Adobe Photoshop cs3 бағдарламасына электрондық оқулық
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: adobe Photoshop cs3 бағдарламасына электрондық оқулық
Мамандығы
Орындады: ________________ ________________
(қолыподпись) (аты-жөні ФИО)
Жетекші ________________ ________________
(қолыподпись) (аты-жөні ФИО)
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі ________________ ________________
(қолыподпись) (аты-жөні ФИО)
Көкшетау 2011 ж.
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1 Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
1.1 Электрондық оқулық туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Электрондық оқу құралдарының
классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Электронды оқулықтарды
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.4 Оқытудың компьютерлік
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
1.5 Оқыту процесінде ақпараттық технологияларды
қолдану ... ... ... ... ... ... ... 17
2 Macromedia flash8 бағдарламасы туралы түсінік және оның мүмкіндіктері
2.1
Графика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.2
Анимация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.3
Дыбыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.4 Flash филімдерін қолдану
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.5 Тор бетін
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...26
2.6 Flash филімін құрудағы
реттілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..27
2.7 Редактрлеудің құрал-саймандар
панелі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.8 Жұмыс
облысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 30
2.9 Web-сайттар үшін анимация
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.10 Кадрлық
анимация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...32
2.11 Flash -тe фильмдерді
жариялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..33
2.12 Мәтінді құру және
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .36
2.13 Интерактивті анимация

..38
3 электрондық оқулықтың жасалуы
3.1 Экраннан көшіру бағдарламасы FS
Capture ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
3.2 Қысқаша қабаттар туралы

... 44
3.3
Жалюзи ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
3.4 Мәтінмен
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .46
3.5 Дыбысты
импорттау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..48
3.6 Қазіргі мерзімді көрсететін
күнтізбе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
3.7
Батырма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ... ..5 4
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...56
Кіріспе
Информатиканың актуальді бағыттарының бірі – ақпараттық технологияларды
интеллектуалдау болып табылады. Бұл қолданушы компьютерлік технологияларды
қолдана отырып тек деректерді өңдеу кезіндегі мағлұматтарды алып қоймай,
сонымен қатар сұрағын шешуде арнайы мамандардың жинаған тәжірибесін және
білімін қолдана алады.
Интеллектуалды жүйелер және технологиялар арнайы мамандар тәжірибесін
тарату үшін және күрделі ғылыми, өндірістік және экономикалық есептерді
шешу үшін қолданылады. Білімді өңдеу және модельдеу үшін арнайы модельдер
қолданылады және білім қоры құрылады.
Күрделі мәселелерді шешу және ойлау қабілетін модельдеу үшін адам
санасының жасанды бейнесін салу идеясы бұрынғы заманнан бері айтылып
келеді. Ең алғашқы болып оны тұжырымдаған Р. Лулий.
Жасанды интеллекттің ғылыми бағыт ретінде дамуы ЭЕМ жасалып шыққаннан кейін
ғана мүмкін болды. Жасанды интеллект термині 1956 жылы Станфорд
университетінде өткен семинарда ұсынылды.Семинар логикалық есептерді құруға
арналды. Жасанды интеллект жүйелерін құру жөніндегі зерттеулер 60-жылдардан
бастап жүргізілуде. Мұндағы негізгі мақсат – түрлі қолданбалы және
теориялық мәселелерді шешу үшін адамның ойлау процессін математикалық және
бағдарламалық модельдеу құралдарын құрастыру. 80-жылдарға қарай мұндай
жүйелердің тиімділігі оларда бар білімге байланысты екендігі арқылы
түсіндірілді.
Менің Дипломдық жұмысымның тақырыбы Flash редакторында adobe
photoshop cs3 бағдарламасына электрондық оқулық құру. Дипломдық жұмыстың 1-
бөлімінде Flash редакторы туралы әңгімелеп шыққым келеді.
Flash техналогиясының негізгі векторлық графикалық форматынан
Shockwave Flash (SWF) құрылды. Бірақ бұл ең алғаш векторлық формат емес,
SWF құрушылары ойдағыдай тапқан графиканың бейнелеу мүмкіндігі арасындағы
үйлесімді, онымен жұмыс жасайтын инструментальді құралдар және
қорытындысында Web – парақтарының қосылуының механизмі. SWF қосымшасының
артықшылығы оның жеңіл тасымалдауында, яғни бұл формат әртүрлі аппараттық –
программалық платформада қолданылады (сонымен қатар, ОЖ – сі Mac OS
Macintosh компьютерлер және Windows ОЖ – мен жабдықталған IBM
компьютерлері). Тағы бір SWF – тың ерекшелігі: құрылған негізгі бейнелер
тек анимацияланып ғана қоймай, сонымен қатар олар қосымша интербелсенді
элементтер мен аудио құрылғылардың болуына мүмкіндік туғызады.
Интербелсенді мультимедиялық қосымшалардың тасымалдауы мен құру
мүмкіндігінің күрт өсуі танымал SWF форматының Web – дизайнерлердің
ортасында орындалады. Сондықтан бұл форматтың пайда болуы Macromedia
фирмасында Plug_In компонентінің қоса салынған 2 негізгі желі браузері үшін
құрылған: Internet Explorer және Nestcape Communicator. SWF форматының
тарауына Бүкіләлемдік компьютерлік желі көп әсерін тигізді.
SWF форматының танымал болуының тағы бір себебі, Macromedia фирмасы
бұл форматтың жеңіл және оңай құрал – саймандармен қолданылуы.
Мультимедиялық презинтациялар құру үшін - Macromedia Director
Shockwave Studio, ал графикалық бейнелерді салу үшін - Macromedia Freehand,
Macromedia Fireworks,интербелсенді оқытушы курстарын құру үшін – Macromedia
Authorwave, Macromedia Course Builder. Сондықтан да Web-публикациясының
ішінде ең танымал, әрі жеңіл қолдануына ыңғайлы болып келетін - Macromedia
Flash болып табылады. Macromedia Flash Web – парақтарын толық құруға және
әрбір сайттың анимациясымен безендірілуіне мүмкіндік береді. SWF форматының
көмегімен, оны әдетте Flash деп атап кетті.
Енді менің Macromedia Flash бағдарламасын таңдауым да түсінікті
шығар. Бұл бағдарламаның мүмкіншіліктері өте көп.
Менің adobe photoshop cs3 бағдарламасына жасалған оқулығым сіздердің
көңілінен шығады деп ойлаймын. Жалпы қысқаша сипаттама, интерфейс,
саймандар тақтасы және т. б мағлұмат алуыңызға болады.
Жалпы электрондық оқулықтар қазір жеткілікті, бірақ өз мемлекеттік
тілімізде өте аз сол себепті мен өз проектімді өзіміздің қазақ тілімізде
жасағанды жөн көрдім.
Мақсаты: Осы оқулықты пайдаланып фотошоп бағдарламасын жетік
пайдаланып үйрену.
Өзектілігі: интерфейсінің өзгешелігі. Көбінесе фотошоп
бағдарламасының графикасын адам бейнесін жасауға пайдалану.
Білімділігі: жай ғана қағазға салынған суреттен реалистік түрге жақын
сурет алу, фотошоп бағдарламасының мүмкіншіліктерін кеңінен қолданып үйрену

1.1 Электрондық оқулық туралы түсінік
Ақпараттық технологиялардың дамуы сабақты өткізудің жаңа мүмкін-дігін
– қашықтан оқытудың енуін берді. Ол біріншіден, үйренушінің өзіне оқу
уақыты мен орнын тағдауына, еніншіден, қандай да бір себептермен дәстүрлі
білім алудан шеттетілген адамдарға білім алуға, үшіншіден, оқытуда жаңа
ақпараттық технологияларды қолдануға, төртіншіден, оқытуға кететін шығынды
белгілі бір мөлшерде азайтуға мүмкіндік береді. Басқа жағынан қашықтан
оқыту білім беруді жекешелендіру мүмкіндігін арттырады.
Қашықтан оқытуда электронды оқулықтар қолданылатыны белгілі. Электрондық
оқулықтарды құру ақпараттық материалдардың әркез жаңарып отыруына
байланысты мәселені шешуге мүмкіндік береді. Оларда, сонымен қатар,
жаттығулар мен мысалдардың мол болуы және ақпараттың әр түрінің көрнекі
түрде берілуі мүмкін. Сонымен бірге электрондық оқулықтар көмегімен білімді
тексеру – компьютерлік тест орындалады.
Білім беру саласында "электрондық оқулықтарды" пайдалану оқушылардың
танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Электрондық оқулықтарды қолдану тәжірибесі студенттер мен оқушылардың
берілген материалды сапалы түрде меңгеретінін көрсетті. Бұған тестілеу
қорытындылары куә. Олай болса ақпараттық технологияның дамуы білім беруде
жаңа әдістер мен әдістемелерді ойлап табуға және сол арқылы оның сапасын
арттыруға толық мүмкіндік береді.
Электрондық оқулықтың тиімділігі олардың қашықтықтан оқытудағы
мүмкіндіктерін жетілдіріп, казіргі жағдайда барлық білім алатын
үйренушілергесынылуында.
Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын
дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында
компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу,
мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің
бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді.
Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы
және оларда өзін - өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың
артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін - өзі тексеру жүйесі оқушы мен
оқытушының арасындағы байланысын алмастырады да, оларды ауылдық жерлерде,
мұғалім жетіспейтін жерлерде көбіне қажет етеді.
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін
арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе
оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан
қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу
мүмкін емес.
Электрондық оқулық мазмұны жағынан толық, жоғары деңгейде ақпараттанған
және дарынды жазылуы қажет. Қашықтан білім алуда оқулықта барлық
электрондық-методикалық құралдары кіруі керек.
Дәл осындай оқулықты кез-келген оқушыға ұсынуға болады және студенттердің
өз бетінше дайындалуы кезінде жақсы көмекші құрал болып табылады. Сонымен
қатар сынақтарға және әр пәннен өтетін емтихандарға дайындалуға да
көмектеседі.
Қазіргі уақытта оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық
оқулықтар құрылуда. Мұндай оқу көздеріне деген қызығушылықтың артуы
мультимедиалық технологиялардың пайда болуымен және коммуникациялық
құралдар, Интернет желісінің дамуымен байланысты.
1.5 Электрондық оқулықтар құруға қойылатын талаптар
Электрондық оқулықтар жасаудың педагогикалық технологиясының құрылымы
оқыту процесінің заңдылықтарына негізделіп, бір-бірімен байланысты 4
компоненттен тұрады: мотивациялық-мақсатты, мазмұндық, операциялық және
бағалы-нәтижелік.
Электрондық оқулықтың мотивациялық-мақсатты компоненті модульдер мен шағын
модульдерді құрастырудан тұрады. Модуль – пән саласындағы жүйелік және
қызметтік білімдердің жиынтығы. Ол электрондық оқулық арқылы оқытуды
ұйымдастырудың қызметтік түйіні болып табылады.
Электрондық оқулықтың мазмұндық компоненті гипертекст арқылы жүзеге
асырылады. Гипертекст – терминдерден, ұғымдардан, әртүрлі концепциялардан,
кестелерден, графиктерден және диаграммалардан тұратын мәліметтер базасы
ретінде берілетін ақпараттық оқыту ортасы. Мәтіндерді қазақ, орыс, ал
кейбірін ағылшын тіліндегі дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипертекст
бейне материалдарымен толықтырылған.
Электрондық оқулықтың операциялық компоненті интерактивті формада берілген
тапсырмаларды орындау арқылы іске асырылады.
Электрондық оқулықтың нәтижелік бақылау компоненті тест алу жолымен
жүргізіледі. Электрондық оқулықта тестердің екі түрі берілген: бір дұрыс
жауабы бар. Тест соңында оқушы өзі қате жіберген сұрақтарды тексеріп көре
алады, әрбір тестен соң сұрақтардың реттік орны ауыстырылып отырады.
Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық
түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық
тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.
Сол себепті электрондық оқулықтарды әзірлеп оны дамытудағы ұсыныстар мен
пікірлер арқылы тиімділігін бірте-бірте арттыратынын көрсетеді.
Қазіргі кезде білім процесінің әртүрлі тұлғалары арасында қашықтықтан
мәлімет алмасу ісі мүмкін болып, олар бір-бірімен ашық түрде компьютерлер
көмегімен өз пәндері айналасында пікірлесе алатын болды. Мысалы, мұғалімдер
– мұғалімдермен, мұғалімдер – ғалымдармен, мұғалімдер – оқушылармен,
мұғалімдер – ата-аналармен, мұғалімдер – оқулық жазушыларымен және т.б.
Оқушылар үшін электрондық оқулық – мектепте оқыған жылдардың барлығында да
өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға
көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электрондық оқулықтармен жұмыс
істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін
жеке дара жүргізуі болып саналады.
Электрондық оқулық – дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес – ол
оқушыға өз жолымен, керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі,
көпсатылыжүйе, оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап, игеру тәсілі мен
логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген
материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді. Оның гипермәтіні нақты
құрылымдардан тұрады да, бір-бірімен тығыз байланысқан ықшам логикалық жүйе
болып табылады. Бұл жүйемен танысу арқылы оқушы практикалық негізде
алгоритмдік ойлау қабілетін дамыта алады. Ал өзіне қажетті мәліметті
компьютер жадының керекті ұясынан іздеп таба білу да әрбір баланың бүгін
талап етілетін стратегиялық ойлау қабілетін қалыптастырады.
Электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттар ескерілуі
тиіс:
1. Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол
пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;
2. Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға
қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі; лабораториялық және
практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты
анықтама, библиографиядан тұратын көмекші; аралық және қорытынды бақылау
сұрақтарынан тұратын тест; материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер
тізімдері бөлімдерін қамтуы;
3. Электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтардың мазмұндарын қайталамауы, яғни
берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру
керек;
4. Белгiлi бiр тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы
тиiс;
5. Бiр қатардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс;
6. Оқулықты шектен тыс иллюстрациялық, анимациялық тұрғыдан көркемдеу
пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін.
1.2 Электрондық оқу құралдарының классификациясы
Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте
көп. Олардын мақсаты оқыту процесін мүмкіңдігінше дидактикалық жағынан
тиімді ұйымдастыру. Дидактикалық тиімділікке қол жеткізу үшін қазіргі
замандағы ақпараттық және телекоммуникациялық технология құралдарын
комплексті түрде зерттеу, өз бетінше жұмыс жасау, білім алу сияқты әр түрлі
салалардақолдануқажет.
Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін
комлексті түрде қолдануды жузеге асыру көп функционалды электрондық оқу
құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады.
Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық
мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру,
меңгеру деңгейін бақылау.
Көп функционалды электрондық оқулықтар:
• Оқушылардын өз бетінше білім алу қызметің ұйымдастыруға;
• Әр түрлі ақпаратты жинау, өндеу, сақтау, объектілерді, құбылыстарды
модельдеу сияқты, оқыту қызметін ұйымдастыру процесіңде қазіргі заманғы
ақпараттық технологиялардың мүмкіңдіктерін пайдалануға;
• Оқу процесінде мультимедия технологияларын, гипертекстік және гипермедия
жүйелерін пайдалануға;
• Оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік
денгейлерін, сабаққа дайындық денгейін бақылауға;
• Оқытуды басқаруға, оқу қызметінің, тестілеудің нәтижелерін бақылау
процесің автоматтандыруға интеллектуалдық денгейіне қарай тапсырмалар
беруге;
• Оқушылардын өз бетінше оқу қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;
• Қазіргі заманда телекоммуникациялық орталарда жұмыс жасауға, ақпараттық
ағындарды басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіңдік береді.
Оқытушы электрондық құралдарды компонеттері ретінде мыналарды қарастыруға
болады:
•Сервистік программалық құралдар;
• Оқушылардың білім деңгейін, іскерлігі мен дағдыларын бақылау мен
тексеруге арналған программалық құралдар;
• Электрондық тренажерлар;
• Математикалық және имитациялық моделдеу үшін прграммалық құралдар;
• Автоматтандырылған оқтушы жүйелер (АОЖ);
• Экспертті оқытушы жүйелер (ЭОЖ);
• Интелектуалдық оқытушы жүйелер (ИОЖ);
Оқушылардың білім денгейін бақылау және тексеруге арналған програмалық
құралдар құрылу жеңілдігіне байланысты кең қолданыс тапты. Тіпті,
программалау негіздерімен таныс емес кез келген оқытушы өз пәні бойынша
сұрақтар мен мүмкін болатын жауаптарын енгізе алатын бірқатар
инструментальді жүйелер бар. Оқушының есебі ұсынылатын жауаптардын ішінен
дұрысын тандау. Бұндай программалар оқытушыларды бақылау тапсырмаларын
беріп, олрадың дұрыстығын тексеру жұмысынан босатады. Оқу материалын бекіту
үшін бұл программаларды бір неше рет қолдануға болады.
Электрондық тренажерлар практикалық іскерліктер мен дағдыларды бекітуге
арналған. Сонымен қатар олар есепті шығару іскерліктері мен дағдыларын
қалыптастыруға мүмкіндік береді . Бұл жағдайда олар теориядан қысқаша
ақпарат алып, әр түрлі денгейлерде өз бетінше жұмысты ұйымдастыруды
қамтамассыз етеді.
Математикалық және имитациялық моделдеу үшін арналған программалық
құралдар, тәжірибелік және теориялық зерттеулерді кеңейтіп, физикалық
тәжірбені есептеуіш тәжірибемен толықтыруға мүмкіндік береді. Бір
жағдайларда зерттеу объектілері, екіншісінде - өлшеуіш тағайындаулар
модельденеді. Бұндай құралдар қымбат лабораториялық құрылғыларды сатып
алуға кететін шығынды азайтуға мүмкіңдік береді, оқу лабораторияларындағы
жұмыс қауіпсіздігі төмендейді.
Автоматтандырылған оқыту жүйелері оқушыларды теориялық материалмен
таныстырып, білім деңгейін бақылауға мүмкіндік беретін шағын көлемді
оқытушы программалар.
Интеллектуалдық оқытушы жүйелер жоғарғы денгейлі жүйелерге жатады және
жасанды интелект идеясында жүзеге асырлады. ИОЖ есептің қойылымынан және
оны шешу принципін іздеуден бастап, шешімнің тиімділігін бағалауға дейін,
оқу есебінің барлық сатыларында басқаруды жүзеге асыруға мүмкіңдік береді.
Бұндай жүйелер қарапайым тілге жақын тілде өзара диалогтық түрде қарым-
қатынас ұйымдастыруға мүмкіңдік береді. Диалог барысында тек орындалатын
әректтер дұрыстығы ғана емес, сонымен қатар шешімді іздеу стратегиясы
әрекеттерді жоспарлау және т.б. талқылануы мүмкін.
Білімді ақпараттандырудың актуальді есептерінің бірі білім беруші
электрондық құралдарды классификациялау проблемасы болып табылады. Бұндай
классификация бірнеше әр түрлі критерийлер негізінде жүргізілуі мүмкін.
Жалпы оқу жүйесіне қатысы оқытушы электрондық құралдарды(ОЭҚ) келесі
түрлерге бөлуге болады:
• Стандарттарға сәйкес дәстүрлі жүйеде оқытуға арналған ОЭҚ;
• Факультатив жұмыстарға арналған ОЭҚ;
• ОЭҚ - үй репетиторлары;
• Оқу қызметінің нәтижелерін бақылаушы және бағалаушы ОЭҚ;
• Анықтамалық және энциклопедиялық сипаттағы ОЭҚ;
Дәстүрлі оқыту жүйесінде оқытушы электрондық құралдарды қолдануға арналған
программалық құралдардын барлық типтерін қамтуы мүмкін. Сонымен қатар,
дәстүрлі оқыту жүйесі ОЭҚ-ды оқушылардын өз бетінше жұмысында қолдануға
үлкен мүмкіндіктер береді.
Факультатив жұмысында қолдануға және бір пән бойынша білімін тереңдетуге
арналған ОЭҚ дәстүрлі оқыту жүйесіне бағытталған ОЭҚ- ға ұқсас. Негізгі
ерекшелігі ҚР БМ стандарттары мен программаларынан тыс оқу материалдарының
болуы.
Әдістемелік қызметіне қарай ОЭҚ-дар мен олардын компоненттерің былай
классификациялауға болады:
• Оқытушы (білімдерді хабарлайды, іскерліктер мен дағдылар
қалыптастырады);
• Тренажерлар (Өтілген материалды қайталау немесе бекітуге арналған);
• Бақылаушы (Оқу материалын меңгеру деңгейің бақылауға арналған);
• Ақпараттық іздеу және ақпараттық анықтамалық (ақпаратты жүйелендіру
бойынша мәліметтер беріп, іскерліктер мен дағдылар қалыптастырады);
• Демонстрациялық (зерттелетін объектілер мен құбылыстарды
визуализацилайды);
• Имитациялық (құрылымдық функционалдық сипаттарын зерттеу үшін нақты бір
шындық аспектісін бенейлейді);
• Моделдеуші (зерттеу мақсатында объектілерді, құбылыстарды және
прцестерді моделдеуге мүмкідік береді);
• Есептеуіш (есептеулерді автоматтандырады);
• Оқытушы-ойындық (оқушылардың қызметін ойын түрінде ұйымдастырады);
• Ойындық (жадыны, назарын дамытуға арналған).
Сабақты ұйымдастыру формасына қарай да ОЭҚ-рды топтауға болады. Оларды
дәріс, лабороториялық, практикалық сабақтарда, ғылыми зерттеу жұмысында
курстық және дипломдық проектілерге пайдаланылатын деп ажыратады.
Электрондық оқулықтарды дидактикалық ерекшеліктеріне қарай білімді
қалыптастыру, мәліметтерді хабарлау, іскерліктер қалыптастыру, білімді
бекітудің дидактикалық бағытталуына қарай классификациялауға болады.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды құруда технологиялық тұрғыдан
негізделген танымдық әрекеттің төмендегідей сатылары ескерілуі керек:
• Қабылдау;
• Білімді бекіту;
• Жеке тәжірибені қалыптастыру(іскерліктер, дағдылар);
• Зерттеу және іздеу қызметі.
Электрондық оқулықтар және оларға қажетті материалдар дидактикалык
денгейіне байланысты негізгі төрт топқа бөлінуі мүмкін.
Бірінші топқа баспа материалдары және олардың көшірмелері, аудио және видео
касеталар жатады. Баспаға шығарылған басылымдар тақырып бойынша теориялық
материалдардың оқыту текстінен және оларға сәйкес графикалық
иллюстрациялардан, оқытушылар үшін ұсыныстардан, есептер жинағынан
құралады.
Екінші топқа элетрондық оқулықтар, виртуальді оқу кабинеттері және
компьютерлік желілер жатуы мүмкін.
Үшінші топқа виртуальді оқу лабороториялары және сол сияқты басқа да
компьютерлік жүйелер кіреді. Бұндай жүйелердің ерекшелігі – олардың
жұмысында зерттелетін объект немесе процесстердің математикалық
моделдерінің қолданылуы. Үшінші топтағы ОЭҚ-рдың дидактикалық мақсаты
объектілер және процесстердің қасиеттерін зерттеу.
Төртінші топтың кәсіби қызметі автоматтандырудың компьютерлік жүйелері
немесе олардың қолданбалы программалар пакеті түріндегі оқытушы аналогтары.
Олар курстық немесе дипломдық проектілеу барысында әр түрлі есептер үшін
қолданлыуы мүмкін. Бұл топтын ОЭҚ-рын қолдану негізінде оқыту процесі еркін
зерттеу режимінде өтеді және сипаты бойынша маманның кәсіби қызметіне жақын
болады.
Элетрондық оқу құралдарын құру кезінде психологиялық сипаттағы талаптар
ролін деесепке алу керек. Осы принциптерге сәйкес электрондық оқу
құралдарын құруда мыналарды ескеру қажет:
• Оқу процесінің есебі мен мақсатын нақты анықтау;
• Студенттердің қызметін детальді түрде жоспарлау;
• Оқу - әдістемелік материалдарды құру процесіңде студенттердің қабылдау,
ойлау, есте сақтау сияқты психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
• Студент пен оқытушы, студент мен оқу материалы арасында кері байланысты
ұйымдастыру;
• Өз бетінше ақпаратпен жұмыс жасау іскерліктерін қалыптастыру..
1.3 Электронды оқулықтарды пайдалану.
Еліміздегі білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялық маңызды сала болып
табылатындығы белгілі. Ал, оқу процесіндегі ескі әдістердің озық заман
талабына жауап бере алмайтындығы өз-өзінен түсінікті. Бүгінгі уақыт
талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу-тәрбие процесіне озық
тәжірибені, ғылыми жетістіктерді талап етеді. Белгілі педагог
Ш.А.Амонашвили: Оқушылардың білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуда,
жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан
соң бастау керек,- деген екен.
Компьютерді қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану білім беру саласында
жаңа бір әдістемелік жүйе қалыптастырып келеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
1997 жылғы 22 қыркүйектегі №6345 өкімімен бекітілген Орта білім беру
жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы мектептегі білім беруді
ақпараттандыру процесіне негіз қалады. Қазақстан Республикасы ұлттық
ақпарат инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту мемлекеттік бағдарламасында
компьютерлік технологияларды білім саласында кең қолдану ісін дамытуға көп
көңіл бөліп отыр.
Ендігі мәселе – сол компьютерлік техниканы тұрақты жұмыс істейтін күйде
ұстап, білім саласындағы жаңа технологияларды пайдаланып, кез-келген пән
мұғалімдерін электрондық оқу құралдарын даярлау, қолдану ісіне жұмылдыру
әрі қарай жалғасуы тиіс.
Пән мұғалімдерінің өз пәнін оқыту барысында оқулықтағы материалды құрғақ
баяндауы, оқулықты пайдалануы қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды.
Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында қызықты да тартымды етіп,
бейнелі түрде түсіндіруге арналып жасалған бұл оқулықтарды пайдаланбай алға
жылжу мүмкін емес. Білім берудің кез-келген саласында Электронды
оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана
қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек
етуіне жағдай жасайды.
Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту процесін үздіксіз
және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін
дамыту болып табылады.
Әр сабаққа арналған бейне көрініс және электронды оқулық сыныпқа сабақ
бергенде өте тиімді, мұғалім көп ізденбей дайын сабақтарды өз жұмысында
пайдалануға толық мүмкіншілігі бар. Электрондық оқулық дегеніміз –
мультимедиялық оқулық, сондықтан әрине, электрондық оқулықтың құрылымы
сапалы және жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық сонымен қатар,
оқушының уақытын да үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген
және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге көп ықпал етеді.
Мазмұны күрделілеу бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша
бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт
масшабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жәй түрде көрсетуге
пайдалы. Электронды оқулықтың ең қажет элементі- аудиохабарлар. Мысалы:
әртүрлі құстардың, аңдардың дауысынан ажырата білу.
Электронды оқулықты қолдану барысында кемшін тұстары да кездеспей
қоймайды. Олар: психологиялық- педагогикалық талаптардың, пәнаралық
байланыстардың, оқушының жеке ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын және оқып
үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмей қалуы.
Ең үлкен кемшіліктердің бірі мектептердегі компьютерлердің графикалық
мүмкіншілігінің аздығы, қолданылуының әлсіздігі мен нашарлығы. Бұл әсіресе
жоғарғы сыныптарға арналған математика, физика пәндерінің электрондық
оқулықтарына байланысты.
Қазіргі кезде электрондық оқулықтарды, аудио, видео, теледидар,
компьютерді пайдалану барысында, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының
жоғары екендігін байқауға болады. Сондай-ақ, пән мұғалімдерінің өздеріне
керекті тест, әдістемелік, дидактикалық көмекші материалдарды молынан ала
алатындығы.
Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды
сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде
қарастыруға болады.
Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың білім деңгейін
және ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие процесін тиісті
деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның
жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз.
Ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана отырып, шетелдік білім
жүйесінен қалыспайтын, дүниежүзілік бәсекеге қабілетті еліміздің білімді-
білікті, ой-өрісі кең жас ұрпағына әрқашанда артар сеніміміз мол болмақ.
1.4 Оқытудың компьютерлік технологиясы
Практикада оқытудың ақпараттық технологиясы деп арнайы техникалық-
ақпараттық амалдарды қолданатын барлық технологияларды айтамыз. Мысалы,
ЭЕМ, аудио, видео, кино.
Оқытуда компьютерлер көп қолданыла бастағанда оқытудың жаңа ақпараттық
технологиясы термині пайда болды. Жалпы айтқанда, кез келген педагогикалық
технология – бұл ақпараттық технология, себебі технологиялық оқыту
процесінің негізін ақпарат және оның өзгерісі құрайды. Компьютер
қолданылатын оқыту технологиясына компьютерлік технология термині дәл
келеді. Компьютерлік технологиялар программалап оқыту туралы идеяларды
дамытады, қазіргі компьютерлер және телекоммуникацияның бірегей
мүмкіндіктерімен байланысты жаңа, әлі зертелмеген технологиялық оқыту
түрлерін ашады. Оқытудың компьютерлік технологиясы – бұл компьютер арқылы
ақпаратты дайындау және беру процесі.
Компьютерлік технология төмендегі үш жағдайда орындалады:
І – ойына жету технологиясы ретінде (компьютерлік оқытуды жеке
дидактикалық есептер үшін жеке тақырыптар, бөлімдер арқылы пайдалану).
ІІ – қолданып отырған технологияның ішіндегі ең маңыздысын анықтайтын
негізгісі ретінде.
ІІІ – монотехнология ретінде (бұл жағдайда барлық оқыту процесстері, барлық
оқыту процесстерін басқару, диагностиканың барлық түрлері, мониторинг
компьютерді қажет етеді).
Технологияның классификациялық параметрлері:
1. Қолдану деңгейі бойынша: жалпыпедагогиклық.
2. Философиялық негізі бойынша: бейімделгіш + технократиялық.
3. Дамудың негізгі факторы бойынша: социогендік + психогендік.
4. Игеру тұжырымдамасы бойынша: ассоциативті – рефлекторлы.
5. Тұлға құрылысына бағдары бойынша: ақпараттық + операциялық.
6. Мазмұнының сипаты бойынша: ойға жету кез келген мазмұн үшін жарамды.
7. Танымдық қызметті меңгеру типі бойынша: компьютерлік.
8. Ұйымдық формалар бойынша: даралық + кішкене топтар жүйесі.
9. Оқушыға сәйкестігі бойынша: қызметтестік.
10. Басым әдіс бойынша: ақпараттық + операциялық, диалогтық + программалап
оқыту.
11. Модернизация бағыты бойынша: ұйымдастыру мен басқарудың тиімділігі.
12. Оқушылардың дәрежесі бойынша: барлық категориялар.
Мақсаты:
• Ақпаратпен жұмыс жасай білуді қалыптастыру, коммуникативтік қаблетті
дамыту.
• Ақпараттық қоғам мүшесін дайындау.
• Оқушыға мүмкіндігінше көп материалдар беру.
• Зерттей білушілік, тиімді шешім қабылдай алушылық қасиеттерін
қалыптастыру.
Концептуалдық жағдайы:
• Оқыту – бұл оқушының компьютермен қарым-қатынасы.
• Бейімділік принципі: оқушының даралық ерекшелігіне компьютердің
бейімделуі.
• Оқытудың диалогтық сипаты.
• Басқарылуы: кез келген уақытта оқыту процесінің оқытушысымен қатынасуы
мүмкін.
• Оқушының компьютермен қарым-қатынасы барлық тип бойынша орындалады:
субъект-объект, субъект-субъект, объект-субъект.
• Жеке және топтық жұмыстардың тиімді сәйкестігі.
• Оқушының компьтермен қарым-қатынасы кезіндегі психологиялық сая күйін
қуаттау.
• Шектелмеген оқыту: мазмұны, оның интерпретациясы және қосымшалары өте
кең.
Мазмұнының ерекшеліктері:
Компьютерлік технология педагогикалық программалық тәсілдерде көрсетілген
және компьютер жадында сақталған мазмұнның кейбір формализациялық моделін
қолдануға және телекоммуникациялық жүйе мүмкіндігіне негізделген.
Білім мазмұнының фактологиялық жағының негізгі ерекшелігі қат-қабат
үлкейту, қазіргі деңгейде ақпараттық базасы бар компьютерлік ақпараттық
орта, гипертекст және мультимедиа, микромирлер, имитациялық оқыту,
электрондық коммуникациялар, эксперттік жүйелер болып табылады.
Әдістеменің ерекшеліктері:
Оқытудың компьютерлік әдістерін интерактивті деп атайды, себебі олардың
мұғалім мен оқушының әрекетіне “дыбыс беру”, олармен диалог “жүргізу”
қаблеті бар. Бұл компьютерлік оқыту әдістемесінің ең негізгі ерекшелігі
болып табылады.
Компьютерлік технологияның І және ІІ варианттарында компьютер мен басқа
технология элементтерінің арасындағы байланыс туралы сұрақ аса маңызды.
Компьютер оқыту процесінің барлық этаптарында қолданылады: жаңа
материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін
және дағдыларын бақылағанда. Сонымен қатар оқушы үшін ол әр түрлі
функцияларды атқарады: мұғалімнің, жұмыс құралдарының, оқыту объектісінің,
ұжымның қызметін, ойын ортасын.
Мұғалім қызметінде компьютер:
- оқыту ақпаратының көзі (мұғалімді және кітапты жартылай немесе толық
алмастыра алады);
- көрнекі құрал (мультимедиа және телекоммуникация мүмкіндіктерімен сапалы
жаңа деңгейде);
- дербес ақпараттық кеңістік;
- тренажер;
- диагностика және бақылау құралдары.
Жұмыс құралдарының қызметінде компьютер:
- тексттерді дайындау және оларды сақтау құралы;
- тексттік редактор;
- графиктер тұрғызушы, графиктік редактор;
- үлкен мүмкіндіктері бар есептеуіш машина;
- модельдеу құралы.
Оқыту объектісі қызметінде компьютер:
- берілген процессте компьютерді программалауды оқытуда;
- программалық өнімдерді құруда;
- әр түрлі ақпараттық орталарды қолдануды жүзеге асырудағы құрал.
Компьютерлік технологиядағы мұғалімнің жұмысына келесі функцияларды
енгізуге болады:
• Барлық класс және пән деңгейінде оқу процесін ұйымдастыру (оқу процесінің
графигі, сыртқы диагностика, қорытынды бақылау).
• Классішілік белсенділікті және келісімділікті ұйымдастыру (жұмыс
орындарын орналастыру, инструктаж, классішілік жүйені басқару және т.б.).
• Оқушыны жеке бақылау, жеке көмек көрсету, оқушымен жеке қарым-қатынас.
Компьютердің көмегімен визуалды және есту түрлерін қолданатын даралық
оқытудың жақсы варианттарына жетуге болады.
• Ақпараттық ортаның компоненттерін дайындау (оқыту, демонстрациялау
құралдарының әр түрлі, программалық құралдар және жүйелер, көрнекі құралдар
және т.б.), оның белгілі бір оқу курсының пәндік мазмұнымен байланысы.
• Оқытуды информатизациялау мұғалімдер мен оқушылардан компьютерлік
сауаттылықты талап етеді. оНы компьютерлік технология мазмұнының ерекше бір
бөлігі ретінде қарастыруға болады. Компьютерлік технология (компьютерлік
сауаттылық) мазмұнының құрылымына мыналар кіреді:
- информатика және есептеуіш техниканың негізгі түсініктерін білу;
- принципті құрылысын және компьютерлік технологияның функционалды
мүмкіндіктерін білу;
- қазіргі операциялық жүйелердң және олардың негізгі коммандаларын білу;
- қазіргі программалық қабықшаларды және жалпы бағытталған операциялық
жүйелерді және олардың функцияларын білу;
- ең болмағанда бір тексттік редакторды білу;
- программалаудың алгоритмі, тілі және пакеті туралы алғашқы түсінік;
- қолданбалы программалардың практикалық бағыттағы алғашқы тәжірибелері.
Оқушының ғылыммен және мәдениетпен қарым-қатынасы үшін бірден бір
мүмкіндікті бүкіләлемдік компьютерлік Internet жүйесі береді.
• Жер бетінің әрбір бөлігіндегі адамдармен хат алмасу;
• Барлық банктерден, мұражайлардан, әлем қоймаларынан ғылым және мәдениет
жаңалықтарын алу;
• Интерактивті қарым-қатынас, халықаралық серверлер арқылы болып жатқан
оқиғаларды бақылау.
1.5 Оқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану
Білім беруді ақпараттандыру – оқыту процесіне жаңа ақпараттық технология
құралдарының енуі – қазіргі қоғамды ақпараттандыру процесінің бағыттарының
бірі болып табылады. Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен
компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту
жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім
беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы және Интернеттің
дамуы мысал бола алады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын
көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім
жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік
ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту,
нақты жүзеге асыру шаралары.
Білім беру жүйесін ақпараттандыруды ұйымдастыру деп ғылыми- зерттеу, ғылыми-
техникалық және материалды- техникалық жобалардан тұратын ғылыми-
техникалық бағдарламалар жүйесін айтады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің негіздерінің бірі болып білім алу
саласына ақпараттық технологияларды енгізу жұмыстары саналады, бірақ бұл
негіз ақпараттандыруды басқаша түсіну қаупін туғызып, оны көптеген
жағдайларда тек техникалық құралдармен жабдықтауға ғана әкеліп соқтыратыны
белгілі. Міне осы тұрғыдан білім беру мәселесін алға тарта отырып
ақпараттандыру ісінің мақсатын информатика терминдері арқылы емес, білім
саласының мақсаттары мен терминдері арқылы өрнектеуіміз қажет.
Ақпараттандыру ісінде білім жүйесінің адамзат тіршілігінің барлық
әлеуметтік аймақтармен әрекеттесуі және олардың бір-біріне әсер етуі толық
бейнеленеді. Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі жаңа оқыту
технологияларын дайындауды талап етеді. Білім беруді ақпараттандырудың
теориясы мен әдістемесі мынадай зерттеу бағыттарынантұрады:
- қазіргі ақпараттық қоғам мен ғаламдық коммуникация жағдайында оқушы
тұлғасын дамыту міндеттеріне сәйкес оқытудың ұйымдық түрлері мен әдістерін,
білім беру мазмұнын таңдаудың әдіснамасы мен стратегиясын жетілдіру;
- оқушының ақыл-ой әлеуетін дамытуды, оқу ақпаратын жинау, өндеу, сақтау,
беру, өндіру ісіндегі әртүрлі дербес әрекет түрлерін жүзеге асыра білуді
қалыптастыру бойынша оқу әрекетін қамтамасыз ететін педагогикалық
технологияны, оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
- бірлескен ақпараттық желілер мен ғаламдық коммуникациялар базасында жұмыс
істейтін виртуалдық білім беру мекемелерін дүниеге әкелу, коммуникацияға
қол жететін ашық білім беру жүйелерінің таратылған ақпараттық ресурстарының
әлеуетін пайдалану;
- оқу- тәрбие ісін ақпараттық - әдістемелік қамтамасыз ету үрдісін және оқу
орнын (оқу орындары жүйесін) ұйымдық басқаруды автоматтандыру негізінде
білім беру жүйесін басқару механизмдерін жетілдіру, ғылыми – педагогикалық
ақпараттық мәліметтер базалары мен банктерін, ақпараттық- әдістемелік
материалдарды,коммуникациялық желілерді пайдалану;
- есептеу техникасы, ақпараттандыру және коммуникация құралдарын білім беру
саласында тиімді әрі қауіпсіз қолданудың педагогикалық- эргоноикалық
шарттарын анықтау;
- оқушының ақыл-ой қуатының деңгейін белгілеудің, оның білімі мен
жетістігін бақылау және бағалаудың компьютерлік тестілеуші,
диагностикалаушы әдістемелерін жасап пайдалану.
Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық
ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық жоғарғы оқу орындарында (ЖОО-
да) қолданылады.
ЖОО-дағы ақпараттандырылған жоғарғы білімдер ақпараттық ресурстың қомақты
саны жинақталуы тек қана қажетті жұмыс пен нақты оқу орындарына ғана емес,
сонымен бірге барлық білім жүйесіне пайдалы. Электронды оқулықтар, көмекші
құралдар, компьютерлік тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар, педагогикалық
программалық шаралар бұларды оқытушылар өздері құрады және пайдаланады.
Электрондық форма ғылыми практика мен әдістемелік жетілдіруде қолданылады.
Әрі қарай даму оқыту қызметінің жаңа форма алуы көптеген жаңа ақпаратты
технологияға негізделген, соның ішінде бірінші кезекке аралық білім жатады.
Ақпаратты технологияны кеңінен қолдану қазіргі ЖОО-да ұйымдастыру- басқару
қызметі болып табылады. Оның көптеген автоматтандырылған программалық
жүйелері мен талдауларын және де электронды деканаттары тәрізді сабақ
жоспарлы, бухгалтерлік есеп жүйелері, студенттер мен оқытушылар туралы
электрондық қоры көптеген оқу жүйелерінде қолданылады.
Көптеген ақпараттық ресурстар компьютерлік желі арқылы әдістемелік оқу
білімімен ғана қамтамасыз етіп қоймай, білім саласының жеткілікті болып,
оның жүйелі түрде жоғарылауын қамтыған болар еді.
Бірақ, іс жүзінде ойдан шыға бермейді. Атап өтуге тура келетін жағдай,
кейбір жүйелердің болмауына байланысты практикада ақпараттық ресурстар
қолданылмайды.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелерде кейбір ЖОО-да принципті түрде
әртүрлі әдістемелік және технологиялық салаларында білім мен талаптардың
орындалуына күш салатын болса, оқу процессінің жоғарылығына керісінше әсер
етеді. Сондықтан да ақпарат сапасы теория мен практикада тек қана ЖОО-да
ғана емес, сол сияқты колледждер мен мектептерге де жетіспейді.
Көпртеген зертеулерге қарағанда ақпараттық технология негізгі жоспарланған
және модельденген жаңа дамушы орта болып есептелініп “Ақпараттық білім
ортасы” – деген атаққа ие болып отыр. Ақпараттық білім беру ортасы түсінігі
бойынша оның аумағын көптеген ережелеріне қарамастан нақты белгілермен
жазылады. Осыдан ақпарраттық білім беру ортасынла мынадай тұжырымға келуге
болады: жоспарлы коммуникатциялық ортада компьютер техникасын қолдану
оқушылар, оқытушылар, ата – аналар және оқу орындарында ақпарратты алу үшін
үлкен маңызын тигізеді. Сондықтанда оқуда және одан тыс шараларға пайдалану
көлемін үлкейтуге бағыт алу керек.
Қазірде республика бойынша осы тәрізді ақпарат комплексі теқ қана жеке
кафедра, факультет, ЖОО-да ғана пайдаланылады. Осы салдардан ақпараттық
білімді ақпараттық білім беру ортасында жеке облыстар мен республика
деңгейінде біріктіру өте маңызды болып табылады. Осыған байланысты ҚР
басшылығының 2001 жылдың 6-шы тамызында № 1037 “2002 – 2004 жылдарды ҚР-да
білім жүйесін ақпараттандыру консепциясы туралы” қаулысы қабылданды.
Адамдар барлық жинақтаған білімдерін қолданбай фундаментальды сапалы білім
алуы мүмкін емес. Осыған байланысты кез келген оқу ғимраттары ақпараттық
білім беру кеңістігінде кітапхана қарастыруы керек. Электронды кітапхана
ортасы салыстырмалы түрде жанама ортаның барлық компоненттеріне білімді
сақтаушы және келесі негізгі тапсырмаларды шешуші роль атқарады:
- білім жинақталуы (ақпаратты жинақтау және сақтау);
- білімді архивтеу (ақпарат көзін анықтау, тез қамту және қажетті көп
аспектілі деректерді іздеу).
ЖОО-ның оқу процесінің кітапхана қорымен жанама түрде байланыстылығы
ақпараттық білім беру ортасындағы “оқу процесінің” компоненттері мен
электронды кітапхананың ақпараттық –технологиялық интеграциясы заңдылығына
сәйкес болады. Оларға электронды оқулықтар, лабораториялық практикумдар,
анықтамалар және де басқа университеттің оқу процесінде қолданылатын
электронды мәліметтер жатады.

Macromedia фирмасы SWF форматын қолайлы құралдармен,
қарапайымдылықпен жабдықтағандықтан, аталмыш формат өзінің табынушыларына
бай. Негізінде, бұлай жабдықталған құралдар жетерлік.
Олардың қайсыбірі мультимедиялық презентация жасауға бағытталса (Macromedia
Director Shockwave Studio), келесі бірісі графикалық бейнелерді дайындауға
бағыталған (Macromedia FreeHand и Macromedia Fireworks), ал үшіншілерімен
интерактивті оқу курсын дайындауға болады. (Macromedia Authorware және
Macromedia CourseBuilder). Дегенмен тор беттерін құрушылардың арасында
Macromedia Flash көп қолданылады, өйткені тек осы өнім ғана, тор бетін
аяғына дейін әрлей алады. Ал жақсы әрленген бет әрине көпшіліктің көңілінен
шығады. Интернет пайдаланушылардың жақсы көретіндігінен болар, бұл өнімді
жай ғана Flash деп атайды. Сонымен Flash технологиясының құрамына не кіреді
соны көрейік:
• Векторлық графика;
• Анимацияның бірнеше түрін қолдайды;
• Интерфейске интерактивті элементтер жасауға болады;
• Импортталған графикалық форматтарды қолдайды (оның ішінде растрлық) ;
• FLASH фильмдерін HTML форматына ғана емес, интернетте қолданылатын кез
келген форматқа көшіруге болады;
• Платформалық тәуелсіздік;
• FLASH фильмдерді автономдық түрде де, тор броузерінде де көруге болады;
Сөз етілген FLASH құрамын жеке-жеке талқылап өтелік.
2.1 Жұмыс облысы
Жұмыс облысы терезенің барлық орталық бөлігін алады. Жұмыс облысында
әртүрлі объектілерді редактрлеу операциялары, дегенмен кадрға тек қана
сол объектілер монтаждық үстел шегінде орналасады. Жұмыс облысындағы қалған
бөлігі не үшін қажет? деген бұл жағдайда сұрақ туындау мүмкін.
Жауабы былай:
➢ Белгілі бір жұмыстарды орындау үшін;
➢ Кадрға объектінің біртіндеп кіруінің эффектісін тарату (немесе,
керісінше, одан шығу).
Сурет 1. Macromedia flash интерфейсі
2.2 Графика
Қазіргі кезде тор беттерін әрлеуге көбінесе растрлық графика қолданылады.
Оларға GIF (Graphics Interchange Format, ақпарат алмасуға арналған
графикалық формат), JPEG (Join Photographic Experts Group – Біріккен бейне
эксперттерінің тобы) және PNG (Portable Network Graphics – Жылжымалы
графикалық формат) жатады.
Растрлық графика нүктелер жиынтығы (пиксель – pixel) арқылы
сипатталады. Бұл нүктелер бір бірімен байланыста болмағандықтан, олардың
әрқайсысының түсі мен координатын анықтау керек. Жай ғана мысал, екі-ақ
түсті (ақ қара) бейнені сипаттаған кезде, әр пиксельдің түсін беру үшін
екілік санау жүйесін пайдаланады: 0 – қара, 1 – ақ.. Ал, 256 түсті бейнені
сипаттаған кезде енді әр пиксельге 8-дік санау жүйесін қолданады (256=28).
Суреттің сапасы жақсы болу үшін, әр пиксель үшін 24 разрядқа дейін
қолданылады.
Растрлық бейнелердің тағы бір кемшілігі - бейне сапасы, пайдаланып
отырған монитор пиксельдерінің өлшеміне де байланысты. Яғни кей
мониторларда суреттің сапасы әдемі болып тұрса, екінші жерде ол ондай
қасиеттен айырылады. Сапасы нашар суреттердің пикселін көбейтуге арналған
бағдарламалар болғанымен олар да бұл проблеманы толық шеше алмайды.
Ал енді векторлық графика туралы сөз айтсақ.. Векторлық графика –
орналасуын математикалық формулалар арқылы сипаттайтын қисықтар жиынтығынан
туратын бейне. Мысалға, кез келген шеңберді бейнелеу үшін 3-4 сан ғана
керек, радиус, центр координаттары, сызық қалыңдығы. Осыған байланысты,
векторлық графика растрлық графикаға қарағанда бірнеше артықшылықтарға ие:
• Математикалық формулалармен сипатталған суреттер, растрлық
графикаға қарағанда жадыда аз орын алады.
• Бейнені өзіміз қалаған кез келген масштабқа сапасын жоғалтпай,
өзгертуге болады.
• Кез келген платформаға еш қатесіз көшіруге болды.
Әрине, векторлық графиканың өзіне тән кемшіліктері болады, мысалға,
реалға жақын суреттерді бейнелей алмаймыз. Мұндай мәселені шешімі, жан
жақты қанағаттандыратын ортақ бір келісім керек. Мінекей, FLASH авторлары
осы шешімді тиімді пайдаланды: тор бетін құру кезінде сіз тек қана
векторлық емес растрлық бейнелерді де импорттауыңызға болады.
2.3 Анимация
FLASH тағы анимация негізі объектінің қасиетін өзгерту болып
табылады. Мысалға, объектілер көрініп немесе жоқ болып кетуі, өзінің тұрған
орнын, көлемін, өлшемін, түсін, көріну деңгейін өзгертуі мүмкін т.б.
FLASH та объектіні анимациялау механизмінің үш түрі бар.
• Кадр бойынша(классикалық) анимация, яғни автор әрбір кадрды
өзі жасайды немесе басқа қосымшадан импорттап алып олардың
көріну ретін анықтайды;
• Автоматтық анимациялау (tweened анимация), яғни автор бірінші және соңғы
кадрды ғана құрады, ал қалғанын FLASH автоматтық түрде құрады. tweened-
анимацияның екі түрі бар, біріншісі анимация, объектінің қозғалысына
негізделсе (motion animation), екіншісі анимация объектінің
трансформациялануына (пішінін өзгерту) негізделген (shape animation);
• Сценарийге негізделген анимация; сценарий – ActionScript деп аталатын
FLASH тілінде жазылған әрекетті сипаттау. Бұл тіл синтаксисі көптеген тор
шығармаларын жасауда қолданылатын басқа тілдердің синтаксисіне ұқсас
келеді. (мысалға, JavaScript және VBScript).
• Бұл механизімдердің артықшылықтарымен қатар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz