Aғылшын және қазақ тілдерінің лексико - семантикалық фрaзеологизмдерін салыстырмалы талдау


Мазмұны
Кіріспе . . . 2
1-Бөлім
Фразеологизмдердің түрлері және басқа тілдік сөз тіркестерінен айырмашылығы . . . 10
1. 1 Фразеологизмдер туралы жалпы ұғым . . . 10
1. 2 Фразеологизмдердің типтері, басқа тілдік тұлғалардан айырмашылығы . . . 18
1. 3 Aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық қорды зерттеу . . . 29
2-Бөлім
Фрaзеологизмдердің салыстырмалы талдау түрлері . . . 35
2. 1 Aғылшын және қазақ тілдерінің лексико - семантикалық фрaзеологизмдерін салыстырмалы талдау . . . 35
2. 2 Aғылшын және қазақ тілдердің құрылымдық - семантикалық фрaзеологизмдерін салыстырмалы талдау . . . 44
2. 3 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі дене мүшелеріне байланысты фразеологизмдерді талдау . . . 58
Қорытынды . . . 64
Пайдaлынылған әдебиеттер тізімі . . . 65
Жұмыс түрі: Дипломдык жұмыс
Жұмыc көлемі: 64 бет
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы .
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістікті фразеологизмдердің мағына-мәні осы тілдерде сөйлейтін ұлттың ертеден бергі өмірін жан-жақты айқындайды. Халықтың күнделікті өмір тіршілігі негізінде пайда болып қалыптасқан тұрақты тіркестерді қос тілден жиналған деректерімізден кездестіруге болады. Бұл тұрақты тіркестер тілдік қолданыста әр уақыттың салт-дәстүріне, әдет-ғұрыптарына, мәдениетіне, психологиясына, тарихына байланысты қалыптасып, тілдік қолданыста дамып өрбіген. Сондықтан да олар әр халықтың ерекшелігіне байланысты өсіп-өрбіп, сол халықтың ғасырлар бойы жинаған құндылығының бірі болып табылады.
Тіл дүниетанымның құралы, ойлаудың ұғым, түсінік, пайымдау тәрізді түрлерінің обьективтенуі болып табылады. Әрбір тарихи кезеңдер мен қоғамдық-әлеуметтік құбылыстар сияқты ұлт қолөнерінің әрбір түрі тілде өз таңбасын қалдырып отырады. Тіл мәдени, тарихи, рухани, әлеуметтік өзгерістердің айнасы тәрізді. Осыған байланысты тілдік бірліктер (лексика-фразеологиялық жүйесі) тек тіл білімінің емес, мәдениеттану, елтану, әлеуметтану т. б. зерттеу нысанына айналды. Осымен байланысты қазіргі кезде лингвистика ғылымының да зертеу нысаны кеңейе түсті. Тіл білімінің лексикология, фразеология т. б. салаларын басқа ғылым салаларымен байланыстыра қарау лингвистиканың бүгінгі таңдағы кешенді сипатын көрсетеді.
Тілдің ұлттық табиғатын шынайы танудың бір бағыты тілдік бірліктерді, олардың мазмұны мен тұлғалық жағын тілдің өз ішінде лингвистикалық заңдылықтар негізінде қарастыру болса, екінші бағыты оларды тілдік емес мәнділіктермен, яғни ақиқат өмірмен, экстралингвистикалық факторлармен, адам танымымен байланыстыратын, антропоцентристік бағытта қарастырумен ерекшеленеді.
Қазақ тіл білімінде бұл бағыттың ғылыми-теориялық алғы шарттары А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов еңбектерінен бастап Ә. Т. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жанпейісов, М. М. Копыленко, Т. Жанұзақов, Ж. Манкеева, Н. Уәли, Б. Қалиев, Р. Шойбеков т. б. зертеушілердің еңбектерінде жасалып, материалдық және рухани мәдениетке байланысты мол деректер жинақталды, құнды тұжырымдар жасалды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жаңғыру кезеңін бастан кешіп отырған бүгінгі күнде танымдық, эстетикалық, тәрбиелік мәні бар көптеген құбылыстарды, құндылықтарды жинап-теріп, анықтап, қайта бағалау қажеттігі туындап отыр. Өйткені кеңестік идеологияның әсерінен “қазақ халқы мал шаруашылығымен ғана айналысып, басқа кәсіптерді игермеген” деген бір жақты қасаң көзқарас орын алғандығы белгілі. Мұндай стереотиптерді тарихшы, этнограф, өнертанушылардың зерттеулеріндегі тіл деректеріне сүйене отырып, қайта қарастыру қажет. Өйткені қазақ тілінің лексика-фразеологиясы жөнінде сөз болғанда, мал атауларына бай тіл деген қорытынды жасалады да, баска салаларға байланысты атаулар, олардың фразеологизмдерге ұйытқы болудағы орны елеусіз болып қалады
Қазақ және ағылшын тіліндегі өзінің бейімділігімен, әлеуметтік мәнділігімен ерекшеленетін фразеологизмдерде халқымыздың тарихы мен салт-дәстүріне, ойлау жүйесіне, материалдық және рухани мәдениетіне байланысты мол ақпарат сақталған. Осыған байланысты фразеологизмдер әртүрлі қырынан зерттеліп келе жатыр. Фразеологизмдерді тілдік тұрғыдан зерттеу бағытында көптеген жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, І. Кеңесбаевтың, Ә. Қайдардың, Н. Уәлидің, С. Сәтенованың, Ғ. Смағұлованың т. б. еңбектері жарыққа шықты. Тұрақты тіркестерді тілдік тұрғыдан зерттеу барысында ондағы ұйытқы сөздерді негізге ала отырып, фразалық біліктер тақырыптық, лексика-семантикалық топтарға жіктеліп қарастырылды, олардың құрамындағы ұйтқы сөздердің мағыналары ашылып, этимологиялық талдаулар жасалды.
Орыстың атақты ғұламалары: М. В. Ломоносов, академиктер: Ф. Буслаев, И. И. Срезневский, Ф. Ф. Фортунатов, А. А. Шахматов, проф. АА. Потебня т. б. айтқан пікірлері фразеологияны зерттеу жұмыстарын ғылыми арнаға салып, дұрыс бағыт берді. Бұл ғалымдардың пайымдаулары фразеологияны зерттеудің белгілі-белгілі кезеңдерін, даму сатыларын танытады. Бірақ бұлардың ешқайсысы да фразеологияны лексикологияның жеке бір бөлімі ретінде бөліп қарастырған жоқ. Өз дәуірінің ғылыми ой-өрісінін деңгейімен қарағанда ұтымды, дәлелді бір өрбіткенмен, түбегейлі зерттеу ХХ ғасырдың 30-40-жылдарының үлесіне қалған болатын.
Фразеологияны лексилогияның жеке бір тарауы ретінде бөліп шығарған Ш. Балли болатын. Ол фразеологияның белгілі бір қалыптағы күйін (синхроническая фразеология) қарастырудың негізін жасады. Ш. Балли: «Языки постоянно изменяются, функционировать они могут только не изменяясь», - дей отырып, тілдің дәл қазіргі, осы күнгі жағдайына ерекше мән береді. Міне, сондықтан Ш. Балли қазіргі кезеңде де едәуір маңызы бар. Дегенмен Ш. Балли де фразеологияның түрлерін, мазмұнын таратып, талдап айтып бере алмады.
Фразеология жеке лингвистикалық пән ретінде XX ғacырдың 40 жылдары қалыптасты. Фразеологияның теориялық негізін қалaушылар ретінде француз ғалымы Ш. Баллиді, Ресей акaдемигі В. В. Виногрaдовты атауға болады. Орыс тіл білімінде бұл салада көп еңбек жасаған ғалым-академик В. В. Виноградов. Ғалым фразеологиялық орамдарды фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірілік, фразеологиялық тіркес деп үшке бөлген. Фразеологиялық оралымдардың түрлері бір-бірінен әрқашан айқын ажыратыла бермейді, осыған орай, оларды классификациялау тіл білімінде өте-мөте күрделі мәселе болып саналады. Тіл білімінде фразеологиялық оралымдар әр түрлі жағынан қарастырылып, осыған сәйкес, олар түрліше топтастырылған. Фразеологиялық оралымдар лингвистикалық әдебиеттерде бүтіндей тұрақты тіркестің тұтас мағынасы мен оның сыңарлары мағыналарының арақатысы жағынан топтастырылса, екіншілерінде - құрылымы жағынан, үшіншілерінде қызметі немесе эмоционалды-экспрессивті жағынан топтастырылады.
Академик В. В. Вииоградов фразеологиялық единицаларды бүтіндей фразеологизмнің біртұтас мағынасы мен оны құрастырушы сыңарлары мағыналарының арақатысы тұрғысынан топтастырған. Қазақ тіл білімінде де осы классификацияны бірден-бір арқау етеді.
Соңғы жылдары фразеологизмдерді тілден тыс факторлармен байланыстырып қарастыруға ерекше көңіл бөлініп, олардың этнолингвистикалық, психолингвистикалық, танымдық қырларын зерттеу барысында бұрынғы құрылымдық бағыттан гөрі антропоцентристік бағыт басым бола бастады. Тілдік бірліктерді антропоцентристік бағытта зерттеудің қазақ ұлтының мәдениеті мен материалдық дүниесін түсінуде маңызы зор. Өйткені қазіргі заман талабына байланысты фразеологизмдерді тек тілдік жағынан қарастырудың жеткіліксіз екені белгілі болып отыр, себебі осындай бағыттағы зерттеулерде халықтың ұжымдық тәжірибесі, шаруашылығы, адамдардың бір-бірімен байланысы, қоғамдық қатынастар, дүниетанымдық ерекшеліктер, материалдық және рухани мәдениет назардан тыс қалып қояды. Сондықтан фразеологизмдердің қалыптасуының тарихи, мәдени негіздері, уәжділігінің этномәдени мәнділігі жағынан қарастыру халқымыздың өткен кезеңдердегі мәдениетін танып білуде аса нәтижелі болмақ. Осы тұрғыдан алғанда фразеологизмдердің шығу арналары тарихы мен танымдық қызметін қолөнері материалдары негізінде қарастырып отырған бұл зерттеу жұмысы Мемлекеттік “мәдени мұра” бағдарламасымен толық үйлеседі. Біздің зерттеуіміздің бағыт-бағдарын айқындайтын мұндай мәселелер зерттеу жұмысының өзектілігін көрсетеді.
Диплом жұмысының мақсаты: «Дене мүшелеріне » байланысты фразеологизмдерді ағылшын және қазақ тілдерінде пайдалану ерекшеліктерін анықтау.
Міндеттері:
- «Фразеологизмдер және олардың классификациясы» тақырыбы бойынша теориялық материалды жинақтау
- «Дене мүшелеріне» байланысты ағылшын және қазақ тілдеріндегі соматикалық компоненті бар фразеологизмдерді талдау
- «Дене мүшелеріне» байланысты ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық бірліктердің классификациясын жасау
- Фразеологизмдердің мағыналарын зерттеу және салыстыру
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Зерттеу жұмысының өзектілігі лексико-семантикалық аясы бірдей екі тілдің фразеологиялық бірліктерін салғастыруда.
Отандық және шетел лингвистердің еңбектері мен ағылшын және қазақ тілдерінің фразеологиялық сөздіктері зерттеу жұмысының ақпарат көзі және зерттеу әдісі болды.
Зерттеудің мақсаты:
Зерттеу жұмыс мақсаты: екі тілдің фразеологиялық бірліктерін салыстыру, тіларалық эквиваленттілік деңгейін және оған әсер етуші факторларды анықтау.
Зерттеудің нысаны .
Қазіргі заманда лингвистиканы зерттеу нысанын салғастырмай елестету мүмкін емес. Өзара қатыстылық, салыстыру және бірліктер, пішіндер, категориялар, разрядтар және басқа да тілдік құбылыстар ресми және мағыналық байланыс орнататын, және оларды одақтастыратын микрожүйелер, субжүйелер мен жүйелер әр тілдің міндетті ерекшелік шарты болып саналады .
Зерттеу нысаны болыпсаоғастырмалы тілдерді аралас қатарын құрайтын екі тілдің, ағылшын және қазақ тілдерінің фразеологиялық бірліктері саналады. Бірақ аталмыш тілдердің фразеологиялық қоры толықтай зерттелмейді, тек «дене мүшесі» компонентін құралған лексика-семантикалық орамдар басым зерттеледі. Мысалы: to be glad to see the back of someone, to be all ears, to knock one’s head against a break wall (ағылшын), бетінен қайтпау, жылы жүрек, қол тимеу (қазақ) және т. б. Берілген лексико-семантикалық топ мағынасы айқын әрі кеңінен тарағандықтан таңдалып отыр.
Практикалық құндылығы. Дипломдық жұмыстың практикалық құндылығы атқарылған зерттеу жұмысының нәтижесі жоғары білім беру орындарында жалпы тіл білімі, салыстырмалы типология және ағылшын тілін шет тілі ретінде оқыту тәжірибесінде қолданыс таба алуында. Бірнеше тілдердегі нақты фразеологиялық бірліктердің арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды зерттеу -- фразеологиядағы жете зерттеліп өңделген және кеңінен тараған салғастырмалы талдау түрі . Әр түрдегі тіларалық фразеологиялық эквиваленттілікті орнату аударма эәне шет тілін оқыту қажеттілігін қамтамасыз етеді. Ал эквиваленттер екітілдік (жалпы және фразелогиялық) сөздіктерде тіркеліп фразеологиялық бірліктің эквиваленттілік деңгейі туралы ақпараттан құралады.
Теориялық құндылығы. Туыс тілдерді зерттеу құрылымдық және семантикалық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар салғастырушы бірліктердің материалдық жақындастығын, жалпы тілдік ортақтықты анықтауға (салыстырмалы-тарихи лингвистика - компаративистика) .
Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен косымшадан құралған.
Зерттеу жұмысының материалдары. Қазак және ағылшын лингвистикасында фразеологияға арналған еңбектер өте аз. Ағылшын тіліндегі фразеологизмдерді зерттеу, оларды аудару мәселесімен айналысқан Кунин А. В. Кунин А. В. өзінің еңбектерімен ағылшын фразеологиясының және де жалпы фразеологияның дамуына өте көп үлес қосты. А. В. Куниннің мынандай еңбектерін атауға болады: «Английская фразеология», «Фразеология современного английского языка», «Англо-русский фразеологический словарь». Judith Siefring. The Oxford Dictionary of Idioms. Мюллер В. К. Англо-русский словарь. Кунин А. В. Англо-русский фразеологический словарь. Осы сөздіктерден 120 - дан астам фразеологизмдер алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері .
Зерттеудің нәтижеcінде мынадай мәселелер ғылыми жаңалық ретінде шешімін тапты:
• Құрылымы әр түрлі ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулер алғаш рет когнитивтік және лингвомәдениеттану тұрғысынан салыстыра-салғастыра қаралды;
• "Адам" макроконцептіcіне жататын фразеологиялық теңеулер "жағымды"-"жағымсыз" оппозициялық микроконцептілерге бөлініп қарастырылып, олардың мағына қалыптасуындағы ерекшеліктері анықталды;
• ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулер уәжі, этимологиясы, ішкі формасына cүйене отырып кешенді түрде зерттелді;
• алғаш рет ағылшын және қазақ халықтарының ұлттық дүниетанымының фрaзеологиялық теңеулерде көрініс тапқан басты танымдық концептілер аймағы, олардың фразеологиялық теңеулердегі көрініс-мазмұны айқындалып, лингвомәдени қырлары сарапталды.
• ағылшын және қaзақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулер бойындағы мәденитанымдық сипат тұңғыш рет когнитивтік әдіс-тәсілдермен анықталды. Олардың мән-мағынacына концептуалдық талдау жасалып, мағыналық құрылымы айқындалды.
• екі тілдегі фразеологиялық теңеулердің тілдік көлемі айқындалып, тақырыптық жaғынан жүйеленіп, ретке келтірілді.
• Фрaзеологиялық теңеулерде ұлттық тілдік бейне таным категориясымен тығыз байлaныста болғандықтан, ол таным, сана, ойлау категорияларымен байланыста қарacтырылуы керек. Шындық болмыс ойлау арқылы жүзеге асады, ал тіл оның бейнелеу құралдарының бірі.
• Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің пайда болу көздері әр халықтың тaрихымен, заттық және рухани мәдениетімен, өмір-тіршілігімен тығыз байланыcты болғандықтан, олардың мағынасының лингвомәдени және когнитивтік тұрғыдан талдау арқылы тарихи-этимологиялық көздерін ашуғa болады. Тіл мен мәдениет өзара тығыз байланыстағы бірін-бірі толықтырар біртұтас жүйе.
• Фразеологиялық теңеулерде әлемнің тілдік бейнесі антропоцентристік ұстаным негізінде құралады. Адам қоршaған ортаны өзі арқылы, өзіне таныс заттар мен құбылыстар арқылы ғана бағaлап, танып біледі. Фразеологиялық теңеулер әр тілде өзіндік ұлттық нақышпен бейнеленіп, ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін көрсетеді.
• Әр ұлттың концептілер жүйеcін дүниетаным құндылықтары құрайды. Әр тілдегі фразеологиялық теңеулердің мағына қалыптасу ерекшеліктері оларды концептілік жағынан топтacтыруға мүмкіндік береді.
• Фразеологиялық теңеулердегі жеке көріністер тек сол тілге ғана тән ерекшеліктермен cипатталып, ұлттық нақышпен бейнеленеді. Олардың лингвомәдени сипатын ашу ұлттық дүниетанымның сыры мен ерекшеліктерін танып білуге септігін тигізеді. Құрамындағы ұлттық-мәдени компоненттер фразеологиялық теңеулердің ұлттық-мәдени сипатын ашады.
• Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулер уәжділігі әр түрлі деңгейде көрініс табады. Фразеологиялық теңеулер екі тілдің де лексика - фразеологиялық қорының мәнді, мағыналы және жүйелі қабатын құрай отырып, ұлт болмысының құндылықтары мен ерекшеліктерін жан-жақты cипаттайды.
Зерттеудің теориялық және практикалық құндылығы. Зерттеу жұмысының нәтижелері мен тұжырымдары тіл мен дүниетаным, тіл мен мәдениет, тіл мен ұлт, тіл мен ойлау категорияларының сабақтастығын қарастыратын этнолингвистика, лингвомәдениттану, ономасиология салаларының теориялық ұстанымдарын толықтыра түсуге өзіндік үлес қосады. Фразеологизмдердің теориялық және практикалық мәселелерін қарастыру жолындағы әрі қарайғы ғылыми зерттеулерге мұрындық болады.
Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- фразеологиялық лексика қазақ және ағылшын тілінің этномәдени тұрғыдан құнды әрі аса бай қабатын құрайды. Сондай-ақ, халқымыздың тыныс-тіршілігімен, эстетикалық талғамымен байланысты және қоршаған орта туралы халықтың білімдер жүйесі, рухани, адами құндылықтары жөнінде кодталған ақпараттарды құрайды; фразеологизмдер тіл мен адамның, ұлттық мәдениет пен этникалық сананың сабақтастығын көрсетіп, объективті түрде ұлттың, дүниенің тілдік бейнесін қалыптастырады;
фразеологизмдердің мазмұнын тану және олардағы халықтық білімдер жүйесін меңгеру арқылы халқымыздың, өскелең ұрпақтың ұлттық сипаттағы білімдер қоры толыға әрі кеңейе түседі, нәтижесінде рухани-интеллектуалдық тұрғыдан өсуге, ұлттық менталитетті нығайта түсуге ықпал етеді;
фразеологизмдер ұлттық болмысты айшықтай түсетін идиоэтникалық семантикаға ие, сондықтан қазіргі әлемде кең етек алып отырған жаһандану жағдайында оларды тану арқылы қазақ халқының ұлттық болмысын түсінуге мол септігін тигізеді;
фразеологизмдерден халықтың кен байлығы, жер байлығы, жануарлар әлемі мен адам, қоғам, әлеуметтік-экономикалық қатынастарға қатысты білімі мен тәжірибесі көрінеді;
1 Бөлім. Фразеологизмдердің түрлері және басқа тілдік сөз тіркестерінен айырмашылығы
1. 1 Фразеологизмдер туралы жалпы ұғым.
Тілімізде қолданылатын жеке сөздермен бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері және сөйлемшелер бар: бүйректен сирақ шығару, төбесі көкке жеткендей болды, көз бояу, жүрегінің түгі бар, ат үстінде ұйықтады т. Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып, ел аузында көп айтылып, жалпы халыққа түсінікті болып кеткен. Тұрақты тіркестердің қалыптасуына қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар, әр түрлі іс-қимыл, бастан кешірген жағдайлар т. б. себеп болады: «ащы ішектей созылды» деген тіркестің пайда болуына әуел баста қойдың ішек-қарнын ашу жағдайы себеп болған. Ащы ішек ашуға қиын, әрі ұзын, адамды әлекке салады, ұзаққа созылады. Осыдан келіп ауыспалы мағынада бұл тұрақты тіркеске айналып, «ығы-жығы қылатын, баяу әрекет, қимыл» деген мағыналарға қатысты айтылады. Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін болып, қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде кейде фразеологиялық орам немесе фразеологизмдер деп атай береді. Фразеологизмдерге идиома, фраза, мақал-мәтелдер жатады.
Фразеологизмдердің өзіне тән негізгі қасиеттері төмендегідей:
1. Дайын тілдік единица ретінде жұмсалады;
2. Жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады;
3. Мағына бірлігі сақталады;
4. Екі сөзден кем болмайды.
Фразеологизмдер тілдің әдебилігінің сипаттарын, әдеби тілдің даму кезеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін танытады.
Ә. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиев: «Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш белгісі бар. Олар:
1) даяр қалпында жұмсалу белгісі
2) мағына тұтастығы
3) тіркес тиянақтылығы» - деп көрсетеді [2, 178] .
Фразеологизмдерге тән бұл белгілер әр кез бір-бірінен айқын ажыратыла бермейді. Сондықтан фразеологизмдерді топтастыру тіл біліміндегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Фразеология мен идиоматиканың анықтамасын беруде Е. Д. Поливанов: «Фразеология (или идиоматика) является «особой дисциплиной (наряду с фонетикой, морфологией, синтаксисом и словарем, или лексикой), занимающей по отношению к лексике то же положение, которое синтаксис занимает по отношению к морфологии», так как эта дисциплина оперирует так же, как и лексикология, «выражением индивидуальных понятий (лексических значений) » в отличие от синтаксиса и морфологии, которые «имеют своим объектом изучение символики общих (абстрактных) идей, - деп жазады. Поливановтың анықтамасы И. А. Бодуэн де Куртенэ қолданған сөздердің көп қызметтілігі (полифункциональность) жайындағы жалпы методологиялық концепциясынан шығып жатқан ұғым. Мұны кейін Л. В. Щерба мен Б. Д. Поливановтың қабылдағаны мәлім. Фразеология мәселесімен арнайы шұғылданбаса да Поливанов еңбектерінде, кейде, осындай аса қажет ғылыми пайымдауларын айтқан. Зерттеушілер үшін бұл сияқты пікірлердің орны бөлек.
Фразеология- тұрақты сөз тіркестерінің жүйесін зерттейтін тіл туралы ғылымның бір саласы. Фразеология соңғы жылдары танымдық тұрғыдан біршама зерттеліне бастады. Мәселен, бұл салада еңбек етіп жүрген Р. Сыздық, Н. Уәли, Г. Смағұлова, С. Сатенова, Р. Авакова т. б. еңбектері бұған дәлел бола алады.
Ал Н. М. Шанский: «Фразеологизм, фразеологическая единица, - общее название семантически несвободных сочетаний слов, которые не производятся в речи (как сходные с ними по форме синтаксические структуры - словосочетания или предложения), а воспроизводятся в ней в социально закреплённом за ними устойчивом соотношении смыслового содержания и определённого лексико-грамматического состава. Семантические сдвиги в значениях лексических компонентов, устойчивость и воспроизводимость - взаимосвязанные универсальные и отличительные признаки фразеологизма» - деген анықтама береді [3, 112] .
Яғни фразеологизмдердің құрамындағы компоненттердің орнын ауыстыруға келмейтің, әбден тұрақталып, қалыптасқан, мағына тұтастығы бір, бір ғана сұраққа жауап беретін, бір ғана синтаксистік қызмет атқаратын қасиетімен ерекшеленетін тілдік единица болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz