депортациялау мәселесіне байланысты әр түрлі ғылыми конференциялардың, дөңгелек үстелдердің және семинарлардың құжаттары үлкен қызығушылық танытып отыр. Жеке халықтардың тарихы, соның ішінде Солтүстік Кавказ халықтарының тарихы, көбінесе ұлттық-мәдени орталықтармен, қоғамдық үйірмелермен зерттеліп келсе де, осы кезге дейін аса көлемді баспалар шығарылмаған. Ал Балтық жағасындағы, Батыс Украин халықтары, Батыс Белоруссия және т. б. халықтар мүлдем зерттеушілердің көздеріне ілікпей, зерттелмеген.

Мұрағат құжаттары арқылы Ақмола облысының Мемлекеттік мұрағатының ақпарат пен құжаттарды қоодану бөлімінің бастығы О. Салахова «О депортации поляков в Казахстан в 1936 году» [16] атты мақаласында мәселені қатаң деректелген, егжей-тегжейлі зерттелді.

Атақты саясаткер, публицист ақын О. Дымовтың «Мы, народ Казахстана . . . » атты еңбегі біздің елімізде нәтижелі түрде өткізілетін ұлттық саясат тақырыптарына арналған. Сонымен қатар оның бұл жұмысы Қазақстан қоғамының қазіргі полиэтникалық жағдайымен танысу және республикадағы диапораларыдың тарихи-этнографиялық мәселелері туралы жазылған [17] .

«Хранить вечно» атты кітапта Астана және Ақмола облысындағы саяси репрессиялардың құрбандары туралы мәліметтер бар.

Халықтардың депортациясы жайлы құнды және нақты мәліметтер беретін мұрағат құдаттары бағалы болып отыр.

Сонымен, бұл мәселенің өзектілігіне, теория жағынан және тәжірибелік құндылығына қарамастан, Қазақстан территориясына халықтардың депортациялану мәселесі Ұлы Отан соғысы жылдарында да және қазіргі кезге дейін республика және оның аудандары көлемінде құрамды және объективті түрде зерттелмегені айдан анық. Көбінесе, депортацияланған халықтардың Қазақстан территориясына қоныстануы, олардың құқытары, жұмысқы тұрулары мен жұмыс істеулері, күшпен қоныс аударудың оларға тигізген зардаптары сияқты мәслелер өте аз зерттелген.

Зерттеудің мақсаты: Ақмола облысы аумағына халықтарды депортациялау тақырыбын кешенді түрде зерттеу.

Бұл мақсат келесі міндеттерді белгілейді:

  • XX ғасырдың 30-50- жылдардағы репрессиялық саясаттың тарихи себептерін зерттеу арқылы анықтау;
  • Қазақстанға халықтарды депортациялаудың мәселесіне тарихнамалық сипаттама беру;
  • Зерттеліп отырған мәселенің тарихнамалық базасын көрсету;
  • Депортацияның себептерін, сипаттамасын және маңызын зерттеу;
  • Ақмола облысы терриотриясына халықтардың депортациясы қалай өтті, әр халықтың санын белгілеу және республика бойынша олардың кешенді құрамын зерттеу;
  • Депортацияланған халықтардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және шаруашылық бейімделулерін саралау;
  • Депортацияланған халықтың құқықтық жағдайларын қарау;
  • Депортацияланған халықты жұмысқа салу мөлшерін анықтау;
  • Депортацияланған халықтардың құқықтары қалай шектелді және оларды ақтау үрдісі өқалай жүргізілгендігін анықтау;
  • Ақтау үрдісі жүрген кезде, депортацияланған залықтың жетістіктері мен еңбектері жайлы, тірі қалған адамдардың ой-толғауларын көрсету;
  • Күшпен қоныс аударудың оларға тигізген зардабы мен жалпы қазақстандық қоғамға тигізген зардаптары жайлы мәліметтерді келтіру.

Хронологиялық ауқымы - XX ғасырдың 20-50 -ші жылдарын қамтиды (оның ішінде 20-шы жылдары биліктің тоталитарлық жүйесі бекітіледі, ал жоғарғы беті (50-ші жылдар) - хрущев билеген кезде депортацияланған халықтың жағдайы өзгерген кезең) .

Территориялық ауқымы - жұмыста көбінесе Қазақстанның солтүстік аудандары: Көкшетау, Астана қалалары.

Зерттеудің әдістері: мәселені зерттеу барысында тарихилық, ғылыми әділдік пен тұтастық принциптері қолданылды. Тарихи танымның жан-жақты әдісіне сүйене отырып, бар мәліметті Қазақстан территориясына депортацияланған халықтардың өмірінің оларға деген мемлекеттің саясатын хронологиялық жүйеге сәйкес жасауға тырыстым. Бұл мәселені зерттеудің объективті өлшемі тарихи фактілер мен тарихи деректердің негізінде жатыр. Дипломдық жұмыста тарих ғылымының жалпы қағидаларын ұстандым, сонымен қатар зерттеліп отырған мәселенің мазмұнын ашуға көмектесетін статистикалық және түсіндірмелі әдістер қолданылды.

Ғылыми жаңалығы.

Дипломдық жұмыстың нәтижесінің қолдану саласы: Дипломдық жұмыстың қорытындыларын 1926-1959 жылдар аралығындағы тарихи кезеңнің демографиялық дамуы мен тарихнамасына арналған жоғары оқу орындағы курстарда оқуда пайдалануға болады. Бүгінгі таңдағы еліміздегі көші-қон мәселелеріне қатысты саясатты белгілеуге де дипломдық жұмыстың материалдары өзіндік игі ықпалын тигізе алады.

1. 1936-1956 жылдардағы халықтың қазақстанға күшпен қоныс аударылуы

  1. Ұлттық саясат, сталинизм дәуіріндегі миграциялық және этнодемографиялық үрдістер.

Жалпы әлемдік тарих ғылымдағы секілді Қазақстандық тарих ғылымында да көші-қон мәселесі классикалық теорияның прагматикалық ұғымдарының таза пәндік шекаралық шеңберінде зерттелуде. Қазақстандық ғалымдар тарихи демографияның барлық мәселелері секілді 20 ғасырдағы өзгерістер әкелген көші-қондық үрдістерді жан-жақтылық және гуманистік таным бағытында жүйелі, объективті түрде нақты мәнін ашу бағытында зерттеуде.
Қазақстандағы көші-қон қозғалысы мен отарлау саясатына ашық та батыл көзқарастарын білдіргендер қазақ ұлтының зиялылары болды. Мәселен, Мұстафа Шоқайдың пікірінше, Қазақстанды кеңестік отарлау шаруашылық өмірді ұйымдастырудың бір жақтылық және шикізаттық ұстанымын қалыптастыру арқылы, Ресейге барынша тәуелді ету бағытынан бастау алады. Мұстафа Шоқайдың кеңестік жер саясатының «Құлаған патшалық ескі саясатын еске түсіреді» деп сынағаны белгілі. Түркістанда «Орыс пролетариатының диктатурасы» орнады дей келе, жаңа формадағы ұлт саясаты орыс өкіметінің пайдасына қызмет етуде деген тұжырымға келді. Демек, М. Шоқайұлы отаршылдық саясатты сезе де көре білген ұлт зиялысы ретінде күрес жүргізген. Осы жолда ойларын, пікірлерін ашық айтты. Бірақ оның сын-пікірлері кеңестік билікке ұнамады. Соның нәтижесінде ұлт зиялысы қуғындалды.
Қазақстан халқы үшін күрес жүргізген қазақ зиялыларының бірі С. Сәдуақасұлы партия басшыларының жүргізіп отырған солақай саясатына қарсы наразылығын білдіріп, орынды сынға алды. Оның ұлттық мәселеге байланысты жарық көрген «Большевик» журналындағы «О национальностях и националах» атты мақаласы болды. Автор өз еңбегінде Қазақстандағы айтыс-тартыс жағдайларының себептерін дәлелдеуге тырысқан.
Кеңестік кезеңде халықтың хал-ахуалына назар аударып, ол үшін күрес жүргізген қазақ зиялыларының бірі М. Есболұлы Түркістан өлкесінің материалдары бойынша жер мәселесінің ушығуын сырттан ағылған көші-қоншылар санының артуымен тікелей байланыстырады. Автор нақты деректерге сүйене отырып, Түркістанды отарлау барысында көші-қон қозғалысына тартылған өзге жұрт өкілдерінің саны арта түскенін атайды. Келімсек атанған көші-қоншылардың барлық жері жергілікті халықтардың жерінен 15 есе артық екендігін дәлелдейді. Зерттеуші бір кездері Ресей империясынан кейінгі кеңестік қызыл империя жалғастырған орыс отаршылдарының орыс көші-қоншыларының санын арттыру арқылы жүзеге асыруға талпынғандығын да зерделейді.
1926 жылы Т. Шонанұлының «Қазақ жер мәселесі тарихы» деген еңбегінде аграрлық көші-қон патша өкіметінің отаршылдық саясатымен тығыз байланыста қарастырылып, қазақ жеріне қоныс аударылған келімсектерге көңіл аударған. Қоныс аудару саясатының нғтижесінде, Т. Шонанұлының пікірінше, «Қазақ жерлері отар аймаққа айналдырылып, қазақтар жерсіз қаңғырып өз атамекендерінен көше бастаған», қазақтардың өзі де көші-қон процестерінің иіріміне амалсыздан енгендігіне алғаш көңіл бөлді, қазақтар арасында сыртқа көшу және ішкі көші-қон процестерінің үдей түсуін отаршылдық саясатпен байланыстыра отырып: «Қазақты жерден қуып, қазақты переселенге айналдыру - отаршылдар жұмысының бірінші жемісі. Қазақтың отырған жерін жұрдай қылып талап, қазақты атамекенінен айдап, қолайсыз жерге ықтырып тастау - отаршылдар жұмысының екінші жемісі», - деп жазып, мәселені дәл басып көрсетті.
М. Тынышпаев Жетісу облысындағы қоныс аударушылардың тым көптігіне назар аударып, келімсектердің келуіне байланысты әлеуметтік-экономикалық жағдайдың күрт төмендеуін ашып айтады. Аймақтағы шаруашылық құлдырап, құнарлы жерлер тартылып алынған соң, егіс-жайылым көлемі қысқартылып, халқы кедейленіп, адам танымастай өзгерген, - деп жазды.
Үкімет тапсырмасын орындап, Қазақстанның демографиялық жағдайын зерттегендер де болды. Мәселен, А. Донич өз еңбегінде 1926 ж. халық санағының материалдарын талдап, 1928 ж. дейінгі кезеңдегі халық санының өсу динамикасына назар аударды. Оның мәліметтеріне қарағанда, 1928 ж. күзіне дейін республика тұрғындары 6 миллион 507 адамды құраған, 3717094 адамы (51, 1%) қазақтар, 128 адамы (19, 7%) орыстар, 860978 адамы (13, 2%) украиндар, 648923 адамы (10%) басқа ұлт өкілдері болған. Республика халқы санының тым аз өсіп, төменгі үлеске ие болуын автор механикалық өсіммен орынды байланыстырғанымен, табиғи өсімнің әсерін ашып бере алмаған.
Республикадағы 1924-1927 жж. ауыл тұрғындарының табиғи өсіміндегі ерекшеліктерін Н. Д. Трублаевич қарастырды. Ауыл тұрғындарының табиғи өсімі 1927 ж. 27, 6 промильге ие болғандығын айқындап, оның ұлттар арасындағы ерекшелігіне тоқталды. Автордың көрсетуінше, осы жылдары табиғи өсім орта есеппен қазақтарда - 20, 6 промиль, ұйғыр, дүнген және өзбектерде - 22, 3, ал орыстарда - 30, 6 промиль болған. 1920-жж. республика тұрғындары ішінде орыстардың табиғи өсімі жоғары болған. Бірақ, автор ұлттар арасындағы табиғи өсімнің әркелкі көрсеткішке ие болу себептерін түсіндірмей, тек мәліметтер келтірумен шектелген. Демек, кеңестік өкімет жағдайында ашық жазу көпшілігіне мүмкін болмады.
Қазақстан халқы, оның ұлттық құрамы мен орналасуы мғселелері Т. Рысқұловтың 1927 ж. жарық көрген «Қазақстан» атты еңбегінде және М. О. Әуезовтың 1930 жылы шыққан «Қазақстандағы ұлттар» деген кітабында көрініс тапқан.
Ә. Ғали өз зерттеуінде 1926 ж. халық санағына дейінгі сыртқы және ішкі көші-қон процестерінің ауқымын қарастырған. Оның көрсетуінше, 1926 ж. дейінгі аралықта 800 мыңнан астам адам республикаға келіп қоныстанған деген мәлімет келтірген.
Н. Ф. Базанованың еңбегінде көші-қондық процестер кеңес өкіметінің қоныс аудару саясатымен тығыз байланысты қарастырылып, көші-қонның Қазақстан халқы саны мен ұлттық құрамындағы өзгерістерге әсері талданған. Автордың көрсетуінше, 1929 жылы Қазақ АКСР қоныс аудару басқармасы құрылғанға дейін, сырттан республикаға көші-қоншылардың ағылып келуі нәтижесінде ауыл тұрғындары 1920 жылдан бері қарай 26, 4%-ға өскен.
Қазақстандағы ұжымдастыру науқаны мәселесін қарастырған Т. Омарбековтың зерттеуінде зұлмат ашаршылық кезеңі қазақ тарихында үлкен демографиялық апатқа әкелгендігі баяндалады. Зерттеушінің қарастыруынша, 1930-1933 жылдары негізінен қазақтардан тұратын ауыл халқының 3 миллион 379, 5 мың адамға кемігендігін атайды. Мұның 1 миллионнан астамы босқындар, - дейді.
Зерттеуші ғалым Т. Омарбеков осы мәселеге байланысты М. Тәтімов пен сонау 1930-жж. Қазақстанның халық шаруашылығы есебі басқармасын басқарған К. Саматовтың есептеулері бір жерден шығып, 1930 ж. Қазақстанда ең кемі 4 миллион 170 мың қазақ өмір сүргендігін дәлелдеді, - дейді. Автордың пікірінше, осы көрсетілген санның тең жартысы қырылған. Өйткені, босқындардың тірі қалғандары (Қазақстанның ішіндегі 300 000 дай адам) республикаға қайта оралған тағы 200 мыңдай адам, онан соң көрші республикалардан және шет елдерден атамекендеріне қайтпай қалған 400 мыңдай адамды шығарғанда, бәрібір 2 миллион 300 мыңнан астам адам жетіспейді, - деген мәлімет келтіреді. Автордың қарастыруынша, 1932 ж. Қазақстан байырғы халқының 64 пайызынан айырылған. 1930 ж. Қазақстан халқының саны 5, 9 миллион адамнан 1933 ж. 2, 5 миллионға дейін азайған. Осы алапат ашаршылық жылдары Қазақстан шекарасынан шығып, босқыншылыққа ұшыраған шаруалар саны - 1 миллион 31 мың. Олардың 165 мыңы бұрынғы Кеңестер Одағының шекарасынан шығып, Қытайға, Моңғолияға, Ауғанстанға, Иранға, Түркияға өтіп кеткен. Сөйтіп, туған жеріне қайта орала алмаған. Ал көрші республикаларға, Ресейге қоныс аударып, орнығып қалғандар саны - 450 мыңдай, - деген мәліметтер көрсетті.
Кеңес Одағының зұлматты жылдарының тарихын зерттеген ғалымдардың бірі ресейлік В. Н. Земсков. Автор өз зерттеулерінде 1930-1931-жж. Қазақстанға Еділдің төменгі жағалауынан - 18092 жанұя, Еділдің орта тұсынан - 11477, Орталық аудандардан - 10544, Нижгород өлкесінен - 50, Кавказдан - 870 жанұя қоныс аударылған, - деген мғліметтер келтіреді. Қазақстанның өзінде қоныстандырылғандар мен шашыратып орналастырылған жанұялар саны - 6765, барлығы - 50929 жанұя келген.
Кеңестер Одағындағы, сондай-ақ, Қазақстандағы көші-қондық процестерде орын алған ерекшеліктер батыс зерттеушілері тарапынан қарастырылып, бұл мәселе нақты бағаға ие болды. Зерттеушілер А. Р. Льюис, Н. Р. Роулэндтің көрсетуінше, Қазақстандағы аграрлық отарлау саясатының салдарынан қазақтар отырықшылыққа көшіп, аштыққа ұшырады. 1926 ж. халық саны 4 миллион шамасында болса, 1939 ж. дейін 3 миллионға дейін қысқарған. С. Г. Уиткрофтт Одақ көлемінде 1930-1933 жж. болған ашаршылық, демографиялық апат қолдан жасалды деген пікір білдіреді. Ал, американдық тарихшы Р. Конквест қазақтар арасындағы адам шығыны жайында өз зерттеуінде былай деп жазды: «1926 жылғы санақ бойынша Кеңестер Одағында 3963300, 1939 жылғы санақ бойынша 3100900 қазақ болды. Сонда халықтың табиғи өсімін ескерсек, ашаршылықтан, түрлі қуғын - сүргіннен қазақтар 1, 5 милион адамдарын жоғалтқан. 1930 жылы халық саны 4 миллион шамасында болды десек және дүниеге келмеген нәрестелерді, Қытайға ауғандарды есептен шығарып тастағанның өзінде аштықтан өлгендердің саны 1миллионнан кем түспейді».

Аты шулы «Сынамалы эксперимент» атты саясат 1935 жылы бастау алды. Соғысқа дайындалып жатып жапондық басқарушылар шекаралық кореялық әскерлерге сенімсіздікпен қарап қала ішіне аударып жібереді. Бұған жауап ретінде Кеңес үкіметі оларды (корей әскерлерін) қаланың түпкір-түпкіріне орналастырады. Мұндағы көзделген басты мақсат: корей халық өкілдерінің жапон әскерінің барлаушы қызметін атқаруға мүмкіндік туғызу. Тәжірибе іске асты. Әлемдік жұртшылық келесі соғысқа дайындық іс-шараларымен осы уақиғаға көңіл бөлген жоқ. Сондықтан да халықаралық шу туғызған жоқ. Ел ішінде ірі репрессиялар жүріп жатқандықтан араша түсетін ешкім болған жоқ. Қоныс аударушыларды 1935 жылы қатал тағдыр өз сынына алды. Олар жеке-жеке, бөлек жанұяларымен интернационалдық ортаға түсіп, оларға сіңісіп, өз мәдениеттерін, тұрмыс хал-ахуалдарын жоғалтты. Бұлардың кейбіреулері Қазақстан жеріне қоныс аударды. Бүгінгі күні қазақстандық корейлықтар өздерінің тарихи отанымен тығыз қарым-қатынаста. Оларға мәдени-ұлттық орталықтар, қоғамдық ұйымдар құрылған. Өздерінің кәсіби театрлары да бар. Педагогикалық институттарда корей мектептерінде білім беретін педагог мамандарды дайындау қолға алынған. Корей халқының қоныстанған ауқымды жері Қызыл-Орда облысы. Бұл қалада мектептерінде корей сыныптары, техникумдарда топтар, жоғарғы оқу орындарында да мамандықтар ашылған. Тіпті жергілікті радио да істеген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес өкіметінің көші-қон саясаты
КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ КӨШІ-ҚОН САЯСАТЫ, ХАЛЫҚТАР ДЕПОРТАЦИЯСЫ
XX ғасырдағы жат мекен немесе жаңа өлке
Шешен мен ингуштардың Қазақстанға депортациясы процессі
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕРІНЕ КҮШТЕП ҚОНЫСТАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚТАР
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы депортация
Соғысқа дейінгі кезеңдегі саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы
Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның этникалық келбетінің қалыптасуы
ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАТЫН ӨЗГЕ ҰЛТТАР МЕН ЭТНОСТЫҚ ТОПТАР
Соғыс жылдарындағы тылдағы еңбеккерлер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz