Кредиттік оқыту жүйесіндегі Web- технология пәнінен электрондық оқулық


Мазмұны
Кіріспе4
1. бөлім. Microsoft Front Page мүмкіншіліктері. 6
1. 1. Web-парақтарды көру режимдері. 9
2. бөлім. Электрондық оқулықтың негізгі ұғымы11
2. 1Микропроцессорлық техниканың оқыту құралы ретіндегі негізгі түсінігі12
2. 2Электронды оқулықтарды құрастыру жолдары. 14
2. 3Электронды оқулықты жобалау жүйесіне қойылатын талаптар15
2. 4Электронды оқулықтар жасау ортасын біліктеу17
2. 5Электронды оқулықтың құрылымдық ұйымы және жұмыс режимдері. 18
3. бөлім. Электрондық оқулық сипаттамасы21
3. 1Электрондық оқулық пайдасы және оның жасау жолдары23
3. 2Интерфейсті құрастыру25
3. 3Электрондақ оқулықты негізгі жасау кезеңдері30
3. 4Электронды оқыту құралдарымен жұмыс жасаудың тиімділігі. 35
3. 6Электрондық оқулық әдістемелік қамтамасыз етуі39
3. 7Электрондық оқулық жасаудағы әдістемелік ұсыныстар классификациясы. 41
3. 8Электрондық оқулықтың құрылымдық ұйымдастырылуы44
3. 9Электрондық оқулықтың жұмыс жасау режимдері. 45
4бөлім. Техникалық жобаның жазылуы46
4. 1Экономикалық есеп-қисабы46
4. 2Еңбек күзеті56
Қорытынды68
Приложение А71
Приложение В74
Приложение C88
Приложение D90
Кіріспе
Бұл дипломдық жұмыстың атауы кредиттік оқыту жүйесіндегі“ WEB - технологий” пәнінен электрондық оқулық. Осы электронды оқулықты жасауда мен жасаушы құралдардың жаңашыл тәсілі Microsoft Front Page бен HTML бағдарламасын қолдандым. Microsoft Front Page айқын оқулықтар, Web-қосымшалар жасауға мүмкіндік береді.
Менің ойымша жаңа ғасырға сай, біз құрастырушы программалардың жаңашыл технологияларын ұсынуымыз керек. Сонымен біз тұтынушы мен пайдаланушыларды қызықтырып оларға көп жеңілдіктер жасаймыз. Microsoft Front Page технологиясы кез келген көлемді және күрделі тапсырмаларды орындай алады. Microsoft Front Page-ті әсем графикамен, форма және интерактивтілікпен толықтырылған Web-сайт жасауда қолдануға болады. Сонымен қатар банер, навигациялық жол, Web-сайтқа арналған фондық музыка немесе біздің жағдайымызда сияқты электрондық оқулық жасау үшін пайдалануға болады.
Жаңа технологиялардың дамуы есептеуіш техника әдістерін кеңінен енгізу, сонымен қатар шығарылатын есептеуіш техникалар санын өсіру және оның сапасын жоғарылау, компьютерлердің көптеген ғылым облыстарында кеңінен қолдануына мүмкіндік жасады . Қазіргі кезде көптеген ғылыми - техникалық мақсаттардың табысты шешімі ЭЕМ шапшаң қолдануына тәуелді болады . Дипломдық жұмыстың актуалдығы, соңғы кездегі электрондық оқулықтарды жасау тақырыбының мемлекет деңгейінде талап етілуі және кеңінен талқылануынан болса керек. Қазіргі кездегі білім беру жүйесі, ақпараттық технологияларды және компьютерлік телекоммуникацияны белсене пайдалануда. Әсіресе қашықтықтан оқыту жүйесі жылдам дамып келеді, осыған байланысты білім беру орталықтарының, күшті компьютерлік техникамен және Интернет желісімен жабдықтау факторларына жағдай жасайды. Өздігінен білім алу мақсатымен және қашықтықтан білім берудің құрамды бөлігі ретінде электрондық оқулықтарды пайдалануға болады.
Компьютерлік техника мен және интернет - технологияның дамуы - оқушылармен жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен сабақтарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сабақ өткізудің әртүрлі формаларын қолдануымен оқу процесін интенсифтеуге болады.
Студенттердің осы пән бойынша алған білімді тексеруі электронық оқулықта бақылау сұрақтары мен практикалық жұмыстары бар. Электрондық оқулықта көрнекілік ретінде шығарылған есептер мен функциялардың графиктері бар.
Соңында студенттерге керекті ақпарат алуға болатын әдебиет тізімі бар. Бұл электрондық оқулықта жүйесінің жаңа версиясын оқулық негізінен алынған. Оқытудағы негізгі көңіл бөлгені жүйесімен жұмыс істеудегі тиімділігі мен қолдануы жатады.
- бөлім. Microsoft Front Page мүмкіншіліктері. Microsoft Front Page туралы түсінік.
Microsoft Front Page - Web - буындарды ұйымдастырып құрастыруға және олардың құрамын келешекте Internet немесе Intranet желілерінде көрсетілімге шығару үшін арнайы құралдармен жабдықталқан пакет.
Microsoft Front Page негізгі үш модульден тұрады: ( Front Page негізгі модуль болып келеді, сондықтан біз оның атауын өзгертпей пакеттің атауын қалдырамыз ), Microsoft Personal Web Server ( MSPWS, персоналды Web-буын), Front Page Server Extensions (серверлік кеңейтілу), Front Page - Web-буындарды құру үшін, барлық компоненттермен жабдықталған нақты кликнт/сервер. Front Page - бұл өзі қосымшаның клиенттік бөлімі, ал Microsoft Personal Web Server және Front Page серверлік кеңейтілуі серверлік болп келеді. Енді модульдың әрқайсысын жеке сипаттайық.
Front Page Web-парақтарды құрастырып редактілеу үшін стандарттық мүмкіншіліктер береді және сонымен бірге бірқатар спецификалық фкнкциялар атқарады. Одан басқа, ол Web - буындарды әр түрлі режимдерде көріп және оның құрлымын өзгерту үшін арнайы мүмкіншіліктерге толы. Front Page мастерлар мен шаблондардың көмегімен жаңа Web - буын құруға, Web-буынды Web-серверде көрсету үшін, жеке тұтынушыларға немесе тұтынушылар тобына бірдей құқық тағайындап қолдануға мүмкіндіктер жасайды.
Microsoft Personal Web Server Web-буындағы файылдарды басқаруға және Web-буынның беттерін сраушыларға жіберуге мүмкіндік береді.
Берілген сервер Microsoft фирмасының Windows 2000 және Windows NT 4. 0 Server операциялық ж. үйелерінің қатарына кіретін Internet Information Server (IIS) - дің нұсқасы бойынша құрылған. Microsoft Personal Web Server Windows 98 жүйесімен тығыз байланысқан. Оның құрамына оның 3. 0 нұсқасыда енгізілген (Бұл нұсқа Front Page 2000 де құрамына енгізілген) .
Әрине ол Internet Information Server икемденген мүмкіншілікер жиынына ие болмайды, бірақ бұл сервер Intranet жүйесінің қарқынында және кіші шамаларды ұйымдастыруда қолданылатын өте ыңғайлы таңдау. Microsoft Personal Web Server Front Page 2000 құрамына енбейді, бірақ оның 4. 0 нұсқасын Microsoft фирмасының Web-буынынан мына адрес бойынша алуға болады: http://www. microsoft. com/ie/pws/.
Microsoft Personal Web Server Windows жүйесін іске қосқаннан кейін авоматты түрде өз жұмысын бастайды. Оның жмысын уақытша тоқтатуға болады, егер TaskBar есептер тақтасының оң жағында пайда болған пиктограмманы тышқанның оң жақ батырмасымен сырт етсе және пайда болған контекстік менюден Stop Service командасын таңдап алсақ. (Серверді кайра іске қосу үшін Start Server командасын қоланамыз) . Properties командасын пайдалану арқылы Personal Web Manager диалогтық терезесін ашамыз, онда Web-серверді басқару функциялары орналасқан.
Web-серверде орнатылған Front Page Server Extensions (серверлік кеңейтілулер) Front Page - те құрылған Web-буынның құрамына енгізілген компоненттердің кең терулеріне қолдау көрсетеді. (мысалы, формалар, дәлелдеу жолының компоненттері, қызу нүктелер және т. с. с. )
Егер Web-серверде Front Page серверлік кеңейтілулер орнатылмаса, онда компоненттер функцияланбайды. Internet серверлердің арасындағы аса танымал және көп қолданылатын UNIX және тағыда сол сияқты Windows NT үшін Microsoft фирмасының буынынан
http://www. microsoft. com/front page/wpp/. адресі бойынша алуға болады.
Егер провайдердің серверінде өздеріңнің Web-буындарыңызды орналастыру қажет болса, онда біз Web-буынды өзінің серверінде орналастыру үшін провайдерді сендіруіміз қажет. Егер бұл келісім-шарт орындалмаса, онда провайдерді ауыстыру кеңесі беріледі. Microsoft фирмасының Web-буынында, Front Page серверлік кеңейтілулер орнатылған Web-серверлерде провайдерлер тізімін тауып алуға болады. (http://www. microsoft. com/front page/wpp/list/) .
- Web-парақтарды көру режимдері.
Front Page Web-буынмен жұмыс істеу үшін 6 түрлі көру режимін ұсынып отыр.
Page (парақты көру режимі) . Бұл режимде Web-парақтарды құрастыру және редактілеу жұмыстары іске асырылады. Мұнда бос Web-парақтарды, шаблондарға сүенетін парақтарды құрастырып, WYSIWUG (what you see its what you get - сіз нені көресіз, сіз соны аласыз) режимінде парақтарды редактілеуге, мәтін енгізіп форматтауға, графикалық және видео бейнелерді пайдаланып парақтарды безендіруге, парақтарды дыбыс пен сүймелдеуге, ақпаратты кестелеуге, кадрларда, формаларда гипермәтін құруға болады.
Формалармен жұмыс істеу кезінде күрделі элементтерді құру үшін егізілген шеберлер өте пайдалы болады. Web-параққа енгізу үшін Front Page өзінің компоненттерін ұсынады. (FP Components) .
- Reports (есеп берулерді көру режимі) . Сізге Front Page-те ашылған Web-буын туралы түрлі ақпаратқа ие, оннан астам есеп берулерді ұсынады.
- Folders (бумаларды қарау режимі) . Бұл режимде Web-буынның құрылысын көріп оны басқаруға болады.
- Navigation (навигациялық қарау режимі) . Бұл режим Web-буынды схемалы түрде көрсетіп парақтар арасындағы байланысты өзгертуге мүмкіндік береді.
- Hyperlinks (гипермәтін көру режимі) . Бір бірімен байланысқан Web-парақтарының гиперкөшу жүйелерін көрсетеді (сонымен қатар гипер көшу мен басқа буындар), олардың тұтастығын және өзгерту мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді.
- Tasks (есептерді көру режимі) . Бұл режим Web-буынның есептерін басқаруға (қосмшалар енгізуге, өшіруге, атқаруға) арналған.
- бөлім. Электрондық оқулықтың негізгі ұғымы
Бүгінгі компьютеолердің мамандығы көп: ЭЕМ космос кемелерінің қозғалысын бақылайды, технологиялық процестерді бақылайды, өндірісті жоспарлап ұйымдастырады, мәтіндерді редакциялап тексереді, жахмат және басқа да ойындар ойнайды, сурет салады, музыка шығарады және т. б. Компьютер өз орнын таппаған өндіріс саласын, ғылым аумағын, не болмаса қызмет көрсету ортану табу қиын.
Оқушыларға адами қасиеттерді беру “ұстаз-адамға” тапсырылса да, педагогикалық көптеген тапсырмаларды “компьютер-ұстазға” да тапсыруға болады. Бұл халыққа білім беру жүйесіндегі артта қалушылықты жояды. Оқу процесіне компьютерлерді енгізу ғылым жинаған білімнің экспоненциалды өсуі мен қазіргі оқытудың мерзімдерінің арасындағы кереғарлықты белгілі бір деңгейде азайтады, Еске сақтап, творчестволық қолдануға қажетті ғылыми ақпараттың көлемі ғана емес, сапасы да артады. Сондықтан оны оқытудың бұрыңғы дәстүрлі технологияларды қолдану арқылы оқыту мүмкін емес. Микропроцессорлық тезниканы қолдану дифференциалданатын және жеке оқытудың түрлеріне кететін цуақытты азартуға мүмкіндік береді, бұл оқушылаодың материалды меңгерудің ерекшеліктерінің жеке қасиеттерін ескпе отырып оқытуға көп мүмкіндік береді. Микропроцессорлық техниканы оқыту процесіне еңгізу ғасырлар бойы қалыптасып қалған “оқытушы - оқушы - оқулық ” триаданың мызғымыстығын теріске шығарады. Бұл процесте оте маңызды компоненттерінің бірі ЭЕМ арқылы оқыту болып табылуы керек. Бұл жерде ЭЕМ арқылы оқытуды “модалық электрондық ” көрініске айналдырып алмаудан сақтану керек. Оны оқудың тиімділігін арттыру үшін қолдану керек.
- Микропроцессорлық техниканың оқыту құралы ретіндегі негізгі түсінігі
Оқушыларды оқу-ойын, бақылаушы, бір процесті модельдеу бағдарламалары сияқты диалогтық бағдарламалармен оқыту диалогтық режимінде оқытушымен үнемі қарым-қатынасты ұстап тұруға жол ашады.
Олардың қасиеті оқу материалының жақсы көркемделуінде, ыңғайлы, вариативті; бағдарлама оқытушыға меңгерудің жеке процестерін бақылап-реттеп отыруға, оқушылардың дайындығының әртүрлі деңгейлігін еске алып отыруға, назарын оқылып жатқан материалға көбірек аударуға, жеке жұмыс істей білуге үйретуге, оларды оқу ісіне манаулықпен қарауын күшейтуге көмектеседі.
Бұл бағдарлама дәстүрлі оқытуларда қолдан бұзып жіберетін жағдайлаодан сақтандырып, оқыту материалдарын оқу, бекіту және бақылау процестерін бір салаға бірлестіруге көмектеседі.
Әрине, бағдарлама оқыту процесін құрастырғанда доминациялық элементке айналмауы керек. Бұл бағдарламаларды педагогикалық мақсаттарға, материалдың ерекшелектеріне және оқытудың нақты жағдайларына бағындырып үйлестірген жөн.
Оқыту процесінде электронды оқулықты қолдану оқытушының ролін шектемейді де, жоққа да шығармайды. Оны оқушылардың жұмысын пассивті бақылап отыратын нұсқаушының роліне қоймайды.
Оқытушыға бұл жағдайда творчестволық таным атмосферасы, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың санасына жаңа идеялар мен мақсаттарды жеткізу, жұмыс тәртібін сақтау, мәселелерді коллективпен шешу үшін балалардың істестігі мен қарым-қатынас жасай білуін ұйымдастыру сияқты және т. б. мәселелерде басымдылық беру қажет, немесе кибернетиканың негізін салушы Н. Виннердің сөзімен айтсақ: «адамға - адамдікін, ал машинаға - машинанікін» беру керек.
- Электронды оқулықтарды құрастыру жолдары.
Электронды оқулықтарды жасауды қарастырғанда оқушыларға шаблон бойынша, өнімді істеп жасауды ғана талап етіп емес, үйрететін қызметтерге бағынып кетпеуін қадағалау керек. Бұл жерде ойлаудың сыни және жасампаз ойлауға, қиалдау мен интуицияны қозғайтын творчестволық өнімді түрлеріне маңызды орын беру керек.
Мұнда анализ, синтез, біріктіру, абстракциялау, конкретизациялау және т. б. әртүрлі ойлау операцияларын қолдануға қажет ететін тапсырмалар болуы керек.
Бағдарламалар оқу материалын жаттап алуға ғана емес, оқытылатын материалды терең меңгеруге әсер етуші оны түсінуге бағытталуы тиіс.
Осы тапсырмаларды құрастырғанда арналған материалда оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескерген дұрыс. Танымдық мүмкіндіктердің педагогикалық-психологиялық сараптамасы көп жұмыс істеге, шаршауға байланысты қателіктердің алдын алуға, неғұрлым талаптыларын тануға мүмкіндік береді. Мұндай жол оқу материалының әрбір ерекшеліктерін оптимальды түрде бойға сіңіріп, талап етілген деңгейде білімді, біліктілікті, тәжіриебені игеруге жол ашады. Оқу материалдарында озат оқушылар мен үлгерімі нашар оқушылардың болмасын оқу қызметі ақыл-ой дамуына үлкен прогресс жасауды қамтамасыз ететін педагогикалық-психологиялық жағдайлар жасалынуы керек. Бағдарлама оқушылардың персонифициалдық моделін ескеруге мүмкіндік беретін вариативтік ерекшелікке ие болуы екрек.
Студенттің машинамен диалогтік қарым-қатынасы режимінде уақыт интервалы сияқты фактордың да маңызы зор. Уақыт интервалы арқылы оқушы машинадан жауап алады: “тез жауап берді” немесе “созып жауап берді” не болмаса “нашар жауап берді”.
- Электронды оқулықты жобалау жүйесіне қойылатын талаптар
Электронды оқулықтарды генерациялауда осы ортаны меңгеру мен қолданудың жеңілдігі визуалдық технологияларды қолдану мен пән маманының электронды оқулықтың мазмұнын жазуға қандай да болмасын текстік және графикалық редакторларын қолдана білу мүмкіндіктері арқылы қол жеткізеді.
Электронды оқулықты генерациялағанда ыңғайлы болу үшін, оқулықпен бірнеше пән мамандары жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бірнеше бөлшектерден құрастыру жобасына жол береді.
Психологиялық-эргономикалық талаптар
Жаңа мүмкіндіктер бағдарламалық қамтамасыз етудің, соның ішінде адамның ЭЕМ-мен қатынасының түрінің жаңа ерекшеліктеріне жол ашады. ЭЕМ-ді падаланушының психологиялық табиғилығын, оқудың мақсаттары мен қызметіне бағдарламаның сай келуін, денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек.
Қазіргі уақытта да кеңінен насихатталып жүрген «бағдарламалық қамтамасыз еьудің дос көңілділігі» тап осы бағдарламалық ортаның психологиялық-эргономикалық демеуінің болуын ұсынады.
Пайдаланушылардың жеке ерекшеліктерін еске алу керек, соның ішінде әртүрлі деңгейдегі нақтылы ақпарат алудың мүмкіндіктерін ескеру керек.
Компьютердің экранында ақпаратты ұсынғанда оқу қызметінің мүмкіндіктерін ғана емес, «қол» технологиясын қолданғанда мүмкін болмайтын мақсаттарға жетудің шешімінің стратегияларын іске асыруда компьютердің мүмкіндігін қолдану сияқты жоспарларға негізделуі керек.
Ақпаратты экранда ұйымдастыруда бірқатар эргономикалық талаптарды көрсетуге болады:
- Экранда ұсынылатын ақпарат түсінікті, логикалық байланысы бар, мазмұны мен қызметтік тағайындауларына қарай топтарға бөлінуі керек;
- Ақпаратты экранда ұйымдастыруда арьық кодтаулар мен ақтамайтын, нашар идентификацияланатын қысқартулардан аулақ болуы керек;
- Экранда ЭЕМ-ге қатысты терминдерді пайдаланушыларға түсінікті терминдерге қарағанда неғұрлым аз қолданылуы ұсынылады;
- Экранға ұсынуға экранның шеткі аумақтарын пайдаланбау керек;
- Экранда пайдаланушы осы сәтте өңдеп жатқан ақпарат қана болуы керек;
- Пайдаланушының назарын аударатын эффектілерді (жанып-сөнулер, тым жарық түс, кері контраст) пайдаланушының жобасына сай, немесе тек қана бұл керек болғанда және психологиялық негіздемесі болған жағдайда ғана қолдану екрек. Электронды оқулықтар жасау ортасын біліктеу
Электронды оқулықтар жасау ортасын, мысалы тағайындау және орындалатын функциялар кіретін кешенді критерийлер, техникалық қамтамасыз етуге деген талаптар, қолданылу ерекшеліктерін пайдаланып топтарына бөлуге болады.
Жоғарыда көрсетілген критерийлерге байланысты келесі біліктілеу мүмкін:
- жалпы тағайындаудың құралдық жабдықтары;
- мультимедия жабдықтары
- гипертекстік және гипермедиялық жабдықтар. Электронды оқулықтың құрылымдық ұйымы және жұмыс режимдері.
Компьютерлік өнімдер рыногында оқытушы бағдарламалардың, электронды оқулықтардың және сол сияқтылардың саны жыл сайын көбеюде. Сонымен бірге электронды оқулықтың қандай болуы екрек, ол қадай қызметтер атқаруы керек деген сияқьы даулар тоқтамай жүр. Электронды оқулықтың кәдімгі құрылымы: оқу материалын, өзіндік жұмысты ұсыну, бақылау жасау.
Қазіргі уақытта оқулықтарға келесі талаптар қойылады:
- таңдалған курс бойынша ақпараттың құрылымы жақсы болуы керек және ол шектелген жаңа түсініктердің курсының аяқталған фрагменттері ретінде көрінуі керек;
- әр фрагмент, текстпен қатар аудио, видео («тірі лекция») да ақпарат беруі керек. Лекцияға арналған интерфейстің міндетті элементі болып, лекцияны қай жерінен болмасын қайталауға мүмкіндік беретін жылыжыту сызғыш болуы керек;
- мәтіндік ақпарат «тірі лекциялардың» бірқатар бөлімін дубльдей алады;
- мәтіндік бөлімнің қажетті ақпарат іздеудің уақытын қысқартатын көптеген сілтемелері болуы керек;
- бұл жағдайда әдеттегі оқулықтармен жұмыс істегенге қарағанда пайдаланушылар 5-10 есе аз уақыт жұмсайды;
- аудиоақпараттың болуы, ол кө жағдайларда негізгі болады және оқулықтың мазмұнды бөлімі болып табылады.
Электронды оқулықтың жұмыс режимі
Электронды оқулықтың негізгі үш режимін бөліп көрсетуге болады:
- тексерусіз оқыту;
- тексеріп оқыту, ол әрбір тараудың (параграфтың) соңында материалды меңгеру деңгейін тексеруге мүмкіндік беретін бірнеше сұрақтар жауап беру ұсынылады;
- бақылау, қорытынды білім тексеріліп, бағасы қойылады;
Нақ осы кезеңде оқулықтарға келесі талаптар қойылып жүр: құрылымдылығы, жұмыс істеуге ыңғайлылығы, берілген материалдардың көрнекілігі. Жоғарыда аталған талаптарды қанағаттандыру үшін гипертексттік технологияларды қолданылған тиімді.
Оқытудың электронды вариантының бойында бақылау құралдары да бар, себебі білімді бақылау оқытудың негізгі проблемаларының бірі болып табылады. Отандың білім беру жүйесінде білімді бақылау жасау әдетте, ауызша формада жүргізілді. Қазіргі кезде тестілеудің түрлі тәсілдері қолданылады. Көп кісілер тестілеуде анализ жасау, салыстыру сияқты және де басқа да біліктілер болмфйды деп, бұл позицияны қолдамауы мүмкін. Сонымен, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану оқыту тиімділігін арттыруға көмектеседі, және де оқушылардың өзіндік жеке дайындығында таптырмайтын құрал болып табылуына сенуге болады.
Электрондық оқулық байланысты көптеген ұғымның соңғы жиырма жылдың ішінде маңызды өзгерген. Тап осы құжат авторлары бірнеше электрондық оқулық туралы пікір сайыста ескі түсініктеме бойынша тезистерді алға қойып және оны қорғау жөніндегі қорғау жөніндегі куәгері болуға тура келген. Ескірген концепция практикалық жоспарында электрондық өнімдер жасауына жиі әкеледі, бірақ шынында олар ЭО болмайды. Сондықтан ЭО-қа жататын негізгі ұғымдар.
Электрондық басылым (ЭБ) - бұл графикалы, мәтіндік, сандық, бейне-, фото- жєне басқа хабардың жиынтығы, сонымен қатар пайдаланушы баспа құжатнамалары. Электрондық басым кез келген электрондық сақтаушыда мүмкін атқарылған - магниттікте ( магниттік бау, магниттік тегеріш жєне т. б. ), оптикалық, сонымен қатар қосымша электрондық компьютерлік желіде жарияланған.
Электрондық оқулық басылымы (ЭОБ) - ғылыми - практикалық білім облыстарына лайықты жүйеге келтірілген материалдар болуы студенттермен жєне оқушы осы облыстағы біліммен, іскерліктермен, дағдылармен творчестволық жєне белсенді меңгеру қамсыздандыру . ЭОБ жоғары дәрежелі көркем дайындаумен орындаоуы, толық ақпараттанулық, әдістемелік инструментарий сапасымен, техникалық орындалу сапасымен, көрнектілікпен, қисындымен жєне баяндау жүйелілігімен жоғары дәрежеде орындалуы керек.
Оқулық (О) - бұл оқу бағдарламаға және мемлекеттік стандартқа лайықты, оқу пәні оның бөлімінің жүйелендірілген оқулық басылымы.
Электрондық оқулық (ЭО) - мемлекеттік білім стандарт және сәйкес пәндерден құралған мамандықтар мамандықтармен бағыттарға жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде жасалған негізгі ЭОБ.
Оқу құралы (ОҚ) - бұл, жарым-жарты немесе толық ауыстыратын немесе оқулық толықтырушы және ресми бекітілген басылым.
Электрондық оқулық құралы(ЭОҚ) - бұл жарым-жарты немесе толық ауыстыратын немесе оқулық толықтырушы жєне ресми бекітілген электрондық басылым.
Гипермәтін - бұл бір фрагменттен екінші фрагментке шапшаң өтуге мүмкіндік беретін тармақты жүйемен жабдықталған байланысы бар және электрондық түрде берілген мәтін.
Компьютерлік түсіндіру - сұраққа “ ия ” жєне “ жоќ ” индукция ойша пайымдаулар және ұғымдардың құруы жолымен көрнектілік қолданатын түсіндіру.
Көзбен шолушылық - суреттердің, графиктердің жєне анимация арқасында көрнекті формаға ұсыну .
- бөлім. Электрондық оқулық сипаттамасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz